Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1] .
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алыста барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт», - делінген. Осынау ақиқаттың дәлелі Қазақсатн Республикасы дамуының 2030 жылға дейін межеленген стратегиясында, оны жүзеге аысруға бағытталған еліміздің кезең-кезеңмен дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласына айрықша басымдылықпен мән берілгендігі [2] .
Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да баланың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын бейіндік оқыту барысында пайдалану маңызды болып отыр.
Білім берудің ең төменгі сатысы - ақыл-ойдың даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудыңең қуатты кезеңі. Бірақ бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, затты қабылдауы нашар болып келгенімен, білуге құштар, барлығын көзбен көруді ұнатады. Сондықтан да оқу ойын түрінде. Білім беруді ізгілендіруді т. с. с. технологиялары ретінде қолданылып отырады.
Орта сатыда білімнің негіздері қаланады. Оқу материалы күрделірек болғандықтан, бірден түсінулері де қиынға соғады. Сондықтан да жас ерекшелігі мен пәннің күрделілігі ескеріліп, дамыта оқыту, мәселелік оқыту, түсіндіре басқарып озат оқыту, модульдік, тірек сигналдары арқылы оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы тиімді түрде қолданылуы көзделіп отыр.
Ал жоғары саты, яғңи бейіндік білім сатысы, өз бетімен оқу дағдыларын игере алатындықтан, белгілі мәселе төңірегінде ой қозғай алатын, жеке пәндерге деген талғамы, талғауы бар саналы азамта ретінде танимыз. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, бұл сатыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту, деңгейлеп саралап оқыту, бағдарламалап оқыту, өздігінен дамыту технологиясы, дамыта оқыту технологияларын пайдаланып, жетістіктерін күтуде [3] .
Білім беру барысында жаңа технологияларды қолдану оқу процесінің жетістіктерін арттыра түседі. Жаңа оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагогтардың озық дидактикалық идеяларында «Нені оқыту?», «Қалай оқыту?», «Сапасы қандай?» деген сияқты мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жаңаша жұмыс түрлерін көруге болады.
В. Ф. Шаталов, Р. Штейнердің, С. Н. Лысенковтың, П. Эрдниевтің, Л. В. Занковтың, Л. С. Выготскийдің т. б. аталған дидактиктердің біліміне сүйене отырып, қазіргі таңда оқытудың әр түрлі технологиялары қарастырылып, оны қолдануды жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін беріп те үлгерді. Мұндай технологиялар жан-жақты тараған, оның нәтижесін танытып жатқан бірқатар түрлерін атауға болады: сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, модульдік оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, тірек сигналы арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқару, оза оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы, бағдарламалап оқыту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту және т. б. [4] .
Оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын әзірлегенге оның жалпы құрылу қағидаларына (Дж. Блок, Л. Андерсен, Дж. Керрол, Б. Блум, т. б. ), сондай-ақ тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне, тұлғаның қызығу аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне (Ж. Пиаже, Э. Эриксон, А. Маслоу, Л. Божович, Л. Выготский, Л. Фридман және т. б. ) сүйенген.
Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланудың бір ерекшелігі, мұғалім мен оқушының күрделі, тығыз байланысын оңтайлы шешуге көмектесе отырып, сенімділікпен жұмыс жасауға, өзара батыл пікірлесуге, оқуға деген ынтасын арттыру, сапалы білім берудің оң жолдарын қамтиды [5] .
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет [6] .
Қазіргі таңда кез келген мектептерде білім жүйесін жетілдіру үшін жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарына қойылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі ретінде Қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардың еңбектері қолданылды: П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, Д. Эльконин мен В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық оқыту технологиясы, П. Третьяковтың, М. Жанпейісованың модульді оқыту технологиясы, В. Монаховтың, В. Беспальконың оқыту технологиясы, Дж Блок, Л. Андерсен, Б. Блумның оқушының танымдық құрылымының дамыту ерекшеліктері [7-9] .
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, Л. Лернердің, А. Н. Луктың, В. И. Андреевтің, А. Л. Яковлевтің, Д, Б. Богоявленскаяның еңбектері [10, 11] .
Жалпы білім беретін мектептердегі инновациялық іс-әрекеттер педагогикалық білім берудегі инноватиканың дамуына байланысты. Оның негіздері мына педагог-ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған: М. С. Бургин, М. С. Гильманов, В. И. Загвязинский, И. А. Зязюн, А. И. Кузнецов, П. И. Пидкасистый, В. А. Сластенин, А. М. Цирульников және т. б. [12] .
Қазақстандағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы Ж. Қараевтың, жүйелік негізде оқыту технологиясы Г. Г. Ғалиевтің, шоғырландырып - қарқынды оқыту технологиясы Қ. А. Әбдіғалиев, Н. Н. Нұрахметовтың, блоктық-моульдық технологиясы М. Жанпейісованың, Ә. Жүнісбектің және тағы басқа ғалымдардың оқыту технологиялары кеңінен танымал [13, 14] .
Зерттеудің мақсаты - оқытудағы жаңа инновациялық технологияларының оқушылардың шығармашылығын дамытудағы рөлін анықтау.
Зерттеудің нысаны - жалпы білім беретін мектептердегі жаңа инновациялық технологиялар.
Зерттеу пәні - оқытудағы жаңа инновациялық технологияларының оқушылардың шығармашылығын дамытудағы рөлінің мәні.
Зерттеу міндеттері:
- оқытудағы жаңа инновациялық технологияларының оқушылардың шығармашылығын дамытудағы рөлін теориялық тұрғыдан негіздеу;
- “инновация”, “технология”, “инновациялық технология”, “шығармашылық”, “шығармашылық қабілет” ұғымдарын сипаттау;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқытудағы жаңа инновациялық технологияларының оқушылардың шығармашылығын дамытудағы рөлінің ғылыми теориялық негіздері айқындалса, онда кез келген жағдайда ұтымды шешім қабылдай алатын шығармашылық тұлға қалыптасады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Шығармашылықтың мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, құндылық теориясы.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік зерттеу жұмыстары Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Баршын орта мектебінде жүргізілді.
Дипломның құрылымы: Диплом кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, құрылымы, көрсетіледі.
Қорытындыда зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
1 Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялардың оқушылардың шығармашылығын дамытудағы рөлін теориялық тұрғыдан талдау
1. 1 Отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі оқытудағы жаңа инновациялық технологиялардың оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселесі
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткендей, “Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсенен кіріккен барлық осы заманғы бай қуатты мемлекеттер «парасатты экономикаға» сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами капитализмді дамытқанымыз жөн”. Бұл жалпы мемлекеттік жобаны жүзеге асырудағы үлкен жауапкершілік оның барлық қатысушыларына, соның ішінде, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген [15] .
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау - мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Сондықтан оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды “инновациялық технологиялар” ұғымына нақты түсінік беруден бастаған жөн. Біз өз зерттеуімізде, ең алдымен “инновация”, “технология”, “педагогикалық технология”, “инновациялық білім беру технологиялары” ұғымын мазмұны жағынан толықтырсақ [16] .
“Инновация” ұғымы педагогика ғылымымен жасасып келеді деуге болады. Олай дейтініміз, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде кездесіп отырады. “Инновация” ұғымы әр елде әртүрлі түсіндіріліп, ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Осы ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар - М. М. Поташкин, А. С. Доренсов, В. И. Днепрова, В. С. Лазерева, П. И. Третьякова, Н. Нұрахметов, Ш. Таубаева, Қ. Құдайбергенов, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. “инновация” ұғымына “жаңалық”, “жаңаны енгізу”, “өзгеріс”, “құрал”, “үрдіс”, “әдіс-тәсілдер” деп түсіндіріп берген. Инновациялық үрдіс дегеніміз - білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсінудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады [4, 14] .
Жалпы, ғылыми “инновация” термині энциклопедиялар мен сөздіктерде анықталған. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл “қайта құрылу” ұғымы ретінде берілген. Советтік энциклопедиялық сөздікте де осы мағынада қолданылған [17] .
Инновация теориясының алғашқы ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В. Зомбарт, В. Метчерлих және австриялық экономист Й. Шумпетер болып табылады, олар бұл қағидаларды әлеуметтік-экономикалық және технологиялық процестерге байланысты қолданған. Бүгінде ғылыми зерттеулерде әдіснамалық тұрғыдан қатынастың әртүрлігіне байланысты “инновация” түрліше анықталады. Көптеген ғалымдар, әсіресе шетел ғалымдары (Н. Мончев, И. Перлаки, Д. В. Хартман, Э. Менсфилд, Р. Фостер, Б. Твисс, Й. Шумпетер, Э. Роджерс т. б. ) бұл ұғымды өз зерттеулерінің объектісі мен пәніне байланысты тұжырымдайды. Мәселен, Б. Твисс инновацияны жаңалық немесе идея экономикалық мазмұнға ие болатын процесс ретінде анықтайды. Ф. Никсон инновацияны - бұл нарыққа жаңа және жақсартылған өнеркәсіптік процестер мен құрал-жабдықтардың пайда болуына алып келетін техникалық, өндірістік және коммерциялық шаралардың жиынтығы деп есептейді. Й. Шумпетер инновацияны кәсіптік рухпен шыңдалған өндірістік факторлардың ғылыми-ұйымдастырылған құрамасы ретінде тұжырымдайды [18] .
А. И. Кочетов “инновацияға” келесідей анықтама берген: педагогикалық қызметтің жаңаруың, оның нәтижесін белгілі деңгейге қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және методологиялық концепция.
М. В. Кванеа мен В. Латкиннің көзқарастары бойынша, “инновация” бұл нормасынан тыс кәсіби (қызметті) принципиалдық қызметті жаңа сапалы деңгейге шығарылды.
В. Кларин оқытудағы инновациялық әдістердің екі негізгі типін атап айтқан:
1 тип: Инновациялар - оқыту процесін модернизациялайтын модернизациялар. Олар кепілді нәтижелердің жетістіктеріне бағытталған. Олардың негізінде оқытудағы технологиялық әдістеме жатыр.
2 тип: Инновациялар - оқыту процесінің зерттеу сипатын қамтамасыз етуге, ізденіс оқыту - танымдық ұйымының қызметіне бағытталған оқыту процесінің өзгеруінің жаңартылуы [19] .
Инновациялық іс-әрекет жаңа бағдарламаны, жаңа оқу жоспарын, жаңа әдіс-тәсілдерді оқыту және тәрбиелеу процестеріне енгізу болып табылады. Мысалы, А. И. Пригожин білім мазмұнында, әдістемеде, технологияларда, оқу-тәрбие жұмыстарының формаларында, әдістерінде, тәсілдерінде, құралдарында, оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда инновацияның көрініс табатын типтерін атайды. Бұдан “педагогикалық-инновациялық технология”, “инновациялық іс-әрекет”, “инновациялық процесс” ұғымдарын бір мағынада қолдануға болатыны шығады.
Демек, “инновация” терминін анықтауға барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десек те болады. Олардың ойынша “инновация” педагогикалық категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Болашақта “инновация” ұғымының барынша дәлірек, толық мағынасы табыла жатар, дегенмен жаңа үлгідегі мектептің дамуы инновациялық құбылыссыз жүрмейтіндігі анық.
Н. Нұрмағанбетов “инновация” білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады” дейді де, автор өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кеңістігін бірнеше түрге бөледі:
- жеке түрі (жеке, дара, бір-бірімен байланыспаған) ;
- модульдік түрі (жеке дара кешенді бір-бірімен байланысқан) ;
- жүйелі түрі (мектепте толық қамтитын) [20] .
Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысады. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементерін жаңаша құрастыру. Бұған тіл мен әдебиетті оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Радикалық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Жалпы білім беретін мектептердегі инновациялық іс-әрекеттер педагогикалық білім берудегі инноватиканың дамуына байланысты. Оның негіздері мына педагог-ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған: М. С. Бургин, М. С. Гильманов, В. И. Загвязинский, И. А. Зязюн, А. И. Кузнецов, П. И. Пидкасистый, В. А. Сластенин, А. М. Цирульников және т. б.
Соңғы он жылдықта “инновация” ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңаруының маңызды айғағына айналды. Инновациялар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болады және ауытқымай, жаңа мәселелерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.
Бүгінгі күндегі инновациялық білім беру - оқу және әлеуметтік-тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке адамның және жалпы қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады.
“Инновация” термині латынның innovation - новацияларды енгізу дегеннен пайда болған. Инноватика философия, психология, әлеуметтану, басқару теориясы, экономика және мәдениеттану пәндерінің тоғысуында жүргізілген зерттеулердің пәнаралық саласы ретінде қалыптасты. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да педагогикалық инноватиканың дамуы көпшіліктің қоғамдық-педагогикалық қозғалыстарымен, мектептегі жылдам дамыту қажеттілікке байланысты қайшылықпен және мұғалімдердің оны іс-жүзіне асыра алмауымен байланысты. Жаңалықтарды қолдаушылардың жалпы сипаттары да өсе бастады. Осыған байланысты жаңа білімге деген, “инновация”, “инновациялық үрдіс” деген жаңа ұғымдарды түсініп-білу қажеттілігі ұлғая түсті. “Жаңалықты енгізу” (инновация) ұғымы жаңалық ретінде де, және осы жаңалықты тәжірибеге енгізу үрдісі ретінде анықталады. Бүгінгі кезде инновациялық педагогикалық үрдістер білім берудің дамуын анықтайтын айғағы бола отырып, өзінің нақты теориялық базасы да бар. “Жаңа”, “жаңалық”, “инновация”, “жаңалықты енгізу”, “инновациялық үрдіс” сияқты инноватика ұғымдарының мазмұндық сипаты педагогикалық инноватиканы зерттеушілердің түсініктемелерімен көп жағдайда сәйкес келмейтінін көрсетті [17, 56] .
Біз өз зерттеулерімізде “жаңа” ұғымына В. И. Загвязанскийдің және басқа да зерттеушілердің қолдайтын түсініктемесін пайдаланып отырмыз. Оның берген анықтамасына сәйкес, педагогикадағы жаңалық - “бұл тек ұсынылған түрде, әрі оған ұқсас байланыста көрсетілмеген технологиялар, көзқарастар мен идеялар ғана емес, өзгерістер жағдайында білім беру мен тәрбиенің міндеттерін жеткілікті тиімді дәрежеде шешуге мүмкіндік беретін, өз бойында прогрессивті бастамалары бар, педагогиалық үрдістер жеке элементтері немесе кешенді элементтері болып табылады”.
Инновациялық үрдісті зерттеу әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Жаңалықтардың енгізудің жүйелі концепциясын А. Г. Кругликов, Л. И. Лапин, А. И. Пригожин, Б. В. Сазонов, Н. Л. Степанов, В. С. Толстойлар ұсынды. Олар инновациялық үрдістер құрылымын зерттеудің екі жолын көрсетеді: жеке дара жаңалықтарды енгізудің микродеңгейдегі пәндік-технологиялық және және де микродеңгейі - бөлек-бөлек жаңа енгізулердің өзара байланысы. Педагогикалық инноватиканың негізгі ұғымдар жүйесін таңдауға Р. Н. Юсуфбекова, М. М. Поташник, Т. А. Линчевка, Д. Р. Принбековалар өз еңбектерін арнады [21, 22] .
М. М. Поташник, П. И. Самойленко және А. В. Сергеев кез келген үрдіс күрделі көп жүйелі динамикалық құрлым, яғни жүйе деп оған анықтама береді. Ал онда инновациялық үрдіс те көп жүйелі болады. Авторлар ииновациялық үрдістің келесі құрылымдарын белгілейді: іс-әрекетті, субъектілі, деңгейлік, мазмұндылық, басқарушылық, ұйымдастырушылық [12, 67] .
Демек, “инновация” терминін анықтауға барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десек те болады. Олардың ойынша “инновация” педагогикалық категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Болашақта “инновация” ұғымының барынша дәлірек, толық мағынасы табыла жатар, дегенмен жаңа үлгідегі мектептің дамуы инновациялық құбылыссыз жүрмейтіндігі анық.
Республика көлеміндегі мектептердің тәжірибесіне жасаған талдау инновациялық білім беру технологияларын мектепте пайдаланудың қазіргі жағдайын анықтауға негіз болды. Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасының барлық пәндері бойынша оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларының мынадай түрлері кеңінен қолданылатыны анықталды: Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Элькониннің дамыта оқыту, модульдік және блоктың - модульдік оқыту, П. М. Эрдниевтің дидактикалық білімдерді ірілендіру, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқыту, Ю. А. Марковтың жеке оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, интеграциялық, ойын, тестілік, ақпараттық және т. б. [2325] .
Инновациялық білім беру арқылы мектеп оқушысының интеллектуалды дамуының сапалық деңгейлері белгіленіп, оған қойылатын талаптардың негізгі көрсеткіштеріне сәйкестігі анықталды. Ұсынылып отырған жаңа пәндер мазмұны тұрғысынан жаңа деңгейдегі білім беру үрдісін жүзеге асыруға бағытталды.
Қазіргі таңда кез келген мектептерде тәрбие үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz