Нан өндірісіндегі бидай және қара бидай ұны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Мазмұны 3
Кіріспе 4
1 Талаптарды анықтау 6
1.1 ЖШС Алтын диірмен наубайханасының сипаттамасы 6
1.2 Шикізат сипаттамасы (ұн) 8
1.3 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар 10
1.3.1 Ұнның органолептикалық көрсеткіштері 10
1.3.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер 11
1.3.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері 11
1.4 Ақпаратпен жабдықтаудың маңыздылығы және жетілдіру жолдары 14
1.5 Ақпараттық жүйелерді арттыру жолдары 16
1.6 Ақпараттық жүйелердің құрамы 17
1.7 Мәліметтер базаларын ұйымдастыру модельдері 18
1.8 Ақпараттық жүйелердің архитектурасы 19
2 Delphi тілінің интеграцияланған ортасы. Компоненттер палитрасы 22
2.1 Компоненттер палитрасы 24
2.2 Форма және оның сипаттамасы 27
2.3 Мәліметтер базаларын ұйымдастыру модельдері 29
2.3.1 Мәліметтер базаларымен жұмыстағы аспаптық құралдар 29
2. 4 Delphi 7 ортасында мәліметтер базасын жобалау 30
2.4. 1 Delphi жүйесінде жұмыстың МҚБЖ-мен орындауы 30
2.5 Мәліметтер базасында қолданатын қосымшаларды өңдеуге арналған Delphi
тілінің жабдықтары 31
2.6 Мәліметтер базаларын жасау технологиясы 35
2.7 Программаны құру барысы 40
3 Жобаның техникалық-экономикалық сипаттамасы 45
3.1 Бағдарламаның өнімді құрудағы шығындарды анықтау 45
3.2 Бағдарламалық өнімді құрудың еңбек сыйымдылығын есептеу 45
3.3 Бағдарламаны құруға кеткен еңбек шығындарының есебі 46
3.3.1 Бағдарламалаушының орташа еңбек ақысының есебі 47
3.3.2 Машиналық уақытты төлеуге кеткен шығындар 47
3.3.3 ДЭЕМ жұмыс уақытының жылдық қорының есебі 48
3.3.4 Амортизациялық аударымдар 48
3.3.5 Электр энергиясына кеткен шығындар есебі 49
3.4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі 51
3.4.1 Еңбек қорғаудағы заңнама 51
3.4.2 Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы 51
3.4.3 Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар 53
3.4.4 Санитарлы – гигиеналық параметрлердің жұмыс орнындағы талаптары
53
3.4.5 Денсаулық бұзылудың белгілері 54
3.4.6 Жұмыстың қысқаша мінездемесі мен атқаратын қызметі 55
3.4.7 Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік
факторларды талдау 56
3.4.8 Компьютермен жұмыс кезіндегі физикалық қауіпті 60
және зиянды факторлар 60
Микроклимат анализі 60
Электромагнитті сәуленің жоғары деңгейі 61
3.4.9 Психофизиологилық қауіпті және зиянды факторлар 61
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиет тізімі 64
Қосымша 66

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың мақсаты наубайхана жұмысын автоматтандыру болып
табылады. Ол үшін наубайхана жұмысы зерттеліп, барлық мағлұматтар жиналған.
Жоба үш тараудан тұрады: негізгі бөлім, практикалық және экономикалық –
техникалық бөлім. Бірінші бөлімінде қарастырылатын мекеме жайлы ақпарат
берілген, екінші бөлім жобаның құрылатын программалау тілі және жоблау
барысы сипатталған, үшінші бөлімде экономикалық есептер, шығындар, сондай-
ақ еңбекті қорғау жайлы ақпарат тұжырымдалған.
Дипломдық жұмысты жобалау үшін Delphi 7 программалау тілі мен бірнеше
арнайы компоненттер кітапханалары пайдаланылды. Delphi 7 программалау тілі
жобалаушы тіл ретінде таңдалыну себебі, бұл тілдің мүмкіншіліктері өте
жоғары және өзінің жоғары версияларына қарағанда жүйеден, жадыдан алатын
орын көлемі аз, ал мүмкіншіліктері бірдей.
Зерттеу объектісі – Орал қаласында орналасқан ірі наубайхана болып
табылады.
Нан – біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі
болып табылады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз
астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған
өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының
ірі саласы.Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам
баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне
тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан
барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астық тамақ өнеркәсібінің
шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.
Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Нан
және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл
өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы
жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті минералдық заттардың
жетткізушісі.
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін
шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз,
ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін
ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май
қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру.
Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі, және организмге күнделікті түсіп
отырады.
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек
күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны
өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу
керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген. Стандарт
халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының
барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде
наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-
стандарт арқылы жүргізіледі.

1. Талаптарды анықтау

1. ЖШС Алтын диірмен наубайханасының сипаттамасы

Алтын диірмен Орал қаласындағы акционерлік өнеркәсіптік наубайханасы.
Ұн, нан, макарон, құрама жем, құс еті және шұжық өнімдерін өндіреді. 2002
жылы астық қабылдау орны ретінде ашылған. Кейін ұн комбинаты болып аталды.
2008 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік наубайханасы болып қайта
құрылды. Наубайхана бұрынғы ұн және құрама жем өнімдерімен бірге өзге де
азық – түлік түрлерін шығара бастады. Алтын диірмен өнімдері шетелдерге
де сатылады.
Нан комбинатының жобасы әртүрлі формадағы нандарды шығаруға
негізделген болатын. Комбинаттың жобалық қуаттылығы 163 тоннатәулік
құрайды, оның ішінде:
- Нан өнімдері 142 тт
- Баранка өнімдері 21тт
Ал негізгі комбинаттың өнімділігі 133,4 тоннатәулік. 2001 жылдың
орташа тәулік өнімділігі 70,6 тонна құраған болатын, онда өнімділіктің
қуатын қолдану деңгейін 52,9% құрады.
Өндірілетін өнімнің ассортименті:
- Жай нан наны 43,0 тәулік (60,85%)
- Шаруашылық нан 14,0 тәулік (19,88%)
- Батон 6,5 тәулік (9,25%)
- Баранкалық өнімдер 3,64 тәулік (5,16%)
- Нанның басқа түрлері 1,74 тәулік (2,47%)
- Торт, пирожное, кекстер, рулеттер,
сдобалық өнімдер 0,5 тәулік (0,7%)
- Пряник 0,39 тәулік (0,56%)
- Булкалық өнімдер 0,36 тәулік (0,51%)
- Сухариктер 0,31 тәулік (0,44%)
- Печенье 96,6 тәулік (0,14%)
- Соломка 22,7 тәулік (0,03%)
Өндіргіш корпустың біріншісінде нан өнімдерін өндірудің 4 желісі
бар. Ал екінші өндіргін корпустың ішінде келесі желілер бар:
- Сушкаларды өндірудің үш желісі;
- Бөлкелерді өндірудің бір желісі;
- Соломкаларды өндірудің бір желісі;
- Пряник өндірудің бір желісі;
- Пекарня;
- Сухариктерді өндіру цехы;
- Кондитерлік цех.
Баранкалық цех
Бұл цехта 4 желіде Г-4-ХПС-25М пештері орнатылған, ал 2 желі
соломкалар өндіруге негізделген. Соңғы жылдары өндіретін өнімнің сапасын
көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізген болатын.
Бөлкелік цех баранкалық цехтың бос орындарында жасалған. Онда
Экмасан турция фирмасының құрал жабдықтары орналасқан. Олар келесі
болады:
- Ұн сепкіш;
- Қамыр илегіш иілген;
- Төңкеріп аударғыш;
- Торт және пирожныйды бөлетін цех;
Цехта өнімнің 68 түрі шығарылады, соның ішінде:
торт – 37 түрі;
пирожныйдың – 24 түрі;
кекс, рулеттің – 3 түрі;
печеньенің – 7 түрі.
Сухарлық цех
Бұл цех 2001 жылы бөлкелік цех негізінде құрылған. Соңынан бөлініп
шыққан болатын. Цехта келесідей жабдықтан орнатылған:
- Өзі жасаған нан кескіш;
- Нан кескіш машина Дельта;
- ПКЭ-9 ратациялық пеш;
- ПКЭ-400 ратациялық пеш;
- Сухариктерді өңдеу үшін смесительдер;
- Бөлетін-қаптайтын автомат;
- Қамыр бөлгіш;
- Қамыр домалағыш;
- Растойканың камерасы;
- Экмасан пештері.
Ал 1999 жылы оған қосымша неміс фирмасы Вернер және Пфляйдерер
құралдары қойылған болатын, ол құралдар келесілер:
- Бөлгіш домалатқыш агрегат;
- Батон үшін закаттық машина;
- Расстойлық шкаф;
- Рототерм ротациялық пеш;
- Дельта нан кескіш машина
Кондитерлік цех 1991 жылы құрылғанм болатын. Ең басында Эклер
пирожныйларын өндіретін желі қойылған болатын, одан көп уақыт ұзамай 2 желі
қойылған болатын. Цехта санитарлық ережелерді және басқа да нормаларды
сақтау үшін келесі құрал жабдықтар қойылған болатын:
- Шикізатты қабылдайтын және сақтайтын склад;
- Тоңазытқыш камера;
- Сақтау бөлімі;
- Жаңғақ ұнтақтау және қант ұнын алу бөлімі;
- Инвентарьды жуатын бөлім;
- Қамыр дайындау бөлімі;
- Крем дайындау бөлімі;

2. Шикізат сипаттамасы (ұн)

Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын
ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі. Ұнның
түрі қандай дақылдан алынғанына байланысты анықталады. Ұнның негізгі
тұрлеріне бидай және қара бидай ұндары жатады.
Әр түрлі типті ұн бөлшектерінің үлкендігі, химиялық құрамы,
технологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ұн типтері: нан пісіруге
арналған, макарондық, тұтынуға дайын.
Түр мен типтің деңгейіне қарай ұнды тауарлық сортқа бөледі. Ұн сорты
дән ұлпасының арақатынасы мөлшерімен, өңдеу технологиясымен ерекшелінеді.
Бидай нанын пісіретін ұнды бес тауарлық сортқа бөледі: майда ақ ұн,
жоғарғы, бірінші, екінші, ерекше тартылған қара бидай ұны.
Ұнның сапасы келесі параметрлер арқылы бағаланады:
- тағамдық және биологиялық құндылығы;
- органолептикалық ерекшелігі;
- физикалық-химиялық;
- қауіпсіздік.
Бірінші және жоғарғы сорттың бидай ұны витаминдерден болуы мүмкін,
егерде оған В1, В2, РР витаминдері қосылса. Ұнның құндылығы дәнді дақылда
болатын заттарға байланысты. Ұнның әртүрлі сорты дәннің әр бөлігінен
жасалынып, оның тағамдық құндылығына әсер етеді. Ұнның сорты жоғары болған
сайын ұнда көмірсу көбейіп, белок және басқа заттар аз болады.
Витаминдердің, минералды элементтердің алыстырылмайтын амин қышқылдарының
құрамы ұнның сорты төмендеген сайын көбейе түседі. Екінші сортты ұн
құрамында жоғарғы сорт ұнына қарағанда витаминдер 2-3,5 есе көп. Екінші
сортты ұн, жоғарғы сорт ұнынан екі есе фосфор мен кальцийге, 4 есе натрийге
бай. Ұнның сорты төмендеген сайын клетчатканың мөлшері көбейе түседі.
Жоғарғы сорт ұнымен салыстырғанда бірінші сортта клетчатка екі есе көп.
Төменгі сорт ұндарында липидтер көп. Қанықпаған май қышқылдары 74-81%,
линол май қышқылдары көбірек кездеседі. Ұнның май қышқылдық құрамының
сипаттамасы наубайханадағы ұнның сапасына және оны сақтау кезіндегі
өзгеруіне әсер етеді. Ұнды сақтау кезінде липидтер тез тотығып
қышқылданады.
Ұн тарту. Шығымы мен мөлшері мемлекеттік мөлшерлеу талаптарына сәйкес
келетін ұн өндіру үшін әртүрлі машиналарды пайдалана отырып ұн тартудың
әртүрін қолданады. Сондықтан ұн тарту деп астық және оны ұнтақтағанда пайда
болатын аралық өнімдермен және жүргізілетін процестер мен іс-әрекеттер
жиынтығын атайды.
Стандартты сапаға сәйкес келетін ұн өндіру үшін, ұн тарудың алдында
астық тазаланады және шартқа сәйкес кондицияға жеткізіледі. Дайындау,
немесе астық тазалау бөлімі осы заманғы кәсіпорындардың бүкіл өндіріс
алаңының 13 бөлігін қамтиды.
Астықты екі кезеңде дайындайды. Бірінші кезеңде сепараторларда,
триерлерде, дуаспираторларда астық шөпшар қоспасынан тазартылады; тас
тазартқыш машиналардың көмегімен минералды қоспалар аластатылады; жуғыш
машиналарда жуылады және силостарда оның жетілуі іске асырылады.

1.3 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар

Ұнның сапасын бағалау әдісі МЕСТ9404-60 көрсетілген. Онда физико-
химиялық көрсеткіштері бойынша МЕСТ171-69 сәйкес келуі керек. Қышқылдығы,
ылғалдығы, қамырдың тез көтерілуі, сақтауда дрождың мықтылығы. Престелген
дрождың сезгіштігі МЕСТ-те қарастырылмаған. Нан өндірісіндегі бидай ұнының
сапа көрсеткіштері.: МЕСТ26574-84Нан өндірісіндегі бидай ұны.Техникалық
талаптар стандартында көрсетілген. Қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 7045-
54 МЕСТ.Бидай-қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 704554 МЕСТ.Бидай-қара
бидай ұнының сапа көрсеткіштері 12183-6 МЕСТ бойынша бекітілген. Нанның
құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар оның
дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .
Қара бидай ұнының ферментті солодының сапасын оргонолептикалық және
физико-химиялық көрсеткіштері бойынша бағаланады. Ол СТ18-219-75 сәйкес
келуі керек. Оған дәмі, иісі, түсі,физико-химиялық
көрсеткіштерге–ылғалдылығы, экстративтілік, қышқылдығы жатады.
Өндіріске келіп түсетін шикізаттар МЕСТ талаптарына сәйкес келуі
керек. Нан өндірісіндегі бидай және қара бидай ұны.

1.3.1 Ұнның органолептикалық көрсеткіштері

Түс – ұн сортының негізгі көрсеткіші. Ол дән түсіне, қабықтар санына,
тартылу ірілігіне, нығыздау дәрежесіне және ұнның ылғалдылығына, жарықтың
түсуіне байланысты болады. Бидай ұнының жоғарғы сортының түсі – ақ немесе
аздап қоңыр реңді; бірінші сорттың түсі – ақ немесе ақ сарғыш реңді; ерекше
тартылған ұнның түсі – ақ сары реңді немесе сұр реңді болып сипатталады.
Иісі – қара бидай ұнына тін болып, шіріктің, көктің және басқа да
бөтен иістер болмау керек.
Дәмі – қара бидай ұнына тән болып, қышқыл, ашты, бөтен дәм болмау
керек. Қытырлау ұнның жіберілмейтін ақауы болып есептеледі. Ол дән дұрыс
тазартылмаған жағдайда болады.
Нанды пісіруге және сатуға арналған ұнда көгерген, қышқыл дәм болмау
керек. Егерде кез келген зиянкестерді тапса, онда ол ұн сатуға жарамсыз
болып есептеледі.
Ұнды сақтау тепмературасы 12-180С жоғары болмау керек және ауаның
ылғалдылығы 60-70%, құрғақ, таза, жақсы желдетілетін бөлмелерде сақтайды.
Ұн бөтен иістерді тез сіңіреді, сондықтан оны өткір иісті өнімдерден
алысырақ жерде сақтау керек.

1.3.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер

Бидай ұнының ылғалдылығы 15% аспау керек. Ұнның ылғалдылығы жоғары
болса, оның су сіңіру қасиеті төмендейді. Ол шығарылатын өнімдердің
мөлшерін азайтады.
Ұнның күлділігі сорттың қосымша көрсеткіштері болып саналады. Төменгі
сорттқа қарағанда, жоғарғы сорттың күлділігі төмен болады. Өйткені жоғарғы
сорт ұнының дәні негізінен эндосперма бөлшектерінен тұратындықтан, бөлек
дән ұлпаларында минералды заттардың бір текті таралмауы байқалады. Жоғарғы
сорт бидай ұнының күлділігі - 0,55, бірінші сорт – 0,75-тен, екіншісі–1,25-
тен аспау керек.
Ұнның тартылу ірілігі әр сортында өзіндік белгіленген бөлшектің
мөлшерімен сипатталып, маңызды технологиялық рөл атқарады. Ұнның сорты
жоғарлаған сайын оның бөлшектері ұсақ. Өте ірі ұнның су сіңімділігі төмен
және пісірілген нанның көлемі жеткіліксіз болып, оның жұмсақ жерінің ұсақ
тесіктілігі қалың, дөрекі болады. Өте ұсақ ұнтақталған ұнның нанының сырты
мен жұмсағы күңгірт, формасы жайылып кеткен, тез қатып қалатын нан
дайындалады.
Ұнның металомагниттік қоспасы 1кг. 3 мг-нан аспау керек. Металдық
бөлшектің ең үлкен мөлшері 0,33 мм-ден аспау керек. Шикі желімшенің мөлшері
мен сапасы нан пісіру және макарон дайындауға арналған бидай ұнының
қасиетін сипаттайды. Желімшенің эластикалық және созылмалық қасиетіне
байланысты, ол қамырдың ашу кезінде көмірқышқыл газын сақтап қалып пісіру
кезінде формасын қалыптастырады. Ұн жармасында ішкі желімшенің мөлшері 30%-
тен кем болмау керек. Ал жоғарғы сортта – 28, 1 сортта – 30, 2 сортта – 25,
ерекше тартылған – 20.
1.3.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері

МТБ микробиологиялық норма көрсеткіштері токсинді элементтердің,
микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклеидтердің деңгейіне сай болу
керек.(кесте 1)
Кесте 1
Бидай ұны құрамындағы токсинді элементтердің, микотоксиндердің,
пестицидтердің, радионуклеидтердің жіберілетін деңгейі (МТБ бойынша)
Көрсеткіштер Жіберілетін Зерттеу нәтижелер
деңгейі, мгкг, көп
емес
Токсинді элементтер 0,5 0,1
Қорғасын 0,2 -
Мышьяк 0,1 -
Кадмий 0,03 -
Сынап 10 -
Мыс 15,0 қарақұмық 0,9
Мырыш жармасы 11
Микотоксиндер: 50
Афлотоксин В1 -
Дезоксиниваленол 0,005 0,1
0,7 бидай 0,3
1,0 арпа
Т, токсин 0,1 -
Зераленон 1,0 тары, жүгері, 0,4
арпа
Пестицидтер: гексахлорциклогексан 0,5 0,1
(a,b.g изомерлер)
ДДТ және оның метаболиттері 0,02 0,001
Гексахлорбензол 0,01бидай -
Сынапты органикалық пестицидтер Жіберілмейді -
2,4-Д қышқылы, оның тұзы мен Жіберілмейді -
эфирлері
Радионуклидтер:
Цезий-137 60 БКкг 30
Стронций-90 100 БКкг 40

Нан пісіру үшін мынадай түрлері мен сырттары қолданылады: бидайдың
майда ақ ұны, жоғары, І, ІІ және қара бидай иеленген ұн, кебексіз ұн.
Дрождар. Нан өндіріснде борпылдатқыш, жұмсартқыш ретінде дорждар
қолданылады. Олар - кептірілген, престелген және дрож сүті.
Престелген дрождар 171-81 МЕСТ. Түсі ашық, сұр немесе крем тектес
болады. Консистенциясы – тығыз, жағылмай тез сыну керек.
Иісі – дрождардың өзіне тән, көгерген немесе басқа да иіс
жіберілмейді.
Дәмі тұщы, дрождарға тән өзіндік тұщы дәм.
Ылғалдың массалық үлесі, процент бойынша – 75,0. Көтерілу күші
(қамырдың көтерілуі 70 мл дейін) минутына 70. Қышқылдығы 100г дрождың уксус
қышқылдығына шақандағы – 120,0 мг
Дрождың сақтану мерзімі – 12 тәулік.
Кесте 2
Кептірілген дрождар.(СТ18-193-74) дрождың сүті СТ 18269-81.
Көрсеткіштер Кептірілген Дрождық сүт
жоғары 1 сорт
1 2 3 4
Консистенциясы, сыртқы Вермишель формасы Дрожды клеткалар
түрі қабықпен, қорғалған,
түбінде шөккен су
суспенциясы
Түрі Ашық сары немесе ашықАқ-сұр, сарылау
қоңыр өзгешелігімен

Иісі Кептірілген дрождарғадрождардың өзіне тән,
тән көгерген немесе басқа да
иіс жіберілмейді.
Дәмі Кептірілген дрождарға
тән
1л.дрождың сүтттегі
Ылғалдылығы пайыз бойынша 8,0 – 10,0 концентрациясы
75% дрожға шаққанда
450г.болуы тиіс
Көтерілу күші 70мл\мин 70 - 90 75

Қышқылдығы 100гдрождың
уксустың қышқылды м.г 20\72сағат сайын 0-12'с
бойынша есептегенде _____ температурада 360мг

Сақтау мерзімі
12 ай5 ай 3 тәулік,жазда 2 тәулік

Асқа салнатын тағамдық тұз. Нан пісіруде негізінен 1және 2 сорт
тұздарын қолданылады(МЕСТ 13830-84),ылғалдылығы:2 сорт - 6%, 1сорт
-5%,құрамында суда ерімейтін заттар болады,1- сортта - 0,85, 2 сортта –
1,0%.
Ішетін су (МЕСТ 2874-82). Су қамыр дайындауда қолданылады. Ол су
барлық ішетін суға қойылған гигиеналық талаптарға сәйкес келуі керек.Нан
пісіргенде судың қаттылығы жоғарлауы қамырдың физикалық қасиетіне жақсы
әсерін тигізеді,оның консистенциясын жақсартады.
Қосымша шикізаттар. Қара бидайдың өлі дәнінің диірменге тартылған ірі
жармасы, құрғақ фирментті және фирментті емес (СТ 18-218-81), құмшекер
(МЕСТ 21-781).Фирментті препараттар бидай және қара бидайдан жасалған
нанның сапасын жоғарлатады.
Май, майлы заттар. Күнбағыс майы МЕСТ1129-73, мақта майы (МЕСТ1126-
73), қыша майы (МЕСТ8307-74), соя майы (ГОСТ7825-76), жүгері майы (СТ 18-
197-84), кондитерлік майы (СТ 18-197-84), кулинарлық майлар (СТ 18-197-84),
маргарин (МЕСТ240-85), сиыр майы (МЕСТ37-87).
Жұмыртқа өнімдері: нан пісіруде тауық жұмырқасы,жұмырқа ұнтағы
(МЕСТ2858),қатырған жұмыртқа (СТ49197-83).
Сүт өнімдері: пастерленген сиыр сүті (МЕСТ13277-79), келесі түрлерге
қолданылады – 2,5% пастерленген, майлылығы – 3,2 % пастерленген ,белоктың
майлылығы – 1,0 % 2,5 % майлы емес емдік сиыр сүті (МЕСТ4495-75),
майсыздандырылған құрғақ сиыр сүті (МЕСТ10970-87), қаймақ (СТ49290-83), сүт
сары суы (СТ10-02-02-3-87), концентрациаланған сүт сарысуы, қайтарылған сүт
сарысуы т.б.

1.4 Ақпаратпен жабдықтаудың маңыздылығы және жетілдіру жолдары

Кез – келген салалық жұмыс тиімділігін жоғарлатуда маңызды фактор –
басқаруды автоматтандыру болып табылады. Басқару әдістері мен формаларын
тереңдету, әртүрлі техникалардың көмегімен ақпаратты беру, өңдеу әдістері
мен заңдарын білумен айналысатын ақпараттық технология дамуы негізіндегі
ҒТП жетістіктері негізінде болды.
Әртүрлі ақпараттық – техникалық аппараттар, басқару аппаратын біршама
қысқартты және арзандатты деп қабылдауға болады. Ақпараттық процесс жаңа
техника мен жұмыс жағдайында жұмыс күшінің сапасын көтеруде қажетті болып
табылады.
Ақпаратпен қамтамасыз етудің біліктілігін арттыруда келесідей оңтайлы
көрсеткіштер болуы мүмкін.
1. Төмендету есебінде мүмкін экономикалық шығындар:
– еңбекақы қоры,
– коммунальдық қызмет көрсету,
– бағдарламамен қамтамасыз етудің құндылығы
– почта қызметіне шығын,
– келісім – шарттардың рәсімделуіне шығындар,
– шикізаттарды қайта бөлу шығындары;
2. Болашақтағы мүмкін шығындарды жою.
– болашақтағы персонал санының өсуінен құтылу,
– мәліметтерді өңдеудегі талаптарды төмендету,
– қызмет көрсету құнын төмендету,
3. Материалдық емес мүмкін пайдалар.
– ақпарат сапасын жақсарту,
– өндірісті жоғарлату,
– қызмет көрсетуді жақсарту мен жеделдету,
– жаңа өндірістік қуаттылық
– сенімді шешімдер,
– бақылауды жақсарту,
– мерзімдік төлемдерді төмендету,
– толық бағдарламалық қамтуды пайдалану,
Ақпаратты – мәліметтер жиынтығы, мәлімет материалы, менеджерлік процесс
және оның пайда болуының өзіндік байланысы туралы, потенциалды білімін
анықтау мәліметі түрінде айтуға болады.
Ақпарат құрамы, мазмұны және сапасы жетекшінің басқару іс - әрекетінде
анықтағыш ролін қамтамасыз етеді.
Ақпаратты талдау тек қана экономикалық мәліметтермен шектеліп қоймай,
сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқада ақпараттарды кеңінен
қолданады.
Объектіге қатысты зерттеу ақпараты – ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі ақпарат жүйесі – бұл кәсіпорында қаралатын статистикалық, бухгалтерлік
оперативтік есеп және есептесу, жоспарлық мәліметтер нормативтік
мәліметтер.
Сыртқы түрі бойынша ақпарат жүйесі – бұл статистикалық жинақтар
мерзімдік және әдейі басылым, ресми, шаруашылық – құқықтық құжаттар және
т.б.
Тақырыпқа қатысты зерттеу ақпараты керек аймаққа толық анықтама алуға
қажетті: негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Белгілі бір процеске қатысты қаралған және қайта қалпына келтіру
стадияларынан өткен бірінші, екінші ақпараттық өңдеуге әкелуі мүмкін.
Ақпарат беру ірі ұйымдардың қызметі үшін бір қалыпты және бастапқы
факторы болып табылады. Оперативтік шешімдерді қабылдау талабында,
өндірістің жоспарлы көрсеткіштерінен ауытқу процесінде ақпараттың мәні
ерекше.
Әрбір нақты ақпарат мазмұны басқару шешімдерін өңдеуде және басқару
бөлімі қажеттіліктерімен анықталады. Ақпаратқа анықталған талаптар кіреді:
– қысқалығы, нақтылығы;
– басқарманың нақты қажеттілігін қанағаттандыру;
– дәлдігі және дәйектілігі, бастапқы мәліметтердің дұрыстығы,
мәліметтер өңдеудің, жиын үздіксіздік жүйесінің оптимальдығы;
Ақпаратты пайдалану – оны тіркеу, өңдеу беру, жүйелік сақтау және
ақпаратты талапты формада беру; жаңа сандық графикалық түрдегі ақпараттар
маңызды роль атқарады. Басқа сөзбен айтқанда ақпарат қызметінің
технологиялық қажеттілігін қараған жөн.

1.5 Ақпараттық жүйелерді арттыру жолдары

Басқару шешімдердің тимділігін анықтауға қажетті, ақпараттар саны көп
болып келеді тіпті ол адам мүмкіндіктерін жоғарылатты. Ірі масштабты
ұйымдарды басқару қиыншылықтарына электронды – есептеуіш техниканы кең
көлемді пайдаланды, жаңа математикалық аппараттар мен экономикалық –
математикалық әдістерді, басқаруды автоматтандырылған жүйемен өңдеуге
байланысты пайдаланылды.
Ұйымдарды ақпаратпен қамтамасыз етуді талдау талаптарына: ақпараттың
талдануы, объективтілігі, бірлігі, оперативтілігі, рационалдығы және т.б.
жатады.
Бірінші талаптың мәні, барлық экономикалық ақпарат жүйесі түсімдерінің
көздеріне тәуелді емес, ол жетекші қажеттілігіне сәйкес келуі керек, былай
айтқанда жетекшіге көп жақты экономикалық процесстер мен құбылыстарды,
негізгі факторларға әсер ететін және өндірістің тиімділігін көтеруде ішкі
шаруашылық резервтерін анықтау үшін, осындай бағыттағы қызметтер
мәліметтерінің түсуімен қамтамасыз етеді. Сондықтан барлық ақпараттық
жүйелермен қамтамасыз ету тұрақты түрде артып отыру керек.
Бұл бүгінгі күнде ұйымдық жоспарлау және статистикалық есеп
тәжірибесінде қолданылады. Онда тұрақты құжаттар формасы, олардың мазмұны,
ұйымдық құжаттың айналымы, жаңа формалық салымдар мен мәліметтерді сақтау
қаралады (компьютерлік техникаға байланысты). Олар басқару шешімдерін
талдау үшін ақпаратпен қамтамасыз етудің қажеттілігінің маңызды дәрежесінің
жиынтығы.
Экономикалық ақпарат дәйекті болуы қажет, олар керекті құбылыстар мен
процестерде объективті көрінеді. Келесі ұйымдық ақпараттың тобына қатысты
талап – бұл әртүрлі ақпарат көздерінен түскен, ақпараттың бірлігі.
Ақпараттардың сапасына қатысты талаптардың бірі оның зат немесе зерттеу
объектісі бойынша дәлме – дәл келуі, уақыт мерзім көрсеткіштерді есептеу
әдістері.
Сонымен қатар ақпарат жүйесі рациональды (тиімді) болуы тиіс, яғни
мәліметтерді сақтау мен пайдалануда аз шығын талап етеді. Бір жағынан, кез
–келген экономикалық құбылыстарды немесе процестерді кешенді талдау үшін
көпжақты ақпараттар қажет етіледі. Олардың қатысуынсыз ақпараттар толық
болмайды. Бір жағынан, ақпараттың көп болуы – оларды іздеу, жинақтау және
шешімдер қабылдау процестерін ұзартады.
Берілген мәліметтердің талаптарынан ақпараттың пайдалылығын қарастыру
және осы негіздегі артық мәліметтерді жою және қажеттілерін енгізу жолдары
мен ақпараттық топтарды арттырудың қажеттілігінен туындайды.
Осындай мақсатпен ақпараттық жүйе басқару іс - әрекетінің тиімділігін
жоғарылату жағдайымен қажетті, жоғарылау қарастырылған талаптарға
байланысты бейнеленіп, артуы қажет.
Ақпараттық жүйені енгізудегі проблемаларды шешудің негізгі үш варианты
бар:
Бірінші жолы – жеке күштермен жүйені өңдеу. Мұндай жолдармен көптеген
ұйымдар өтеді. Автоматизациялық есептеу үшін офистік программалармен
жазылған процедуралар өте жиі қолданылады. (мысалы excel үшін макростар).
Бизнестің қиындығына байланысты, күрделі структурада көрінетін мәліметтерді
басқаруды қатыстырмайды. Толық жүйені құру тек қана көп шығындармен уақытты
талап етпейді. Сонымен қатар жобаның дамуымен орталықтандырылған ұқыпты
стратегиялық басқару қажет.
Екінші жолы – қолданбалы программалар пакеті мен универсалдық жүйені
жүзеге асыру. Заңнамалардың жиі өзгеруіне қарамастан, есеп құжаттарының
формалары, мәліметтердің принціптері мен құрылымы өзгермей қалады.
Үшінші жолы – ішкі ұйымдарға ақпараттық технологияларды енгізу бойынша
функциялардың жиынтығымен орындалады. Ұйым – атқарушыны дұрыс таңдауда
жеткілікті басымдылықтарға жетеді:
– басқа ұйымдарда жүйені енгізу табысты өткен, шешімдерді
қабылдауға байланысты құралдарды үнемдеу. Мұндай жүйенің
бағасы “нольден” өңдейтін жүйелерге қарағанда төмен;
– атқару профессионализмі;
– сервистік қолдау көрсету;
Потенциальдық қауіптердің болуы:
– жүйелік даму мүмкіндігінің жоғалуы;
– ішкі құрылымдық мәліметтерді білмегендіктен туындайтын ақпараттың
жойылу қаупі;
Сатуға шығарылған, профессиональды өндірілген өнім, ішкі ұйымдық
қолданушы өңдейтін, оның ағымдық программа версиясынан ерекшелігін бір
маңызды сапасы атқарады. Бұл функциональдық жұмыс қабілеттілік.
Егерде жүйе өзінің программасымен өңделіп, күрделі себептерден
туындайтын қажеттіліктері шешілмесе, онда сол жүйеге құрылымы жолында
кедергілер туындайды. Әрине, ішкі фирмадағы жоғарғы дәрежелі проблемалар
тобымен және де тапсырмаларды жақсы ұйымдастыруда атқарушы және тапсырыс
жауапкершілігі бөлімдерінің проблемаларын принципиальды шешу мүмкіндігі
болды.

1.6 Ақпараттық жүйелердің құрамы

Қазіргі таңдағы ақпараттық жүйе формасы болып мәлімет банкілері
табылады. Олардың құрамына ЭЕМ базасындағы есептеуіш жүйе, МББЖ, бір немесе
бірнеше МБ, қолданбалы бағдарламалар құрамы (қосымшалар).
МБ-сы мәліметтерді сақтауға, мәліметтерге тиімді және тез қолжеткізуді
қамтамасыз етеді. Мәліметтер МБ ішінде сақталатын ақпаратты білдіреді.
МББЖ МБ құруға, енгізуге және қолдаудың тілдік және бағдарламалық
тәсілдер жиынтығын білдіреді. Қолданыс типі бойынша МББЖ персоналды және
көпқолданушылық болады. Персоналды МББЖ бір компонентте жұмыс істейтін
локалды МБ-сын құруды қамтамасыз етеді. Персоналды МББЖ-ге Paradox, dBase,
FoxPro және т.б. жатады.
Көпқолданушылық МББЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін
ақпараттық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді Көпқолданушы МББЖ-ге Oracle,
Informix, SyBase, Interbase және т.б. жатады.
Қазіргі таңдағы МББЖ құрамына мәліметті сипаттау, оны басқару,
құрылымдық сұраным тілі жатады (SQL). SQL халықаралық стандартқа ие. Бірақ
оның бірнеше диалектілері бар.
Қолданбалы программалар (қосымшалар) мәліметті өңдеуге қызмет етіп, МБ-
да сақталады. Қолданушы қосымшаларды қолдана отырып МБ-мен жұмыс істейді.
Локалды мәліметтер базасында МБ және қосымша бір компонентте орналасады, ал
алыстатылған МБ-да қосымша мен МБ бөлек орналасады.

1.7 Мәліметтер базаларын ұйымдастыру модельдері

Delphi жүйесі МББЖ болып табылады; ол басқа МББЖ кестелерін, мысалы,
Paradox, Oracle, InterBase кестелерін қолданады. Delphi құралдары локалды
және жойылған МБ-н енгізіп, құруды қамтамасыз етеді. Delphi мүмкіндіктері
арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен кем емес, ал кейде олардан артық.
МБ-да анықталған қолданбалы ақпараттық жүйесінің мәліметтері сақталады.
Мысалы “Сирена” жүйесі – авиабилетті брондау мен сату үшін, “Экспресс”
жүйесі – теміржол билеті үшін.
Мәліметтерді ұйымдастыру түріне байланысты МБ-да мәліметтерді көрсету
модельдерін анықтайды: иерархиялық, желілік, реляциялық және
обьектілік–бағытталған. Иерархиялық модельде мәліметтер ағаш тәрізді
(иерархиялық) құрылымда беріледі. Желілікте келтірілген графа түрінде
ұйымдастырады. Оның кемшілігі – құрылымның каттылығы және оны ұйымдастыру
қиындығы. Желілік пен иерархиялық модельдерде мәліметтер құрлымы жобалау
сатысында беріліп, мәліметтерге қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде өзгертуге
болмайды.
Объектілік–бағытталған ұйымдастыруда бөлек жазбалар объектілер түрінде
беріледі. Объектілік–бағытталған модельдер өзіне желілік және реляциялық
модель ерекшеліктерін иеленіп, мәліметтерді қиын құрылымды ірі МБ құруға
қолданады.
Реляциялық модель өзінің атын ағылшын термині relation сөзінен
иеленген. Реляцияық модельде МБ – бұл тікбұрышыты кесте – кортеждердің
(жол) бірдей атрибуттармен (бағаны) қатынасы. Реляциялық МБ – бұл тәуелсіз
немесе өзара байланысқан кестелер қатныса. Мәліметтердің реляциялық
моделінің артықшылығы қарапайымдылық, икемділік, іске асыру тиімділігі
балып табылады.
Delphi–дегі мәліметтер базасы – мәліметтер кестесінің колекциясы.

1.8 Ақпараттық жүйелердің архитектурасы

Қосымшалар мен МБ-ң орналасуна қатысты олар локалды және алыстатылған
болады. Локалды МБ-мен операторлар орындау үшін локалды қосымшалар
қолданылады, ал жойылған МБ-мен жұмыс үшін серверлік қосымшалар
қолданылады.
Delphi-қосымша МБ-на қол жеткізуді BDE арқылы орындайды (BDE–Borland
DataBase Engine – Borland фирмасының МБ-ң процессоры). BDE мәліметтерге қол
жеткізуді қамтамасыз ететін динамикалық драйверлері мен кітапханалар
қатынасын білдіреді. BDE МБ-мен жұмыс істеуді камтамассыз ететін Delphi-
қосымшалар орындалатын барлық компьютерларда қойылуы мүмкін. BDE-ні қолдану
қосымшаға локалды және алыстатылған МБ-на қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Локалды МБ, сонда жұмыс істейтін қосымшалар сол компьютерде орналасады.
Бұндай жағдайда ақпараттық жүйе локалды архитектура түрінде болады (1.1-
сурет). МБ-мен жұмыс бірқолданушылық режимде орындалады. Қажет жағдайда
компьютерде басқа сол мәліметтерге қол жеткізетін қосымшаны жүктейді. МБ-н
басқару үшін мәліметтерді арнайы басқару мен бақылау құралдары қажет.
Локалды МБ-на қол жеткізу үшін BDE Paradox, dBase, FoxPro және мәтіндік
файл форматындағы МБ-мен жұмыс істейтін стандартты драйверлер қолданылады.

Сурет 1.7.1.Ақпараттық жүйенің локалды архитектурасының схемасы
Локалды МБ қолдануда желіде оған көпқолданушылық қол жеткізуді
ұйымдастыруға болады. Ол үшін МБ мен қосымшалар файлдары желі серверінде
орналасады. Әрбір қолданушы өз қалпында осы қосымшаны жүктей алады. Сол
кезде онда осы қосымша көшірмесін алады. Бұндай МБ базасын қолданудың
желілік нұсқасы файл-сервер архитектурасына сәйкес келеді. Бұндай
архитектурада қосымша әрбір компьютерде жазылуы мүмкін. Әрбір қолданушылық
компьютерлік желіде мәліметтермен жұмыс кезінде оның көшірмесі коданылады.
Ол әрқашан серверде орналасқан мәліметтермен жаңарып отырады.
Схема түрінде файл-сервер архитектурасы 1.7.2-суретте көрсетілген

Сурет 1.7.2. Файл-сервер архитектурасының схемасы
Файл-сервер архитектурасы көбінесе көп емес қолданушылық желілерде
колданылады. Оны іске асыру үшін Paradox және dBase МББЖ-ң мәліметтер
форматы жарайды. Оның артықшылығы – қарапайымдылық және қосымша бір
қолданушыға құрылып, өзі орналасқан желідегі компьютерге тәуелсіздік.
Файл-сервер архитектурасының кемшіліктері:
1. Қолданушы өзінің локалды МБ-ң көшірмесімен жұмыс істейді, мәліметтер
қандай да бір кестеге сұраным кезінде жаңарып отырады. Сонымен бірге
серверден қажет мәліметтер бар барлық кестенің жаңа көшірмесі
жіберіледі. Циркуляция нәтижесінде желіде үлкен көлембі мәлімет
есебінен желіге күн түседі. Бұл ақпараттық жүйенің өнімділігіне және
жылдамдылығын төмендетеді.
2. Әрбір компьютерде МБ өз көшірмесі болғандықтан онда бір қолданушының
жасалған өзгерістер, басқа қолданушыларға белгісіз болады. МБ
көшірмесін арқашан жаңартып, қолданушылар жұмысын сәйкестендіріп отыру
қажет.
3. МБ басқару түрлі компьютерде жүргізіледі. Осымен байланысты бақылауды
ұйымдастыру мен МБ бүтіндігін қолдануды қиындатады.
Клиент-сервер архитектурасында алыстатылған МБ желінің компьютер-
серверінде орналасып, ал қосымша қолданушы компьютерында орналасады.
Компьютер-сервер клиенттен алыста орналасқандықтан, оны алыстатылған сервер
деп аталады.
Клиент – бұл қолданушы қосымшасы. Клиент мәліметтерді алу үшін сұрау
құрып оны жойылған серверге жібереді. Сұрау SQL тілінде жасақталады. Ол
мәліметтердің реляциялық моделінде қолданушы серверге қол жеткізудің
стандартты құралы болып табылады. Сұранымды алғаннан кейін жойылған сервер
сұранымды SQL-серверге жібереді. Бұл сұраным орындалуын қамтамасыз ететін
және қолданушыға нәтижесін беретін жойылған МБ-н басқаратын арнайы
бағдарлама.
Клиент-сервер архитектурасының схемасы 1.7.3-суретте көрсетілген

Сурет 1.7.3.Клиент-сервер архитектурасының схемасы
Клиент-сервер архитектурасының артықшылығы:
1. Желіде тек қажет мәліметтер болғандықтан күш түсіру төмендейді.
2. Мәліметтердің қайыпсыздығын жоғарлату үшін барлық клиенттердің сұранымын
өңдеу серверде орналасқан біркелкі бағдарламамен орындалады. Ол МБ
қолданудың барлық қолбанушыларға жалпы ережелерін қояды, мәліметтерге қол
жеткізуді басқарады.
3. Клиенттік қосымшаларда МБ бақылау мен оған қол жеткізу жоқ болғандықтан
қиындығы төмендейді.
Клиент-сервер архитектурасын іске асыру үшін көбінесе қолданушылық
МББЖ колданады. Олар үлкен көлемді қолданушылармен организациялар немесе
кәсіпорын ақпараттық жүйесін құруға мүмкіншілік беретіндіктен, өндірістік
деп аталады. Бұл күшті есептеуіш техникасы мен арнайы қызмет көрсететін
қиын жүйелер. Қызмет көрсетуді маман (немесе мамандар тобы) – МБ-ң жүйелік
администраторы – орындайды.
Жүйелік администратордың негізгі тапсырмалары:
– МБ қорғау (қолданушының тыйым салынған әрекеттерінен);
– МБ бүтіндігін қолдау (оны бұзылудан қорғау);
– қолданушыларды әзірлеу мен оқыту;
– мәліметтерді тестілеу мен жүктеу;
– МБ-ң қорлық (резервтік) көшірмесін жасау;
– Ақпараттық жүйеге өзгерістер еңгізу.
Өндірістік МББЖ-ға Delphi – қосымшалардың қол жеткізуі SQL Links
драйверлері арқылы жүргізіледі. Delphi үшін туыс болып табылады. МББЖ
InterBase-пен жұмыс кезінде SQL Links драйверынсыз да жұмыс істейді.
Локалды МБ үшін қосымшалар бірдеңгейлі, ал клиент-серверлік –
көрдеңгейлік деп аталады. Қаралаған клиент-сервер архитектурасы
екідеңгейлі болып табылады: клиент-қосымша мен МБ сервері. Онда
мәліметтерді өңдеу мен қол жеткізуді ұйымдастыруға арналған құралдар мен
код бөлігі клиент – қосымшадан қосымша серверіне ауыстырылады. Қосымша
серверінде барлық клиенттік қосымшаға ортақ құралдар мен код орналасады.
Үшдеңгейлі клиент-сервер архитектурасының артықшылығы:
– серверге ауыстырылған операция бөлігінің жұмысын жүкту;
– жүктеу есебінен клиенттік қосымшалар көлемін төмендету;
клиентті келтірудің қарапайымдылығы – сервер кодын өзгерткенде клиент
қосымша әрекеті де өзгереді.

2 Delphi тілінің интеграцияланған ортасы. Компоненттер палитрасы

Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар
интеграцияланған IDE (Integrated Development Environment) ортасында
жасалады. Ол компьютердің программалаушымен қарым-қатынасын ұйымдастырады
және әр түрлі басқару элементтерінен құрылған бірнеше терезелерден тұрады.
IDE интеграцияланған ортасының құралдарын қолдана отырып, қосымшаның
интерфейстік бөлігін жобалауға, программалық код жазуға және оны басқару
элементтерімен байланыстыруға болады. Бұл жағдайда, программа кодын жазу,
оны түзету және орындау сияқты барлық әрекеттер IDE ортасында орындалады.
Delphi-дің интеграцияланған ортасы көптерезелі жүйе болып саналады.
Ол төмендегі терезелерден тұрады:
• Негізгі терезе (Delphi 7- Project1.dpr)
• Объектілер ағашын шолу терезесi (Object Tree View)
• Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
• Форма құрастырушыcының терезесі (Form1. dfm)
• Код редакторының терезесі (Unit1. pas)
• Код сілтеушісінің терезесі (Exploring Unit.pas)
Дельфиде дайындалатын программа жоба деп аталады. Жоба форма
терезінде орындалады (қалыпты жағдайдағы аты- Form1).
• Жоба құру үшін формаға Компоненттер палитрасынан түрлі компоненттер
орналастырылады.
Программадан объект қасиеті мен әдістеріне қатынау қалай жүзеге
асыратынын қарастырайық.
Объект қасиетін көрсету келесі форматта жүзеге асырылады:
объект атауы.қасиет атауы
Объект атауынан кейін бос орынсыз нүкте белгісі қойылады да, төмен
қарай ашылатын тізімнен қажетті қасиет атауы таңдалады.
Кейде объект қасиетінің өзі объект болуы мүмкін. Онда бұл қасиетке
сілтеу арасына нүкте қойылған объектілер тізбекшесі арқылы көрсетіледі.
Delphi ортасында жасалған қосымша бір жобаға біріктірілген бірнеше
элементтен тұрады. Олар файл типімен бірге төменде көрсетілген:
• жоба файлы (.dpr)
• форманы сипаттау файлы (.dfm)
• форма фодулінің файлы (.pas)
• модульдер (.pas)
• жоба параметрлері (.dof)
• ресурсты сипаттау (.res)
Жоба файлы
Дельфиді іске қосқан кезде автоматты түрде Project1.dpr атты жаңа
жоба жасалады. Бұл жобаның Form1 атты формасы болады. Жоба файлы жобаның
орталық файлы болып табылады және оның жеке программасы болады. 1 формадан
тұратын қосымша үшін жоба файлының түрі былайша болады:
program Project1;
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};
begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
Бұл файл мазмұнын экранға шығару үшін келесі командалар тізбегі
орындалады: View(Units( Project1 (немесе CTRL+F12).
Форма файлдары
Жоба құрамындағы әрбір форма үшін автоматты түрде форманы сипаттау
файлы (.dfm) және модуль файлы (.pas) жасалады.
Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерін сипаттаудан
тұрады. Формаға компонент қойып, оның қасиеттерін өзгерткен кезде форманы
сипаттау файлында автоматты түрде сәйкес өзгерістер енгізіледі.Бұл файлдың
мазмұнын экранға шығару үшін форманың контекстік мәзірінен View as Text
пунктін шерту қажет. Керісінше, формаға өту үшін контекстік мәзірден View
as Form командасы таңдалады.

2.1 Компоненттер палитрасы

Компоненттер палитрасы негізгі терезеде негізгі мәзірдің оң жақ
төменгі бөлігінде орналасқан. Компонент- қосымша формасы жасалатын
құрастыру блогы болып табылады. Барлық компонент әрбіреуі жеке парақта
орналасқан топтарға бөлінген, ал әрбір компонент шартбелгімен берілген.
Компонент палитрасы келесі парақтардан тұрады:
• Standard – стандарт компоненттер
• Additional- қосымша компоненттер
• Win32- Windows-тың 32 разрядты инсерфейсі
• System- жүйелік функцияларды қосу
• Data Access- деректер қоймасындағы ақпаратпен жұмыс
Data Сontrols- деректерді басқару элементін жасау т.с.с.
Дельфидің Standard парағында программа құруға ең қажетті Windows-ке
арналған стандартты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер
палитрасы орналасқан.
Сурет 2.1.1. Standard парағы
STANDARD парағының құрамына келесі компоненттер кіреді:
Frame –Жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттердің

контейнері ретінде қолданылады.
MainMenu - негізгі меню жүйесі.
PopurMenu – жанама немесе контекстік меню.
Label - жазба. Ол компонентке шағын мәтін шығару мақсатында

қолданылады.
Edit – 1 жолды мәтіндік өріс
Memo – көпжолды мәтіндік өріс.
Button – қарапайым батырма.
CheckBox – тәуелсіз ауыстырып- қосқыш.
RadioButton – тәуелді ауыстырып- қосқыш.

ListBox – тізім.
ComboBox – тізімдік өріс.
ScrollBar – айналдыру жолағы
GroupBox – элементтер тобы.
RadioGroup – тәуелді ауыстырып- қосқыштар тобы.
Panel – Тақташа.
ActionList - әрекеттер тізімі.
Бір жолды мәтіндік ақпараттарды енгізу, шығару және редакциялау үшін
Edit компоненті қолданылады. Оның негізгі қасиеті- Text.
Қолданушы программаның орындалу барысында өзгертуге болмайтын
мәтіндік ақпаратты шығару үшін Label компоненті қолданылады. Бұл
компоненттің негізгі қасиеті- Caption. Сонымен қатар, мәтіндік ақпаратты
ShowMessage процедурасы арқылы да экранға шығаруға болады.
Additional парағының құрамына сұхбаттасу терезелерін орнату үшін
қолданылатын келесі компоненттер кіреді.

Сурет 2.1.2. Additional парағы
BitBtn – Бетінде суреті және жазуы бар нұсқаулық батырма.
SpeedButton – пиктограммалық батырма.
MaskEdit – арнайы мәтіндік редактор. Енгізілетін мәтінді
сүзгілеуге мүмкіндік береді.
StringGrid – жолдар кестесі. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты
кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
DrawGrid – кез- келген түрдегі мәліметтерден тұратын еркін
кесте
Image – сурет. Бұл компоненттің көмегімен суреттерді,
пиктограммалар мен метафайлдарды шығаруға болады.
Shape – фигура. Бұл компоненттің көмегімен әр түрлі
фигураларды (төртбұрыш, эллипс, шеңбер т.с.с.) формаға орналастыруға
болады.
Bevel – жиек. Терезенің аумағын үш өлшемді қоршаумен
немесе белдеулермен жиектеу үшін арналған.
ScrollBox – орағыш жолақтар тақтасы. Егер тақташадағы
орналыстырылған компоненттер ашылған терезеде толығымен
көрсетілмесе, онда белдеулер автоматты түрде орнатылады.
CheckListBox – ұсынылған тізімнен бірнеше опцияларды таңдауға
мүмкіндік туғызады (әр опция CheckBox ауыстырғышымен
қамтылған).
Srlitter – шекара. Бұл компонент формадағы екі көрінетін
компоненттер аралығында орналасады және бағдарламаның
орындалу барысында компоненттерді арасындағы шекарасын
жылжытуға мүмкіндік туғызады.
StaticText – статикалық мәтін, Label -ден айырмашылығы –
өзіндік Windows терезесімен қамтылған. Сондықтан бұл терезедегі
мәтінді жиектеуге болады.
Application-Events – Егер бұл компонент формаға орналыстырылса,
онда Windows-тің бағдарламаға арналған хабарлары сол терезеге
шығарылады.
Chart – диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен
беруге арналған арнайы тақташаларды құруды жеңілдетеді.

Standard парағында орналасқан Button батырмасы стандарт батырма болып
табылады да, қосымша жасауда жиі қолданылады. Ал Additional парағында
батырманың ерекше түрі –Bitbtn қолданылады. Бұл батырманың қарапайым
батырмадан айырмашылығы- оның бетіне сурет орналастыруға болады. Батырма
бетіндегі жазу Caption қасиеті арқылы қойылады.
Bitbtn батырмасының Kind қасиеті батырма түрін анықтайды. Бұл
қасиеттің қалыпты жағдайдағы мәні- bkCustom. Одан басқа да мәндері: bkOK,
bkCancel, bkHelp, bkYes, bkNo, bkClose, bkAbort, bkRetry, bkIgnore, bkAll.
Бұл батырмаларда сәйкес жазу мен пиктограмма орнатылған.
Батырма бетіне сурет Glyph қасиеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нан пісіру өндірісіндегі негізгі шикізаттар
Сақтау кезінде ұнда өтетін процестер
Ұн және оның сапалық көрсеткіштері
Нан пісіру өндірісіндегі негізгі шикізаттар жайлы мәлімет
Нан өндірісінің даму тарихы
Квастың тарихы
Ашытқысыз дайындалған нан - нан пісіретін ашытқысыз қамырдан жасалған нан өнімдері
Қара бидай дәндерінің әртүрлілігі
Нан өңдіру технологиясы
Нан өндірісіндегі бидай ұнының сапа көрсеткіштері
Пәндер