Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері

1. 1 Ұйымдарда өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .

1. 2 Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі . . .

1. 3 Шығындар есебінің әдісі және оларды қолдану саласы . . .

2 Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері

2. 1 Ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайы және есеп саясаты . . .

2. 2 Ұйымдағы тікелей шығындардың есебі . . .

5

7

12

20

44

56

КІРІСПЕ . . .1 Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері1. 1 Ұйымдарда өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .1. 2 Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі . . .1. 3 Шығындар есебінің әдісі және оларды қолдану саласы . . .2 Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері2. 1 Ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайы және есеп саясаты . . .2. 2 Ұйымдағы тікелей шығындардың есебі . . .: 2. 3 Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру . . .
5712204456: 66
КІРІСПЕ . . .1 Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері1. 1 Ұйымдарда өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .1. 2 Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі . . .1. 3 Шығындар есебінің әдісі және оларды қолдану саласы . . .2 Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері2. 1 Ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайы және есеп саясаты . . .2. 2 Ұйымдағы тікелей шығындардың есебі . . .:

2. 4 Жалпы және әкімшілік шығындардың есебі . . .

3 Өндіріс шығындарының аудиті және оларды талдау

3. 1 Өндіріс шығындарына аудит жүргізудің әдістемесі . . .

3. 2 Өндірістегі тікелей және үстеме шығындарды талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

5712204456:

69

74

89

92

94

96

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен оның талдауына басқарудың басты құралы ретінде айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады. Ал, бұл өз алдына өнімнің сапасы мен өндірістің тиімділігін, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға толық мүмкіндіктер береді.

Орталықтан жоспарланған экономика жағдайында жүзеге асырылған бухгалтерлік есеп жүйесі меншіктің қоғамдық сипаты мен экономиканы мемлекеттік басқарудың қажеттіліктеріне негізделінді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттардың басты тұтынушысы ретінде мемлекет статистикалық және қаржылық органдарды жоспарлайтын салалық министрліктер мен ведомствалар арқылы танылды. Қоғамдық қатынастар жүйесінің өзгеруі, азаматтық - құқықтық ортаның өзгеруі бухгалтерлік есепті сәйкесінше трансформациялаудың қажеттілігін айқындады. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі және ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізудің әзірленіп жатқан жаңа ережелері мен нормалары ақпараттардың шынайылығы мен сенімділігін бақылау құралы ретінде инвестиция салуға, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасайтындай нарықтық инфрақұрылымның элементтерін құруы тиіс.

Өндіріске жұмсалған шығындар мен өткізу шығындарының құрамын және олардың есебін дұрыс қалыптастырудың маңызды екендігі белгілі. Өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында жұмсалатын шығындардың негізгі бөлігін құрайтын материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға тек алынатын табыстың мөлшері ғана емес, сондай - ақ табысқа салынатын салық, ұйымның нарықтық белсенділігі және басқа да аспектілер тәуелді болып табылады.

Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономика қоғамды ресурстармен оңтайлы қамтамасыз етудегі маңызды шарт - бәсеке саясатын жүргізуді негізге алады. Бәсекеге қабілетті ұйымға өзінің өндірістік ресурстарын экономикалық тұрғыдан қолайлы пайдаланатын, әрі одан пайда ала білетін ұйым жатқызылады.

Бүгінгі күні отандық өндірістік есептің нарықтық экономиканың талаптарына, ұйымды басқарудың экономикалық әдістерінің талаптарына біртіндеп бейімделуі жүріп жатыр, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан тыңғылықты дайындалу талап етіледі.

Сондықтан, экономиканың әрбір саласында (өнеркәсіп, қызмет көрсету, құрылыс, тамақ өндірісі және т. б. ) қызмет жасайтын ұйымдар үшін шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оны жоспарлау жүйесін анықтайтын бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайында нақты ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебі мен оның талдауын ұйымдастыру мәселелерін зерттеу, шығындарға әсер ететуші факторларды анықтап, өндіріс шығындар есебін жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру болып саналады. Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер шешімін табуға тиісті:

- өндіріс шығындарының экономикалық мазмұнын анықтау;

- өнімнің өзіндік құны ұғымын танып білу және мәнін ашу және өндіріс шығындарының жіктелуін қарастыру;

- ұйымда тікелей және үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру жолдарын ұсыну;

- өндіріс шығындарына аудит және талдау жүргізіп, өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмысты орындау барысында экономикалық талдау, салыстыру, айырмашылықтарды табу, мәліметтерді кестелік өңдеу әдістері қолданылды.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін «Промстрой-Энерго» ЖШС-нің 2009-2010 жж. есеп мәліметтері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік - құқықтық ақпараттары, отандық және шетелдік бухгалтерлік есеп, экономикалық әдебиеттері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері

1. 1 Ұйымдарда өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері

Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар пен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші факторы ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде.

Өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштердің бірі бола отырып, кәсіпорын табысының қалыптасуына, қорлар мен резервтердің жасақталу деңгейіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге бағаның қалыптасуына да әсер ететіні сөзсіз анық [1, 7 б] . Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды анықтаудың маңыздылығы өте жоғары. Себебі, осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде шығындар жөніндегі бірыңғай пікірлердің жоқтығынан отандық тәжірибеде «шығындар», «шығыстар» және «өндіріс шығындары», «өндіріске жұмсалынған шығындар» бірдей ұғымда пайдаланылып келді.

Ұзақ уақыт бойы шығындар «қазандық» деп аталатын тәсілмен анықталып, ол кәсіпорынға өндірістегі шығынның бағыты, пайда болу орындары және шығарылатын өнімнің түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Сондықтан, шығындардың сыныпталуын қарастырмас бұрын отандық және шетелдік авторлардың шығындарды жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларға назар аударып, авторлық пікірді берген жөн.

Сонымен, отандық авторлардың ішінде В. К. Радостовец [2], Қ. К. Кеулімжаев [3], К. Ш. Дюсембаев [4], К. Т. Тайғашинова «Өндіріс шығындары» - бұл өнім өндіруге, жұмыстар мен қызметтерді орындауға және оларды сатуға кәсіпорынның нақты жұмсаған және затқа айналдырылған еңбек шығындары» деп түсінік береді.

Біздің ойымызша, өндіріс шығындары деп - ұйымның өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтер орындау кезінде жұмсаған заттай және еңбек шығындарының жиынтығы деп түсінеміз, яғни бұл шығындарды біз өндіріске жұмсалған шығындар деп айта аламыз. Демек, өнімге жұмсалған шығындар өнімнің өндірістік өзіндік құны болып саналады.

В. Э. Керимовтің тұжырымдамасы бойынша « . . . шығындар мен шығыстар түсініктердің барлығы да бір мағынаны білдіреді - кәсіпорын шығындары белгілі бір операцияларды орындаумен байланысты» деп түсіндіріледі [5] . Бұл автордың пікірімен толықтай келісе алмаймыз, өйткені өндіріске жұмсалынған шығындар бұл өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрін өндіру немесе орындаумен тікелей байланысты ақшалай, материалдық, еңбек және тағы да басқа да шығындардың жұмсалуын айтуға болады. Ал шығыстар деп - бұл ұйымның пайда алумен байланысты міндеттемелерінің көбеюі нәтижесінде активтерінің азаюын айтамыз.

К. К. Кеулімжаев «Өндіріс шығындары - деп өнімдер мен тауар өндіруге (жұмыстар мен қызметтер көрсетуге) жұмсалынатын тірі және заттай еңбектердің шығындарын мойындаған дұрыс», - деп көрсетеді. Демек, өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы, экономикалық маңызы, өндірістегі орны және өнімнің өзіндік құнына қосылу тәртіптері бойынша бірдей емес деп түсіндіреді [3] . Бұл автордың өндіріс шығындарына берілген анықтамысын талдай отырып, біз өндіріс шығындары экономикалық мазмұны, өндіріс көлеміне қатысы, өзіндік құнға қосылу тәртіптері, пайда болу мерзімі, тиімділігі, жоспарды қамту дәрежесіне байланысты әртүрлі болып бөлінетінін атай отырып, олардың шығыстардан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін толық дәлелдеуге мүмкіндіктер бар.

А. Н. Кашаев өз еңбегінде « . . . өндіріс шығындары - бұл өнім өндірісіне жұмсалған және оның құнын құрайтын қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы» деп түсіндіреді [6] . Автордың бұл тұжырымынан, біз өндіріс шығындары өндірістік шығыстардан тек тәжірибелік жағынан ғана емес, сонымен қатар теориялық жағынан да айырмашылығы бар екендігі жөнінде қорытынды шығарып отырғанын байқаймыз.

Г. М. Лисович және И. Ю Ткаченко «шығыстар», «шығындар» және «өндіріс шығындарына» әртүрлі анықтамалар бере отырып, « . . . өндіріс шығындары өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісіне және оларды сатуға байланысты тірі және заттай еңбектердің шығындары» деп түсіндіреді. Ал шығындар - болашақта кіріс алып келетін мүмкіндігі бар, кәсіпорынның балансында ағымдағы актив ретінде көрсетілетін ресурстарды сатып алуға байланысты жұмсалған қаражаттары деп анықтама береді. Сонымен қатар, бұл авторлар шығыстарды кәсіпорынның табыс алу мақсатында жұмсаған шығындарының бөлігі, яғни есепті мерзім ішінде кәсіпорын қызметінің нәтижесі ретінде көрінетін капитал сомасының азайғаны ретінде түсінген жөн деп көрсетеді [7] .

Дегенмен де, бұл авторлардың пікірімен толықтай келісуге болмайды, себебі тәжірибеде бұл анықтамалардың бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары да кездеседі, яғни өндіріспен байланысты шығыстарды сипаттау үшін «өндіріске жұмсалған шығындар» терминін де қолдануға болады. Сондықтан, «өндіріске жұмсалған шығындар» есепті мерзімнің соңында пайданы анықтау кезінде ағымдағы шығыстар мен қорлар арасында бөлінеді. Яғни, (бұл шығындар өнім сатылған кезде ғана сатылған өнімнің өзіндік құны ретінде шығыстарға айналады. Ал, сатылмаған тауарлар қорлар ретінде ұйымның балансында актив болып көрсетіледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда бұл бап өндіріс процесінің барлық сатысын көрсететін бірнеше баптарға бөлініп жазылады яғни негізгі материалдардың қорлары, аяқталмаған өндірістің қорлары және дайын өнім қорлары.

С. А. Николаеваның тұжырымдамасына сүйенетін болсақ, онда оның зерттеулерінде шығыстар мен шығындар әртүрлі категория ретінде қарастырылған. Шығыстар - есепті мерзім ішінде ұйымның активтерінің азаюы және оларды пайдаланудың нәтижесінде экономикалық тиімділіктің өзгеруі немесе капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің көбеюі деп түсіндіреді. Ал, шығындар деп автор ұйымның шаруашылық қызметі барысында есепті мерзім бойы материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстарды пайдалану бойынша операцияларды түсіндіреді [8] .

Жоғарыда аталған авторлардың зерттеулерінен байқағанымыз олардың анықтамалары мен тұжырымдамаларында барынша ұқсастық болмағанымен, негізінен ресурстарды сатып алуға, тауарлар мен қызметтерді төлеуге жұмсалған, соның нәтижесінде ұйым активтерінің азаюына әкелетін қаражаттардың қозғалысы деген ұғымның бар екенін байқап отырмыз.

Демек, біздің ойымызша шығындар - бұл өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі кезінде тұтынылатын материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың және ұйымның балансында көрсетілетін, болашақта табыс әкелу мүмкіндігі бар активтердің (запастардың немесе қорлардың) құны. Бұдан шығатын қорытынды «шығыcтар» ұғымы «өндіріске жұмсалған шығындар» ұғымынан кең екендігін анықтауға болады. Сонымен, «өндіріске жұмсалған шығындар» - өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру кезінде тұтынылатын ресурстардың бөлігі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қаржылық есепке қатысты нормативтік құжаттарда «шығындар» мен «шығыстар» түсінігі арасында ешқандай шектеу қоймайды. Мәселен, №2 Қаржылық есептің халықаралық стандартында (ҚЕХС) тек «шығыстар» терминіне түсініктеме берілген, яғни шығыстар - бұл акционерлік капиталдың құрылтайшылары арасында капиталды бөлумен байланысты емес есепті мерзімнің ішінде активтердің ағымы немесе олардың тозуы және міндеттемелердің жоғарылауы салдарынан капиталдың азаюына әкелетін экономикалық пайданың төмендеуі [9] .

Қаржылық есептің ұлттық стандартында шығыстар деп - қатысушылардың шешімі бойынша салымдардың азаюын қоспағанда ұйым капиталының төмендеуіне әкелетін активтердің (ақша қаражаттары мен басқа да мүліктердің) шығуы немесе міндеттемелердің пайда болуы деп түсініктеме берілген [10] . Демек, қаржылық есептің ұлттық стандартында «шығыстар» түсінігіне берілген анықтама ҚЕХС-дағы анықтаманың ұстанымымен толықтай сәйкесті болып отыр.

Ал, біздің пікірімізше шығыстар - бұл шаруашылықтың есепті мерзім бойы табыс алумен байланысты ұйым активтерінің төмендеуі, яғни шығыстарға өнімнің өзіндік құнына енбейтін басқа да шығындар жатады.

М. Б. Байдаулетов өзінің ғылыми еңбегінде « . . . өндіріске жұмсалынған шығындар алдыменен материалдандырылып, актив ретінде нақты өзіндік құн бойынша тіркеліп, дайын өнім (жұмыс пен қызмет) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалынған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды» - деп көрсеткен. Яғни, өндіріске жұмсалынған шығынның түпкілікті мақсаты - бұл табыс әкелу. Соған байланысты «шығындар» өндіріске жұмсалған шығындар мен сату шығындарының жиынтығын білдіре отырып, сатылатын өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің ең төменгі құнын қалыптастырады [7] .

Сонымен, отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің шығындар туралы еңбектерін талдаудың нәтижесінде, біз шығарылған өнімнің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құндарына апарылатын шығындардың бір бөлігі олардың өндірістік өзіндік құны болып саналатынын айта аламыз.

Ал кезең шығындары болып табылатын әкімшілік шығындар, өнімді сату мен қызметтерді көрсету шығындары, пайыздар бойынша шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмай, есепті мерзімнің соңында ұйымның қаржылық нәтижесіне апарылады.

Болашақ мерзімде табыс алумен байланысты жұмсалынған шығындар активке апарылады. Оларға болашақ мерзім шығындары, аяқталмаған өндіріске шығындар және материалдық қорлар жатқызылады.

Сонымен, ұйымның шығыстарына оның негізгі қызметінде активтерді пайдалану мен оларды есептен шығаруға байланысты табыстың кемуінің нәтижесінде капиталдың азаюына және міндеттемелердің көбеюіне, сондай-ақ зиян шегуге әкелетін басқа да шығындар жатады деп тұжырым жасаймыз.

Кез-келген өндіріс саласында шығындар есебіне объективті сипаттама беру үшін ғылыми негізделген шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды дұрыс ұйымдастыру қажет. Ал, өндіріс шығындарын жоспарлау немесе мөлшерлеу ғылыми негізделген шығындардың жіктемесінсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Демек, өндіріс шығындарын қандай да бір белгілеріне қарай жіктеу өндірістік шығындар есебі мен талдаудың, сонымен бірге өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізіне жатады. Сонымен қатар, шығындардың экономикалық негізделген жіктемесі арқылы өзіндік құнды анықтау мен талдауға және соның негізінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға толық мүмкіндіктер пайда болады. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру отандық және шетелдік есеп пен талдау тәжірибесінде кеңінен зерттелініп келеді.

Дегенмен де, есеп тәжірибесінде ғалымдар мен экономистер өндіріс шығындарын олардың қандай-да бір белгілері бойынша жіктеу және сол жіктеулердің өнімнің өзіндік құнын дұрыс анықтауға, қаржылық нәтижені бағалауға, соның нәтижесінде басқарушылық шешім қабылдауға қалай әсер ететіні туралы бір тұжырымға келе алмай отыр.

Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары және №2 «Қорлар» қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес ұйымдарды өндіріс шығындарының есебі шығын баптары бойынша ұйымдастырылады. Шығындарды бұлай жіктеу олардың әрбір түрлері бойынша және жұмсалған жерлері бойынша бақылау үшін және талдау үшін қажет. Сонымен қатар, шығындардың баптары бойынша есепті ұйымдастыру (еңбекке ақы төлеу, жем-шөп, жанар-жағар май, автокөлік қызметтері және т. б. ) осы шығындардың әрбір құрылымдық бөлімшелердегі өнімнің өзіндік құнының қалыптасуына тигізетін әсерін анықтауға, сондай-ақ өзіндік құнды төмендетудің резервтерін шығаруға және оны нақты іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Енді шығындардың калькуляциялық баптарына жеке тоқталатын болсақ, онда:

«Материалдар» шығын баптары бойынша өткен жылы шаруашылықтың өзі өндірген және дайындаған шикізаттар мен материалдары өнімнің өзіндік құнына баланста көрсетілген құны бойынша, ал есепті жылы шаруашылықтың өзі өндірген немесе дайындаған материалдары мен шикізаттары өзіндік құнға нақты өзіндік құнмен қосылып, отырылады.

Сатып алынған отын, мұнай өнімдері, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар сатып алу бағалары мен осыларды шаруашылықтың қоймаларына дейін жеткізу шығындарының негізінде есепке алынады. Жанар-жағар май оларды сатып алу бағалары мен сақтау орындарына дейінгі жеткізу шығындары негізінде есепке алынады.

Өнім өндірісіне тікелей қажетті электр энергиясы, су және жылу шығындары, егер шаруашылықтың өзінде өндіріліп пайдаланылатын болса, онда оны өндіру мен жеткізуге жұмсалған барлық шығындардың негізінде есепке алынады да, ал басқа жақтан сатып алынатын болса, онда олардың сатып алу бағалары мен жеткізу шығындарының мөлшерінде есепке алынады.

«Еңбек ақы шығындары» бабы бойынша өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және одан аударымдар құрамына мыналар кіреді: өндірген өнім (жұмыс пен қызмет) көлемі үшін немесе жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік баға мен қызмет ақысы бойынша есептелген жалақы; өнім сапасын арттырғаны, өндірісте ақау болдырмағаны, сондай-ақ көп жылғы еңбегі үшін төленетін қосымша ақы; өндірістік цех меңгерушілерінің негізгі және қосымша еңбек ақылары; басқа да қызмет көрсетуші мамандардың еңбек ақылары есепке алынады.

«Еңбек ақыдан аударымдар» бабында ҚР Салық Кодексіне сәйкес еңбек ақы қорынан есептелінетін әлеуметтік салық пен міндетті әлеуметтік аударымдар (шығын бағыттары) бойынша көрсетіледі.

Жалпы өндірістік (үстеме) шығын бабына жоғарыда айтылған шығындардан басқа өнім өндірісімен тікелей айналысатын жұмысшыларды техникалық қауіпсіздендіру, оларға тұрмыстық қызмет көрсету, өндіріс жұмысшыларының көп жылғы еңбегі үшін сыйақылар, кадрларды дайындау және қайта дайындау шығындары, жұмысшыларды жұмысқа шақыру мен оларды жұмыс орындарына тасымалдау шығындары, күзет қызметтері және негізгі шығындар құрамында көрсетілмейтін басқа да материалдардың (сым, жіп, құрал-саймандардың) құндарын, өндірістегі кідірістерден жоғалтулар, материалдардың жетіспеушілігі (кінәлі тұлға жоқ болса), белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейтін алынған ақау өнімдері құны есепке алынады.

Сонымен, шығындарды баптарына қарай жіктеу қаржылық есеп беруді дайындау кезінде бухгалтерлік балансқа тіркелетін қосымшаларда есепті мерзім ішіндегі жалпы шаруашылық бойынша шығындардың қандай өнім өндіруге және қай жерде жұмсалғанына байланыссыз олардың мөлшерін (көлемін) көрсету мақсатында қолданылады. Шығындарды баптарына қарай жіктеудің бірқатар артықшылықтары бола тұра, шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірілген өнімдердің түрлері бойынша өзіндік құнды және шығындардың деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, бұл мәселелерді шешу үшін, сонымен қатар шығындарды жедел бақылап, шаруашылықтың сапалы қызмет көрсеткіштерін анықтап, өндіріс шығындарының талдамалық есебін тиімді ұйымдастыру үшін шығындарды калькуляция баптары бойынша жіктеген дұрыс.

1. 2 Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы балықтарды өсіру
Аяқталмаған өндіріс шығындары
Ауыл шаруашылығының өндірісіндегі бухгалтерлік есеп
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістегі тікелей және жанама шығындардың есебі
Көмекші өндірістің жұмысын анықтау
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Кезең шығындарының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz