Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы


МАЗМҰНЫ
1
1. 1
1. 2
1. 3
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы және оның құрылымы
Бағалы қағаздардың мәні және жіктемесі
Бағалы қағаздарды шығару механизмі және бағалы қағаздардың түрі
6
6
14
16
2
2. 1
2. 2
2. 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНДА ҮЛЕСТІК ЖӘНЕ ҚАРЫЗДЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы
Бағалы қағаздардың биржалық нарығының негізгі көрсеткіштері
Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың іскерлігін талдау
30
30
37
40
3
3. 1
3. 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру проблемалары
Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық және заңнамалық негіздері
45
45
54
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар - меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10-13 жылда болған өзгерістер - еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің дипломдық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған. Дегенмен нарық қатынастары өркениеттері елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылдан «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдейді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құруда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі - акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда, нарықтық экономиканы қалыптастырушы және оның нарықтық қатынастарымен байланысты іс -әрекеттерді қалыптастырушы жас мемелкет. 1991 жылдан бастап, Қазақстан тәуелсіздікті және еркін мемлекет статусын иеленуіне байланысты алғашқы да нарықтық қатынастар түсінігі деп танылған түсінік біздің санамызға еніп, біздің өміріміздің негізі болды. Біздің қоғамыздың трансформациясы болды, біздің әрқайсымыздың дүниетанымдық көзқарасымыз өзгерді, қазір тәуелсіздікті қабылдағанға дейін болған жүйеден, басқа саяси және экономикалық жүйе қызмет етуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикада шаруашылық жүргізудің нарықтық типін қалыптастырудың күрделі және қиын кезеңінен өтуде. Бұл кезеңде негізгі және алғашқы шешуге міндетінің бірі нарықтың қажетті инфрақұрылымын құру болып табылады, ол белгілі бір дәрежеде мемлекеттік реттеумен қатар, меншіктің әртүрлі формаларының, кәсіпкерлік іс - әрекеттін түрлерінің еркін қызмет етуін қамтамасыз ету және де әрбір азаматтың белсенділігін жоғарлату қажет. Өркениетті нарықтың мұндай инфрақұрылымның маңызды құраушысы бағалы қағаздар нарығы болып табылады, ол мүліктік құжаттардың ерекше түрлерін айналысқа түсіру арқылы олардың өндірістілігін қолдану, инвестиция тарту, мақсатында ақша айналысының көп көлемін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай іс - әрекет түрінің механизімі бағалы қағаздар айналысы болып табылады. Оның пайда болу себебі оның максималды кепілділігін және сенімділігін бір уақытта қамтамасыз ету болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының зерттелу дәрежесі. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығын дамытуна байланысты отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты зерттелген Б. И. Алехин, М. Ю. Алексеев, В. У. Белов, Я. М. Миркин, Д. Н. Таганов, В. С. Таркановский сияқты Ресей экономстердің еңбектерінде зерттелген.
Отандық экономистерге келетін болсақ А. С. Балабаев, Ф. С. Карагусов, А. А. Шарипбаев бағалы қағаздар нарығын зерттеуге көп үлестерін қосқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында қызмет ететін бағалы қағаздар нарығының қызмет көрсету тәжірибесін талдау болып табылады. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында блағалы қағаздар кірістілігін бағалау. Бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағаздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер орындалады:
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін көрсету;
- Бағалы қағаздар нарығының даму проблемаларын талдау және дүниежүзілік қор биржасына шығу мүмкіншліктерін анықтау;
- Бағалы қағаздар нарығы мен бағалы қағаздар түрлерінің теориялық мәнің ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму бағытын және жетілдіру жолдарын талдау
Зерттеу объктісі: Қазақстан Республикасының қор биржасының даму бағыттары мен проблемалары.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық экономистердің ғылыми еңбектері және интернет сайттары қолданылды.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы - статистикалық, аналитикалық, логикалық топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары ұсынылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Бағалы қағаздар нарығын дамыту жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш тараудан қарастырылып жазылған.
Бірінші тарауда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздемесі қарастырылған.
Екінші тарауда негізігі және туынды нарық мәні мен олардың қызметтері, акция мен облигация бағалы қағаздарының есептеу әдістері ұсынылған. Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы, биржалық нарығының негізгі көрсеткіштері, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың іскерлігіне талдау жасалған.
Ал, үшінші тарауда бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдры зерттеліп ұсынылған.
Бұл жұмысты жазу барысында тек қана қазақстандық авторлар оқулықтары ғана емес, сонымен қатар шетел әдебиеттер авторы қолданылды. Жалпы дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалды.
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы және оның құрылымы
«Бағалы қағаздар туралы» бірінші заңнамалық акт 1991 жылы қабылданды - бұл Қазақ ССР «Бағалы қағаздардың айналымы және Қазақ ССР-ң қор биржасы туралы» заңы. Осы актіге сәйкес Қазақ ССР-ң Қаржы министрлігі барлық республикада шығарылған және айналымдағы бағалы қағаздарға бақылау жүргізе бастады. 1991жылдың 13 қарашасында ҚР-ң министрлер кабинетінің №701 қаулысы «Құнда қағаздар туралы» ахуал бекітілді. 1992 жылдың наурыз айынан 1995 жылдың мамыр айының аралығында айналымға шығарылған бағалы қағаздарды тіркеуі ҚР Министрлер кабинетіндегі уақытша ереже негізінде бекітіліп отырды. 1992 жылдың басында осы сфера бойынша бірнеше нормативтік құқықтық құжаттар қабылданды. Олардың құрамында 1992 жылғы 28 сәуірінен ҚР Президентінің №732 «Материалды өндірісті мемлекеттендіру және жекешелендіру жұмыстарын белсендіру шаралар туралы» жарлығы, ҚР қаржы министрлігінің «Бағалы қағазды шығару жөнінде» нұсқауы, ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Орталық Банктің «Қысқа мерзімді қазынашылық вексельдердің тәртібі және айналымға шығу талаптары туралы» қағидасы кіреді [1] .
Сонымен бағалы қағаздар нарығы Қазақстанда он жылдан астам қызмет етуде, осы кезең ағымында ол әволюциялық даму сатысынан өтті.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму тарихы бірнеше мінезді кезеңдерге бөлінеді:
- «нарықтық инициатива» 1991-1992 жылдар;
- «кабинеттік» 1993-1995 жылдар;
- «күту» 1996-1997 жылдар;
- «бейімделу» 1998 жыл.
Бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен даму тарихын келесі қалыпта көруге болады:
- Бағалы қағаздар нарығының айналымын қамтамасыз ету үшін нормативті-құқықтық базаны құру.
- Тауарлы, валюталық, қор биржаларының пайда болуы.
- Брокерлік-дилерлік қызметтің пайда болуы.
- ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия құру.
- Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
- Биржаларда туынды қаржылық институттардың пайда болуы.
1990 жылға дейін Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған емес, бірақ азаматтық заңнамамен бағалы қағаздар айналымына жол берілген. Қазақстанда оның экономикалық саласының барысы жоқ болған [2] .
Кеңес одағы кезінде ішкі нарықта бағалы қағаздар нарығының айналымына талап қойылмайтын. Тек қана республикада нарық құрылымының пайда болу сатысында ғана бағалы қағаздар нарығын құру ойластырылды. СССР-ң заңнама базасының негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік фирмалар, қор биржалары құрыла бастағанда, Қазақстанда 1991 жылы бағалы қағаздар нарығының бірінші элементтері пайда болды. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің арнайы реттеуші заңнамаларының болмаған кезінде дами бастады, ол оның дамуын тежеді, бірақ тоқтатқан емес. Қор биржаларының дамуына биржалардың өз акциялары, брокерлік орындар мен арендалар негіз болды. Коммерциялық банктердің акциялары тауар қорларының классикалық ролін ойнады.
Осы кезеңде айналымға акционерлік қоғамдардың акциялары шығарылған, сонымен қатар, жекешелендіру процесі құрылу кезіндегі акциялар да, тауарлы-қорлық биржалар және қорлар құрылған, жергілікті басқару органдарының бағалы қағаздарын шығаруға дем қойылған, бағалы қағаздар нарығының маманданған қатысушылар пайда болған. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының дамымауына қарамастан, республикада бағалы қағаздар нарығын құру идеясы «нолдік деңгейден» жылжыған. Мемлекеттің және шаруашылық субъектілердің бағалы қағаздармен жұмыс істеу қабелеттігі жоқтығына көз жеткізілген [3] .
1993 жылдан бастап заңнамалық база мен жалпы бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының құрылуындағы шешуші ролді орындау үшін мамандарды дайындаудың «бірінші ағыны» басталды. Оқыту Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Ресей және т. б. елдердегі бағалы қағаздар нарығының институттарында тәжірибеден өту жолымен, шетел мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарында жүргізілді. Қазақстанға халықаралық ұйымдардың эксперттері шақырылған, әйгілі мамандардың қатысуы арқылы семинарлар өткізілген.
1993 жылдың қараша айында жабық түрдегі «Қазақстанның банкаралық валюталық биржасы» акционерлік қоғамы ұйымдастырылған. Содан, Халықаралық Қазақстандық Агроөндіріс биржасы құрылды, «Қазақстан» құрылыс биржасы, «Алма» атты әмбебап сауда биржасы құрылды, кешірек Қазақстандық және Алматылық қор биржалары, нәтижесінде Орталық-Азиялық қор биржаларына айналды.
Қандай да болсын заңнамада нақты дамып жатқан қоғамды экономикалық үрдістердің мақсаты мен мазмұны болады. Сондықтан құқықтық нормаларды жасау кезі әрқашан анықталған экономикалық мүдделерге қызмет етуге бағытталған. «Кеңестік» модельден «Халық шаруашылық» модельіне көшуде нарықтық қатынастардың даму үшін заңнаманың құқықтық базасын түгелдей реформалауды талап етті. Реформалау бағалы қағаздар нарығының құқықтық қамтамасыз етудің бір бөлігін өзгертті [4] .
Бағалы қағаздар нарығының құқықтық қорғау заңнамалық талаптарға сәйкес ресми іскерлікті көрсетеді. Соның нәтижесінде бағалы қағаздар айналымының неғұрылым тиімді және мақсатты, ал мемлекеттің қызығушылығы республикалық тұрғындары тұтынушылығына және қандай да нарықтық бағытталған қоғамның объективті экономикалық заңнамасына дамуына максималды сәйкес келеді. Бұл жағдайда «заңнама» терминіне Қазақстан Республикасының заңы, Президенттің жарлығы және Қазақстан үкіметінің қаулысы, сонымен бірге бағалы қағаздар және орталық атқарушы органдармен өз өкілеттілігінің шегінде нормативтік құқықтық актілері кіреді. ҚР-да қор нарығының құрылуы отандық заңнаманың арнайы реттеушінің болмауымен басталады, бірақта қазіргі уақытта нормативтік құқықтық база құрылған және бағалы қағаздардың шығу және айналу процесінде пайда болу қатынастарын реттейді. 1990-1994 жж периодында Қазақстанда құнда қағаздар шығаратын және анықталған нарықтарда сауда жүргізу сияқты құқық база құрылды.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Бағалы қағаздар нарығының құру шарасы туралы» 20 наурызда қаулы шығарды. Ол өзімен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеу және бағалы қағаздар туралы заңнаманың келесі даму әтаптарын атап өтті. Атап өткен қаулы мен бағалы қағаздар нарығының қатынастарын реттеуші және бақылаушы мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы туралы қаулы бекітілді. Бұл органның негізгі функциялары - бағалы қағаздар нарығы кәсіби іскерлікті лицензиялау, мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу, осы нарықтағы қатынастарды реттеу туралы нормативті актілерді шығару. Нарықтық қатысушылардың барлығына заңнамалық бақылауын жүргізу, қатысушылардың мүделерін қорғауын, қызығушылығының шарасын іске асыру, сонымен бірге нарықтың құрылуының мемлекетінің құрылуы және инфроструктураның дамуы және т. б. функциялар бар. Бұл уақытта бағалы қағаздардың өзі Қазақстанда нарықтық экономика жүйесінің негізгі болған жоқ. Республикада қор нарығының құрылуының бірінші талпыныстарын заңдылық күші бар жарғылар шыққан. 1995 жылды жатқызуға болады:
- заңдылық күші бар 1995жылы 21 сәуірдегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» ҚР Президентінің жарғысы. Бұл жарғының іскерлік бағыты мемлекеттік емес бағалы қағаздарды мемлекеттік міндетті тіркеу талаптарына және тәртібіне және оларды орналастыру уақытына, акционерді реестордың негізгі талаптарына кіріктіру;
- 1995 жылдың 2 мамырыннан заңдылық күшіне енген ҚР Президенті «Шаруашылық серіктестіктер туралы» №2255 жарғысы. Бұл акті шаруашылық жүргізуші субъектілерге қызықтыру мақсатында және акция мен облигация сияқты бағалы қағазды шығару механизмін қолдана отырып бизнестің қаржылық құралын дамыту;
- 1995 жылы 30 наурыздың заң күшіне енген ҚР Президентінің №2155 «ҚР-ң Ұлттық Банкі туралы» қаулысы, мемлекеттік бағалы қағаздарды жүргізуге Ұлттық Банк жауапты болғандықтан, оны эмиссиялауға құқықты болды;
- 1995жылы 31 тамызда заңнамалық күшіне енген ҚР Президенті №2444 «ҚР Банк және банктік іскерлігі туралы» қаулысы екінші дәрежелі банктердің акцияны эмиссиялау құқығын бекітті, заңды және жеке тұлғалардың қарыздық есептерін жүргізу, бағалы қағаздарды сақтау бойынша сейфтік операциялар, акциядан басқа бағалы қағаздардың түрлерін эмиссиялауға тиісті лицензиясы болуы негізінде, бағалы қағаздар нарығында делдалдық операцияларды жүргізу.
- 1996 жылы заңдық жоба дайындалып, «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Инновациялық қорлар және бағалы қағаздарды келісім шарттарды тіркеу туралы» сонымен бірге «Корпоративтік бағалы қағаздар нарығының купондық жекешелендіру және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру» сияқты келесідей заңдылық актілер негізінде корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамуының жаңа концепциясы жасалды. Барлық үш заңнамалық жоба отандық бағалы қағаздар нарығының инфроқұрылымын дамуына нақты түрткі болуға тиісті еді [5] .
Бағалы қағаздар нарығының заңнамалық сферасынның негізінде мыналар жатады: 2003 жылғы 2 шілдедегі ҚР заңы «Бағалы қағаздар нарығы туралы»-бағалы қағаздар нарығының объектілері мен субъектілері анықталады. Институционалды инвестордың негізгі түрлері, инвестициялық қорлар, инвестициялық банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары өзін -өзі реттеу ұйымдары. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу негіздері келесілер:
- инвестициялық қорлар туралы 2004 жылы 7 шілде ҚР заңы онымен инвестициялық қор құқықтық сатысы құрылу және іскерлігін реттеу ерешелігін анықталады;
- инвестициялар туралы 2002 жылы 1 мамыр ҚР заңы және құқықтық негіздері оларды іске асыруды ұйымдастыру формалары шетел инвестицияларды қорғауды мемлекеттік кепілі анықталынады;
- зейнетақымен қамтамасыз ету туралы 1997 жылы 20 маусым ҚР заңы -мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының құрылу тәртібі және іскерлігіне сәйкес мемлекеттік емес қорларды анықталады [6] .
«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылы 13 мамыр ҚР заңы АҚ-ң құрылу тәртібі, типі сонымен бірге оның акция эмиссиясын тіркеу тәртібі, екінші деңгейлі банктердің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының және қаржылық институттары анықталынады.
2004 жылы ҚР қаулысымен “ҚР бағалы қағаздар нарығының 2005-2007жж даму бағдарламасы” қабылданды. Оның басты мақсаты ҚР бағалы қағаздар нарығының алдағы дамуы оның ашықтануын және тиімді іскерлігін қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығаруға мүмкіншіліктердің кеңеюі, мүделілік құқықтары адал бәсекелесті қамтамысыз етуге бағытталған.
Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері келесілер:
- бағалы қағаздар нарығын қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келтіру;
- ұжымдық инвестициялау формасына орайлы қолайлы жағдай жасау;
- бағалы қағаздар нарығының институтционалды инфроқұрылымды әрі қарай жетілдіру және бағалы қағаздар нарығында салық салу режимін жетілдіру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге бағалы қағазадар нарығының механизмін қолдану мен капитал тартуды ынталадыру. Соның ішінде листингтік компанияларын дамыту;
- эмитенттердің құқығы мен инвестордың қызығушылықтарын бақылау жүйесін жетілдіру;
- ҚР жасалған құқықтық базалық қор нарығының іскерлігі ағымдағы уақыттың талаптарына сәйкес үздіксіз жаңартылып отырады. Жыл сайын ҚБА мен бағалы қағаздар нарығының жыл сайын нормативтік-құқықтық актілері қабылданады. Олар инвесторлардың бағалы қағазға салынған капиталының қорғауын кепілдікпен қамтамасыз ету керек. Ол өз кезегінде портфельдік инвестицияны отандық экономикаға тарту арқылы, дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді, ал ең бастысы мемлекеттің экономикалық секторында өндірістік сектор негізгі тұрақтылық болар еді [7] .
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың бірінші жартысында, жаппай жекешелендірудің басталуымен қалыптаса бастады. Бұл процестің негізі болып халықтың жекешелендірулік - инвестициялық купонын шоғырландыратын, инвестициялық- жекешелендірулік қорлар (ИЖҚ) болып табылады.
Республиканың әрбір тұрғыны бағалы қағаздар нарығының құрылуы мен дамуына барлық құқықтар берілген. Республика аумағында 170 инвестициялық - приватизациялық қорлар жұмыс жасады, халықтың көп бөлігі өз купондарын осы қорға салған. ИЖҚ-лар Қазақстан экономикасының потенциалды инвесторы болып келеді және сондықтан ұлттық бағалы қағаздар нарығының құрылуында басты ролді алады. Ең бірінші Мемлекеттік бағалы қағаздар үш айға шығарылған қазынашылық міндеттемелер 6 айдың барысында олар бойынша аукциондар жиі әрі тұрақты емес түрде жүргізілді, 1 айда бір рет, бірақ жылдың соңында олар әр апта сайын жүргізілді [8] .
1995 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия құрылды, құрамында бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияға тапсырылған тапсырмаларға толық жауапкершілік атқаратын және тең құқықтарға ие 5 комиссионер болды .
Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын реттейтін негізгі орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты - нарық қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын анықтау, инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау және Қазақстан Республикасының экономикасының тиімді дамуына көмек көрсету.
Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты. Ол бағалы қағаздар нарығының маманданған қатысушыларына әксклюзтвті лицензия беру құқықғына ие.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым механизмі Қаржы министрлігінің қолында болды, ал корпоративтік бағалы қағаздар Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияның құзіретінде болды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның айналым көлемінің күрт өсуі айналымға мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің шығуына байланысты болды. Берілген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің шығарылуының мақсаты бюджет дефицитін жабудың қосымша көзі болып табылды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар секторы реттелген инфрақұрылым және операцияларды жүргізудің механиздеріне ие. Мемлекеттік бағалы қағаздар қаржы нарығының басқа да инструменттерінің ішінде өзінің жоғары өтімділігімен инвесторлар үшін өте тиімді, Республиканың Ұлттық банкі мен Қаржы министрлігінің жағынан жоғары табыстылық пен өтеу кепілінің болуы жеткілікті.
1996 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өзінің айналымдағы көптүрлі құралдарымен ерекшеленді:
- МЕККАМ-дер мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер (айналым мерзімі 3, 6 және 12 ай мерзімінде айналымға кезең сайын шығарылады) ;
- МЕОКАМ-дар - мемлекеттік орта мерзімді міндеттемелер (24 ай мерзіміндегі айналымға кезең сайын шығарылады) ;
- Республиканың Ұлттық банкінің ноталары (айналым мерзімі 7, 17, 28 күн) ;
- Қазақстанның Қаржы министрлігімен шығарылатын ұлттық жинақтаушы облигациялар (айналым мерзімі 1 жыл. ) .
Сонымен қатар, 1996 жылы 200 млн. АҚШ доллары көлемінде Қазақстанның бірінші еуронота партиясының шығарылуы жүзеге асырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz