Юра өнімді қабатынан сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
:
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
:
:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе
: 10
: 1.
МАЗМҰНЫ: Техника-технологиялық бөлім
: 11
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Кен орын туралы жалпы мағлұматтар
: 11
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Кен орынның геологиялық зерттелу және игерілу тарихы
: 12
: 1. 2. 1
МАЗМҰНЫ: Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама
: 13
: 1. 2. 2
МАЗМҰНЫ: Тектоника
: 15
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Мұнайгаздылығы
: 17
: 1. 4
МАЗМҰНЫ: Сулылығы
: 20
: 1. 5
МАЗМҰНЫ: Құмкөл кен орнын игерудің қысқаша тарихы
: 22
: 1. 6
МАЗМҰНЫ: Кен орынның ағымдағы игеру жағдайы
: 22
: 1. 6. 1
МАЗМҰНЫ: Сұйық пен газ өңдіру өзгерісін талдау
: 22
: 1. 6. 2
МАЗМҰНЫ: Кен орынның ұңғы қорының жағдайы
: 24
: 1. 6. 3
МАЗМҰНЫ: Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі
: 25
: 1. 6. 4
МАЗМҰНЫ: ІІІ-кешен бойынша мұнай, газ және су өндірудің өзгеру динамикасын талдау
: 26
: 1. 6. 5
МАЗМҰНЫ: Кен орынның энергетикалық жағдайы
: 27
: 1. 7
МАЗМҰНЫ: "КУДУ" бұрандалы сорабына сипаттама
: 28
: 1. 8
МАЗМҰНЫ: Пайдалану
: 32
: 1. 8. 1
МАЗМҰНЫ: Пайдалану алдындағы дайындық жұмыстары
: 32
: 1. 8. 1. 1
МАЗМҰНЫ: Қабылдау бойынша тексеріс
: 32
: 1. 8. 2
МАЗМҰНЫ: Пайдалану алдындағы тексеру
: 34
: 1. 8. 2. 2.
МАЗМҰНЫ: Жетек басын қосу
: 34
: 1. 8. 2. 3
МАЗМҰНЫ: Тежегіштерді қайта жіберу
: 36
: 1. 8. 3
МАЗМҰНЫ: Жалпыбөлім
: 37
: 1. 8. 4
МАЗМҰНЫ: Тоқтату және кайта жіберу
: 38
: 1. 9
МАЗМҰНЫ: Техникалық күтім көрсету
: 39
: 1. 9. 1
МАЗМҰНЫ: Майлау бойынша күтім көрсету
: 39
: 1. 9. 2
МАЗМҰНЫ: Сальникті қорап және штангалық орталықтандырғыштың төлкесі
: 40
: 1. 9. 3
МАЗМҰНЫ: Сальникті қораптың қақпағын герматизациялау
: 40
: 1. 9. 4
МАЗМҰНЫ:

Жетек басының нығыздамалары және

сақиналардың тозуы

: 41
: 1. 9. 5
МАЗМҰНЫ: Тежегіш
: 42
: 1. 10
МАЗМҰНЫ: Бұрандалы сораптың негізгі параметрлерін есептеу
: 44
: 1. 10. 1
МАЗМҰНЫ: Бұрандалы сорапқа жабдықтар тандау есебі
: 45
: 2
МАЗМҰНЫ: Экономикалық бөлім
: 59
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Құмкөлмұнай МГӨБ-н ұйымдастырудың сипаттамасы
: 59
: 2. 1. 1
МАЗМҰНЫ: Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
: 59
: 2. 1. 2
МАЗМҰНЫ: Құмкөлмұнай МГӨБ-ң еңбекті ұйымдастыру және жалақы алу ерекшеліктері
: 60
: 2. 2
МАЗМҰНЫ:

Құмкөл кен орнының техникалық басшылық

органдары

: 61
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерінің талдау
: 62
: 2. 4
МАЗМҰНЫ: Экономикалық тиімділікті анықтау
: 66
: 3.
МАЗМҰНЫ: Еңбекті қорғау бөлімі
: 67
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Ұңғыман бұрандалы сораппен пайдаланудағы жұмыстардың қауіпсіздігі
: 67
: 3. 1. 1
МАЗМҰНЫ: Электі қауіпсіздігі
: 70
: 3. 1. 2
МАЗМҰНЫ: Бұрандалы қондырғының жерге қосылуын қосылуын есептеу
: 71
: 3. 1. 3
МАЗМҰНЫ: Өндірісті санитария
: 72
: 3. 1. 4
МАЗМҰНЫ: Өрт сөндіру қауіпсіздігі
: 75
: 4
МАЗМҰНЫ: Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
: 76
: 4. 1
МАЗМҰНЫ: Негізгі қойылатын талаптар
: 76
: 4. 1. 1
МАЗМҰНЫ: Ластаушылардың сипаттамасы
: 76
: 4. 1. 2
МАЗМҰНЫ: Атмосфераны қорғау
: 78
: 4. 1. 3
МАЗМҰНЫ: Гидросфераны қорғау
: 80
: 4. 1. 4
МАЗМҰНЫ: Литосфераны қорғау
: 81
:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды
: 83
:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
: 84

КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшіліктің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.

Еліміздің әлуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны жатады.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің Южказгеология ГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды.

Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатының өнеркәсіптілік мұнай газдьлығын растайды.

1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланыстық 153208 мың тонна, алынатыны 89. 442 мың тонна болып мұнай қоры бекітілді.

Үсынылып отырған диплом жобасы Құмкөл кен орнын пайдалану шарттарына сәйкес кен орнына бұрандалы сорапты енгізудегі техника-экономикалық тиімділігіне арналған.

1 ТЕХНИКА - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

  1. Кен орын турал ы жалпы мағұлматтар

Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасы Жезқазған облысы Жезді ауданында орналасқан. Жақын елді мекен - Жосалы ауданы. Ол кен орнынан 179 км қашықтықта орналасқан.

Кен орнынан орталық обылыстары Қызылорда 200 км, Жезқазған 174 км қашықтықта орналаскан. Кен орнынан шығысқа карай 116 км тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 км аралықта өтеді. Кен орнынан 200 км шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға терендігі 80-110 м жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады.

Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.

Алаңнан оңтүстікке қарай құмды Арыскұм массиві орналасқан. Ол түйіршік құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 км орналасқан, 60-70 м Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жерді бедер белгісі 150-200 м көтеріңкі плитасы бөліп тұр.

Ауданның ауа-райы құбылмалы, тәуліктік ауаның температура тербелісінің ылғалдылығы өте аз мөлшерде.

Жазда +30 0 , +35 0 С ыстық, қыста -38 0 , -40 0 С аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм-ге дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі. Оңтүстікте ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін, алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогелогиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артеман ұңғысы бұрғыланған.

Қазіргі кезде ГӨБ(ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екендігі анықталды.

  1. Кен орынның геологиялық зерттелу және игерілу тарихы

Оңтүстік Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың бас кезінде жоғарғы палеозой шөгінділерімен байланысты. Магнитті және геология түсірген масштабы 1:5 және 1:2 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Шу-сары су депрессиясымен аймақтық сирек тораптық сейсмологиялық кескіннің жұмысын орындап болғаннан кейін, Арысқұм мен КМПВ және жыланшық ғылыми-геологиялык зерттеулер жұмыстары нәтижесінде Юра-Триас грабеньсинклиналы (68-70) және мезозой қимасында жатады. Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-қ құрылымдық ұңғысында, сонымен қатар 2-қ Арысқұм көрсеткіш ұңғысында, ал неоген шөгінділеріндегі 15-к құрылымдық ұңғысында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Тұрландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі, аудан аймағындағы осы ұңғылардан 1983 жылы алдымен сейсмопрофильді іздестіру жұмыстары атқарылып, Кұмкөл ойпаңы болды. Осы жылы қосылған III-горизонт ойпаңында, І-іздестіру ұңғысында бұрғылау жұмысы басталып, осы процесстерден кейін, 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы шөгінділерінен мұнайдың алғашқы атқылау ағысы болды. Ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды. Іздеу барлама жүмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылдары Құмкөл кен орнын төменгі және жоғарғы және ортаңғы юра шөгінділерінде мұнай бар екендігі анықталды. Тұрландық геология-геофизикалық экспедициясы тексергенде, Солтүстік Құмкөл пайда болды.

Келешекті бұрғылау жұмыстары анықтады. Ал жалғасып жатқаны солтүстік синклиналь болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдың қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелері құрылды.

Құмкөл кен орнымен қилысатын жері өнімді қабат болып табылады. Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану, бұрғылау жұмыстарын бірге атқарды.

Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қаңтар айынан бастап Құмкөл мұнай бірлестігінің МГД-5 қарамағына беріліп, өздігінен мекеме болып саналады.

1. 2. 1 Стратиграфия

Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайназой шөгінділермен көрсетілген. Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой-кайнозой 2 құрылымдық қабаттарға бөлінеді. Бөлінгендер аймақтық стратиграфияға үйлесімсіз. Жоғарғы бор және юра.

Юра жүйесі - J

Ортаңғы бөлім - J 2

Ортаңғы юра шөгінділері дощан свитасына (J 2 d) бөлінген. Олар қабаттасқан түрде сұр аргиллиттен құралған. Свитаның ернеуіндегі бөлігіндегі жиі кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргиллит калыңдығы 12-ден 56 м-ге дейін, ал газмұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 м аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю-ІV горизонты тыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады. Оңтүстік батыс бөлігіндегі шөгінділері де дощан свитасына толық қосылады. Ал оның қабатының қалындығы 219 м жетеді. Арысқұм ойпатының грабень синклинальды свита құрлысы сазды болып, оның қалындығы 502 м-ге дейін жетеді.

Бор жүйесі - К 1

Аймақтық жуылу мен Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуына келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөлінеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқүм горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей, кұммен және қоңыр сазды қабатпен карбонатты алевролит және саздан құралған.

Арысқұм горизонтының өзгеру шегінің қалындығы 87-ден 123 м-ге дейін барады. Арысқұм горизонтының литалогиялық Құмкөл құрылымы бойынша үш бөлікке бөлінеді: төменгі және жоғарғы құмтасты алевролит және орташа сазды.

Жоғарғы құмтасты біркелкі бөлігі және төменгі ернеуіндегі бөлімі өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналады. Төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалындығы 113-163 м.

Бұл өнімді Арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып
саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы
қимасында біркелкі құм, қызыл түсті сазды жынысты болып, ал
жоғарғысында сазды болып құралған.

Апт-альб ярусы (К - І 2 )

Апт-альб шөгіндісі жуылып, даул свитасында жатыр және қаршатау свитасында біріккен. Свита нашар цементтелген, сұр және әртүсті құмтастан тұрады.

Свита қалыңдығы 253-350 м.

Төменгі, жоғарғы бөлім - К 1-2

Альб - сеноман ярусы - (Каl 3 - с)

Альб-сеноман шөгінділері қарашатау свитасында жатыр және Қызылқия свиталарына бөлінген. Әртүрлі түсті саз алевролитінен, кұм, құмтас қабатшасынан және саздан құралған.

Свита қалындығы 87-168 м.

Тұран ярусы - К 2 t

Тұран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Қызылқия свитасына трангрессивті жатыр. Жасыл сұр құмтаспен Жұқа көлденең қабаттардан жиналған. Свита қалыңдығы 82 м-ден 150 м аралығында ауытқып тұрады. Бұнда көмір қабаты және глауканит дәні бар.

Жоғарғы турон-төменгі сенон - К 2 t 2 -sn 1

Бұл шөгіндінің қалындығы жуылып, балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша әр түрлі-түсті ала құмнан және 123-236 м саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.

Жоғарғы сенон - К 2 -sn 2

Жоғарғы сенон құрлымы шөгіндісінің шегі палеоген алдындағы туылу себебінен көптеген ұңғыларда жинақталған. Қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр саздан құралған.

Палеоген жүйесі - f

Төменгі эоцен - f 1 - f 2

Палеоген, төменгі эоцен шөгінділері жуылып, жоғарғы борда әртүрлі горизонтарда жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты каныққан көмір өсімдігі және кварглауконитті құмнан жинақталып, сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалындығы 66 м жетеді.

Палеоген-төртгік шөгіндісі (f-Q)

Палеоген - төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің
бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның
бетін жауып тұратын құм, супес енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 м-ге жетпейді.

1. 2. 2 Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты Туран плитасының солтүстік шығысында орналасқан. Ойпат бор палеогенінің табан бойындағы кенішінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, антиклинорий арасына тіркелген және оның оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді. Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөлінген. Құмкөл антиклинальды құрылымы Арысқүм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор-палеоген кешенінің қалындығы 1500-1700 м-ге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрып, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалындықтың таралуы және толық стратиграфиалық диапазоны жіңішке сызықтық грабеньсинклиналы негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды грабеньсинклиналь бағытында тартылғаны анықталды. Бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын үш горст антиклиналь текшесі. Тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік батыс және солтүстік шығысында созылып жатыр. Фундаменттің созылу нәтижесінде бірқатар горст және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлімінің құрылымында горст ойпаты айрықша бөлініп, оның көлемі 2. 5-3. 5 км және ұзындығы 24 км болғанда амплитудасы 320 м-ге дейін барады. Фундаменттің бас жағының жатқан терендігі 1200-1600 м құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді. Оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпаң ернеуінің құрылуына шағылады. Екінші құмтас шөгіндісі ернеуінің ойпаңын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернеуімен байланысты, осы индекісте горизонттың шағылуы бар.

Екінші беткі жағына ІV-шағылысу горизонтына байланысты, келесі ретпен ІV-горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV - шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін гиосинклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 м құрайды, ең үлкен амплитуда кезіңде - 160 м.

Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1Ә30, шығысында 2Ә30 құрайды. Қыртыс тектоникалық бұзылулармен (Ғ І ; Ғ 2 ; Ғ 3 ; ) қиындатылған: Көпке созылған Ғ 2 амплитудасының күрт түсуі шығыстан 80-100 м құрап, қыртысты қамтиды. Солтүстік жағында бұл бұзылыс Ғ бұзылысымен түйісіп, әрі қарай сөнеді. Оңтүстік батыс бөлігі құрылымындағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан аймақтарындағы ұңғылардан өзгешеліктері орта юра шөгінділерінің жоқтығы және фундаменті жоғарғы юра жыныстарымен жабылған. Уақытша қиындатылып, өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгіндісінің қалындығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебінен анық көрінеді. Бұл ұңғыма қимасындағы коореляция куәландырады. Аудандағы ұңғымаларды аз ғана изотермиялық 1*1, 5 км, амплитудасы 25 км өлшемі бөліп тұр. Батыстан шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта юраның шөгіндісі алаңның шегіне карап, 0-ден 200 м-ге өзгереді. Құмкөл свитасының қалындығы алаң бойынша тербелісі 55-72 м шамасында, ал фундаменті көтеріңкі ойпаң учаскесінде 34-48 м-ге дейін азаяды. Құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклиналь қыртыста көрсетіп, оңтүстіке қарай ығысқан. Ойпаң өлшемі 17*4 км құрайды, 57 м амплитуда кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 м.

Әртүрлі ойпаң беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қойсақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді.

Орталық шығыс Ю-І горизонты ойпаң бөлігіне қарап ығысқан.

1. 3 Мұнайгаздылығы

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғысынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алынды. Бұл 13541 сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Юра шөгінділерінен алынған керндердең күшті жанармай иісі мен мұнай белгілері жақсы байқалды жане алынған керндердің беттерінде ала дақтар болды.

Арысқұм ойпатында жүргізілген геология барлама жұмыстары нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы юра және төменгі неоген шөгінділерінің мұнайлығына көз жеткізіп отыр. Бұдан баска триас, төменгі триас кешені бөлініп, І-к Арысқұм көрсеткіш ұңғысын бұрғьлау барысы нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалды. Осы Құмкөл кен орнындағы өндірістік қабат кешенінен тұратын алаңнан, дощан алаңындағы 4-ұңғымадан айырмасы бар. Жоғарғы юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде жетілген. Шөгінділердің өнімді қабат қоры Құмкөл, Арысқұм және Қызылкия кен орындарында орналасқан. Алаңнан мұнай ағысын жоғарғы юра шөгінділерін сынау кезінде, қабат сынағышпен алады. Ақшабұлақ Ғ-параметрлік ұңғымадан және 2-4 Арысқұм ұңғыларын құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғыма қатарынан алынған керндерден мұнайдың бар екендігі кернге жағылған түрде және майдың иісі шығыуымен байқалды. Казіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен Ақшабұлақ иіліміндегі құрылымында бірнеше тиімділігі бар Ақшабұлақ және Ақсай үлкен аландарын ерекше атап өтуге болады. Одан басқа Майбұлақ седловинасын өлшегенде жыланшық иілімінде тиімді ойпаң шықты. Құмкөл орнында өндірістік мұнайлығының қоры юра шөгінділерінде орналасқан. Төменгі юрада 2 өнімді (М-І, М-ІІ) горизонты байқалады, жоғарғы юрада үшеу (Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ) және де ортаңғы юрада біреу (Ю-IV) . Бор қабатында өнім 1065-1120 м аралығында орналасқан. Ал юрада 1190-1370 тереңдікте.

Сонымен қатар кен орнында 2 қабатты өнімді қабаты бар. Төменгі бор және- юра өнімді қабаттары көп ұңғылардан ерекше байқалып, кен орнында жақсы таралған. Қалындығы 8-ден 20 м-ге дейін сазды бөлік М-І және М-ІІ бор кабатын ажыратып тұр. Ал саз қалыңдық бөлімшелері қабат арасындағы Ю-І, Ю-ІІ және Ю-ІІІ горизонттары 2-18. 6 деңгейде болады. Біркелкі 12-34 м Ю-ІІІ горизонтының саз калыңдығы биіктігі жағынан жақсы игерілген Ю-IV горизонтын бөліп түр. Алаңның мұнайлылығы және бор деңгейіндегі биіктік қоры және юраның өнімді кешені жоғарыдан төмен азаяды, сонымен баска кен орнының түрі осы сияқты сипатталады.

Бор өнімді қабатына сипаттама:

М-І жазықгығы 3 қабатты коллектор түрінде көрсетілген, олар саздармен бөлінген. Жоғарғы екі қабатының қалындығы бірдей тұрақты барлық құрылыммен жүріп, алаңның оңтүстік бөлігіне келіп кұлайды. Төменгі қабат қалындығы ұстамсыз және 20, 18, 3, І7, 10 ұңгыларында өткізбейтін жыныстармен қосылған. Төменгі және ортаңғы қабаттар аландағы 9-шы ұңғымаға құяды.

Өнімді қабаттар (37, 9, 23, 24, 32, 40) ұңғыларында аңықталып дәлелденген. Орталық және солтүстік қорының бөлігі геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 ұңғыдан бойынша су, мұнай, 7 ұңғымадан 981. 7 м аралығында алынды. Ең үлкен қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 ұңғы аудандарына жалғасқан. Алаңнан мұнайлылығы 5109. 7 га құрайды. Сонымен бірге таза мұнай аймағы 62 %. Жоғарғы қабат

биіктігі 43. 2 м. Мұнай қабат қоры 2 бөлімге бөлінген. Алаңдағы 27, 32, 40 ұңғылар жүзделі және оңтүстік қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс мұнайының биіктігі 8. 5 м, ал оңтүстік жағы 17 м. Жалпы алаңның мұнайлылығы 1622 га, таза мұнай көлемі 800 га (33 пайыз) .

М-ІІ жазықтығы М-І жазықтығынан біркелкі саздар қалындығы 8-ден 20 м-ге дейінгі аралықта ажыратылған және 2 құмтас қабаты түрінде көрсетілген. Өнімді қабаттан сынама алу жұмыстары нәтижесінде өнімділігі 4 ұңғымада көрсетілген.

Мұнайдың өнімділігі 14 (м тәу), 180 (м тәу) дейін алады. Зерттеулер нәтижесінде 3 және 23 ұңғыдан су алынған. Геологиялық зерттеу нәтижесі бойынша 6, 8, 24 ұңғыларында су, мұнай қосылысы қабылданған 999 белгісінде болады.

Мұнайды сынау ұңғысынан сынама алу кезінде 994. 9-996. 4 м аралығыңда геологиялық зерттеу экспедициясы қабылданғаннан кейін 2 қабат биіктігінде орналасқан.

Мұнай қорының биікгігі 17. 4 м, ал мұнай алаңының көлемі 1084. 4. Юра өнімді қабатынан сипаттама. Ю-І горизонтының мұнайлылығы алаңның біршама көлемін алып жатыр. Төменгі бор қабат қорынан 80-148 м төмен аралықта жатыр.

Горизонтты жуып жаткан Қоскөл свитасының біркелкі саз алаңдығы 16-дан 106 м-ге дейін барады. Геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-І горизонт үш құмтас күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады. Құм қабатшалары БМ I жеткенде 2, 5, 11 аймағындағы ұңғылар горизонтта көбінесе бөлшектеніп сипатталады.

Газ-мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты. Горизонтты зерттеулер нәтижесінде 1 ұңғыдан өндірілмеген мұнай корының есебінен шығарылып тасталған. Жалпы тиімді қалындық 0. 8 м-ден 12. 4 м аралығында өзгереді.

Сонымен қатар газдылықтың қалындығы әр ұңғы сайын 6. 6 м-ден 8. 8 м-ге дейін өзгереді. Ал мұнайлылықтың тиімді қалыңдығы толық контур шегінде 0. 4-12. 4 м деңгейіне өзгеріп түрады. Ю-ІІ горизонты жоғары жатқан Ю-І горизонтынан қалындығы 3. 6 м-ден 18. 6 м-ге дейін біркелкі саздар арқылы ажыратылып бөлінген және орталық қорындағы бөлімде 1-2 құмтас қабатшалар күйінде көрсетілген. Алаңның мұнайлылық қоры 6414 га құрайды. Сонымен бірге таза мұнай аймағы 67 процентті алып жатыр. Алаңның газдылығы 223 га тең. Газдың биіктігі және мұнай қорының биіктігінің бөлігі 9 және 91. 5 м-ге тең.

Ю-ІІІ горизонттары жоғарыда аталған бөлімдерден саздармен бөлініп тұр, саз қалындығы 2-8 м. Горизонт 2 құмтас күйінде көрсетіліп, алаңның бойында ұсталады. Тек қана 3, 7, 17 ұңғыларында жоғарғы қабат саздармен араласқан. Бұнда ең кіші тиімді қалындықтың мәні белгіленген.

Жалпы тиімді калыңдығы 1. 6 м-ден 220 м-ге дейінгі деңгейде өзгереді, ал мұнайлылығы 10-нан 22 м-ге дейін өзгереді.

Горизонт 13 ұңғысында сыналып, осылардың ішінде 12-ші ұңғыдан мұнай ағынын алды, және бірден су ағысын алды. Алаңның барлық жерінде су-мұнайдың түйісуін 1198 м белгісі бойынша мұнай қорының биіктігі 84 м, алаңның мұнайлылығы 4141. 6 га. Таза мұнай аймағында 75 процент.

Ю-ІV горизонты аз ғана құмтасты болып, көбінесе бөлшектеніп сипатталады. Оның құрамында 5 қабат коллекторларына шейін бөлінеді.

1. 4 Сулылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық облыстары кен орнынан
Тау жасалу кезеңдері және оларға сипаттама
Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру
МҰНАЙДЫҢ БАЛАНСТЫҚ ҚОРЛАРЫН БАҒАЛАУ
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
Скважина қорларының өзгеру динамикасы
Қабат майының қасиеттері
Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz