Зейнетақы жүйесiн зерттеу



2.2 ЖЗҚ ГНПФ АҚ.ның қызметiн зерттеу
01.02.2005 жылдағы қор қызметiнiң нәтижелерi.
Сапа саласындағы саясат
Ұйымдық құрылым
2.3. Зейнетақы жүйесiн зерттеу
Зейнетақы жинақтау жүйесiне 7 жыл болды. Бастапқы кезең өтті және зейнетақы жүйесi нығайып ойдағыдай дамып келе жатыр деп айтуға болады.
Бұл жетiстiктiң мысалдардың бiрi ЖЗҚ ГНПФ АҚ зейнетақы қорының қызметі болып табылады.
ГНПФ пайда болуы - Қазақстандағы жинақтау реформасының дамыуының қажеттi кезеңі. 1997 жылда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» заңы «ұрпақтардың ынтымақтастығы» қағидаларынан жеке зейнетақы жинақтарының қағидаларына өтуді белгiледi. Осы кезеңде ГНПФ құрылуы республикадағы зейнетақы реформаны жүзеге асыру және бәсекелестiк нарықтық ортаның дамуы үшiн iргенің қалануының заңды процессі болып табылды.
Сол кезеңде ГНПФ республиканың барлық өңірлеріндегі азаматтардың барлық жiктер мен дәрежелерлерiн қамтуды қамтамасыз еттi. Қор өз бастапқы міндетін орындап шықты. Инфрақұрылым жөнделді, сапа менеджментінiң тиiстi деңгейі орнатылды. Нарықты тұрақтанғанда, ЖЗҚ жеткiлiктi саны пайда болды, ГНПФ, рөлі дербес дамытуға қайта бағытталды. Өзгерiстердiң ішінде – «үнсіздік бойынша қор» ұғымының жойылуы, кеңiрек ақпараттық науқанның жүргiзілуi. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Қазақстан Республикасының ең iрi қорларының бiрi болып табылады, зейнетақы жарналарын жинау, зейнетақы активтерiн есепке алу мен сақтау және инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ жинақтау зейнетақымен қамсыздандыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес зейнетақы төлемдердi жүзеге асыру.
«ЖЗҚ ГНПФ» ААҚ қалыптасуының тарихы
1997 жылдың 12 мамыры – ГНПФ ЖАҚ құру қарастырылған ҚР Үкіметінің №819 қаулысымен бекiтiлген ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінiң өзгертiлуiн Тұжырымдама өндеп қабылданады.
1997 жылдың 24 қыркүйегi – «ГНПФ ЖАҚ құру туралы» ҚР Үкіметінің №1372 қаулысы шықты.
1997 жылдың 17 желтоқсаны – ГНПФ-тiң мемлекеттiк тiркелуі туралы куәлiк алынды.
1998 жыл – ГНПФ-тiң аймақтық өкiлдiктерiнің Қазақстанның облыстық орталықтарындағы және Астана қаласындағы филиалдың ашылуы.
1998 жылдың 30 желтоқсаны - зейнетақы жарналарын тарту бойынша қызметтi және зейнетақы төлемдердi жүзеге асыру құқықығына №6 Бас мемлекеттiк лицензиясы алынды.
1998-2002 жылдар – ГНПФ қызметін «үнсіздік бойынша қор» режимінде жүзеге асырады, яғни мiндеттi зейнетақы жарналары ГНПФ-ке жұмыс берушiлермен есептеледі, егер жұмысшы ЖЗҚ таңдауын жасамаса.
1999 жылдың 11 тамызы - ГНПФ ҚР Үкiметiнiң №1127 қаулысымен ұлттық компаниялардың тiзiмiне қосылған.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
2.2 ЖЗҚ ГНПФ АҚ-ның қызметiн зерттеу

Зейнетақы жинақтау жүйесiне 7 жыл болды. Бастапқы кезең өтті және
зейнетақы жүйесi нығайып ойдағыдай дамып келе жатыр деп айтуға болады.
Бұл жетiстiктiң мысалдардың бiрi ЖЗҚ ГНПФ АҚ зейнетақы қорының қызметі
болып табылады.
ГНПФ пайда болуы - Қазақстандағы жинақтау реформасының дамыуының
қажеттi кезеңі. 1997 жылда қабылданған Қазақстан Республикасында
зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңы ұрпақтардың ынтымақтастығы
қағидаларынан жеке зейнетақы жинақтарының қағидаларына өтуді белгiледi. Осы
кезеңде ГНПФ құрылуы республикадағы зейнетақы реформаны жүзеге асыру және
бәсекелестiк нарықтық ортаның дамуы үшiн iргенің қалануының заңды процессі
болып табылды.
Сол кезеңде ГНПФ республиканың барлық өңірлеріндегі азаматтардың
барлық жiктер мен дәрежелерлерiн қамтуды қамтамасыз еттi. Қор өз бастапқы
міндетін орындап шықты. Инфрақұрылым жөнделді, сапа менеджментінiң тиiстi
деңгейі орнатылды. Нарықты тұрақтанғанда, ЖЗҚ жеткiлiктi саны пайда болды,
ГНПФ, рөлі дербес дамытуға қайта бағытталды. Өзгерiстердiң ішінде –
үнсіздік бойынша қор ұғымының жойылуы, кеңiрек ақпараттық науқанның
жүргiзілуi. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Қазақстан
Республикасының ең iрi қорларының бiрi болып табылады, зейнетақы
жарналарын жинау, зейнетақы активтерiн есепке алу мен сақтау және
инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ жинақтау
зейнетақымен қамсыздандыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының
талаптарына сәйкес зейнетақы төлемдердi жүзеге асыру.
ЖЗҚ ГНПФ ААҚ қалыптасуының тарихы
1997 жылдың 12 мамыры – ГНПФ ЖАҚ құру қарастырылған ҚР Үкіметінің №819
қаулысымен бекiтiлген ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінiң
өзгертiлуiн Тұжырымдама өндеп қабылданады.
1997 жылдың 24 қыркүйегi – ГНПФ ЖАҚ құру туралы ҚР Үкіметінің №1372
қаулысы шықты.
1997 жылдың 17 желтоқсаны – ГНПФ-тiң мемлекеттiк тiркелуі туралы
куәлiк алынды.
1998 жыл – ГНПФ-тiң аймақтық өкiлдiктерiнің Қазақстанның облыстық
орталықтарындағы және Астана қаласындағы филиалдың ашылуы.
1998 жылдың 30 желтоқсаны - зейнетақы жарналарын тарту бойынша
қызметтi және зейнетақы төлемдердi жүзеге асыру құқықығына №6 Бас
мемлекеттiк лицензиясы алынды.
1998-2002 жылдар – ГНПФ қызметін үнсіздік бойынша қор режимінде
жүзеге асырады, яғни мiндеттi зейнетақы жарналары ГНПФ-ке жұмыс
берушiлермен есептеледі, егер жұмысшы ЖЗҚ таңдауын жасамаса.
1999 жылдың 11 тамызы - ГНПФ ҚР Үкiметiнiң №1127 қаулысымен ұлттық
компаниялардың тiзiмiне қосылған.
1999 жылдың 11 тамызы - ГНПФ бағалы қағаздар нарғында дилерлiк және
брокерлік қызметпен айналысу үшін лицензиясын алды.
2001 жыл - халықаралық қаржы нарығында да, iшкiге де сауда жасауға
мүмкiндiк беретiн мамандандырылған терминалдары бар ГНПФ дилинг орталығы
құрылған.
2004 жылдың 11 мамыры – ҚР-дың Акционерлiк қоғамдар туралы заңына
сәйкес ГНПФ ЖАҚ Алматы қаласының Әдiлет департаментiнде қайта тiркеуден
өттi. Қайта тiркелу күнінен бастап қоғамның атауы - ЖЗҚ ГНПФ АҚ.
2004 жылдың 17 тамызы - Аламты қаласындағы ГНПФ-тiң филиалының ашылуы.
2004 жылдың 13 қыркүйегi – Moody International халықаралық агенттiгi
сапа менеджментiнiң жүйесi халықаралық талаптарға ISO 9001:2000 сәйкес
келетiні туралы куәландыратын №200406995 сертификатты ЖЗҚ ГНПФ ААҚ-ға
тапсырды.
ЖЗҚ ГНПФ ААҚ Қазақстанның ең капиталданған зейнетақы қоры болып
табылады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы күйi бойынша ГНПФ меншiктi капиталы 1,
65 миллиард теңге құрайды, соның iшiнде резервтiк капиталы 800 миллион
теңгеден астам. ГНПФ салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 106, 93
миллиард Теңге, соның iшiнде салымшылардың инвестициялық кірісі 49 миллиард
теңгеден (қызметтiң басынан) астам. Салымшылардың саны 2 млн 420 мыңнан
астам адам немесе барлық зейнетақы жүйесiнiң қатысушыларының 35% құрайтын
әрбiр үшiншi адам.
ГНПФ-тiң акционерлерi келесілер болып табылады: акцияларының 36% иеленетін
Қазақстан Республикасының үкiметi және ҚР Ұлттық банкi - акциялардың 64%.
Бүгiнгі таңда ГНПФ-тің салымшылармен жұмысы ҚР бүкіл аумағы бойынша
ұйымдастырылған. Аймақтық желi 16 өкiлдiктермен және Астана және Алматы
қалаларындағы 2 филиалдарымен ұсынылған. Бұдан басқа, агенттiк келiсiмге
сәйкес Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы РМҚК-ның барлық
аудандық бөлiмшелерi республиканың барлық аумағындағы салымшыларға қызмет
көрсетеді.
Зейнетақы (шартты ) бiрлiгiнiң құнының өсу қарқыны деңгейiнiң айлық
өзгерiсi Қордың инвестициялық қызметінiң нәтижелерiне және зейнетақы
активтерiн тиiмдi басқаруға тәуелдi.
Қордың зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызметi
қордың зейнетақы бiрлiгiнiң құнының өсуiнің тұрақты деңгейін iшкi және
сыртқы қаржы нарықтарының қалыптасып жатқан жағдайларында қамтамасыз етуге
бағытталған.
Өзінің көптеген салымшыларының сенімін сақтауға ұмтыла отырып ГНПФ АҚ
қаржы нарығында өз қызметiнің барлық бағыттарындағы және салымшыларға
қызмет көрсетуiнде жүйелiк және кәсібилікті және жұмыс сапасын жоғарылату
жолдарына ерекше көңiл бөледi. 2004 жылдың 13 қыркүйегiнде Moody
international халықаралық агенттiгiнің ГНПФ АҚ сапаның менеджментi
жүйесiнiң ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестiгi туралы
сертификатты тапсыруы қызмет сапасының биiк деңгейiн растайды.
ГНПФ-тiң күштi жақтары
- тармақты аймақтық өкiлдiктер және (18 ) филиалдар желiсiнiң бар болуы,
сонымен бiрге Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық тұлғасындағы
агенттердің дамыған желiсi елдің алшақ аудандарындағы да салымшыларға
жақынырақ болуға мүмкіндік береді.
- Мемлекеттiк демек сенiмдi көзқарасына бағытталған ел азаматтарының
сақталып келе жатқан менталитеті зейнетақы аударымдарының басқа қорларға
аудару тәуекеліне душар болмаған салымшылардың белгілі бір массивін
сақтауға мүмкiндiк бередi.
- - зейнетақы активтерін өз бетімен инвестициялайтын және Кастодиант Банкі
ҚР Ұлттық Банкі болып табылатын ГНПФ ретiнде болатын сенiмдiрек және тиiмдi
инвестордың абыройын иеленеді.
- ГНПФ жарнамалық қызметі жарнамалық сипаттан гөрі ақпараттық сипатқа ие.
Бұл қорды зейнетақы қызметтері нарығында көрнекті позициялайды (жұмыс
iстейтiн жүйе туралы мәлiметтiң дефицитi жағдайында - күштi жақ ретiнде
қаралады).
- Қор үнемi жаңартылатын WEB- сайтқа ие.

Әлсiз жақтары
- жарнамалық саясаттың толығынан жоқтығы және, сәйкесiнше, жарнамалық
қызметтің жоқтығы, қордың брэнд сияқты сөзсiз қабылдауын қалыптастырмады.
- Қор өзінің нарыққа қатысуын кеңейтуге бағытталған агрессивті саясатты
жүргізбеді, себебі жеке ЖЗҚтер қалыптасуы мен дамуы үшін қор-матрица
Үкіметпен қойылған мақсатты (бұл туралы жыл 2001-2003 жылдары және 2004-
2006 жылдары ГНПФ даму жоспарларында көрсетiлген) орындады.
- Қордың жұмысы негізінен салымшыларға қызмет көрсетуге бағытталғандықтан,
бөлiмшелердiң мамандарында iс жүзiнде салымшыларды тарту және ұстап
қалуының дағдылары жоқ.
- ГНПФ агенттiк желiсі ҚР бойынша едәуiр шашылғандығы агент-жеке
тұлғалардың даярлануын және қайта даярлауын жедел өткізуге мүмкіндік
бермейді, бұл з кезегінде агенттер арқылы көрсетілетін қызметтердің
сапасына әсер етеді.
Көп жылдық тәжiрибе жоғары білікті мамандардың командасымен бірге
зейнетақымен қамтамасыз ету саласында қызметтердің толық спектрін
қамтамасыз етеді. Бұл сапа жүйесi халықаралық талаптарға сәйкес келетiні
туралы куәландыратын сапа сертификатының ГНПФ АҚ-ға берілуімен расталады.
Өткен жылдың қорытындысы ГНПФ жеткiлiктi деңгейде тиiмдi және сенімді
жұмыс iстейтінін көрсеттi. Ол орындалмайтын биiктiктерге талпынбайды,
олардан шапшаң төмен құламайды. Ол өз салымшыларына сенiмдi және тұрақты
нәтижені қамтамасыз етуге ұмтыладыi. ГНПФ жоғары рейтингті және сенiмдi
бағалы қағаздарына инвестициялардың балансталған портфельді иеленеді. Бұл
санмен бейнелегенде осылай болады: жүз миллиард теңге – ГНПФ зейнетақы
активтерi, олардың iшiнен 46 миллиард теңгесі - салымшылардың инвестициялық
табысы. ГНПФ зейнетақы активтерi бойынша нарықта екiншi орын алады. Бiрақ,
бұған қарамастан, ГНПФте өз алдына монополист болу мақсатын қоймады. Егер
артқа қараса, шындығында да зейнетақы реформасының басында ГНПФ-тен басқа,
қандай болмасын басқа қор болмады. 1998 жылының қаңтарында салымшылардың
жарналарының жүз пайызы ГНПФ-ке есептелінді. Бiрақ бүгiн ГНПФ басқалары
сияқты бұл нарықтың сондай қатысушысы. Осыған қоса, алғашында мемлекет ГНПФ-
тiң алдына жинақтағыш зейнетақы жүйесiнiң табысты қалыптасуын қамтамасыз
ету, соның ішінде жеке зейнетақы қорлардың қалыптасуы және бәсекелестік
ортаны қолдау бойынша міндетті қойды. ГНПФ жақында жекешелендiрілетіні
туралы әлдақашан сөз қылады. Бұл мемлекеттiк қорға сенген қарапайым
қазақстандықтарға әсер етпейді ме? Бiрiншiден, мемлекеттiк қордың
құрылтайшысы және акционері ретінде үкiмет ешқандай да шешiм қабылдамады.
Екiншiден, тiптi мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл қордың қаржы
орнықтылығына және сенiмдi жұмысына ешқандай әсер етпейді. Мысалы, сiз мiне
бiлесiз, қандай да бір мемлекеттiк емес қордағы меншiк иелерi қанша рет
алмасты? Ең дұрысы, жоқ, білмейсіз. Нелiктен? Өйткенi меншiк иелерi
ауысқанымен қорлардың қызметiнiң мәнi өзгермейді. Қорлар жұмыс iстейдi.
Салымшылардың зейнетақы жинақтары сақталынып сенiмдi және мемлекетпен
рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестицияланады. сондықтан
жекешелендiруден қорқудын қажет жоқ. Осы жылдың 15 қарашасында болған
қаржыгерлердің IV Конгрессiнде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
бiздiң зейнетақы жинақтау жүйесi әлемде мойындалғаны туралы ерекше айтып
кеттті, оның тәжiрибесiн көп елдердiң өкiлдерi үлгі қылуда. Мен мұны біз
үшін мақтан тұтарлық деп санаймын. Бірақ елде жинақтау зейнетақы жүйесін
енгізгеннен бастап жеті жылдық мерзімнен кейін қазақстандықтар оның олардың
игілігіне бағытталғанын сезген жоқ. Мен мұны, Республикада барлық зейнетақы
жүйесiнiң ары қарай дамуы бойынша ең маңызды міндеттердің бiрi деп
санаймын.

01.02.2005 жылдағы қор қызметiнiң нәтижелерi.

2005 жылдың қаңтарына жарналардың түсуiнiң көлемдерiнiң тұрақты өсуi
байқалды: берілген көрсеткiштiң өсімі 933 539 мың теңгенi құрады.
Бұл Қазақстан Республикасының тұрғындарының барлық жiктерi және
өңірлері үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол жетімділігі мен сапасын
қамтамасыз етуi бойынша Қормен жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында мүмкiн
болды. Зейнетақы жинақтау жүйесінің барлық салымшыларыныңқатысушыларының
34,78 % шамасында ГНПФ салымшылары болып табылады және оған өзінің
зейнетақы жинақтарын, қалыптастыруды, оларды инвестициялық табысты алу
мақсатында басқаруды сеніп тапсырады. Қаралып жатқан кезең үшін ЖЗҚ ГНПФ
АҚтың салымшылардың санының өсуi 9 160 адамды құрады. (3-шi сурет)

3-шi сурет - ГНПФ-тердiң салымшылар санының өсуi

2005 жылдың қаңтары үшін НПС зейнетақы активтерiнiң жиынтық мөлшері 11
346, 62 миллионда өстi, олардың 21, 58 % ГНПФ үлесіне тиесілі (4-шi
сурет).

4-шi сурет - Нпс Па мөлшеріндегі ГНПФ үлесі

Берілген мерзім үшін қордың зейнетақы активтерiнiң өсуi (5-шi сурет) 1
216 635 мың теңгенi құрады (5-шi сурет)

5-шi сурет - зейнетақы активтерiнiң өсуi

01.02.2005 жылдағы әр түрлi зейнетақы қорлардан ГНПФ-ке 10 783 мың
теңге көлемiнде зейнетақы жинақтарының аудармалары түстi (6-шы сурет).

6-шы сурет – зейнетақы аударымдарының түсуі

2004 жылдың қаңтардан желтоқсанына дейiнгі мерзiмде ЖЗҚ ГНПФ-тiң АҚтың
(шартты) зейнетақы бiрлiгiнiң өсімшесінің деңгейi 1, 62 құрады (7-шi
сурет).

7-ші сурет – ГНПФ-тiң зейнетақы бiрлiгiнiң өсуi
Инвестициялық қызмет.
Қызметінің басталу мерзімінен бастап табыстылықтың орташа жылдық
көрсеткіші 47 миллиард теңгеден астам болды.
Қаржы нарығында пайда болған жағдайды ескере отырып, теңге бағамының АҚШ
долларына және басқа негізгі әлемдік валюталарға қарағанда күшеюін қоса,
ГНПФ-пен, ұлттық валютадағы инвестицияларға алмастыруымен бірге, шетел
валютасында деноминирленген құнды қағаздардағы үлесі кемітілді. 8-шi
суретте теңгелік қаржы құралдарына инвесттелген зейнетақы активтерiнiң
мүлесікті салмағы инвесттелген зейнетақы активтерiнiң жалпы көлемінің 66,
94% құрады. Соның iшiнде, - % зейнетақы активтерi ти 50iрек-шi ең аз
қатерлi қаржы құралдарымен болып табылған ҚРдың мемлекеттiк бағалы
қағазында инвистициалаған.

8-і сурет ГНПФ инвестициялық портфелі
ЖЗҚ ГНПФ АҚ оны ең ірі қор ететін зейнетақы активтерi нарығының төрттен бір
бөлігін алып жатыр. (9-шы сурет

9-шы сурет - ГНПФ-тің ПС-тегі үлесі

Осы кезеңде ГНПФ өз қызметiн жарықтандыру мәселелерінің аясында
мемлекеттік емес қорлармен бірдей құқықтарға ие. Салымшылармен белсендi
жұмыс бағдарламасы жасалуда. Соның iшiнде, қате шоттарды және үнсіздік
шоттарын ликвидациялау бойынша (10-шi сурет).

10-шi сурет - қате шоттарды ликвидациялау динамикасы.

Негiзiнен, салымшылардың зейнетақы жинақтарын инфляциялық үрдістерден
сақтауға мүмкіндік беретін зейнетақы үлестерiн жинақтауға және
инвестициялық табысты алуға бағытталған инвестициялық стратегияны жүргізіп
жатыр. Инвестициялардың портфелiн тиiмдi басқару ГНПФ-ке тәуекелдердi
салыстырмалы төмендетуді және барлық алдыңғы жылдардың барысында
кірістіліктің тиiстi деңгейiн алуды қамтамасыз еттi.

Сапа саласындағы саясат

Қор миссиясы - ҚР-дың барлық тұрғындарының жiктерi және өңірлері үшін
зейнетақы қызметтерiнiң көрсетілуінің қол жетімділігін және сапасын
сапасының қамтамасыз ету, сақтап қалу және салымшылардың жеке зейнетақы
шоттарындағы зейнетақы жинақтарының өсу мүдделеріне қарай активтерді тиiмдi
инвестициялық басқару.
Қор зейнетақы қызметтерiнiң түрлерін кеңейту және сапаның жоғарылату үшін
жұмыс істейді, сапа саласындағы қойылған мақсаттарды талдайды, оларға
жетуге, талаптарға сәйкес болуға және сапа менеджменті жүйесінің
нәтижелілігін үздіксіз жақсаруына ұмыталады.

Сонымен, ЖЗҚ ГНПФ АҚ негiзгi жақсы қасиеттерін атап көрсетейік:
• Жинақтаушы зейнетақы қорылардың арасында көшбасшы.
• Облыстық орталықтарда, Жезқазған және Семей қалаларында орналасқан болып
16 өкiлдiкті, Астана және Алматы қалаларында 2 филиалды және қала және
"Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық" атты Республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның филиалдары мен бөлiмшелерiндегi дамыған
агенттiк желiнi иеленеді. Бұл Қазақстанның кез келген нүктесiнде қол
жетімділікті қамтамасыз етеді.

- 2 357 мың салымшы немесе зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жалпы санынан
36, 21% "ГНПФ" АҚ клиенттерi болып табылады.

- "ГНПФ" АҚ-да зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 95 миллиард теңгеден
астам.

- "ГНПФ" АҚ есептелген инвестициялық табыстың көлемдерi бойынша ЖЗҚ
арасында сөзсiз жетекшi болып табылады.

- Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық орналастырылуы бойынша ойлап-
пiшiлген саясат, инвестициялар тәуекелдерiн төмендетуге және өз
салымшыларының зейнетақы жинақтарының сақталушылығын қамтамасыз етуге
бағытталған.

- Зейнетақы активтерiн тәуекелділігі ең төмен қаржы құралдарына
инвестицияландыру.
- "ГНПФ" АҚ мамандары Жедел желі телефондары бойынша білікті кеңестерді
ұсынады;

- Анықтамаларды құрастырудағы көмек - қате шоттардан сенiмдi шоттарға
мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын бiрiктiру үшiн растаулар;

- Жеке зейнетақы шотының күйi туралы салымшыларды жыл сайын
ақпараттандыру;

- Сұрау салуы бойынша тiкелей үндеу арқылы немесе үй мекенжайына салымшының
жеке зейнетақы шотының күйi туралы мәлiметтiң берілуi;

- ЖӘК беру мәселесі бойынша түсiндірмелер.

- Меншiктi және құрастырылған резервтік капиталдың ең үлкен өлшемі - биiк
сенiмдiлiктi, қаржы тұрақтылығын және қордың төлеу қабылтiн қамтамасыз
етедi;

- Республика бойынша филиалдардың және өкiлдiктердің кең желісі;

- Биiк техникамен жарақтандырылу;

- Қызметкерлердiң қызмет көрсету сапасы және кәсібилігі;

- Қор қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандырудың сұрақтары бойынша
білікті кеңес берулері.

Ұйымдық құрылым

ГНПФ ұйымның стандартты құрылымын иеленеді. 11 суретте көрінетіндей
атқарушы орган – бас директор тiкелей бағынатын жоғарғы орган директорлар
Кеңесi болып табылады. Бас директорға, өз кезегiнде, оларға сеніп
тапсырылған бөлiмдердің басқарылуын жүзеге асыратын 6 орынбасар бағынады.
Бас директорға тікелей бағынатын жалғыз бөлiм - iшкi аудит бөлiмi.
Филиалдарды басқаруды орынбасарлардың бiреуі жүзеге асырады.

Құрылтайшы: Қазақстан Республикасының үкiметi.
Уәкiлеттi орган: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi.
Директорлар Кеңесi: Айманбетова Гүлбану Зарлықовна - Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары, төраға;
Рахметов Нұрлан Құсайынович - Қазақстан Республикасының қаржы вице-
министрi;
Шалғымбаева Нұртай Тұяқовна - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң
бухгалтерлiк есеп департаментiнiң директоры;

Шалғымбаева Галина Николаевна - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң
қаржылық бақылау департаментi директорының орынбасары;

Құрманов Жанат Бостанович – Мемлекеттiк жинақтау зейнетақы қоры ЖАҚ бас
директоры.

Атқарушы орган: ГНПФ ЖАҚ бас директоры

2.3. Зейнетақы жүйесiн зерттеу

Қазақстанда алты жылдан көп зейнетақымен қамсыздандыруды жинақтау
жүйесi жұмыс iстейдi. Басқа реформаларда сияқты оның жаулары да,
жақтаушылары да көп. Дегенмен осы үш жылда үлкен жол өтілгенін ешкім жоққа
шығара алмайды, түбегейлi нәтижелерге қол жеткізілді, бірақ шешілмеген
мәселелер де азайған жоқ. Сондықтан “КОМКОН-2 Евразия” тәуелсiз зерттеушi
компаниясымен Қазақстан Республикасында зейнетақыны реформалау бойынша
зерттеу жүргiзiлдi. Сұрау барысында 21 елдi мекеннің 1000 респондентiнен
интервью алынды. Осы мың адамның төрттен үш бөлігі
зейнетақы қорлардың салымшылары болып табылады.
Қысқаша мәлiмет. Бүгiнгi күнде зейнетақы қызметтерiнiң нарығы бiр
Мемлекеттiк және 13 мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен
ұсынылған. Республиканың жұмыспен қамтылған тұрғындарының 63, 7% немесе
экономикалық белсендi тұрғындарының 57, 9% құрайтын 4, 4 миллион адам
жинақтау зейнетақы жүйесiнiң қатысушылары болды.
Жинақтағыш зейнетақы жүйесiнiң жұмыс істеуінен бастап зейнетақы
жинақтарының көлемi 505 миллиард теңге көлемiнде қалыптасты.
13 мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан салымшылардың 31%
астамы Қазақстан халықтық банкi қорына және 35% бiрiккен ГНПФ-ке тиесілі.
ГНПФ-тiң зейнетақы жинақтарының үлесі - зейнетақы жинақтарының барлық
сомасының 33% (12-шi сурет) (2004 жылдың 1 желтоқсанындағы күйi бойынша
ЖЗҚтың қызметiн реттеу комитетінің мәліметтері бойынша).

12-шi сурет - салымшылар бойынша ЖЗҚ үлесі

Кесте - зейнетақы қорларының рейтингі
ГНПФ 16,8%
НПФ
Народного Банка 14%

Народный НПФ 10,9%
Надежность

ГНПФ 21,9%
НПФ НБ
14,6%
Размер

Народный НПФ 11,8%

НПФ НБ 18,5%
ГНПФ
16,9%

Народный НПФ12,2%
Известность

НПФ НБ 8,4%
ГНПФ 7%

Открытость

Народный НПФ 7%

НПФ НБ 15,7% ГНПФ 14,2%

Популярность
Народный НПФ11,1%

НПФ НБ 16,7%
НПФ Валют-
Транзит 15,4%

Затраты на
рекламу
Народный НПФ 13,6%

Зерттеудiң нәтижесiнде сенiмдiлiк сияқты параметр бойынша тұрғындар
қандай да бір қазiргі ЖЗҚ-ті анық жетекшi ретiнде. Бiрiншi позицияны
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры иеленеді - 16, 8%; содан кейін
Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-тері - 14% және Халық зейнетақы қоры - 10, 9%
жүредi. Респонденттердiң пiкiрiнше ең үлкен қор ГНПФ - 21, 9% ; екіншісі -
Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-тері - 14, 6%, үшiншi болып Халық зейнетақы
қоры аталды – дауыстардың 11, 8%.
Қоғамдық пiкiрi бойынша ең жарнамаланатын қор Қазақстан Халық Банкінің
ЖЗҚ-тері (16, 7%) болды, баспада, радиода және телевизияда жарнамасының
шығу саны бойынша екінші “Валют-Транзит Қор” ЖЗҚ (15, 4%) болды. Үшiншi
орында - Халық зейнетақы қоры (13, 6%).
Ең атақты Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-тері болды - 18, 5%. Екiншi
орында - ГНПФ - дауыстардың 16, 9%, содан соң Халық зейнетақы қоры - 12,
2%. (кесте )
Ең ашық, мөлдiр қор туралы сұрақтарға респонденттердiң жартысы (50% )
жауап беруге қиналды. Бұл тұрғындардың зейнетақы қорларының қызмет туралы
жеткiлiктi ақпарат мөлшеріне ие еместігі туралы куәландырады.
Респонденттердiң қалған бөлiгiнің пiкiрлерi төмендегiше бөлiндi:
сұралғандардың 8, 4% ең ашық қор деп Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ-терін
атады. Шамамен дауыстардың 7 %-нан ГНПФ және Халық зейнетақы қоры алды. 4,
6% Ұлар Үміт ЖЗҚ атап өттi.
Респонденттердің зейнетақы қорларының өздеріне сенімге қатысты
салымшылардың 53, 8% өз зейнетақы жинақтарын алу мүмкiндiгіне күмән
келтiрдi және тек 19, 9% зейнетақы жасына келгенде өз салымдарын алуларына
сенедi
Сонымен, ең әйгiлi қоры категориясы бойынша орындар келесдей бөлінді:
Қазақстан халықтық бангiн ЖЗҚ - 15, 7%, ГНПФ - 14, 2% және Халық зейнетақы
қоры - 11, 1%. (кесте 1 )
Бiздi таңдаймыз, бiздердi таңдайды.
Зерттеу көрсеткендей, мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi зейнетақы
қорларын өз бетінше жиiрек таңдайды. Сонымен бірге, оларда төрт жағдайдың
үшеуінде, басқаша айтқанда салымшылардың жалпы санының 76% зейнетақы қорын
таңдауды жұмыс берушi iске. Жұмыс берушiнiң таңдауы 77, 8% ұнайды. Онныі
бір бөлігі ғана бұл таңдауға наразы, ал 13% жауап беруге қиналды. Жұмыс
берушінің таңдауына қанағаттанбайтындардан (10%) олардың наразылық
себептерін атауды сұрады. Олардың санынан шамамен үштен бiрі барлық ЖЗҚ-
терге және зейнетақы реформасына сенбейдi, өйткенi, олар зейнетақы жас
шамасына жеткенде табысы бойынша өз үлестерiн алуына тiптi сендiмсіз. 18,
5% қандай болмасын құжаттардың немесе берілген зейнетақы қордың есепке алу
кiтапшасының жоқтығы себебімен оларға жұмыс берушiнiң таңдауы ұнамағанын
жауап бердi. 16, 7% бөтен араласусыз ЖЗҚiнiң таңдауын өз бетімен iске
асырғысы келер едi. 11, 1% қорларының пайдалылығы деңгейiнiң төмен туралы
айтады.
Мәлiметтердiң келесi талдауы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң
көпшiлiгi (77, 8%) жұмыс берушiлермен мүмкiн дау қорқынышы үшін негiзiнен
келiсiмпаз позицияларын ұстанатындығы туралы куәландырады. Өзгеше жағдайда
таңдауға наразы болғандардың пайызы айтарлықтай өсер едi.
Зейнетақы қорларын өз бетінше таңдағандардың арасында (салымшылардың
жалпы санының 23%), 52, 6% тап сол қорды оған сенім білдіргеннен таңдады.
18, 1% достары мен жақындары кеңесi бойынша өз ЖЗҚтерiн таңдады.
Респонденттердің достары мен жақындары берілген қорда тұратындығы
салымшылардың 13, 4% ықпал етеді. Мамандардың ұсыныстарына 11, 1% ықылас
көрсетедi; БАҚ-тағы жарнамаға және жарияланымдарына сәйкесiнше 7% және 5%
жауап береді.
Дербес салымшылардың 12, 8% жұмыс орынын ауыстырған кезде, ал 5, 3%
кез келген жағдайда өз зейнетақы қорларын ауыстырғысы келетіні
қызығушылықты тудырады.

Салымшыларды зейнетақы қорлардың жұмысында не қанағаттандырмайтыны
туралы сұраққа келесi жауаптар алынған:
ЖЗҚ жұмысы және жалпы зейнетақы реформасы туралы мәлiметтiң
жеткiлiксiздiгі немесе жоқтығы - 38, 5%.
Зейнетақы салымдарының сақтаулығына сенiмнiң жоқтығы - 34, 4%.
Уақытылы емес төлемдер және қызмет көрсетудiң төмен деңгейі - 16, 1%.
Жоғары емес кірістілік - 14, 4%.
Басқа қорлардан зейнетақы жинақтарын аудару мәселелерi - 5, 5%.
Сұрау көрсеткендей, салымшылардың 85, 5% ҚР-дың заңнамасына сәйкес
зейнетақы жинақтарының сақтаулылығы және оларды алу кепiлдiктерi туралы
барлығын бiлгiсi келедi. Респонденттердің 64, 8% зейнетақы қорының
табыстылығы туралы мәлiмет әрбiр салымшыға қол жетімді болу үшiн дауыс
бердi. Салымшылардың жалпы санының 40% Пф басшылық құрамына кімнің
кiретiнiн, қандай компаниялар олардың зейнетақы қорларының акционерлерiмен
болып табылатынын және қаржы шеңберлерiнде кімнің Пф стратегиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарттарын қамтамасыз ету бағдарламалары
ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
Жинақтаушы зейнетақы жиналымының зейнетақымен қамтамасыз етуі
Басқарудағы персонал еңбегі туралы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Пәндер