Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ5

1 ЕРТЕ ФЕОДАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕГІ ТЕХНИКА9

1, 1 Феодалдық өндірістің жалпы сипаттамасы және техникалық прогресстің бас орталықтарын ауыстыру9

1, 2 Ауылшаруашылық техникасы. Тау-кен ісі, металлургия. Металлдар өңдеу14

1, 3 Тоқыма және қыш өндірісінің дамуы21

1, 4 Құрылыс, көлік және әскери техникасы24

2 ҚОЛӨНЕРЛІК ДӘУІРДІҢ ҰЛЫ АШУЛАРЫ32

2. 1 Компас. Оқ дәрі мен оқ ату құралдары32

2. 2 Кітапбаспанасы. Қағаз шығару34

2. 3 Механикалық сағаттар. Диірмендер37

2. 4 Шойын қорыту өндірісінің бастамасы мен орта ғасырлық техникалық тәжірибелер39

3 ҒЫЛЫМ41

3, 1 Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы41

3, 2 Батыс Европадағы білімнің дамуы мен университеттердің пайда болуы46

4 «V-XV ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ БАТЫС ЕВРОПАДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ДАМУЫ»ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ51

4. 1. Модульдік ойын технологиясының тиімділігі мен түрлері51

Сабақ үлгісі. 57

ҚОРЫТЫНДЫ63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ64

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыста V-XV ғасырда Батыс Европадағы ғылым мен техниканың дамуының барысы, нәтижелері кешенді түрде зерттеледі. Ғылым мен техника дамуының әлеуметтік-саяси салдарлары сарапталады.

Тақырыптың өзектілігі. Мәселенің өзектілігі өскелең ұрпақты жаһандасу жағдайында жаңа реалдықтарды ғылыми терең нәтижесінде игерілуі қажеттілігімен түсіндіріледі. ХХІ ғасыр-техника ғасыры деп бекер айтылмаған. Қазіргі таңда техника тез қарқынмен дамып келеді. Ал техниканың дамуымен қатар ғылым да даму үстінде. Адамзаттың ғылыми-техникалық дамуы біртұтас, іштей байланысатын процесс. Бұл дамудың заңдары обьективті негізделген. Ғылым мен техника барлық уақытта қоғамдық қызығушылық тудырып келеді. Тарихи дамудың әрбір кезеңіндегі тарихи құралдардың деңгейі адамның табиғат заңдарын тану дәрежесі мен оларды практикада пайдалану үрдісіне тәуелді. Дегенмен, адам табиғатты жалғыз өзі ғана емес, қоғамдық өндіріс үдерісінде таниды. Сондықтан, техникалық даму сипаты, оның қарқыны мен нәтижелері өндірістік тәсілдерге, яғни әлеуметтік-экономикалық формацияға байланысты. Тарихи дамудың белгілі кезеңіндегі техниканың әртүрлі салаларының жиынтығын уклад деп аталады. Ол алдымен өндірістік қатынастар мен қоғамдық мәдениеттің ең жоғарғы мүмкіндіктерімен сипатталады. Нақты тарихи кезенінің техникалық уклады өзі жататын техникалық дамудың сатысымен анықталады және сонымен шектеледі. Техникалық құралдар олардың қолданылу ауқымы тәрізді саналуан болып келеді. Осы ғылыми жұмыста техникалық құралдардың шығу тарихы, қолдану ауқымы мен түрлерімен таныстырамыз. Өндіріс құралдары мен саймандары-өндіруші күштердің маңызды құрамдас бөлігі. Ғылым мен техниканың даму мәселесі Отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу нысаны болмаған. Қазақстанда және Шығыс елдерінің қоғамдық пікірінде ғылым мен техниканың дамуы тек Батыс өркениетіне тән болды деп келінді. Бұл белгілі дәрежеде түсінікті. Бірақ қалыптасқан стеоритиптерді жеңуде Отандық тарих өз үлесін қосу керек. Көптеген ғылым мен техника Шығыста шыққаны рас, бірақ неліктен ол Шығыста дамымай, Батыста кең өріс алды. Бұл мәселеде өзекті болып келеді. Орта ғасырдың хронологиялық шегі б. з. V-XV ғасырдың ортасы саналады. Әлеуметтік-экономикалық қатынаста орта ғасырларға ерте және орта феодализм сәйкес келеді. Батыс Европада V-XV ғасырда сан алуан әрі жарқын техникалық жетістіктер байқалады. Техниканың барлық салалары бойынша ойлап табулар он жылдықтан он жылдықтарға ұлғая түседі. Диплом жұмысында осы кезеңдегі Батыс Европадағы ғылым мен техниканың дамуы қарастырылады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанды индустрияландыру және модернизациялау тұжырымдамасын жариялағаны мәлім. Осы тұрғыдан алғанда Батыс Европадағы ғылым мен техниканың даму тарихын ғылыми негізде ой-елегінен өткізіп, тарихи сабақтарын бүгінгі тарих ғылымы үшін өзектілігі күмән тудырмайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Батыс Еуропадағы ғылым мен техниканың дамуына қатысты отандық тарих ғылымында зерттелген емес. Тіпті, орыс кеңес тарих ғылымында да арнайы зерттеу нысаны болған еңбектердіде аз кездестірдік. Солардың бірі В. С. Виргинскийдің ғылым мен техниканың дамуы жөнінде көптеген еңбектері бар. Оның «История науки и техники» атты еңбегінде алғашқы қоғамнан басталып, жаңа заманның ғылымы мен тарихы жөнінде толыққанды материал жинақтары бар. Осы аталған еңбекте V-XV ғасырдағы Батыс Европадағы феодалдық өндірістің жалпы сипаттамасы, ауылшаруашылық техникасы, қолөнер дәуірінің ұлы ашулары мен Батыс Европадағы білімнің дамуы кең түрде қарастырылған [1] . В. С. Виргинскиймен бірігіп жазған В. Ф. Хотеенковтың «Очерки истории науки и техники с древнейших времен до середины XV века» деген атпен жарық көрген еңбегінде Батыс Европадағы тау-кен ісі, металлургия және құрылыс техникасы түрлерінің қалыптасу тарихы, қолдану ерекшелігі қамтылған [2] . Әскери техниканың тарихы туралы бірнеше құнды еңбектер жазылған. Ағылшын ғалымы Д. Келлидің еңбегінде оқ дәрі мен оқ ату құралдары туралы сөз қозғады[3] .

Бұл бағыттағы шыққан кең көлемді зерттеулердің ішінде В. Бехаймның [4], С. Жарковтың [5] еңбектерің атауға болады. Бірақ бұл аталған еңбектерде европалық қару-жарағы Батыс Европа халқының әскери ісі мәселелерінің шеңберінде ғана қарастырылып, осыған орай олардың кейбір түрлерінің қалыптасу тарихы, қолданылу ерекшелігі ғана қамтылған. Металлургия, металлдар өңдеу жөнінже зерттеуге арналған Е. Черных [6], А. Кунаев, С. Кожахметов, И. Онаев, А. Тонконогий [7] еңбектерінде металлургия саласын зерттеліп, оның неше түрге бөлінетіні жөнінде айтылады. М. Е. Сергенконың [8] еңбегінде ортағасырлық Италиядағы ауылшаруашылығы, техникасы мен оның қолдану аясы туралы айтылған. Техника тарихы туралы А. Я. Авербухтың [9] , В. Н. Красновтың [10], Ф. Кедровтың [11], М. Н. Ишковтың [12], И. И. Исаченконың [13] еңбектерін ерекше атап қету керек. Орта ғасыр тарихы жөніндегі кешенді еңбектерде баршылық. Солардың ішінде Е. В. Агибалова, Г. М. Донскойдың [14], М. Бойцов, Р. Шүкіровтың [15], М. Л. Абрамсон, А. А. Кириллова, Н. Ф. Колесницкийдің [16] еңбектерін атап көрсетуге болады. Батыс Европаның V-XV ғасырдағы ғылымы мен техникасының даму тарихы жөніндегі зерттеу жұмыстарының жоқтын қасы.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмыстың негізгі мақсаты-V-XV ғасырдағы Батыс Еуропадағы ғылым мен техниканың шығу тарихы, техниканың түрлері, қолдану аясы, дамуындағы ерекшіліктерді айқындау болып табылады. Зерттеу жұмысында осы мақсаттан туындайтын келесі міндеттер алға қойылды:

- Батыс Еуропадағы феодализм дәуіріндегі техника мен ғылымның сипаттамасын айқындау;

- ерте феодализм дәуіріндегі ғылым мен техника дамуының алғы шарртарын талдау;

- қолөнер дәуірінің ұлы ашуларын саралау;

- ғылым мен техниканының дамуындағы Европа университтеттерінің орнын көрсету;

ғылым мен техниканың дамуының әлеуметтік салдарларын бағамдау.

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. V-XV ғасырдағы Батыс Европадағы ғылым мен техниканың дамуы қарастырылады.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысы әр түрлі сипаттағы деректемелерін, көп жылғы зерттеудің нәтижелері негізінде жазылды. Батыс Европа ғылымы мен техникасының даму тарихы туралы кеңінен қолданылған дереккөздері ретінде В. С. Виргискийдің, В. Ф. Хотеенковтың еңбектерін атауға болады. Батыс Европадағы ғылымның дамуы жөнінде көп мәлімет беретін басты дереккөзерінің бір тобы - арабтардың және басқа көршілес халықтардың халық ауыз әдебиеті және фольклорлық материалдары. Неміс тарихшысы және этнограф Фриц Гребнердің «Метод в этнологии» атты еңбегінде адамзат тарихындағы техниканың рөлі жөнінде айтылған.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы тақырыпты тұңғыш рет кешенді түрде зерттелуінде. Диплом жұмысында Батыс Европаның V-XV ғасырдағы техника мен ғылымның шығу тарихы, оның қолдану аясы, сол қоғамдағы түрлі қызметі, ғылым мен техника тығыз байланыста дамитындығын көрсету, түрлі өндірістің өзіндік техникалық құралдарының пайда болуы қарастырылады. Ғылым мен техниканың Шығыс елдерінде дамығаны рас, бірақ Батыс елдерінің жаңа заманды өркениеттің алға шығуына ғылыми техникалық негіздері ашылды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі тарихилық, жүйелік, салыстырмалық және талдау сияқты ғылыми таным принциптеріне сүйеніп құрылған. Осы әдістерге байланысты жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық тұрғыда үйлесімді болуы басты назарда ұсталды.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегідей тұжырымдар қорғауға ұсынылады:

-Батыс Европадағы техниканың дамуының капитализм қажеттерінен туындаған өндірістік себептері болды;

-Европалық ғылым мен техниканың серпінінде араб өркениетінің даму рөлі болды;

-Ғылым мен техника дамуында университеттер үлкен роль атқарды;

-Ғылым мен техника зайырлы білімнің діни сананы енсеруде үлкен роль атқарды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕРТЕ ФЕОДАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕГІ ТЕХНИКА

1, 1 Феодалдық өндірістің жалпы сипаттамасы және техникалық прогресстің бас орталықтарын ауыстыру

Орта ғасырдың хронологиялық шегі б. з. V - XV ғасырдың ортасы саналады. Әлеуметтік - экономикалық қатынаста орта ғасырларға ерте және орта феодализм сәйкес келеді. Феодалдық қатынастардың туындауы әлеуметтік күрестің шиеленіскен жағдайында жүрді, оның айрықша формалары құлиеленушілік қатынастар ең жоғары дамыған - Рим империясында орын алды. Тек Византияда ғана емес, сондай-ақ Азия мен Европаның негізгі ірі елдерінде құлиеленушілік құрылыстан феодалдыққа өту жүзеге асты (б. з. III - VII ғ. ) . Бұл процесс әртүрлі өтті. Құлиеленуші құрылыстан феодалдыққа өтудің нақты жолдары әртүрлі елдерде өзіндік ерекшеліктерімен жүрді. Феодализмге барлық халықтар құлиеленушілік құрылыс арқылы өткен жоқ. Алғашқы қауымдық құрылыстан феодализмге өту жиі орын алды. Феодалдық құрылыстар, өндірістік қатынастар негізі өндірістің басты құралдарға феодалдардың жеке меншігі - жер мен жер өңдеушілердің мәжбүрлі еңбегін реттеу мүмкіндігі болды. Шаруалардың жеке тәуелділігі, формасы мен дәрежесі әртүрлі деңгейде болатын - толық басы байлы кіріптарлықтан табиғи немесе ақшалай борыштылық төлем міндеттемелеріне дейін. Жердің меншік иесі ретінде жеке феодал ғана емес, феодалдық шіркеу немесе мемлекеттік ұйым жиі тіркелді. Кала еңбекшілері жеке феодал немесе феодалдық мекеме болуына байланысты әртүрлі формалардан тұратын. Феодалдық меншікпен қатар шаруа мен қолөнершінің өндіріс құралы және өзінің жеке шаруашылығына жеке шаруа меншігі болды. Бұл меншік жеке еңбекке негізделді. Өз жерлерінің көп бөлігін феодалдар осы үлестерде өз шарушылығын жүргізетін шаруалардың немесе шаруа қауымының тұрақты пайдалануына берді. Шаруалар жер үлесі мен еңбек құралдары арқылы меншік шаруашылығынан күн көріс жасап, отбасыларына асырау мүмкіндігіне ие болар еді [14, с. 23] . Сондықтан, феодалдар шаруаларға қатысты зорлық-зомбылық қолданып, олардың өз күнкөрістері үшін қосымша уақыт пен артық азық -түлік қалдыруына жол бермеді. Кейде, тіпті аштыққа душар етіп, қолдарында бар соңғы азығын тапсыруға мәжбүрледі. Ондық салық дегенді желеу етіп шіркеу де шаруаларды қанады. Бұл табиғи шаруашылық пен қол еңбегінде қолдануға негізделген техниканың дәстүрлі түрлерінің үстемдігімен байланысты. Өндіріс өнімдері негізінен шаруа немесе қолөнершінің өз қажетіліктер мен үстем тап талап етіп отырған феодалдық рента төлемін қанағаттандыруға кететін. Бір жағынан жанама өндіруші үстем тап өкілдеріне қажетті бәрін ал бір жағынан еңбекші халықтан жиналған феодалдық рента ысырапшылдықпен оңды - солды жұмсалғандықтан, қор өте баяу жинақталды.

Өндірістің негізгі саласы - ауыл шаруашылығы - үстем тап билікшілері жерлері де шаруа үлестерінде қолданылатын дәстүрлі тәсілдер көмегімен арнайы құрал-саймандармен өңделді. Ауылдық жерлерде көп уақыт бойы қолөнер егіншілікпен бірге жүргізіп, тек қосымша роль атқарды. Шағын немесе ірі феодалдық поместьелерде қолөнершілер саны жеткілікті болғанымен, көпшілігі феодалға тәуелді саналды. Олар киім, аяқ киім, қару-жарақ дайындау, ауылшаруашылық саймандарын жөндеумен айналысты. Цехтық және басқа да корпоративті уйымдардың тар шеңбері өндірістік тәжірибені кейіннен алмасуға кедергі келтірді. Егер антикалық дәуірде техникалық және ғылыми прогресстің бас орталықтары осы кезеңнің соңында Рим империясының құрамына енген Жерорта теңізі шегіндегі елдер болса, ендігі жағдай өзгерді: Рим империясының құлдырауына сәйкес келген соңғы ғасырлар мен оны жабайылардан басып алуы өндіруші күштерді күйретті, егіншілік кері кетті, тұтынысы жоқ өнеркәсіп, сауда тоқтады немесе күштеп мәжбүрленді, ауыл және қала халқы азайды [1, с. 56] . Ерте феодализм дәірінде Батыс Европа елдері бұл ахуалдан баяу шыға бастады. IX ғасырдан бастап Батыс Европада даму қарқыны өсіп, әсіресе XIII - XV ғасырда сан алуан әрі жарқын техникалық жетістіктер байқалады. Техниканың барлық салалары бойынша ойлап табулар он жылдықтан он жылдықтарға ұлғая түседі. Европа да білікті техникалық мамандар қалыптаса бастайды, тек шеберлер ғана емес, сондай-ақ әскери, құрылыс, кеме, тау-кен инженерлері жұмыс жүргізеді. «Инженер» деген сөз IX ғасырда пайда болып, Италия, Оңтүстік Франция, Германия жерлерінде жиі қолданылып, ал Нидерландыда XII-XIV ғасырда тарайды. Ерте феодалдық кезеңдегі мемлекеттер арасында өзгеше материялдық және рухани мадениетімен Киев Русьі ерекшеленеді. XIII ғасырда монғол-татар шапқыншылығына дейін ежелгі орыс мемлекеттерінің материялдық мадениеті, ішінара қолөнершілік техникасы Батыс Европаның жоғары дамыған елдерінің деңгеінде өркендеді. Киев Русьі Византиямен тығыз мәдени байланыстар орнатты. Византиядағы феодалдық жүйенің дамуындағы өзгеше ерекшелік антикалық уақыттан бері сақталаған. Қолөнер мен саудасы жолға қойылған, ірі қала орталықтарының (Константинополь, Рессалоники, Трапезунт) тағыда басқаларының болуында жатыр. Айтпақшы, ғылыми техникалық прогресс мүмкіндіктері шығыс христиан ширкеуінің идеологиялық ықпалымен күшті шектеулерге ұшырады. Осы кезеңдерде Таяу Шығыс Орта Азия мен Қиыр Шығыс лидерлерінің ойлап тапқыштары маңызды роль атқарды. Онда, кейіннен Батыс Европа мен орыс техникасында маңызды рольге ие болған көптеген жаңалықтар дүниеге келді. Мұнда сөз, араб халықтары басқа да этникалық топтармен бірге өмір сүріп жатқан елдер туралы болып отыр: Арабия, Ирак, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка. Сондай-ақ халқы арабтар емес елдер де (түріктер, ирандар, тәжіктер) мұсылмадық діндер ұстана отырып араб жазуын игерді. Жоғарыда аталған елдерде араб тілі ресми жазу, дін мен әдебиеттер қандай роль атқарса, Батыс Европада латын тілі сондай дәрежеде болды. Ерте феодалдық Қытайда Тан және Сум әулеті кезінде көптеген ойлап табулар мен жаналықтар дүниеге келді [20, с. 56] .

Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері - феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде ІХ-Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі - жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құдіретті де құрметті адам болды. Ақсүйек шонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшыларының қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті. Шонжарлар тегін жатқан орман-тоғайды, тау-тастар мен өзен-көлдерді де өз меншіктеріне айналдырды. Жерге деген өз кұқықтарын олар заң жүзінде бекітіп алды. Еңбек құрал-жабдықтарының дамып, жетілуіне байланысты жерден, егін және мал шаруашылытарынан түсетін табыс өсе түсті. Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге айналды. Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары - мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағыныштыларына вассалдарына үлестіріп берді. Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі «феод» деп, ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместъе деп аталды. Поместьедегі шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптарлыққа салды. Шаруалар поместьедегі шаруашылык жұмыстарын өз еңбек құрал-жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нәтижесіне мүдделі болды. Сөйтіп феодалдық құрылыс алғашқы қауымдық және құлиеленушілік құрылыстарға қарағанда озық құрылыс екендігін таныта бастады. Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі - шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның натуралды шаруашылықтың белгілері. Натуралды шаруашылық сауда-саттық пен экономикалық байланыстардың төмен дәрежеде болуы, қажетті азық-түлік пен бұйымдар поместьенің өзінде өндірілді. Орталық мемлекеттік билік әлсіз болды. Феодал поместьесіндегі шаруалар малдың жүнінен жіп иіріп, мата тоқыды, одан киім-кешек тікті, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ пен құрал-саймандарды өздері жасады. Шаруалар да, олардың қожайындары да еш нәрсені сатып алмады, «бәрі өзімізде бар» деген үрдісте өмір сүрді. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. VI-X ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады. Натуралды шаруашылық жағдайында жеке феодалдық иеліктер арасындағы экономикалық және саяси байланыстар өте мардымсыз болды. Ірі феодалдық жер иеліктер онан әрі дамыды, ол иеліктерде күштеу аппараты құрылды. Ірі феодалдық иеліктердің саяси және мәдени орталықтарына айналған қалалар өсіп-жетілді. Феодалдық иеліктер өзінше тәуелсіз мемлекет іспетті болды. Ірі феодалдар көршілерімен соғысу немесе бітім жасау мәселелерін өздері шеше беретін. Күшейіп алған жекелеген феодалдар өздерін корольмен тең санай бастады. Осының бәрі ІХ-Х ғасырлардағы Батыс Еуропада феодалдық бытыраңқылықтың негізгі себептері болды. Мырза мен бағыныштылар арасында келісімшарт жасалатын. Вассал мырзаның алдында тізерлеп тұрып, адал қызмет етуге ант беретін. Мырза өз бағыныштысына камқорлық жасап, қолдау көрсетуге уәде ететін. Уәдесін бағыныштыға бір уыс топырақ пен ағаш бұтағын тапсырумен бекітті. Бұл келісімдер ауызша, сөз жүзінде жасалғандықтан жиі-жиі бұзыла беретін. Бағыныштылар бір-бірінің мырзаларының иеліктеріне шабуыл жасап тұрды. Бұл кақтығыстар феодалдық өзара қырқысулар деп аталды. Олардың мақсаты - шаруалар коныстанған жерлерді басып алу; бай көршісін тұтқындап, құн талап ету; тонаушылықпен олжа табу болды. Феодалдар соғыс кезінде қорғану үшін мықты қамалдар тұрғызды. Өзара қырқысулардан, әсіресе корғанатын қамалы жок шаруалар көп зардап шекті. Бұл қырқысуды тоқтатуға шіркеу көп күш жұмсады. Ол Христостың туған күні, пасха мейрамы кезінде соғысты күнә деп жариялады. Өзара қырқысуларды тоқтатуға корольдер де мүдделі болды [2, с. с. 102-103] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Салыстырмалы педагогиканың функциялары мен міндеттері
Ертедегі грек тарихшылары
Демография және әлеуметтану
Жалпы тарихтан дәрістер
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі
Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz