Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-10
1 Қазақстан Республикасында трансшекаралық су қатынастары
аумағындағы мәселелердің
туындауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-20
1.1 Трансшекаралық су қатынастары аумағындағы мәселелердің
туындауының
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .11-20
1.2 Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су ресурстарының
қолданылу мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 20-29
1.3 Қазақстанның гидроэнергетика және трансшекаралық өзендер мен
су ресурстарын реттеу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.29-36
2 Қазақстан Республикасы трансшекаралық аумағы шеңберіндегі Сырдария
мен Амудария өзендерінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
-51
2.1 Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария
өзендерінің

... ... ... ... ... .37-51
2.2 Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Арал теңізінің
мәселесі ... ... ... ... .51-69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71-75
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.76-79
Қосымша А. Орталық Азияның негізгі су қоймалары мен өзендерінің
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80
Қосымша Ә. Әр түрлі кезеңдегі орташа су жылдарындағы Сырдария өзені
бассейнінің мемлекеттерінің территория шекараларындағы су шаруашылық
балансы (іріктелген
есеп) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...81
Қосымша Б. 1. Арал теңізі бассейніндегі табиғи өзенді ағынның жалпы
көлемі, 2. Су шаруашылық аудандар бойынша өзенді ағынның
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82-83
Қосымша В 1. Қазақстан Республикасының өзендер бассейндерінің суды
пайдалану динамикасы, м³жыл, 2. Орташа су жылдардағы Қазақстанның су
шаруашылық аудандары бойынша су шаруашылық балансы ... ... ... ... ... 84-
85
Қосымша Г. Әр түрлі кезеңдегі су аз жылдардағы Сырдария өзенінің

... ... ..86-87
Қосымша Д. 1. Су аз жылдардағы Қазақстанның су шаруашылық аудандары бойынша
өзенді ағынның ресурстары, 2. Су аз жылдардағы Қазақстанның су шаруашылық
аудандары бойынша су шаруашылық балансы ... ... ... ... ... 88-89
Қосымша Е. Әр түрлі кезеңдегі су көп жылдардағы Сырдария өзенінің

... ... ... ...90
Қосымша Ж.. 1. Нарын - Сырдария су қорының су - энергетикалық ресурстарын
пайдалану жөніндегі үшжақты келісім негізіндегі елдердің міндеттемелері,
2. Орталық Азия аймағының мемлекеттері бойынша суды пайдаланудың
орташа жылдық жалпы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..91
Қосымша
З.Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 92
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Орталық Азияның су ресурстарына тек энергетика
мен ирригацияны дамыту ғана емес, сонымен қатар аймақ мемлекеттерінің
мемлекетаралық одақтастығының маңызды стратегиялық рөлі жатады. Су
ресурстары зерттеліп отырған аймақтың тұрғындарының ырысы мен экономика
дамуының негізгі параметрлерін анықтайды. Осы жағдайлармен зерттеу
тақырыбының ерекше өзектілігі анықталады.
Барлығына мәлім, республиканың су ресурстарын ірі пайдаланушысы
суландыру жерлерінің маңыздылығы болып табылады. XX ғасырдың 90 -
жылдарының басына дейін суландыру жерлерінің үштен бір бөлігінен артығы
өндірілді. Ал, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауыл шаруашылық өнімінің
70 пайызға жуығы өндірілді. Бірақ, кейінгі жылдары жалпы экономикалық және
салалық қайшылықты беталыстар негізі суландыратын жерлер потенциалының
қажетті деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Қазақстанда суландыруға негізгі суды пайдаланатын оңтүстік аймақ болып
табылады. 1990 - 1998 жылдар аралығында мұнда суландыратын жерлерді
қысқарту мен оның өнімділігінің төмендеуі болды. Оның негізгі себептері
мыналар: құқықтық, қаржылық - экономикалық және шаруашылық механизмдердің
жетілдірілмеуі; ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен су шаруашылық
ұйымдардың арасындағы дәстүрлі түрде қалыптасқан байланыстардың құлауы;
суландыратын жерлерде су шаруашылық қызметтерді мемлекеттік және қаржылық
қолдау беру көлемінің қысқартылуы; суландыру жүйелерінің жаңадан қайта
құрылуы мен құрылысының тоқтатылуы; көршілес мемлекеттермен трансшекаралық
суларды бөлісудің бір шешімге келмеуі еді.
Заманға сай кезеңде, экономиканың аграрлық секторында нарықтық қарым -
қатынастың дамуында икемді экономикалық саясаттың өткізілуі маңызды болып
табылады. Суландыратын жерлер аумағында рационалды су және жерді пайдалану
проблемаларының тез арада шешімін табуды талап етеді. Зерттеу жұмысындағы
қарастырылып отырған мәселе өзекті, себебі, қазір жүріп жатқан ұйымдық
басқару және құқықтық қайта құрылулардың негізінде су шаруашылық объектілер
мен жерге жекеменшіктік пен шаруашылықтың көптеген түрлерін қарастыратын су
реформаларының жүргізілуімен байланысты территориялық - өндірістік
өзгерістер анықталуда. Бұл, әрине суландыратын жерлер мен су ресурстарын
пайдалану деңгейі мен көлеміне әсер етеді. Яғни, оның тиімділік деңгейін
өзгертеді. Жүргізіліп жатқан су шаруашылық проблемаларды негізге алып
отырған елдегі саяси, әлеуметтік - экономикалық, құқықтық қайта құрылулар
барлық су шаруашылық стратегиясын, сонымен қатар елдегі шаруашылықтың
барлық деңгейлеріндегі су шаруашылығы басшылығының жүйелері мен қағидаларын
қайта қарастыруды талап етеді.
Зерттеу жұмысының пәні. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында орын
алған Қазақстан Республикасының су қатынастары аумағындағы көршілес
мемлекеттермен ынтымақтастығы және трансшекаралық мәселелеріне байланысты
қалыптасқан жағдайды анықтау, сонымен қатар трансшекаралық өзендердің су
ресурстары аумағында тиімді саясат механизмін үйлестіріп, реттеу болып
табылады.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты-
Қазақстанның әлемдік нарыққа ену үрдісі, бір жағынан, айналымға
ресурстардың көп мөлшерін енгізу мен қоршаған ортаға антропогенді әсердің
күшейтілуімен, екінші жағынан, экологиялық жағдайдың өршуі мен үлкен
экономикалық зияндардың күшейтілуімен жүруде. Сонымен қатар, егер жанармай
- энергетикалық немесе минералдық ресурстар нақты мемлекеттердің
территориялары бойынша орналасса, ал өзендердің су ресурстары
трансшекаралық болып табылады. Бұл оларды бірлесіп пайдалануда
проблемаларды туындатады. Су ресурстары, тек алдыңғы қатардағы өнеркәсіптік
және ауыл шаруашылық өндіріс салаларының дамудағы пропорциясы, көлемі мен
қарқынын ғана анықтап қана қоймай, Орталық Азия мемлекеттерінің
экономикалық потенциалын да анықтайды.
Бірақ, су - энергетикалық ресурстардың реттелуінің экономикалық -
географиялық ерекшеліктері былайша сипатталады: - аймақтың таулы
бөліктеріндегі Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінде негізгі гидропотенциал
орналасқан; сонымен қатар Өзбекстан мен Қазақстанның ирригация
қажеттілігіне ағындарды реттеу мақсатында салынған ірі
гидроэлектростанциялар мен су қоймалар құрылыстары орналасқан.
Орталық Азия аймағының табиғи - климаттық жағдайлары мен табиғи
ландшафты кешенінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттердің
экономикасында су ресурстары ерекше маңызға ие екендігін мойындау қажет.
Осылайша, мемлекеттер арасындағы электроэнергетика мен ирригация
шеңберіндегі қайшылықтар кешенінің пайда болуымен байланысты негізгі
проблемалардың шешіміне экономикалық - географиялық тұрғыдан келу,
болашақта бүкіл аймақтың дамуына әсер ететін басымдылықтарды анықтауға
мүмкіндік береді. Суландыру жер - жерлерде аймақтық және жергілікті
деңгейде су пайдалану мен шаруашылық жүргізуге экономикалық механизмдерді
жетілдіруге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарды қалыптастырып, жүзеге
асыру.
Алдыға қойылған мақсат негізінде келесідей міндеттер анықталды:
- суландыру жерлері мен су шаруашылығындағы нарықтық қарым -
қатынастарды үйлестірудің ерекшеліктерін зерттеу мен суды рационалды түрде
пайдалану мен суландыру жерлерінің тиімділігі проблемаларын анықтау;
- суландыру жерлері мен су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін
жоғарылатуға байланысты ұсыныстарды, аймақтық және жергілікті деңгейлерде
суды пайдаланудың басшылығын жетілдіруге байланысты мәселелерді, су
шаруашылығы қызметін қаржыландыру мен оның ақылы механизмдерін, сонымен
қатар трансшекаралық өзендердің су ресурстарын мемлекетаралық бөлісуге
қатысты мәселелерді жүзеге асыру;
- трансшекаралық өзендердің су - энергетикалық ресурстарын бірлесіп
пайдалану проблемасына қатысты пайдаланушы мемлекеттердің ұстанымдарын
анықтау;
- Қазақстанның су ресурстарының заманға сай жағдайын бағалау;
- Қазақстанның трансшекаралық өзендер су ресурстарын пайдаланудағы
негізгі қайшылықты проблемаларды сараптау.
Диплом жұмысының нысаны. Қазақстан Республикасының су ресурстары,
соның ішінде Сырдария мен Амудария өзендерінің жағдайы, тенденциялары мен
олардың даму болашағы, сонымен қатар көршілес мемлекеттермен трансшекаралық
өзендерді өзара пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының
көршілес мемлекеттермен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара
пайдалану мен қорғауға байланысты проблемалардың жолдары мен шешімдерін
табу. Яғни, мемлекеттер арасында трансшекаралық су ресурстарын пайдалануға
байланысты келіссөздер, келісімдерге қол қою мен мемлекеттердің өзара
тиімді шешімдерді қабылдауы.
Диплом жұмысының мерзімдік шегі. Қазақстан Республикасының су
қатынастары аумағындағы көршілес елдермен мәселелері 1991 жылдан басталып,
қазіргі күндерге дейін жалғасып келгендіктен, осы кезеңді қамтиды.
Диплом тақырыбының зерттелу деңгейі. Диплом жұмысы Қырғызстан,
Өзбекстан, Қазақстан Республикаларының және Ресейдің ғалымдарының
зерттеулерінен тұрады. Осы бағытта пайдаланылған ғылыми әдебиеттерді үш
топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топта, жалпы осы Орталық Азия
мемлекеттеріндегі су ресурстарына байланысты туындаған проблемалардың
алғышарттарына қатысты материалдар қарастырылды. Екінші топқа, Орталық Азия
мемлекеттерінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдаланудағы
проблемалардың туындауына байланысты материалдар алынды. Үшінші топты,
Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының әрбір
көршілес елдермен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара
пайдаланудағы қарым - қатынастары жөніндегі материалдар құрайды.
Ғылыми зерттеулердің сараптамасының көрсетуі бойынша, зерттелген
проблеманың шешімін табу үшін теориялық - әдістемелік негіздердің
алғышарттары қажет. Сонымен қатар, су ресурстары проблемасына байланысты
ғылыми зерттеулер экологиялық, экономикалық, құқықтық немесе су ресурстарын
пайдаланудағы техникалық аспектілерді қарастырады. Жалпы алғанда, қоғамның
дамуына тікелей ықпал ететін су ресурстары проблемасы, әлі кешенді
саясаттанушылық зерттеудің пәні болған жоқ.
Қазақстандық профессор И. К. Кипшакбаевтың Водные ресурсы бассейна
Аральского моря: формирование и использование атты мақаласында Амудария
мен Сырдария өзендерінің және Арал теңізінің су ресурстарын пайдалану мен
экологиялық талаптардың есебі, Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын
Орталық Азия мемлекеттерінің арасында өзара реттеу, Арал теңізі бассейнінің
табиғи су ағынының көлеміне байланысты Орталық Азия мемлекеттерінің
көрсеткіштері жөнінде мәлімет пен Арал теңізінің жағдайы, сонымен қатар
Амудария мен Сырдария өзендері жөнінде және осы өзендердің су ағынының
Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы реттелуі
және деңгейі жөнінде қарастырылған [1]. Қырғызстан Республикасының су
шаруашылық департаментінің бас директоры В. Т.
Кошматовтың Межгосударственные водные отношения и использование водных
ресурсов в Центральной Азии атты мақаласында Орталық Азия мемлекеттерінің
су ресурстарын өзара пайдалану мен мемлекетаралық су қарым - қатынастары
жөнінде, әсіресе Қырғызстан Республикасымен қарым - қатынас, Қырғызстанмен
су ресурстарын бірлесіп пайдалануға байланысты қалыптасқан ұстанымдар мен
Қырғызстан елінің құқықтары жөнінде мәлімет көрсетілген [2]. Зерттеуші
ж.ғ.к. Г. Е. Бердыгулованың Экономико - географические проблемы
использования и охраны водных ресурсов трансграничных рек (на примере
р.Сырдарьи) атты диссертациясының авторефератында Орталық Азия аймағында
су ресурстарына байланысты туындаған қайшылықтардың алдын - алуы мен
реттелуінің бірқатар қайшылықтары мен болашағы, Шардара, Тоқтағұл және
Қайраққұм су қоймаларынан бөлінетін судың деңгейі, трансшекаралық
өзендердің су ресурстарын бірлесіп пайдаланудың теориялық негіздері,
қажетті суландыру жүйесінің коэффициенттері, Орталық Азия мемлекеттерінің
Сырдария өзенінің су ресурстарын бірлесіп пайдалануы мен өзара реттеуі және
өзеннің жағдайы жайында айтылады [3]. Зерттеуші э.ғ.д. Б.Б. Жексенбиннің
Рациональное использование водоземельных ресурсов в орошаемом земледелии
(на примере Жамбылской области) атты диссертациясының авторефератында
суландыру жерлерінде су ресурстарын рационалды түрде пайдалану жөнінде
мәлімет Жамбыл облысының мысалы негізінде айтылады, сонымен қатар Шу мен
Талас – Аса өзендерінің су ағынын мемлекетаралық бөлісуге байланысты
бірқатар ұсыныстар беріледі және ауыл шаруашылығында суды рационалды жолмен
пайдалану мен суландыратын жерлердің тиімділігін арттырудың бірқатар
анықталған проблемалары, Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары арасында
трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару жөнінде мәлімет берілген
[4]. С.ғ.к. Е. Л. Нечаеваның Водные ресурсы как фактор обеспечения
национальной безопасности атты диссертациясының авторефератында су
ресурстары ұлттық қауіпсіздіктің негізгі себебі ретінде көрсетіледі. Су
ресурстарын басқару мен пайдаланудағы мемлекетаралық одақтастықтың тиімді
түрін таңдау, Орталық Азияның аймақтық интеграциясының негізгі себебі болып
табылады. Мұнда Орталық Азия мемлекеттерінің трансшекаралық өзендердің су
ресурстарын өзара пайдалануы, Қазақстан Республикасының су ресурстарының
қазіргі жағдайы, су ресурстарын рационалды түрде пайдаланудың негізгі
проблемалары мен қарама - қайшылықтары жөнінде мәлімет беріледі. [5].
Атыраудың мұнай және газ институтының оқытушысы А. К. Кадырбергенованың
Актуальные водные проблемы Казахстана атты мақаласында Қазақстанның су
ресурстарының негізгі өзекті проблемалары жөнінде айтылады. Аймақта су
ресурстарының жетіспеушілігі мен су қайнар көздерінің ластануына байланысты
су шаруашылығында қысымды жағдай қалыптасты. Мұнда, Арал - Сырдария, Орал -
Каспий бассейндері мен Каспий және Арал теңіздерінің жағдайы жөнінде және
осы аймақтарда қалыптасқан проблемалардың шешімдерін табуға байланысты іс -
шаралар жайында мәлімет беріледі [6]. Стратегиялық зерттеулердің
қазақстандық институтының ғылыми қызметкері Л. Ю. Гусеваның Проблема
совместного использования водных ресурсов в Центральной Азии не теряет
своей актуальности атты мақаласында Орталық Азияда трансшекаралық
өзендердің су ресурстарын өзара пайдалану проблемасы айтылады. Мұнда,
Амудария мен Сырдария өзендеріне қатысты құжаттар жөнінде мәлімет беріледі.
Яғни, қазіргі күндері Сырдария өзенінің су ресурстарына басшылық етуге
қатысты келісім қабылданған, ал Амудария өзенінің су ресурстарына кешенді
түрде басшылық етуге қатысты келісімді құжат әлі қалыптастырылуда. Мұндай
шаралар болашақта қайшылықты жағдайға жол бермеуі үшін, саяси келіссөздер
жүргізілуі, мемлекетаралық келісімдердің жаңартылуы және мемлекетаралық
бассейндер ұйымдарының қолдауының күшейтілуі жайында айтылады [7]. Тілші З.
Бахаутдинованың Трансграничные воды Центральной Азии: напиться можно
только вместе атты мақаласында Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің
су ресурстары жөнінде, Орталық Азия мемлекеттерінің су ресурстарына
басшылық етуде өзара концепция құру қажеттілігі мен Орталық Азияның
трансшекаралық өзендерінің су ресурстарының жағдайына қатысты мамандардың
көзқарастары, пікірлері мен су ресурстарына байланысты болашаққа
болжамдары, сонымен қатар Орталық Азияның су саясатының проблемаларына
қатысты Алматыда өткен семинардың нәтижелері жөнінде мәлімет беріледі. Осы
семинарда трансшекаралық бақылау мен реттеудің концепциялары қабылданды
[8]. Маман Д. Озодидің В Средней Азии вода может поссорить не только
соседей атты мақаласы Орталық Азия мемлекеттерінің су ресурстарына
байланысты. Мұнда, Орталық Азия мемлекеттерінің су ресурстарына қатысты
мүдделері жөнінде бірқатар мамандар, Орталық Азиялық тілшілер, қазақстанық
тілшілер мен аналитикалық материалдардың авторлары, Орталық Азия жөнінде
ресейлік тарихшы - маманның көзқарастары мен дәлелдерін келтіре отырып,
мәлімет беріледі. Сонымен қатар, аймақта су ресурстарына қатысты
қалыптасқан қарама - қайшылықтардың қызығушылықтары жөнінде айтылады [9].
А. Султанованың Казахстану не хватает воды атты мақаласында Қазақстанның
Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендердің су - энергетикалық
ресурстарын рационалды түрде пайдалану аймағындағы қарым - қатынасы,
Қазақстан мен Ресей Федерациясының және Қазақстан мен Қытай Халық
Республикасының трансшекаралық өзендердің су - энергетикалық ресурстарын
рационалды түрде пайдалану саладағы одақтасуы, Қазақстанның экономикалық
және экологиялық қауіпсіздігіне су ресурстарын өзара пайдаланудың әсері,
Сырдария өзені бассейнінің жағдайы мен Шардара және Тоқтағұл су
қоймаларының су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде мәліметтер беріледі
[10].
Диплом жұмысының теориялық - әдістемелік негізі. Диплом жұмысының
теориялық - әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының көршілес
мемлекеттермен су ресурстарына байланысты қарым - қатынастарына қатысты
зерттеудің концепциялары, қарым - қатынастың бірқатар аспектілеріне қатысты
ресейлік және қазақстандық саясаткерлердің жұмыстары құрайды.
Диплом жұмысының теориялық мәні, трансшекаралық өзендердің су
ресурстары проблемасын және оны анықтаушы әр түрлі жағдайлар мен себептерді
зерттеу аймағындағы жұмыстарды толықтыруы болып табылады.
Жұмыстың әдістемелік мәні, зерттеу жұмысының нәтижелері мен
қорытындыларын проблеманы одан әрі зерттеуге қатысты қолдану мүмкіндігімен
анықталады. Зерттеу жұмысында реттелген негізгі жағдайлар мен қорытындылар
аграрлы реформалардың дамуы жағдайларында аймақтық және жергілікті
деңгейлерде суландыру жерлерінің тиімділігін арттыру мәселелерінің
шешімдерін табуға және салада дағдарысты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік
береді. Негізгі жағдайлар мен қорытындылар су ресурстарын пайдалану
аймағында іс - әрекеттердің жоспары мен нақты шараларды қалыптастыруда
Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік құрылымдарының
қызығушылықтарын тудыруы мүмкін.
Жұмыс барысында мақсат пен міндеттерге қатысты әдіс - тәсілдер
қолданылды: суландыру жерлерінде су және ауыл шаруашылық өнімнің даму
динамикасы мен заманға сай жағдайдың сараптамасы үшін экономикалық -
статистикалық әдіс; аймақта суландыруды дамыту мен суды пайдаланудың
тиімділігін ұлғайтудың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен зерттеуге
байланысты монографиялық әдіс қолданылды. Ақпараттық база ретінде
қазақстандық, ресейлік, қырғызстандық және өзбекстандық зерттеушілердің
жұмыстары пайдаланылды.
Диплом жұмысының жаңашылдығы.
- суландыру жерлерінің экономикалық маңыздылығы мен экономиканың су
саласындағы нарықтық қарым - қатынастардың реттелуі ерекшеліктерінің
орналасуымен суды рационалды түрде пайдалану және Қазақстанның нарықтық
реформаларының дамуы жағдайында суландыру жерлерінің тиімділігін арттыру
проблемаларын табу теориялық жағынан негізделді;
- Қазақстан Республикасында су дағдарысының себептері, оның әлеуметтік
- экономикалық және экологиялық салдары, ұлттық және аймақтық қауіпсіздік
жағдайына су ресурстарының ықпалы заңдылығы, сонымен қатар су ресурстары
қатынасында мемлекеттік саясаттың бағыттары анықталды;
- трансшекаралық су ресурстары саласында Қазақстанның мемлекетаралық
одақтасуының негізгі бағыттары, осы аумақтағы қарама - қайшылықтар мен
проблемалар анықталды, аймақтық одақтасудың жеткіліксіз тиімділігінің
себептері көрсетілді және трансшекаралық су ресурстары саласында Орталық
Азия мемлекеттерінің мемлекетаралық одақтасуының механизмінің қызметін
күшейтуге байланысты ұсыныстар жасауға болады:
- Орталық Азия мемлекеттерінің трансшекаралық өзендердің су ресурс-
тарына байланысты туындаған проблемалардың алғышарттары мен Орталық Азия
мемлекеттерінің су ресурстарды пайдалану проблемалары, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының көршілес мемлекеттермен трансшекаралық өзендердің
су ресурстарын пайдалану жағдайлары мен туындаған қайшылықтардың шешімдерін
табу.
- Орталық Азия мемлекеттерін ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету,
мемлекеттердің су ресурстары жағдайына қатысты және су ресурстары сала-
сында проблемалардың күшеюі ұлттық қауіпсіздік жүйесінің жағдайына
толығымен және оның жеке жүйелеріне ықпал етеді.
- Су ресурстары проблемалары мемлекетаралық қарама - қайшылықтардың
және әлеуметтік - саяси тұрақсыздықтың себебі болуы мүмкін. Су
проблемасының шешімін табудағы мемлекетаралық қарама - қайшылықтардың
себептері оны түсінудегі Орталық Азия мемлекеттерінің көзқарастарының әр
түрлілігі, нормативті - құқықтық негіздің үйлесімсіздігі мен өздерінің жеке
геоэкономикалық қызығушылықтарының сәйкессіздігі болып табылады.
- Су ресурстары жағдайының параметрлерінің нашарлауы, әлеуметтік
-экономикалық салаға ықпал етеді. Осылайша, ауыл шаруашылық өнім деңгейінің
төмендеуіне, құнарлы жерлердің дағдарысына, жұмыссыздар санының көбеюіне,
өмір сүру деңгейінің аймақтық айырмашылығына, экологиялық қауіпті
аймақтардан миграциялық үрдістердің күшеюіне әкеледі. Бұл болашақта
экологиялық, әлеуметтік - экономикалық және геосаяси жағдайларда қайшы-
лықтардың туындауына әкелуі мүмкін.
- Осы қайшылықтардың шешімін табу механизмі халықаралық құқық
нормаларымен су саласында ұлттық заңдылықтарды жақындастыру, су саласында
одақтасудың мемлекетаралық саяси жағдайларды құру, өзара экономикалық
жобалар мен басқа шаралардың қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы болып
табылады. Суды пайдалануда жаңа сапалы стратегияны және суды сақтайтын
технологияларды енгізу қажет.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі бөлімнен, бірінші бөлім
үш тараушадан, екінші бөлім екі тараушадан және қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде зерттеу жұмысының өзектілігіне, жұмыстың нысаны
мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне, жұмыстың мерзімдік шегіне, тақырыптың
зерттелу деңгейіне, зерттеу жұмысының теориялық - әдістемелік негізі мен
ғылыми жаңалығына негіздеме берілді.
Жұмыстың Трансшекаралық су қатынастар аумағындағы мәселелердің
туындауы атты бірінші тарауында, қазіргі күндері қоршаған ортаның өзендер
жүйесі Қазақстаннның және көрші елдердің трансшекаралық өзендерінің су
ресурстарына байланысты мәселелері жайлы анықталады. Проблеманың
маңыздылығы, трансшекаралық өзендердің су - энергетикалық ресурстарын
бірлесіп пайдалануға қатысты экономикалық - географиялық себептер (су
қоймалар, су электр станциялары, суландыру каналдары және басқа да
техникалық құрал - жабдықтар) мен бірыңғай қағидалардың болмауы, оның
негіздері мен трансшекаралық су қатынастар саласындағы мәселелердің
туындауының алғышарттары және көршілес аймақтағы трансшекаралық су
ресурстарының қолданылу проблемаларына байланысты мәселелері қарастырылады.
Мұнда, су ресурстарын бірлесіп пайдалануға қатысты мемлекеттер арасында
туындаған қарама - қайшылықтың себептері мен Қазақстанға көршілес
мемлекеттерінің трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара пайдалану
мәселелері жөнінде айтылады.
Жұмыстың Қазақстан Республикасы трансшекаралық аумағы шеңберіндегі
Сырдария мен Амудария өзендерінің рөлі атты екінші тарауында, егемендік
жағдай мен нарықтық экономикаға көшудің негізінде, су және энергетикалық
потенциалдарды пайдалану проблемалары анықталды. Қазақстан мен Қырғызстан,
Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің су қатынастары
аумағындағы ынтымақтастығы, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара
пайдалануға, бақылау орнатуға, сонымен қатар трансшекаралық өзендердің
ағындарын реттеуге қатысты жүргізілген келіссөздер, қабылданған келісімдер
мен суды пайдаланудың жаңа мемлекетаралық жағдайлары және ұсыныстары,
сонымен қатар осы мәселеге байланысты халықаралық ұйымдардың атқарған іс -
шаралары, аталған елдердің трансшекаралық өзендердің су ресурстарына
қатысты ұстанымдары қарастырылады.
1 Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су қатынастар
аумағындағы мәселелердің туындауы
1.1 Трансшекаралық су қатынастар аумағындағы мәселелердің туындауының
алғышарттары
Су әлемнің әрбір мемлекетінің ауқаттылығына әсер ететін маңызды
қайнаркөз болып табылады. себебі, суды халық және экономиканың барлық
салалары пайдаланады. Осы табиғи ресурстың көлемі мен сапасына тұрақты
әлеуметтік - экономикалық даму, қоршаған ортаның жағдайы және экожүйе
байланысты [11; 74 б.].
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
2030 стратегиясында атап өткендей: Біздің еліміздің халқына әсер етуші
маңызды себеп, бұл аурулардың алдын - алуға мемлекеттің алғышарттарды
қабылдауы және салауатты өмір салтына ынталандыруы. Біздің
отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Сондықтан,
біздің әрқайсымыз азық-түлік пен ауыз суға баса назар аударуымыз
керек [12].
Орталық Азия өзендері су ресурстарын бөлісуге байланысты проблеманың
тарихы 1980 жылдары басталған. Сол кезде Арал теңізін сақтап қалу үшін және
аймақтағы өзендерді тиімді түрде пайдалану үшін екі су шаруашылық
бірлестіктің бассейндері қалыптастырылды. Оның атаулары өзендер атауларымен
аталды – Амудария және Сырдария. Бірінші бассейннің аумағы бүкіл
Амудария бойынша, ал екінші бассейннің аумағы – Тоқтағұл су қоймасынан
Шардара су қоймасына дейінгі жерді алды. Кеңес Социалистік Республикалар
Одағы құлағаннан кейін, суға басшылық жасаудағы біртұтас құрылымды сақтап
қалуға байланысты қажеттілік туды.
1992 жылдың ақпан айында Алматыда бес мемлекеттің өкілдері келісімге
қол қойды. Ол келісім негізінде, жақтар біртұтас Мемлекетаралық
Үйлесімділік Су шаруашылық Комиссиясын (МКВК) құрды. Жаңа орган құзыретіне
трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану аймағында саясатты анықтау
және зерттеу жүктелді. Комиссияның атқарушы бөлімшелері қалыптастырылған
Амудария және Сырдария су шаруашылық бірлестіктерін анықтады [13;15
б.].
Су ресурстарын пайдалану мен бөлісу проблемасының шешімін табу үшін
мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін аласалысымен келіссөздер жүргізе бастады.
Қызығушылықтарының негізгі қайшылықтары Орталық Азия территориясы бойынша
су ресурстарының әркелкі орналасқанына және аймақ мемлекеттерінің
қажеттіліктерінің әр түрлілігіне байланысты туындады. Амударияның ¾ бөлігі
Тәжікстан Республикасы территориясында қалыптасқан, Сырдарияның дәл осы
бөлігі Қырғызстан Республикасы территориясында қалыптасқан. Осы аталған екі
ел территориясының көп бөлігін таулы аймақтар алатындықтан, өздерінің бай
су ресурстарын ауыл шаруашылығында қолданбайды. Тәжікстан мен Қырғызстан
оны электроэнергетиканы өндіруде пайдаланады. Болашақта екі мемлекеттегі Су
Электр Станция (СЭС) жүйесін дамыту жоспары, оларды көршілес мемлекеттерден
энергетикалық тәуелділіктен ғана құтқармайды, сонымен қатар
электроэнергияның ірі экспортерлері болуына мүмкіндік береді. Ал осы
уақытта өзеннің төменгі ағысында орналасқан – Қазақстан, Өзбекстан және
Түркменстан мемлекеттеріне су егін алқаптарын суландыру үшін қажет [14; 6
б.].
Соңғы жылдары Орталық Азияда су ресурстарын қолдану проблемасы өршуде.
Көмірсутек үшін емес, су үшін туындайтын жаңа түрдегі соғыс жөнінде
ескертулер жиі айтылуда. Шынында да, Орталық Азия трансшекаралық өзендік
бассейндерді сумен қамтамасыз етуде әлемде қысымды аймақтардың бірі болып
табылады. Оның негізгі ерекшеліктері:
- аймақ бойынша су ресурстары үлкен болғанымен, ол тең түрде
таралмаған. Сондықтан, Қазақстанның және көрші елдердің жеке аймақтары
қазіргі күндері судың жетіспеушілігіне тап болып отыр;
- аймақтың су - энергетикалық кешенінің үйлестірілуі біртұтас елдің –
КСРО-ның негізінде, біртұтас экономиканың шеңберінде, жеке республикалардың
қызығушылықтарын есептеусіз жүргізілген;
- Орталық Азия аймағы су шаруашылығы мен энергетиканың бөлінбес
байланысымен ерекшеленеді, себебі, әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстанда
энергетика көбінесе гидроэнергетиканы қолдануда негізделеді. КСРО
құлағаннан кейін, аталған ерекшеліктер су ресурстарын қолдануда аймақта
негізгі проблемалы жағдайды туындатты. Олардың ішіндегі ең негізгілерін
атап өтейік:
1) Бір жағынан гидроэнергетика, екінші жағынан су шаруашылығы мен ауыл
шаруашылығы арасындағы қызығушылықтардың күрделі қақтығыстары;
2) Қазіргі күндері, жоқ ортақ қызығушылықтарына негізделген
республикалар арасындағы суды бөлісу үлгісі, заманға сай жағдайларға сәйкес
болмай қалды. Осылайша, су - энергетикалық кешеннің ары қарай дамуына
кедергі болды.
Көп жылдар бойғы өзенді реттеу қызығушылығы жоғалды. Жоғарыда
айтылғандар негізінде проблемалар кешені туындады. Оларға төмендегілерді
жатқызуға болады:
1) Көршілес мемлекеттердің территорияларында орналасқан мемлекетаралық
су объектілерін пайдаланудың негізгі қағидаларын анықтау.
2) Су проблематикасының ведомствоаралық қатынастар түрінен
мемлекетаралық қатынастар түріне ауысуы.
КСРО құлағаннан кейін Орталық Азия республикалары халықаралық құқықтың
субъектілері болды және бір - бірімен қарама - қайшылыққа әкелген ұлттық
қызығушылықтарға ие болды. Мысалы, жоғарғы ағыстың елдері – Қырғызстан мен
Тәжікстан – қыс мезгілі кезінде гидроэнергетиканың пайдасы үшін суды
қолдануда қызығушылық танытса, ал төменгі ағыстың елдері жаз мезгілі
кезінде жерді суаруға суды пайдалануда қызығушылық танытуда.
Бүгінгі күндері суды пайдаланумен байланысты барлық өзара қарым
-қатынастар тек келісімдер немесе келіссөздер негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, осындай келісімдерді дайындау және Қырғызстан мен
Тәжікстанға қол қою өте қиын, ауыр және ұзақ мерзімді процесс екенін
тәжірибе көрсетті.
Қазіргі күндері мемлекеттер арасында 1998 жылдың 17 наурыз айында
Бішкекте Сырдария өзені бассейнінің су - энергетикалық ресурстарын қол-
дану жөніндегі келісімге қол қойылды. Онда жақтардың суды жеткізу қыз-
метіне және онымен байланысты энергоресурстармен алмасуда өзара өтемдер
көрсетіледі.
3) Техникалық тұрғыдағы проблемалар. Осы проблемалардың барлығы
өзендерді реттеумен байланысты және мемлекетаралық деңгейде болып табылады.
Қазіргі күндері бұл проблемалар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Өзбекстан елдерін басып өтетін трансшекаралық өзен Сырдария бассейнінде
толық түрде көрініс табуда.
Техникалық тұрғыдағы осындай проблеманың бірі су - энергетикалық
ресурстарды пайдалануда өзара қолайлы жүйені жүзеге асыру болып табылады.
Бұл процесс су ресурстары мен су балансын ескеру жүйесімен байланысты.
Тағы бір техникалық проблема, су - энергетикалық кешенді ақпараттық
қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен байланысты. Тіпті ең сапалы деген суды
бөлу мен суды пайдалану үлгілері сенімді гидрологиялық болжауларсыз және
оларды уақытында түзетулерсіз, гидротүйіндердің жұмыстарының жүйелі
жоспарынсыз жүзеге асырыла алмайды.
4) Экономикалық проблемалар. Қазақстанда және Орталық Азияның барлық
елдерінде және процестің барлық қатысушыларында өзенді реттеу мәселесіндегі
экономикалық проблеманы түсінісу жоқ. Қазіргі күндерге дейін суды
пайдалануда қандай да бір қарапайым экономикалық үлгі енгізілмеген. Мысалы,
суды сату, сатып алу.
5) Басқару проблемасы. Орталық Азияда су шаруашылығы кешенін басқару
құрылымы бүгінгі күндері 90-жылдарға дейін орнатылған түрінде сақталған.
Кейбір елдер – Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан – су – энергетикалық
ресурстарды пайдаланудағы бүгінгі күндері жүзеге асырылып жатқан қарым -
қатынасты сақтап қалуды көздейді.
Бүгінгі күндері су - энергетикалық ресурстарды ирригация негізінде
пайдаланудың бұрынғы одақтық үлгісін сақтау түрінде мемлекеттер
(Қырғызстан, Тәжікстан) шығындарды көтеруде. Қазір, тек ұлттық
қызығушылықта гидротүйіндердің қызметінің жүйесін ауыстыру құқығынан
айырылған. Қалыптасқан жағдайды сақтау үшін қосымша дәлел ретінде кейбір
жағдайларда халықаралық құқықтағы зиян келтірме қағидасын қолданады.
Бірақ, бұл қағида тек суды пайдаланушы елдерге ғана қатысты емес, сонымен
қатар осы гидротүйіндері бар елдерге қатысты да қолданылуы қажет.
Қырғызстан мен Тәжікстанның ұлттық гидроэнергетикасы өздерінің
қызығушылықтарын азайту арқылы жұмыс жасай алмайды.
6) Жоғарыда аталған мәселелерден бөлек тағы бір маңызды мәселе,
климаттың өзгеруіне байланысты су ресурстарының көлемінің қысқартылуы болып
отыр. Бірақ, бұл қиын мәселе. Себебі, Амудария мен Сырдарияның табиғи
жүйелі тербелістері бар – 2 - 3 көп сулы жылға 2 - 6 аз сулы жыл. Өткен
ғасырдың 80 - жылдарынан бастап дәлме - дәл көрсеткіштерді беретін ғарыштық
түсірілімнен басқа мұздықтарды зерттеу жүргізілген жоқ. Сондықтан,
аймақтағы ауаның температурасы мен құрғақтығы кейбір жағдайларда
көтерілгеніне қарамастан, мұздықтардың еруі мен өзендердің су деңгейінің
азаюы спекулятивті тұрғыда қарастырылады.
Орталық Азияда реттелмеген су қатынастарының салдары аймаққа қауіп
төндіруі мүмкін: жердің дағдарысы (деградация) жүзеге асырылуда, яғни
шөлге, батпаққа айналуы, тұздануы; табиғи апаттардың саны мен масштабы
өсуде – су тасқыны, көшкін. Мысалы, Сырдариядағы су тасқынын, Арнасайдың
проблемасын, Тәжікстан мен Қырғызстандағы таулы аймақтардың дағдарысын
айтуға болады; Арал проблемасынан басқа, экологиялық апаттарға дейін
әкелетін экологиялық жағдайдың қарқынды түрде төмендеуі жүруде. Соңғы
жылдары:
1) су қатынастарының қақтығыстарының күшеюі;
2) оларды шешудегі озықтықтың болмауы байқалуда [15; 69 - 73 б.].
Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесіне байланысты
ортақ шешімінің табылмауы, Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық және
аймақтық қауіпсіздігіне болашақта қауіп төндіретін негізгі проблемалардың
біріне әкеледі. Сонымен қатар, су және энергетикалық ресурстарды пайдалану
проблемаларының шешімін табудан аймақтағы интеграциялық процестердің
болашағы байланысты. Қазіргі күндері аймақта су ресурстарын бірлесіп
пайдалану аумағындағы негізгі проблемалар мына себептерге байла-нысты
туындайды:
- аймақтағы суды пайдаланушылар арасында су ресурстарын реттеу
қағидасы;
- электроэнергияны өндіруге қажетті және суландыруға бағытталған судың
қажетті көлемі;
- су ресурстарын пайдаланудың кезеңі, суды берудің уақытша кестесі;
- суды жинау, сақтау, қызмет көрсету және жіберуге қажетті өтемақы
механизмі;
- жыл сайын жағдайлары төмендеп бара жатқан СЭС - дың және басқа да су
- энергетикалық құрылыстардың қызмет көрсету қағидалары [16].
Ресурстарды бірлесіп пайдалану әрбір мемлекеттің қажеттілігі мен
басымдығының таңдауымен, сонымен қатар мүмкін болатын шығындарға өтемақы
тәсілдерімен байланысты. Бүгін су ресурстарын пайдалану мен бөлу жүйесінің
ортақ жалпы әлемдік қағидалары мен тәртібі жоқ. Бірақ, кеңестік уақытта су
ресурстарын өзара пайдалануға байланысты нақты тәртіптер болған. Осылайша,
1986 - 1991 жылдар аралығында Тоқтағұл су қоймасында 68,3 км³ судың
жиналған және өндірілген көлемі үшін Өзбекстан мен Қазақстан Қырғызстанға
11 млн. тонна көмір, 3,6 млн. тонна мазут және 9,7 млн. м³ газ берді. Бұл
өзара пайдалы әріптестік болды. Бірақ, қазіргі күндері мұндай әріптестік
жоқ. КСРО құлауымен қатар, су және энергетикалық ресурстарды пайдалану мен
беруге байланысты жағдай нашарлады. Мемлекеттер өз қызығушылықтарын алға
қоя отырып, бір шешімге келе алмай отыр.
Бұл мәселенің қиындығы, энергетикалық және ирригациялық қызмет
жүйелері бір - біріне кері жұмыс істеуінде. Қазіргі күндері Тоқтағұл су
қоймасы ирригациялық жүйеде жұмыс істейді. Бұл жүйе Қазақстан мен Өзбекстан
үшін өте пайдалы, ал Қырғызстан үшін шығынды пайдасыз болып табылады.
Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасын энергетикалық жүйеге ауыстыруды көздейді.
Бұл Қырғызстанға жыл сайын Бішкек қаласының Жылу Электр Станциясына
электроэнергияны өндіруге жұмсалатын жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Күз - қыс мезгілдерінде электроэнергия қажеттілігі күрт өседі, суды жіберу
мөлшері үлкен болады, мұндай жағдайда, көршілес мемлекеттердің шығындары
бірнеше ондаған миллион доллар болады. Осыған байланысты, Қырғызстан өз
территориясында қалыптасатын су ресурстарын өзі жалғыз пайдалана алмайды.
Қазақстан мен Өзбекстан өз жағынан, Қырғызстанның жалғыз өзі су қоймаларына
қызмет көрсету кезіндегі шығындарын үш мемлекет арасында бөлу қажеттігін
түсінулері қажет. Бірақ, Қырғызстан елдің шектеулі бюджетін пайдалана
отырып, өзі су қоймаларына қызмет көрсетуге мәжбүр. Қазіргі күндерге дейін
КСРО кезінде салынған техникалық база қолданылып келеді. Бірақ, егер бұл
жүйені қызметті жағдайда қолдамаса және оған инвестиция құймаса, онда бұл
бірінші кезекте Өзбекстан мен Қазақстан үшін шығынды, әрі апатты болады.
Яғни, Өзбекстан мен Қазақстанда судың жетіспеушілігі немесе керісінше, су
астында қалу қаупі бар. Өзбекстан мен Қазақстан жаз мезгілінде Қырғызстанда
өндірілген электроэнергияны нарықтық бағамен сатып алады, Қырғызстан да
көршілес елдерден нарықтық бағамен қыс мезгіліне қажетті газ, мазут және
көмірді сатып алады. Бірақ, су - энергетикалық ресурстарды пайдалану
жөніндегі мемлекетаралық келісімдерде су – газ, мазут және көмір сияқты
бағасы жағынан құнды ресурс деп көрсетілмеген [17].
Еліміздің оңтүстік аймақтарында, оның ішінде Қызылорда мен Оңтүстік
Қазақстан облыстарында егін шаруашылығын дамыту Сырдария өзеніне тікелей
байланысты. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумағын басып өтетін өзен
суы Қазақстанның оңтүстігіне жеткілікті мөлшерде келсе, алқаптардан өнім де
мол алынады, диқан қауымының көңілі де жайланады. Ал, күткендегіден аз
болып жатса, ала жаздайғы есіл еңбек еш кетіп, үміттің үзілгені. Өйткені,
жаз маусымында аптап ыстық 40 - 45 градусқа жететін бұл аймақтарда судың
жеткілікті қорынсыз ауыл шаруашылығы дақылдары түрлерінен ойдағыдай өнім
алу мүмкін болмайды.
Ұлы дария суы жиналатын аса ірі үш су қоймасы бар. Біріншісі –
Тәжікстандағы Қайраққұм, екіншісі – Қырғызстандағы Тоқтағұл, үшіншісі –
Қазақстан аумағындағы Шардара су қоймасы. Орталық Азия республикалары
тәуелсіздік алғанға дейін Сырдария өзені бойындағы осы су – шаруашылық
нысандары өзара тығыз байланыста жүйелі реттеліп келді. Түбі бір бауырлас
елдер бір - біріне түсіністікпен қарап келді. Соңғы алты - жеті жыл
бедерінде бұрыннан қалыптасқан осынау жақсы үрдіс бұзылып, дарияның жоғарғы
сағасындағылар қазақ ағайындарын шөміштен қаға бастады. Солардың бірі –
Тоқтағұл су қоймасына иелік етіп отырған Қырғызстан.
Бұрын Тоқтағұл су қоймасындағы суды көршілес үш республика –
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан тең құқықта ортақ пайдаланып келді.
КСРО ыдырап, мемлекеттер тәуелсіздік алғаннан кейін Тоқтағұл су қоймасы
Қырғызстанның меншігіне өтті. Осыдан кейін - ақ, арзан электр энергиясын
өндіруді мақсат еткен қырғыз ағайындар Орталық Азия елдерінің су –
шаруашылық кешендеріндегі жағдайлармен санаспай, қоймадан суды өз СЭС -
ларына көптеп жібере бастады. Әсіресе, қыс маусымында өз кезегінде бұл
жылдар бойы жиналған су деңгейінің едәуір төмендеуіне әкеп соқтырды. Осының
салдарынан Қазақстан мен Өзбекстан Тоқтағұл су қоймасынан өздеріне қажетті
суды толық мөлшерде ала алмайтын жағдай қалыптасты.
Бұл су қоймасындағы су қорының жылдан - жылға азайып, алаңдатарлық
сатыға төмендеуі алдағы уақытта еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен
қамтамасыз етуге қауіп төндіретіні анық. Мұның зардабы сондай - ақ, осы су
шаруашылық нысанның суын пайдаланатын өзбекстандық диқандар мен
мақташыларға да аз болмаса керек. Осы жағын ескерген Қазақстан мен
Өзбекстан Республикалары үстіміздегі жылы Тоқтағұл су қоймасынан қосымша
2,5 миллиард текше метр су босатуға қырғыз туысқандарды қайта - қайта
барып, әрең көндірді. Олардың көлденең тартатыны – нысаннан осынша көлемде
су босатылса, Қырғызстан елді электр энергиясымен толық қамтамасыз ете
алмайды, қыруар қаржыдан айырылады. Шындығында да солай. Бүгіндері
қырғызстандықтар Тоқтағұл су қоймасының рахатын көріп отыр. Онда жиналған
су қорын еселеп пайдалану арқылы арзан электр энергиясын көптеп өндіріп,
ішкі қажеттілік-терін толық қамтамасыз етумен қатар, экспортқа да шығаруда.
Одан қыруар пайда түсетіні айтпаса да түсінікті.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында Тоқтағұл су қоймасындағы су
деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін қазақстандықтар мен өзбекстандықтар Қырғыз
республикасымен екі жақты келісім жасады. Келісімге сәйкес қырғыз ағайындар
қыс маусымында қоймадан суды белгіленген мөлшерде ғана алуы тиіс. Бұл
қоймадағы су деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді. Міне, сонда келер
жылы аталмыш нысанның суын пайдаланатын оңтүстік аймақтағылар су тапшылығын
онша көп тартпайтын болады. Оның есесіне Қазақстан Қырғызстанның электр
энергиясын жылу энергетикалық орталықтарында өндірулері үшін айырбас
ретінде көмір беруді міндетіне алды. Бұрынғы қарыздарды қоса есептегенде,
оның жалпы көлемі 400 мың тоннаны құрайды.
Бұған қарап, оңтүстіктің кейбір аймақтарында су - энергетикалық
мәселелер шешімін тауып жатыр екен деп, бөрікті аспанға ату әлі ерте. Егер
жаңағы 400 мың тонна көмір уәделі мерзімде жеткізілмейтін болса, қырғыздар
қайтадан теріс айналуы әбден мүмкін. Көмір жөнелтудің қазіргі жайы солай
деуге мәжбүрлейді. Қазақстанның меншігі болып табылатын Шардара су қоймасын
қажетті су қорымен қамтамасыз етуде де шешімін күткен проблемалар
жетерлік. Оның барлығы үкіметаралық дәрежеде қарастырып барып шешуді қажет
етеді. Бұлай етпейінше, тиісті министрліктер мен ведомство басшыларының жыл
сайын бірнеше мәрте Қырғызстан мен Өзбекстанға су сұрап шапқылағандары
шапқылаған [18; 1 - 2 б.].
Жыл сайын күз - қыс мезгілдерінің келуімен Орталық Азия аймағының ең
ірі өзендерінің бірі Сырдарияның Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан
елдерінің тұрғындары мен ауыл шаруашылық жерлерін су астында қалтыру қаупі
туындайды. Мамандардың пікірі бойынша, оған себеп, Орталық Азия аймағы
мемлекеттерінің су ресурстарын дұрыс әрі тиімді пайдаланбауында. Әсіресе,
қырғыздардың Тоқтағұл СЭС – ның гидроқуаттылығын пайдалану мен іске қосуына
байланысты. Сырдария өзені Қырғызстаннан Тәжікстанға, одан Өзбекстанға және
Қазақстанға қарай ағады. Қырғызстан мен Тәжікстан Орталық Азия аймағы
мемлекеттерінің су ресурстарын өз бақылауларына алған және өзеннің төменгі
ағысындағы елдерге беретін судың көлемінің шығынына байланысты кестені
реттейді.
Сырдария мен Амудария өзендерінің жоғарғы ағысындағы Қырғызстан мен
Тәжікстан Республикалары суға стратегиялық тауар ретінде қарайды және оны
өздеріне электроэнергияны өндіру үшін пайдаланады. Өзенде бірнеше су
қоймалар қалыптастырылған. Олардың ішіндегі ең ірісі Тоқтағұл гидротүйіні.
КСРО кезінде бұл су қойма ирригациялық кестеде жұмыс істеді. Жерлерді
суландырумен қамтамасыз ету үшін және Нарын - Сырдария өзенінің ағысын
реттеу үшін пайдаланылды. Осылайша, күз - қыс мезгілдеріндегі Қырғызстан
үшін жетіспейтін электроэнергияны өндіру кезінде, Тоқтағұл гидротүйінімен
судың көп мөлшерде бөлінуі негізінде бірнеше мыңдаған үйлер, ауыл
шаруашылық аймақтар су астында қалады. Өзбекстан мен Қазақстан
шекараларында судың ағынын реттеуге арналып салынған ірі Шардара су
қоймасы мұндай су мөлшерін ұстап қалуға мүмкіндігі жоқ. Мамандардың
мәліметі бойынша, Тоқтағұл аймағында гидрообъекттің қызметіне байланысты 30
мың адам тұрған 24 тұрғындар мекені мен аймақтық орталық су астында қалды.
2008 жылдың көктемінде Оңтүстік Қазақстан облысында су астында қалудан
сақтанып қалу үшін 13 мың адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болған
[19; 44 - 45 б.].
Қазақстан Республикасы қазіргі күндері трансшекаралық өзендерден келіп
түсетін су ресурстарының жетіспеушілігінен Орталық Азияның басқа
мемлекеттерімен салыстырғанда, қолайсыз жағдайда тұр. Қазақстан көршілес
Өзбекстан Республикасымен екіжақты келісімге келсе де, Өзбекстан
Республикасы әлі де біржақты жүйеде Қазақстан Республикасына қажетті судың
көлемін ұстап отыр. Бұл Қазақстанның экологиялық жағдайын нашарлатуда.
Қазақстандық билік бірнеше рет су - энергетикалық секторда консенсусқа келу
мен осы мәселеге байланысты тығыз одақтасу жөнінде ұсыныс жасады. Бірақ,
бұл мәселе әлі де ашық болып табылады. Кеңестік кезеңде Сырдарияның ағысы
су қоймалар мен ирригациялық құрылыстардың жүйесі негізінде реттеліп
отырған. Ирригация қажеттілігі үшін ағынды реттеу мақсатында күшті
ирригациялық тор құрылды [20].
КСРО уақытындағы суландыру жүйесі былайша есептелді: суық кезде Нарын
өзенінің таулы су қоймалары артық суды жинайды, ал вегетационды кезеңде жол
жөнекей электроэнергияны өндірумен қатар, оны Ферғана аймағының мақта
өрістеріне жіберіп отырды. Бірақ, КСРО құлағаннан кейін жаңа проблемалар
туындады. Өзбекстан қарыздары үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға газды беруді
тоқтатты. Қырғыз бен тәжік энергетиктері суық кезде қаланы жылумен
қамтамасыз ету үшін Нарынның СЭС - ын электроэнергияны өндіру кестесіне
жіберуге мәжбүр болды. Сырдария бойынша қысқы тасқындар басталды, жыл сайын
Өзбекстан мен Тәжікстанның солтүстік аймақтарында бірнеше мың гектар жерлер
су астында қалады, ал ақпан айының соңына қарай Қазақстанның оңтүстік
аймақтарында күшті су тасқындары басталады. Орталық Азия аймағы елдерінің
су ресурстарын тиімді пайдаланбаулары нәтижесінде, Сырдария мен Амудария
өзендерінен құрғап бара жатқан Арал теңізіне судың өту мөлшерінің азайтылуы
мүмкін. Сонымен қатар, энергияны өндірудің нәтижесінде Тоқтағұл су
қоймасының су мөлшерінің азаюына қауіп төнуде. Бұл жағдай, Қырғызстанда
электроэнергияны өндіруді қысқартуға әкеледі. Қазіргі күндері Тоқтағұл су
қоймасының су мөлшерінің деңгейі 9,5 млрд.³ құрайды [21].
Қазақстан мен Өзбекстаннан басқа су ресурстары проблемасы
Түркменстанда да орын алады. Түркменстанды ирригациялық жүйемен қамтамасыз
ету Амударияның төменгі ағысының есебі негізінде жүргізіледі. Жыл сайын
Амударияның 15 км³ су ресурсы Қарақұм каналына өтеді. Осылайша,
Түркменстанның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бірақ, су ресурстарын
рационалды және тиімді пайдаланбағандықтан, бұл қажетті нәтижелерді
бермейді. Қожыған құм арқылы өтетін каналдың әлсіз құрылысы нәтижесінде,
судың көп мөлшері бекерге кетіп жатыр.
Су ресурстарының жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі, оны
тиімді түрде пайдаланбау және қаржы жүйесінің жетіспеушілігі. Орталық Азия
аймағы мемлекеттерінде бір адамға шаққанда суды пайдаланудың жоғары
деңгейдегі көрсеткіштері беріледі. Түркменстан суды пайдалану жағынан
әлемде бірінші орында, жылына - 6216 м³, екінші орында Өзбекстан
Республикасы - 4007 м³, үшінші орында Қырғызстан Республикасы – 2663 м³,
Тәжікстан Республикасы – 2376 м³ және Қазақстан Республикасы - 2264 м³. Ал
дамыған елдерде суды пайдалану деңгейі екі есеге төмен. Осылайша, АҚШ - да
бұл көр-сеткіш 1870 м³, Канадада 1602 м³. Аймақтағы судың жетіспеушілік
проблемасы болашақта үнемі зерттеледі. Мұнда, Орталық Азияның халқын сумен
қамтамасыз ету үшін, әсіресе Тәжікстан мен Өзбекстанда, суландыру үшін
қажетті судың көлемін ұлғайту қажет [22; 23 б.].
Бішкек пен Душанбе Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық
Комиссиясының шеңберінде қабылданған Су конвенциясы су ресурстарына
кешенді түрде басшылық контекстіндегі экожүйелі қызметтерге қаржы төлеу
жөніндегі кепілдемеге сүйене отырып, гидротехникалық құрылыстарды қажетті
жағдайда қолдауға шығын өтеуді талап етуде. Су ресурстары жөніндегі БҰҰ -
ның Даму Бағдарламасының (ПРООН) басшысы Александар Николаенконың айтуы
бойынша: БҰҰ - ның конвенциясына сәйкес, ақылы су үшін емес, суды
дайындау, тазалау және жеткізу қызметтері үшін төлеу қажет. Бірақ,
Тәжікстан мен Қырғызстанның басшыларының айтуы бойынша, су ресурсы да ақылы
болып табылады [13; 16 б.].
Бірақ, гидротехникалық инфрақұрлымды қолдауға байланысты шығындарға
өтемақы беру қажет. Мысалы, Қырғызстан Республикасының территориясында
басқа мемлекеттерге қатысты ирригация мақсатында қолданылатын бірқатар су
қоймалары бар. Мемлекеттің электроэнергеткалық кешеніне бұл су қоймалар
ешқандай қызығушылық танытпайды. Қырғызстан үкіметінің көрші мемлекеттер
осы құрылыстарды қамтамасыз ету үшін өтемақы төлеулері жөнінде талап қойып
отырғандары дұрыс. Қырғызстан Республикасы Орталық Азия аймағының басқа
мемлекеттері сияқты, мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіру ең маңызды
мәселе болып табылады, деп санайды. Бұл мәселенің шешімін қабылдауда заңды
және құқықтық мәселелер бірінші кезекке шығады. Ал, бұл кейін қарастыруға
келмейтін мәселе болып табылады.
Қақтығысты жағдайлар Орталық Азиядағы су ресурстарының реттелуінің
географиялық ерекшеліктеріне байланысты ғана туындамайды. Себебі, су
ресурстары табиғи жолдармен реттеледі. Таулы аймақтарда электроэнергияны
өндіру үшін өзендердің су ресурстарын пайдалану кестесін нақты түрде сақтау
арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Яғни, жаз мезгілінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz