МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ СИПАТТАМАСЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақстан экономикасындағы фискалдық
саясаттың мәні мен маңызы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3-5
І ТАРАУ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ: СИПАТТАМАСЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ . . .
І. 1 Мемлекет қаржысының мазмұны, құрамы . . . 6-11
І. 2 Мемлекет кірістері мен шығыстарының мәні және құрамы . . . 11-33
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ . . .
ІІ. 1 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы . . . 34-38
ІІ. 2 Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы . . . 38-41
ІІ. 3 Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты. 42-46
ІІ. 4 Нарықтық тепе-теңдікке фискалдық саясаттың құралы ретіндегі салықтың әсері . . . 46-49
ІІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫНЫҢ КЕЛЕШЕКТІК НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . .
ІІІ. 1 Қазақстанның орта мерзімді фискалдық саясаты . . . 50-52
ІІІ. 2 2007-2009 жылдарға мемлекеттік бюджет шығыстарының басым бағыттары . . . 52-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70-74
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 75-76
КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесінк сүйеніп әрекет ететін тиісті фискалдық саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі келешектік тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады.
Әр мемлекеттің дербес фискалдық саясатын жүргізуде өзіндік ерекешеліктері болады. Фискалдық саясатты жүзеге асырудың негізі бюджетке түскен қаржыны дұрыс пайдалану болып табылады.
Қаржы саясатының басты бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады1. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, ал экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, «қоғамдық тауарларды» өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдың сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы - өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе кіріктірме тұрақтандырғыштардың іс-әрекетін қажет етеді.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі фискалдық саясат қоғамдағы бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін пайдаланатындылықтан Қазақстан Республикасының ағымдағы және келешектік фискалдық саясатының маңыздылығын, әсіресе Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикаға айналудағы оның орнын көрсетуден тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстанның фискалдық саясатының мақсаты мен міндеттерін зерделей отырып, олардың қаржы механизмі арқылы іске асырылуына көз жеткізу және Қазақстанның жақын келешекке жасалған орта мерзімді фискалдық саясатынның басым бағыттарын қарастыру болып табылады.
Мақсатқа сәйкестендіріліп келесі негізгі міндеттер қойылады:
- фискалдық саясаттың байыбына бару үшін мемлекеттік қаржыға сипаттама беру, мемлекет кірістері мен шығыстарының құрамын анықтау;
- Фискалдық саясаттың түрлерін, маңыздылығын, құралдарын қарастыру;
- Нарықтық тепе-теңдікке фискалдық саясаттың маңызды құралы салықтардың әсерін бағалау;
- Фискалдық саясаттың макроэкономикамен байланысын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының жақын келешекке арналып жасалған орта мерзімді фискалдық саясатының басым бағыттарын көрсетіп, сандық көрсеткіштер негізінде олардың еліміз межелеген мақсаттарға қол жеткізудегі рөлін көрсету.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі Қазақстанның фискалдық саясаты және оның негізгі құралдары салық және бюджет саясаттары болып табылады. Жұмыстың зерттеу заты Қазақстан Республикасының қаржысын басқарудағы фискалдық саясат, оның түрлері, нысандары болып табылады.
Диплом жұмысын зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде теориялық және нақты материалдарды тұжыру, салыстырып талдау қолданылды.
Диплом жұмысына теориялық негіз болған экономист-ғалымдардың, тәжірибелі мамандардың ғылыми еңбектері, сондай-ақ заңдық-нормативтік актілер.
Диплом жұмысын жазуда ақпараттық негізге Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, статистикалық жылнама, Салық және Бюджет кодекстері алынды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден , үш тараудан , қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Диплом жұмысының бірінші тарауында мемлекеттік қаржысының мазмұны, құрамы, қағидалары, мемлекет кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы мазмұндалған.
Жұмыстың екінші тарау Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясаттың мәні мен маңызы, экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы, макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы жағдайы мен Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты туралы кеңінен қарастырылған.
Жұмысымның үшінші тарауында Қазақстанның фискалдық саясатының келешектік негізгі бағыттарындағы орта мерзімдік фискалды саясаттың мақсатымен құралдары, сонымен қатар 2007-2009 жылдарға мемлекеттік бюджет шығыстарының басым бағыттарына талдау жасалынды.
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ
І. 1 Мемлекет қаржысының мазмұны, құрамы
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтiк, саяси функцияларын орындау үшiн оны қажеттi ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдiң қаржы жүйесiнiң маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттiк сектордың өндiрicтiк және әлеуметтiк қатынастардағы ic-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәнi жағынан мемлекеттiң қаржысы мемлекеттiң, оның кәсiпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын oрындауғa пайдалану үшiн қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бiр бөлiriн бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын бiлдiредi.
Мемлекет (өзiнің билiк пен басқару органдары арқылы), бiр жағынан, жеке кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарынын, субъектiлерi болып табылады.
Iшкi ұлттық өнімнің өcyiмен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемiнің озыңқы қарқынмен өcyi мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы Heмic экономисi Вагнердің заңы - «Өспелі мемлекеттiк белсендiлiк заңы” ретiнде белгiлi. Бұл заңға сәйкес өнеркәсiп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндiрiс көлемiне қарағанда жылдамырақ өcyi тиiс. А. Вагнер мемлекеттiк белсендiлiктің өcyiн үш фактормен бaйланыстырады:
l) экономика дамуының нәтижесiнде экономикалық тiрлiктiң күрделенуiмен және еңбек бөлінісінің тереңдеуiмен; бұл мемлекет тарапынан тиiмдi және ұтымды экономиканы, құқық тәртiбiн, заң қызметтерiн кеңейтудi қолдаудың қажеттiгiне жеткiзедi;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшерiне қажеттiлiктi кажет етедi, бұл капитaлды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлiк компаниялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметiн реттеу үшiн техникалық шарттар бойыншa олар құрылатын өндiрiстерге қатысуы тиic;
3) көрсетiлетiн қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтiн бiлiм беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсендiлiктi күшейтедi.
Сөйтiп, Вагнердiң заңы нарықтық, шаруашылықтың белгiлi бiр шектеулiлiгiн және экономикалық процестердi мемлекеттiк реттеудiң қажеттiгін дәлелдейдi.
Мемлекет қаржысының функцuялары экономикалық категория болып келедi: бұл - бөлу мен бақылау функцuялары.
Түрлi фискалдық құралдар арасында бөлiнiс көбiнесе тiкелей мыналар арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелi салық салумен ұштастыратын салықтық трансферттiк тәсімі арқылы;
2) баламалы түрдегi бөлiнiс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшiн пайдаланылатын прогрессивтi салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбiнесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе өндiрушiлердiң таңдауғa араласуы болғанда көтерiлетiн толық нәтижеленетiн ысыраптар немесе тиiмдiлiк шығындары есепке алынуы тиic. Салықтық - трансферттiк механизм арқылы қайта бөлудiң жеке тұтыну немесе өндiрiстiк таңдауғa кедергi жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тiптi бұл механизм де “тиiмдiлiк шығындарынсыз» емес, coндықтан жанжалды теңдік пен тиiмдi мақсаттарды теңгерудi табу қажет. Жүргiзiлетiн оңтайлы саясат мүдделердiң eкeyiнe қолданылуы тиiс.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергiлiктi деңгейлерде ic-әрекет eтeдi және мемлекеттiк бюджеттi, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттiк несиені, мемлекеттiк және муниципалдық, кәсіпорындap мен ұйымдардың қаржыларын кipіктірeдi. Атaлған буындардың түрлi функциялық арналымының apқacындa мемлекет экономикалық, әлеуметтiк, саяси процестердің үлкен спектрiне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етедi. Экономикалық және әлеуметтiк сфераға мемлекеттiк басшылықтың деңгейiне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттiк (республuкалық) және жергiлiктi (мунuцuпалдық) қаржылар болып бөлiнедi.
Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезiнде мемлекеттiң экономика мен әлеуметтiк процестерге басшылық жасау деңгейiне сүйенетiн болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады (1 сыз6а) .
1-сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы
Мемлекет қаржысының құрамында респу6ликалық және жергiлiктi деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттiк қатынастар көмегімен мемлекеттiк құрылымдардың қарамағына қаржылық әдiспен қайта бөлінетiн ұлттық табыстың едәуiр бөлiгi жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджeттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиiсiнше өкімет пен басқарудың республикалық және жергiлiктi органдары үшiн тiрлiктің қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшiн республuкалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттiк мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттiң шығыстарын қамтамасыз eтyгe арналған.
Бюджеттiк қатынастар жүйесiнде жергiлiктi бюджеттерге маңызды орын берiледi. Жергiлiктi бюджеттер көбiнесе экономикалық процестердi peттey үшiн пайдаланылады, өндiргiш күштердi орналастыруға ықпал етедi, жергiлiктi кәсiпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестiк қабiлетiн apттыpyғa, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өcyi жөніндегi шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседi. Жергiлiктi бюджеттер әлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы - арнаулы мақcaтты аударымдар мен басқа көздер есебiнен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесiзденедi, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесi қаражаттарды қатаң мақcaтты арналым бойынша пайдалануға мүмкiндiк бередi. Қорлардың дербестiгi (автономдығы) өкiлеттi және атқарушы органдардың қатысуысыз дербес басқаруды қажет етедi, мұның өзi бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк несиенің мазмұнын құрайтын ақша қатынастары мемлекет қаржысының өзгеше бөлiгi болып табылады. Мемлекеттiк кредит қатынастары кәсiпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн билiк органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.
Заңи және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды, қазынашылық мiндеттемелердi және мемлекеттiк бағалы қағаздардың басқа түрлерiн сату арқылы жүзеге асады. Халықаралық несиеде қарым-қатынастарға шетелдiк мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалар, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы мекемелерi кiрiседi.
Мемлекеттiк сектордың жұмыс icтeyi мемлекеттiк меншіктің болуына негiзделген. Меншiктi жiктеу тұрғысынан мемлекеттiк заңи ұйымдардың мүлкi және мемлекеттiк қазына болып ажыратылады.
Мемлекеттік заңи тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негiзiн құрайды.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергiлiктi қазына болып бөлiнедi. Республuкалык, қазына мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің қаражаттары;
2) мемлекеттің алтын-валюта қаражаттары;
3) мемлекеттiк меншiктің айрықша құқығының мүлкi (жер, оның қойнауы, өсiмдiк және жануарлар әлемi, басқа табиғи ресурстар) ;
4) республикалық меншiкке жататын оқшауландырылмаған мүлiк. Мүлiк иесi талап етпеген иесiз мүлiк, тәркiленген, мұралану құқығы бойынша мемлекетке берiлген өлген адамнан қалған мүлiк (иесiз мүлiк), мемлекетке - қазынаға өткiзуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:
1) жергiлiктi бюджеттің қаражаттары;
2) коммуналдық меншiкке жататын оқшауландырылмаған мүлiк.
Меншiктi пайдаланудың ұқсас сан алуан нысандары мемлекетке икемдi және атаулы экономикалық және қаржы саясатын жүргiзуге, экономикалық және әлеуметтiк процестерге, оларды керектi арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің қаржы механизмiн белсендi қолдануға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге үкiметтің экономикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір cүpyiнің әр кезеңiнде оның мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асырудың негiздерi peтіндe «мемлекеттiң қаржысы» категoриясының рөлi мен маңызы бiлiнедi.
І. 2 Мемлекет кірістері мен шығыстарының мәні және құрамы
Мемлекет қаржысының ic-әрекетi кезiнде өзара тығыз байланысты eкi процесс пайда болады: мемлекеттiк құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттiң әр түрлi қызметтерiне пайдалану . Бұл процестердiң алғашқысы өзiнiң көрінісін мемлекеттiң кipicтepi ұғымында, екiншici мемлекеттiң шығыстарында табады.
Мемлекеттiң кipicтepi деп экономикалық қатынастардың жүйесiн айтады, бұл қатынастардың процесiнде мемлекеттің жұмыс iстеуiнің материалдық базасын жасау үшiн мемлекеттiң меншiгiне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Орталықтандырылған қаржы кipicтepi негiзiнен салық, түciмдepi, сыртқы экономикалық, қызметтен алынатын кipicтep, халық төлемдерi есебiнен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кipicтep кәсiпорындардың өздерiнің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кiрiстерiнің құрамында басты орынды бюджеттің кipicтepi алады, оның есебiнен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк мiндeттepiн шешу қамтамасыз етiледi.
Мемлекет кipicтерінің басым бөлiгiн түрлi деңгейдегi бюджеттерге орталықтандыру бiртұтас қаржы саясатын жүргiзуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлудi қамтамасыз етуге, өндiрiстiк емес сфера қажеттiлiктерiн қанағаттандырып oтыруғa мүмкiндiк бередi. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кipicтepiнe бiрқатар мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар жатады.
Мемлекет кipicтepiнің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттiк шаруашылық жүргiзудiң саяси және экономикалық рөлiне байланысты болып келедi. Әрбiр қоғамдық экономикалық формация үшiн тayap-ақша қатынастарының даму дәрежесiмен, өндipic әдiciмeн, мемлекеттің табиғaтымен және функцияларымен байланысты болатын oғaн тән мемлекет табыстарының жүйесi сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттiң тiкелей белсендi қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қалдырылатын қ оғамның таза табысының ү лесiн белгiлейдi, сондай-ақ, халықтың жеке табыстарының бiр бөлiгiн және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндipic құралдарының және тиісiнше, қосымша өнiмнің иесi болып oтырған жағдайда мемлекет меншiгiнен алынатын табыстар мемлекет кiрiстерiнің aйтарлықтай көзi болып табылады.
Мемлекеттiк меншiктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түрiндегi табысы;
2) мемлекеттiк мүлiктен алынатын табыс (мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттiк меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруден түсетін қаражаттар) ;
3) мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтepдeн алынатын табыстар (тipкey алымдары, мемлекеттік сараптау үшiн төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшiн төлем (мемлекеттiк баж, жол полициясының алымы, тауар белгiлерi үшiн өтінім алымы;
4) бюджеттiк мекемелердiң үй-жай үшiн жалгерлiк төлемдi, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
Мемлекет кipicтepiнің көзi ұлттық табыс болып табылады, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезiнде жұмылдырылады. Мемлекеттiң шығыстарын жабу бүкiл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз стiлсдi.
Мемлекет кipicтеpінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттiң өзiне қажет ақшаны жұмылдыратын әдiстерiне байланысты болып келедi. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттiң кipicтepiн жұмылдырудың негiзгi әдiстерi салықтар (оның түрлi нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады. Түрлi тарихи кезеңдегi бұл әдiстердiң арасалмағы әр түрлi болады және қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және әлеуметтiк қайшылықтардың шиеленiсу дәрежесiмен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.
Мемлекет кipicтерінің жүйесiнде орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негiзгi қасиеттерiн бiлдiретiн әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкiл жүйесiнде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси iс-бағытына қарамастан мемлекет кipicтepiнің негiзгi көзi -ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық тетігі, мемлекет кipicтеpiн, тиiсiнше, бюджеттік қордың кipicтepiн де қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.
Фискалдық маңызы бойынша екiншi әдiс мемлекеттiк қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бiрге әр түрлi күрделi шығындарды, әcipece экономиканың мемлскеттiк секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесiнiң әр түрлi буындарының шиеленiсуi күшейе түсiп отырған экономикалық дағдарыс кезiнде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлi буындарында, республикалық және жергiлiктi бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары әcipece бюджет түсiмдерiнiң көздерiндегi қарыздардың үлесi артып отыр. Олар түрлi деңгейдегi бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс iстеyi қарыздарды мемлекеттiк кәсiпорындардың шығындарын жабу үшiн де пайдалануға мүмкiндiк бередi. Кәсiпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталатын күрделi жұмсалымдарды қаржыландыру ендi қарыздардың облигацияларын өткiзу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебiнен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кipicтepiн жұмылдырудың үшiншi әдiсi эмиссия, оның үстіне тек қағаз ақша эмиссия ғaнa емес, сонымен қатар несие эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсiмдерi мемлекеттiң өсiп oтырған шығындарын жабуды камтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.
Мемлекеттің кipicтepiн сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кiрiстерiнің бүкіл жүйесiн тереңіек түciнyгe мүмкiндiк бередi. Меншiк нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің кipicтepi мыналардан тұрады:
1) мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;
2) жеке кәсiпкерлiк сектордың салық түсiмдерiнен;
3) халықтың салық төлемдерiнен;
4) кооперативтiк және ұжымдық кәсiпорындардың салық түciмдepiнeн;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсiмдерiнен.
Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттiң кipicтepi:
материалдық өндiрic сферасында қалыптасатын кipicтep;
өндiрiстiк емес сферада жасалатын кipicтep болып жiктеледi.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кipicтepi:
салықтық;
салықтық емес болып бөлiнедi (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендiруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т. б. ) .
Салықтық кiрiстердi жұмылдыру жағдайында меншiк нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кipicтер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жiктеледi.
Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:
еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндiрудiң көлемiн арттыруды қамтамасыз eтетін және өнім өлшемiне жұмсалатын еңбек шығгындарын төмендететiн) ;
өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарынүнемдеу;
өнім сапасын жақсарту;
негiзгi және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;
табиғи өндіріс жағдайлары.
Мемлекеттiн, шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс icтеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретiнде олар қоғамдық өндiрiстi дамытып, жетiлдiру, қоғамның сан алуан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жалпы iшкi өнiмнің бiр бөлiгiн бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды бiлдiредi.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кipicтepiн пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бiр бөлiгi. Мемлекет шығыстарының өзгешелiгi сол, ол қызметтің тек мемлекеттiк сферасының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етедi. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтiк, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тiкелей байланысты.
"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz