Мектептің мәліметтер базасын құру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 Ғ. МАХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББ МЕКТЕП
1. 1 Мектеп сипаттамасы . . . 8
1. 2. Мектептегі педагогикалық жаңа технологиялар . . . 10
1. 3 Мектептегі ақпараттық жүйелер және оқыту ерекшелігі . . . 11
2 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ
2. 1 Бағдарлама құрылымы. Негізгі модуль . . . 22
2. 2 Компоненттер палитрасы . . . 24
3 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МӘЛІМЕТТЕР
БАЗАСЫН ҚҰРУ
3. 1 Мәліметтер базасының негізгі ұғымы . . . 26
3. 1. 1 MS ACCESS 2007 МББЖ-мен жұмыс істеу . . . 29
3. 1. 2 Мәліметтер базасының объектілері . . . 29
3. 2 Мәліметтер базасында жобалау кезеңдері . . . 38
3. 3 Мәліметтер базасының қолданылуының алғы шарттары . . . 40
4 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТУДЫ ЖОБАЛАУ
4. 1 Базалық бағдарламамен қамту . . . 42
5 ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ
5. 1 Бағдарламаны құруға кеткен еңбек шығынының есебі . . . 48
5. 2 ДЭЕМ жұмыс уақытының жылдық қорының есебі . . . 50
6 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
6. 1 Ақпараттық қауіпсіздік . . . 53
6. 2 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты . . . 55
6. 2. 1 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері . . . 57
6. 2. 2 Қауіпсіздік таңбасы . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 63
ҚОСЫМША . . . 65
КIРIСПЕ
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Олай болса, біздің мемлекетіміз де бұл мәселеден шеткері кете алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогресшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуді жоғарғы деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т. с. с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан ары жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. бүгінгі күні жоғары және үздік білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрлымдары пайда болды. Қазақстан үшін стратегиялық дамудың басым міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында прогрессшіл саясат жүргізу. Ол үшін программалық тренажерлер, дидпктикалық ойындар, гипертекістік жүйелер сияқты оқыту, дамыту, бақылау бағдарламалары кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптаушы - оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолдануда.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындау аса маңызды мәселе. Олардың атқаратын қызметтерінің ауқымды кең, мысалы, бақылау және тестілік программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды әр түрлі ортада даярлауға болады. Бұл информатика мұғалімдерінің кәсіби даярлығына, шеберлігі мен компьютерлік мәдениеттілігіне бірқаттар талаптар қойып отыр. Бұл талап үдесінен шығу үшін әр түрлі бағыттағы пәнаралық байланыстарды жандандырған жөн. Информатиканың пәнаралық байланысын жолға қою және оны пайдалану студенттердің біртұтас білім-білігін қалыптастырып, болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби міндеттерінің шешілуіне жағдай жасайды.
Біздің жұмысымызда осындай компьютерлік оқыту, дамыту, бақылау бағдарламаларының оқушылардың зерттеушілік қызметіндегі маңызы айқындалып, оларды жасаудың әдістері қарастырылған. Мұндай бағдарламаларды пайдалану оқушыларға өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызады. Сонымен бірге оқушылардың сабаққа деген қызығылушығын, белсенділігін арттырады. Оқыту, дамыту, бақылау бағдарламаларын пайдалану мұғалдімнің оқу-әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Мысалы, оқытудың әр кезеңінде компьютерлік тест арқылы оқушы білімін жеке бақылаумен қатар, графикалық немесе мәтін түрінде бейнелеу, мультимедиялық бейнелеу және дыбыс бөлімінің бағдарламасын іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерге байланысты ғылыми-территориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалпыға, абстрактыдан нақтыға қарай жылжу үрдістері оқыту, дамыту, бақылау бағдарламаларын оқу процесінде қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Мұнда мұғалімнің басқару рөлі өзгереді. Енді мұғалім білім мен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін кеңесші әрі әріптес ретінде қызмет атқарады.
Диплом жобасының мақсаты:
- Мектеп сипаттамасын беру;
- Мектептің мәліметтер базасын құру;
- Жұмыстың қорытындысы бойынша жалпы немесе деталданған есептерді алуды қамтамасыз ету;
- Мәліметтердің нақты және толық талдауын орындау;
- Үлкен көлемді ақпаратты сақтау, қажетті ақпараттарды таңдау, баспаға беру.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтармен бірге оқыту, дамыту, бақылау бағдарламалармен жабдықтау жұмыстың көкейкестілігін айқындайды.
- Ғ. МАХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББ МЕКТЕПМектеп сипаттамасы
Қызылжар мектебі - қазіргі Ғ. Махамбетов атындағы ЖОББ мектеп - қазақ халқының жаппай отырықшылыққа көше бастауымен байланысты тұрақты оқыту орны болып қалыптасқан осы өңірдегі алғашқы тұрғызылған мектептердің бірі. Мектеп өз жұмысына кіріскеннен бастап, бір ғысырдай кезең ішінде бірнеше тарихи оқиғаларды басынан кешірді. Мектеп орыс империясының отаршылдығы кезінде салынып, алғашқы қадамын патша империясының соңғы кездерінде бастады. Мектеп - орыс-қазақ мектебі деп аталып, оның атынан-ақ орыстық үстемдік көрініп тұрды. Пугачев көтерілісінен кейін казактармен шатастырмас үшін қазақтарды «киргиз-кайсак» - деп атап келгені тарихтан белгілі. Тіпті Совет өкіметінің бастапқы жылдарында да елімізді солай атап келді. Мектепте сабақ орыс тілінде жүргізіледі.
Елдің өміріндегі айтулы орын алған тарихи кезеңдердегі соның ішіндн қолдан жасалған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ел азаматтары мен мектеп мұғалімдерінің есімі еліміз тәуелсіздік алғанға дейін ауызға алынбады. Ол кезде саяси құрбандар айтылып, құрбандық себебі ізделінетін болса, ол компартияға тиетін еді.
Мектептің іргетасында диаметрі 10-12 см болатындай дөңгелек темірге түсірілген «1888 жыл» деген жазу болды, ол көп жылдар бұрынғы күрделі жөндеу кезінде жоғалып кетті. Ауыл қариялары «Мектеп 1888 жылы ашылған болар»- деп топшылайды.
Қазақ жеріндегі білім беру ісін халық ағартушысы Ы. Алтынсариннің еңбек қызметінен ажыратып қарауға болмайды. Ыбырайдың еңбек жолы туралы «Қазақ энциклопедиясынан» оқысақ, Алтынсариннің ұсынысы бойынша 1888 жылы Орскіде мұғалімдер мектебі ашылды. Ол кезде мектептер училище деп аталған. Біздің мектепті де ашылған кезде «русско-киргизское однокласное училище» деп атаған. Қалалардағы орыс қырғыз училищелерін жақсы бітірген жастар мектепте мұғалімдікке алынды. Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін екі жыл өткен соң, 1891 жылы Торғайда, 1898 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жанында интернаты бар қыздар училищелері ашылды.
Осы нақты тарихи деректерге сүйеніп, Қызылжар мектебінің 1888 жылы салынғаны негізсіз, алып-қашпа әңгімелерден туған пікір деп есептеп, мектеп бұдан бірнеше жылдардан кейін ғана пайданалуға берілген деген қорытындыға келген. Оған бірінші себеп: Дүйсеғали Бурабаев атамыздың «Алып-қашпа әңгімелерге сеніп, өтірік, болмаған нәрселерді айтып, тарих алдында күнәлі болып қалмандар» дегені қамшы болса, екінші себеп болғаны - ССРО құрамында Қазақстан Республикасының құрылғанына 50 жыл толуына байланысты 1970 жылғы «Қазақстан мектебі» журналында «Қаракөл мектебінің өткен жолы» деген мақала жарияланады. Бұл мақалада Қаракөл мектебінің екі корпусыда (бірі мектеп, бірі интернат) күйдірілген қызыл кірпіштен салынғаны туралы айтылған. Қаракөл мектебі мен Қызылжар мектебі құрлысы жағынан, пайдаланылған материалы жағынан бір-біріне ұқсас: қызыл кірпіштен қаланған.
Мектеп 1898-1900 жылдар шамасында оқыту жұмысын бастады деп айтуымызға болады. Нақтылай түскенде, мектептің ашылуы туралы халық аузында айтылып жүрген 8 санын ескерсек, мектеп 18989 жылы Қызылжар мектебі пайдалануға берілген болады.
Бір ғасырдан астам тарихы бар Қызылжар орта мектебіне ҚР Үкіметінің 2000 жылғы тамыздағы №13525 қаулысымен Ғабдолла Махамбетов есімі берілді. Тіркеу номері: 1809-1926-У-Е.
Қызылжар мектебі орта мектеп (директоры Ғ. Махамбетов) дәрежесінде болды. Орта мектеп жанында балалар үйі де болды. Балалар саны толық емес еді. Соғыстан кейінгі жылдар ішінде балалар мектепке түгел тартыла алмады. Ересек балалар ауыл шаруашылық жұмыстарында жүрді. Халық түгел сауатты делінгеннің өзінде оқып-жаза алмайтын, тіпті қолдарын қоя білмейтін, ақшаны да есептей алмайтын адамдар болды. Балалар санының кеміп кетуіне байланысты Қызылжар мектебі жеті жылдық мектепке айналдырылды. Жетінші, одан жоғары кластың оқушылары басқа мектептерге көшірілді. Соғыстан кейін міндетті жеті жылдық білім беру саясаты жүргізіле бастады. 1960 жылдардың басында бұрынғы жеті жылдық мектептер орнына сегіз жылдық мектептер орын алды. Қызылжар мектебі де сегіз жылдық мектеп деп аталды.
Қызылжар мектебі 1966 жылдан бастап орта мектеп болды. Ауыл халқының өсуіне байланысты жыл санап мектептегі оқушылар саны өсе бастады. 1970 жылдың орта шамасында мектептегі балалар саны 425-ке жетті. Барлық кластар қос-қостан есептелді.
1970 жыл үлесіне біршама жұмыстар тиді. Мектеп пен интернат үшін жаңадан салынған екі ОШ-60 жобадағы интернат және мектеп үйлерін оқу жылы басында пайдалануға беріп және күз кезінде оларға бір орталықтан берілетін жылу жүйесі жүзеге асырылды. Мектеп ауласы қайта қоршалып, безендірілді. Осы жылы мектеп ауласына биіктігі 25 м мача жасалып, оның басына қызыл шам орнатылады. Ол қыс кезінде балаларды суықтан қорғау үшін белгі ретінде қолданылды. Ауылдың бір шеті мен екінші шеті мектептен 2км-дей қашықтықта. Қатты боранда және 30 0 суықтан асқанда балалардың мектепке қатынауы қиын уақытта, таңғы сағат 7-де қызыл шам жағылатын. 1970 жылдан мектепте оқыту жұмысы кабинеттік жүйеге көше бастады.
Осы жылдары мектеп бітірген түлектерді мал шаруашылығына тарту жұмыстары басталды. 1973 жылы «Арай» және «Құралай» атты жас шопандар бригадасы құрылды. Бригада ұстаз-шопанға үй, жастар үшін жатақхана, клуб, асхана, монша үйлерін тың жерлерден салып берді. 9-кластардың жаз кезіндегі еңбек практикасын жүзеге асыру үшін оқушылар малшы-шопан қыстақтарын жөндеді. Оқу жылы аяқталғанда ер мұғалімдеріміз кезекті демалысына шықпай тұрып, мектептің сынған мүліктерін, 15-20 күн ішінде жөндеп бітіріп кететін. 1970 жылдың аяғында ел бойынша халықтың ота білім алуы жүзеге асырылды деп жарияланды. Осыдан бастап орта мектепте 11 жылдық оқытуға көшу қолға алына бастады.
1982 жылы мектеп типтік жобадағы жаңа мектеп үйіне көшірілді.
1. 2 Мектептегі педагогикалық жаңа технологиялар
ҚР-ның «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұстаздары күнделікті іздену арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге жол алатындай жаңа тәжірибелер, әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді, керекті жерінде дұрыс пайдалана білуі керек.
Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.
Білім Заңындағы осындай талапты орындау мақсатында облыстық бюджеттен 2005 жылы 12 компьютер және ескі буындағы компьютерлерді ауыстыру мақсатында 3 компьютер, 2008 жылы 2 компьютер, 2009 жылы 3 компьютер берілді. Мектебімізде қазіргі таңда барлығы 35 компьютер бар, олардың барлығы да жұмыс істеп тұр, интернетке қосылған. Мұғалімдер мен оқушылар өз білімдерін толықтыру, жетілдіру үшін қажетті тақырыптарды, мәліметтер мен деректерді интернеттен алып, сабаққа үнемі дайындалып келеді.
Заман көшіне ілесу талабының бірі - оқу үрдісінде электронды оқулықтарды енгізу. Өйткені бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқанын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Мектепте барлық пәндерге арналған электрондық оқулықтар бар. Мысалы: биология, физика, информатика, химия, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, валеология, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық, тіпті бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар да бар. Олардың барлық саны - жетпіс.
Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытында қолданылатын жаңа түрдегі құрал - активті экран - интерактивті тақта болып табылады.
Елбасының 2007-2009 жылдарға арналған «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы бойынша бүгінде мектептің 40 пайызы курстан өтіп, олар сабақтарын компьютерлік кабинетте, физика және интерактивті тақта кабинетінде өткізіп келеді.
Ел ертеңі - білімді ұрпақ. Баланы білімді етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуі қажет. Отанымыздың ертеңгі күнгі тірегі, халық ойшылдары, қайратты азаматтарын тәрбиелеуде шығармалықпен еңбек ету жолында осындай жұмыстар жүргізіліп келеді.
1. 3 Мектептегі ақпараттық жүйелер және оқыту ерекшеліктері
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту бағдарламасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т. б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Бағдарламалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында бір компьютерге 16 оқушыдан келеді, ауылдық жерлерде - 18. Интернет желісіне мектептердің 98%-ы қосылған, ауылдық жерлерде - 97%. Кең жолақты интернетке 37, 3% мектеп қосылған.
Мектептерді лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл кабинеттерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өтеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды, сонымен қатар мұғалімге толық бақылауды қамтамасыз ететін мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3450 мектеп лингафондық және мультимедиалық кабинетпен жабдықталды.
2007/2008 оқу жылынан бастап республиканың мектептерінде онлайн оқыту жүйесі енгізілуде. Төрт жылдың ішінде 3571 мектеп интерактивті кабинеттермен жабдықталған. Сонымен қоса 1721 мектеп республикалық бюджеттен жабдықталған, онда бес кабинеттен бар (екі универсалды және үш физика, химия және биология пән кабинеттері) Бұл мектептер кең жолақты Интернетке 512 Кб/сек. жылдамдығымен қосылған.
Жергілікті бюджет есебінен интерактивті кабинеттермен 1850 мектеп жабдықталған.
Онлайн сабақтарын өткізуге арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулері бар білім порталы жұмыс істейді. 2007-2010 жылдары апта сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша 300 ден астам сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
2010 жылдың наурызында «Білімдегі инновация» атты халықаралық форум өткізілді.
Форумның мақсаты - білімдегі ақпараттық технологияларға байланысты кең сұрақтарды талқылау, озат IT компаниялардың жаңа жабдықтарын көрсету.
Қазақстандық білім беру порталында алғашқы рет «Үздік сандық ресурс» атты қашықтықтан конкурс өткізілді. Үздік электрондық ресурстар электрондық дауыс беру үшін қазақстандық білім беру порталында www. portal. edu. kz орналастырылды.
Ақпараттандыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі электрондық оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл қалалық және ауылдық мектеп білімін теңестіруге, технологиялық сауатты азаматтарды дайындауға бағытталған.
«Е-learning» жобасын 2 кезеңде жүзеге асыру қарастырылған. Біріншісі - 2011-2015 жылдары, екіншісі - 2016-2020 жылдары. Жоба мектептерді цифрлық білім беру ресурстарымен, жылдамдығы 4-10 Мбит/с болатын кеңжолақты интернетпен, оқу процесін және статистиканы толық автоматтандыру (электрондық журнал, кітапхана, сабақ кестесі, күнделік, ата-аналарға sms арқылы хабарлау) . Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік білім беру ресурсы мен оқыту технологияларына қол жеткізеді.
Компьютерлік техниканың дидактикалык, мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:
- Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
- Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
- Ұйымдастырушылық - оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
- Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм - Ата-ана» және т. б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
- Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
- Ынталық/психологиялық - психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
- Жобалық - мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
- Ғылыми-iзденiстiк - мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
2 DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz