Жеткіншектердің жеке бас қасиеттері



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Жеке бас қасиеттеріне жалпы сипаттама
1.1 Жеке бас қасиеттері туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Жеке бас қасиеттері туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Жеткіншектердің жеке бас қасиетт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Жеткіншектердің жеке бас қасиеттерін тәжірибелік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Зерттеудің өзектілігі: Жеткіншектік кезең бала организімінің жыныстық жетілу бетбұрысымен байланысты. Бірақ психикалық-физиологиялық даму жолы қатар емес, мұның шекарасы толығымен анықталмаған. Кейбір балада жеткіншектік кезең ерте байқалса, кейбірінде жай байқалады. Сондықтан бұл кезеңде бала психологиясында көптеген өзгерістар байқала бастайды. Жеке бас ерекшеліктеріне көп көңіл бөле бастайды, әсіресе бұл кезеңде жеткіншектердің өзіндік бағалауындағы өзгерістер анық байқалады.
Әрбір оқушы - жеке тұлға. Жеке тұлғаның жеке бас қасиеттерін оқыту және тәрбиелеу процестері кезінде ескеру өте маңызды.Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім әрбір оқушыға тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуі тиіс.
Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді.
Зерттеудің мақсаты: жеткіншектердің жеке бас қасиеттерін анықтау.
Зерттеудің міндеті:
1. Жеке бас қасиеттері туралы әдебиеттерге шолу жасау.
2. Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау.
3. Жеткіншектердің жеке бас қасиеттерін диагностикалау.
Зерттеу базасы: №22 жалпы орта білім беретін мектеп.
Зерттеу объектісі: 5 «а» сынып оқушылары.
Зерттеу болжамы: 5-сынып оқушыларының жеке бас қасиеттерін біліп, оқыту-тәрбиелеу процесінде және қарым-қатынас жасау барысында ескеру олардың орта буынға жеңіл, әрі тез бейімделуіне көмектеседі.
1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы. Білім. 1996.- 110-145б
2. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология( жантану негіздері):жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы.- Заң әдебиеті 2003.-260-270б
3. Бодалев А.А. Психология о личности.- Москва. 1988.- 56-75с
4. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология : 2-изд.,доп.- Питер. 2007. -210-222с
5. Жарықбаев Қ. Психология.- Алматы.Білім. 1993.- 110-265б
6. Крутецкий В.А.Психология.- Москва.Просвещение. 1980.- 150-165с
7. Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Б.П.\ М., Академия 1998.
8. Мұқанов М.М.Жас және педагогикалық психология.- Алматы.1981. -115-125б
9. Намазбаева, Ж.Ы.Орысша-қазақша психологиялық сөздік.-Алматы:Prints-S,2005.-15,36,48 б.
10. Немов Р.С.Психология. Книга 3- Москва.Владос. 2004.- 223-240 с
11. Обухова Л.Ф.Детская возрастная психология.- Москва. Педагогическое общество России. 2000.- 256-315с.
12. рад. бас.Петровский А.В.Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы.- Алматы.Мектеп.1987.- 68-91 б
13. Сатиева Ш.С.Психология.- Семей. 2003.- 120-129б
14. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- Алматы.Қазақ университеті. 1993.- 110-150б
15. Шадрин, Н.С.Психология личностных ценностей как мотивов поведения.- Павлодар.Павлодарский гос. Ун-т им. С.Торайгырова. 2006.-90-140с
16. Интернет желісі: http://www.google.kz /
17. Интернет желісі: http://www.google.ru /

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Жеке бас қасиеттеріне жалпы сипаттама
1.1 Жеке бас қасиеттері туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Жеке бас қасиеттері туралы теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Жеткіншектердің жеке бас қасиетт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Жеткіншектердің жеке бас қасиеттерін тәжірибелік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Жеткіншектік кезең бала организімінің жыныстық жетілу бетбұрысымен байланысты. Бірақ психикалық-физиологиялық даму жолы қатар емес, мұның шекарасы толығымен анықталмаған. Кейбір балада жеткіншектік кезең ерте байқалса, кейбірінде жай байқалады. Сондықтан бұл кезеңде бала психологиясында көптеген өзгерістар байқала бастайды. Жеке бас ерекшеліктеріне көп көңіл бөле бастайды, әсіресе бұл кезеңде жеткіншектердің өзіндік бағалауындағы өзгерістер анық байқалады.
Әрбір оқушы - жеке тұлға. Жеке тұлғаның жеке бас қасиеттерін оқыту және тәрбиелеу процестері кезінде ескеру өте маңызды. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім әрбір оқушыға тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуі тиіс.
Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді.
Зерттеудің мақсаты: жеткіншектердің жеке бас қасиеттерін анықтау.
Зерттеудің міндеті:
1. Жеке бас қасиеттері туралы әдебиеттерге шолу жасау.
2. Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау.
3. Жеткіншектердің жеке бас қасиеттерін диагностикалау.
Зерттеу базасы: №22 жалпы орта білім беретін мектеп.
Зерттеу объектісі: 5 а сынып оқушылары.
Зерттеу болжамы: 5-сынып оқушыларының жеке бас қасиеттерін біліп, оқыту-тәрбиелеу процесінде және қарым-қатынас жасау барысында ескеру олардың орта буынға жеңіл, әрі тез бейімделуіне көмектеседі.

1. Жеке бас қасиеттеріне жалпы сипаттама.
2.1 Жеке бас қасиеттері туралы жалпы түсінік
Адамның жеке бас қасиеттері, яғни тұлғалық ерекшеліктері - басқа адамдардан ажыратуға мүмкіндік беретін қасиеттері.Адамның жеке бас қасиеттеріне темпераментін, мінезін, қабілетін, ерік-жігерін, т.б жатқызамыз.
Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жекелей өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысына, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. [5,112]
Темперамент типтері - тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) - Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.
Темперамент типтері:
Сангвиник (лат. sanguis - қан) - жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары - оң болып келеді - тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.
Холерик (грек. chole - өт) - жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.
Флегматик (грек. phlegma - сөл) - психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады.
Меланхолик (грек. melanos - қара, cole - өт) - психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.
Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқына шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде көрінетін, ең алдымен-мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.[5,121]
Мінез көрсеткіші адамның барша жағдайдағы мәнлі сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандай да дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады. Мінездің нақты қалыптасуы әр түрлі деңгейде дамыған топтарда қалыптасады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді, тұрақты болуы шарт.мінездің мынадай түрлерін ажыратуғаболады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл, өтірікші,
әдепті, дөрекі,т.б)
2. Орындалатын іс-қызметіне орай (еңбекқор, еріншек, т.б)
3. Өз басында болғанқатынасына байланысты ( сыншыл,
өзімшіл,т.б)
4. Заттарға қатынасына қарай ( сақи, ашкөз, жомарт, т.б)
Мінездің құрылымы:
1. Мінез бен темперамент бұлардың ұқсастығы
физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне тәуелді болуына байланысы. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипаты бар темперамент маңызды роль атқарады. Сонымен бірге темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент мінездің дамуына негіз. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес.
2. Мінез бен ерік ара қатынасы өте тығыз. Осыдан көп
жағдайда мінезді адам, еркі күшті адам деген сөз тіркестерінбір мәнде түсінеміз. Ерік көбінесе мінездің күшімен, қатаңдығымен, табандылығымен байланысты.
3. Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен
байланысты. Әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір жағынан эстетикалық, интеллектуалды сезімдердің даму деңгейіне адамның іс-әрекетімен және оған деген қатынасына және солардың негізінде қалыптасқан мінез тәуелді. Екіншіден осы сезімдердің өзі адамдарға тән тұрақты ерекшеліктеріне өтіп,адамның мінезін құрайды.
4. Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой үлкен маңызға ие.
Ой тереңдігі мен жүйріктігі қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп,оны дербес шешу бұлардың барлығы адамның мінезінің ақылдық қорының белгісі.[2, 265]
Адамның жекелей психологиялық ерекшеліктеріне жататын тағы бір қасиет - ерік. Ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Крік - сналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл ( жатқанда қозғалу, дене мүшелерінің қимылдауы, т.б) еріксіз қозғалысқа жатады. Адамның ерікті әрекеттері жүзеге асу ұшін мынадай шарттар орындалуы қажет:
1. алға қойған мақсатқа қайткенде де жету;
2. мақсатқа жету барысында кездескен кедергілерді жеңу;
3. мақсатқа жету жолында табандылық, қайраткерлік таныту;
4. қиыншылықтардан үрейленбеу, қорықпау.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері
жеткілікті, қажыр-қайраты бар адам деп айтуға болады.
Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны туындататын себеп, түрткі болу керек.адамның күн көруі, тіршілік етуі үшін оған өзінің табиғи және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Мақсат адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болып отырады. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Ал дәл мағынасында ерікті адамдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты көрініп отырады. Мәселен адам жазу үшін үстелдің үстіндегі қарандашты қол созып алады. әриен, бұл да саналы және белгілі мақсатқа бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу байқалмайды. Ерік амалы байқалғанмен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың жиынтығы болып табылмайды.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындалу тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық, т.б), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принципшілдік, тәртіптілік, жинақылық, т.б) бөлінеді.
Адамды басқа адмдардын ерекшелеп тұратын тағы бір жекелей қасиет ол - адамның қабілеті. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз. Қабілеттің өлшемі белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілет негізінен екіге бөлінеді:
1. адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін
көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет - жалпы қабілет деп аталады. Мысалы: ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды есте тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық және т.б.
2. нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті
арнайы қабілет деп атаймыз. Мысалы: суретшінің, музыканттың, актердің қабілетін жатқызуға болады.
3. кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрін көрсетеді,
яғни практикалық іске қабілеттілік. Мысалы: ұйымдастырушылы, педагогтық, конструктивті.
Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мысалы: баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Бұны анатомиялық нышан деп атайды. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктер де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан деп аиаймыз.
Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі бір орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқын қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Себебі, адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік - адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
әр түрлі іс-әрекет аймағына қажет білім, ептілік, дағдылар бірлігін жеңіл, нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігі дарындылық деп аталады. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем өнер, адам аралық қатынастар құру және психоматорлық қызметтерінде көрініс береді.
Қабілеттер өз ауқымы мен днңгейлері жағынан ажыратылады. Нақты іс-әрекет аумағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет - шеберлік деп аталады. Шеберлі, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс - талант. Талант арнайы қабілеттердің жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Қабілеттің даму барысындағы ең жоғарғы деңгейі- данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады.

2.2 Жеке бас қасиеттері туралы теориялар
Темперамент туралы теориялар
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын темперамент туралы теорияның негізін салды.
Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл-әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс-тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл-күйінің барысы да әр түрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болатындығына ерекше назар аударған. Ол адамды әр темпераментке бөлген. Денеде болатын 4 түрлі сұйық заттарды: қан, шырыш, қара және сары өт, осылардың әр түрлі пропорцияларына сәйкес түсіндірген. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде осы заттардың біреуінің көп, кейбіреулерінің аз болуы - олардың бірімен бірінің пропорциясы бұзылса, бірі екіншісінен артық не кем болса, белгілі темпераменттің төрт түрінің біреуіне жататын болған. Мәселен, сангвиник темпераментіндегі адамдардың қаны басым келеді. Мұндай адамдар тез қозғыш келеді, тез тыныштанғыш болып табылады. Меланхолик темпераментті адамның бойында қара өт басым болады. Мұндай кісі өте тұйық, жігерсіз келеді. Холерик темпераментінде сары өт басым болады. Олар жігерлі болып қимыл-қозғалысы күшті, ұстамсыз, ерекше пысық келеді. Ал флегматик темпераментінде төрт түрлі сұықтықтың ішінен шырыш дейтіні көбірек болады. Бұлар тез қозбайды, бірақ істі аяғына дейін жеткізеді. Әрине, Гиппократтың темпераменттердің әр түрлілігі денедегі сұйық заттардың пропорциясына байланысты деуі ғылыми жағынан дәлелсіз.[13,124]
Темперамент жайындағы басқа да теориялардың бірі - белгілі неміс философы Кант адам темпераментін екі топқа бөлді:
1. Сезім темпераменттері. Бұған ол сангвиникалық меланхолика темпераменттерін енгізді;
2. Әрекет темпераменттері. Бұларға Кант холерик және флегматик темпераменттерін жатқызды. Кант адам сезімдері мен әрекеттерін сипаттауға байланысты ол темпераменттерді адамның мінезімен қосарластыра қарайды, яғни мінез бен темпераменттің арасында теңдік белгісін қояды.
Неміс психологы В.Вундт та темпераменттерді екі топқа бөледі:
1. Эмоциясы күшті темпераменттер: холерик және
меланхолик темпераменттерін жатқызды. Өйткені, холериктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте баяу боып келеді.
2. Әлсіз эмоциялы темпераменттер: сангвиник және
флегматик темпераменттерін жатқызды. Сангвиниктердің қозулары, сезімдері күшті, әрекеттері жылдам болып отырады. Ал флегматиктің эмоциялары күшті, бірақ олардың әрекеті баяу болып келеді.
ХХ ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымдардың бірі Э.Кречмер. ол Тән құрылысы және мінез атты еңбегінде темперамент түрлері адамның дене құрылысымен байланысты болады деді. Кречменр адамдарды дене құрылысы мен конституциясына қарй үш типке бөлді: пикник, атастик, астеник. Оның сипаттауынша пикниктердің денесі төртпақ, қол-аяғы мен мойыны қысқа, бұлшық еттері нашар, сүйектері борпылдақ, іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді. Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен бөксесі оңтайлы, мойыны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді. Астениктер арық, беті сопақ, аяқ-қолы, мойыны ұзын, денесінің терісі, сүйектері бос болып келеді. .[13,136]
Адамдардың дене құрылысын осылайша сипаттай келе, Кречмер темпераменттерді екіге бөледі. Пикниктердің темпераментін көбінесе, сиклотиник, ал атлетик пен астениктің темпераменттері шизотимик деп атайды.
Темпераменттердің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыдан дәекті теіп түсіндірген академик И.П. Павлов болды. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрылады. И.П.Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі ширақ типтер деп аталады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі қозу мен тежелу бір біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұнда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозу тежелуінен басым; флегматиктерді - нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
Мінез туралы теориялар
Мінез туралы ілім өзінің ілкі бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30-дан астам үстем тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30- дан астам нашар жақтарына талдау жасаған. XVII ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500-ден астамына сипаттама берген. Мінездің психологиялық теориялары XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап көріне бастады. Зерттеушілер адамның мінезін көбінесе дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мінезі соған сәйке қалыптасады, мінезге темперамент ерекше әсер етеді, адамдардың мінезін сыртқы ден, бет қимылдарынан зерттеуге болады деді. Осы кездері френология, графология деген ағымдар пайда болады. Френология адамның бас сүегіне, формасына, жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын, ақыл-ойының дәрежесін ажыратуға болады деді. Адамның жазу-сызуына қарап, оның мінез-құлқын айыру психологияда криминалистика ара-тұра қолданылды.
Эго-психология өкілінің бірі Г.Олпорт: мінез-бұл бағаланатын тұлға, ал тұлға-бағаланбайтын мінез, яғни адамға бағалаусыз қатынаста, оның мінезі бақылай, өзгерте және дамыта алатынын өзіне шоғырландырады. Шынында да, мінез тәрбиенің және өзіндік тәрбиенің әсерінен өзгереді, жеткіншек жаста жалпы қырларында қалыптасады және адамның өмір бойында қалыптасады. Сөйтіп, мінез темпераментке қарағанда этикалық бағаға жатуы мүмкін.[15]
Кеңестік психологияда "мінез қаңқасын" әрекетке тұрақтылықтың принципиалдылықтың, тұлға мен интеллектің өзара қатынасының, өмірлік мақсаттың бар болуы-ерікті құрайды деп үнемі ерекшеленеді. Шетелде, мінездің элементінескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік қалыптастырушыға синоним ретінде кейде "Мен Күші", "Жоғары Мен Күші" ұғымдарын қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары арасындағы бөлімдерді анықтау әр дайын мүмкін болмаса, онда мінез және темпераментті бөлу одан да қиын. В.Кречмер келесі дефинициялармен қолданды. Темперамент-бұл психофизиологиялық ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың қозғалыстары, инерттігі, қызу тағы басқа). Мінез-бұл адамның өзіне, қоршаған адамға, әлемге деген қарым-қатынастың тұрақты ерекшелігі.
А.Г.Ковалев және В.Н.Мясищев индивидуалды зерттеу жолын 4 топқа бөлді:
1. Мінез бен темпераментті теңдестіру
2. Олардың арасында антагонистикалық қарым-қатынас орнайды
3. Темперамент мінездің элементі болып табылады
4. Темперамент мінездің табиғи негізі болып саналады
Соңғы позиция зерттеуге жақын, отандық ғылымдардың қабырғаларында пайда болған.Мұнда темперамент пен мінез бір-бірімен өзара шартталған. Темперамент жалғыз өзі мінезді анықтамайды. Табиғи темперамент негізіндегі өмірлік әсер, тәрбие және оқыту жүйке жүйесінің қасиеттері, генетикалық бағдармалар өзіндік өзін қалдырыды.Бірақ оның темпераменттен ерекшілігі, ол тұрақтылыққа, тоталдылыққа ие және мінез-құлықтың формалды ерекшеліктерін бейнелейді, мінез әрқашан және барлығында көрінбейді.
Мінездің басқа психологиялық категориялар арасынан позициялық 2 тәсілін бөліп көрсетуге болады. Бірінші жол, Кеңестік психологияда артық көрінген болып табылады. Мінездің темпераментпен байланысын үзбей, мінезді тұлғаның мазмұнды және рухани дүниеге көзқарастың сапасына жатқызады. Екінші жол, психикалық сау еместікке, тәуелділікке және тіпті, потологиялық дамуға әкелу бағыты ретінде сипаттайды. Сонымен, тұлға дамуының биік шыңы мен төменге қарай көрсету жолы сияқты қабылдайды.[6, 154]
Егер темперамент тұлғаның мазмұнды жағын анықтай алмаса, ал мінез нақты соларды, яғнм қалау, белгілі бір қатынастар және психикалық сау еместікті сипаттайды. Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қандайда бір қоршаған өмірге деген көзқарасын, олардың ішінде:
1. Табиғат, қоғам және қоғамдық идеялар (идеология)
2. Еңбек-адам өмір сүруінің тәсілі
3. Индивидтің басқа адамдармен қоғамдық байланысы
4. Өзіндік әрекет және адамның тұлғалығы.
Ерік туралы теориялар
Ерік-жігер туралы теориялардың бастылары мына төмендегілер:
Интеллектуалдық немесе ассоцияциялық теория (Э.Мейман). бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман.
Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның қажеттілігі сияқты рухани күшінен туындайды. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған кедергіледі жеңуге әрекеттер жасайды.
Бұл үшін адам ең алдымен алға қойған мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып, көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдын ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады. Бірі - ақыл-оймен байланысты елестетудің пайда болуы, екіншісі - ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өздігінен еріксізжүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет істеу үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестетудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. оның көзқарасы бойынша, ерік - эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше нұсқасы. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине, ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адам мұқтаждықтары себеп болады.
Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды.
Қабілет туралы теорилар
Психология ғылымында қабілет жайлы бірнеше теориялар кездеседі. Соның бірі - қабілеттер тұқым қуалау арқылы дамып отырады дейтін теория. Бұл қисын бойынша, адамның жеке дара қасиеттері, соның ішінде қабілеттері де атадан балалға мұра ретінде беріліп отырады. Мәселен, Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын тарихқа белгілі көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Қабілеттілік адаммен бірге туады дейтін теорияның кейбір өкілдері өз пікірлерін аналық ұрықтанпайда болатын егіз балаларды зерттеу арқылы да түсіндіргісі келеді. Мұндай қисын даму проблеммасын жоққа шығарады.
Қабілет жайлы келесі теория оның түгелімен қошаған орта мен тәрбиеден туындайтындығына ерекше мән береді. Мұны ғылымда бірінші айтқан Гельвеций еді. Америка психологы У.Эшби мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың рет жаңалық ашқан адам қабілетті де, осыны шешпей тастап кететін адам - қабілетсіз дейді. Бірақ байқаулар мен зерттеулер қабілеттің биологиялық алғышарттары болғандықтан жоққа шығармайды. Ғалымдар мидың, жүйке саласының құрылымында туыстан кейбір ерекшеліктер болатындығын, бұлардың қабілеттердің қалыптасуына ықпал жасайтындығын дәлелдеп отыр.
Қабілет жөніндегі тағы бір қисын маркстік диалектикаға сүйеніп, тұжырым жасайды. Бұл теория қабілеттердің дамуында табиғи, биологиялық және әлеуметтік, жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасының диалектикасына сүйенеді. Бұл қисын табиғи күштердің мәнін жоққа шығармайды, мұндай жағдай барлық адамдарға тән екендігін мойындайды да, сайып келгенде, қандай қабілет болмасын қолайлы әлеуметтік жағдаларда, іс-әрекет, еңбек үстінде қалыптасып отырады дейді.

2.3 Жеткіншектердің жеке бас қасиетінің дамуы
Жеткіншектік жас 11-15 жас аралығын қамтиды. Жеткіншектік кезеңде балада ересектік сезімі оянып, жеке бас қасиеттерінде де өзгерістер пайда бола бастайды. Мұғалімдер оқушылардың жеке бас қасиеттерін жете біліп, өзгеру динамикасын бақылап отыруы тиіс.
Мұғалім оқушылар мен оқыту- тәрбиелеу үрдісін жүргізу барысында оқушылардың жеке бас қасиеттерін ескеріп отыруы қажет. Сонымен қатар мұғалім әрбір баланың әмбебап, қайталанбас тұлға екендігін, әрбір тепперамент типінің еркшеліктерін ескере отырып оқушылармен қарым-қатынас жасауы керек.
Сангвиниктермен оқыту-тәрбиелеу жұмысы
Ашық, көпшіл, қарым-қатынасқа жеңіл түсетін, белсенді сангвиниктермен қарым-қатынас кезінде - осы қасиеттеріне сүйене отырып, құрдастарының арасында өзін бекітуіне, өзіндік жеке әрекет стилін қалыптастыруына көмектесу керек. Сонымен қатар жинақылық, ұқыптылық сияқты қасиеттерді басқа темперамент типіндегі балаларға қарағанда сангвиниктерде қалыптастыру қиын екенін ескеру қажет. Бір қарағанда ұсақ болып көрінетін тәртіп, ереже бұзушылықтарға ( кітаптарын жинамау, қарындаштарын шашып тасау, т.б) педагогтар мен ата-аналар тарапынан немқұрайлық таныту сангвиник темпераментті бастауыш сынып оқушыларының жағымды әдеттерінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Сангвиник темпераментті оқушы жаңа материалды тез меңгереді,зейіні тез ауысқыш. Жылдам реакцияны қажет ететін жұмыстар оған дәл келеді. Бірақ ол бір істен тез жалығып кетеді, аяқтамастан, екінші жұмысқа ауысып кетеді. Педагогтар оқушының бастаған тапсырмасын аяқтауын қадағалап, сапал орындауын талап етуі қажет. Егер тапсырма сапалы орындалмаса қайтадан оындауын сұрау керек.
Холериктермен оқыту-тәрбиелеу жұмысы
Мұнда ең басты ескеретін нәрсе холерик темпераментті балаларды, қозғыш қозғалмалылығы. Көбінесе мұғалімдер оқушылардың белсенділігімен, қозғалғыштығымен күресуге тырысып бағады. Олай істеуге болмайды, баланың осы қасиеттері оған пайдалы қызмет ететіндей тәрбиелеу керек. Баланың қозғыштығын ескеру қажет. Мұндай балалады тоқтату, жұбату қиын. Мұндай балаларға айғайлап, қорқытып сөйлеуге болмайды. Бұдан оның қозғыштығы одан әрі күшейе түседі. Холерик темпераментті балалармен сабырлы, бірақ талап қойып сөйлесу керек. Мұғалім оқушыдан сұрақтарға асықпай, ойланып жауап беруін талап етіп, ұстамдылыққа тәрбиелеуі қажет. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде холериктерде жоспар құрып, сол жоспарды ұстану дағдысын қалыптастыру қажет.сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының ойын мотивтері туралы да ұмытпау қажет.
Флегматиктермен оқыту-тәрбиелеу жұмысы
Оқыту процесі кезінде флегматиктерге баяулықтары кедергі келтіреді. Жиі педагогтар флегматиктердің осы ерекшеліктерін ескермей, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік пен қабылдау
Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жеке тұлға интеракционистік теория
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жеткіншек жастағы балалардың психикасына психотропты заттардың әсері
Пәндер