Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ

ІV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

VI. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде анықталу сипаты, оның демократиялығын, әлеуметтігі мен зайырлығын, құқықтылығын айқындайтын институттарының реттелуі мен дамуы қарастырылған.

Тақырыптың өзектілігі.

Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, республика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемлекеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституциялық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс - бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдастырылуының белгілі бір нысаны және амалы.

Мемлекеттің ұйымдастырылуының нысаны мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.

«Қазақстан Республикасы» мемлекетінің ұйымдастырылуының негіздері - бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқанымыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдастырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан.

30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметгік мемлекет ретінде орнықтыратынын; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығын бекітті [1. 1 бап] . Содан бері Республикамызда тиісті бағытта бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген реформалардың негізгі мақсаттары - Қазақстанды құқықтық, әлеуметтік, демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде қалыптастыру болды.

Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында халық билігі институттарын, заңның жоғарылығын, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге бағытталған институттарды, мемлекет пен діннің арақатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру мен жүзеге асыру, заңдар шығару мен қоғамдағы өзге де процестерді заңи рәсімдеу арқылы оларды дамыту, жетілдіру мәселелері ерекше маңызға ие. Сол себепті де халық билігі институттары, құқықтық, әлеуметтік мемлекет идеялары, зайырлылық мәселелері әркезде де қоғам дамуының барлық кезеңдерінде негізгі басты назарда болуы керек. Себебі, кез-келген дамыған елдерде құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, діни институттардың қызметінде азаматтардың еріктері мен мүдделері бекіп, құқықтық, адамгершілік, жеке қасиеттері дамиды. Олай болса, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер республика көлемінде барлық демократиялық, құқықтық, саяси, экономикалық реформаларды дер кезінде жүзеге асыруды қажет етеді, тиісінше бейбітшілік пен тұрақты дамуға, халық мүддесіне негізделген мемлекетті жетілдірудің ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, теориялық тұрғыдан негіздеуді қажет етеді. Тиісті мәселе өзекті де маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Жұмыстың жаңашылдығы. Диплом жұмысы «Қазақстан Республикасы» мемлекетінің ұйымдастырылуының негізгі қағидаларын, Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде анықталуының мәні мен маңызын, тиісінше олардың институттарының дамуын, саралап, қарастырған кешенді жұмыс болып табылады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Заң ғылымында Қазақстанның жалпы конституциялық құрылысының негіздері мәселелеріне, оның ішінде Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде орнығуына, Қазақстанда демократиялық институттарды ары қарайғы жетілдіру мәселелеріне ел басы Н. Ә. Назарбаев, Зиманов С. З., Сапарғалиев Ғ. С., Баймаханов М. Т., Сартаев С. С., Табанов С. А., Ким В. А., Кенжалиев З. Ж., Жанузакова Л. Т. және т. б., қазақстандық және шетелдік ғалымдар көңіл бөлген.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде ұйымдастырылуының негізгі қағидаларын, Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет ретінде орнығуының негізгі бағыттарын көрсету болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

- Конституциялық құрылыс ұғымын анықтау

- Қазақстан Республикасынының конституциялық құрылысының негіздерін қарастыру;

- Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлық, құқықтық, және әлеуметтік сипатын анықтап, оны орнықтыру мәселелерін қарастыру

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Дипломдық зерттеудің ғылыми базасын Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының анықталуы мен дамуы жайындағы еңбектері және Қазақстанның құқықтық, зайырлы, әлеуметтік, демократиялық мемлекет ретінде орнығуы мен дамуы мәселелерін зерттеген келесідей кеңестік, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрады: С. З. Зиманов, М. Т. Баймаханов, Ғ. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, В. А. Ким, З. Ж. Кенжалиев, Л. Т. Жанузакова, С. А. Табанов, Е. С. Шугрина, Мухамеджанов Э. Б. т. с. с.

Зерттеудің әдістемелік базасын қоғамдық, әлеуметтік, құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы және нақты, теориялық-қисындық, құқықтық тарихи және философиялық әдістері мен тұжырымдары құрайды.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін бекітуі, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы барысында пайда болған қоғамдық қатынастар табылады.

Зерттеу пәнін тікелей және өкілді демократияның нысандарын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, құқықтық мемлекет құрудық негіздерін, мемлекет пен діннің арақатынасын реттейтін нормативтік құқықтық актілер және олардың жүзеге асырылу практикасы, қызметі құрайды.

Жұмыстың практикалық маңызы. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылуының негізгі қағидаларын, Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы мәселелерін, олардың құқықтық реттелуі мен дамуы мәселелерін зерттеу негізіне алынған деректерді және зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар мен түйіндерді тиісті мәселені ары қарай зерттеуде, студенттердің конституциялық құрылыс институтына қатысты өзіндік дербес жұмыстар жүргізуінде, “Мемлекет және құқық теориясы”, “Қазақстан Республикасы конституциялық құқығы” пәндерін оқытуда пайдалануға болады деп есептейміз.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 5 тармақты қамтитын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы мемлекетінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің негізгі ережелері - бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2-баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3-бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдастырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1-баптың 1) тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы Конституцияның 1-бабында аталғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды. Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады. Конституцияда Қазақстан Республикасының құрылысына негіз болатын барлық қағидалар бекітілген. Олар - халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т. б. принциптер болып жіктеледі. Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы конституциялық құрылысының негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген [1] .

Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады. Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады [2] .

Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі болып қана қоймай, сонымен қатар билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етіп келеді. Конституция мемлекеттік биліктің біртұтастығы және оның үш тармаққа бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципін белгілейді. Бұл конституциялық тетік қазіргі кезде іс жүзінде қолданылып, билік тармақтарының бір-біріне әсер ете отырып, тиімді шешімдер қабылдауына септігін тигізіп отыр [3] .

Конституциялық құрылыстың өзеті неде деген сұраққа жауап беру қиын. Өйткені бұл ұғымның өзі қарапайым болса да түсіндіруге қиынырақ келетіні сөзсіз. Өйткені, көптеген дүниежүзілік елдердің өзіндік Конституциялары бар, бірақ бұлардың аздағанында ғана конституциялык құрылыс қалыптаскан. Оған басты себеп конституциялык құрылыс мемлекет пен қоғам, адамдардың өзара байланысты қатынастары негізінен туындайтын ерекше қағидалармен мінезделінеді. Жалпы алғанда, конституциялык құрылыс дегеніміз мемлекеттік биліктің ұйымдастырушылык нысанын емес немесе мемлекеттік билік құрылымдарының калыптастыру мен кызмет бағытының тәсілдерін емес, ол саяси жүйенің компоненттерімен байланысты билік қатынастары. Мұндай билік қатынастар тұтасып жатқан мемлекеттік-құқықтық дүниеге ене отырып, оған өзіндік ерекше мәндік сипатымен толығыстырады. Демек, әрбір конституциялық құрылыстың нақтылы тарихи жағдайларға байланысты өзіндік ерекшеліктері болады [4] .

Әрбір конституциялык құрылыс өте күрделі организм, оның негізін белгілі бір мемлекеттің Конституция нормаларында бекітілген нақтылы қоғамдық катынастардың нысаны калайды.

Дәлірек айтсақ, конституциялык құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық ұйымның, мұндағы жеке адамның Ата заң нормаларымен бекітілген коғамдык катынастарының жиьінтығын айтамыз. Бірақ бұдан конституциялық құрылыс тек конституцияны формалды түрде орындауымыз қажет деген түсініктен туындамауы тиіс. Бұл ұғым тек барлық жағдайда адам мен азаматтардың құкықтары мен бостандыктарын ңақтылы қорғай алатын мемлекеттерге ғана тән қасиет. Ең бастысы мемлекеттің қызметі Конституцияға сәйкестендіріліп барлық жағдайда құқыққа бағынышты болуы қажет. Тек, конституция сақталынып орындалса және өзіндік мәнді сипаты жағынан демократияшыл болса ғана біз конституциялық құрылыстың іс-жүзінде бар екендігін сезінеміз. Сөйтіп, конституциялық құрылыстың бастамасы мемлекеттің ұйымдастырушылық қағидаларын жеке адам мен азаматтық қоғамның ара-қатынастарымен ұштастыру болып табылады. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар:

1) Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі) ;

2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;

3) мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы идеологиялық және саяси әралуандылығы;

4) құқықтың үстемдігі (жоғарылығы) ;

5) мемлекет билігінің бөлінісі;

6) адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы;

7) мемлекеттік тіл саясатының кепілділігі;

8) адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінен туындайтын мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылатын адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары;

9) мемлекеттің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мәндері;

10) экономикалық қызметтің бостандығы;

11) әр түрлі меншік нысандарының көптілігі мен тендігі және өзгелер.

Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекетті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының мазмұнына саяси, экономикалық негіздер, әлеуметтік саясат негіздері, ішкі саясат негіздері енді. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 3, 4, 7, 8, 12, 14 және 26 - баптарында тұжырымдалған. Мысалы, Конституциясының 1-бабының І-тармағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», - деп жариялаған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігінен туындайды. Демек, мемлекеттің басында занды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді, - деген сөз. Біртұтас мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол, оның ұлттық пәтерлерге ыдырап кетпей, әкімшілік-аумақтық құрылысқа бөлінуінде.

Еліміздегі саяси режим демократиялық болып жариялануына орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы халық егемендігінің конституциялық қағидатына арналған. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, онда былай баяндалған: Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік. органдар өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді, Мұнан кейін біз, халықтық биліктің екі нысанының тікелей (республикалық референдум және еркін сайлау) және өкілді демократияға (өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беру) белсендігін аңғарып отырмыз. Өкілді демократия мен тікелей демократияның арасында орасан зор алшақтық болғанымен халық осы екі нысан арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға кұқығы бар. Және де республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге бірігуге құқығы бар.

Қазакстан Республикасы құрамдық ұйымдастырылуы бойынша көп ұлтты біртұтас мемлекет. Оны саяси тұрғысынан қарасақ, біздің мемлекетімізде байырғы тұрғын қазақтардан басқа жүзден асатын ұлттар, ұлттық этностар тұрады. Оларды татулық мұраттарға сәйкес бейбітшіл азаматтық қоғамның мүшелерінің бірі ретінде ұғынамыз. Сондықтан да болар біздің ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы делінуіміз.

Қазақстанда құқықтық жоғарылығы қажеттілік ретінде танылған. Құқықтың жоғарылылығы - бұл Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде мінездейтін Қазақстан Республикасының ең басты конституциялық құрылыс қағидаларының бірі. Бұрын айтылғандай, құқықтық мемлекеттің құқықтық жоғарылық қағидаларынан баска да мемлекеттік билікті ұйымдастырушылық негіздері, мемлекет пен адам және азаматтың өзіндік байланыстық қатынастары сияқты белгілері бар.

Құқықтың ұлылығы Конституцияның жоғары тұратындығынан және мемлекеттің кұқықпен байланыстылығынан білінеді. Конституцияның ең жоғарғы заңдық күшінің болуы және онын бүкіл республика аумағында тікелей қолданылатындығы дегеніміз Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен өзге де құқықтық актілер еліміздің Ата заңына қайшы келмеуі тиіс. Мемлекеттік билікті іске асырушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар, лауазымды адамдар, азаматтар және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын сақтауға міндетті. Сондықтан да болар, мемлекеттік биліктің құқықпен шектелінетіндігі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірден-бір басты талабы - барлық зандардың Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың жарияланатындығы, азаматтардың құқықтарына, бостандыктары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтык актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылатындығы [5] .

Сонымен қорыта айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы мемлекетінің ұйымдастырылуының негізгі ережелері оның конституциялық құрылысы ретінде анықталады. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы - бұл Қазақстан мемлекетінің, қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық ұйьмдастырылуын және олардағы жеке адамның құқықтық жағдайын қамтитын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Конституциялық құрылысты құру мемлекеттің ұйымдастырушылық принциптерін, оның тұлға мен азаматтық қоғамның арақатынасын айқындаудан басталады.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Дербес даму жолына түскен Қазақстан бірден құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Құқықтық мемлекет құру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады.

Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.

Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТАРЫ
Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары
Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас
Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz