Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму заңдылықтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 1 БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
3: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму заңдылықтары . . .
3: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 2. Кіші мектеп кезеңіндегі оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін зерттеу . . .
3: 43
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 2 БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . .
3: 50
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Кіші мектеп жасындағылар және олардың оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері . . .
3: 50
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы баланың оқуға қатынасының қажетті шарты ретінде . . .
3: 58
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 67
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 70
КІРІСПЕ . . .:
3:

КІРІСПЕ

Қазіргі заман жағдайында, білім беруде, білім беру жүйелерінің тиімділігіне деген қызығушылықтың артуы өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселенің ұзақ тарихы бар (С. И. Гессен, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, И. Песталоцци, В. В. Давыдов, Б. Д. Эльконин, Г. А. Цукерман) өз мәнін осы уақытқа дейін жоғалтқан жоқ (Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалауға және де Ұлттық моделді құруға байланысты, біз еліміздегі білім берудің іс - тәжірибесінің қорытындылары мен олардың тиімділігін ажыратуға деген қызығушылықтың арта түскенін айта кетуге болады.

Қазіргі заманғы еуропалық мектеп пен еуропалық білім беру жүйесі, өзінің негізгі құрылымында И. Г. Гебарттың, Ф. А. Дистервергтің, Дж. Дьюннің, Я. А Коменскийдің, И. Г. Песталоццидің, Ф. Фребелдің және басқа да педагогика классиктерінің философиялық - педагогикалық идеяларының әсерімен қаланды. Олардың идеялары, білім берудің классикалык моделінің негізі болды және XIX-XX ғасырлар бойы дами отырып, өзінің негізгі сипаттамаларын: білім берудің мәні мен мақсатын, оқытудың түрі мен әдісін, мектеп өмірін ұйымдастыру тәсілін сақтап қалды.

Қазіргі заманғы мектеп балалық шақ пен ересектіктің табысатын орны ретінде әдейі қалап алынып отыр. Қазіргі кезде бұл ұйымдастыру, ересектіктің балалық шаққа деген ерекше қатынасының шекті бейімделуі болып табылады. Бұл жерде негізінен, ересектердің бастамасын көруге болатын еді, ал сәбидің мінез - құлқындағы табиғи бұлқынысты елемеу, олардың мектеп өмірінен шеттеуіне әкеліп соқтырады. Баланың мектептегі оқу процесінен шеттеп қалуы дегеніміз, оның мектептегі оқу кеңістігінде, өзін бар болмысын, өзінің бірегейлігін, өз-өзін басқару мүмкіндігін сақтай және дамыта отырып, өз орнын таба алмауы.

Бұл жерде біз, талай рет пікірталастар тақырыбына айналған, бір жағынан - білім берудің гуманистік негізі мен екінші жағынан оны іске асырудың технологиялық түрлері сияқты ең қуатты қарама - қайшылыққа тап боламыз.

Бұл қарама-қайшылықты өнімді шешуге талпыныс, баланың білімге деген субъективті және ынталы қатынастарын жетілдіруді қалайды (Г. А. Цукерман, Б. Д. Эльконин, С. М. Жакупов, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. И. Намазбаева және басқалар) .

Педагогикалық іс - әрекеттің дәстүрлі талдауларындағы балаға бағытталған және кейбір нормативтік тұрғыда адамгершілік сипат алатын іс - әрекет кезінде, бала осы іс - әрекеттің объектісі болып табылады. Бірақ, психологияның адамгершілікті - гуманистік бағыты балаға бұлай қарауды қарсы (В. В. Давыдов, К. Н. Поливанова, Г. А. Цукерман, Д. Б. Эльконин және басқалары) . Сондықтан, күні кешеге дейін, оқу процесі кезінде, бала субъект емес, дәстүрлі бойынша білім берудің тек объектісі болып келуі бала мен оқу процесінің бір - бірінен алшақтауына әкеліп соқтырды.

Білім беру әр уақытта баланың жеткілікті ресурстарын болжаумен құрылды да содан барып, баланың мектепке деген дайындығы психологиялық жағынан емес, шындығында тек физиологиялық жағынан қарастырылды (Ж. Пиаже, 1994 жыл) . Осыдан келіп, егер бала белгілі бір жасқа толса, онда ол сол жасына сай, білім алудың белгілі - бір түріне психологиялық және физиологиялық жағынан жеткілікті дамыды деп саналатын. Е. А. Бугременконың, А. Л. Венгердің, Л. А. Венгердің, Е. Е. Кравцованың, К. Н. Поливанованың, Е. О. Смирнованың, Г. А. Цукерманның, Дж. Чейлидің еңбектерінде, баланың мектепке дайындығының басқа түрі - тұлғалық-негіз ретіндегі дайындығы қарастырылған. Білім алу негізінің қалыптасуы - білімнің тиімділігіне ұстасады, бұл туралы П. П. Блонский, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин және басқалар да жазып кеткен.

Білім алу процесінен алшақтаған бала, өзінің даму, ара-қатынас процесінен емес, басқадан, өзіне жүктелген, білім беру жүйесінің ұсынған, өзіне жат түрінен қашқақтайды.

Ұсынылып отырған жұмыстың жаңа идеясы болып білім алу кезіндегі өз - өзін танытуды сипаттайтын алшақтаудың жалпы синдромын, яғни алшақтауды теріс белгілері бар әсер ету жүйесі ретінде және білім беру процесінің кемшіліктері ретінде зерттеу.

Зерттеудің көкейтестілігі:

  • оқу процесінің тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін және біржақты қарауға жол бермей, екі субъектінің білім беру жүйесінің әр түрлі кезеңдеріндегі алшақтаудың алғышарттарын белгілейтін диагностикалық процедураларын жетілдіру;
  • білім беру тиімділігін арттыру.

Зерттеу объектісі - кіші мектеп жасындағылар психологиясы және баланың оқу процесіне деген көзқарасы.

Зерттеудің мәні мен мағынасы - баланың оқу процесіне деген көзқарасының қалыптасуының мен әсерленуінің белгілерінің себеп-салдары.

Зерттеу мақсаты:

  1. Баланың оқу процесінен алшақтауының психологиялық құрылымдарын бөліп қарау.
  2. Алшақтаудың алдын алу мақсатында білім беру ортасының ресурстарын анықтау.
  3. Білім берудің бас кездерінде және өн бойында баланың оқу процесінен алшақтауының алғышарттарын анықтауға мүмкіндік беретін психологиядық болжау тәсілдерін құру.

Жұмыстың методологиялық негізі:

  • Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясы;
  • В. В. Давыдовтың, Д. Б. Элькониннің оқушылардың жас шамасын кезеңдерге бөлу және оқу ісі териясы жөніндегі зерттеу жұмыстары;
  • В. В. Давыдовтың, И. И. Ильясовтың, И. Лингарттың оқыту процесінің құрылымдары туралы түсініктері;
  • В. И. Слободчикованың, Г. А. Цукерманның, Д. Б. Элькониннің білім мағнасы мен бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық деңгейін болжау туралы көзқарастары;
  • Б. И. Хасанның қақтығыстық ара - қатынас териясы;
  • А. Р. Лурияның, Л. С. Цветкованың нейропсихологиялық болжау жайындағы зерттеу жұмыстары;
  • С. М. Джакуповтың өзара - диалогты сұхбат жүргізудің өнімді қызметінің теориясы.

Зерттеудің жалпы гипотезасы: Баланың мінезі мен оның дүниетаным құлшынысы және білім беру мекемелерінің талаптарының күшейуі арасындағы келіспеушілікті өтеу себептері, келіспеушіліктің мынадай екі түрлі болған кезде іске асуы мүмкін:

  • мектеп мүмкіндігіне сай емес жағдайда баланың таным белсенділігінің артуы;
  • баланың таным ресурсының жеткіліксіздігіне қарамай-ақ мектеп талаптарының артуы.

Психологиялық - педагогикалық болжауға сүйене отырып, арнайы ұйымдастырылған ертерек болжау шаралары негізінде, алшақтау мүмкіндігінің алдын алу және оны дер кезінде өтеу.

Осының арқасында, баланың жеке мінездеріне сезімтал оқыту - іс әрекеттерін пайдалану, келіспеушіліктің бұл түрін тиімдірек өтей алады.

Зерттеудің жеке гипотезалары:

  1. Функциональдық кемшілік баланың ресурстық жетіспеушілігінің көзі болғандықтан, білім беру мекемелерінің талаптары балаға көптік жасап, оның білім беру жүйесінен алшақтауына әкеліп соқтырады.
  2. Баланың гипербелсенділігі немесе гипобелсенділігінен байқалатын, оның оқыту тәсілдері мен оқу қарым - қатынастарының шеңберінен шығуға ұмтылуы түрінде білінетін шектен көп ресурстарына қарағанда білім беру жүйесінің кемшіліктері (мысалы, эмоцияның жетіспеушілігі, бірқалыптылық, оқу материалдарын ұсыну тәсілдерінің аздығы, бағалаудың кемеліне келмеген жүйелері және тағы басқалары) .
  3. Дамыта оқыту жүйесі баланың оқу процесіне тәуелділігін қамтамасыз етеді, оқыту процесінің ресурс кемшіліктерін өтеп және орнын толтырып, баланың оқу процесінен алшақтауының алдын алады.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған гипотеза, мынадай зерттеу мәселерін шешудің қажеттілігін тудырды:

  1. Оқу - оқыту жағдайында алшақтаудың болжам белгілерін анықтау.
  2. Баланың функциональдық кемістіктерінің, оның мектептен алшақтауына тигізетін әсерін зерттеу.
  3. Білім берудің дамыған жағдайында баланың функциональдық кемістіктерінің орнын толтыру, өтеу мүмкіндіктерін зерттеу.
  4. Баланың мектептегі хал - ақуалы жағынан білім беру процесінің тиімділігі барлайтын мониторингтік әдістемелік құру.

Зерттеу тәсілдері:

  1. Т. А. Нежнованың «Оқуға және мектепке деген көзқарас» еңбегінде баяндалған нұсқауламалары негізінде 1-2 класс оқушыларының оқу ынталарының қозғалысын, яғни жоғарылауын немесе төмендеуін зерттеу.
  2. Балалардың функциональдық кемістігін клиникалық нейропсихологиялық зерттеу тәсілдері.
  3. Білім беру процесінің тиімділігін баланың мектептегі көңіл-күйіне байланысты бағалау тәсілі.
  4. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйесінде білім беру ортасының ресурстары мен баланың мүмкіндіктерінің арасындағы түсініспеушіліктерді анықтау мақсатында, бастауыш мектеп мұғалімдерімен интервью өткізу.

Зерттеудің анықтылығы мен негізділігі: Жұмыс нәтижелерінің анықтылығы мен негізділігі зерттеулердің кешенді тәсілдерімен, алынған нәтижелерді терең әрі сапалы сараптаумен, іріктеулердің құндылығымен, мәлімет көздерінің ашықтығымен, зерттеу тәсілдерінің қойылған мақсатқа сәйкестігімен қамтамасыз етілген.

Қорғауға шығарылған қағидалар:

  1. Бала мінез - құлқының тәуелсіз түрлерін меңгерін зерттеу және баланың мектепке келген кезде - ақ ресурстық кемшіліктерін анықтау, баланың мүмкіндіктерін оқу процесін тиісінше ұйымдастыру арқылы толықтырып отыру жолдарын белгілеуге ықпал етеді.
  2. Білім беру жүйесін баланың өз көзқарасы жағынан сараптау оқу процесін ұйымдастыру мен баланың мінездемелері арасындағы келіспеушіліктер себептерін ұтымды пайдаланып, оны белгілі бір мақсатпен кешенді түзетуге себеп болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму заңдылықтары

Жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның даму ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып келе жатыр. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психодиагностикалық әдістемелер көп мөлшерде жасалып, олар адамдарға өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға ұсынылды. Осы кезден бастап тәжірибелік психологиялық зерттеулерге сұраныс қалыптаса бастады. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-та - Мюнстерберг, Торндайк т. б. ғалымдар ұйымдастырып, жеке тұлғалық қасиеттерді толық және жан-жақты бағалау тестілерін жинақтады. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтау, кәсіби жарамдылығын анықтау, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша, тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Сол кездерде неміс психиатры және психологы Э. Кречмер және АҚШ психологы У. Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар мінез типін анықтау негізіне келесі қағидаларды ұсынды:

а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді;

б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез типологиясын құруға мүмкіндік туады;

в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.

Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар биологиялық зерттеулерде мироэлементтердің фотосинтезге тигізетін әсерін анықтауға пайдаланған әдістемелерін психологияда жекелік психикалық қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланыста екендігін дәлелдеуге ыңғайлы етіп өңдеп шығарды. Нәтижесінде Спирмен факторлық талдауды жүргізу жолдарын тауып, ал Фишер дисперсиялық талдау әдістемесін жасап шығарды. Дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу оңай болатындықтан, психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізіледі.

Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте кеңінен пайдалану қажеттілігі туындағандықтан батыс елдер тәжірибесін зерттеп, оны біздің мектепте пайдалану жолдарын анықтаған ғалымдар З. А. Малышева, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур. Олар бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызмет құру проблемасын зерттеу барысында шетел тәжірибесін пайдалануға болатынын дәлелдеді. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен мектептің психологиялық қызметін құру және басқа елдердің қалыптасқан тәжірибесін қолдану жолдарын М. Р. Битянова, И. В. Дубровина, Л. И. Прихожан анықтады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған.

Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады. Жеке адам сондай-ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқығы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма-осылардың бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. Жеке адам сондай -ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүниетанымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстануына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.

Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым-қатынас - процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық жәңе қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардың, тұтас қоғамның идеологиясы мен психиологиясына орайласып келеді екен. Жеке адамның сыртқы ортамен қарым - қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек болады, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі. К. Маркс: «Индивидтің шын мәніндегі рухани байлығы оның шын мәніндегі қатынастарының ықпалдылығына бүтіндей тәуелді деп жазған болатын. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Неміс идеологиясында» осы ойды дамыта келіп, жеке адамдар өз қажетсінулері мен оларды қанағаттандыру әдістеріне байланысты, сөз жоқ, бір - бірімен өзара қатынаста болады және осындай қатынас адамдардың рухани, адамгсршілік, психологиялық дамуының факторы болып табылады деп атап көрсетті».

Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай-ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті қоғам заңдылықтардың қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.

Детерминизм идеясы адам қылықтарының қажетті іс екенін анықтай отырып, еркін бостандығы жалған ертегіні теріске шығара отырып, адамның ақылын да, ар-ұятын да, адамның әрекеттеріне баға береді де ешбір жоймайды. Мүлде мұның керісінше, тек детерминистік көзқарасты ұстанғанда ғана кез келген нәрсені адамның азат екеніне аудара салмай, дәл және дұрыс баға беруге болады. Сондай-ақ тарихи қажеттілік идеясы да жеке адамның тарихтағы рөлін ешбір кемітпейді: бүкіл тарих нағыз қайраткерлер ретіндегі жеке адамдардың іс әрекетінен құралады.

Жеке адам - саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын тандай алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма - оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты. Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі рөлі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс - әрекетін жандандыра түседі.

Қоғам дамуы мен жеке адамның дамуы арасында тығыз әрі тікелей байланыс, ықпал бар. Қоғам әр жеке адамға қызмет етеді, себебі, адам барлық қамқорлыққа бөленген, оның материалдық және рухани талап-тілегін қанағаттандыру басты назарда; . өз тарапынан әрбір жеке адам қоғам үшін еңбек етеді және өзінің рухани, әлеуметтік және материалдық мүддесі неғұрлым толық қанағаттандырылса, ол соғұрлым үлкен күш-жігерімен әрі құлшыныспен еңбек етеді. Жеке адамның дамуы өмірдің коллективтік негіздерінің дамуымен тығыз байланысты. «Тек коллективте ғана, - деп жазды К Маркс, - жеке адамның шын бостандығы, оның әлеуметтік қорғалуы мүмкін болмақ және тек ұжымда ғана жеке адамның жан-жақты дамып жетілуі, оның барлық қабілеті мен дарыны гүлдене өркен жаймақ». Бұдан ұжымда өмір сүру мен еңбек етуге талпыну туындайды және коллективизм адамның ең басты өмірлік қажетіне айналады.

Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу - оның іс әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты. Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қамтиды. Сондықтан жасалған теориялық қорытынды, әлбетте, олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеалистік немесе материалистік сипатта болады.

Биологизм, әсіресе 3. Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да анық көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойынша, жеке адам дегеніміз - үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның ерекше ықпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсерлермен немесе инстинктермен, ең алдымен жыныстық елігуімен бағытталып отырады. Фрейд, сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстинктерін қанағаттандырушы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуінен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы - жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмдік концепциясы. Бұл концепция реакцияға қызмет етеді.

Биоэлеуметтік концепцияның өкілдері (олар көпшілік) адамды шартты түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды. Бұл қате түсінік, себебі сезінудің қарапайым процесінің өзі де адамның әлеуметтік тұрғыдан айқындалатын талғам мүддесі арқылы күрделелене түскен, ол тек кана еңбекте қол жететін сенсорлық даму деңгейіне тәуелді болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас сферасы
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Оқушыларда біртұтас тұлға ретінде қалыптастыру мәселелері
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
“Педгогиканың жалпы негіздері және тәрбие теориясы” пәні бойынша әдістеме
Педагогика пәнінен дәрістер
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Тәрбие мен оқыту процестері арасындағы үйлесімділіктің психологиялық - педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz