Роман кейіпкерінің жаны жамандық көріп, жапа шеккендерге деген мейірімге толы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ
Т. ӘБДІКТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚАЛАМГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ . . . 8
ІІ ТАРАУ
«ПАРАСАТ МАЙДАНЫНДАҒЫ» КӨРКЕМДІК ӨРНЕКТЕР . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен бірге әдеби-мәдени мұраларға да көп көңіл бөліне бастады. Руханият әлемінде де алуан ізденістер, соны серпілістер айқын аңғарылады. Қазақ әдебиеті, оның тарихы мен бел-белестер туралы да осыны айтуға болады. Өткен ғасырдың екінші ширегінен кейін руханият ісінде, әсіресе, әдебиет әлемінің көкжиегінде жаңа ізденістер, жаңа есімдер көптеп көріне бастады. Қазақ әдебиеті барлық жанрлар бойынша жан-жақты дамыды. Соны тақырыптарға бет бұрылды. Жаңа есімдердің еңбектері, соны туындылар қалың оқырманға кеңінен таныс болды. Осындай соны ізденіс, тың жетістіктер қатарында Т. Әбдік шығармаларын да атауға болады. Алпысыншы жылдардың жартысы мен жетпісінші жылдардың бас кезінде прозадағы лирико-психологиялық тенденция тереңдей түсті де, енді оған қоса философиялық ойға құрылған интеллектуалды мотивтегі әңгіме, повестер туа бастады. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне, өз қиялына, психологиясына терең бойлап, жан сырына, нәзік сезіміне үңілген шығармалар көбейе түсті. Бұл тұрғыда қазақ философиялық прозасы мен психологиялық прозасы өзара тығыз байланысты дамығанын атап өткен жөн.
Даму қашанда дәстүрге табан тірейтіндігін ескерсек, бұндай үрдістің қалыптасуын дәл осы жылдардың ғана жемісі дей алмаймыз. Бұл жылдардағы әдебиетке дейін де қазақ әдебиетінде психологиялық талдаудың негізі қалыптасқан болатын. Психологиялық талдаудың тамаша үлгілеріне мысалды М. Әуезовтің туындыларынан келтіруге болады. Көркем прозадағы ізденістер мен жетістіктер жайлы көрнекті әдебиеттанушы ғалымдар және әдебиет сыншылары уақытында ой-пікірлерін білдіріп отырды. Ә. Қоңыратбаев [1], М. Базарбаев[2], З. Ахметов [3], Ш. Елеукенов [4], С. Қирабаев [5], З. Серікқалиев[6], Ж. Дәдебаев[7], Б. Майтанов[8], А. Исмақова[9], т. б көптеген еңбектерді атауға болады. Ә. Қоңыратбаев М. Әуезов прозасындағы психологизмге терең талдау жасай отырып, қаламгердің суреткерлік шеберлігін таныта түседі [1] .
Қазақ әдебиетінің тарихында ХХ ғасырдың 60-70 жылдарының алатын орны ерекше. Дәл осы кезеңде әдеби процеске серпінді күш, жаңа толқын келіп араласты. Санада сілкініс, серпіліс пайда болды. Бұл тұста әдебиетке араласқан Ә. Кекілбаев, Қ. Жұмаділов, М. Мағауин, Д. Исабеков, О. Бөкеев, Т. Әбдік сол кездегі тоталитарлық жүйенің басты қағидаларын мүлтіксіз орындауға бейілді болған жоқ. Олар шындықты өз шығармалараында тұспалдап жеткізіп, астарлап айта білді. Көркем прозада белең алған терең психологизмнің негізгі себебі осы болды. Жалпы осы кезеңдегі көркем прозпның дамуы жайлы бірсыпыра зерттеу еңбектері жазылды. Олардың қатарында Ә. Әзиевтің [10], Т. Бекриязовтың [11], Ж. Жарылғаповтың [12], С. Асылбековтың [13], О. Көзбековтың [14], Е. Уәлихановтың [15], Қ. Хамзинаның [16] еңбектерін атауға болады. бұл еңбектердің барлығында да терең психологиялық талдаулардың кейіпкер характерін, оның қоғамға қарым-қатынасын көрсетудегі қаламгерлер шеберлігі жан-жақты сөз болды.
Зерттеуші ғалымдар қарапайым, шектеулі түрдегі бейнеленген адамның көңіл-күйлерінен тұратын психологизмнің алғашқы көріністерін сонау «Күлтегін» жырларында да кездесетіндігін айтқан [17, 4]
Ал әлем әдебиетіне көз тіксек, ғалымдар Бокаччоның
Декамеронынан да психологизмнің іздерін байқаған [18, 7] . Орыс
әдебиетінде алғаш рет Чернышевский Толстой шығармаларын
талдау үстінде «психологиялық талдау» деген терминді қолданған екен [19, 73] .
Қазақ әдебиетіндегі психологизм Б. Майлин, С. Сейфуллин т. б. жазушылардың шығармаларында көрініс тауып, Ж. Аймауытов, М. Әуезов прозаларына жалғасып, дами түсті.
1960-90 жылдарда адамдардың рухани және материалдық өміріндегі күрделі, прогрестік өзгерістер және сондай өзгерістерге байланысты туған адамдардың интеллектуальдық талап-тілектері қазақ әдебиеті алдында үлкен міндеттер туғызды. Дәлірек айтқанда, дүниедегі өзгерістер қазақ әдебиетінен адамның ішкі дүние арманын, дүниетанымын, қоғамдық өмірдегі рөлін бейнелейтін анағұрлым жетілген көркем тәсілдерді табуды талап етті. Осыған байланысты бұл жылдарда психологиялық, лирикалық, философиялық прозаның шеңбері кеңейе түсті.
Бұл жылдарда Ә. Кекілбаев, О. Бөкеев, Д. Исабеков, тағы басқа көптеген жазушылардың қай-қайсысы да қазақ классиктерінің дәстүрін жалғастырушылар ретінде жақсылық пен жамандықтың ымырасыз күресін зерттеді. Осы жазушылардың қатарында философиялық ойға құрылған повестер мен әңгімелерімен танылған жазушы - Төлен Әбдік. Аты аталған жазушылар мен Төлен Әбдіковтің жазу мәнерлері әртүрлі болғанымен, күрделі мәселелерді әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық-философиялық деңгейге көтере отырып шешуде ортақ үндестіктері де жоқ емес.
Аталған жазушылардың қай-қайсысының да шығармалары ең алдымен, өзінің ешкімге де ұқсамайтын кейіпкерлерімен, олардың терең психологиялық әлемімен, өзіндік дүниетанымымен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі әдебиет адамның сан қилы әрекеттерін олардың дүниетанымы мен ішкі психологиялық әлемі арқылы шынайы суреттеуге тырысты. Адам бойындағы тылсым арпалыстар, адам психикасындағы ұшы-қиырсыз ғажайыптар, адамгершілік, адалдық сияқты қасиеттер мен пендешілік, арамзалық сияқты алпауыт күштер майданы - қазақ әдебиетінің негізгі сарынына айналды.
Осындай күрделі ойларға құрылған, сюжеттің сыртқы дамуымен ғана емес, жеке адамның ішкі дүниесіндегі шиеленістерді суреттеген жазушылардың қатарында Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Төлен Әбдіковты атай аламыз. Аталған суреткерлердің шығармашылығы бүгінге дейін зерттеліп, өз бағасын алып та жатыр. Алайда негізгі, басым сарын - философиялық сарынды жеке алып зерттеу дәуір әдебиетін неғұрлым тереңірек зерттеуге, жаңаша қырынан келуге мүмкіндік береді.
Жазушы Төлен Әбдіковтың шығармашылығы туралы Қ. Құрманғалиев: «Әбдіковтің әдебиеттегі қолтаңбасының ерекше екендігін өзінің жазу мәнері, сөз қолданысы, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын сомдауы, оқшау образдар жасауы, тосын тұлғалар табуы тайға таңба басқандай дәлелдеп-ақ тұр. Төленнің кез-келген шығармасының кейіпкерлері сөз саптасынан бастап дүниетанымына дейін ерекшеленіп тұруымен дараланады», - деп жазды [20, 2] . Сонымен бірге Т. Әбдіковтің «әдеби туындылары алғашқы жарияланған әңгімесінен соңғы жазған романына дейін жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, айтыс-талас тудырып, әйтеуір жайбарақат қалдырған жері жоқ" екендігі де рас [19, 224] . Жазушының қаламынан шыққан (қазірше) соңғы туынды «Парасат майданы» повесі. Бұл повесть те баспасөз беттерінде де өз бағасын алды [21, 3] .
Мұның барлығы жазушының қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше орны бар жазушы екендігін дәлелдейтін болса, Т. Әбдіков шығармаларын негізге ала отырып, қазақ интеллектуалдық, философиялық, психологиялық прозасының даму деңгейін екшеуге болады деп ойлаймыз.
Біз бұл жұмысымызда жазушы Т. Әбдіков шығармашылығындағы кейіпкерлердің дүниетанымы мен оны оқырманға ұсынудағы суреткерлік шеберлік, философиялық сарын мәселелрін қарастыру, аталған бағытта талдау басты нысанға алынды.
1960 - 90 жылдар прозасы ерекше назар аударуға негіз бола алатын күрделі проза. Осы жылдар әдебиетінің өкілі Т. Әбдік шығармашылығындағы философиялық ой мен сарын, оларды жеке тұлғалар арқылы жеткізу жолдарын саралап, екшеу әдебиетіміздің күрделі дәуіріндегі тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. Біз бұл жұмысымызда Т. Әбдік прозасын негізгі нысанға ала отырып, жазушының әр жылдары жазылған көркем туындыларына және «Парасат майданы» повесін қарастыруға арнадық. Повесте ұтымды, ойлы тұстар мол. Мысалдар келтірсек: «Менің өмірімде үлкен өзгеріс болған секілді. Не өзгеріс екенін өзім де анық білмеймін. Бәлкім, Ол баяғыда болып, Оны өзім тек қазір ғана байқап отырған шығармын. Бәрі де мүмкін . . . білетінім - жүйкем біршама тозған. Сол себепті бұрынғыдай емес, ойлаған ойларымды тез ұмытамын. Мәселен, күнделігімде 3 наурыз күнгі жазбаларым бар да, 4, 5, 6 наурыз мүлде жоқ, одан кейін 7 наурыздан бастап, жазбаларым әрі қарай жалғасады. Ал, жазылмаған күндерде не істедім, қайда болдым - есімде жоқ. Адамның жадынан өшіп қалатын сәттердің болатынын бұрын да естігенмін. Бірақ, ол неге байланысты - ол жағы маған беймәлім»[22, 5] . Осы үзіндіден туындының көтерер жүгі анық аңғарылып тұр. Сол жазылмаған күндерде шынымен күнделік иесі қайда болды деген сауал оқырманды да мазасыздандырады. Ары қарай оқиға қалай өрбиді, кейіпкер қандай күйді басынан кешіреді - осы сұрақтарға жауап іздеген адам шығарманы берілде оқиды. Яғни оқиға қызықтырады. Демек, повесть оқылады. Ойлы да әсерлі. Жанрға жауап береді. Көркемдік нәрі де мол.
Бітіру жұмысы кіріспе мен қорытындыдан өзге екі тараудан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмысты жазу барысында белгілі әдебиеттанушылардың пікір-тұжырымдары, салмақты ғылыми еңбектер басшылыққа алынып, жазушы Т. Әбдік шығармашылығына тән қаламгерлік ерекшелік сараланды.
І ТАРАУ
Т. ӘБДІКТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚАЛАМГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ
Белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік және Ф. Кафка атындағы сыйлықтың, Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының, Еуропалық алтын медальдың иегері Төлен Әбдік 1942 жылы бұрынғы Торғай облысына қарасты Жанкелдин ауданында дүниеге келген. 1965 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастады. 1970-77 жылдар аралығында «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. Сондай-ақ 1977 жылдан 1979 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болады. 1979 жылдан 1990 жылдарға дейін Орталық Комитетте жауапты қызметте болады. 1990-92 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі.
Төлен Әбдік әдебиет әлеміне 1964 жылы жарияланған «Райхан» атты әңгімесімен келді. Алғашқы туындысымен-ақ әдебиет сүйер қауымды елең еткізген жазушы қаламынан әр жылдары «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме-повестер жинақтары, «Өлара» (1985) романы жарық көрді. Соңғы жылдары жазылған «Парасат майданы» повесі - жазушының қаламгерлік қырын барынша танытқан туынды болды. Т. Әбдіктің көптеген шығармалары орыс және шет тілдеріне аударылған. «Біз үшеу едік» (1985) пьесасы Республикалық театр сахналарында жиі қойылды. Ол грек аңыздарын қазақ тіліне аударып, «Эллада ертегілері» (1977) деген атпен жариялады.
Қаламгер шығармашылығына негізінен адам мен қоғам қарым-қатынасы өзек болған.
Төлен Әбдік шығармашылығының ерекшеленетін тұсы адам бойындағы тек қоғам тудырған қайшылықтар ғана емес, адамның ішкі өзімен - өзі қайшыласқан тұстарын ұсына білуі. Адам бойындағы түрлі қасиеттер - адамгершілік, ізгілік, борыш сияқты сезімдер мен зұлымдық, азғындық сияқты алапат күштердің бітіспес майданы - Т. Әбдіков шығармашылығының негізгі тірегіне айналған. Т. Әбдіков өзінің адам тұлғасы туралы пікірін, түсінігін, көзқарасын өзі сомдаған тұлғалар арқылы көрсете білді. Идея мен шеберлік туралы айтқан тұста ерекше әңгіме болар тақырып - «Тозақ оттары жымыңдайды» атты повесть болса керек.
Кез келген көркем шығармада басты идея және жанама бірнеше идеялар болуы мүмкін екендігі белгілі. Дәл осы повесть туралы сөз болғанда - алдымен ұлт тағдыры тұрса, соңын ала бүкіл адамзат проблемасы бой көтереді. Повестің бас кейіпкері - «медицинадағы феномен" деген бейресми атақ алған Эдуард Бейкер. Автордың идеясын жеткізу жолындағы көркем ойының кемелдігі мен жазушылық шеберлігін дәлелдеу қажеттілігі туған жағдайда осы Эдуард Бейкердің образына тоқталсақ, ол өте күрделі, әрі символдық бейне. Бейкердің басынан өткен түрлі оқиғалар мен оның ұлтының, шыққан тегінің, яғни Бразилия орманын мекендеген араку тайпасының тағдыры сонау шалғайда өткен оқиғалар болғанымен, шығарманы оқып отырып өзіңе таныс оқиғалар көзге еріксіз елестейді. Бұл туралы жазушы Ә. Кекілбаев: «Нақты адам тағдыры, нақты кісілік мінез-құлық арқылы ашылған бұндай шындық сырт көзге мұхиттың ар жағында болып жатқан сияқты қылып бейнеленгенімен, өзіңнің күнде көріп, күнде сезіп жүргендеріңді еріксіз есіңе түсіретіндей қылып шебер шешімделген дүниелер еді» [21, 3] - деп жазады.
Шындығында да сонау Бразилия орманында табиғилығын жоймаған пәк сәбидей тып-тыныш жатқан аз ғана араку тайпасының құрып кетуі, ал сол тайпадан шыққан әлем көз тіккен дәрігер - Бейкердің өз тайпасының соңғы адамын құтқара алмауы - бәрі де тоталитарлық жүйе астында иленіп бара жатқан ұлтымыздың астарлы бейнесі еді. Бұлайша астармен жазуы - автордың көркемдік шешімі десек, бұл шешім сол замандағы «саяси қырағы көздерге» шаужайына жармаса алмастай етіп, шебер табылған тәсіл еді.
Кейіпкердің ішкі жан дүниесін білгенін білгендей, сезгенін сезгендей етіп көрсетіп, оқырман мен кейіпкерді біртұтас етіп біріктіріп жіберетін тәсілдердің турлері Т. Әбдіковтің барлық шығармаларында дерлік көп кездеседі. Олардың көбі сананың түпкі қатпарларында қалған кейіпкер ойларын келтіру болса, кей тұстарда түс көру, ертегі айту т. б. тәсілдер де кездеседі.
«Тозақ оттары жымыңдайды» повесіндегі доктор Бейкердің тұлғасын тану мақсатында, оқиғалардың желісіне көз тігіп көрейік. Италиядан келген журналист Ливино Палителлимен болған сұхбаттан кейін, әлемді аузына қаратқан доктордың жан дүниесінде үлкен қопарылыс болады. Шығармадағы Бейкер тағдыры айқын шекарасы бар екі кезеңге бөлінген. «Цивилизация әлемінің Нью-Иорктегі 100 қабат үйлер мен жарқылдаған жасау бұйымдардың, өлшеусіз салтанат пен дабыра қошеметтің, әлемге әйгілі болған даңқ пен ғылыми табыстардың, талантына бас ұрған сансыз тобырдың аь ұрған даурықпасының, тағы сол сияқты өмірдің ойлануға мұрша бермеген әртүрлі алданыштар-ының астында әлдеқашан ұмыт болып өлдіге саналған бір тіршілік әлдеқалай жан бітіп қыбыр еткендей» [23, 374] болады. Сонау Бразилияның кең орманында дүниеге келген Киякудің әкесі үндістердің, араку тайпасының үлкен бақсысы болады. Ақ адамдардың, мәдениетті адамдардың қысастығына ұшырап, олар атқан оқтан жайрап жатқан қиын сәтте аракудың жетінші бақсысы Чоро, апаттан аман қалған жалғыз ұлы Киякуді сегізінші бақсы етіп, оған өзінің бақсылық құпиясын ашады. Әкесінен дарыған осы қасиеттен де болар, тағдырдың айдауымен ақ адамдар арасынан, Америкадан бірақ шыққан Кияку, алдына барған аурудың бірде - бірі өлмеген аңыз адам - доктор Бейкерге айналады. Алайда Бейкер әкесі үйреткен құпияны 50 жыл өткен соң есіне де түсіре алмады.
Осылайша өз тайпасының соңғы адамын ажалдан арашалай алмады. «Бұл жәйт медицинаға тұтас бір дәуір әкелген данышпан доктор Эдуард Бейкердің дәрігерлік қызметіндегі жалғыз ғана сәтсіздік болып тарихта қалды". Осы повесть туралы зерттеуші, ғалым Б. Майтанов: «Жазушы жалғыз сәтсіздіктің түп-тамырынан зор әлеуметтік астар тапқан. Империализм "агрессия", "геноцид" деген сөз болмаса да, повестен бұл құбылыстардың зұлым сипатын, аяр ұсқынын ұғу қиын емес" - деп жазды [24, 25] .
Жоғарыда атап өткеніміздей кейіпкердің өмір сүрген әлемі айқын шекаралы үлкен екі кезеңге бөлінген. Бір-біріне ұқсамайтын екі кеңістік онда өмір сүрген кейіпкердің өмір сүру орны, алаңы ғана емес, сонымен қатар, оны қоршаған әлем, айнала дүние. Кеңістік кейіпкерді қоршаған сыртқы дүние ғана емес, сонымен қатар, оның өзі де белшесінен батып, армансыз кешіп жүрген өмірі. Өзі де ағып жүрген өмірдің адуын ағыны.
Өмір ағыны - қоршаған орта, айнала дүние, сырт әлем, қоғам, кеңістік. Сондықтан, кейіпкер жаны, кейіпкер өмірі сол қоршаған ортаға, айнала дүниеге, сырт әлемге, қоғамға, яғни кеңістік әуеніне, кеңістік келбетіне сай мың өзгеріп, мың түлеп отырары даусыз. Осы құбылыстар мен өзгерістердің ортасында жүрген кейіпкер оған әсер еткен әлдебір күштің немесе ойдың әсерінен бір сәтке қалт тұрып, өзіне өмір туралы сұрақ қойып, өз өмірінің мәнін ұққысы келеді. Алайда, кейіпкердің бұл халі оның өз ойларынан емес, автордың сюжет дамытуы арқылы көрінеді. Яғни, адам атты жан иесінің осынау әлемнен алатын орны, қалай дегенмен де, ол қаласын, қаламасын, әйтеуір, табиғи заңдылыққа құрылатындығы. Атақ та, даңқ та, сол заңдардан аттап өте алмайды деген ойда жеткізу үшін пайдаланылған көркемдік шешім.
Т. Әбдіктің бұл шығармасындағы кейіпкер жүрген ортасының тым тез бұрынғыға мүлде ұқсамайтын ортаға ауысуы арқылы ғана емес, сол ауыстыру арқылы айта алған және түйінделген түйінмен оқшауланады.
«Шығарманы өз кезеңінің тұрғысынан, өз кезеңінің ғана даму сатысынан бақылау-түсіндіру қиын, тіпті мүмкін емес. Шығарманың өз кезеңімен шектеліп қалу - оның болашағына да нұқсан келтіреді . . . Ұлы шығармалар өз кезеңінің құрсауын бұзып, ғасырларға тарайды, яғни үкен уақытта өмір сүреді. Олар кейде (ұлы шығармалар - әрқашан) өз кезеңінен тыс уақытта, болашақта неғұрлым толыққанды өмір сүреді», - [25, 350] деп М. Бахтин айтпақшы Т. Әбдік шығармаларын да бүгінгі уақыт тұрғысынан бағалау да маңызды дүниелердің бірі деп санаймыз. "Қазақ әдебиеті" газетінде осыдан біраз уақыт бұрын жарық көрген Қ. Құрманғалиевтің мақаласында: „Араку сынды аз тайпаның тағдырын жаза отырып, жазушының бір бүйірінде қазақ ұлтының тілінен, дінінен, ата салт-дәстүрінен айрылып бара жатқан қасіреті тұрғаны құдайға анық», - деп жазылды [20, 12] . Бұл пікір өтірік емес, өз дәуірімен өлшегенде жоғары берілген баға. Енді бүгінгі көзбен асықпай тағы бір көз жіберсеңіз Эдуард Бейкер оқырманға бір табан жақындай түседі. Бейкер бейнесі - бүгінгі қоғамның дамуына атсалысып, ғылым мен техниканың қарыштап дамуында руханиятты ойлауды ұмытып, бауыры да, бүйрегі де темірге айналған өз замандастарымызды көзге елестетеді. Осы повестегі аракулардың ең кәрі ақсақалы Янумака да осыны меңзеп «Тозақ оттары жымыңдайды" деп өркениеттің аузындағы ажал оттарын нұсқаған болатын. Бұл болмыстың терістеуді терістеу заңдылығы сияқты құбылыс. Дамудың шарықтау шегі құлдыраудың басы болатындығын мегзеген ащы шындық. Қоғамның, ғылым мен техниканың үздіксіз дамуы жақсы да, алайда солардың барлығы адамның табиғатын, болмысын өзгертіп, әуел бастағы табиғилықты жоятындығы, немесе азайтатындығы, рухани құндылықтарды құнсыздандыратыны рас.
Повестегі Янумака шалдың оларды тозақ оттары дейтіні де содан. Шығармадағы Янумака қарт сияқты жанама кейіпкерлердің әңгімесі арқылы идеяны жеткізу - шебер қолданылған әдістердің бірі. Мәселен, Янумака айтқан ертегілер, аңыздар, ол айтқан сөздер - барлығын повестегі философиялық сарын ретінде, оқиғаның түп төркінін іздеп, оған берілген жауап ретінде қарастыруға болады.
« - Ертеде, - дейді Янумака тамақ шайнағандай иегін қисаңдатып, - елік пен адам дос болыпты. Елік адамдардың ізгі ниетті, мейірбан екенін білген соң қашпай, солардың маңайында жүрген. Олар елікке жем беріп, су беріп асырайды екен. Осылайша әлгі елік өзге еліктерден оқшау бақытты тұрмыс кешіпті. Бірақ күндердің күнінде қалың орман ішінде адасып, қарны ашқан бір адам әлі елікті сойып жемек болып, садақпен атады . . . Қатты жараланған елік әйтеуір қолға түспей қашып шыққан. «Бұл қалай болды, - деп ойлапты елік, - адамдар ізгі тілекті мейірбан еді ғой. Бұл қалай?» Сонда періштелер аян беріп: « - Ей, сорлы елік, сен ағаттық жасап, адам баласымен дос болдың, олардың ізгі тілекті мейірбан екені рас, бірақ сенің жарық дүниемен қош айтысуың үшін жүз мейірбан адамның ішінен бір зұлым болса жетіп жатыр емес пе?» - деген екен" [23, 384] .
Міне осы ертегіні бүкіл шығарманың философиялық түйіні деуге болады. Бұдан баянсыз ғұмырдың белгілі бір заңдарға құрылып жаратылғандығын, мынау жердің бетіндегі кейбір тіршілік иелерінің, тіпті олардың өз бойындағы қасиеттердің кей жағдайда сол бір заңдылықтарға сәйкес бірге өмір сүре алмайтындығын аңдауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz