Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

беті
:
: КІРІСПЕ . . .
беті: 4
: І
: ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
беті:
: 1. 1
: Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар . . .
беті: 6
: 1. 2
: Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы . . .
беті: 18
: 1. 3
: Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі . . .
беті: 27
:
:
беті:
: ІІ
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
беті:
: 2. 1
: Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау . . .
беті: 43
: 2. 2
: Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау . . .
беті: 56
: 2. 3
: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары . . .
беті: 63
:
:
беті:
: ІІІ
: ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
беті:
: 3. 1
: Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары . . .
беті: 70
: 3. 2
: Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары . . .
беті: 78
:
:
беті:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
беті: 89
:
: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
беті: 92-94

Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі.

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижесі құрылыс ұйымы менеджерлерінің құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылауға және оның нәтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық және сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл құрылыс ұйымдарындағы басқару жүйесін жақсарту үшін материалдық қорлар есебін тиімді ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін және талдамалылығын көтеру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің алатын орны ерекше.

Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс ұйымдарында жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін жетілдіру, бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті құрылыс ұйымында ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының есептеліну тәртібін зерттеу, ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысындағы жұмсалған материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, құрылыс ұйымдарындағы есеп пен аудитті ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсыну болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, келесідей міндеттер алға қойылды:

  • құрылыс ұйымдарында есеп пен аудиттің теориялық аспектілерін ашықтау;
  • құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі терминдер мен анықтамаларға түсінік беру;
  • құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызын ұғындыру;
  • құрылыс ұйымдары өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібін анықтау;
  • Қазақстан республикасындағы құрылыс ұйымдарының даму тенденциясын талдау;
  • Қазақстан республикасындағы құрылыс ұйымдарының дамуын талдау;
  • тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы мен даму барысын талдау;
  • құрылыс ұйымдары қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;
  • құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттарын өңдеу;
  • құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Тақырыптың ғылыми тұрғыдан зерттелу дәрежесі . Еліміздегі құрылыс саласының соңғы жылдары жедел қарқынмен дамуына қарамастан, құрылыстағы бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру мәселелеріне арнап жазылған ғылыми еңбектерді жоқ деуге болады. Сонымен қатар құрылыс саласында есеп пен аудитті ұйымдастыру мәселелерін зерттеп жүрген еліміздің ғалым-экономистерінің еңбектерінде құрылыстағы есеп тақырыбында жалпы сұрақтар қарастырылғанымен, құрылыс саласындағы кәсіпорындардың ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне арналған сұрақтар терең зерттелмеген, сонымен қатар құрылыс ұйымдарында ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне соның ішінде материалдық қорлардың есеін ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыдан нарықтық экономикаға көшуге байланысты жан-жақты қаралмаған.

Қорытындыда , Қазақстан Республикасы құрылыс ұйымдарындағы қызметті жетілдіру жолдарына қатысты нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.

Зерттеу тақырыбы болып құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастырудағы концептуалды шешімдер және негізгі принциптер әзірлемесі болып табылды.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдары таңдалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 94 бет, оның ішінде 15 кесте, 4 сурет қарастырылған.

І ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар

1) Аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру;

2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;

3) Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;

6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;

8) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

9) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі;

10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы;

10-1) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;

10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп;

11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп;

12) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;

14) уәкілетті мемлекеттік орган - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган [1] .

Аудиторлық қызмет

1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады:

1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер;

2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;

3) ішкі аудит;

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру;

5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;

7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру;

8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;

9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету;

10) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу;

11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету [2] .

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейіні бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес.

3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар:

тәуелсіздік;

объективтілік;

кәсіби құзыреттілік;

құпиялылық;

адалдық;

ұйымдардың стандарттарын сақтау [3] .

Аудиттің түрлері мыналар:

1) міндетті;

2) бастамашылық.

2. Міндетті аудитке:

- акционерлік қоғамдар;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

- жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

- ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы қоры едәуір қатысатын заңды тұлғалар;

- жер қойнауын пайдаланушылар;

- банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

- қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

- астық қабылдау кәсіпорындары;

- сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

- инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

мақта өңдеу ұйымдары [4] .

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен жобалау компаниялары жатады.

Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.

Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.

3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді [5] .

Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган:

1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді;

3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді;

4) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді;

8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді;

9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;

13) кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін айқындайды;

14-1) аудиторлық ұйымдардың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;

16) басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді [6] .

Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Аудитор

1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.

2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады [7] .

Аудиторлық ұйым

1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.

3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс.

5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.

6. Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.

7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.

8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

Аудит жүргізу шарты [8] .

1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.

2. Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделеді.

3. Міндетті аудит және аудиттелетін субъектінің ілеспе қызметін жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

4. Аудитордың және (немесе) аудиторлық ұйымның аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтері коммерциялық құпияны құрайды. Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді сақтау міндеттерін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады [9] .

Кесте 1 - Бағалы қағаздар аудитін жүргізу әдістері

Әдістің аты
Қысқаша мазмұны
№: 1
Әдістің аты: Талдау әдісі
Қысқаша мазмұны: Кәсіпорынның бағалы қағаздармен жүргізген операцияларының талдауын болжайды, оларды есепте жүргізеді. Бұл әдіс бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша аранайы аудиторды дайындауды талап етеді.
№: 2
Әдістің аты: Статистикалық әдіс
Қысқаша мазмұны: Салыстырмаларды, топтауды, таңдауларды қолдануға, фактіленген индекстелген бағдарларға негізделген. Бұл әдіс айтарлықтай қарапайым және арнайы әдебиеттерде жеткілікті қарастырылған соң тәжірибеде кеңінен қолданылады.
№: 3
Әдістің аты: Нормативтік әдіс
Қысқаша мазмұны: Бағалы қағаздармен қандайда бір операциялардың қолда бар оңтайлы нормативтерді қолдануда тұрады.
№: 4
Әдістің аты: Сараптамалық әдіс
Қысқаша мазмұны: Кәсіпорындағы бағалы қағаздарды есепке алудағы күрделі жағдайларда қолданылады. Бұл операциялардың нақты құрамын анықтау кезде арнайы сараптама қажет болса.
№: 5
Әдістің аты: Нақты тексеру әдісі
Қысқаша мазмұны: Аудитор нақты бағалы қағаздардың болуын, бағалы қағаздар жылжу есебін, бағалы қағаздар операцияларының бухгалтерлік есебін тексереді
№: Ескерту - автормен құрылған

Аудиторлық есеп

1. Аудиторлық есеп жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиіс. Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.

2. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекітеді және аудиторлық ұйымның мөрімен расталады. Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмірі мен берілген күні де көрсетіледі. Аудитор өзінің жеке мөрін тиісінше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешімімен жарамсыз деп танылады [10] .

Өнім шығарылымы - бұл экономикадағы белгілі бір кезеңде рыноктық және рыноктық емес сипаттағы барлық өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жиынтық құны.

Бас мердігер - иерархиялық төменірек деңгейдегі орындаушылар - қосалқы мердігерлердің құрамын қалыптастыратын, олармен ақшалай есеп жүргізетін, олардан аяқталған жұмыстарды қабылдайтын құрылыс жұмыстарының басты орындаушысы.

Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) - күрделi құрылысты жүзеге асыруға қаражат бөлінетін немесе осы мақсатқа меншiктi қаражаты бар және мердiгерлiк ұйыммен күрделi құрылысты жүзеге асыруға мердiгерлiк шарт жасасатын ұйым, кәсiпорын немесе мекеме.

Инвестициялық ресурстар -құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланатын құрылыстық және басқа да материалдар, сондай-ақ машина жасау өнімі (негізінен азаматтардың жеке пайдаланатын заттары ретінде тұтынылатын оның жеке түрлерінсіз, мысалы: мотоциклдер, велосипедтер, жеңіл автокөліктер және с. с. ) .

Құрылыстағы баға индексі - құрылыс жұмыстарына бағалар деңгейінің сол уақыттағы өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Құрылысқа жұмсалған инвестициялардың технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, күрделі жұмыстар мен шығындар) жалпы көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі.

Ғимараттар мен ғимараттарды күрделі жөндеу - ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар.

Құрылыс жұмыстарының көлемі - ғимараттар мен имараттарды салу, қайта құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны [11] .

Мердігер - мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.

Құрылыстың мердігерлік әдісі - құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы реттеледі.

Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі шығындар - құрылыс сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар, техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және аудару шығындары, құрылыс-монтаж ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін қажет кадрлар дайындауға шығындар) .

Жобалау-іздестіру жұмыстары - инженерлік іздестіруді жүргізу, құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау, жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар [12] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттар жалпы құрылыс монтаж жұмыстары
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Құрылыс қызметінінң объектілері
Құрылыстық конструкцияларын пайдалану
Құрылыс компанияларындағы шығындар есебі мен аудитін ұйымдастыру
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы ақпарат
Жобаны басқару. Құрылыс фирмасын басқару тиімділігін арттыру құралы ретінде мәселелері және оны шешу жолдары
Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім мен шығындар
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz