Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1 Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану . . . 6

1. 1 ҚР ның Болон үрдісіне қосылуы . . . 9

1. 2 Болон үрдісінің мақсаты, міндеті, ерекшеліктері . . . 10

1. 3 Кредиттік оқыту жүйесінің ҚР ның білім беру жүйесіндегі маңыздылығы . . . 13

1. 4 Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама . . . 15

2 Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесінің тәжірибе

жүзінде қолданылуы ( В1 деңгейіндегі оқушыларға қойылатын талаптар) . . . 16

Қорытынды . . . 26

Әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Жас ұрпаққа беретін жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса кеміген емес. Оны қоғамның дамуына ықпал етіп қана қоймай, оның сұраныстарын да қамтамасыз ететін әлеуметтік институт деп білуіміз керек. Өйткені, бүгінгі ғаламдық аймаққа шығып кеткен кең ауқымды және жан-жақты мазмұнға ие экономикалық қарым-қатынастар ең алдымен жоғары оқу орындарында кәсіби дайындалған әмбебап мамандарға деген сұранысты қалыптастырып отыр. Мұның өзі жоғары білім беру жүйесін жер жүзіндегі озық ғылым мен техниканың жеткен биігі болып есептелетін “әлемдік стандартқа” талпынуға итермелейді.

Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссабон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын. Осы мәселе негізінде, бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне шет тілін меңгерудегі Еуропалық деңгейлер жүйесін енгізудегі ерекшеліктері мен қатар артықшылықтары мен кемшіліктері де жайлы тілге тиек етпекпін.

Бір үлкен шаңыраққа айналған бұл әлемде ұлтаралық, мәдениаралық қатынастар күннен күнге шекарасын одан әрі кеңейтіп, нығаю үстінде. Осы әлемдік маштабтағы үрдістен қалмай, оған өзінің де үлесін қосам дегендер, елінің болашағын ойлайтын азаматтар әртүрлі тілдерді жан-жақты меңгеруде. Бірақ өзге ұлтпен тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болу үшін сол елдің тек қана тілін меңгеру жеткіліксіз екені атқа таңба салғандай. Сонымен қатар, сол елдің тарихын, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, менталитетін, құндылықтар жүйесін, бір сөзбен айтсақ, мәдениетін білген абзал болар.

Мәдениетаралық компетенция мәселелері жөнінде Н. Н. Васильева, Л. В. Екшембеева, Ж. А. Нұршаихова, Г. С. Суюнова тағы басқа да ғалымдары өз еңбектерінде сөз қозғаған. Құзірет, яғни компетенция, дегеніміз «сөйлеу барысында қолдану мүддесінде тілді үйренген адамның алған білімінің, тілді үйрену барысында қалыптастырған білік-дағдыларының жиынтығы, білімі мен білік-дағдыларын қолдана білу қабілеті» [1, 154 б. ], ал коммуникативтік құзірет «нақты әлеуметтік жағдаятта тілді пайдалану нормаларын білу» дегенді білдіреді [1, 124 б. ] . Осыдан келе мәдениетаралық құзірет ол көп тілдік қоғамда

тек қана меңгеріп жатқан екінші тілдің тілдік заңдарын білумен шектелмейді, сонымен қатар тілді сол елдің мәдениетімен сабақтастырып оқытуды, алған білімін практикада мейлінше дұрыс, объективті қолдана білуді қарастырады.

Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында өрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес символдары халықты және оның сипаттарын, мәдениеттiн, салт-дәстүрін айқын суреттеп береді. Мәдениетаралық компетенция екінші тілді меңгеру барысында үлкен рөл артқарады. Оның қалыптасуы шеттілдік кодты меңгеру мен тұлғаның қоғамға әлеуметтік-мәдени тұрғыдан сіңісуіне тікелей байланысты. Мәдениетаралық компетенция белгілі бір қоғамда жағдай, тақырыпқа байланысты дұрыс, сәйкесінше қабылданатын сөйлеу мәдениеті ретінде қарастырылады.

Мәдениетаралық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде болжауға келетін түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл мәселе оқушыда тілдік және мәдениетаралық компетенцияларды сабақтастыра қалыптастыруды көздеген лингвоәдістемелік міндеттердің шешімін талап етеді. Осы міндеттер екінші тілді меңгеру барысында ұлттық мәдениеттің заңдылықтары мен сөйлеу әрекетінің этномәдениеттік стереотиптерінің қалыптасуын қарастырады [2, 12 б. ] .

Мәдениетаралық коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі, кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктер қарастырылып жатқан ұлттың мiнез-құлығының анық айырмашылығын көрсетеді. Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлықтары шет тiлін және мәдениетін оқып жүргендерге елтану білімінің және мәдениетаралық компетенцияның құрылу факторының бай қайнар көзі болып табылады.

Осыған сәйкес екінші тілді меңгеру барысында оқыту процессінде мәдениетаралық компоненттердің қолданылуы өзекті болып табылады. Бұл мәселе көптеген атақты ғалымдардың еңбектерінде зиялы орын алған. Мысалы, ресейлік лингвистердің айтулары бойынша, мәдениетаралық коммуникация процессінде кездесетін мәселелердің көбі үйреніп жатқан тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігі бар компоненттер туралы білімнің аздығы, сонымен қатар, олардың мән-мағынасын түсінбеу себепкер болады екен.

Өзге тілді игеру барысында «бөгде» тіл мен оның мәдениетін өзінің туған тілі мен мәдениетімен салыстыру қолданылады. Бұл салыстырудың нәтижесінде оқушыға екі ұлттың тек өздеріне тән ерекшеліктері айқын көрінеді. Үлкен коммуникативтік тәжірибе «бөгде» тіл мен оның мәдениетінің айырмашылығын жоққа шығармайды, ал керісінше өзінің туған тілі мен мәдениеті сияқты оның тіршілік ету құқығын мойындайды.

В. И. Карасик бойынша екі мәдениетті салыстырғанда, ең алдымен қарым-қатынастың әрі қарай дамуында маңызды ықпал ететін аксиологиялық ерекшеліктерге, яғни әр ұлттың өзіндік құндылықтарына басты назар аударылады. Мәдени шекараның болуы мәдениетаралық коммуникациясының негізгі себебі. Мәдениералық қарым-қатынасқа түскен әрбір коммуникант өзін және әңгімелесушісін «өзінікі» немесе «бөгде» деп қарастырады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні. Күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Оқушыдан дәл осындай тұлғаны қалыптастыру - қазіргі білім саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Мәдениетаралық коммуникацияда коммуникант өзін еркін сезіну үшін ол өзімен қарым-қатынасқа түскен ұлт өкілінің тілімен қатар мәдениетін, салт-дәстүрін, мінез-құлықтарын білу керек. Сондықтан өзге тілді оқыту барысында тілді сол елдің мәдениетімен, ұлттық ерекшеліктері бар компоненттерімен сабақтастырып оқыту нәтижелі көрсеткіштерге әкелетіні анық.

Егер елімізде әдістемені және оның кезеңдерін жиі және жүйелі түрде қолдансақ, онда оқушылардың немесе жеке тұлғаның комуникативтік қабілеттерін барынша дамытуға болар еді. Жаңа технологияларды оқушылардың шетел тілін меңгерудегі өзбеттілігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, шетел тілін оқуға деген құлшынысын арттыруға, жеке түлғаның жасампаздық мүмкіндіктерін толығырақ ашуға болар еді. Осы жағдайда ғана шетел тілін оқытудың тиімділігін артқан болар еді.

Ендігі кезекте жоғарыда айтылып келе жатқан “интеракция”сөзінің мағынасын кеңінен ашсақ. Интерактив деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей “интеракция” деген ұғымнан келіп шығады, ол өз кезегінде “екіжақты біріккен әрекет” болып табылады. Интеракция оқыту процесінде оқушылардың бірігіп бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетте өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды жұп болып, топ болып бірігіп жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Әрине бұл тәсілді қолдана жоспарланған сабақ, күнделікті “сұрақ-жауап” сабақ түрлерінен өзгеше болады да, дәріс алушылардың мотивациясын арттыруға септігін тигізеді. Жеке дара жұмыс істеген оқушыларға қарағанда, топта немесе жұпта жұмыс істейтін оқушы әлдеқайда жан-жақты, кез-келген нәрсеге бейімді болып келеді. Бұл дегеніміз дәріс алушылармен тапсырма орындау барысында өзінің қандай іскерліктермен дағдыларды меңгергені мен меңгере қоймағандығына көзі жетеді де, кемшіліктері болса, оларды дереу түзетуге тырысады. Басқаларға көмектесе отырып, сол уақытта өзіне де пайдалы іскерліктермен дағдыларды дамытады. Интерактивтік тәсіл әр дәріс алушының өзіне ғана тән эмоционалдық сферасын ұлғайтуға дән себепкер болады, оқыту процесін ұйымдастырудың әр-түрлі формаларына қол жеткізеді. Сондай-ақ бұл жеррде ең алдымен дәріс алушының қызығушылығы, мүддесі, жеке бас ерекшеліктері көзделеді. Оқушылардың бір жұмыста жеке, жұптық және топтық жауапкершілігі арттырылады.

Зерттеу жұмысымызда әдістемені және оның кезеңдерін қолданудың әдістемесіне тоқталамыз. Алдымен ”тәсіл” дегн ұғымға сипатттама беріп, содан кейін интеракция ұғымына ғалымдардың берген сипаттамаларын қарастырамыз. Негізгі бөлімде әдістемені және оның кезеңдерін қолданудың психологиялық ерекшеліктері, бұл тәсілді қолданудағы мұғалімнің іс-әрекеті және ең бастысы қолдану жолдары деген сияқты өзекті мсәселелердің көзін ашамыз.

Шетел тілін оқыту әдістемесінде тәсіл деген ұғым екі мағынаға ие бола алады: бірінші мағынасында, тәсіл-оқытудың заңдылықтары толық зерттеліп қалыптасқан, бірталай уақыттар бойы пайдаланылатын әдістемелік концепция ретінде анықталса, ал екінші мағынасында оқыту мен оқудағы белгілі бір мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдері болып табылады.

Сонымен қатар әдістемелік әдебиеттерде көрсетілгендей, тәсіл-мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының бірлесіп ұйымдасқан әрекеттер жинақтары болып табылады.

Аталған процесс негізінде оқушылардың шетел тілін меңгеру деңгейі қалыптастырылады, олардың осы тілді басқа мәдениеттің өкілімен басқа ортада қолдана алу қабілеті мен дайындығы және оқушының жалпы жеке тұлғасының әр саладағы жан -жақты дамытылуы көзделеді.

Н. Д. Гальскованың пікірінше, тәсіл -дидактикалық категория. Ол әдістердің жиынтығы, белгілі бір теориялық және практикалық білімді меңгере бағытталған операция, таным процесінің ұйымдастыру жолы. Бұл жерде біз Н. Д. Гальскованың пікіріне толығымен қосыламыз. Өйткені шын мәнісінде де біз тәсіл мәселесіне тоқталғанда әрқашанда дидактикалық мақсатты көздейміз.

Мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті қазіргі шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, ал бұл оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін көрсетуге және оның шетел тілін мәдениетаралық қарым -қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Бұл мәселеге объективті жақтан қарайтын болсақ, интерактивтік тәсіл мұғалімнің де, оқушының да жұмысын жеңілдетеді. Мұғалім өз кезегінде алдына қойған мақсаттарына жетіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізсе, оқушы шетел тілін ойлағанынан жеңіл меңгереді, жеке бас ерекшеліктерін еркін сыртқа шығарып өзгелермен коммуникацияға түседі. Аталған мәселені шешу үшін, бүгінгі тәжірибе көрсеткендей, оқыту процесінде оқытудың белсенді формаларын қолдану керек. Мысалмен түсіндіретін болсақ, А кейіпкер іс-әрекеті В кейіпкерге әрекет етсе, ол өз кезегінде іс-әрекетімен А кейіпкерге әсер етеді.

Біз интеракцияны біріккен әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қарастырамыз, өйткені бұл ұғымның мағынасы көп жағдайда коммуникация сипаттамасына жақын келеді.

П. М. Якобсон өзінің “адамдардың қарым -қатынасы- әлеуметтік -әрекеттінің термині тұрғысынан қарастырады. Ол интеракция ұғымына тиісті төмендегідей элементтерді ажыратуға болады дейді:

1. Өзара әрекетке түсуші коммуниканттар.

2. Бірлескен әрекет мақсаты.

3. Бірлескен әрекет объектісі.

4. Бірлескен әрекет құралы.

Тілдік қарым-қатынастың интерактивтік жағы- ол шартты термин, ол адмдардың біріккен әркетімен байланысты, олардың біріккен әрекетін ұйымдастыратын тілдік қарым -қатынас. Ал психологияда интеракция процесіне басқаша сипаттама беріледі. Ол әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылған тілдік қарым -қатынас деп көрсетіледі.

Зерттеудің мақсаты. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде шет тілін меңгерудің маңыздылығын айқындау. Еуропалық шет тілін мегеру деңгейлеріне толық сипаттама беру арқылы осы деңгейлер бойынша оқытудың тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеу

2. ҚР ның Болон үрдісіне қосылуының ерекшеліктері

3. Болон үрдісінің мақсаты, міндеті, ерекшеліктеріне талдау жасау

4. Кредиттік оқыту жүйесінің ҚР ның білім беру жүйесіндегі маңыздылығы мен шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама беру және тиімділігін көрсету.

Зерттеу нысаны. Орта мектепте шет тілін оқытуды және бағалауды Еуропалық тілді меңгеру жүйесін негізге ала отырып ұйымдастыру.

Зерттеу пәні. Еуропалық тілді меңгеру жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыру әдістемесі.

Зерттеудің жетекші идеясы. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде шет тілін оқытудың басты мақсаты болып табылатын мәдениетаралық компетенцияны қалыптастырудың ең тиімді жолы бола алады.

Зерттеудің теориялық негізінде мәдениетаралық компетенция, инновация, технология, кредиттік жүйе

Зерттеудің практикалық негізі. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыруда Еуропалық деңгейлер жүйесін негізге ала отырып тілді үйренушілерді оқытуда және бағалауда қолдануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Коммуникация біріккен әрекет негізінде жүзеге асады, Өйткені осы біріккен әрекет субъектілердің бір-бірімен ақпарат алмасуы, яғни біріккен әрекет түрімен нормасы жасалады.

Психологтар шетел тілін оқытуда қазіргі замандағы әдістемесі және оның кезеңдерін қолданудың төмендегідей психологиялық негіздерін атап көрсетеді:

● Ол дәріс алушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, оның қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі үшін практикалық тұрғыдан қолдануға деген ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге ниетін арттырады. Осының негізінде интеракция оқушылардың оқытылып отырған пәнді меңгеруін көздеп, оған жағдай жасайтын мүмкіндіктерді қалыптастырады.

●Ол оқушылардың жеке тұлғасына тікелей әсер етеді, яғни оқыту процесінде оның эмоциясын, сезімін, түйсігін шынайы қажеттілігімен сәйкестендіріп, оның тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.

●Ол оқушыларды оқыту процесінде бір-бірімен белсенді түрде бірігіп әрекет етуге ұйымдастырады.

● Ол шетел тілін оқыту процесінде мұғалімнің орнын анықтап, ал бұл процестің оқушының жеке тұлғасы мен қызығушылығына байланысты екенін көрсетеді.

● Ол сыныпта жасалатын жұмысты түрлі формада өткізуді қамтамасыз етеді: жұптық, топтық, ұжымдық. Аталған формалар оқушылардың белсенділігіне, өз беттілігіне, шығармашылығына, жағымды қасиеттердің дамуына толық түрде түрткі болады.

Қазіргі замандағы әдістемесі және оның кезеңдерін осындай психологиялық еркшеліктеріне қарап, оқушыларды арнайы жұмыс формаларын, лайықты тапсырмаларды, түрлі бағдарлы жұмыстарды, жаттығуларды қолдануға үйрету өте маңызды.

әдістемені және оның кезеңдерін қолдана отырып құрастырылған тапсырмалар мен жаттығуларды орындау оқыушыларға оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Бұл кезде сөйлеуге деген іштей мотивация қалыптасады, оқушылардың бойында бір нәрсе айтуға деген ниет туындайды, ал оқушыларға біріккен тілдік әрекетке қатысуға деген талап береді. Интерактивтік тәсіл оқушылардың өзбетінше ойлау қабілетін белсенді түрде дамытуға бағытталады, оқушылар ақпаратты есте сақтап қана қоймай, оны практикада қолдануға үйретеді.

Шетелдік және отандық әдіскерлер еңбектерінде көрсетілгендей, интерактивтік тәсіл тілдік материалды шығармашылық тұрғыдан қолдануды қамтамасыз етіп, осы аталған дидактиакалық міндеттерді шешуді және соған сай шетел тілі пәні сабағын тілді мәдениетаралық деңгейде қолдауды көздейтін, қызықты, белсенді, шығармашылық клубқа айналдырады. Бұл жағдайда әрбір оқушы өз жұмысының нәтижелі болуын, әсіресе бірлескен әрекетің нәтижесін көрсетуге тырысады.

Әрбір мәселені бірігіп шешу, жұмыс жемісіне бірігіп жету, оны өзара бөлісу оқушылардың психологиялық тұрғыдан да дамуын көрсетеді. Қорыта айтар болсақ, бұл тәсілдің мәні бірігіп бір нәрсені орындау емес, бірлесіп, ұйымдаса отырып, басқаларға қол ұшын бере отырып оқып үйрену. Мақсатқа бағытталған және жүйелі жұмыс көрінетін біріккен әрекет нәтижесінде сабақта жұптағы, топтағы, ұжымдағы әрбір оқушы сөйлеуде уақытын ұлғайта алуға мүмкіндік алады. Әрбір оқушыда өз санасында оқытылып отырған тіл жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік болады.

Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс- әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі [4. 76] . Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.

Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1. тәрбиелеу, 2. ағарту, 3. дамыту. Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез -келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті [5. 51] .

Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Бірінші тараудың екінші тарамшасында ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі сипатталады.

Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады. «Инновация», «Технология» терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен қатар қолдананылады »Технология» термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді [6. 73] .

Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.

Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста, араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т. б. түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап, қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі.

Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.

Бірінші тараудың үшінші тарамшасында ағылшын тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі ерекшеліктерінің сипаты ашылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесінің тәжірибе жүзінде қолданылуы
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
«Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері»
Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Ағылшын тіліндегі түсіну
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Тілді жоғары мектепте оқытудың қазіргі заманғы әдістері (қашықтықтан оқыту, кейс технологиялары)
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz