Судың радиоактивтік ластануы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4
1 Өнеркәсіп жүйелері аймағында су ресурстарының жағдайы 7
1.1 Судың ластануы мен ауыз су проблемасы 7
1.2 Алматы облысындағы су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-
күйін талдау 14
2 Су қорларын қорғау 20
2.1 Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi
жолдары 20
2.2 Өндірістік өнеркәсіптің даму барысындағы су қорларын
қорғау компоненттерінің классификациясы 21
2.3 Ақаба суларды тазартуға арналған озонды қондырғыны жасау 25
3 Тазарту құрылыстарының жалпы сипаттамасы 30
3.1 Суды зарарсыздандырудың химиялық, физикалық, физика-химиялық
әдістері 30
3.2 Құбырлар мен сыйымды құрылыстарды дезинфекциялау әдістері
және ол бойынша жұмыс тәртібі 45
3.3 Зарарсыздандырудың тиімділігін өндірістік бақылау және
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау 54
4 Су қорғау шараларына экологиялық-экономикалық баға беру 63
4.1 Су қорларын экономикалық бағалаудың ерекшеліктері және
әдістері 63
4.2 Су ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануы
65
4.3 Өнеркәсіп өндірісі дамуының өзара экологиялық және
экономикалық зардаптарының әсері 69
4.4 Экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы кезіндегі экономикалық
зақымды модельдеу көмегімен анықтау 76
Қорытынды 80
Қолданылған әдебиеттер тізімі 82
Қосымша А 84
Қосымша Ә 85
Қосымша Б 88
Қосымша В 89

кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары қоршаған ортаға деген жасанды ықпал
жасау өсті. Өндірістік қызмет нәтижесінде барлық мүмкін болатын қалдықтар
жиынтығы түзіледі, олар қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізеді
және оның ажырамас бөлігі ретіндегі адамға да әсерін тигізеді.
Су – маңызды табиғи ресурс. Ол өмірдің негізін құраушы зат алмасу
процесстерінде басты роль атақарады. Үлкен маңызды орынды су - өнеркәсіп
саласы мен ауыл шаруашлығы саласында алады. Жалпыға белгілісі, оның адамның
тұрмыстық қажеттіліктері үшін, өсімдікутер мен жануарлар үшін де қажетті
екендігі. Барлық тірі организмдер үшін ол өмір сүру ортасы болып табылмақ.
Қалалардың өсуі мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы, пайдалы жерлердің кең
ауқымда пайдаланылуы, мәдени-тұрмыстық жағдайлардың жақсартылуы мен басқа
да бірқатар факторлар, күннен –күнге сумен қамтамасыз етілу мәселесін
күрделендіріп отыр. Суға деген қажеттілік өте зор және жылдан – жылға өсіп
отыр. Жыл сайынғы су шығыны жер бетіндегі барлық сумен қамтылу түрлері
бойынша 3300-3500 км3 құрайды. Мұндағы сумен қамтылудың 70 пайызы ауыл
шаруашылығына тиесілі. Қазіргі кезде су ресурстарын тиімді пайдаланудың
мынадай бағыттары анықталынуда: шикі сулар ресурстарын кеңінен өндіру және
толық тиімді етіп пайдалану, су көздерін ластауды болдырмайтын, оған тыйым
салатын жаңа технологиялық процесстерді жасау, таза сумен қамтылуды азайту,
шикі суды пайдаланушы түсті металлургия өнеркәсібінде , оның мөлшерін көп
шығындамайтын жаңа технологиялық процесстерді жасап шығару, су көздеріне
келіп түсетін ағынды суларды тазартудың осы заманғы технологияларға сай
келетін жаңа, тиімді әдістерін қолдану, енгізу, неғұрлым ластанған ағынды
сулардың бөліктерінде локалды тазалау тәсілдерін қолдану.
Қазақстан Республикасы өзен су ресурстарын басқару дағдарысы су
ресурстарын қолдану шегінің табиғи мөлшерінің азаюы кезеңінде анық
байқалады. Оның себебі табиғи-ресурстық потенциалдың азаюында емес, оны
тиімсіз басқару және пайдалануда болып отыр. Су ресурстарының тапшылығынан
елдегі бар ауыл шаруашылығы өндірісінің потенциалын жүзеге асыруға,
өнеркәсіп салаларының даму мүмкіндіктерін арттыруға, коммуналды-тұрмыстық
секторды қажетті мөлшерде сумен қамсыздандыру-ға мүмкіндік болмай, халық
шаруашылығын басқарудың қалыптасқан жүйесінің кемшіліктерін көрсетеді.
Соңғы жылдары әлемдегі су проблемаларының өршуіне байланысты
мемлекеттерді тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері ұлттық қауіпсіздік
проблемалары шегінде қарастырылады. Қазақстанды сумен қамтамасыз ету
проблемасының өзектілігі бар су ресурстарының шектеулілігімен, оларды аумақ
бойынша әркелкі бөлумен, уақыт шегіндегі елеулі өзгеріспен, трансшекаралық
өзендер сулары ластануының жоғары деңгейімен сипатталады. Келешекте
шекаралас мемлекеттер аумақтарынан өзен ағысының қысқаруына, сондай-ақ
климаттық тұрғыға орай жергілікті ағыс ресурстарының азаюына байланысты
республиканы сумен қамтамасыз ету жағдайының шиеленісуі мүмкін. Өзен
ағысының ресурстары өзгеруінің мүмкін салдары Қазақстанның орнықты
әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздігіне елеулі
қауіп төндіреді. Елімізде экономиканы, оның ішінде су шаруашылығы саласын
түбегейлі реформалау тұрақты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге
ерекше талаптар қояды.
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен мақұлданған Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су
шарушылық саясатының тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп
реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы
негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз
етуге жағдай жасау керек. Мемлекеттер арасында трансшекаралық өзендердің
суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын
басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан
қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi
халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен
жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы,
халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке
алынуы тиiстi.
Өндірістік қызмет нәтижесінде барлық мүмкін болатын қалдықтар жиынтығы
түзіледі, олар қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізеді және оның
ажырамас бөлігі ретіндегі адамға да әсерін тигізеді.
Өскемен қаласының су ресурстары өнеркәсіптік кәсіпорындардың токсіндік
компоненттерімен ластануы бойынша интенсивті күш түсіруші жағдайды бастан
кешіруде. Бұл мекемелер өзен желілері шоғырланған зонада орналасқан Осында
жылу энергетика саласының ірі кәсіпорындары да орналасқан.
Мұндай орналасу мынаған ықпал етеді яғни барлық газ тектес сұйық және
қатты қалдықтары бар ластаушы заттар мүлтіксіз өзен желілеріне келіп
түсуде. Осының нәтижесінде сулардың ластану мәселесі өте маңызды болды.
Ғылыми зерттеу объектісі: Қаладағы су объектілері болып табылады, ал
зерттеу көзі: қаладағы су объектілерінің өндірістік өнеркәсіптен ластану
жолдарын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Өндірістік аймақтардағы су көздерінің ластанунын
теориялық, тәжірибелік негізде тұжырымдау және соның әсерінен болатын
микроэкономикалық деңгейлерін есептеу.
Міндеттері:
1. Су объектілерінің осы заманғы жағдайын, табиғи сулардың ластау
көздерін анықтау, ағын сулардың жіктелуі мен сипаттамасын, тазарту
құрылғыларының жалпы сипаттамасын беру.
2. Су ресурстарын басқаруды теориялық негіздеу және оның
экономикадағы ролі мен маңызын анықтау;
3. Су ресурстарын пайдалану тұрғысынан қаладағы су шаруашылығының даму
қарқынын және қазіргі жағдайын талдау;
4. Талдықорған қаласындағы су қорларының пайдалануда өндірістік
аймақтарда ластану деңгейін талдау;
5. Талдықорған қаласындағы су объектілерінің экологиялық жағдайын
жақсарту бойынша негізгі жолдарын ұсыну және қоршаған ортаны ластау арқылы
оған келтірілген экономикалық шығынды есептеу.
6. Талдықорған қаласының су объектілерін жақсарту үшін ластандырушы
көздерден сақтандыру шараларын жасау.
Зерттеу әдістері: салыстыру, статистикалық, эколого-экономикалық,
аналитикалық-зертханалық әдістері.
Ғылыми жаналығы: Осы заманғы су объектілерінің жағдайына сипаттама
берілген, ағынды сулар олардың жіктелуі тұрғысынан бейнеленген, тазалау
қондырғыларының жұмысына талдау жасалған, осыған байланысты қаланың су
объектілерінің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар
ұсынылған.
Су объектілерін қорғаудың негізгі шаралар ретінде өнеркәсіптік
кәсіпорындарда ағынсу ( тұйық) жүйелерді еңгізу, сондай-ақ қаланың авто
жанар-жағар май станцияларында локалдық тазарту қондырғыларын еңгізу
ұсынылды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Осы берілген дипломдық жұмысының
мәліметтерін қаланың су электр станциясы орталығының іс-әрекеттерінде,
өнеркәсіп орындарында және табиғатты қорғау мекемелерінде пайдалануға
болады.
Жұмыс көлемі және құрылымы. Ұсынылған дипломдық жұмыс кіріспеден, 4
бөлімнен, қорытындыдан, 41 атаудан тұратын әдебиеттер тізімінен, 4
қосымшадан, сонымен қатар 5 суреттен, 5 кестеден тұрады. Жалпы көлемі 91
бет.

1 Өнеркәсіп жүйелер аймағында су ресурстарының жағдайы

1.1 Судың ластануы мен ауыз су проблемасы

Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын
маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5
млн. Адам өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың
саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.   
        Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп
кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың
тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе
құрғақ қалдықпен (гл) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 гл тұз болады.
Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар
патогенді ағзалар да болады.
Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы
заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен
топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және
тағы басқа заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен
олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдық,
мұнай және мұнай өнімдері) [1].
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі.
Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп
орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Жер
үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің не
басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Шайынды сулар – адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде
қолданылғаннан кейін шығарылатын сулар және елді мекендер
территорияларынан, өнеркәсіптік объектілерден және ауылшаруашылық
өрістерден атмосфералық жауын-шашын нәтижесінде ағылатын сулар.
         Жер асты суларының ластану көздеріне жататындар:
- өнеркәсіп қалдықтарын сақтайтын орындар мен оларды көлікпен
тасымалдау;
- коммуналдық және тұрмыстық қалдықтар аккумуляциялану орындары;
-  пестицидтермен және минералдық тыңайтқыштармен өңделетін
ауылшаруашылық жерлер;
- өнеркәсіп алаңшалар, сүзу өрістері, бұрғылау ұңғылары, тау-кендік
жыныстық жұмыстар.
Өндірістік шайынды сулар технологиялық үрдістерде суды қолданғаннан
кейін әртүрлі өнеркәсіптік объектілерден түседі. Оларға пайдалы қазбалар
өндірілуінде жер бетіне сорылып шығарылатын жуынды сулар да жатады.
Өндірістік жуынды суларда негізгі ластаушы заттар биоорганикалық қоспалар
болады, олардың көздері содалық, күкіртқышқылдық зауыттар, шахталар, кен
орындары және химиялық зауыттар болады. Осы ластаушы қоспаларға қышқылдар,
сілтілер, әртүрлі металдар тұздары, күкірттік қосылыстар, минералдық
қалқыған заттар кіреді.
          Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-қағаз
өнеркәсібінің жуынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің жуындыларында
ағаш үгіндісі, ағаш талшықтары, шайыр болады және олар оттегі жұтып
қышқылданады. Осы ластықтар суға ұнамсыз иіс беріп, түрін өзгертеді,
сулардың түбі мен жиектерінің көгеріп, саңырауқұлақтық өсулер дамуына ықпал
жасайды.
Жылу энергетикасы. ЖЭО жуынды сулары су қоймалары суларынан 8-100С
жоғары жылыған болады. Су қоймалары суының температурасы көтерілгенде
оларда микро және макро планктон, судың гүлденуі дамуы күшейеді, түсі мен
иісі өзгереді. Судың гүлденуі су қоймасының тайыз көк-жасыл балдырлар
өсетін жерлерінде жиі кездеседі. Балдырлар шіру үрдісінде фенол, индол,
скатол және басқа да улы заттар шығарады. ГРЭС шайынды сулары салқындату
жүйелерінде, гидро-күл-шлак шығаруда, мазутпен жұмыс істейтін агрегаттардың
қызған үстіңгі бетін жуғанда, жабдықты химиялық жуғанда, мұнай өнімдерін
пайдаланатын аппараттардың, ГРЭС аумағының жауынмен жуылғандарынан, күл
төгілген орындардың сүзінді суларынан және жақын жатқан аумақтардан су
жиналуынан пайда болады. ГРЭС жабдықтарын жуған сулар күкірт қышқылымен,
темірмен, никельмен, ванадиймен, мыспен ластанады.
Қара металлургия. Қара металлургияның жуынды сулары металды
майсыздандырудан және қышқылмен өңдеуден кейін, жуудан кейін пайда болады.
Домна пештерінде және болат балқыту өндірісінде, ыстықтай темір созу
өндірісінде жуынды ағындылар механикалық қоспалармен және тұздармен
ласталған. Металдарды әртүрлі қышқылдармен өңдегенде жоғары минералданған
өңдеулік ерітінділер және өндірістердің көпшілігінде жуынды суларда
фенолдар, роданидтер, ционидтер, сульфидтер болады.
          Түсті металлургия. Түсті металлургия өндірістерінің жуынды сулары
қатты минерал заттар қоспаларымен, флотациялық реагенттер қалдықтарымен
ластанған. Олардың көпшілігі улы (күкірт натрий, цианидтер, ксантогенаттар,
мұнай өнімдері). Ауыр металдар иондарымен (мыс, қорғасын, мырыш, никель,
молибден, вольфрам, сынап, кадмий) және мышьякпен, фтормен, сурьмамен,
сульфаттармен, хлоридтермен де ластанған.
         Машина жасау. Машина жасаудың жуынды сулары әртүрлі машиналар мен
аппараттарды дайындау үрдісінде пайда болады, өйткені технологиясында жуу,
майсыздандыру, қышқылмен өңдеу, химиялық, гальваникалық және сырбояулық
қаптап жабулар, созу және қысуда майлаулар қолданылады. Осындай
өндірістердің жуынды сулары нашар ыдыратылатын бетті-белсенділік заттар,
фосфаттар, органикалық заттар (бензин, үшхлорэтилен, төртхлористік
көміртегі және басқалар), ауыр металдар тұздары болуымен сипатталады.
Көмір өнеркәсібі. Көмірлік қиылыстардың жуынды суларының сапалық
құрамы орташа тұздық құраммен және қаттылығымен, қалқыған заттармен
химиялық қосылыстармен және микрофлорамен қомақты ластануымен сипатталады.
Көмірлік қиылыстар жуындыларында көмірдің пирогендік ыдырауы нәтижесінде
пайда болатын фенол болады. Карьерлік суларда күзгі кезеңде сульфаттардың,
кальцийдің, магнийдің, натрийдің және калийдің көбеюімен байланысты
минерализация жоғарылауы байқалуы мүмкін.
         Судың радиоактивтік ластануы. Су қоймалары мен адамдар
денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратын радиоактивтік ластанулар.
Радиоактивтік ластану көздеріне ядролық жарылыстар, атом реакторларының
жарылысы, радиоактивтік изотоптарды өнеркәсіпте және зерттеу мекемелерінде
қолдану, радиоактивтік қалдықтарды көму, уран кенін тазалау бойынша және
реакторлардың ядролық отының өңдеу бойынша зауыттар атомдық
электростанциялар жатады.
Тұрмыстық жуынды сулар. Тұрмыстық жуынды сулар жоғары емес органикалық
ластануымен, бірақ жоғары бактериалдық ластануымен және гельминттер
жұмыртқасының жоғары мөлшері болуымен сипатталады. Қалалық жуынды суларда
азот, фосфор, кадмий, жуушы заттар болады.
           Ауылшаруашылық жуынды сулар. Су қоймаларының экологиялық тепе-
теңдігіне ауыл шаруашылығының әсері күшеюде. Жаңа жерлерді егіндікке жырту,
батпақтарды құрғату, ормандарды шабу, оның ішінде кіші өзендер
бассейндерінде орманды шабу өзеннің гидрогиологиялық тәртібін өзгеріске
әкеледі, қайнарлар мен бұлақтардың кеуіп қалуына әкеледі. Минералдық
тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден және
арамшөптен қорғау құралдары тез өсуіне, химиялық заттарды жаңбыр суымен
жуылып су қоймаларына және жер асты суларына түсуіне әкеледі.
Жаңбырлық және нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлық сулар атмосфералық
жауын-шашын түсуінің нәтижесінде пайда болады. Оларды жауындық және мұздық
деп бөледі. Жауындық сулар категориясына егін суғару, жуу суларын жатқызуға
болады. Елді мекендердің нөсерлік ағындар негізінен инертті заттар – саз,
құм, көмір шаңы болады. Нөсерлік ағындарға ұқсас ағындар карьерлер жасау
нәтижесінде, гравийді жууда, гидравликалық әдіспен кен алу шахталары
жұмысында, өнеркәсіптік өндірістердің беттік үлестерінен ластануларды
жуғанда және ауылшаруашылық жерлерді суғарғанда болады. Осы суларда әртүрлі
токсикалық заттар болуы мүмкін, олардың ішіндегі ең қауіптілері ауыр
металдар иондары инсектицидтер мен пестицидтер құрамына кіретін
хлорорганикалық препараттар болады [2].
Судың өздігінен тазалануы. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи
физикалық, химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде
гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы. Табиғаттағы сулардың
өздігінен тазалануы заттардың алмасуы арқылы жүреді. Тұщы сулардың
өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін бактериялар, балдырлар және
жоғарғы сатыдағы өсімдіктер және омыртқасыз жануарлар сияқты организмдердің
тіршілік процесіндегі әрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан табиғатты
қорғаудың міндеті – судағы осы тіршілік қатынастарын сақтап, бірқалыпты
ұстау болып табылады. Кез келген су айдыны өзіне ғана тән тірі
организмдері, өсімдіктері жіне микроорганизмдері бар күрделі тіршілік
жүйесі. Табиғи жағдайда суға бактериялар немесе химиялық қоспалар түсетін
болса өздігінен тазалануы тез жүреді де су тазалығы бастапқы таза қалпына
келеді. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың
сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді. Мысалы, осы планктондар арқылы
өздігінен Байкал көлінің жылына 60 км3 суы тазаланып отырады. Планктондар
органикалық, минералдық заттектермен қатар суқоймаларын әртүрлі ауру
қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады. Қара теңіз бен
Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюска-санитар-
дрейсен болып табылады. Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма
заттектерді өткізіп, өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып,
минералдандырып қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады.
          Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына
физикалық және химиялық факторлар да қатысады. Ластағыш заттектердің
мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сұйылту, еріту
және араластыруды жатқызуға болады. Мысалы, өзеннің қарқынды ағысы қалқыма
заттектерді жақсылап араластырып, олардың концентрациясын төмендетеді.
Өздігінен тазалану процестері жүргенде ерімейтін заттектер, олардың бетіне
жабысқан бактериялар салмақ күшімен су қоймаларының түбіне біртіндеп тұнып
отырады, кейін әртүрлі физикалық факторлар әсерінен тіршілігін жояды. Күшті
ластанған, жаңа ағыс келіп құймайтын суларда өздігінен тазару процесі
ешқашанда болмайды, сондықтан лас суларды таза сумен араластыру өте қажетті
жағдайларға жатады. Судың залалсыздандырылуы күннің ультракүлгін сәулесінің
күшімен де өтеді. Физикалық факторлардың ішінде су қоймаларына
түсетінбактериялар мен вирустардың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы әсер
тигізетін температуралық фактор. Температураның төмендеуі олардың ұзақ
сақталуына жағдай туғызады. Мысалы, жылы жерлерде олар 200-300 м алшақтыққа
дейін жайылып жатса, солтүстікте 2000 км жерге дейін өлмей ағып жүре беруі
мүмкін [3].
Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың
ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге
болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың
өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады,
микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың
сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.
Таза ауыз су проблемасы.
Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі
сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. Адам
ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы
болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, таяу Шығыс, Азия
мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік
Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен
мөлшерде суды Европа елдері қолдануда.
Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды
жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің
нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.
         Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға
қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл
сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.
Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және
қоғамдық меншілікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту
мен оны қолдануға контроль жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес,
халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді.
Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз
пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су
қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың
сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады.
Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана
қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және
буланып ұшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар
қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады.
БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін
құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл
жағдайда су проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың
біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып
пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының
азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3
таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына
қайтып келмейді.
Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселелері
бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты
түрде дамуында, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының
деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта
бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі
стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.
Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен
суды тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады. Судың
сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1)  суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
2)  өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
3)  ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде
пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
4)  ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек
құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол
бермеу;
5)  суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау
нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау
әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту
әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді.
 Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына
шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген
сұраныс күрт өсіп кетті. Және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді.
Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге
жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым
ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық қажетке пайдалану
былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен
қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына да зиянды
әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен
өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып
отыр.
Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы Қаратал өзенінің суында сынап өте көп.
Оның құрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен.
Ал Қарасу өзені және Алмалы су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі улы
химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш көлінің
суы Балшахмед өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларының әсерінен
ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық пайдалану
және өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай жіберудің
салдарынан өзендерге тұзды концентрация көбейді. Өзендер мен көлдердің жер
асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды жіберуден болып
отыр. Су құбырларын көп ластайтын өндіріс орындарына целлюлоза-қағаз,
химия, мұнай өндірістері, металлургиялық және тау-кен өндірістік мекемелері
жатады [4].
Қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін жоғарылаудың ең басты жолы -
өндіріске ауа, топырақ және су құбырларының ластануын кемітетін қор сақтау,
аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу.
Осындай қор сақтайтын технологияның бірі - Әл-Фараби атындағы қазақтың
ұлттық университетінің жасаған, суды лазермен активизациялау. Белгілі
жиелікте, аз қуатпен суды лазердің сәулесі арқылы активизацияланғанда
сингитті оттегі қозады, содан барып, суды тез активизациялайды. Су
қоймаларын, өзенді тазарту, мал шаруашылығына қажетті жоғары белокты жемшөп
алу үшін лазерлі агрогидроэнергетикалық модуль жасалды. Мұны технологиялық
жағынан сынау және өндіріске енгізу Алматы қаласының Сорбұлақ көлінде,
Ертіс өзенінде және Бұқтырма су қоймасында жүргізілді. Ол үшін өзен және су
қоймаларын тазартудың тиімділігін анықтау жұмыстары атқарылады. Бұл лазерлі
агроэнергетикалық модульді қолдану арқылы биологиялық сапасы жоғары су алу
қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бұл модуль судағы ауыр металдардың
иондарын және улы органикалық заттарды айтарлықтай кемітеді. Гидроегістікке
лазерді қолдану көк балаусаның өнімін 8-10 есе жоғарылатады, судың
бактериялық ластығын 10 есе, қорғасынның иондарын 40, никельді 80, кадмийді
55, сынапты 69, фенолды 48, мысты 50%-ке қысқартуға болатындығы дәлелденді.
Суды резонансты лазерлі әдіспен өңдеу анаэробты бактериялардың және
вирустардың өмір сүруін тоқтатады, эпидемиялық аурулардың шығу мүмкіндігін
төмендетеді, хлор және басқа тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану
қасиетін жоғарылатады. Сонымен, өсімдіктерге, жануарларға және адамға
қажетті биологиялық жоғары сапалы судың алынуына жағдай туғызады.
Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден,
санитарлық жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемді
пайдалану керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді әдістерін
қолдану қажет. Мысалы, аэрозольді әдісті қолданғанда ауа, өсімдік және
топырақ кішігірім тамшылар арқылы бірқалыпты ылғалдандырылады.
         Тағы бір айта келетін жай – ағын суларды су құбырларына жіберіп,
суды ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, тұрмыс
қажетіне пайдаланып жүрген су құбырларына не болса соны, яғни тамақ
қалдықтарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып
машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті
өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты
бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек [5].
         Біздің Қазақстанда минералды (құрамында 1-6 гл тұзы бар) су
қорлары өте көп, оларды тиімді пайдалану қажет. Ал ол үшін суды тұщыту
керек. Ал өндіріс орындары мен шаруашылықтар лас ағынды және аяқ суларды су
құбырларына жібермегендері жөн. Ластанған су көздерін лазер технологиясы
арқылы тазартқан тиімді. Ол әрі арзан, адамның денсаулығына да зиянды әсер
етпейді. Бұл ғылыми озық әдіс бойынша еліміздің кез келген өзендері мен
көлдерінің суларын тұщытып, ауыз суға пайдалана аламыз.

1.2 Алматы облысындағы су ресурстарын пайдаланудың қазіргі
жай-күйін талдау
     
2010 жылғы 24 сәуірдегі халық санағына сәйкес облыста 1 558 534 адам,
оның ішінде 451,5 мың адам қалалар мен кенттерде, 1108,0 мың адам ауылды
мекендерде тұрады.
      Облыстың 836 елді-мекендерінің 373-і орталықтандырылған сумен
қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған.
450 елді мекен тұрғындары суды жергілікті қайнарлардан, құдықтардан,
құбырлық құдықтардан және 13 елді мекендер тасып әкелінген суды (бұлар
разъездер мен алыс кенттер) пайдаланады.
      Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесімен қамтылған 373
елді мекендердің ішінде тек 19 қалалар мен аудандық орталықтарда
"Водоканал" маманданған коммуналдық кәсіпорындары бар.
      Қалған ауылды елді мекендерде жойылып кеткен ауыл шаруашылық
кәсіпорындардың (колхоз, совхоз) базасында құрылған шаруашылық субъектілер
ауыз сумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      Ауылды, кенттерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету
жүйесі қамту локалді су құбырларын салу арқылы шешілетін, және де оларды
бәрін қалпында ұстау үшін мемлекеттік дотация пайдаланатын.
      Көптеген су құбырлары 20-25 жыл бұрын пайдалануға берілген
немесе күрделі жөндеуден өткен. Көптеген су құбырларының және олардың бөлек
жүйелерінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен, яғни апаттар саны өскен. Жоғары
апатқа ұшырау қаупінің жоғарылығы екінші рет ластануға, суды беруде ұзақ
іркілістерге, кейбір жағдайларда 30 және жоғары пайызға жететін жүйедегі
үлкен судың ағылуына әкеледі, бұл өз кезегінде электрқуатының шығындалуына,
яғни 1м 3 судың өзіндік құнының өсуіне әкеп соқтырады. Нәтижесінде көптеген
сумен қамтамасыз ету жүйелері пайдалануға жарамсыз жағдайға келіп,
тұрғындар орталықтандырылған су жүйесіз қалды.
      2005 жылы облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі
аталған себептер салдарынан, сондай-ақ соңғы он жылдарда инвестициялық
қолдаудың жоқтығынан, сумен қамтамасыз ету жүйелерді пайдалану күрт
төмендеді.
      Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіштерінің
жылдық төмендеуі 3-5% жетеді.
Облыстағы көптеген жұмыс істеп тұрған су құбырлары ұзақ мерзімдер
пайдалануына және суды тазалау технологиясының ескіруіне байланысты
санитарлық талаптарға сай келмейді, нормативті сапалы су беруді қамтамасыз
етпейді.
2005 жылы облыс бойынша әрбір тұрғынға шаққандағы шаруашылық-ауыз су
қажеттіліктеріне суды тұтынудың нақты үлесі республикалық көрсеткішіне
орташа 167лтәул қарсы 206лтәул құрады. Ауыл тұрғынның су тұтынуы 70-
75лтәул. құрады, республикалық орташа көрсеткіш 68 лтәул.
      Облыс бойынша тұрғындардың орташа сумен қамтылуы (нормативтіден
%) 92 % құрады, орташа республикалық 85 %. Ауылдарда 84 %, орташа
республикалық 71 % қарсы.
Түрлі себептер салдарынан тұрғындарға берілген әрбір 1 м 3 су
жекелеген аумақтарда 61 теңгеге жеткен, аудандар мен қалалар арасында ол 7
ден 61 теңге аралығында құбылады.
Жекелеген аудандарда жіберілетін 1 м 3 судың нақтылы өзіндік құны 90
теңгеден асады.
Орталықтандырылған және де орталықсыздандырылған қайнарлардан
тұрғындардың ішу мақсатында пайдаланатын судың сапасы санитарлық ережелер
мен нормаларға ГОСТ стандарт талаптарына ("Ауыз су") жауап бермейді.
      Алматы облысының шеңберінде 52 жер асты суларының көздері
зерттелінген, оның ішінде 44 тұщы су қайнарлары және 8 минералды су
қайнарлары.
      2012 ж 1 қаңтарға қарағанда қалпына сай А+В+С 1 +С 2
категориялары бойынша жалпы пайдалану қорлары 16,4 млн.м 3 тәул. (16362,5
мың.м 3 тәул.) құрады.
Облыста жер асты суларын 0,8 млн.м 3 тәул. (795,5 мың м 3 тәул.)
өндіретін 259 ірі және орта су пайдаланушылары табылған, ол бекітілген
пайдалану қорларының 4,9 % құрайды. 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі өндіру
көлемі 0,09 млн.м 3 тәул. төмендеген, бірақ су тұтынушыларының саны
өзгермеген. Алматы облысы бойынша анықталған су пайдаланушыларының тек 76-
да ғана рұқсат құжаттары бар, бұл жалпы көлемінің 26 % құрайды. Сонымен
қатар, бұл су пайдаланушылар су өндірудің жалпы көлемінің 76 % құрайды. Бұл
бірінші кезекте ірі су пайдаланушылардың суды шығару құқын алуларымен
түсіндіріледі.
      Жер асты тұщы су көздерінің ең үлкен ауыртпалығын Алматы,
Талғар және Талдықорған қайнарлары көтереді, олардың негізгі пайдаланушы
ұйымдары Алматы қаласының "Водоканал" МКК және Талдықорған қаласының
"Водоканал" МКК болып табылады.
Облыс тұрғындарын 2005 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі
көрсетілген себептерге, сондай-ақ соңғы он жылда инвестициялық қолдаудың
жоқтығынан су құбырлары жүйелерін пайдалану күрт төмендеді.
Шығарылатын су көлемінің төмендеуі, су тұтынушыларының жер беті
суларын пайдалануға көшуі, сонымен бірге суға тарифтің көтерілуіне
байланысты бұқаралық су өлшеуіштерін орнату салдарынан электрқуатына
бағаның өсуімен анықталады. Бұрынғы ұсақ су пайдаланушыларының көпшілігі
ластанған жер беті суларын пайдалануға көшті, бұл жұқпалы аурулардың өсуіне
әкеп соқтырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы қиын жағдай суландыруға
қолданатын тұщы суларының көздеріндегі жоғары қуатты скважиналардың иесіз
қалуына әкеп соқтырды. Осындай пайдаланусыз қалған скважиналарды жоғалтулар
көлемі 253,6 мың м 3 тәул. Құрайды [6].
Қазіргі уақытта жер асты суларын пайдалануының өсуінен қиын жағдай
туындап отыр. Алматы облысының 9 су кен орындарының пайдалану мерзімдері
аяқталған: Қапшағай, Талғар, Есік, Қаскелең, Үштөбе, Сарыөзек қалаларын
сумен жабдықтауға пайдаланатын Есік, Николаевка, Қаскелең, Кеген, Шығыс-
Талғар, Үштөбе, Ұзынбұлақ, Сарыөзек, Шұбар жер асты сулары. 2004 жылға
дейін Алматы қаласын сумен жабдықтауға пайдаланылатын Талғар, Ұзынағаш,
Нарынкөл су кен орындарының пайдалану мерзімі аяқталады. 2014 жылға дейін
Алматы, Боралдай, Горный, Гигант, Ақсеңгір, Шелек су кен орындарының
пайдалану мерзімі аяқталады. Егер шаралар қолданбаса 2018 жылы Алматы
облысының территориясында бірде бір сапасы бар ауыз су, жер асты суларының
бекітілген запастарының су кен орны қалмайды. Негізгі су пайдаланушылар
мемлекеттік меншік нысанындағы водоканал кәсіпорындары болғандықтан жер
асты суларының кен орындарын өз күштерімен қайта бағалаудан өткізу
тарифінің өсуіне әкеледі және тұрғындардың әлеуметтік жағдайының күрт
төмендеуіне соқтырады. Әуелі қазіргі суға тарифтерде мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорындар су жүйелерін ауыстыра және жөндей алмайды, ол
тасымалдауда жалпы су алымының 30% жететін жоғалтулар көлемімен айқындалады
[7].
Облыс жұқпалы ішек аурулары бойынша эпидемиологиялық қиын жағдайда.
Ауырған келетін 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы жалпы санының 59 %
жоғары болып қалуда. 14 жасқа дейінгі балалардың "А" вирус гепатит ауруы
облыстық деңгейде Балқаш ауданында 4 есе, Ұйғыр ауданында 2 есе, Жамбыл
ауданында 1,6 есе, Райымбек ауданында және Талдықорған, Текелі қалаларында
1,2-1,4 есе асады. өткен жылмен салыстырғанда ересек аурулардың үлес
салмағы өскенін (30-дан 41 % дейін) және балалар пайызының төмендегенін (70
%-дан 59 % дейін) атап өткен жөн. Су арқылы инфекцияларды жұқтырудың
белсенділік жанама белгісі болып табылатын бұл процесс Балқаш, Иле,
Райымбек, Сарқан аудандарынан басқа облыстың барлық территориясында
байқалады. Жұқтырудың белгіленген жолдарының ішінде су арқылы 19,1 %,
тағамдық 14,2 %, тұрмыстық-контактілік 66,6 % тиесілі. Су арқылы жұқтырудың
7 аудандарда: Балқаш ауданында (2002 жылы бекітілген жұқтыру жолдарының
жалпы санының 16,7 %), Жамбыл ауданында (2001 ж.-73 %, 2002ж.-58,3 %),
Талғар ауданында (2001 ж.-56.5; 2002-53,3 %), Сарқан (2001 ж.-50 %, 2002 ж.-
40 %), Ұйғыр (2001 ж.-25 %, 2002 ж.-23,4 %), Еңбекшіқазақ (2001 ж.-9 %,
2002 ж.-10 %) және қапшағай (2001 ж.-32,5 %, 2002 ж.-18,2 %) құрады. Су
арқылы жұқтырудың жолы жылдан жылға анықталуда. Ашық суларды коли-фагиге
зерттегенде Балқаш ауданында 15 %, жағымды пробалар, 2,5 % Ұйғыр ауданында,
2,2 % Талғар ауданында және Сарқан ауданында 1,7 % анықталған. Су арқылы
жұқтырудың су жолы белгіленген Талғар ауданының Тұздыбастау, Бесағаш, Қызыл-
қайрат, Нұра, Арқабай ауылдарында, Ұйғыр ауданындағы Чұнжа, Долайты, Шарын,
Жамбыл ауданының барлық ауылдарында аурудың кепілденбеген сапалысыз суды
пайдаланумен байланыстырады. Инфекция ошақтарын лабораториялық зерттеуде
10,3 % Жамбыл ауданында, 3,2 Талғар ауданында тексеру барысы растады.
Вирустық гепатитпен ауруды талдау және облыстағы эпидемиялық
процесінің өсу мәліметтері бойынша инфекция тарату факторы болып табылатын
суды активтік түрде пайдалануға беріліп келе жатқанын көрсетеді. Сумен
қамтамасыз ету жөніндегі жаман жағдайдағы елді мекендерде эпидемиологиялық
процесс судан басталып, бір-бірімен байланысы арқылы тарайды.
Бүгінгі күнге облыс бойынша су құбырларының жағдайы өзекті мәселе
болып қалуда, бір қатар мәселелер шешімін таппауда. Жыл сайын істеп тұрған
су құбырларының саны қысқаруда. Егерде 2001 жылдың аяғына есепте 393 су
құбыры тұрса, ағымдағы жылдың қазіргі уақытына 373 қалды, қалғандары
жарамсыздыққа келді. Істен шыққан су құбырларының саны ұлғаюда, бүгінгі
күнге олар 356, ең үлкен сан Алакөл ауданына 21, Көксу ауданына 18, Сарқан
18, Райымбек 6 тиесілі. 37 су құбыры иесіз болып табылады, соның салдарынан
тұрғындар шахталық, құдықтық әуелі кездейсоқ су көздерінен суды пайдалануға
мәжбүр болады.
Сумен жабдықтаудың ашық қоймалары болып табылатын 39 су құбырынан, тек
32-де тазартқыш қондырғылары бар, олардың 10 Райымбек, Талғар, Қарасай және
Жамбыл аудандарында істемей тұр. Зарарсыздандыру қондырғылары тек 19 су
құбырларында бар, нәтижесінде тұрғындар суды алдын ала тазалаусыз және
дезинфекциясыз пайдалануға мәжбүр.
Ағымдағы жылдың 8 айында микробиологиялық көрсеткіштерге 6133
орталықтандырылған сумен жабдықтау сулары сынауға алынып зерттелген,
олардың ішінде 154 пробалар нормативті талаптарға сәйкес келмейді, бұл 2,5
% құрайды. Жекелеген аудандарда стандартты емес сынамалар пайызы берілген
көрсеткіштен асады: Ақсу ауданында стандартты емес сынамалар Жансүгіров
кенті есебінен 4,4 пайыз құрайды, бұл жерде су құбырлары мен жүйелері
жұмыстары мүлдем қазіргі уақыт талаптарына сай келмейтін екі шаруашылық
субъектінің құзырында (қант зауыты және водоканал) болып отыр. Тазарту
қондырғылары жоқ, хлораторлық қондырғылар ұзақ уақыт бойы істемейді. Ұқсас
жағдай стандартты емес сынамалар пайызы 6,4-ке жеткен, Сарқан ауданында да
байқалады, су сапасының төмендеуі тек қайнар да ғана емес, сонымен бірге
тарату жүйесінде де байқалады. Сумен жабдықтаудың күрт жағымсыз жағдай осы
ауданның Лепсі аумағында байқалады. қолда бар 4 су құбырларының біреуі де
жұмыс істемейді, сондықтан халықтың бір бөлігі кездейсоқ ашық су көздерін
пайдалануға мәжбүр, ал халыққа суды жеткізу ұйымдастырылмаған. Стандартты
емес сынамалар орташа облыстық көрсеткіштен Жамбыл ауданында да асады және
4,3 % құрайды.
Балқаш ауданында, 14 жастағы балалар арасында вирустық гепатитпен ауру
4 есе асып түседі, 13 су құбырының 1 ғана жұмыс істейді, қалғаны жарамсыз
жағдайда, өйткені жүйелер және қондырғылар коррозияға ұшыраған, тазарту
қондырғылары, тереңдік насостар бұзылған, электр қуатын өткізу желілері
жоқ.
Қапшағай қаласының Заречный ауылы іш сүзегімен ауруы бойынша қолайсыз
болып табылады, зарарсыздандыру қондырғылары 1995 ж. бері жұмыс істемейді,
тарату жүйелері апаттық жағдайда; Қарабұлақ кентінде және АҚ-өзектегі
скважиналарының қатал тәртіпті зонасы жоқ, су құдықтары мен жүйелері
қанағаттанарлықсыз жағдайда; Арна және Шеңгелді кенттерінде су жүйелері 3-5
жылдан бері пайдаланылмайды.
Стандартты емес сынамаларының жоғары пайызы Көксу ауданында (6,7 %)
және Ақсу ауданында (4,4 %) байқалады. Орталықсыздандырылған қайнарлардан
1015 су сынамалары зерттелініп, олардың 44 нормативті талаптарға сәйкес
келмейтіндігі (4,3 %) анықталған.
Қалыптасқан ахуал су қайнарларының үдемелі ластануының, су
құбырларының құрылыстары мен тарату жүйелерінің санитарлық - техникалық
жағдайының нашарлануының, бірқатар су құбырларында қажетті тазарту
құрылыстарының кешені мен зарарсыздандыру қондырғыларының болмауының,
коммуналдық шаруашылық ұйымдарының материалды-техникалық базасының
әлсіздігінің заңды салдары болып табылады [8].
Халықтың ауыз суды пайдалану мұқтаждығы тұтынатын судың сапасының және
қолайлылығының төмендеуіне төмендегі факторлар әсер етеді:
• су көздерінің, әсіресе жер үсті суларының өнеркәсіптік, ауыл
шаруашылық-тұрмыстық шайынды сулармен жалпы техногенді ластануы;
• су құбырларының және кәріз желілері мен құрылыстарының суды тиісінше
дайындауды әрі шайынды суларды тазалауды қамтамасыз етпейтіндей тозуы;
• ауыз су үшін төлем жөніндегі баға саясатының, тарифтер тетігінің
жетілдірілмеуі, коммуналдық-тұрмыстық секторды және ауыл шаруашылығын
сумен жабдықтауды басқарудағы және пайдаланудағы кемшіліктер;
• халықтың төлем қабілетінің және сапалы ауыз суға қолайлығының
төмендігі;
• сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға, қазіргі жүйелерді жөндеу-
қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік инвестициялардың
жеткіліксіздігі;
• шаруашылық ауыз сумен жабдықтау үшін арнайы барланған жер асты сулары
көздерін пайдаланудың жеткіліксіздігі;
Халық тұтынатын ауыз судың сапасын және қолайлылығын қамтамасыз етумен
байланысты қалыптасқан ахуал себептерін жою жөнінде мақсатты бағытталған
шаралар қабылдамау мынадай жағымсыз салдарға алып келеді:
• облыс тұрғындары денсаулығының нашарлауы;
• аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты
халықтың бей-берекет көшіп-қонуы;
• коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорлар
көлемінің өсуі;
• пайдалану шығындарының өсуімен қатар коммуналдық қызметтерді ұсыну
сапасының және іркіліссіздігінің төмендеуі;
• жер асты сулары көздері мен ашық су қоймаларын ауыз суға пайдалану
мәнінің жоғалуы;
• суды тазалау және суды дайындауға кететін шығындардың артуы.

2 СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ

2.1 Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары

Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп
реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы
негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз
етуге жағдай жасау керек.
Ирригация мен гидроэнергетика аралығында ұтымды балансты iздестiру,
өлкенiң мемлекеттерi арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың
шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi
саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың
табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға
сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады.
Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене
отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық
өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық
ынтысақтастықты нығайту керек.
Халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып ұлттық және аймақтық
деңгейлерде су қорларын бiрлесіп пайдалану бойынша ортақ заңның механизімін
жасау Орталық Азияның су қорларының пайдаланудағы көп қайшылықтардың
шешуiнiң негiзi болып табылады. Өлкенiң орнықты экономикалық дамуы өзара
мемлекетаралық қатынасқа және ынтымақтастыққа, су қатынастарының
саласындағы тиiмдi заңға сүйенген базасының негiзiне қатысты болады [9].
Қолданыстағы су қорларынның ұлғайтылуы оның тиiмдi пайдалануына,
сонымен бiрге су қоймаларының саны мен сапасының артыуына тікелей
байланысты. Ол үшiн келесі мәселелерге назар аударылуы тиіс:
• әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша басты мәселелерді шешу;
• су көздерінің күйін және оған қатысты экологиялық жағдайды жақсарту,
ұйымдастыру, институционалдық, әкiмшiлiк, техникалық және тағы басқа
көп қаржы керек етпейтiн шараларды іске асыру. Республикадағы
тұрғындардың және өлкенiң тiршiлiк әрекетi үшiн маңызды қаржы керек
ететiн объекттер (сумен жабдықтау саласы) мемлекетпен қаржылануы
тиiстi;
• өндiріс күштердi орналастыруға және дамытуға талдау жасау, шаруашылық
маңыздылығы және өсіп келе жатқан су шарушылық балансындағы дефициттi
есепке ала отырып су тұтынудың деңгейі мен құрылымын анықтау;
• сумен жабдықтау саласында жаңа су көздерін іздестіру және жабдықтауын
жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу;
• су қорларының сапасы және сандық жүдеуiн сақтап қалу бойынша шараларды
iске асыру. Сулардың ластанумен белсендi күрес жүргізу су шарушылық
балансының шиеленісуіне бермейді, оның шығын бөлiгiнiң қысқартуына
мүмкiндiк туғыза түседi;
• өнеркәсiптегi суды қайтадан және бiрнеше рет қолдануының енгiзілуi,
сонымен бiрге материалдардың өңдеуiнде қосымша суды талап етпейтін
принциптi жаңа, қалдықсыз технологиялық сұлбаларын iздестiру;
• су қорларын басқарудың мемлекеттiк жүйесiн, олардың пайдалануын
реттеу, экосистема әдiстерiнiң қолдануын, бар су шарушылық шараларын
жоспарлауды жетiлдiру;
• су сақтаудың мәселелерiн кезеңдi, бiртiндеп және шешiмiне барлық
қатысушыларды үйлесiмдi жолдарын енгiзу;
• тиiмдi су ресурстарын пайдалануды, оның ластануын сақтап қалуға
бағытталған меншiктi табиғи ортаны қорғау шараларының жұмыстарын
ынталандыру, мадақтау;
• суды нормативтен тыс пайдалануды болдыртпау. Су пайдаланудың шарттары
бұзылған жағдайда су пайдаланушыларға әсер ететіндей, құны табиғат
қорғау іс-шараларының құнынан жоғары айыппұл салынуы керек;
• сарқынды суларды тазартуынан және суды үнемдеуден түскен барлық
пайданы кәсiпорындардың қарамағына беру;
•  су үнемдейтін шарушылық жабдықтарға және экологиялық таза өнiмге
қосымша және мадақтау бағалар енгізу;
• су қорларының жағдайы және су сақтау туралы ақпараттық - үгiттеушi
жұмыстар жүргізу.
•  iрi су шарушылық ұйымдарда су саясатының іс-шараларын өңдеуге және
жоспарлауға тiкелей араласатын қоғамдық өкiлдерден бақылаушы кеңестер
құру;
Келешекте су қорларының ұлғаюы елдегі су шарушылық объекттерiнде
жоғалтатын суды азайту арқылы қол жеткізілуі тиіс.

2.2 Талдықорған қаласының өндірістік өнеркәсіптің даму барысындағы су
ресурстарын қорғау компоненттерінің классификациясы

Экология мәселелерінің, экологиялық процесстердің экологиялық және
әлеуметтік-экономикалық салдар құрылымдарының жүйелілігі, олардың пайда
болуы мен қызмет істеуінің маңыздылығынан бастау алады. Экология мәселелері
мен процесстерінің ерекшеліктері, оларды танып-білуде жүйелі зерттеу
концепциялары мен әдістерін қолданудың мақсатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның негізгі проблемалары
Судың ластануы
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Радиоэкология туралы түсінік. Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдай
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
Су ресурстары және оны қорғау
Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы
Жаңажол мұнай-кен орнының радиациалық жағдайын бағалау
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы және атом энергетикасы
Атмосфералық өзгерістер
Пәндер