Тәуелсіз лизингтік компаниялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе4

1 Кәсіпорында лизингті пайдаланудың теориялық негіздері7

1, 1 Лизингтің пайда болу тарихы және лизингтің негізгі түрлері7

1, 2 Кәсіпорында лизингті пайдалану қағидалары14

1, 3 Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері16

2 Қазақстан Республикасында лизинг нарығында лизингтік компаниялардың қызметін талдау («ҚДБ -Лизинг» АҚ мысалында) 20

2. 1 «ҚДБ - Лизинг» АҚ қызметтері мен міндеттерін сипаттау20

2. 2 «ҚДБ -Лизинг» АҚ лизингтік портфелін, іске асырылған жобаларын талдау28

2. 3 Қазақстандық лизинг нарығында «ҚДБ - Лизинг» АҚ лизингтік компаниясының орны33

3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтер нарығын жетілдіру жолдары38

3, 1 «ҚДБ - Лизинг» АҚ-ның даму келешегі мен басым бағыттары38

3. 2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтердің даму жағдайы43

3. 3 Қазақстандағы лизинг нарығының даму жағдайы және перспективалары47

Қорытынды50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі52

Қосымша №154

Қосымша №255

Қосымша №356

Қосымша №457

Қосымша №558

Қысқартылған сөздер тізімі

ҚДБ - Қазақстан Даму Банкі;

АҚ - Акционерлік қоғам;

ЖАҚ - Жабық акционерлік қоғам;

ҰӘҚ - Ұлттық әл-ауқат Қоры;

ҚР - Қазақстан Республикасы;

РФ - Ресей Федерациясы;

АҚШ - Америка Құрама Штаты;

СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы;

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы;

БҚО - Батыс Қазақстан облысы;

ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы;

ОШЕ - Орталық және Шығыс Еуропа;

ЕДБ - Екінші деңгейдегі банк;

ТЭН - Техникалық-экономикалық негіздеме;

ҰИҚ - Ұлттық инновациялық қор;

ТҰК - ТрансҰлттық Корпорация;

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ЭКА - Экспорттық несие агенттіктер;

ӘКК - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы;

АЭА - арнайы экономикалық аймақ;

ҚҚС - Қосымша құн салығы.

Кіріспе

Бүгінгі таңда инвестициялық қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.

Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құбылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Лизинг инвестицияларды орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде».

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдану көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтерге талдау жасай отырып, оның қазіргі жағдайына баға беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Кәсіпорындарла лизингті пайдаланудың теориясын ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасында лизинг нарығындағы лизинг компаниялардың қызметтерін талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтердің қазіргі даму жағдайына кеңірек тоқталу.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, лизингтің пайда болу тарихы, түрлері, кәсіпорында лизингті пайдалану қағидалары және лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталған.

Екінші бөлімде, лизингтік компаниялардың, оның ішінде «ҚДБ - Лизинг» АҚ лизингтік компаниясының қызметтері мен міндеттері, лизингтік портфелі, іске асырылған жобалары талданған.

Үшініші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтер мен қатынастардың дамуы мен жетілдіру жолдары туралы жазылған.

Курстық жұмысты жазу барысында: бұхаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды.

1 Кәсіпорында лизингті пайдаланудың теориялық негіздері

1, 1 Лизингтің пайда болу тарихы және лизингтің негізгі түрлері

Лизинг сөзі («мүлікті уақытша пайдалануға алу және беруге») ағылшын тілінен аударғанда «to lease» «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға берудің айырмашылығы - жалға беруде екі жақ алушы мен беруші қатысса, ал лизингке үш қатысушы лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы қатысады.

Лизинг 1950 жылдарда АҚШ-та, ал 1960 жылдарда Батыс Еуропада пайда болған. Дәстүрлі қаржыландыру әдістерінің жетіспеушілігі нәтижесінде Қазақстанда лизингтің дамуы қажет болды. Қазіргі уақытта дамыған елдермен бірге дамушы елдерде де үлкен қарқынмен дамуда. Лизингті арнайы лизингтік компаниялардың негізгі қорларын қаржыландырудың ерекше нысаны ретінде қарастыруға болады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылығыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингті лизинг беруші белгілі бір мүлікті сатып алып кәсіпкерлік мақсаты үшін лизинг алушыға уақытша пайдалануға беруді қарастыратын кәсіпкерлік қызметтің түрі деп қарастыруға болады.

Лизинг бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) басқа ұ йымға (лизингтік компанияға) қажетті құрал-жабдықты сатып алу және оны оған пайдалануға беруөтінішімен барған кезде болатын мүліктік қатынастар деп аталады.

Әлемдік тәжірибеде лизингке инвестицияны қаржыландырудың қосымша әдісі ретінде ерекше көңіл бөлінеді.

Шет мемлекеттерде ірі лизингтік мәмілелерді жасауда қатысушылардың саны - 6-7-ге дейін өседі. Мұндай жағдайда лизинг көпжақты лизинг деп аталады.

Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылы бастады. Еліміздегі лизинг келесідей жолдармен қалыптасқан:

  1. аймақтық көтерме делдалдық фирманың «Қазкелісімшарт» корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрғандар мен агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық, аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  2. екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  3. жаңадан құрылған арнайы лизингтік нысандар;
  4. лизингтің халықаралық нысандары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалардың бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Келесі қадам ретінде лизингтік қызметке байланысты қабылданған «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

Дүниежүзілік тәжірибеде лизингтік операцияларға инвестицияларды қаржыландырудың ерекше түрі ретінде үлкен көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта лизингтік операциялардың көптеген нысандары бар.

Лизинг, біздің еліміз үшін инвестицияны қаржыландыру түрі болып табылады, ол ұйымдарға (банк клиенттеріне) өндірісті қайта құруға көмектеседі. Сондықтан банк несиелік портфельдің жоғары өтімділік деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.

Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының көп түрлілігімен, лизингтік келісімшарттар мен лизингтік операцияларды реттейтін заң нормаларының модельдерімен сипатталады.

Лизинг түрлерін бөлген кезде жалға алынатын мүлікті; лизингтік операцияны қаржыландыру типін; лизингтік мүліктің типін; лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамын; лизингтік мүліктің өтелу дәрежесін; лизингтік операциялар жүргізетін нарық секторын; салықтық, кедендік және амортизациялық жеңілдіктерді; преференцияларға қатынасын; лизингтік төлемдердің тәртібін сипаттайтын жіктеліну белгілерінен тұрады.

Қаржыландыру типі бойынша жедел және жаңартылатын лизинг болып бөлінеді:

  • жедел, бұл кезде мүлікті реттік жалға беру орын алдады.

Жедел лизингті жартылай сатып алынатын, толық сатып алынатын қаржы лизингі деп екі типке бөлуге болады.

Жедел лизинг мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығымен, мүліктің құнын толық өтемеуімен сипатталады.

Жедел лизинг рейтинг (1 күннен 1 жыл мерзімге) және хайринг (1 жылдан 3 жылға дейін) болып екіге бөлінеді. Жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін мүлік иесіне қайтарылады.

  • жаңартылатын (револьверлік), бұл кезде бірінші мерзім өткеннен кейін лизинг келісімшарты келесі кезеңге ұзартылады. Осы кезде лизинг обьектілері белгілі уақыттан кейін тозуға және лизинг берушінің қалауына тәуелді аса жетілдірілген түрлерге өзгереді. Лизинг алушы өзіне құрал-жабдықты ауыстыру бойынша шығындарды алады. Жаңартылатын лизинг бойынша лизинг обьектілерінің көлемі мен оларды пайдалану мерзімдері тараптармен алдын ала келісілмейді.

Жаңартылатын лизингтің түрі лизинг алушыға жаңа келісімшаттарды жасамай жалға алынатын құрал-жабдықтың тізімін толықтыруға мүмкіндік беретін бас лизинг болып табылады. Бұл үздіксіз өндірістік циклмен байланысты кәсіпорындар үшін және серіктестермен қатаң келісімшарттық кооперация кезінде маңызды болады. Бас лизинг жедел жеткізу немесе лизинг бойынша алынған құрал-жабдықты ауыстыру қажет болған жағдайда қолданылады. Бас лизинг режимінде келісімшарттар бойынша қосымша құрал-жабдықты алуда қажеттілік туындаған жағдайда лизинг алушыға келісілген тізім бойынша талап етілетін құрал-жабдықты жеткізуге сұрау салуды лизинг берушіге беру жеткілікті болады. Келесім жасалған кезеңнің соңынада лизинг беруші шығындарының әр түрлі уақытын есепке алғанда лизингтік төлемдердің қайта есептелуі жүргізіледі және жаңа келісім жасалынады.

Қатысушылар құрамына (субьектілерге) лизингтің келесі түрлері жатқызылады:

  • тікелей лизинг, бұл кезде мүлік иесі (жабдықтаушы) обьектіні лизингке өзі береді (екіжақты мәміле) . Осы мәмілені классикалық лизингтік мәміле деп атауға болады, себебі ол жерде лизингтік компания қатыспайды.
  • жанама лизинг, бұл кезде мүлікті лизингке беру делдал арқылы жүргізіледі. Осындай мәміле классикалық лизингтік операциямен ұқсас болады, себебі бұл жерде жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысады.
  • бөлінген лизинг (көп жақтардың қатысуымен болатын лизинг) - leveraged leasing. Лизингтің осы түрі авиатехника, теңіз кемелері, теміржол және жылжымалы құраммалары сияқты күрделі, ірі масштабты обьектілерді қаржыландыру нысаны ретінде таралған. Осындай топтық немесе акционерлік лизинг деп аталды, бұл кезде бірнеше жабдықтаушы компаниялар, лизинг берушілер қатысады және бірқатар банктерден несиелік ресурстарды тарту, сонымен бірге лизингтік мүлікті сақтандыру және сақтандыру пұлдары арқылы лизингтік төлемдерді қайтару болады. Лизингтің осы түрі аса күрделі деп есептеледі, себебі оған көпканалды қаржыландыру тән. Лизингтің осы түрінің спецификалық ерекшелігі - лизинг берушілер лизинг обьектісін сатып алуға қажетті сомалардың бір бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Осы қаражаттар акцияларды шығару және мәмілені қаржыландыруға қатысатын лизинг берушілер арасында тарату жолымен тартылады және шоғырланады. Лизинг обьектісінің қалған келісімшарттық құны несие берушілермен (банктермен, басқа инвесторлармен) қаржыландырылады. Осы кезде несие берушілер лизинг берушілерден несеилер бойынша қарызды талап ету құығына ие болмайды. Осы мәмілелерге қатысатын жақтардың көптігінен несие берушілердің сенімді адамы - қарыз берушілердің әрекеттерін үйлестіру үшін және лизинг берушілердің сенімді адамы - контрагенттердің біріккен әрекеттерін басқару үшін қатысады. Лизинг берушілердің сенімді адамы номиналды лизинг беруші ретінде әрекет етеді және құрал-жабдықтың иесі атағын алады. Ол акционерлер арасында пайданы бөледі.

Тікелей лизингтің негізгі нысаны қайтарымды лизинг (sale and leaseback arrangement) болып табылады. Қайтарымды лизинг фирма - ғимарат, құрылыс немесе құрал-жабдық иесі осы меншікті қаржылық институтқа (банкке, сақтандыру компаниясына, инвестициялық қорға, лизингтік операцияларға арнайы бейімделген фирмаға) лизинг шартымен өзінің бұрынғы меншігін ұзақ мерзімді жалға беру туралы келісімді растаумен болатын өзара байланысты келісімдер жүйесін білдіреді. Қайтарымды лизинг берілген жағдайда кепілдік операцияның баламасы ретінде болады, осы кезде мәміле нәтижесінде оның жалға берушісі болатын меншікті сатушы өзінің басқаруына сатып алушыдан өзара келісілген сатып алу-сату мәмілесінің сомасын алады, бірақ ол жалға беруші ретінде болады. Қайтарымды лизинг ең алдымен айналым қаражаттары қажет болатын шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін қажетті болады. Қайтарымды лизингтің маңызды артықшылығы лизингтік операцияларға қатысушылар үшін берілетін салықтық жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі болатын жаңа обьектілерді қаржыландыру көзі ретінде эксплуатациядағы құрал-жабдықта пайдалану болып табылады. Қайтарымды лизинг капиталдық салымдарды төмен шығындармен қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Мүліктік типі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:

  • жылжымалы мүлік лизингі (құрал-жабдық, техника, автомобильдер, кемелер, ұшақтар және т. б. ) ;
  • жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар, құрылыс) .

Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг келесідей бөлінеді:

  • толық өтелумен болатын лизинг, бұл кезде лизингтік келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде толық немесе толық емес мүлік амортизациясы болады және сәйкесінше лизинг берушіге мүліктің құнын төлеу жүзеге асырылады;
  • толық емес өтелумен лизинг, бұл кезде бір лизингтік келсімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде мүліктің жарым-жартылай амортизациясы болады және оның тек бір бөлігі ғана өтеледі.

Өтелу белгілеріне (мүлікті амортизациялау шаттарына) сәйкес қаржылық және жедел лизинг деп бөледі.,

Қаржылық лизинг (financial, capital lease) s - серіктестердің арасындағы келісім мерзімінің ішінде құрал жабдықтың амортизациясының толық немес оның көп бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығындары мен пайдасын жабатын лизингтік төлемдерді төлеуді көрсететін өзара қарым қатынастарды білдіреді. Сонымен қатар, уақытша пайдалануға берген лизингтік мүліктің белгілі мерзім ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығумен немесе өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады. Берілген лизингтің түрі келесі негізгі сипаттарға ие:

  • левередж, лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа үшінші жақтың (өндірушінің немесе мәміле обьектісін жеткізушінің) қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық лизинг;
  • қызмет көресту лизингі, яғни жалға берілген мүліктің қызмет көрсету бойынша қызмет түрін ұсыну;
  • «пакеттегі» лизинг - инвестицияның ерекше түрі, яғни ғимарат пен құрылысқа несиеге берілсе, ал құрал-жабдықты жалға беру келісімшартына сәйкес болғанда берілетін лизинг.

Лизингтиік келісімнің мерзімі біткеннен кейін лизнг алушы мәміле обьектісін қалдық құны бойынша сатып ала алады; қысқұа мерзімге және жеңілдік ставка бойынша жаңа келісімшартқа отыра алады; мәміле обьектісін лизингтік компанияға қайтаруға мүмкіәндігі болады. Өзінің таңдауы туралы лизинг алушыр келісімшарта мәміле обьектісін алдын ала сатып алу (опцион) қарастырылса, онда тараптар лизингке берілетін обьектінің қалдық құнын алдын ала анықтайды.

Жедел (сервистік) лизинг (service, operating leases) -жалға берілетін мүліктерді сатып алу және ұстаумен байланысты лизинг берушінің шығындары бір лизингтік келісімшарт ішінде жалға беру төлемдерімен жабылмайтын жалға беру қатынастарын білдіреді. Ол 2-5 жылға жасалады. Жедел лизинг кезінде обьектінің бұзылу немесе жоғалу тәуекелі лизинг берушіде болады. Лизингтік төлемдер мөлшерлемесі шығындардың өтелу кепілдігінің жоқтығынан қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады. Жедел лизингтік келісімшарт біткеннен кейін лизинг алушы аса тиімді шарттармен келісімшарттың мерзімін ұзартуға, құрал жабдықты лизинг берушіге қайтаруға, нарықтық баға бойынша құрал жабдықты лизинг берушіден сатып алу келісім (опцион) бар болған жағдайда сатып алу құқығына ие болады.

Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты келесідей бөлінеді:

  • ішкі лизинг, бұл кезде мәміленің барлық жақтары бір мемлекетті білдіреді;
  • халықаралық лизинг, бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды;
  • сыртқы (халықаралық) лизинг - мәміленің тек бір жағы ғана болсын басқа мемлекетке жататын мәмілелер жатады. Сыртқы лизинг, өз кезегінде, шет ел жағы лизинг беруші болып табылатын импорттық және шет ел жағы лизинг алушы болып табылатын экспорттық лизингке бөлінеді.

Салықтық, амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизингтің келесі түрлері болады:

  • мүлікке, пайдаға, қосылған құн салығына, әр түрлі алымдарға, жеделдетілген амортизацияға салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдалану. Мысалы, берілген лизинг түрі ағылшын және америкалық фирмалармен сыртқы экономикалық салада 1980 жылдарда кең қолданылады. Мәмілелер лизинг берушіенің щет елде жалға берілген машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестициялар бойынша жеңілдіктерді алуына негізделген. Осы мәмілелер лизинг алушылардың өз мемлекеттерінде салық салу кезінде жеңілдіктерді пайдалана отырып, амортизациялық аударымдарды жасайты, ал шетелдік лизинг беруішелермен жасанды жалға беру мөлшерлемелері бойынша есептескен. Мысалы, келесі жағдай орын алған болатын: 4 ағылшын лизингтік компаниясы 140 млн доллар тұратын сегіз «Боинг» ұшағының лизингі бойынша осы техниканың американдық фирмалардан сатып ала отырып мәмілеге отырған және оны сол америкалық фирмаларға лизингке берген. Сомалық салықтық жеңілдік 20 млн долларға жуық болды.
  • жеңілдіктерді пайдаланбау.

Лизингтік төлемдердің сипаты бойынша лизингті келесідей түрлерге бөлу жүзеге асырылады:

  • лизинг түріне (қаржылық, жедел) ;
  • лизинг беруші мен лиинг алушы арасындағы есептеу нысандары:
  • ақшалай, бұл кезде барлық төлемдер ақшгалай нысанда жүргізіледі;
  • консепциялық, бұл кезде төлемдер лизингке берілген құрал жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу нысанында немесе лизинг алушы мен лизинг берушінің бір-біріне көрсететін қызметтерді есепке алу жолымен жүзеге асырылады;
  • аралас, бұл кезде төлемнің көрсетілген екі нысаны да қолданылады.
  • төлем есепке алынатын элементтерлдің құрамы (амортизация, қосымша қызметтер, лизингтік маржа, сақтандыру және т. б. ) ;
  • қолданылатын еспетеу әдісі:
  • тіркелген жалпы сомасы;
  • аванспен (депозитпен) ;
  • мүлікті қалдық құны бойынша сатып алуды есепке алғанда;
  • салу мерзімдерін есепке алғанда (төлеем кезеңінің басында, ортасында немесе соңында) ;
  • төлеу тәсілін есепке алғанда: тең бөліктермен; өсетін және төмендейтін мөлшерлермен (лизинг алушының қаржылық жағдайына және келісімшарттарына тәуелді) .

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшарттар көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейінде лизинг обьектісінің лизинг беруішінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

ЛТ= АА+НТ+КТ+ҚТ+ҚҚС [ 1 ] \lbrack 1\rbrack [ 1 ] \lbrack 1\rbrack

мұнда:

ЛТ - лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА - ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ - лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;

КТ - лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиялық төлем;

ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС - лизинг беушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құға салынатын салық.

Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

  1. лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
  2. лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
  3. лизинг алушы мен банк арасында.

Лизинг келісімшартында лизинг алушы келісімшартының мерзімі біткеннен кейін немесе біткенге дейін лизингтік мүлікті сатып алу құқығы қарастырылған.

Лизинг беруші лизингтік мүлікті, егер лизинг келісімшартында ескерілмесе, кепіл ретінде пайдалануға құқылы.

Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып, сатушыны осы мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға (лизингке) беруге арналғаны туралы ескеруі қажет. Лизинг алушыға лизингтік мүлікті жеткізу кезінен бастап сатушыға мүліктің сапасы, жинақтылығ, жеткізу мерзімділігі және сатушы мен лизинг алушы арасындағы сатып алу-сату келісімшартын дұрыс орындамау жағдайларында шағым беруге құқығы бар.

Іс - жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт келесідей элементтерді қамтуы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтік шарттың объектілер шеңбері
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
Лизинг алушының гарантиялары
Қазақстан Республикасындағы белсенді лизингтік компаниялар
Жал есебі
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстанда енді ғана қалыптасып келе жатқан лизинг нарығының бүгінгі жағдайына талдау жасау
Лизинг шартының орындалу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz