Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

<h3>Жоспар

Кіріспе 3

I-тарау. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы 4

1. 1 Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этноаралық қатынастар 4

1. 2 Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуындағы негізгі кезеңдері 12

II-тарау. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мақсаты, міндеті және құрылымы 19

2. 1 Саяси жүйенің маңызды бір белесіне айналған Ассамблеяның бағыты 19

2. 2 Татулықтың талбесігінің міндеттері 26

2. 3 Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары 33

Қорытынды 58

Қолданылған әдебиеттер 61

</h3>
<h4>Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздігінің ең басты оң нәтижесі ретінде Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген ішкі саясат боп келеді. Бұл саясат - түп негізінде Қазақстан - осында тұрып жатқан мақсаттары, құндылықтары мен идеялары бір, ортақ тарихи тағдыры бар барлық адамдардың, түрлі ұлт, дін өкілдерінің Отаны деген барша қазақстандықтар қолдайтын және өте маңызды идея жатқан саясат. Ал көпұлтты, көп тілді қоғам - біздің мемлекетпен қорғауға алынатын біздің үлкен қазынамыз. Барлық этнос мүдделерінің келісім табуы, олардың өз тілдерін, мәдениетін, өз дәстүрін жасауға деген ұмтылыстары, диаспоралардың өз тарихи отандарымен байланыстары - бұның барлығы өткен онжылдықтың саяси практикасының бар бойында таралып жатқан ұлттық саясаттың маңызды бөліктері. </h4>

Қазақстанда посткеңестік кеңістікте кең қанат жайған ұлтаралық қатынастардың қауіптілігін уақытында көргенділікпен бақылай білді. Біз де күрделі этникалық құрылымға ие бола отырып бұл дерттен оңай құтылып кетуіміз әлдеқайда күдікті еді. Тіпті ірі ұлттық топтардың пайыздық үлесін ескере отырып, кейбір эксперттер Қазақстанды этникалық негіздегі жаппай толқулар болуы мүмкін ең бірінші кандидат деп те атады. Осыған қарамастан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Мемлекет басшысы ұлтаралық қатынастардың үйлесім табуын мемлекеттің ішкі саясатының ең басты өзегі деп қарады.


<h4>I-тарау. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы

1. 1 Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этноаралық қатынастар

Қазақстан - республика тұрғындарының 1999 ж. санағы бойынша өзара достық пен ынтымақтастықта тұрып жатқан 130 ұлт өкілінің Отаны болған көп ұлтты ел. Бұған түрлі себептер бар, олар - тарихи, әлеуметтік және саяси себептер.

Тіпті осыдан бірнеше ғасырлар бұрын қазақ даласында өз еркімен көшіп келген тұрғындар пайда бола бастады. Бұнда бос жер іздеген Ресей шаруалары, Ресей империясының шекарасын қорғауға шақырылған қазақтар қоныстана бастады. ХІХ ғ. тыныштық пен қауіпсіз өмір іздеген ұйғырлар мен дүнгендердің біраз бөлігі Қытайдан қазіргі Қазақстан жерінің территориясына ауды. Орыс, украин, белорусс, поляк, болгар переселендерінің көпшілігі өздерінің жанұясымен, мал-мүлкімен қазақ даласына Столыпин реформасын іске асыру барысында көшіп келді [1] . </h4>

«ХХ ғ. 30-40 ж-да Қазақстанға Еділ бойы мен Кавказдағы корей, неміс, шешен, ингуш, месхеті түріктері, т. б. халықтар өкілдері зорлап жер аударылды.

Соғыстан кейін КСРО-ның әр аймағынан он мыңдаған адамдар «коммунизмнің ұлы құрылысы», «тың жерлерді игеру» нысандарын көздеп Қазақстанға көшіп келуге тырысты [2] .

Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің қасіретті салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32 жылдары 1, 3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге оралмастан көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейін. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын. Сонша адам осында көшірілді. Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адамға кеміп кетті [3] .

XX ғасыр қазақтарды өзінің Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер оның қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен көз жеткізіп отыр.

Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер де кінәлі емес. Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың себебі экономикалық проблемаларда ғана емес, сонымен бірге күштеп көшірілген орыстардың, украиндардың, белорустардың, немістердің және басқа халықтардың ұрпақтарының тарихи отанына оралуды қалайтынында, ұлттық мемлекеттік құрылысына қатысуға деген ынтасында жатыр [4] .

Осындай бірегей сан ұлттығы бар (оның үстіне мұның негізінде көптеген халықтардың қасіреті жатыр) . Қазақстан бірін-бірі қырып жатқан ТМД елдеріндегі біздің жақын көршілеріміздің қайғылы жағдайына жол берген жоқ. Сондықтан мен мемлекетте бейбітшілік пен ұлтаралық тұрақтылықты одан әрі де сақтай алатынымызға сенімдімін.

Ұлттық мәселені шешуде үш тәсіл бар деп есептеймін. Біріншісі - кейбір елдер ұлты басқа халықты "күштеп экономиканың дамуы, мәдениеттің, ғылым мен білімнің бірін-бірі байыту процесі жүріп жатты. Біз халықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің бостандығы мен тәуелсіздігін бірлесіп сақтап қалғанын, қираған шаруашылықты тез қалпына келтіргенін, космосқа шыққанымызды әрқашан есте ұстауымыз керек. Қазақ ғылымы мен мәдениетінің көптеген көрнекті өкілдері Ресейде, Украинада, Өзбекстанда, Прибалтикада білім алды. Сондай-ақ, сталиндік жаппай күштеп көшіру жылдарында қазақ халқы қуғынға түскен орыстарға, украиндықтарға, немістерге, корейлерге, шешендерге және басқа да көптеген халықтардың өкілдеріне қолдан келген көмегін аямағанын ұмыттырмаған жөн [5] .

Ішкі мәселелермен, соның ішінде ұлттық мәселелермен Қазақстанның сыртқы саясаты тығыз байланысты. Басқа мәселелермен қатар менің Еуразия одағын құру жөніндегі идеям ұлтаралық, сондай-ақ мемлекетаралық проблемалар мен қайшылықтарды өркениетті жолмен шешуді көздейді. Өрескелдікке жол бермеу керек. Және, саясаткердің ең жоғары парызы өз еркінен тыс кенеттен түрлі елдерге шашырап кеткен миллиондаған адамдардың тағдыры үшін өзінің жауапкершілігін түсінуінде .

Егеменді мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этникалық бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесу -Еуроазиялық кеңістікте бейбіт дамудың бірден-бір парасатты және өркениетті жолы.

Еуроазиялық одақ жобасының арқасында ТМД-да бірігу процесі жандана түсті. Өткен жылдың аяғында Ресей мен Қазақстан арасында ізгі ниетті көршілік қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын өздеріңіз білесіздер. Азаматтық, әскери ынтымақтастық, біртұтас кеден кеңістігін құру және басқа да көптеген көкейкесті проблемаларды шешудің жолдары белгіленді. Екі елде тұрақты тұратын біздің азаматтарымыздың құқықтық мәртебесі туралы, азаматтықты қабылдауды жеңілдету туралы келісімдер халықаралық қоғамдастықтың принциптеріне сай келетін маңызды қадам болып табылады және қарапайым адамдардың алдында тұрған проблемаларды өркениетті жолмен шешеді. Енді қазір әрбір ресейлік немесе қазақстандық жаңа жерге көшіп келгенде өз қалауы бойынша күрделі заңдық осы мемлекеттің азаматы бола алады [6] .

Қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі кейбір шараларда Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялап, тәуелсіздік алғаннан кейін өткен уақыттың ішінде талай өзгерістер болып өтті. Ол реформаны ілгерілетуге, экономикалық дағдарысты жоюдың шебіне шығуға, дүниежүзілік қоғамдастықтың тануына қол жеткізуге мүмкіндік берген көптеген нақты істерге және оқиғаларға толы болды. Әрине, кейбір олқылықтардың да орын алғаны рас. Бірақ ең бастысы біз стратегияда қате жіберген жоқпыз. Бұл идеология саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың принциптерін тұжырымдаған "қоғамның идеялық бірлігі - Қазақстан прогресінің шарты" концепциясында бекітілген.

Осыдан бастап қоғамдық проблемалардың барлық қырлары бойынша, әсіресе ұлттық саясатта мемлекеттік актілер ассамблеяның пікірлерін ескере отырып және оның тікелей қатысуымен қабылдануға тиіс. Ол актілердің әрқайсысы еліміздегі барлық халықтардың мүдделерін ескере отырып сараптан өткізілуі керек.

Ұлтаралық қатынас саласындағы кейбір нақты проблемалар және оларды шешуге сіздердің қатысуларыңыз туралы әңгіме қозғамастан бұрын, меніңше, маңызды екі жағдайды атап өтуіміз жөн.

Біріншіден, көбіне екі ұлттың - қазақтар мен орыстардың, өзара қарым-қатынасы туралы айтып та, жазып та жатады. Бірақ осы орайда 20 процентке таяу қалған қазақстандықтардың мүдделері ұмыт қалады. Қазақстанның, осы сөздің толық мағынасында, көп ұлтты мемлекет екенін ұмытуға болмайды. Бұл жария етіліп қана қойылатын тұжырым емес, шындықтың өзі. Міне сондықтан Қазақстанда тұрып жатқан - "кіші" немесе олар "үлкен" болсын - барлық халықтардың ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтау біз үшін өте маңызды міндет. Олардың әрқайсысының өз түп-тамырлары, біз бағалауға тиісті өткеннің бай тарихы, ұлы бабалары бар.

1985 ж. басталған басымдақтарды мемлекеттік-саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құру этника аралық қатынастардың шиеленісуіне әкелді. Ол КСРО территориясындағы этника аралық қақтығыстардан көрінді, ал кейбір аймақтарда тіпті азамматтық соғысқа дейін келді. Осыдан кейінгі КСРО-ның құлауы әлем картасында көпшілігі этникалық принципке сай құрылған 15 жаңа мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Бұның нәтижесі барлық посткеңестік территориялар кеңістігінде жаңадан пайда болған мемлекеттердің көпшілігінің ұлт саясатындағы басымдықтардың өзгеруімен және этноаралық қатынастардың күрт өзекті болуымен сипатталатын этносаяси жағдайларды сапалы қайта құруға әкелді.

Түрлі халықтардың құқықтық мәртебесі мен қоғамдық жағдайы қоғамның этномәдени, саяси-мемлекеттік, әлеуметтік экономикалық сияқты салаларында өзгеру үстінде. Дәл осы саяси-мемлекеттік жүйенің элементтерінің келіспеушілігі және Кеңес өкіметі кезіндегі этноаралық қатынастардың шиеленісуі жеке де, топтық та, ең бастысы, этноаралық дәрежелердегі механизмдерді терең де сапалы өзгертуді талап етті. Бұның салдары кеңестік халықтардың көп бөлігі араласқан интенсивтік миграциялық процестерге әкеледі. Славян, неміс халықтары Ресейге және бұрынғы КСРО-дан шетелдегі мемлекеттерге белсенді түрде қоныс аударуда.

Қазақстанның егемендігі жаңа миграциялық жүйенің қалыптасуына басты фактор болды. Славян және неміс халықтарының Қазақстаннан жаппай қоныс аударуы біздің елде әлеуметтік-экономикалық тоқырауға жол ашты. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардан бастап эмиграциялық процесс өрістеуде. Кейбір жылдарда эмиграциялық толқын бәсеңдейді, бірақ та интенсивтілігін жоймайды [7] . Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда эмиграциялық процестің екі млн-нан астамын орыс халқы, жарты млн-нан астамын неміс халқы, тағы біраз бөлігін басқа халықтар құрайды. Ескере кететін жағдай, миграциялық процесс ел халқының жартысынан астамына қатысты көшіп-қонудың барлық түрлерін - ауылдан қалаға, ауданнан ауданға, облыстан облысқа, республикадан жақын және шалғай шет едерге т. б. ескере отырып жүргізілді. Осының бәрі халық өсуінің бір жарым есе кемуі, ал керісінше адам өлімінің бір жарым есе өсуі, яғни жалпы халық санының бес есе төмендеуі жағдайында іске асты.

Орыс, неміс және басқа да халықтардың жаппай қоныс аударуы Қазақстанның егемендік алған кезінен бастап 1999 ж-ға дейін 17-17, 5 млн-нан 14, 9 млн-ға төмендеуіне әкелді. Миграцияның кеңінен жол алуына байланысты келешекте Қазақстан тұрғындарының саны тіпті азаяды деген қауіп бар.

Егемендік алғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан халқының этнодемографиялық құрылымы да өзгерді. Кейбір этникалық топтарды ескермегенде, Қазақстан халқының көпшілігінің саны санақ алынған 1989 - 1999 жылдар аралығында күрт кеміді. Орыс халқы 6 227 549 - дан 4 479 618 адамға дейін, (28, 6 %), украиндықтар - 896 240 - тан 547 052 - ге дейін (38, 9 %), немістер - 957 518 - ден 353 441 - ге дейін (63, 1 %), татарлар - 327 982 - ден 248 952 - ге дейін (24, 1 %), белорустар - 182 601 - ден 111 926 - ға дейін, корей халқы - 103 315 - тен 99 657 - ге дейін (63, 1 %), азербайжан - 90 083 - тен 78 295 - ке дейін (13, 1 % ), поляктар 59 956 - дан 47 297 адамға дейін (21, 1 % ) кеміді.

Қазақстаннан халықтардың жаппай көшуінің себебі тек этника аралық қатынастардың өзектілігінен ғана туындамайды. Қазақстаннан халықтардың көшуінің басты себептері - экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, өнеркәсіптік зауыттар мен фабрикалардың жабылуы, Қазақстан халықтарының, сонымен қатар басқа да постсоветтік елдердегі халықтардың жаңа саяси өмірге үйрену барысында туындаған терең стресстерге әкелетін нарықтық жағдайға бейімделу қиындықтары, т. б. Тұрғындардың көп бөлігінің, соның ішінде немістердің, еврейлердің эмиграциясы Германия, Израилдың т. б. елдердің мемлекеттік саясатына сай іске асты. Қазақстан халқы құрамының қазіргі жағдайын талдау төмендегідей мәліметтерге көз жеткізеді: Қазақстан халқының көпшілігін қазақтар (жалпы халықтың 53, 4 %) және орыстар (30, 0 %) құрайды. Одан кейінгі орында украиндықтар (3, 6 %), өзбектер (2, 5 %), немістер (2, 3 %), татарлар (1, 6 %) ұйғырлар (1, 4%) келеді. Белорус, әзербайжан, түрік, корей халықтарының саны Қазақстан халқының 0, 7 - 0, 5 бөлігін құрайды [8] .

Соңғы жылдары миграциялық процестердің тұрақтылығы байқалады. Жоғарыда сөз болғандай, 1992 жылдан бастап 2001 ж. аяғына дейін республика халқының саны күрт кему үстінде болды. 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап адам туының салыстырмалы өсуі, иммигранттардың көшіп келуі, эмиграцияның төмендеуі нәтижесінде 2006 жылдың 1-қаңтарына дейін оның өскендігі байқалады. Оның саны 15219, 3 - ке жетті, соның ішінде 8696, 5 мыңы қала тұрғындары (57, 1 %), 6522, 8 мыңы ауыл тұрғындары (42, 9%) . 1991-2005 жж. аралығында халықаралық миграция бойынша 1126, 7 мың иммигранттар келсе, 3209, 8 эмигранттар жер аударды. Халық миграциясының теріс сальдосы осы кезеңде 2083, 1 мың адамды құрайды.

2004 ж. Қазақстанда алғашқы рет 2, 8 мың адамды құраған сыртқы миграцияның оң сальдосы тіркелді, 2005 жылы да 22, 7 мың адамды құраған халықтың сыртқы миграциясының оң сальдосы байқалады. Негізгі миграциялық ағым ТМД елдерінің арасында Қазақстан мен Ресей, Украина мен Орталық Азия, ТМД - дан шет жерлерде Германиямен арада қалыптасты [9] .

Мемлекеттің ұлттық ұлтаралық келісімді сақтау саясатына тоқталатым болсам, ұлтаралық қатынастардағы ең күрделі кезең ХХ ғ. 90 жылдың бірінші жартысына сай келеді. Бұл Қазақстанның егемендік алған кезеңі, дәл осы кезеңде тіл, азаматтық, миграция сияқты шешімі қиындық туғызатын мәселелер көп қаралды, көптеген даулар туғызды. Айтылған мәселелерді шешуде Қазақстан басшылығы экстремизмнен бас тартқаны баршаға аян.

Ол саналы және тиімді саясатпен басқарылды.

Осы идеялар мен принциптерді іске асыру жолында өз жұмысының көптігіне қарамастан Ел басы толқулар, шиеленіскен жағдайлар байқалған аудандарға сапар шегіп, тұрғындармен кездесу ұйымдастырады, әңгіме жүргізеді. Оның белсенділігі арқасында 1992 жылдың желтоқсан айында мемлекет астанасында барлық халықтар, саяси партиялар мен қозғалыстар, ұлттық-мәдени орталықтар және діни конфессиялар өкілдері Қазақстан халықтарының форумына жиналды. Форум мемлекет азаматтарының көпшілігі бірлік пен азаматтық келісім идеясын кеңінен қолдайтынын және осы жолдағы Президент ұстанып отырған саясатпен толықтай келісетіндігін көрсетті. Сонымен қатар кейбір ел ішіндегі және елден тыс күштердің өздерінің саяси амбицияларын көздей отырып, елде тұрақсыздықты, біздің ортақ үйімізде халықаралық түсініспеушіліктерді өршітуге, бағыттылған әрекеттері үлкен алаңдаушылық туғызатындығы сөз болды.

Президент болашаққа нық сеніммен қарау, халық тыныштығын толық қамтамасыз ету үшін жасалған жұмыстардың әлі де толық еместігін көрсететін процестерді талдайды, және де бұл жолда жетіспеушіліктерден гөрі қателіктердің көп екендігін ерекше атап өтеді. Президентті әсіресе миграция мәселесі қатты алаңдатады. Оның ойынша, біз халықтың көпшілігі мәселенің байыбына бармай, тек бүгінгі қолайсыздықты ғана сезініп, қоныс аударады дегенді медеу етіп мәселеге өте жеңіл қараймыз. Президенттің ойы бойынша, жоғарыдағылардың барлығы тіл саясатының жетілмегендігінен, кадрлық саясаттағы қайшылықтардан, тәрбие жүйесінің, қарапайым қарым-қатынас мәдениетінің, жеке адамға деген жай ғана сыйластықтың болмауынан. Мемлекет басшысы «орыс тілді халықтардан бұрын, қазақ және басқа да ұлт өкілдерінің өзінің дамуына жағдай жасау мақсатында шұғыл тілдер жөнінде жаңа заң қабылдап, орыс тілін түрлі жолмен шеттетуге жол бере бермеу керек дегенді атап өтеді» [10] .

Бұл мәселелердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі - азаматтық мәселесі. Бұл жолда Азаматтық жөніндегі заңға түрлі толықтырулар енгізіліп, Қазақстан мен Ресей арасында азаматтыққа қатысты Меморандумге, кейін белгілі келісімдерге қол қойылды. Орталықтардан және басқа да жерлерден мемлекеттегі тұрақтылықты бұзатын қарама-қайшылықтарды анықтап, олардың алдын алуға жағдай жасайтын сенімді механизмдерді іздестіру жалғасуда. Облыстарда саяси күштер мен мүдделердің үлкен спектрін жинақтауға бағытталған шағын Ассамблеялар ұйымдастырылған. 1995 жылдың 24-наурызында 120 мемлекеттік емес ұлттық білімдердің, қоғамдық-саяси, мәдени -ұлттық діни қозғалыстардың мүдделерін көрсететін Қазақстан халықтарының Ассамблеясының бірінші сессиясы өтті. Осылайша әр қадам басқан сайын экономикалық саяси, хұқықтық негіздер қалыптасты. Жалпы айтқанда, ұлттық саясатты іске асыруда өткізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, келесідей оң нәтижелерге қол жеткізгендігін атап өту керек:

Бірінші. Қазақстанда көп ұлттық және көп конфессиалдық қоғамның консолидациясын қамтамасыз ететін стратегия жасалды және белсенді жұмыс жасауда.

Екінші. Қазақстанда азаматтарға этникалық және діни ерекшеліктерге қарамастан, құқық теңдігін қамтамасыз ететін барлық азаматтардың саяси және азаматтық қоғамы негіз болған құқықтық база пайда болды және жұмыс істейді. Бұл принцип мемлекеттің этникааралық саясатының негізінде жатыр. Қазақстандағы ұлттық саясаттың құқықтық негізін заңдық нормалар мен актілер жинағы құрайды: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Тіл саясатының Концепциясы, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» хаңы. Қазақстан Республикасының Конституциясында Ұлтаралық келісімді бұзуға себеп болатын кез келген әрекеттер заңға қарсы болып есептеледі. Жалпы Елдің ұлт саясаты заңның басқару және ұлт құқықтары мен адам құқықтарының саналы сәйкестігіне негізделеді.

Үшінші. Қазақстанның жүргізіп жатқан этника аралық саясатының тәжірибесі әлемдік қауымдастықта құнды деп танылған.

Төртінші. Қазақстанда жүйеге түскен тіл саясаты жүргізілуде, Қазақстан - бұл мәселені күрделі қақтығыстарсыз шешкен елдердің бірі. Ел азаматтарына, әсіресе жастарға мемлекеттік тілді меңгерту істері белсенді жүргізілуде. Қазақстанның тілдік байлығы жалпы қазақстандық мәдениетті байытады және де көп ұлтты Қазақстанның ынтымақтастығын нығайтудың басты факторы ретінде көрінеді.

<h4>1. 2 Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуындағы негізгі кезеңдері

Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру идеясын 1992 жылы Республика Тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған І Қазақстан халықтары форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ұсынған болатын.

Тиянақты дайындық жұмыстарынан кейін 1995 жылдың 1 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен ұлт саясатын жүргізу шеңберінің кеңейтілген құқықтық мәртебесінің жаңа институты - Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы пайда болды ( ҚХА) пайда болды. Ел президентінің қолдауымен пайда болған ұйым - Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы тәуелсіз мемлекеттің демократиялық институттарының жүйесіне сай келді де, ұлт саясатын жүргізудегі белсенді механизмдердің біріне айналды [11] .

Ұлт саясаты дамуының жаңа мүмкіндіктері 2002 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Стратегиясын жарты мерзімдік кезеңге бекіту жөнінде» деп аталатын Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы Стратегиясын қабылдауымен ашылды. Ассамблея стратегиясы жақын перспективадағы этникаарлық қатынастар шегінде оның әрекетінің негізгі және жетекші бағытының жүйеленген жиынын көрсетеді. </h4>

Онда сөйлеген сөзінде Президент: «Біздің елдің басты байлығы халықтар достығы көп ұрпақтан жалғасып келеді. Осы байлықты жоғалтып алмай, қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тиістіміз. Біздегі халықтар достығы бүгін ғана туған жоқ және де оған коммунистік жүйенің әмірі жүрген жоқ. Күнделікті әрбір ұлт өкілінің үнін естіп отыруымыз керек. Сондықтан да еліміздегі халықтар достығын паш ететін тұрақты түрде жұмыс істейтін қоғамдық институт құруымыз қажет», - деп атап көрсетті.

Сөйтіп 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды, ал 1999 жылдың 10 тамызында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Ассамблея өкілдеріне Алматыдағы Достық үйінің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 көкектегі № 856 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясымен» еліміздегі ұлттық саясат дамуының жаңа қырлары мен перспективалары ашылды [12] .

Онда былай деп жазылған:«Ассамблеяның алдына қойылған бүгінгі таңдағы міндеттері толығымен орындалды. Елімізде барлық ұлттардың тілі мен мәдениеті қалпына келіп, даму жолына түсті. Экономикалық салада на-рықтық реформалар жасалып бітті, саяси жүйенің демократияландырылуы жүзеге асты.

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына жолдауында Президент қоғамдық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту мақсатында Қазақстан Халықтары Ассамблеясының маңыздылығын өсіру мәселесін ерекше көтереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Курстық жобаның жұмыстың құрылымы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер
ТАРАУ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Күрділердің мәдени орталықтары
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz