СОКП Орталық Комитетінің мүшесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 Д. А. ҚОНАЕВ- ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 8

1. 1 Д. А. Қонаевтың еңбек жолының басталуы

1. 2 Д. А. Қонаев- халқы тудырған дара тұлға 14

2 Д. А. ҚОНАЕВ- САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙРАТКЕР 20

2. 1 Д. А. Қонаев- партия қызметкері

2. 2 Д. А. Қонаев- республика басшысы 28

ҚОРЫТЫНДЫ 47

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың таным - түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде, яғни шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси - әлеуметтік, мәдени - рухани аһуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. содан да болу керек, қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен адам санасын шыңдауға көбірек мән береді. Дәл сол сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы аһуалынан бұрын, адам туралы мағұлмат беру басты нысана болып отырады.

Сахара төсінде әр кез - кезеңде туындаған тарих туралы еңбектердің баршасы жеке тұлғалардың өмір деңгейін негізге алу арқылы жазылған.

Тарихи тұлға дегеніміз - жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылғандар деп келетін жалпылама анықтама белгісі. Халық - шашырап жатқан ұлы тобыр. Ал, оның күш - қуаты шоғырланып, өзін - өзі халық ретінде айғақтауы үшін тұтастануы қажет, халық еркі мен мемлекеттік рух белгілі бір тарих тұлғалар арқылы көрініс табуы керек. Халық та бір нөсер жауынды аңсаған шөл дала сияқты, дана көсемге қашан да зәру. Платон айтқандай, дана тұлға патшалық немесе патша дана тұлға болғанда дүние шыр айналы түспек.

Тарихтың даму үрдісіне ғылым, техника, философия, әдебиет, өнер, діни ой - сана саласындағы біртуар дарын иелерінің де қосар үлесі айрықша зор. Фараби мен Йассауи, Қорқыт пен Асан қайғы, Шоқан мен Ыбырай, Абай мен Жамбыл, Құрманғазы мен Тәттімбет, Ақан мен Біржан, Әсет пен Мұхит, Қаныш пен Әлкей, Қасым мен Жұбан, Бауыржан мен Дінмұхаммед сияқты біртуар тұлғалардың есімін қазақ халқы мәңгі ардақ тұтады.

Асқар тау да шөгеді екен. Көл түгілі шалқар теңіздің де шөлге айналатынын көріп отырмыз. Кешегі тусырап түгін тартаса майы шығып жатқан жерді бүгінгі тулаққа айналдырған адамзат ақыл - ойының қасіретінен қан жұтқан ел де таңсық болмай қалды.

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деуші едік. Сөйтсек, халқы ханнан бетер қадірлеп, піріндей сыраған біртуар ұлы тұлағалар да «қалың елін, зазағын, қайран жұртын» тастап кете барады екен. Соған қарағанда адамзат тәуелді болған Уақыт деген құдірет міз бақпай тоқтап қалғандай, ал Адам әсіресе елдің рухын көтеріп, мұрат - мақсатына айналған, білігімен, кісілігімен де, болмысымен, бітімімен де тарихи құбылысқа айналға ұлылар бірінен соң бірі бақилық сапарына аттанып жатса, мына дүниені опасыз - жалған демей не дейсіз. Артына өшпес із, өлмес мұра, қайталанбас іс қалдырғандары ғана көңілге медет.

Біздің бітіру жұмысымыздың тақырыбына арқау болған қазақ халқының арқалы азаматтарының бірі - Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев.

Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы (1912 - 1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шетел ордендері мен медальдерінің иегері.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған қаншалықты уақыт күрделілігі, қарама - қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңшейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Ол Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуақы уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иман жүзді іздеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өрісі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар, білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Алдағы жұмыс барысының мақсат - мүддесін айқындап алу үшін бірқатар негізгі бағыттарды анықтау қажет.

Бітіру жұмыс тақырыбының келелі сипаты алынып отырған тұлға өмірі туралы арнайы зерттеулердің аздығынан туындайды. Бүгінгі күні халқымыздың тарихына, ұлттық тұлғаларға, олардың гуманистік және қоғамдық қызметтеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Ұлы тұлғалардың прогрессивті дәстүрін оқып - үйренудің ұлттық - қоғамдық санының даму заңдылықтарын тануда, қазіргі саяси - әлеуметтік, қоғамдық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.

Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық - тарихи әлеуметтік - саяси жағдайларға байланысты болып жатқан үрдіс өзгерістер барысында туындап жатқан қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеу, халықтың рухани бастауларға көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамымыздағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезеңінде дүние бақытты және үйлесімді болуға тиіс және болады деп сенген, бірақ ол бүкіл адамзат тарихына, тағдырына немқұрайлықпен қарауды қойғанда ғана орнайды деп болжаған Дінмұхаммед Ахметұлының өмір жолы мен азаматтық келбеті терең зерттеуді, салиқалы бағалауды қажет етері сөзсіз.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы елімізді ширек ғасыр басқарған ұлы да ұлағатты басшы болғанына қарамастан оған арналған ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Тек жекелеген авторлыардың ееңбектерімен баспасөз беттерінде шашыраңқы материалдар ғана бар. Оларбың ішінде Дінмұхаммед Ахметұлының өзі жазған «Ақиқаттан аттауға болмайды» естелік эссе [1] . Аталған еңбекті қазақшаға аударып жазған С Әдбірайымұлы. Эсседе қайраттер өз өміріндегі келелі кезеңдермен шешуі қиын болған республика көлеміндегі мәселереді қалай атқарғандары туралы жазылған. Сонымен қатар 1997 жылы жарық көрген көрнекті зерттеуші Ж. Аупбаевтың «Ғұмыр дария » еңбегі . Ж. Ауыптаев өз еңбегінде Д. Қонаевтың өміріне шолу жасай келе оның хазақ халына істеген ерен еңбегіне және қалтырған ізіне талдау жасап, кемеңгер басшыға әділ баға, халықтың әділ бағасын беруге тырысқан [2] . Сонымен қатар С. Әбдірайымұлы құрастып 2002 жылы басып шығарған «Елу жыл ел ағасы» еңбегін айта кетуге болады [3] . Еңбекте кемеңгер басқарушын мемлекеттік қайраткер және аса жоғарығ саясатшы ретінде оның тұлғалық ерекшелігін ашып беруге тырысқан. Ал, М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек сияқты ағаларымыздың «Ел тұтқа» еңбегінде ағамыздың халқымызға қалтырған естеліктерімен естерткіштері туралы сөз қозғалған [4] . Г. Толмачевтің «50 встреч с Д. А. Кунаевым» атты естелігінде оның адамгершілік қасиеттері туралы сөз қозғаған [5] . Р Ниязбектің «Қыдыр ғұмыр» еңбегінде ұлы басшының саяси жетістіктері туралы көптеген нақты деректер көрімімізге болады [6] .

Міне осындай бірнеше манографиядан басқа Д. Қонаев туралы үлкен зерттеулер мен ғылыми еңбектер жарықққа әліде болса шыға қойған жоқ. Д. Қонаевтің өзінің зазған «Өтті дәурен осылай» Естелік-эссесінде автор өзінің өмір жолы туралы жазған деректері кейінгі ұрпақ үшін өте құнды екенін айта кетуіміз керек [7] .

Бітіру жұмысын жазу барысында Д. Қонаевтің өмірімен және оның қызыметімен танысу мақсатында мерзімдік басылымдарды пайдалануға тура келді. Олардың ішінде Х. Ерғалиевтің Егемен Қазақстан газетіндегі «Тұғыры биік тұлға» [8], А. Арғынкельдиннің Дидар газетіндегі «Ойдан кетпес отыз минут» мақаласын [9] айтуға болады.

Бітіру жұмысының мақсаты. Зерттеу мақсаты - Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметіне, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлігіне сараптамалық талдау жасау. Бұл мақсаттан мынадай міндетер туындайды:

- Ұлы тұлғаның ұмытылмас өмір жолдарына шолу жасау; алғашқы қызмет белестерінен ой тарқату;

- Қазақтың тұңғыш кен инженерлерінің бірі - Д. Қонаевтың ұлттық тау - кен өндірісінің дамуына қосқан үлесіне бүгінгі күн көзқарасы тұрғысынан сипаттама беру;

- Мемлекет қайраткері, республика басшысы Д. А. Қонаевтың ұлттық қазына байлық пен ұлттық мүддені еселеудегі ерен еңбегі.

Бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысы Дінмұхаммед Қонаевтың өмірі мен қызметін жан - жақты қамтып, бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырған зерттеу еңбек болып табылады.

Бітіру жұмыста Д. Қонаевтың инженерлік, қайраткерлік, ғалымдық, басшылық қызметтерінің ерекшеліктері сипатталып, бұған дейінгі айтылған пікірлер мен ұлы тұлға жайлы деректі әңгімелер, әдеби - публицистикалық зерттеулер мен мақалалар, жекелеген жинақтар кең ауқымда зерттеу нысанасы болды.

Бітіру жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Ұлттық тарихымыздағы Дінмұхаммед Қонаевтың алатын орны, саяси - әлеуметтік, қоғамдық - қайраткерлік өміріндегі іздері мен маңызды қазақ халықтың таным - түсінік тұрғысынан зерттелінді.

Қазақ тарихшылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен жазушылары, журналистерінің құнды зайрылы пікірлері басшылыққа алынып, Д. Қонаев еңбектері салыстырыла отырып, әлеуметтік - тәрбиелік, тарихилық тұрғыдан қарастырылады.

Бітіру жұмыстың дерек көздері. Республика баспаларынан жарық көрген Д. Қонаевтың жекелеген ғұмырнамалық еңбектері, тарихшылардың ғылыми - сипаттамалық мақала - еңбектері мен әр жылдарда жарық көрген әлеуметтік - публицистикалық сараптама мақалалары, құжатнамалық деректер пайдаланылды.

Бітіру жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Д. А. ҚОНАЕВ - ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

1. 1 Д. А. Қонаевтың еңбек жолының басталуы

Адамзат тарихы - көркем сурет тәрізді, ешқашан да аяқталмаған, әрбір тарихи дәуірдің соңы іздері сайрап жатқан қайталанбас дүние. Барлық беттерінде нақты тіршілік пен қозғаушы күш болып табылатын өмір сәулелері айқын қалпымен күні бүгінде көркем көріністерге айналған.

Тарихи прогрестің ішкі күшінің ғажайып факторлары болып тұлға келбеті, жеке адам факторы саналады. Одан тыс және оның тікелей қатысуының ешқандай да әлеуметтік дамуы мүмкін емес. Осындай «тарихи тұлға» қолдарымен ірі - ірі империялар құрылып, талқандалған, алапат соғыстар ашылып және тоқтатылған, үлкен ашылулар жүргізіп және құрылған, адам танымдарының шеңберлері кеңейтілген, оларға тұтас халық тәуелді болған, оларға табынып, сыйынған, оларға өмір мен өлім, сезім мен түйсік тәуелді болған, олар нақты тарихи кезеңдердің перзенті бола білген. Сондай артында қомақты мол рухани дүние, ғасырдан ғасырға жалғаса беретін өшпес атын мәңгілікке қалдырған тарихи тұлғалардың бірі - Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев.

Алаштың ардақты азаматы Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мосвканың Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай аяқтап, тау - кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа арналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істеді.

Екінші дүние жүзілік соғыстың қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын - мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор кен басқармасының директоры қызметін атқарады. 1942 - 1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау - кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми - ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми - зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады.

Д. Қонаев 1955 - 1960 және 1962 - 1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960 - 1962 және 1964 - 1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстан экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.

Ол бірінші мәре КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП - нің 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент пен партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиуымының мүшесі болды.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М. Горбачевтің келуіне байланысты Д. Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысынан босатылады. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Өз өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22 - сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды [1, 328 б. ] .

Біз жоғарыда Д. Қонаевтың өмір жолына қысқаша дерекнамалық шолу жасап өттік. Асылы, осы арқылы азамат туралы айтылып, жазылғандарды тізбектесек неше күндер, неше түндер өтер. Дегенмен өреміз жеткенше өмірлік белеңдеріне көз жүгіртіп, саналы ойымызбен зерделеп көрелік. Зерделей отырып, Ұлы тұлғаның өмірінің бастаулары мен алғашқы адымдарының ізімен жүріп көрелік.

Дінмұхаммед Ахметұлының кіндік қаны тамған жері бұрынғы Верный, осы күнгі Алматы қаласы. Балалық балдаурен шағы, қайран жастық дәурені өткен осынау әсем қала оттан ыстық болғаны сөзсіз.

Ата - бабасы тігіне тартып, мал бағып, қауға ұстаған кісілер екен. Шаруа баққан мен қара басының қасиетін қадірлей білген. Кісі есігінен сығаламай, еңбегін емген. Олар осы күнгі Қапшағай өңірінің Күрті өзенінің оң жақ жағалауын, негізінен Іленің сол қанатынан Құйғанға дейінгі жерді қоныс етіпті. Ертеректе бұл жерлер Төменгі Іле болысы, Верный оязы Жетісу губерниясы атанған. Қазіргі осы бір түгін тартса май шығатын өңірді Алматы облысына қарасты Балқаш, Күрті аудандары жайлап жатыр. [1, 20 б. ] .

Бабасы Азынабайдан төрт ұл туады. Азынабай бабасының ағайынмен не үшін араздасқаны белгісіз, әйтеуір, бір түнде бүтін бір ауылды өре тұрғызыпты да, үдере көше жөнеліпті. Асау Іледен өтіп, Балқаштың оңтүтік күнгей бетін жағалай жүріп Аягөзге жетсе керек. Одан әрі Тобықты жеріне қоныс аударыпты. Кісі еліне сіңісе қою қиын болды ма екен, жоқ бауыр басының жолы солай ма, тегінде қыз айттыруға шамасы келмесе, жөні құда түскен болар, екінші ұлы Қонайды Тобықтының қызына үйлендіреді. Бұған дейін ол кісі екі рет төсек жаңғыртыпты, соның біріншісінен Жетібай деген ұл туады. Ал кейінгі шешесінен бір ұл, бір қыз - Жұмабай мен Бұлантай дүниеге келген.

Қазақта кірме мен күндестің күні бір деген сөз бар. Сол айтқандай, Азынбай дүние салған соң артында қалған ұрпаққа тықыр таяна бастайды. Қойнай қайын жұртының иықтағанын көтере алмайды. Көне көз кісілердің айтуына қарағанда кесек жаратылған, өр мінез, батыр шалыс кісі екен. Ағайын - жұртына ақыл салып, ата қоныс - Жетісуға қайта көшуге бел байлады. Оған тобықтылар: бақ деген көшпелі, қыз алған күйеуге де кетеді, қыздан туған жиенге де жетеді деп, қыздарын жібермеудің әрекетін жасайды. Қонай шарт кетеді: «Жанымды алсаңдар аларсыңдар, бірақ қанымды қалдыра алмаймын» деп әйелі мен қызын тастайды да, бес жасар Жұмабайын алып кетеді.

Жұмабай жастайынан алғыр кісі болса керек, діни мектепте шәкірттердің маңдай алдысы екен, оны бітірген соң, елге барып дәріс береді. Араға екі жыл салып Алматыға қайтып келеді де, 1904 жылы Түркия арқылы Сауд Аравиясына сапар шегеді, осы жолы Мекке мен Дединеге қаржылыққа барады. Содан 1905 жылы Үндістан мен Ауғанстан арқылы елге оралады, сөйтіп қаржылық жол Жұмабайдың сегіз ай уақытын алыпты.

Жұмабайдың 1886 жылы туған ұлы Меңліахмет - Дінмұхаммедтің әкесі. Оң жақ бетінде алақандай меңі болса керек, атын соған қарап қойыпты. Ата - анасы мектеп есігін ашып, оқыған кісілер емес. Тек ет ширақты, көргенін көкейге түйе білгендігімен ел қатарлы өмір кешкен. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін зейнетті демалысқа шыққанған дейін Алматы облысының ауылшаруашылық және сакда саласына қызмет істеген өзбетімен білімін жетілдіріп жүретіні сонша, екі тілде бірдей - қазақша, орысша сауатты жаза да, оқи да білетін. Абай өлеңдерін, Сүйінбай жырларын жатқа айтып, өзі де түртінектеп жүретін. Оны Дінмұхаммед үйіндегі Зуһра келініне көшіртіп отыратын әдеті бар еді. Солардың екі - үш шумағын назарларыңызға ұсына кетейік.

Жас өмір бағасы жоқ гауһар тас бір,

Буына асыл тастың - мас болмас кім?

Өтерін бұл жалғанның білсе, шіркін,

Қайрат қып, іс тындырмақ әркімге арман.

Жас өмір өте шықты аққан судай,

Сұлудай есік ашып, қайта жапқан.

Өкінсем де келер ме, қайран өмір,

Асаудай кетті арқанын үзіп қашан.

Ку кәрілік енді келіп басып алды,

Қоңсы қылып, қондырып қасына алды.

Жатып ішер жалқаулық, ұйқы мырза,

Керегеңнен кер тартқан жолдас болды [2, 16 б. ] .

Дінмұхаммед Ахметұлының шешесі Зәуре Байырқызы Алматы облысы Шелек ауданының орталығында сіңірі шыққан кедейдің қызы еді. Әкесі мен шешесі жетпіс жылдан астам уақыт бірге ғұмыр кешкен. Анасы сексен алты жасында 1973 жылы, әкесі 1976 жылы тоқсан асына үш ай қалғанда дүниеден озады.

Бала Дінмұхаммед Чернышевский атындағы №19 мектептің бірінші сатысында алған білім табалдырығын аттаған. Мектеп Алматы көшесінің (қазіргі Емелев) бойында ескі үйде болатын, кейінірек ол мектеп таратылып, мекен - жайы бұзылған. Төртінші сыныпты бітірген соң № 14 мектепке (екінші сатысына) ауысады, ол осы күнгі «Рахат» тәтті тағамдар фабрикасы (жібек жолы мен Қалдаяқов көшесінің қиылысы) тұрған жерде болатын.

Мектеп адам өміріндегі естен кетпес бір белес қой. Дінмұхаммед Ахметұлы үшін хат таныпып, әліппені оқытқан алғашқы мұғалімі Анна Павловна Шурованың орны ерекше еді. Жалпы, адам жаныныа ізгілік нәрін сепкен ұстаздардан үлкен кім бар! № 14 орта мектепте дәріс берген елгезек те ерекше сезімтал мұғалімдері: математик С. И. Соколовты, физик А. А. Астраханцевті, И. П. Дублицкийді, қоғамтанушы Е. С. Войцеховскийді, олардың балаларға деген жомарт жүректерін, кіршіксіз таза көңілдерін, жан баурар ақыл - кеңестерін, сарқылмас білім қайнарын ылғи да еске алып отырады екен. Ол орта мектепті бітірген соң, республика жоспарлау органында («республиканы аудан - ауданға бөлумен» айналысатын) статист болып жұмыс істей жүріп, кешкілік институттың дайындық курсында оқыған. [2, 30 б. ] .

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1936 жылы Москваның түсті металл және алтын институтын тау - кен инженері мамандығы бойынша аяқтап шығады. Техника ғылымдарының докторы (1968), академик (1952), 100 - ден аса ғылыми еңбектердің авторы.

Институтты аяқтаған соң Балқаш жанындағы құрлыс жұмыстарына жіберіліп, бұрғылау станогының машинисінен Қоңырат кенішінің директорына дейнгі жолдан өтеді. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында «Алтай полиметалл» комбинатының техникалық бөлімінде бастық және бас инженердің орынбасары, содан кейін Лениногор кен басқармасы Риддер кенішінің директоры болып қызмет атқарады.

Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары (1942 - 1952), Қазақ КСР Ғылым академиясының Президенті (1952 - 1955), Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1955 - 1960, 1962 - 1964), Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы (1960 - 1962, 1964 - 1986) болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы 1986 жылғы желтоқсан. Аңыз бен Шындық
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Алматы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның бағасы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
Қонаев және оның кезеңі
Невада — Семей
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz