Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны
Аннотация 3
Кіріспе 4
1 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық – географиялық жағдайы 9
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орны, жер бедері, қысқаша
даму тарихы 9
1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы 16
1.3 Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары 22
2 Оңтүстік Қазақстан облысының – су қоймалар мен каналдары және олардың
шаруашылық маңызы 31
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларымен каналдары 31
2.2 Су қоймаларды тиімді пайдалану 55
Қорытынды 83
Қолданылған әдебиеттер тізімі 86
h3
h4Аннотация
Бұл дипломдық жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймалары мен
каналдарының шаруашылық маңызын жан-жақты талдап, су қоймаларына жеке-жеке
тоқталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайы мен
географиялық орны, жер бедері, қысқаша даму тарихы геологиясы, тектоникалық
құрылымы. Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары, топырағы, өсімдік
жамылғысы және жануарлар әлемі, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібінің
су шаруашылығына тигізетін әсері, экономикалық ерекшеліктері, проблемалары
және болашағына сипаттама бере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының – су
қоймалар мен каналдары және олардың шаруашылық маңызы ашқан.
Дипломдық жұмыс 62 беттен, 2 тараудан,1 кестеден қосымшадан, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады. h4
h4Кіріспе
Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгет пен бөген бар. Олардың жалпы ауданы 10
мың шаршы километрге жуық, бұлардағы тұщы су көлемі шамамен 90 текше
километрдей.
Көлдер әр түрлі табиғат ресурстарына бай.
Суы. Халық шаруашылығының қажетіне көбінесе көлемі бір шаршы
километрден жоғары, минералдылығы 3 гкг-нан аз және тереңдігі 2 метрлік
көлдер пайдаланылады. Осы көлдердің су деңгейінің жылдық орташа өзгеруі,
минералдануы аз болады. Көлдердің көп жылдық орташа қоры 13 миллиард текше
метрдей. Көктемде және жаз айларында көл суының жалпы көлемінен 1-5 %-ке,
яғни 300-700 миллион текше метрге дейін пайдалануға болады.h4
Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың
ішінде аулайтыны – сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан
балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық
мөлшері 0,5-тен 40 кг-ға дейін. Осы көлдерден жыл сайын 6-7 мың тонна балық
ауланады. Ал көлдерді ұтымды пайдаланса, балық аулауды екі есеге дейін
артыруға болады.
Су өсімдіктері. Олар қағаз және ағаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Көл
қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл
көлдерінің және Шу, Нұра, Сырдария өзендерінің жағалауларында өседі.
Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. Тонна құрғақ
қамыс дайындауға болады. Олар қамысты ұтымды пайдаланып, химиялық жолмен
өндесе, 700 мың тонна ағартылған целлюлоза, 30 мың тонна мал азығы
ашытқысы, 300 мың тонна сульфатты спирт бордасын, 7,5 миллион декалитр этил
спиртін өндіруге болады екен. Сондай-ақ миллион текше метр ағаш үнемделеді
және жылына 5 миллион тонна мал азығын құнарландыруға болатын белок пен
витамин алынады.
Жануарлар әлемі. Қазақстан көлдері жағалауларындағы түлкі, ақ тышқан,
мысық, солонгая, қасқыр, борсық, қарсық, сасық күзен, жабайы шошқа, су
тышқаны және т.б. тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны – ондатр.
1944-1964 жылдар аралығында республикада 24 млн. Ондатр терісін өндіру 20
есеге дейін кеміді, бұған ондатрды аулауды дұрыс ұйымдастыру,
браконьерліктің етек алуы елеулі әсер етуде. Бұл саланы ұтымды пайдаланған
жағдайда жыл сайын ондатр терісін өндіруді бірнеше есе арттыруға болады.
Тақырыптың көкейтестілігі:
Су қоймалары. Қазақстан территорясында энергетикалық, ирригациялық және
өнеркәсіптік мақсатқа арналған көптеген су қоймалары бар. Республикамыздың
ең ірі су қоймасы - Бұқтырма су электр станциясы салынуына байланысты пайда
болады. Мұнда темір-бетон плотинаның биіктігі 90 м-ге жетеді. Бұқтырма су
қоймасының ұзындығы өзен бойынан есептегенде 600 километр, ауданы 5500
шаршы километр. Зайсан көлін қоспағанда су көлемі 49,6 текше километр,
енділеу бөлегі 35 километр, орташа тереңдігі 11 метр. Бұқтырма су қоймасы
1966 жылы пайдалануға берілді. Су қоймасы екі бөліктен – Ертіс өңірінің
арнасы мен Зайсан көлінен тұрады. Су қоймасының шаруашылық маңызы өте зор.
Ол Павлодар, Семей областарының, жүздеген мың гектар шабындықтарын
суландырады. Су қоймасының пайдалануға берілуі нәтижесінде су жолы 6 мың км-
ге жетті. Бұқтырма су қоймасынан сазан, табан балық, бекіре, т.б. ауланады.
Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасынан кейінгі екінші ірі қойма –
Қапшағай су қоймасы. Ол Алматы, Талдықорған областары территориясындағы Іле
аңғарында салынған. Су 1970 жылдан қинала бастады. Ауданы 1850 шаршы км,
көлемі 28,14 текше метр, ұзындығы 180 км, ең ендірек бөлігі 22 км. Орташа
тереңдігі 15,2 метр, ең терең жері 45 метр. Су қоймасының деңгейі ағысқа
байланысты 4 метрге дейін ауытқып отырады. Қапшағай су қоймасының
энергетикалық және ирригациялық маңызы өте зор. Сонымен қатар ол – Алматы
қаласы тұрғындарының демлыс орны. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының су
қоймаларына келетін болсақ, алдымен Шардара су қоймасынан бастаймыз.
Су қоймасының суымен 450 мың гектар жер суарылып, онда күріш, көкөніс,
жеміс, жүзім және жемшөп өсіріледі. Республикамыздағы ірі жасанды су
айдындары қатарына Шардара су қоймасы да жатады. Ол Сырдария өзенінің
арнасына салынған. Ұзындығы 220 км. Су сыйымдылығы 8,4 силлиард текше метр.
Шардара су қоймасының суымен 1,5 миллион гектар егістік, 4 миллион г-дан
астам жайылым суландырылады.
Жер беті ағыны Оңтұстік Қазақстан облысы территориясы біркелкі
таралмаған. Көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері –
Сырдария. Салалары – келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі
ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені
орналасқан.
Сырдария өзенінің бас жағы мыңдаған гектар жерді, бау-бақша, мақталық,
күріш алқаптарын суландыруға көп қызымет етеді. Бұл жерде салынған Шардара
СЭС –і электр энергия қуатын өндіріп, облыстың кәсіпорындары мен халқы үшін
жарық береді. Оңтүстік Қазақстан көлдерге бай емес. Олар негізінен
солтүстік аймақтарда орналасқан. Сырдария өзендерінің аңғарлары мен Шу
өзенінің төменгі ағыстарында құралған. Олар өте тұзды және саяз болып
келеді. Жазықтық аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды
сулар да шығады, оны емдік үшін пайдаланады. Сарыағаш курортындағы
минералды су Республикадағы бірден-бір асқазан, ішек құрылыстары үшін
пайдалы сулар.
Суармалы егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында салынған жасанды су
айдындарының бірі – Бөген су қоймасы. Бөген су қоймасы Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Арыс және Бөген өзендерінің суын тиімді пайдалану мақсатында
1960 жылы салынады. Ұзындығы 10-12 км, ені 5 км, ауданы 63,5 шаршы км,
пайдаланатын суынын көлемі 370-440 миллион текше метр. Республикамыздағы
ірі су жүйелерінің бірі – Арыс-Түркістан каналы суды осы Бөген су
қоймасынан алады.
Шымкент қаласының оңтүстік бөлігінен Бадам өзені ағып өтіп, Арыс
өзеніне барып құяды. Бадам өзенін қаладан 10-12 шақырым жерде орналасқан
Бадам су қоймасы реттеп отырады. Осы Бадам су қоймасы қаланы
суландырудың негізгі көзі болып табылады. Одан аққан суды Шымкент-1
каналы қабылдап алады да, қалаға жібереді. Каналдың ұзындығы 29,2 км.
Каналдың басты бөлігінен келетін судың мөлшері секундына 5,5 текше метр деп
есептелінеді. Қаланың темір жол аймағында Шымкент-2 және Жаңашек болып
екіге бөлінеді. Бұл каналдар қаланы көгалдандыруға бағытталған. Шымкент-2
каналының ұзындығы 15,5 км, Жаңашектің ұзындығы 11,8 км. Жаңа Бадам
каналы 1989 жылы салынды. Ол алдағы уақытта Север мөлтек ауданындағы 225
гектар жерді суландыруға қабілетті. Облыс бойынша су қорын пайдаланушы
болып 15 мың шаруашылық, кәсіпорындар тіркелген. Олардың бір жылғы суларды
пайдалану көлемі 34200 млн. текше метр, соның ішінде су асты қоры- 220 млн.
текше метр. Су қорын пайдаланғанда суды үнемдеудің ең бір басты бағыты- су
шығынын азайту. Су көзінен оны пайдаланатын орынға жеткенше әсіресі ауыл
шаруашылығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша су шығыны 25 пайызға
жеткен. Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш, жедел түрде су шығынына қарсы
әрекеттер жасауды қажет етеді. Жалпы бұл облыс бойынша қолданылатын судың
95 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Бұл судың лайлануына ғана емес,
біржола жоғалуына әкеп соғады. Ал өнеркәсіпте су қоры азырақ
пайдаланғанымен айналымға түскен су таза болмайды, өндіріс қалдықтарымен
ластанып жерді және өзен- көлдердің суын ластайды. Әсіресе Арыс, Бадам
өзендерінің суы көп мөлшерде дастанған. h4
Мәселеннің өңделуі: Қазақстан Республикасының ақпарат көздері мен
Қазақстанда жарық көрген мәліметтерге, жергілікті жердің ақпарат көздеріне
сүйенеді.
Диплом жұмысының мақсаты:
Оңтүстік Қазақстанда орналасқан су қоймалары мен каналдардың орналасқан
орны мен жалпы жағдайына тоқталып, шаруашылық маңызын ашу.
Зерттеудің жаңалығы:
1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларының шаруашылық маңызын
ашу.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
3. Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймалары мен каналдардың табиғи
байлығы.
Зерттеу пәні: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның физикалық
географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімі мен тәрбиесін
қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі.
Тәрбиелік құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның
физикалық географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімін
қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. h4
h41 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық – географиялық жағдайы
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орны, жер бедері, қысқаша
даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде
орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан
республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен,
солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері,
жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территорияның
солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан.
Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен
жағалары егін шаруашылығына қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш
өсіріледі және мал щаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.h4
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде
орналасқан.
Облыстың солтүстігінде Бетпақдаламен, оңтүстік-шығысында Шатқал
жотасымен, солтүстік-шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылордамен,
шығысында Қырғыстанмен, оңтүстігінде Өзбекстенмен шектеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы
10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде Сырдария алабына
орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі қазақстан жер көлемінің
43%-ын құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері мен климаты

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері біркелкі. Жер бедерінің едәуір
бөлігі жазық келеді. Оның солтүстік-шығысында ұзыннан-ұзақсозылып жатқан
Қаратау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақдала, Шу өзені
оңтүстігінен басталатын мойыеқұм, батысында Қызылқұм, Өгем және Қаражантау
тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді. Облыстың оңтүстігін Қызылқұм мен
Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Қаратаудан шығысқа
қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр. Биіктігі 3617м. Мұның солтүстік бөлігі
Қазақстан территориясына кіреді.Осы жоталар арасынан шатқал арқала Талас
өзені ағып өтеді.Өгем жотасында облыстың ең биік жері Сайрам шыңы
бар.Биіктігі 4238м.Өгем өзенінен бөлініп жатқан Келестің саласында
Қаражантау жотасы бар. Жотаның оңтүстік-шығыс бөлігін Қаражан және Жігірген
өзендері алып жатыр. Жотаның орташа биіктігі 2000м. Биік нүктесі Мыңбұлақ
тауы. Биіктігі2834м. Қаражан таудан солтүстік-батысқа қарай Қазығұрт және
боралдай тауы алып жатыр. Бұл таулар өте ескірген, бұзылған таулар.
Қазығұрт тауы оңтүстікке қарай баспалдақ тәрізді. Келес өзені аңғарына
құлайды. Ең биік жері 1600м.
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі
көнтеген факторларға атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен
құрамына, олардың жату пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі және
сыртқыкүштердің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы өлкелерінде
тау түзлу процестері әлі аяқталып біткен жоқ. Таулы аймақтарда болып жатқан
жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын
дәлелдейді. Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі жер бедерінің қалыптасуына
сыртқы күштер, атап айтқанда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су
жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі
климаттың су мөлшерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің
қалыптасуына әсерін тигізеді.
Таулары: Сырдария өзенінің орта бөлігі ағысының шығысынан оңтүстікке
қарай Тянь-Шань тауларының атыраптарына Талас Алатауы, Өгем қыраттары және
Қаратау тауы кіреді. Бұлар биік емес аласа тауларға жатады.Бірақ олардың
шығыс бөлігінде жартастардың өте бийк жерлері де бар.
Жазық аймақтарға: Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып оның көптеген
аумағын жазық аймақтар аоып жатыр. Территорияның басым бөлігі сусыз шөл
және құрғақ дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді.
Оңтүстік Қазақстанды күнгей жағынан жиектейтін тауларда биіктік
зоналық байқалады. Аз қашықтық шөлден ғана бастап мәңгі қар мен мұздықтарға
дейін зоналар ауысып жатады. Сырдаряи өзенінің соңғы жағынан басталатын
жазықтық Түркістанды жанай өтіп оңтүстікке қарай созылып кетеді. Бетпақдала
жазығы соған жалғасып жатқан шөлейтті өңір. Ол батысында Сарысу өзенінен
бастап шығысында Балқаш көліне дейін 500 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке
Шу өзені аңғарына дейін 300 шақырымға созылып жатыр. Бетпақдаланың орташа
биіктігі 250-300 метрге жетеді [1].
Климаты. Облыс аумағы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Дүние жүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта
жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың
аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрылуының
географиялық ендіктің де әсері мол.
Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне
әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып
келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға
созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы
температурасы +21 +29º С. Абсолютті ыстық +47º С Шардарада тіркелген. Қыс
айы қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық ай қаңтар. Солтүстік
орташа температура -15º С және -11,5º С оңтүстігінде. Абсолютті суық
Созақта -41º С тіркелген.
Оңтүстік Қазақстан облысының климатында тым континенттік құбылыстар
байқалады. Жер бетіне түскен ылғал мөлшері ауаға булану және топыраққа сіңу
мөлшерінен кем. Облыстың батыс жағының климаты негізінен құрғақ аңызақ
антициклонды болып келеді. Шөлді және шөлейтті бөліктерінің жылдық орташа
көрсеткіші біртектес, әсіресе жылы кездерде су баланысының

h41-сурет. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы өте азайып
кететіндігі байқалады.
Күннің беретін жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі
орташа айлық ауаның температурасы 20-26 С болады, ал Қызылқұмдағы куейбір
жерлердің орташа температурасы 48 С-қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның
ылғалдылығы 25-28 процент. Ол өте ыстық құрғақ күндері 15 проценке дейін
жетеді.h4
Бір жылдық күн радиациясы 588152-669888 Джоуль. Күннің тік түсетін
радиациясы әрдайым шашыранды радияциядан мол болатындығын көрсетеді. Кей
кездерде бұл көріністің 90 пайызы дерлік байқалады, тәуліктік
температураның амплитудасы 18 С болады.
Қызылқұм, Мойынқұм шөлдерінде түнге қарай температура 0-қа жететін
түндер үздіксіз қайталанып отырады. Мұның басты себебі өте құрғақ ауа түнгі
уақытта тез суынады. Оңың бірден-бір себебі ауаның құрамында су буларының
жоқтығы.
Қыс айларында Сібір антициклоны үстемдік жасайды. Қоңыржай белдеудегі
суық ауа –райы көбінесе жылымай, ұзақ сақталатын күндер көп болады. Орташа
температура 8-10 С, кейбір күндері көрсеткіш 40 С-қа дейін төмендейді, ол
ауа массаларының ағымы оңтүстік бағытқа қарай өзгерген жағдайда тез жылымық
боп өзгере қалады. Шардара төңірегіндегі Қызылқұм шөлінің температурасы -3-
2 С –қа дейін жетеді. Бұл төңіректе кейде +15 С- қа дейін көтеріліп кететін
күндер болып тұрады. Осыған орай кейде циклонды ауа массалары Оңтүстік
батыстан келе бастайды да, қар аралас жаңбыр болып жауатыны байқалады.
Оңтүстік Қазақстан облысының көлді аймақтарына жылына 90 мм ден 180 мм –ге
дейін жауын-шашын түседі, ол булану 1000-1500мм болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен төрт түрлі ауа массасы үстемдік
жасайды:
1. Арктикалық антициклондар ағымы
2. Монғол антициклоны
3. Иран ауа массаларының ағымы
4. Солтүстік батыстан келетін циклон Атлант мұхитынан пайда болатын
Исландия минумумы әсер етеді.
Арктикалық антициклон мен монғол антициклоны құрғақ ауа массаларын алып
келеді де, қыс айларында қақаған аяз қалыптастырады, ал жаз айларында ауаны
тым салқындатып жібереді. Ал Ираннан соғатын ауа массалары жазда өте ыстық,
керімсал желді алып келеді де өте құрғақ әрі ыстық ауа массаларын
жеткізеді. Бұл дәнді дақылдардың пісіп жетілуіне барынша зиянын тигізеді.
Енді қамыр бола бастаған дәнді – дақылдарды күйдіріп жібереді. Мұндай
жағдайларда жергілікті халықтар Бидай ауды деп атаған.

Қыста бұл ауа массалары жылылық әкелген, сірескен мұздар еріп сай-
салаға тасқын болып аққан. Жерорта теңізі мен Қара теңізден қаныққан ау
массалары оңтүстік батыстан келе бастаған. Сөйтіп боранды-бұрқасын
қалыптассып, қар күйінде кейде жаңбыр күйінде түсіп отырады, кейде қарға
айналады. Атлант мұхитынын келетін ауа массалары Оңтүстік Қазақстан
облысына қаныққан ауа массаларын айдап әкеледі де, жауын-шашын көп жауады.
Тау етектеріндегі жазықтарға 350мм –дей жауын-шашын түседі, ол тау
белдеулеріне одан көп ылғал қалдырады, оның мөлшері 400-500 мм болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің бірнеше түрі бар. Созақ ауданында
Созақ желі деп аталатын жергілікті жел бар. Солтүстіктен оңтүстікке қарай
есетін жел қыста тұрса температураны өте төмендетіп жібереді де, кейде -35
С –тан төмен аяз қалыптастырады, ал жазда салқындатып жібереді. Жауын-шашын
мөлшері өте аз жыл бойына 180-200 мм ден аспайтын жауын –шашын түседі. Ал
Қаратаудан соғатын жел батыстан шығысқа қарай еседі, ол аймақтарда жауын-
шашын мөлшері 250-300мм шамасында ғана жауады. Осы желдер Түркістан
аймағына да әсер етеді. Ал, Байдібек, Отырар, Ордабасы, Арыс аудандарының
табиғатында да, климатында да ұқсастық бар. Бұл аудандарға әсер ететін
Арыстанды Қарабас желі Қаратаудан басталып оңтүстік батысқа қарай
еседі.Бұл жел ауылшаруашылығына өте көп зиян келтіреді. Кейбір жылдары бұл
желдің айлап тұратын кездері болады.
Оңтүстік батыстан соғатын Иран тауларында қалыптасатын ауа массалары да
бұл аймақтың табиғатына зиян келтіреді. Жазда аса қауіпті Керімсал желін
тұрғызады, ол жел барлық дәнді дақылдарды күйдіріп жібереді. Ал ерте
көктемде соғатын Арктикадан келетін ауа массалары да ауыл шаруашылығына өте
көп зиян тигізеді.
Ал, Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарында шығыстан есетін Шақпақ желі
һөз үстемдігін жүргізеді. Ол Шақпақ-Боранды деп аталатын елді мекеннен
асу арқылы асып келетін шығыс желі. Желдің екпіні өте күшті болып келеді,
секундына 25-30 м жылдамдықпен жылжи алады. Қыста қатты суық, жазда өте
салқын ауа массасын қалыптастырады. Халық арасында бұл жел туралы Еріксем
екі күн, желіксем жеті күн тұрамын дешген мақал қалыптасқан. Қазғұрт,
Сарыағаш аудандарында Шыршық желі үстемдік етеді. Ол жел онша қатты
соқпайды. Жетімай, Асық – Ата, Шардара аудандарында Қоқан желі үстемдік
етеді. Ол жел әрдайым батыстан соғады, ал шығыстан келетін жел Шамал желі
деп атайды, ол Ташкент жақтан келеді.

h41.2 Оңтүстік Қазақстан облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері Тұран плитасының құрамына
кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрилік, девондық, карбондық жыныстардан,
таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан, жота аралық ойыстар девонның
қызыл түсті шөгінділеріне толған. Ақсу, Сайрам өзендерінің бассейндерінде
бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шаньда, Қарарауда ерте бор дәуірінде
қызыл сарғыш топырақтан құралған. Бор дәуірінің климаты құрғақ, аридті
болады. Мұның өзі қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары
Ташкент, Шымкент аудандарында таралған.h4 Төменгі жағы құмды саздармен,
жоғарғы қабаты конгломераттармен шөгінді тау жыныстарымен толтырылған.
Облыс төменгі боз, қызғылт түсті құралдармен, саздармен күрделі. Ол- 1500
метр тереңдікке дейін барады. Жоғарғы бор теңіздің ізбесті ашық қызыл
құмдарымен ерекшеленеді. Ең жоғарғы қабаты қоңыр топырақпен жабылған.
Қаратау және Талас Алатауының төменгі силурда және жоғарғы силурда
лавалармен ерекшеленеді. Тлас Алатауында, Қаратауда эффузивті жыныстар аз
тарлған. Бұл негізінен оңтүстікке қарай Сайрам өзені алабында, Қаратау
жотасында үштік дәуір жыныстары құмды саздар болып бсталады. Орта бөлігі
гипс тектес сазбан күрделенген жоғарғы олигоценге жатады. Континентті қара
қатпарлығ Іле аңғарында және Шымкент қаласында белгілі. Бұлардың төменгі
қабаты триас жасындағылар [2].
Қазба байлықтары
Облыс қойнау қазба байлықтарға бай. Мұнда полиметалл рудалары қоңыр
көмір қабаттары, мәр-мәр, отқа төзімді және кварцтты құмдар, темір, гипс,
құрылыс материалдары, жер асты және грунт суларының қорлары мол Қазақстан
қорғасын өндіруден бірінші орын алады. Соның негізінде Шымкент қаласында
қорғасын зауыты салынған. Шығаратын өнімі тазартылған қорғасын, алтын,
күміс рудалары және тағы да басқа. Қоңыр көмір төлеби ауданында. Бұл
Шымкенттің өндірістік жылу базасы болып табылады. Шымкенттен 170
шақырымдай. Солтүстік батысында Таскөмірсай көмір кен орны ашылды. Мұнда
юра жасындағы көмір кен орны бар. Цемент өндіру Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша Састөбеде жақсы дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстарға
қарағанда өзгеше айырма және көршілес жатқан Орт Азия Республикасымен
салыстырғанда бұл жерде фосфорит кен орны, қорғасын қоры жөнінен орасан зор
маңызы бар. Оңтүстік Қазақстан облысы су ресурстарына да бай. Бұл жөнінен
ол Шығыс Қазақстан облысына жол береді. Таскөмірсай кен орнында 50 мың
тонна көмір бар. Қоңыр көмірдің 476 млн тонна қоры тек 258 млн тоннасы
өндірісте пайдаланылады. Бұл негізінен Төлеби ауданында өндіріледі. Төлеби
көмірінің жылу баланысы 3850 ккал. Көмірді өндіру бұл жақта қиынға соғады.
Гидрологиялық және тау-кен техникалық жағдайларға байланысты көмір өндіру
жылына 5 мың тоннадан аспайды. Қалған кен орындарында өндіріліп болған десе
де болады. Мысалы, Келтемашат, Шымкенттен шығысқа қарай орналасқан.
Қорғасын мен мырыштың ірі кен орны Қаратаудың оңтүстік батыс бөлігінде
Кентау, Ащысай, Байжансай кен орындары .
Бұл темір жолдан және қайта өңдеу орталықтарынан қашық емес. Шымкент
қорғасын балқыту зауыттарында өнделеді. Қаратаудың аласа бөліктерінде мыс,
молибден, ваннади рудалары бар. Темір рудаларының кен орындары Шымкент,
Тараз темір жолдарына жақын жерде зерттелген. Бұл жердегі темір қорына 182
млн. тонна, ал өндірісте 58 млн. тонна пайдаланылады. Оңтүстік Қазақстан
оьлысында ірі фосфор бассейні бар, ол Қаратау жотасының солтүстік шығыс
бөлігінде,ұзындығы 200 шақырым. Бұлардың қоры 1472 млн. Өндрісте 779 млн.
тонна. Оңтүстік Қазақстанда құрылыс материалдары көп. Бұл жерлерде су
жоғарғы сапалы ізбес тастары мен сазды цемент бар. Састөбе поселкісінде
гипс, мәрмәр, шыны жасайтын құмдар және минералды бояу және тағы басқалар
кездеседі.
1. Жанатын пайдалы қазбалары.
А тас көмір.
Тас көмірдің пайдалы атырауындағы пайдалы алабы 100 шқырымға

созылып жатыр. Ленгердегі тас көмір қазбасы энергия қуатын өндіру үшін
пайдаланады.
Б азотты – гелді газ.
2. Темір рудасы пайдалы қазба көздері
А Қаратау тауының бөктерінен марганец пайдалы кен көздері табылған,
Ванадий пайдалы қазбасы Қаратау, Жабағылы аймағынан, темір кені Иірсу
аймағынан табалды. Қорғасын мен цинк Қаратау кен орындарында көптеп
кездеседі. Бұл кен орны ерте кезден белгілі. Ал 60 жылдары өндірудің
шырқаған тұсы болып есептелінеді. Танымал ірі кен орындары: Ащысай,
Мырғалымсай, Байжансай. Бұл жерлерде қорғасын мен қатар күміс, цинк, мыс
тағы басқа да пайдалы қазбалар бар.
Рудасыз пайдалы қазбалар.
Бұлар негізінен отқа төзімді кварцитті саз балшықтар мен құмдар.
Састөбе мен Шымкент қаласы аймағынан саз балшық пен әк тастың өте көп қоры
табылған. Қыш өндірісі мен керамзит үшін шикізат қоры бар. Осыларды
пайдаланып көптеген құрылыс материалдарын өндіреді (тас пен құм -63,3 мың
метр, құрылыс тасы – 38,9 мың метр). Облыс минералды тұздарға да өте бай.
Жылына 1080 тонна минералды тұздар өндіреді. Облыс аймағындағы жерлер
минералды ресурстарға өте бай емес, ал кейбір түрлерінен мүлдем аз
кездеседі. Көмірдің Ленгер қаласындағы уақытша пайдаланылмаған қоры
болашақта қолданылады. Ал газдың табылған қоры өлкемізде энергетика
саласына 20-30 жылдан кейін пайдаланылады. Облыстағы Ащысай мен
Мырғалымсайдың полиметал рудалары түрлі түсті металлургияның дамуының жақсы
базасын құруы мүмкін [3].
Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері біркелкі. Жер бедерінің едәуір
бөлігі жазық келеді. Оның солтүстік-шығысында ұзыннан-ұзақ созылып жатқан
Қаратау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақдала, Шу өзені
оңтүстігінен басталатын мойыеқұм, батысында Қызылқұм, Өгем және Қаражантау
тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді. Облыстың оңтүстігін Қызылқұм мен
Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Қаратаудан шығысқа
қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр. Биіктігі 3617м. Мұның солтүстік бөлігі
Қазақстан территориясына кіреді.Осы жоталар арасынан шатқал арқала Талас
өзені ағып өтеді.Өгем жотасында облыстың ең биік жері Сайрам шыңы
бар.Биіктігі 4238м.Өгем өзенінен бөлініп жатқан Келестің саласында
Қаражантау жотасы бар. Жотаның оңтүстік-шығыс бөлігін Қаражан және Жігірген
өзендері алып жатыр. Жотаның орташа биіктігі 2000м. Биік нүктесі Мыңбұлақ
тауы. Биіктігі2834м. Қаражан таудан солтүстік-батысқа қарай Қазығұрт және
боралдай тауы алып жатыр. Бұл таулар өте ескірген, бұзылған таулар.
Қазығұрт тауы оңтүстікке қарай баспалдақ тәрізді. Келес өзені аңғарына
құлайды. Ең биік жері 1600м.
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі
көнтеген факторларға атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен
құрамына, олардың жату пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі
әсерінен болатын процестерге байланысты.
Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері төмендегі келтірілген картада
бейнеленген.

h41.3 Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары
Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында
әрқалай орналасқан.
Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы
ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16
өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын
шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке
алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем
айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының
көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен
емес.h4
Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын
Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау өңірлерінен
шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі
өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су қоймаларында,
каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен жоғалады.
Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған:
көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері — Сырдария.
Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы
тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.
Сырдария өзенінің ұзындығы - 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария
өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы - 700 шақырым. Осы өзенді
қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынан,
Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы - 422 мың шақырым.
Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзінің үлкен саласы Шыршық
өзенінің оң жағында Келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады
да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана
саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін
үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.
Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызстан, Тәжікстан,
Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орын тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км.
Алаптың ең басты ерекшелігі - оның аумағының екі айқын зонаға: ағынды
қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су
пайдалану зонасында жатыр.
Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4 км3жыл, суы мол
жылдарда 45,0 - 50 км3жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3жыл аралығында ауытқиды.
Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи
жағдайда Сырдария көктем-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің
мөлшері Көкбұлақ бекетінің түсында секундына 1000-3700 текше метр
аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан Келес, Арыс
өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2 тең.
Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде
ТМД-ның негізгі мақта өсіретін базаларға пайдаланылды. 1913 жылдары
Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы
Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент
оазисі) - 219 мың га, Мырзашөлде - 50 мың га, Дальверзин даласында - 7 мың
га жер суарылатын [4].
Арыс өзені - Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы
332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Көкбастау өзенінен басталады. Көлбастау
өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде
бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін
құрайды. Өзеннің суы көп айы - наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан
аралығы. Сырдария, Шу, Іле т.б. сияқты ірі өзендерерте уақыттардан бері жер
суғаруға пайдаланып келеді. Совет өкіметі орнағанға дейін суарылатын жердің
көлемі айтарлықтай емес еді. Бұл өзендердің су қорының көбі пайдаланылмай
қалатын. Совет өкіметі жылдарында қоныстанылған тау алды аудандары жер
суару жүйесімен түгелдей дерлік қамтамасыз етілді. Мұздықтар мен биік тау
басындағы қардан басталатын Қазаөстанынң оңтүстік-шығысындағы өзендер жаз
айларында, нақ судың тапшы кезінде, мол сулы болады. Олар егістікке сумен
бірге өте көп құнарлы тұнбалар әкеоеді. Сырдария бассейні суармалы
егістіктің ірі аудандарының бірі болып есептеледі. Оның өзенн жүйесінің
суымен Шымкент және Қызылорда облыстарының сан мыңдаған га жерлері
суарылады. Сырдарияның суын пайдалануда Қызылорда плотинасының салынуына
байланысты. Құрылған ирригация жүйесінің маңызы зор. Ол 122000 га жерді
суаруға мүмкіндік береді.
Шу Қазақстан егістік жерлерін суаруда көрнекті орын алады. Онда
салынған Ортотоқай су қоймасы құрылысы өзеннің ағынын реттейді және
Қырғыстан мен қатар Қазақстанда да суармалы егіс көлемін кеңейтуге
мүмкіндік берді.
Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған.
Көпшілігі орталық және оңтүстік бөлігімен ағады. Ірі өзендер – Сырдария.
Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгіағысы тартылып
қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.
Арыс өзені 3500м биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы
ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынан бастау алады. Бассейнінің ауданы —
14530 км, оның 50 %-ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы
өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста
баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және оданда үлкен болады.
Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және
Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.
Ақсу өзені - Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас
Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 км2 ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам
тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 км2 ұзындығы -137 шақырым.
Боралдай өзені — Арыс өзенінің Оңтүстік - шығыс ірі саласы. Бассейні
Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы
-130 км2. Боралдай өзені - кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің
қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен және жерасты қоректенеді. Арыс
өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта
шаруашылығында пайдаланылады.
Машат өзені - Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м биіктіктен
алады. Өзеннің ұзындығы 75 км. су жинайтын ауданы 579км Өзеннің жоғарғы жақ
бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашықтықта Ү
тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жартасты каньонға
айналады. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан
құралған. Бастаудан 45 км. оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон
біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км болады.
Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-
батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің
ауданы - 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты
болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен
қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының
жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын
күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын күшті
эрозиялар болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт
түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары
судың деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен
жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың
солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте түзды және саяз болып келеді.
Жазық аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады,
оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су
Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да
жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы
шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді
мекендер ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді
жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 300 мм-ден жоғары
емес) және жазының ыстық (шілде айының температурасы +30° жоғары) болып
келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада
өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл судың
тапшы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды
төбешіктердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті
өсімдіктерден сексеуіл, жүзген, қияқ, құмқараған, селеу өседі. Шөлді
аймақта өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олардың
бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері
сақтайды.

Карта 3 Оңтүстік Қазақстан облысының гидрологиялық картасы
1 кесте
Облыс территориясындағы ірі өзендер

Өзендер Ұзындығы Су жинау
алабының көлемі км2 Бастау
биіктігі, м. Жылдық
орташа шығыны
м3с Қорек-тенуі Негізгі салалары 11 Арыс 378 14530 3500 40,2
Жаңбыр,жерасты суы Боралдай, Қараүңгір, Машат, Ақсу, Бадам 22 Келес
23,6 3310 1800 5,9 Қар, жерасты суы Ұя, Қаржан, Аңырақ, Көкпақ. 33
Ақсу 133 766 4042 4,02 Қар суы, жаңбыр, жерасты суы Балаақсу,
Бұғылтұр, жаңбырлы-сай. 44 Бадам 138 4380 2700 4,51 Жаңбыр,
жерасты суы Ермек-бадам, Ленгір, Сайрамсу, Текесу. 55 Сайрам 76 1010
3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу.
66 Машат 75 579 2500 2,1 Қар, жерасты суы Дәубаба. 7 Қантағы
102 1210 1460 1,8 Қар, жерасты Біресек. Ең үлкен массив Қызылқұм
территориясында өсімдік жамылғысы жартылай, облыстың оңтүстік бөлігін алып
жатыр. Мұнда жусан, сораң, еркек шөп, жантақ, күйреуік, бүйірген, сексеуіл.
Сырдария аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, жал тау етегінде бетеге,
жусан, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай және тағы басқа
өсімдіктер өседі.
Облыс аймағында грек жаңғағы сақталған. Облыста ксерофитті сирек
ормандар кездеседі. Өзен аңғарларында кездесетін орман-тоғайлар әлі де
болса бар. Батыс Тянь-Шань тауларында, Өгем шатқалдарында, Талас Алатауында
ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Бұл негізінен арша, бұталар, шөптесін
өсімдіктерден тұрады. Шөлді жерлерде сексеуіл өседі. Мұның қара және
ақсексеуіл деген түрі болады. Ақсексеуіл әсіресе, құмды аудандарда кең
тараған. Шөлде жусанның көптеген түрлері бар. Мұнда басқа ешқандай облыста
өспейтін жусанның дермене деген түрі медицинада пайдаланылады. Облыстың
Өгем, Піскем, Талас Алатауы жоталарының белдеуінде май қарағай жаңғақ
ормандары, бүталар, шалғындар өседі.
Топырақ өте күрделі табиғи түзіліс. Топырақтың пайда болуы тау
жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады. Топырақтың түзілуіне, оның
қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен
тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе
бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары, шіріген
бүтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды
бактериялар шірітіп, жаңа затқа - қара шірікке айналдырады.
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ-дала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр
және сүр қоңыр топырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ
тау беткейі аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл
жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты
топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаң топырақ. Қызылқұм және
Мойынқұм топырақтарында бар-жоғы қарашірік 1% - дан да төмендеу келеді. Жер
асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне байланысты және су
ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда
болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі саласында айқын білінеді, бұл
жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа тұз қабаттарымен көмкерілген.
Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің
әсерінен құралған шалғынды-аллювиальді топырақтар таралған [5].
Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы
байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы
табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орграфиялық ерекшеліктеріне және
ылғал алып келетін территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша
бөлінеді:
1. Тау алды және тау етегіндегі шөлейтті сүр қоңыр топырақ белдеуі.
2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
3. Биік тауда альпілік және суьальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі. Ең
төменгі вертикальдық белдеу Тянь-Шань жазықтық ашық қоңыр топырақ
таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара шірік 0,7-
1,5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде, Талас Алатауының етегінде
таралған. Осы топырақ 600-700 м. абсолюттік биіктікке дейін жетеді. Мұның
құрамында органикалық заттар, қара шіріндісі жоғары болып келеді. Мұндай
топырақтар егін егуде бағалы, құнарлы болып келеді. Талас Алатауының батыс
бөлігінде, Өгем, Піскем жоталарында сұр топырақтар, қоңыр топырақтар
кездеседі.
Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор.
Топырақтың құнарлы қабаты ұлттың байлығы болып табылады. Топырақ тозып
кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлылығын арттырып отыру ертеңгі
ұрпағымыз үшін өте қажет, Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш
отырғызып, ауыспалы егін егу керек.

h42 Оңтүстік Қазақстан облысының – су қоймалар мен каналдары және олардың
шаруашылық маңызы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларымен каналдары
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара суқоймасы. Шардара су қоймасы
баяу толтырылып Сырдарияға құйылып жатқан су көлемі 100 текше метрге дейін
азайтылды. Биылғы жылы бізде су тапшылығы байқалады. Шардара су қоймасына
құйылып жатқан су баяу жылдымдықпен ағуда. "Достық " арнасына да су көлемі
жеткіліксіз". Бүгінде су қоймасындағы көлем 5 млрд 189 млн текше метр суды
құрайды. Ал жоспар бойынша 5 млрд 400 млн текше метр суға толтыру
керек.h4 Бүгінгі күні су қоймасына секундына 209 текше метр су қосылып
жатса, Сырдария арнасына тасталып жатқан су көлемі секундына 100 текше
метрді құрайды. Ал Қызылқұм арнасына секундына 60 текше метр су қосылуда.
1962 жылы шыққан Гидрометеоиздаттың Агроклиматический справочник по
Кызылординской области деген кітапқа сүйеніп жазған деректері күмәнді.
Егер 1962 жылға дейін Аралға Сырдариядан тек 3 миллиард текше метр су түсіп
тұрған болса, қалған сулар егістікке жұмсалса (осы сияқты үрдіс Амударияда
да болды), онда Арал баяғыда кеуіп қалған болар еді. Ал, шындығында 1960-
1965 жылдары Аралдың нағыз толып тұрған кезі болатын. Оның көлемі 1060
текше километр, деңгейі 52,97 метр, Сырдариядан түсіп тұрған судың мөлшері
1973 жылға дейін 4,7-21,1 текше километр, ал Амудариядан – 13,2-55,5 текше
километрдің аралығында болды.

Аталған екі өзеннің суын егістікке үстемелеп кеңінен пайдалану СОКП-ның
1966 жылғы мамыр пленумынан басталды. Осы пленумда қабылданған бағдарламаға
сәйкес, барлық одақтас республикалар кең көлемде жерді гидротехникалық
мелиорациялау жұмыстарымен айналысты. Ал Арал бассейнінде одақтас
республикалар жыл сайын жүздеген мың гектар жаңа суармалы жерлерді іске
қоса бастады. Нәтижесінде 80-ші жылдардың соңына таман, тек Сырдария
бассейініндегі суармалы жерлер 3300 мың гектардан, ал Амудариямен қосып
алғанда Арал бассейінінде 7400 мың гектардан асты. Міне, Арал трагедиясы
осы пленумнан бастау алды. Тоғысқан су қоймасының салынбауы судың
жетіспеуінің салдары. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Харасан кен орнын геологиялық зерттеу
Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларын зерттеу
Сорбұлақ көлі
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Несие қызметкерлеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орны
КҮРІШ СУАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ КҮРІШТІҢ СУАРУ РЕЖИМІНЕ ДЕГЕН ТАЛАБЫ
Қазақстандағы мұнай – газ кешендерінің дамуы: Құлсары, Сағыз қалалары
Жусан жапырақты және көпжылдық ойраншөп. Жатаған у кекіре
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Тентек өзені алабының гидрографиялық жағдайы
Пәндер