Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ6
1. 1 Этнопсихологиядағы қарым - қатынас ерекшеліктерін және оның өзіндік санаға әсерін зерттеу теориялары6
1. 2 Мектеп оқушылар ұжымының қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсері28
2. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ САНАНЫҢ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ41
2. 1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті және сипаттамалары41
2. 2 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі51
Б. Басстың тұлға бағыттылығын зерттеу әдістемесі51
ҚОРЫТЫНДЫ69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ71
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Қазақстанның тарихи даму кезеңінде этникалық өзіндік сананың қалыптасу ерекшеліктерін және оның ұлт аралық қатынастарға әсерін жан-жақты зерттеуге әлеуметтік сұраныс-зерттеу өзектілігі болып отыр.
Этнопсихологиялық білім әр түрлі әлеуметтік және мәдени жүйедегі адамдардың өзара ұғынуына көмектеседі.
Өткен ғасырдың орта шенінде академик Т. Тәжібаев ұлттық психология мәселелерін жан-жақты зерттеудің аса маңыздылығын, қажеттілігін атап өткен.
Соның ішінде, біз үшін «өз» этносымен идентификациялау (біртектілену) және «басқалардан ерекшелену» механизмінің этникалық өзіндік сана-сезімін қалыптастыруға ықпалын айқындауға Б. Ф. Поршневтің, Т. Г. Стефаненконың, О. Л. Романованың, Л. И. Науменко және тағы басқалардың еңбектері өте маңызды рөл атқарды.
Қоршаған әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі түрлі жолдармен жүреді, ең алдымен білім беру мекемелері арқылы іске асатыны белгілі. Білім беру мекемелері тұлға әлеуметтенуінің алғашқы институттардың бірі ретінде ұжымда бірлесіп әрекет жасайды.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған оқушылардың ұжым болып қалыптасуына қарым - қатынас пен өзіндік сана әсерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым - қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртурлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым - қатынаста болуы.
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым - қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінң біріккен эконимикалық, саяси және т. б. іс - әрекеттке бейімделуі жоспарында ұлттық - психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез - келген адам, әсіресе КСРО - ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым - қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникалық қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу мәселесі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі оқушылар ұжымын қалыптастыру. Әр ұлт өкілінен жиналған оқушылар ұжымның қалыптасуына, жаңа ұрпақтардың қарым - қатынасы мен этникалық өзіндік санасының әсері бар. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір - бірімен өзара қарым - қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым - қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ және орыс ұлт өкілдері балаларының мектеп оқушылар ұжымының қалыптасуына қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сананың әсерін анықтау.
Зерттеу нысаны: қазақ және орыс сыныптарында оқитын, қазақ және орыс ұлтты оқушылары.
Зерттеу пәні: Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Зерттеудің болжамы: Мектеп оқушылар ұжымын қалыптастыруда қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік - коммуникативті және эмоциялық бағалау компоненттеріне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.
Зерттеу міндеттері:
- Психологияда отандық және әдебиеттеріндегі қарым - қатынас және этинкалық өзіндік сана мәселесін теориялық тұрғыда қарастыру.
- Қарым - қатынастағы пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін зерттеу әдістерін өңдеу.
- Әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып оқушылар қарым - қатынас пен этникалық сана ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері : Оқушылардың қарым - қатынастарындағы этникалық өзіндік сананы сипаттайтын психологиялық ерекшеліктердің талдануы және осы мәселе бойынша С. Л. Рубинштейн, И. И. Чеснакова. А. Г. Спиркин, В. В. Столин, И. С. Кон еңбектердің қарастырылуы.
Зерттеу әдістері: 1. «Әлеуметтік - коммуникативті компетенттілікті анықтау» әдістемесі;
2. «Б. Басстың тұлға бағыттылығын анақтау» әдістемесі;
3. «Қатынастың диагностикалық тесті» (ҚДТ) .
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы таңдалып, оны теориялық тұрғыда саналы ұғыну жүзеге асырылды; зерттеудің мақсаты мен міндеті құрылды; зерттеудің жұмыс болжамы құрастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдіснамалық және оқу әдістемелік әдебиеттер зерттелінді және талданды. Аталынған кезеңде констатациялық эксперимент жүргізілді.
Екінші кезеңінде зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүзеге асырылды;
Үшінші кезеңде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтежелеріне талдау жүргізілді, зерттеу нәтежелері жалпыланды, тұжырым жасалды, зерттеу нәтежелері жалпыланды, тұжырым жасалды, зерттеу нәтежелері көрнекі графикалық түрде безендірілді.
Зерттеудің практикалық базасы: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сартөбе ауылы, «Сартөбе қазақ-орыс аралас орта мектебіндегі жоғарғы сынып оқушыларына ( 10-11 сынып) жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет оқушылар ұжымының қалыптпсуына әсер ететін қарым -қатынас пен өзіндік сана теориялық және практикалық зерттелінді.
Зерттеудің практикалық маңызыдылығы : Мектеп оқушылар ұжымын қалыптастыруда қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік - коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланыстылығын қазақ-орыс аралас орта мектебінде мұғалімдер, тәрбиешілер, психологтар қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі -66 бет. Пайдаланылған әдебиеттер саны -57
ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Этнопсихологиядағы қарым - қатынас ерекшеліктерін және оның өзіндік санаға әсерін зерттеу теориялары
Қарым - қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез - келген ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген. Қарым - қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар аударған. Қарым - қатынасты зерттеу үдемелеп бара жатыр. Қарым - қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс - әрекетінің қажетті шарты болып табылады.
Қарым - қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуына және оның психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты. Бірақ, қарым - қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие[1] .
Қарым - қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндер мен ғана емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым - қатынас мәселесі рөлінің дамуын барлық психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде қарастыруға болатын шығар.
Қарым - қатынас мәселесін зерттеуге көптеген ғылым өкілдері өз үлестерін қосқан: философияның әлеуметтанудың, педагогикалық, психологияның және т. б. Қарым - қатынас әртүрлі деңгейде, әр түрлі аспектіде зерттелінген аса көпқырлы процесс болып табылады.
Кеңес психологиясы психикалық құбылыстарды объективті шындықты субъективті бейнелеудің түрлі формалары мен деңгейлері рерінде қарастырылатыны белгілі. Сонымен бірге бейнелеу пассивті «айналы» акт емес екендігі, ол адамның нақты болмысына кіретіндігі, оның «құраушысы» болып табылатындығы және онда белгілі әсерлі роль ойнайтындығы болжанады.
Қарым - қатынас - бұл адамдардың іс - әрекет процесіндегі өзара әрекет формаларының бірі. Қарым - қатынастың белгілі анықтамаларының бірде біреуі олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді. Бұны қарым - қатынастың адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қырым - қатынастың қанағаттанарлық дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып табылады.
Авторлар жиі қарым - қатынас анықтамасы негізіне өздері белгілеп қойған қандай да бір қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді. Мысалы, А. А. Леонтьев қарым - қатынасты байланыс орнату және ұстау процесі ретінде анықтайды, Е. П. Ерастов - қоғамдастықты құру процесі ретінде, Х. И. Линнете - құндылықтармен алмасу ретінде анықтайды. А. В. Киричук - индивидтер арасындағы байланыс және қатынас ретінде, Н. Е. Ведерникова - адамдық мән туралы білімнің қайнар көзі ретінде, М. А. Зимняя - қоғамдық-коммуникативті іс - әрекет формасы ретінде, Л. Н. Дзокировская және Е. Ф. Тарасова - әлеуметтік өзара әрекет ретінде. В. И. Соковкин - адамдардың бір- бірінің саналарына әсер ету ретінде, В. Е. Семенов - жеке тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде түсіндіреді.
Осы анықтамалардың барлығында қарым - қатынасқа тән құбылыстар көрінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы, жеке алғанда, осы феноменнің бүкіл мазмұнын айтып бітпейді. Қарым - қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін үш жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді: «іс - әрекет», «қатынас», «бейне». Оларға қатысты қарым - қатынас түсінік ретінде шығады және олардың онтологиялық бірлігінің бір формасы болып табылады. [2]
Іс - әрекет өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбекке, танысға, ойынға, қарым - қатынасқа қатысты. Бірақ бірқатар жағдайларда қарым - қатынас және іс - әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады.
Жиі жағдайда бұл логикалық дәлсіздік «іс - әрекет » түсінігін еңбек іс - әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:
Іс - әрекет пен қарым - қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және қарым - қатынас қатынастарының шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін білдіреді.
Қарым - катынас пен іс - әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама - қайшылыққа ; өйткені еңбек және қарым - қатынас қатынасының шынайылығы олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді.
А. А. Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің формасы. Егер іс - әрекет - бұл адамның заттар әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет процесі. Қарым - қатынас ұғымының гносеологиялық «торшасы» болып адамның адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады. [2]
Л. П. Буева қарым - қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның түсіндіруінше, қарым - қатынас - бұл қоғамдық субъектілердің (тұлғалар, топтар) өзара байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс-әрекетпен, ақпаратпен, тәжірибемен, қабілеттіктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен қатар іс - әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л. П. Буева қарым - қатынасты тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті және жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді. [3]
Бұл ұғым философия, әлеуметтану және әлеуметтік психология торабында жете зерттелген және жалпы сипатқа ие. Ол адамдар, әлеуми топтар, түрлі қоғамдық субъектілер арасынағы кез - келген өзара байланысты зерттеуге бағытталған. Әлеуметтік деңгейде қарым - қатынас әлеуметтік тәжірибе мен мәдени мұраны бір ұрпақтан басқа ұрпаққа қалдыру үшін қажетті шарт болып табылады.
Психологиялық тар мағынада қарым - қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.
А. В. Петровский және М. Г. Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым - қатынас біріккен іс - әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір старатегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылды. Бұл анықтама қарым - қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетті, бірін - бірі тануы. Мазмұнның осы үш сипаттамасын қарым - қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады, адамдардың бір - бірін түсінуі және тануы қарым - қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір - бірін түсінуі және тануы қарым - қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады. [4]
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болды және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенитикалық және отногенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы - адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құраммен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік - психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер еме ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл - ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қағамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анықталмаған. Сөйлеудің маңызды факторы ақпаратты паралингвистикалық тәсілдер болып табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбысты айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы. Қарым - қатынаспен қоса жүретін паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контексін анықтайды.
Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе, керісінше, оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама - қайшылықты толық емес қарым - қатынас факторы ретінде қарастыру керек.
Кез - келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым - қатынас жүреді. Ал егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым - қатынас жүрмейді, өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір - біріне қызыға қарағанда.
Адамның әлеуми болмысын талдауда іс - әрекет категориясына маңызды роль беріледі. Іс - әрекет жайлы маркстік - лениндік ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, эксперименталды және қолданбалы зерттеулердегі іс - әрекет талдамы арқылы адам психологиясының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады.
Іс - әрекетті кеңес ғалымдары жалпы психологиялық зерттеуде мәнді жетістіктерге жеткен Б. Г. Ананаьев, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубиншитейн, А. А. Смирнов, Б. М. Теплов және тағы басқалар.
Іс - әрекеттің алуан түрлерін талдау принциптері мен өңделген теориялар психологиясының әлеуметтік аудандарында кеңінен қолданылды: әлеуметтік психологияда Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, Е. С. Кузьмина, А. В. Петровский, Е. В. Шорохова және тағы басқалар, инженерлік психологияда және еңбек психологиясында Н. Д. Завалов, Г. М. Зараковский, В. П. Шадриков және т. б, балалар және педагогикалық психологияда П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Г. С. Костюк және тағы басқалар.
Бұл концепциялар индивидуалды іс - әрекетті зерттеу негізінде қалыптасқан, онда оның анықтамасының негізін «субъект - объект », «субъект - зат » қатынастары құрайды. Осыған сәйкес психологиялық талдау кесінділері және онда қолданылатын ұғымдық аппарат «субъект - объект » қатынасы шеңберінде өңделеді. Бұндай бағыт дұрыс және өнімді. Бірақ ол адам болмысының бір жағын ғана ашады. Кейде іс - әрекет пен қарым - қатынас өзара байланысты пареллельді процестер ретінде емес, адамның әлеуми болмысының, оның өмір бейнесінің екі жақтары ретінде қарастырылады.
Ең соңында, қарым - қатынасты іс - әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Осы көзқарастың ішінде оның екі түрін бөлуге болады: олардың біреуінде қарым - қатынас коммуникативті іс - әрекет, немесе онтогенездің белгілі кезеңінде өз бетінше көрінетін қарым-қатынас іс - әрекеті ретінде түсініледі. Қарым - қатынасты «іс - әрекет» категориясы арқылы анықтай отырып, В. Г. Анааньев, А. А. Бодалев және т. б психологтар қарым - қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды сипатын көрсетеді.
«Қарым - қатынас үшін қарым - қатынас» жағдайын қоспағанда қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық сипатымен дә сәйкес келеді, партнер да, онымен қарым - қатынас та біріккен іс - әрекеттің заттық - практикалық мақсатына жету амалы болып табылады.
«Бейне» және «қатынас» категориялары арқылы қарым - қатынас анықтамасында адамның адаммен өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетіледі.
Адамдардың біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді:
Бірінші салада партнерлердің тұлғалық мәнін тану өтеді.
Екінші салада қарым - қатынас процесінің спецификалылығын сипаттайды.
Бұл таным адамды қабылдау объектісі ретінде бейнелеу негізінде өтеді (оның сыртқы келбетін, әрекетін, қылықтарын, мінез - құлқын, оның тұлғалық мәні жайлы ақпарат беретін іс - әрекет өнімдерін) . Осы және вербальды сонымен қатар техникалық өзара байланыс тәсілдері арқылы партнерлар бір - біріне өздерінің ісәрекеті, идеялары, сезімдері және т. б жайлы ақпарат айтып, оларды біріккен өмір әрекеті жайлы және жеке мақсаттармен сәйкес реттеуге ұмтылады.
Қарым - қатынас анықтамасында «бейне» категориясы көзқарасын қарау, қарым - қатынас партнерлардың өзара әрекеттің мазмұнды жақтары туралы идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып табылады деген тұжырымға әкеледі.
Қарым - қатынас жалпы дәлел бойынша осы барлық қатынастардың көріну формасы болып табылады. Бірақ бұл бұған ақпараттық процестердің барлық амалдары қарым - қатынастың материалды формасы ретінде қызмет ететін мағынада ғана дұрыс.
Қарым-қатынастың өзі біріккен іс - әрекетте пайда болатын қоғамдық, психологиялық, әлеуми - психологиялық қатынастар ретінде эмоционалды және әлеуметтік боялған өзара қатынастардың идеалды формаларында да болады.
Сондықтан, Б. Д. Парыгиннің дұрыс жазуынша: «Қарым - қатынасты бір уақытта индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір - біріне қатынасы ретінде де, олардың бір - бірін түсіну процесі ретінде де бола алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық негіздері бар».
Қарым - қатынастың бірнеше түрлерге бөлінеді, олар кері байланыс ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым - қатынас жанама және тікелей, тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым - қатынас - бұл тікелей «бетпе-бет» кәдімгі қарым - қатынас, өзара әрекет субъектілері жақын орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы қарым - қатынасқа түседі. Тікелей қарым - қатынас ең толық өзара әрекет түрі болып табылады, өйткені индивидтер мактималды ақпарат алады. Тікелей қарым - қатынас формальды және тұлғааралық болады. Тікелей қарым - қатынасқа екі субъектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше субъектілер арасында өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым-қатынас кіші топтар үшін реалды болуы мүмкін, яғни өзара әрекет субъектілерінің барлығы бір - бірін білетін топта.
Жанама қарым - қатынас индивидтер бір - бірінен уақыт бойынша немесе қашықтық бойынша алшақталған жағдайларда өтеді, мысалы, субъектілер телефон арқылы сөйлеседі немесе бір - біріне хат жазады. Жанама қарым - қатынас толық емес психологиялық байланыс болып табылады. Бұнда кері байланыс күрделенген. Жанама қарым - қатынаста екі субъектілер арасында және топта жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz