Еңбек өнімділігін экономикалық ынталандыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ-НІҢ НЕГІЗІ

1. 1 Еңбек өнімділігінің мәні

1. 2 Еңбек өнімділігін талдау

1. 3 Еңбек өнімділігін экономикалық ынталандыру

II. САТПАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУМЕН - СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ КӘСІПОРЫНЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕНБЕК ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2. 1 Сәтбаев қалалық жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорынның сипаттамасы

2. 2 Сәтбаев қалалық жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

2. 3 Сәтбаев қалалық жылумен - сумен жабдықтау кәсіпорынының кадрлық потенциалын талдау

III. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДЫҒЫ ЕҢБЕК ӨНІМДІ-ЛІГІНІҢ ӨСУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Еңбек өнімділігінің өсуін экономикалық ынталандыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыста қарастырған мәселем нарық қатынастарын дамыту жағдайындағы еңбек өнімділігінің өсуін экономикалық ынталандыру. Дипломдық жұмысымның зерттелу объектісі ретінде Сәтбаев қалалық жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорын таңдадым. Жұмыстың басты мақсаты постиндустриалық қоғамдағы өндіріс тиімділігін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы тиімділікті экономикалық ынталандырудың негізгі бағыттарын айқындау.

Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:

  • қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;
  • экономикалық ынталандырудың экономикалық мүддемен, материалдық мүдделілікпен және еңбек қызметі уәждемесімен өзара байланысын анықтау;
  • экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі өндіріс тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу;
  • постиндустриалды қоғамға тән экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін құрудың негізгі әдістемелік принциптерін анықтау;
  • экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімділігін макро-, мезо- және микродеңгейлерде талдау;
  • постиндустриалық қоғамға өтуде өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі бар ынталандырмаларын айқындау;
  • постиндустриалды экономиканың даму талаптарына сай әлеуметтік-экономикалық саланы түрлендіруге бағытталған ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі ретінде Сәтбаев қалалық жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорыны алынды.

Зерттеу пәні қазіргі постиндустриалық парадигма талабына жауап бере алатын экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.

Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ «СЖСЖК» ЖШС-нің жылдық статистикалық есептері құрады.

Зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде постиндустриалық қоғамға өту кезеңіндегі өндіріс тиімділігін арттырудың шешуші факторы - экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде келесі нәтижелер қорытындыланды:

  • нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында экономикалық ынталандыру ұдайы өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты интеграциялық көзқарас тұрғысынан жаңаша зерделенген;
  • дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;
  • постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері негізінде экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік принциптері айқындалған;
  • еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігінің негізгі тетіктері бағдарланған;
  • экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;
  • «шаруашылықтарды бірге жүргізу» сияқты уәждемелер, еңбекке экономикалық ынталандыру арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар ұсынылған, яғни жұмыскердің басқару ісіне, шешім қабылдауға және еңбек қауіпсіздігіне, біліктілікті арттыру жайлары талданылған.

Жұмысты қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:

  • экономикалық ынталандыруды зерттеу түрлі теориялық-әдістемелік принциптерге бағдарланып, интеграциялық қатынастарға негізделген болуы керек;
  • экономикалық ынталандыру әдістемесінде жұмыскерлер «экономикалық адам» қалпында қарастырылады. Бұл жағдайда олардың еңбекті ынталандырудың материалды емес түрлеріне де белсенді қатысу қажеттілігі туындайды: кәсіпорындарды басқару, еңбекті ізгілендіру, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік алуы, т. б. ;
  • сапалы экономикалық өсуге қол жеткізу еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуді мына түрде қарастыруды қажет етеді: еңбек белсенділігін арттыруда жалақының рөлін көтеру; «шарттарды бірге жүргізу» уәждемесін ынталандырма ретінде дамыту; еңбекті сапалық жағынан түрлендіру;
  • өндірістің тиімділігін макродеңгейде қамтамасыз етудің негізгі бағыты - өнімнің жаңа сапасын экономикалық ынталандыру, бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогреске, адам капиталына, инвестициялық, ақпараттық және прогресшіл технологиялардың басымдылығына негізделеді.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, теориялық зерттемелер және практикалық ұсыныстар экономика ғылымында өндіріс тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік жақтарын кеңейтумен қатар, аталған мәселелерге қатысты салалық және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін. Дипломдық зерттеудің жекелеген қағидалары «Экономикалық теория», «Фирма экономикасы», «Менеджмент», «Қызметкерді басқару», «Қазақстанның экономикалық реформалары» курстары бойынша қажетке жарайды.

Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.

Өз жұмысымда сәтбаев қалалық жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорын мәселелерін толық анықтауға, зерттеген тақырыбымды толық ашуға тырыстым.

I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

  1. Еңбек өнімділігінің мәні

Еңбек ресурстарының тиімді пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш еңбек өнімділігі. Ол өндірілетін өнімнің құндық көлемін орташа жылдық (жылдық еңбек өнімділігі) немесе атқарылған адам-сағат санына (еңбектің сағаттық өнімділігі) бөлу арқылы анықталады.

Еө = q / Ж орт

Мұндағы:

Еө - еңбек өнімділігі

q - өндірілген өнімнің табиғи ортада өндірілген көлемі

Ж орт - жұмысшылардың орташа тізімі

Бұл экономикалық тиімділіктің ең әйгілі көрстекіші болғанымен оған белгілі шектеулер тән. Тұтас қоғамдық өндірістің және экономикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы толық мағлұмат тек қана көрстекіштер жүйесі (еңбек өнімділігі, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы) арқылы анықталады.

Еңбек өнімділігінің деңгейі мен динамикасын анықтайтын фактор - капитал жинақтау қарқынымен сипаты және еңбектің капиталмен жарақтану серпіні, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу қарқынымен бағыттылығы, еңбекті ұйымдастыру және ынталандыру тәсілдері, сонымен қатар өндірісті басқару тәсілдерінің дамуы, еңбек ресурстарының сандық және сапалық мінездемесіндегі қозғалыстар, әлеуметтік сипаттағы факторлар болып табылады.

Еңбек ресурстарын тимімді пайдаланудың еңбек өнімділігіне тигізетін әсері мол. Еңбек өнімділігі дегеніміз - кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғарғы өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігімен сипатталады. Ол жұмыс уақытының бірлігінде көрсетілген қызмет қызмет санымен, өндірілген өнім санымен және өндірілген өнім бірлігіне еңбек шығынымен анықталады. Оның екі көрсеткіші бар: 1. Өнім шығару. 2. Еңбек сыйымдылығы.

Осы көрсеткіштер келесі формуламен анықталады:

В=q/Чсп

Тр=Т/q

q - натуралды өлшемде өндірілген өнім көлемі.

Чст - жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.

Тр - еңбек сыйымдылығы.

Т - уақыт .

Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім көлемінің өлшем бірлігіне байланысты 3 әдісті ерекшелейді. 1. Натуралды жұмыс уақыты. 2. Құндық. 3. Нормаланған

Еңбек сиымдылығын шығарған өнімдер мен қызметтердің барлық номенклатурасы бойынша натуралды өлшемдегі өнім бірлігін жасаудағы жұмыс уақыты оның өнім шығаруға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:

1. Өнім көлемі мен еңбек шығыны арасында тура байланысты көрсетеді.

2. Еңбек өнімділігін өлшеу мәселесін оны өсіру факторларымен резервтерді байланыстыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның әр түрлі цехтары мен учаскілерінде бірдей ұйымдастыруға, еңбек шығынын сәйкестеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар:

  1. Өндірістің техникалық деңгейі.
  2. Басқарудың өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру.
  3. Өндіріс көлемі мен құрылымын өзгерту.

Кәсіпорында еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру үшін қадай да бір жұмысты орындау үшін қанша еңбек көлемі керек екенін білу үшін еңбек нормасын анықтау қажет. Еңбекті нормалау - белгілі бір кәсіпорында өндіріс саласында белгілі бір жұмысты немесе операцияны орындауға кеткен ең жоғарғы уақыт мөлшерін анықтау. Еңбекті нормалаудың екі әдісі бар.

1. Тәжірбиелік - статистикалық әдісі бойынша кәсіпорынның іс-жағдайын салыстырылады.

2. Талдау әдісі кеңінен қоланылады және оған мына операциялар жатады:

  • еңбек процесін зерттеу;
  • еңбек процесін элементтерге бөлу;
  • еңбек шығындарына әсер ететін факторларды анықтау;
  • жұмыс орынын жақсартатын шаралар жүргізу;
  • жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу;
  • нормаларды өндіріске өндіріске енгізу.

Талдау әдісі хронометраждан, жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады.

Хронометраж - өндіріс процесіндегі және операцияның ұзақтығын айқындау, бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі. Оның негізгі кезеңдері:

1. Бақылауға дайындау. Мұнда жұмысшы мен оның жұмыс орынымен танысу. Жұмысты орындау жағдайымен элементтерін анықтау.

2. Бақылау және барлық уақыт шығындарын жазып отыру.

3. Бақылау қорытындыларын талдау, мұнда уақыт шығындарын топтау еңбек еңбек балансын құру және жұмысшылардың категориясына уақыт шығынын талдау.

4. Қорытынды шаралар, мұнда жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды жақсартудың шараларын жасау, жұмыс уақытының номативтік балансын жобалау және еңбек өнімділігін артыру жолдарын қарастыру.

Жұмыс күнін суретке түсіру әдісі белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орынын дайындау уақыты, жұмысты бастау және аяқтау уақыты және үзіліс уақытын өлшеу. Осы әдістің қорытындылары уақыт шығынын азайтуға өндіріс озаттарының жұмысын зертеуге, құрал-жабдықтардың қызмет ету нормасын анықтауға және жұмыс орынына қызмет ету, дайындау, аяқтау уақытын және демалыс уақытын нормалауға жағдай жасау.

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін артырудың резервтеріне мыналар жатады.

1. Өндірістік техникалық деңгейін жоғарлату: өндірістік механикаландыру және автоматтандыру, құрал жабдықтардың жаңа түрін қолдану, жаңа технологиялық процестерді қолдану, өнімнің конструкторлық қасиетін жақсарту, шикізаттың және басқа жаңа конструкторлық материялдардың сапасын арттыру.

2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту: қызымет ету көлемін және нормалар ұлғайту, нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санын азайту, есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландырудың деңгейін арттыру және басқару құрылымын жақсарту.

3. Өндірістегі құрылымдық өзгерістер: өнімнің жеке түрінің көлемі мен деңгейін өзгерту өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту, жартылай дайын өнімдермен қосалқы бөлшектердің көлемін өзгерту.

Кәсіпорын резервтеріне техника мен жұмыс күшін тиімді қолдану және дамыту, жұмыс уақытын азайту, шикізат пен материалдарды үнемдеу және құрал жабдықтарды дұрыс қолдану.

Еңбек өнімділігі кәсіпорын жұмысынынң маңызды сапалы көрсеткіштерінің бірі, еңбек өнімділігінің тиімділік көрсеткіші.

Еңбек өнімділігінің деңгейі өндірілген өнім көлемі немесе орындалған жұмыс уақытынынң шығынына қатынасымен сипатталады.

Өнеркәсіптік өндірістің жылдамдығын еңбек өнімділігі деңгейімен анықтаймыз.

Еңбек өнімділігінің жоғарлату жолы еңбекті механикаландыру және автоматтандыру, жаңа технологияларды енгізу шексіз маңызды болып табылады. Сондықтан да еңбек өнімділігін талдау мақсаты және оның әрі қарайғы еңбек өнімділігін ұлғайту еңбек өнімділігімен байланысты.

Аталған мақстаттарға сәйкес кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің статистикалық зерттеудің келесідей міндеті ерекшелінеді.

  1. еңбек өнімділігі деңгейін өлшеу
  2. еңбек өнімділігі динамикасын, жоспарды орндауды зерттеу
  3. орындалған норманың деңгейін анықтау
  4. еңбек өнімділігінің деңгейіне және динамикасына анализ жасау - еңбек өнімділігінің факторын зерттеу және оның әрі қарай жоғарлауының резертвтерін анықтау
  5. еңбек өнімділігін басқа да экономикалық көрстекіштермен салыстыру

Аталған мәселелерді жүзеге асыру, кәсіпорын жеткен жетістіктермен, кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, кәсіпорын басшыларына жұмыстағы жетістіктерді бағалауға және бар кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

Еңбек өнімділігі негізгі экономикалық көрстекіш болып табылады, ол жұмыскерлердің еңбегінің сапалылығын бағалауға қызмет етеді - қоғамның еңбасты өнімділік күші. Оны қолдану жеке жұмысты және қоғамдық жұмысты бағалауға мүмкіндік береді.

Еңбек өнімділігі тиімділікті, еңбек шығынының шамасын және өндірілген өнім көлемінің жұмыс уақытының бірлік өнімге немесе орындалған жұмыспен, кеткен шығынның бірлік өндірілген өнім көлемі арқылы анықталады.

Қоғамдық еңбек өнімділігі ұлттық табысының өсуі, материалды өндіріс сферасындағы еңбектің өсуінің арақатынасымен анықталады.

Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуі, тірі еңбектің өндірген өнімін талдау мен және өткен жыл үлесінің өсуімен бейнеленеді. Солай бола тұра жалпы еңбек шығынының бірлік өнімділікке тәуелділігі сақталады. Бұл тәуелділікті К. Маркс еңбек өнімділігінің өсуін экономикалық маңызы деп атады.

Жеке еңбек өнімділігі, уақыттың үнемділігін бейнелейді, ол уақыт, бірлік өнімді шығаруға, немесе қосымша тауар көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

  1. Еңбек өнімділігін талдау

Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты және мамандар жатады.

Еңбек - негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін мамандар - қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар - бұлар әртүрлі қабілеттегі, ынатадағы және талаптағы адамдар.

Еңбек ресурстары дегеніміз - халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірбиесі мол адамдарды айтады.

Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы ретіндегі жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш - қуатын және инеттілік қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші тікелей адамның белгілі бір көлемдегі және сападағы жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімі мен қабілетін құрайды.

Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарнының тізімдегі құрамы - мамандардың және жұмысшылардың санын құрайды. Тізімдегі құрамға 1. Негізгі, 2. Негізгі емес етіп қызметке қабылданған - тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысшылар саны кіреді.

Тізімдегі құрамға - барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы, іс-сапрадағы, ауыруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді.

Тізім бойынша құрамдағы адамдардың орташа тізімдегі санынан айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.

Орта тізімдегі санды - бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір айдағы күндерді қосып ( демалыс, мейрам, күндерін қоса) қосындыны ай ішіндегі күндерге бөлу арқылы анықтайды. Осы тәсілмен сол сияқты, тоқсан, жылдық орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.

Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмысына қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:

а) өнеркәсіп - өндіріс саласындағы қызмет істеушілер (негізгі қызмет етушілер) ;

б) өнеркәсіптік емес мекемелерде (негізгі емес) болып бөлінеді. Өнеркәсіп - өндіріс саласындағы қызмет істеушілер өздерінің жұмыс қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді:

а) жұмысшылар және

б) қызметкерлер болып

Жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың ара қатынасы талдау көрсеткішпен сипатталады.

Негізгі жұмысшылардың сандық коэффицентін төмендегі формуламен анықтаймыз:

Кнж = 1- Жқж / Жж,

мұнда Кнж - негізгі жұмысшылардың сандық коэффиценті;

Жқж - бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі қосымша жұмысшылар саны, адам;

Жж - бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі барлық жұмысшылар саны, адам;

Бөлімшелердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы деп әртүрлі категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына қатынасын айтамыз.

Мамандардың құрамын талдау жасап анықтағанда жұмысшылар саны (КЖі) кәсіпорындағы жалпы орта тізімдегі жұмысшылар (Жж) санына салыстыру арқылы анықталады.

КЖі = Жі / Жж, немесе КЖ =(Жі * 100) Жж

Мұнда Жі - орта тізімдегі жұмысшылар сандары ( і -категориядағы), адам.

Еңбек ұжымы сан, құрамы жағынан, маманданған деңгейі жұмысшы әр уақытта тұрақты көлемде болмайды. Олар өзгеріп отырады: кейбір жұмысы жұмысын өзгертеді, оның орнына басқа жұмысшы қабылданады. Осындай мамандардың өзгеріп отыруын - мамандардың ауысуы дейміз.

Кәсіпорында мамандардың осындай жағдайын бірнеше көрсеткіштер көмегімен анықтап отырады:

  1. Мамандардың (жұмысшылардың ) ауысу (кету) коэффиценті (Каж) - белгілі бір уақытта түрлі жағдаймен жұмыстан шығарылған жұмысшылардың санының (Жжш) - дәл сол уақыттағы жалпы орта тізімдегі санына (Жж) қатынасымен анықтайды:

Каж = Жжш / Жж * 100%

  1. Мамандарды (жұмысшыларды ) қабылдау коэффиценті ( Кқж ) - белгілі бір уақытта қабылданған жұмысшылар санының (Жж) - дәл сол уақыттағы орта тізімдегі санына (Жж) қатынасымен анықталады:

Ққж = Жж * 100%

3. Мамандардың тұрақсыздық коэффиценті (Ктзж) - белгілі мерзімде (Жжш) - жалпы жұмысшылар арасында еңбек тәртібін бұзып немесе өз арызымен жұмыстан шыққан жұмысшылар санының ( цехтағы, бөлімшелердегі ) кәсіпорынның сол мезгілдегі орта тізімдегі жұмысшылар санына бөлу арқылы анықталады.

Қтзж = (Жжш / Жж) * 100%

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды дұрыс жүргізуде және жоспардағы белгіленген жұмыс көлемін орындау үшін, әрбір жұмысшының еңбек етіп отырған саласындағы жұмысын анықтау мақсатымен мөлшерленуі тиіс.

Еңбекті мөлшерлеу - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғарғы деңгейін анықтау ( белгіленген сағат, алмасу уақыт бірлігінде жоғарғы көрсеткіште өнім өндіру) .

Еңбекті мөлшерлеу тәжірбие статистикалық және талдау әдістері арқылы іске асырылады. Мұның ішінде талдпу әдісі прогрессивті деуге болады, мұнда мөлшерлеудің қалыптасуы ғылыми тұрғыда болғандықтан өндірісте кең қолданылады. Ал тәжірбие статистикалық әдісте, кәсіпорындағы қалыптасқан мәлімет бойынша жоспардағы мезгіл мен өткендегі мерзімдер мәліметін салыстыру арқылы жүргізіледі.

Талдау әдісі - жан-жақты бірнеше опреацияларды талдаудан өткізіп қарап өтеді:

- өндіріс үрдісін зерттеуде өндіріс құарамындағы элементтерді бөлшектеп зерттеу арқылы;

- еңбек шығынына әсер ететін барлық факторларды зерттеу арқылы;

- операция құрамын жаңалаудағы шараларды жобалау және оның орындалу әдісін белгілеу арқылы;

- жұмыс орнын жақсарту шараларын жасау арқылы;

- жұмысты орындауға уақыт есебін анықтау арқылы;

- өндіріске еңбек мөлшерін ендіру арқылы.

Талдау әдісінде жіктелген талдау, есептеу әдісін қолдануы мүмкін. Мұнда күні бұрын дайындалған мөлшерлерді қолдану негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге, талдау - зерттеу жүргізу арқылы, жұмысшылардың жұмыс уақытын хронометраж, суретке түсіру тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс уақытын жоғалтуын зерттеуге болады. Еңбекті мөлшерлеу адам - сағат немесе адам - минут уақытымен белгіленеді.

Сонымен, өнім бірлігінде уақыт мөлшерінің құрамын немесе қолмен атқаратын жұмыс және машина - қол, машинамен атқаратын жұмыстардағы шығын элементтерін төмендегі формуламен анықтаймыз:

Тмөл = Тнег + Тқос + Тжод + Тдк + Түз + Ттуз

мұнда - Тмөл - мөлшерлеу уақыты;

Тнег - негізгі уақыт;

Тқос - қосымша уақыт;

Тжод - жұмыс орынын дайындау уақыты;

Тдк - дайындық қорытынды уақыты;

Түз - үзіліс, демалу т. б керекті үзіліс уақыты;

Ттуз - қалпына келтіре алмайтын уақыт ( техникалық т. б үрдістердің әсерінен)

Еңбек өнімділігінің деңгейін өнімге кеткен еңбек шығынын еңбек үрдісінің қорытындысы мен салыстыру арқалы анықтайды.

Еңбектің көп саладағы жұмсалған алуан түрлі шығындардын екі топқа бөлуге болады:

а) Жанды еңбек шығыны - нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты;

б) Мүлікткенген немесе затқа айналған шығын немесе өткендегі еңбек шығыны. Бұл затқа айналған шығын немесе өткендегі еңбек шығыны. Бұл затқа айналған еңбекте өнеркәсіп өндірісіндегі өндіріс құралдарын жасуға кеткен еңбек шығындары, яғни шикізат, материалдарды, жабдықтарды т. б. өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіруде қолданылатын құралдарға кеткен, өткен мезгілдегі еңбек шығындары.

Осыған орай еңбек өнімділігі жанды еңбек өнімділігі және қоғамдағы еңбек өнімділігі болып бөлінеді.

Қоғамдағы еңбек өнімділігі барлық жанды еңбек шығыны мен өткендегі еңбек шығындарын қосып есепке алса, жанды еңбек шығыны тек кәсіпорындағы өнімге кеткен шығынды қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандырудың мәні
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Ынталандырудың кәсіпорынның тиімділігін арттыру факторы ретіндегі теориялық мәні, мәселелері
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандыру
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорында еңбекті ынталандырудың теориялық негіздерін зерттеу және нақты кәсіпорын мысалында талдау
Мотивацияның мазмұнды теориялары
Мотивацияның жасайтын әрекеттері
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Еңбек мөлшерін және өнімділігін өлшеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz