ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық елдері сияқты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі өтпелі кезеңде жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында мемлекеттердіңөзара іс-қимыл әрекеті жасампаздық үрдістермен бірге келеңсіз үрдістерге толы болды.
Қазіргі әлемде терроризм идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден-бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әртүрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге бағытталған. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси-құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі ғасырдың ттоғысында кезікті. Көлемді террорлық әрекеттен тыс қалар кепілдік бүгінде бірде-бір елде, соның ішінде Қазақстанда жоқ. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күресте құқықтық тәртіпті реттеудің танымдық аясын ашады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына арналған 7 басымдықтардың бірі-«Лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз қару-жараққа, есірткі саудасы мен басқа да осындай қатерлерге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастарды нығайту және кеңейту» деп атап көрсеткен болатын[1] .
Халықаралық қылмыстың құқықтық негіздері мен нормалары тұлғалардың өз қолымен, өз еркімен жауапсыз іске асуда. Сондықтан жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті орнату үшін мұндай тұлғалар жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Әділ жазадан ешкім де ешқашан құтыла алмайды.
Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық терроризмге қарсы күресте дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық ынтымақтастығы мен бірлігі қажет. Осы орайда адамзат баласының бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қорғайтын халықаралық қылмыстық құқықтың маңызы зор. Себебі халықаралық қылмыстық құқық негізінде ғана дүниежүзілік терроризмге төтеп беру мүмкіндігі туындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы күрделі проблемада көптеген ғалымдардың ой-пікірлері қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық -бұл саладағы туындаған қоғамдық қатнастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар терроризм кімге пайда, кімге зиян екенін зерттеу үсінде. Терроризм-қылмыстық заңның бабына сәйкес белгіленетін әдеттегі жазаланатын қылмыстық істің бір түрі болып табылатын саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда, терроризмнің кездейсоқ болатын әдеттегі қылмыстан өзгешелігі оның реттелетін қылмыстық саяси үрдіс болуында. Осыған байланысты терроризмнің қылмыстық іс ретіндегі негізгі мәнді сипаттарын анықтау қажет.
Зерттеу жұмысында терроризмге қарсы күреске арналған Қазақстандық ғалымдарының ғылыми еңбектері қолданылады. Олар:К. М. Сарсембаевтың, А. Н. Ағыбаевтың, Д. А. Сатпаевтың М. Бұлұтайдың, Р. Әбсаттаровтың, С. Б. Тілеубергеновтің, С. Абдулпаттаевтың, және т. б.
Сонымен қатармынадай Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері қолданылды: Ю. М. Колосов, А. Г. Богатырев, В. Е. Сидоров, С. В. Кузьмин.
Зерттеу пәні. Бұл ғылыми зерттеу еңбегінің мақсаты бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы халықаралық және мемлекеттік қылмыстардың, атап айтқанда терроризмнің ұғымы, себептері мен таралу жолдарына оның алдын алу проблемаларына жан-жақты талдау жасап, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың қажеттілігі мен маңыздылығы сонша ол Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күресте құқық тәртібін реттеудің танымдық аясын ашу болып табылады. Зерттеу базасын қазіргі кездегі ғаламдық проблеманы анықтайтын Қазақстан Республикаксының нормативтік актілері, халықаралық шарттар мен конвенциялар құрайды. Сонымен бірге зерттеу жұмысын жүргізу барысында заңгер, тарих ғалымдардың, құқық теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар назарға алынды.
Жұмыста ғылымдық танымның әдістері және салыстырмалы-құқықтық талдау, жүйелі және тарихи амалдар арнайы ғылыми және т. б. қолданылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының терроризмнің мағынасы мен түрлерін, терроризмнің субъективтік және объективтік белгілерін қарастыру, қазіргі кездегі терроризмді теориялық негізде зерттеу, оларға талдау жасау, қорыту және қазіргі заңдарда кездесетін кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды анықтау.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Бұл зерттеу жұмысының міндеті бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы халықаралық және мемлекеттік қылмыстардың, атап айтқанда терроршылдық іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық проблемасына жан-жақты талдау жасау.
Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі мәселелер қаралған:
-терроризммен күресті реттейтін құқықтық құжаттарды оқып, зерделеу;
-Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес қызметі;
-терроризмдік іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылық;
-қылмыстық құқық бойынша терроризмді саралау;
-Қазақстан Республикасында халықаралық терроризмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін сараптау, саяси-құқықтық құбылыс және құқықтық категория екенін, оның белгілері мен нышандарын анықтау, терроризмге көмекке келетін «көлеңкелі экономиканың» проблемалары, сонымен бірге Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризммен күрестегі әлемдік қауымдастықпен ынтымақ үрдістері.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде жалпы диалектикалы, танымдық әдістер мен қатар, нақты тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер құрайды Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғалымдардың терроризм әлеуметтік саяси құбылыс және құқықтық категория туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық құжаттар, конвенциялар, келісім шарттар, жапы құқық теориясы бойынша шетелдік ғалымдардың теориялық тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектері құрайды. Сонымен қатар мерзімді басылымдарда жарияланған тероризмге қарсы күрес туралы құқықтық актілері, мақалалар мен материалдар да назарға алынды.
Зерттеудің нормативтік базасы. Зерттеу жұмысының базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес заңы, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, халықаралық конвенциялар, келісім-шарттар, Президенттің жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері және бірқатар шетелдік заң актілері құрайды.
Дипломдық жұмыста терроризмнің ұғымы мен түрлері, терроризмнің себептері мен таралу жолдары, терроризмді ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, объективтік және субъективтік белгілері көрсетіледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасында халықаралық терроризммен күресті құқықтық реттеудің мәні ашылып көрсетіледі. Нормативтік актілердің мазмұндарына, құрылымымен мәніне, жүйесіне талдау жасау, олардың тиімділігін арттырудың бағыттары айқындалады.
Жұмыстың теориялық маңызы.
Дипломдық жұмыста зерттеудің теориялық маңыздылығы мынада, XXI ғасырда терроризм жаңа айналысқа шықты. Оның объектілері: ядролық энергетика, әуе жолдары, компьютерлер, халық көп жиналатын бұқаралық объектілер. Олар жаппай қыру қаруларын қолданудың: биологиялық, психотроптық, химиялық және ядролық қаруларды игерудің және қолданудың алдында тұр. Сол себепті халықаралық терроризмді ауыздықтаудың тиімді халықаралық саясатын жасау үшін алдымен мұсылман елдеріндегі терроризм тамырларын, себептерін, даму жолдары мен каналдары зерттеудің маңызы арта түседі. Осыған орай Қазақстан терроризмге қарсы бірлесіп әрекет ету мақсатында 12 мемлекетпен келісім жасасты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз тармақшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТЕРРОРИЗМНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Терроризм - әлеуметтiк саяси құбылыс және құқықтық категория
Әлемдiк тәжiрибеде көлемi мен қатыгездiгi жөнiнен теңдесi жоқ қарулы шабуылдар, террорлық актiлер, диверсиялар қоғамда көптеген наразылық тудырып отырғаны сөзсiз. Олар мемлекеттiң мүддесiне орасан зор нұқсан келтiредi. Дегенмен, аталған қылмыстардың iшiндегi аса қауiптiсi- терроризм.
Соңғы уақыттары терроризмнiң нашар жағына қарай дамуы анықталып отыр. Сонымен қатар терроризм сапалық жағынан да қолайсыз өзгерiстерге ұшыраған. Атап айтатын болсақ, материалдық объектiлерге қол сұғушылық азайып, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қол сұғушылық ұлғаюда; аса зор адам өлiмi тән терроризмнiң масштабтарының өсуi; терроршылардың iс-әрекеттерiнiң қатыгездiгiнiң күшеюi.
Жеке мемлекеттерде сияқты халықаралық масштабта да террористiк ұйымдар мен топтардың өзара ақпараттық, тактикалық, ресурстық байланыстары мен өзара көмегi кеңейiп келедi. Экстремистiк сипаттағы құрылымдардың ұлтшылдық, дiни-сектанттық, фундаменталистiк және басқа да ұйымдармен бiрiгуi және ынтымақтасуы нәтижесiнде саяси және қылмыстық терроризм етек алып жатыр. Терроризм қауiптi дерт секiлдi таралуда.
Терроризм мәселесi өз болмысында жаңа құбылыс емес. Оның тарихы ғасырлар тереңiне тамыр салған. Сол кездерi сарай төңкерiстерi мен басқарушыларды тақтан құлатуларды ешкiм де террористiк акт деп санамаған. Мемлекет институты пайда болып, басқарушы элитаның арасында әлеуметтiк-саяси келiспеушiлiктердiң шығуына байланысты терроризм саяси күрес әдiсi ретiнде кеңiнен қолданыла бастады. ХІХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап терроризм қоғамдық өмiрдiң тұрақты факторына айналды.
Жасалу ниетiне қарамастан (ал олар тек саяси емес, сонымен қатар жеке мақсатта да болуы мүмкiн. Мысалы, көлiк құралдарын шетелге қашып шығу үшiн пайдалану, кек алу, сыбайластарын түрмеден шығарып алу мақсатында адамдарды кепiлге алу, терроршылардың алдына қойған мақсаттарын көпшiлiкке жеткiзу т. б. ) кез-келген террорлық акт халықаралық сипаттағы аса қауiптi қылмыс.
Бұл әлеуметтiк-құқықтық құбылыстың ұғымдық сипатын жасауда оны көп жағдайда терроризмге қолайлы жағдай тудыратын ұқсас құбылыстардан айыра бiлу қажет.
Бiздiң ойымызша, терроризм пайдакүнемдiк, кек алу, экономикалық бәсекелесiк, жүйке ауруына ұшырағандардың терiс әрекеттерi сияқты ниеттегi iс-әрекеттердi де қамтиды. Терроризмдi дәстүрлi саяси ниетпен ғана түсiндiру оның нағыз масштабтарын анықтау мен онымен күресi үшiн тиiмдi бағдарлама жасауға өз кедергiсiн тигiзедi.
Терроризм, оның жағдайлары мен пайда болу себептерi, түрлерi мен нысандарын түсiнбей терроризммен күресу мүмкiн емес. Кез-келген террорлық акт терроршы, оның құрбаны (шабуыл жасау объектiсi) және әсер ету объектiсi болып табылатын тұлғалар сияқты элементтерден тұрады. Соңғы жылдары халықаралық қауымдастық терроризмнiң қарқындап келетiн қысымын сезiнiп отыр. Дегенмен, тек 2001 жылғы 11 қыркүйектегi АҚШ-тағы террористiк актiден кейiн ғана оған баса назар аударылып, онымен күрестiң жаңа кезеңi басталды. Бүгiнгi таңда ауқымды қауiп-қатер тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси-құқықтық құбылыс ретiнде ғаламдық деңгейде шешiмiн таба алмай жатқан қиын мәселеге айналып отыр. Мәселенiң мәнiн қарастыруға кiрiспестен бұрын терроризм ұғымын анықтап алған жөн. Терроризм - өзiнiң жалпы ұғымын және ерекше белгiлерiн анықтауда субъективтi тұрғыдан қиындық туғызады. Себебi, терроризм құбылыс ретiнде философиялық, саяси, тарихи, психологиялық, құқықтық және басқа да тұрғылардан зерттелiп келдi және әрбiр зерттеушi терроризмге өз көзқарасымен анықтама бердi. Терроризм - көбiне коммунистiк және ұлт-азаттық қозғалыстары деп немесе империалистiк мемлекеттер мен олардың арнайы қызметтерiнiң зиянкестiк әрекеттерi деп түсiндiрiлiп келдi.
Терроризмдi - саяси-құқықтық құбылыс ретiнде қарастыру алдымен ''террор'' мәтiнiнiң өзiн анықтаумен тығыз байланысты. ''Террор'' ұғымы латын тiлiнен аударғанда ''қорқыныш, үрей'' мағынасын бiлдiредi. ''Террор'' ұғымы бұқараны белгiлi бiр тәртiпке салу мақсатында қолындағы шексiз билiкке сүйенген қоғамдық-саяси құрылымның жүзеге асырар әралуан идеологиялық күш көрсету шарасы.
Терроризмге, бiрiншiден, жалпы қауiп-қатер төндiру; екiншiден, әрекеттi көпшiлiк алдында жүзеге асыру; үшiншiден, әлеуметтiк деңгейде саналы түрде шиеленiстi, үрейлi жағдайды қалыптастыру; төртiншiден, қандай да бiр талаптарды қанағаттандыру мақсатында белгiлi бiр адамдарға ықпал ету тән. Демек, терроризм- қылмыстық заңның 233-бабына сәйкес белгiленетiн әдеттегi жазаланатын қылмыстық iстiң бiр түрi болып табылатын саяси-құқықтық құбылыс.
Сонымен терроризм дегенiмiз не? ''Терроризмге қарсы күрес туралы'' Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризм дегенiмiз - мемлекеттiң стратегиялық және өмiрлiк маңызы бар объектiлерi мен коммуникацияларын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мүлiктi және басқа материалдық объектiлердi жою немесе жоюға қатер төндiру;
Мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу үшiн өмiрiне қауiп төндiру; шет мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық ұйымның халықаралық қорғауды пайдаланатын қызметкерiне, сондай-ақ халықаралық қорғауды пайдаланатын адамның қызметтiк үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау;
жеке адамдарға зорлық жасау немесе зорлық жасау қаупiн туғызу;
адамды кепiл ретiнде алу немесе ұстау; [2, 3б. ]
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiне және терроризмге қарсы күреске бағытталған жалпы жұрт таныған халықаралық құқықтық актiлерге сәйкес ''террорлық'' ұғымына жататын өзге де әрекеттер жасау жолдарымен мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, мемлекеттiк органдардың шешiм қабылдауына ықпал ету және өзге де террористiк мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жасалған құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет Терроризм - қарсыласты қорқыту, күш көрсету саясаты немесе зорлықпен, қуғын-сүргiнмен қоқан-лоққы жасау, олардың мақсаты қорқыныш, үрей туғызу және террорлық бағытқа қажеттi әрекетке мәжбүр ету немесе әрекеттен бас тарттыру.
Әлеуметтiк-құқықтық құбылыс ретiндегi терроризм мынадай сипаттаушы элементтерден тұрады: iс-әрекеттердiң мақсаты, ниетi, мазмұны, көзделетiн және нақты салдары. Террорлық iс-әрекеттер сериясын немесе бiр реттiк әрекет жасауды, ғаламдық немесе жергiлiктi жүзеге асыруды мақсат етуi мүмкiн. Ол мемлекеттiң саяси құрылымын өзгерту, басшылығын тақтан тайдыру, аумақтық бiрлiгiн өзгерту, тұтқындалған өзге терроршыларды босатуды талап ету, мемлекеттiң тұрақтылығын шайқалту, қоғамда үрейлi жағдай қалыптастыру, халықаралық қатынастарды бұзуға бағытталуы мүмкiн.
Қорқыныш, үрей туғызу- барлық дерлiк террористiк актiлердiң маңызды элементi. Терроризмнiң көптеген анықтамаларында iс-әрекет саяси ниетпен жасалса ғана террористiк акт болып есептеледi делiнген. Терроризмнiң ниетi саяси сипатта ғана болуы мiндеттi емес. Ол сан-алуан болуы ықтимал, мысалы, сектанттық, дiни, ұлттық, әлеуметтiк фанатизм, өз-өзiнiң атын шығару, кек алу және т. б. Бiрақ бұл аталғандарды оппозициялық қызметпен, саяси құрылым мен билiк органдарына ықпал етумен байланысты саяси ниеттермен байланыстыра қарастыру қажет. Терроризмнiң ниетiн анықтау террористiк iс-әрекеттердi дер кезiнде және тиiмдi тойтаруға оң ықпалын тигiзедi.
Терроризмдi әлеуметтiк-құқықтық құбылыс ретiнде сипаттаушы элементтерi iс-әрекеттердiң мазмұны мен салдары жөнiнде айтар болсақ, мұнда әдетте қарулы болып табылатын және қоғамды дүр сiлкiндiретiн, халықтың немесе оның белгiлi бiр
тобының психологиясында терең iз қалдыратын, қауiпсiздiктi шайқалтатын, халықтың терроршылардың алдында әлсiздiгi сезiмiн орнататын нақты күш қолдану мен оны қолдану қаупiнiң болуы.
Терроризм қазiргi ғылыммен үш бағытта қарастырылады: 1) қылмыстық iс-әрекет ретiнде; 2) террорлық топтар (ұйымдар) ретiнде; 3) террорлық доктрина ретiнде.
Қылмыстық iс-әрекет ретiндегi террорлық iс-әрекет - бұл террорлық сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған iс-әрекеттердiң кез-келгенiн қамтитын iс-әрекет:
- терроризм идеологиясын тарату;
- террорлық акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау;
- террорлық акцияларды жасауға айдап салу, террорлық мақсатта зорлық-зомбылық жасауға шақыру;
- террорлық акцияларға терроршыларды тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ақ оларды террорлық дағдыларға үйрету;
- террорлық ұйымдарды немесе террористтердi қаржыландыру;
- террорлық әрекеттi дайындау мен жасауға жәрдемдесу.
Террорлық топ немесе ұйым дегенiмiз- террорлық акцияны жасау үшiн екi немесе одан да көп адамның тұрақты бiрiгуi. Осы бағыттардың iшiндегi ең негiзгiсi қылмыстық iс-әрекет ретiндегi террорлық iс-әрекет. Себебi iс-әрекет ретiнде терроризмдi қалай түсiнсек, қандай топтар мен қандай доктриналарды террорлық деп тануымыз қажет екендiгiн түсiнуге болады.
Қазiргi уақыттағы терроризм дiни қабықшаға оранған саяси терроризм болып отыр және ол үнемi алға басып дамуда.
Атақты ресей психологы С. Л. Рубенштейн айтуы бойынша: ''Терроризм зиялы топтың саяси оқшаулануы, басқарушы топтардың репрессияларға қатысуы және халықтың саяси жағдайларға еш мән бермей қарауы бар жерде орнығады. Сонымен қатар терроризмның тағы бiр пайда болу себебi реформалық қозғалыстың құлдырауы. Бұл жағдайда халық арасынан шыққан топтар жедел iс-әрекеттерге көшедi''[3, 4б. ] .
Көп жағдайда терроршылардың артында өз саясатын жүзеге асыру мақсатында террорлық топтарды пайдаланатын тұтас мемлекеттер тұрады. Терроршылар халықаралық инциденттердi жасау, қарсылас мемлекетте үрей туғызу, сол мемлекетте моральдық әлсiздiк тудыру үшiн қолданылады. Үкiметтер мұндай мақсаттар үшiн әрекет етiп жатқан террорлық топтарды немесе жаңадан өздерi құрған террорлық топтарды қолдануы ықтимал. Терроризмге әдеттегi соғыс жүргiзуден гөрi аз шығын жұмсалатыны анық. Бұл әрине, өте қолайлы.
Терроризмнiң әлеуметтiк-құқықтық құбылыс ретiндегi жалпы сипаттамасын анықтау, оны құқықтық реттеудiң, ұйымдастырушылық негiздерiнiң, терроризммен күресу стратегиясын белгiлеу үшiн қажет болып табылады.
Терроризмнiң ұғымын ашуда қылмыстық-құқықтық саласындағы проблемалы сәттердi заң шығарушылық және құқық қолданушылық деп екi аспектiге бөлiп қарауға болады. Бұл жерде ''терроризм'' және '' террорлық акт'' деген қылмыстық заңнаманың терминдерiнiң арақатынасы арасындағы қиыншылықтарды ескеру қажет. Терроризм әлеуметтiк-құқықтық құбылыс бола отырып, нақты террорлық актiлерге қатысты топтық ұғым болып табылады.
Заң шығарушылық деңгейдегi тағы бiр мәселе: терроризммен күресу туралы қылмыстық-құқықтық нормаларды кешендi заңдарға қосуға болады ма деген сұрақ. Қылмыстық-құқықтық реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мәселесiмен террорлық iс-әрекеттер туралы iстер бойынша iс жүргiзу өндiрiсi ерекшелiктерi мәселесi туындайды. Мысалы, құпия ақпараттың жария болуына қарсы қосымша кепiлдер бөлiгi бойынша.
Қорғаушыларды терроршыларға жiберу процедурасымен айналысатын мамандар, iске қатысатын тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, террорлық топтарды қаржыландыру көздерiн тексеру бойынша заңдарға негiзделген шешiм күтуде. Бұл аталған мәселелермен қоса терроршылардың ұсталуы мен жазасын өтеу ерекшелiктерiне байланысты мәселелер де кешендi қаралуы тиiс.
Террорлық iс-әрекеттердi бұлтартпау кезiндегi орынды тәуекел мәселесi қылмыстық-құқықтық тұрғыда зерттелудi қажет етедi. Мұндай мәселелердi шешу терроризмнiң әлеуметтiк-құқықтық құбылыс ретiндегi жалпы сипаттамасын ашуға ықпал етедi.
1. 2 Терроризмнiң түрлерi
Терроризм- қазiргi дәуiрдегi ең қауiптi қылмыс түрi болып табылады. ХХІ ғасырда адамзат бетпе-бет келген терроризм өзiнiң ауқымымен, келтiрер зияны жағынан күштi қатерге айналды.
Террорлық актiлердi жүзеге асыру әдiстерi де күннен-күнге жетiлiп, барған сайын қатыгездене түсуде. Террорлық әрекеттер әртүрлi болуы мүмкiн., бiрақ оның бәрiн бiрiктiретiн екi түрлi элемент бар. Оның бiрiншiсi- терроризм- мемлекеттiк өкiмет билiгiн күйретуге бағытталған; екiншiсi- терроризмдi жүзеге асыру арқылы, яғни терроршылардың ұйымдасқан қатыгездiк әрекеттерi арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезiмiн туғызу болып табылады.
Терроризмнiң негiзгi екi түрi бар екенi белгiлi. Ол- iшкi терроризм және сыртқы терроризм. Ішкi терроризмдi мемлекеттiк терроризм, ал сыртқы терроризмдi халықаралық терроризм деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz