Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1. 1. Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні . . .

1. 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік реттеу . . .

1. 3. Қазақстандағы мемлекеттік және жергілікті басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері . . .

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ АНАЛИЗІ.

2. 1. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасындағы мемлекеттік басқару: міндеттері мен функциялары.

2. 2. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының стратегиялық мақсаттары және бюджеттік көрсеткіштері.

2. 3. Республикадағы жергілікті басқаруды құру тәжірибелері . . .

2. 4. Мемлекеттік және жергілікті басқарудың дамуының шетелдік тәжірибелері . . .

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3. 1. Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі . . .

3. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары: жоспарлар мен жобалар . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Бүгінде, Республикамызда мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналды. Басқару - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән.

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар: мемлекеттік басқару және жергілікті басқару. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі.

Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды. Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, мемлекеттік жергілікті басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан шетелдік тәжірибелерді талдау мен жинақтауға және солардың негізінде өз еліміздің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстанның да өз ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру кезінде ескеру қажет.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясында :

«Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні - шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады.

Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.

Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.

Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз. Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады» деп атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдары орын алған мемлекеттік басқаруды айрықша орталықсыздандыру өз міндетін атқара алды. Бірақ экономикалық тұрақтылыққа жетуге байланысты қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері белсенді қарастырылуда.

Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие. Бұл облыстар мен аймақтардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен байланысты. Сонымен қатар, аймақтар демографиялық, географиялық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған маңызды факторларды ескере отырып, орталықтандырылған біріңғай стандарттар арқылы әсер ету тетігімен аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру өте қиын. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.

Бүгінгі күні жүргізіліп отырған мемлекеттік жергілікті басқару ауыл деңгейіндегі, әкімдер институты - жеткілікті тиімді емес, себебі олар жоғары тұрған әкімдер мен үкіметке тәуелділігі жоғары. Берілген басқару органдары дербес бюджетке ие емес, сондықтан экономикалық дербестікке ие болып табылмайды. Олардың басқарушыларын тағайындау жүйесі әкімдерінің «уақытшалық» психологиясын қалыптастырды, осыған байланысты олардың қызметтері негізінен экономикалық мақсаттылық пен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұндай жағдайдан шығудың бір жолы болып жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.

Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А. С. Автономов, Г. Алимурзаев, Е. Г. Анимица, И. А. Василенко, Т. Г. Морозова, А. Н. Швецов, т. б.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я. А. Аубакиров, Ш. С. Ахметова, У. Б. Баймураторв, М. Б. Кенжегузин, К. Е. Кубаев, Н. К. Мамыров, К. С. Мухтарова, К. К. Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практиалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу.

Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:

  • қазіргі жағдайдағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудың алатын орны және мұндағы пайда болып отырған мәселелер;
  • мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу;
  • Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тенденциялары мен перспективаларын анықтау;
  • мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қарым-қатынасы әдістерін анықтау болып табылады.

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

  1. . Мемлекеттік және жергіліктібасқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні.

Нарықтық жағдайда қоғамдағы саяси-экономикалық реформалардың қазіргі құраушы бөлігі болып мемлекеттік және жергілікті басқару сферасы табылады. Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, мемлекеттік жергілікті басқару сферасындағы қайта құрулар демократия принциптеріне сәйкес келетін, әлемде территориалды қоғамдастықтарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде мойындалған, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді аймақтық экономика құру қажеттілігіне бағытталған.

Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергiлiктi қоғамдастықтардағы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін. Қазақстанда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.

Мемлекеттік және жергілікті басқару - мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің маңызды бөліктерін регламенттеу мүмкіндігі және олардың заң шегінде өз жауапкершілігі мен халық мүддесі үшін басқару.

Өзін-өзі басқару - бұл қандай да бір қоғамдық ұйымның автономдық қызмет етуі, бұл берілген ұйымның мүшелері қабылдаған нормалары мен шешімдерімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетте 3 негізгі мақсатты орындау үшін қызмет етеді:

  • мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;
  • жергілікті мәнге ие мәселелерді шешудегі демократиялық бағдарларын дамыту;
  • жергілікті істерді жүргізуде тиімділігін жоғарылату.

Осыған сәйкес жергілікті басқаруды елдің конституциялық құрылымының негізі, халықтың жергілікті мәселелерге қатысты сұрақтарды шешуге қатысу құқы және халық билігінің формасы деп анықтауға болады.

Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару - бұл азаматтардың жергілікті мәнге ие мәселелерді шешу үшін өздігінен территориалдық ұйымдасуы және бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі мен тәуелсіздігі, қоғамның пікірінің жариялылығы пен есептілігі, заңдылығы, жергілікті және мемлекеттік мүдделер сәйкестігі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік және жергілікті басқару - мемлекеттік және жергілікті істерді мемлекетте немесе сол ортада тұратын адамдардың өздерінің шешу құқығы. Бұл конституциялық құрылымның негізгі бөлігінің бірі болып табылады.

Ел экономикасына жергілікті жердегі орта және шағын бизнестің дамуының тигізетін әсері зор. Ал жергілікті жердегі кәсіпкерліктің нақты дамуына, ілгерілеуіне жергілікті билік жауап береді. Нарықтық экономикаға өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы дамытушы жүйелердің негізгі тармағына айналды, яғни бұл бизнес түрі динамикалы дамушы, әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда өзекті буынға айналды. Өтпелі экономика кезінде бұл бизнес түрі кез-келген кризистік жағдайға тез бейімделді, яғни өзінің басқарушылық икемділігімен, қаржы-қаражатты аз талап ететіндігімен, сондай-ақ, аз уақыт ішінде ұтымды шешім қабылдауға болатындығымен ерекшеленді.

1-кесте.

Жергілікті аумақтағы шағын және орта

кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілердің саны.

Облыстар
Саны
Жұмыспен қамтылған адам саны
Шығарылған өнім құны, млн. тенге

Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына келетін болсақ, бұл мәселеге ең алғаш назар аударғандардың бірі француздық мемлекеттік қызметкер, тарихшы және литератор А. Токвиль болды. Өзінің «Америкадағы демократия» деген еңбегінде ол: «Қоғамдық институттардың тәуелсіздікті қалыптастыру үшін ойнайтын рөлі ғылым үшін мектептің болуы сияқты рөл ойнайды. Олар халықтың тәуелсіздікке деген жолын ашады және осы дербестікті пайдалануға үйретеді. Қоғамдық институттарсыз ұлт еркін үкімет құруы мүмкін, бірақ та нақты еркіндіктің рухын сезіне алмайды» деп жазған болатын.

Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару теорияларын қалыптастыруға неміс заң мектебі үлкен үлес қосты. Алғашында неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық жергілікті өзін-өзі басқару мәні мен табиғатын негіздей отырып, еркін қауымдастық теориясын (қауымдастықтың табиғи құқықтары теориясы) қалыптастырды, оның негізін француздық және бельгиялық құқықтан алған болатын.

Бұл теория көрсеткендей, қауымдастықтың өз істерімен шұғылдану құқығы адамның еркіндік құқығы сияқты табиғи сипатқа ие, немесе қауымдастық мемлекеттен бұрын пайда болды және мемлекет қауымдық басқару еркіндігін сыйлауы керек.

Еркін қауымдастық теориясы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуының келесідей негізін құраушы бастауларын алға шығарады:

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарын және басшысын қоғам мүшелерінің сайлауы;
  • қауымдастықпен жүргізілетін істердің өзіндік жұмыстар және мемлекеттік маңызды істерге бөлінуі;
  • жергілікті өзін-өзі басқару - қоғамның өз табиғаты бойынша мемлекеттік істерден ерекшеленетін өз істерін басқару;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары - жергілікті мәселелерді шешетін басты орган.

Бұдан соң, еркін қоғамдық теориясының орнына өзін-өзі басқарудың қоғамдық теориясы келді. Ол да алдыңғы теориялар сияқты мемлекет пен қоғамдастықты қарама-қарсы қоюдан пайда болды және жергілікті қоғамдастықтардың өз мүдделерін жүзеге асыруда еркіндікті мойындау қағидасынан шығады. Өзін-өзі басқару, бұл теорияға сәйкес, жергілікті шаруашылық істерін жүргізу.

Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік және жергілікті басқару бір орталыққа қатаң бағынды. Қоғам өмірі алдын-ала жасалған жоспарға сәйкес жүргізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігі мен дербес болуы мемлекеттің пролетариат диктатурасының тәжірибелік міндеттеріне сай келмеді, себебі ол табиғаты бойынша орталықтандырылған мемлекет болып табылады.

Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру негізіне мемлекеттік билік органдарының Кеңестік жүйедегі бүтіндік принципі қойылды. Жергілікті кеңестер және олардың атқарушы комитеті мемлекеттік биліктің және басқарудың жергілікті органдары ретінде қызмет атқарды және біртұтас орталықтандырылған мемлекеттік аппараттың құрылымдық бірлігі болып табылады.

КСРО-ның 1936 жылы Конституциясын қабылдаған соң, өкілетті звеноның одақтың республикалық жүйелері жалпы, тең және тікелей құпия сайлау арқылы тағайындалды. Мемлекеттік жергілікті органдардың бәрі де Кеңес деп өзгертілді.

Кеңестік мемлекеттік құқық теориясы жергілікті Кеңестердің құқықтарын өз қызметінде шешім қабылдау, олардың орындалуын және өмірде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа типтегі өкілетті органдар ретінде қарастырды. Жергілікті кеңестер ең көп санды мемлекеттік билік органдары болып табылды. Олардың саны 50 000-нан асты. Жергілікті кеңестер жеке өздерінің атқарушы аппараттарына ие болды, ол Кеңес депутаттарынан құрылды және солардың басшылығымен жұмыс істеді. Бірақ Кеңестер «жұмыс істеуші корпарациялар» сапасына ие болмады, себебі нақты билік партия органдарының қолында болған еді.

А. Черботаев өзінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі қалыптастыру проблемалары» деген еңбегінде тәуелсіз Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуына саяси талдау жасайды: «Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының дамуы КСРО өмір сүрген кезден бастау алған. 1991 жылы 15 ақпанда «ҚР халық депутаттарының жергілікті Кеңестерді және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң қабылданған. Айта кететіні, ол кез үшін бұл жайт жергілікті өзін-өзі басқарудың демократиялық және жеткілікті дамытылған жүйесі болды. Бірақ оның бірқатар кемшіліктері болды». Мұнда қоғамдық-территориалды өзін-өзі басқару институты белгілі дәрежедегі дамуға ие болған жоқ. Бұл негізінен қызмет ету үшін қаржылық-эконмикалық негізінің жоқтығымен байланысты болды, себебі қоғамдық меншікті басқару әкімшілік басшыларымен жүзеге асырылды.

Жергілікті қоғамдастықтардың өкілетті органдары - мәслихаттар - өзіндік материалды-қаржылық қаражаттарға ие болмады. Мәслихат депутаттары әкімдердің олардың алдында нақты есептілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз болды.

1996 жылы жеке үйлер мен үй топтарының деңгейінде пәтер иелерінің кооперативтері құрылды және жұмыс істей бастады. Олар тек қалаларда ғана дамыды және кейбір жағдайларда олардың қызметін тиімді деуге болады.

Қазіргі кезде республикадағы өзін-өзі басқаруды құру қажеттілігі мемлекеттің заңдық қызметінде көрініс тапқан. Заңның қабылдануы ең алдымен аймақтық экономиканың қалыптасуына бағытталған. 1998 жылы 8 қазанда ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуын қамтамасыз етудегі келесі этап болып табылады. Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасында келесідей анықтамалар беріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару - халықтың өздігінен ұйымдасу жүйесі, ол коммуналды меншік, өзіндік қаржы ресурстары және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары негізінде жергілікті мәні бар сұрақтарды өздері және өз жауапкершіліктерімен шешетін халық топтары тұрып жатқан территорияларды қамтиды.

Жергілікті мәні бар сұрақтар - халықтың осы заңмен көрсетілгендей, ауылдық және қалалық жергілікті қоғамдастықтардағы өмір сүруін қамтамасыз ету жайындағы сұрақтар.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - осы заңмен, мемлекеттік органдармен жергілікті мәні бар сұрақтарды шешуге өкілеттілік беретін жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау өкілдіктері немесе атқарушы органдар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары - қалалық және ауылдық қоғамдастықтардың территорияларында әсер ететін, заңдық күші бар, тікелей таңдау жолымен сайланған және халықтың мүддесін қорғайтын және оның атынан шешім қабылдайтын жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органы - жергілікті аймақ территориясында басқару қызметтерін жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе лауазымдық тұлға.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі - халық топтары өмір сүріп жатқан территорияда әсер ететін жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілі және орындаушы органның және халық билігінің басқа да формаларының актілері.

Жергілікті басқарудың лауазымдық тұлғасы - жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық қызметтерін орындаушы, таңдап алынған немесе еңбек контракті бойынша жұмыс істеуші тұлға.

Қазақстан Республикасы азаматтары ауылдық және қалалық қоғамдастықтарда келесі жолдармен жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқықтары бар:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау арқылы;

- халыққа сұрау жүргізу арқылы бастаманы жүзеге асыру;

- осы территорияларда тұрып жатқан сайлаушыларды жазалау шараларын құрастыру және орындауға қатысу арқылы.

Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары әлеуметтік-экономикалық маңызды мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару обьектілерін пайдалану, иелену, билік еті құқына ие болады. ҚР Заңдары жергілікті өзін-өзі басқаруға кепілдендірілген құқықтырына, дербестіктеріне шектеу қоя алмайды. Осыған байланысты халықаралық келісімдер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, оның заңдары алдында артықшылықтарға ие және сөзсіз қолданылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын атап өтер болсақ, ауылдық өзін-өзі басқару органдарына келесілер жатады:

  • өкілетті орган - өзін-өзі басқарудың ауылдық кеңесі;
  • атқарушы орган - ауылдық өзін-өзі басқаруды жүргізуші немесе аймақтық өзін-өзі басқару органдары;
  • жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарын шешуге өзін-өзі басқару мүшелерінің жиындары, жергілікті халыққа сұрау жүргізу арқылы және басқа да түрлері арқылы қатысуы.

Ал қалалық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады:

  • өкілетті орган - қалалық өзін-өзі басқару кеңесі;
  • өкілетті орган - аудандық өзін-өзі басқару кеңесі; қалалық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы - қала әкімі;
  • аудандық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы - аудан әкімі.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау және олардың лауазымдық тұлғаларын сайлау жалпы қоғамдық тең жағдайда және тікелей сайлау құқы негізінде жергілікті халық қоғамдастығының құпия дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Оның мүшелерін сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңымен, жергілікті өзін-өзі басқару қаулысымен анықталады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіліктерінің жойылуының негіздеріне келер болсақ, олардың өкілеттіліктері келесі жағдайда тоқтатылады, яғни халықтың сұрауы бойынша, егер сайлауға онда тұрып жатқан аумақ территориясындағы халықтың жартысынан азы қатысса; соттың жергілікті өкілетті органының іс-әрекетінің ҚР Заңдары мен Қаулыларына сәйкес еместігі жөніндегі шешіміне байланысты әкімшіліктің немесе мәслихаттың шешімдері арқылы тоқтатылуы мүмкін.

1. 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік реттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы механизмінің айрықша элементтері
Салықтың мәні, функциясы, түсінігі
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы
Экожүйелік қызметтердің мысалдары
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пайдаға салынатын салық
Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Сайлау жүйелері ұғымы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz