Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 - тарау. Банктік менеджменттің теориялық - әдістемелік негіздері

1. 1. Банктік менеджмент - банк өтімділігін қамтамасыз етуші фактор

ретінде 5

1. 2. Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі 10

1. 3. Басқару аппаратын құрудың ұйымдық негіздері және оның негізгі бөлімдерінің міндеттері 14

2 - тарау. «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның менеджмент жүйесін талдау

  1. «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ына жалпы мінездеме және ұйымдастыру ерекшеліктері 22
  2. «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау 35
  3. «ТұранӘлем Банкі» АҚ - ының кірістілік пен өтімділікті басқару көрсеткіштерін талдау 43
  4. Банктің активті және пассивті саясатын басқару 50

3 - тарау. Қазақстан Республикасында банк менеджментінің даму перспективасы

3. 1. Қазақстан Республикасы банк менеджментін дамыту және жетілдіру жолдары

3. 1. 1. Қазақстан Республикасында банк тұрақтылығын басқаруды

қамтамасыз 67

3. 2. «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның менеджментін жетілдіру жолдары 72

Қорытынды 76

Пайдаланылған әдебиеттер 79

Қосымшалар 81

Кіріспе.

Банктік реттеудің әлемдік тәжірибесін зерттеу және жалпылау, классикалық құралдарды зерттеу және оның ең тиімдісін таңдау республикамызда бүгінгі күні өзекті болып келеді. Әділ мойындау керек, яғни банктік реттеудің жалпы теориялары мен тәжірибелері өтелген кезде де республикамызда жеткілікті түрде жүйелі ыңғай қолданылмайды, талдау көрсеткіштер жүйесі негізінде жүргізілмейді, жекелеген көрсеткіштермен есептеледі. Сондықтан банктің басқа банктермен салыстырғанда банк қызметі нәтижесінің тиімділігі мен қаржылық жағдайын жан - жақты бейнелейтін қаржылық жағдайдың мониторингтік көрсеткіштер жинағы негізінде жүйелі ыңғай жасау қажет.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасындағы банк менеджментінің ерекшелігін және оның даму перспективасын зерттеу.

Жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

  • банктік менеджменттің дамуының негізгі теориялық аспектілері анықтау;
  • банктік менеджментті құқықтық реттеудің негізгі бағытын анықтау;
  • банк қызметінде қаржылық менеджмент ролін қарастыру;
  • банк аппаратын құрудың ұйымдық негіздерін зерттеу;
  • банк қаржылық тұрақтылығын басқарудың ерекшелігін банк активтері мен пассивтерін басқару механизмі негізінде қарастыру;
  • ҚР-дағы банктік менеджментті оптимизациялау жолына талдау жасау;
  • банктік қызметті реттеудің әлемдік зерттеу және жалпылау және класстық құралдарды оқу негізінде банк болуды жақсарту үшін тәжірибелік ұсыныс жасау;

Зерттеу пәні болып республиканың екінші деңгейлі банктері қызметін реттеу процесінде туындаған ұйымдық - экономикалық қатынас жиынтығын айтамыз.

Зерттеу объектісі болып тұтастай банктік жүйе және республиканың жеке ірі банктері табылады. Сонымен қатар, зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алдыңғы орындарда болып табылатын «ТұранӘлем Банкі» АҚ - ы алынды.

Зерттеудің теориялық - әдістемелік базасы болып банктік қызметті реттеу үшін қолданатын ҚР-ның заңдық актілері, халықаралық қаржылық институттар материалдары, шетел, орыс және қазақстандық зерттеушілер жұмыстары табылады.

Жұмыс: кіріспе, үш тарау, он екі параграфтан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады.

Бірінші тарауда, банктік менеджменттің теориялық - методологиялық негіздері, яғни банктік менеджментті банктің өтімділігіне әсер ететін ең негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Екінші тарауда, «ТұранӘлем Банкі» АҚ - ының ұйымдық құрылымы, даму тарихы, ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, банктің қаржылық қазметі: өтімділік пен кірістілік көрсеткіштері, активтері мен пассивтері талданады.

Үшінші тарауда, жалпы Қазақстан Республикасы банктік менеджментін дамыту және жетілдіру жолдары және «ТұранӘлем Банкі» АҚ - ның менеджментін жетілдіру жолдары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы болып банк мәліметтерінің жинақ базасында бар, статистикалық бюллетеньдер және ҚРҰБ-інің жаршысы, периодикалық басылымдар басшысы және т. б. табылады.

1 - тарау. Банктік менеджменттің теориялық - методологиялық негіздері

1. 1. Банктік менеджмент - банк өтімділігін қамтамасыз етуші фактор ретінде

Өтімділік - банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелерін нақты және потенциялды деп екіге бөледі. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциялды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл - хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т. б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытысында орындау үшін қолма - қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен қатар болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма - қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық бантен алынатын банкаралық нестелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармн байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа акңтивтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

  • депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
  • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
  • активтерді зиянсыз сату;
  • тартылған қаражаттар бойынша төлей алмау тәуекелі үшінсыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлдардың ықпалымен анықталады.

Ішкі фактролар қатарына мыналар жатады:

  • банк капиталының базасы;
  • банк активтерінің сапасы;
  • депозиттердің сапасы;
  • сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
  • мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
  • сауатты менеджмент;
  • банктің жоғары дәрежелі беделі.

Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:

  • банк саясатының болуы және оның мазмұны;
  • стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
  • банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
  • әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
  • білікті мамандардың болуы;
  • қажетті ақпарат базасының болуы;
  • банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы [1, 225-227] .

Қазақстанда 1996 жылдың аяғында банктік жүйенің дағдарысы орын алды. Банктердің 20-25 пайызы капитал жеткіліктілігі коэффицентінің төмендігі және 13 банк - теріс капитал көрсетті. Бұл фактілер көптеген банкілердің қалыптасқан жағдайға дұрыс бағдарланбағанын және банктік менеджменттің әдістерімен жеткілікті иемденбегенін куәландырады.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін жоғарлатудың маңызды факторларына жатады.

Банктік менеджмент өз алдына банктік сферада жұмыс істейтін банктік іс пен персоналды басқарудың ғылыми жүйесін көрсетеді.

Банктік қызмет өз алдына ойлаудың ерекшелігін және банк менеджментінің құрамында міндетті түрде орын алатын ондағы жұмысшылардың тәртібін анықталған бизнестің арнайы сферасын көрсетеді.

Банктік менеджменттің құрамы перспективті және ағымдық жоспарлаудан, талдау, реттеу және бақылаудан тұрады.

Жоспарлаудлың көмегімен банктер пенрспективаға қызметтің мақсатын, сферасын, масштабтарын және нәтижелерін қалыптатырады, оларды көздерімсен және шығындарымен салыстырады. Бұның бәрі қызметшілердің жұмыс жасайтын шегін анықтаушы ағымды және перспективті жоспар - болжамдарды құрудың көмегімен қол жеткізеді.

Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің жергілікті және жалпы перспетивасының дамуын анықтайтын жоспарлау нәтижесі болып банк дамуының қосымша жоспары табылады, немесе бизнес - жоспар, сонымен қатар жекелеген бағыттар бойынша оперативті жоспарлар: несиелік, депозиттік, пайыздық, кадрлық, инвестициялық және өзге де саясаттар.

Талдау банк қызметін жалпы және жекелеген бағыттар бойынша бағалау үшін жүргізеді. Бұл болжамданған нәтижелер жетістіктерін өткен кездегі нәтижелер және күшті банктер нәтижелерімен фактілі салыстыру көмегімен жүзеге асырады. Талдау материалдары банк дамуынынң теріс және оң тенденцияларын, жоғалтуларын, пайдаланылмаған резервтер, жоспарлаудағы жетіспеушіліктер және шешім қабылдаудығы жетіспеушіліктерді шығаруға мүмкіндік береді [2, 489] .

Банктік менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктердің қызметін мемлекеттік қадағалаудың болуымен шартталған белгілі бір ерекшеліктерге ие. Банктік қызметтің ең тәуекелі жоғары, «бөтен» ақшалардың айналысқа ірі соманы тартатынын ескере отырып, мемлекеттік реттеу банктің лицензиялануына, олардың қызмет сфераларына шектеу қоюдың, капитал жеткіліктігіне, өтімділігіне, міндетті қорлардың қалыптасуына принципиалды талаптар қатарын қарастырады.

Бұл қатынаста өзін - өзі реттеу жүйесі, яғни ішкібанкттік реттеу, ең алдымен мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген талаптар мен нормативтердің сақталуына бағытталған. Ішкібанкілік реттеу жүйесі өзіне келесі өзіндік бағыттарды қамтиды:

  • банктің ұйымдық құрылымын жетілдіру, яғни жаңа бөлімшелерді қалыптастыру және ескіні жетілдіру, банктің дамуын қамтамасыз ету үшін, мысалы, жоспарлау және маркетинг бөлімі, ревизиялық және аналитикалық қызметтер;
  • банк қызметі басқару сапасын жоғарлатушы инструкциялық және әдістемелік материалдар, шешім қабылдау процедураларын жасау және жетілдіру;
  • қалыптасқан жағдайларды есепке ала отырып, банктік саясат артықшылықтары мен әдістерін жүзеге асыру, мақсаттарын түзеу;
  • банк қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тәуекелдер көлемін шектеуге нақты шаралар қолдану, немесе тәуекелден сақтау үшін қосымша кепілдер жүйесін құру;
  • кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, ішкібанктік бақылау ұйымын жетілдіру;

Сыртқы бақылау Қазақсатан Республикасының Ұлттық банктімен және ішкі аудиторлармен жүзеге асырылады. Ішкі бақылауды банктің өзі ұйымдастырады. Ішкібанктік бақылау банктік менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын өз міндеттеріне сәйкес менеджерлер, сонымен қатар ішкі аудит органдары жүргізеді. Ішкібанктік бақылаудың негізгі міндеті болып теріс тенденциялар мен банк жұмысындағы жетіспеушіліктерді жою шараларын жэүзеге асыру үшін іздеудің оперативті жүйесін құру.

Ішкі және сыртқы бақылаудың өзара байланысы Қазақстан Респбликасының Ұлттық банкінің заңдылық және нормативті актілерін, сыртқы бақылаушы органдарының жазуларын сақтаудытексеру болып табылады.

Банктік менеджмент құрамы нақты анықтамасын басқару сферасындағы жұмыста болып табылады. Банктік менеджмент сферасы екі блокқа бөлінеді: қаржылық менеджмент және персоналды басқару.

Сурет 1

1. 2. Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі.

«Менеджмент» ұғымын үш жағынан қарастыруға болады: экономикалық басқару жүйесі ретінде, басқару орнганы (басқару аппараты) ретінде, кәсіпкерлік қызмет нысаны ретінде.

Менеджмент ( ағыл. Management - басқару) жалпы түрде принциптер, әдістер, нысандар және басқару тәсілдері жиынтығынан тұратын өндірісті экономикалық басқару жүйесі ретінде анықтауға болады. Негізінен менеджментке басқару өнері деп түсінілетін басқару теориясы мен тиімді басқарудың тәжірибелік үлгісі жатады. Екі бөлігі де кешенді және нақты құбылысты басқарумен айналысады. Басқару - басқарушы әрекеттерді жасау және жүзеге асыру процесі. Басқарушы әрекет - бұл басқару мақсатына жетуге арналған басқару объектісіне әрекет жасау. Басқарушы әрекет жасауға жинау, беру және қажетті ақпараттарды өңдеу, шешім қабылдау кіреді.

Менеджмент өзінің барлық шешімдерінде экономикалық ойлармен басқарады. Сондықтан менеджменттің кез келген әрекеті- бұл экономикалық сипаттағы шара.

Қаржылық менеджмент, ең алдымен, ақша ағымдары мен айналыс құралдарын басқаруға бағытталған. Сондықтан қаржылық менеджментті тек инвестициялық шешімдермен сәйкестендіру және оны инвестициялық шешімдер қабылдау туралы ғылым позицияның қарау мүмкін емес.

Қаржылық менеджмент бұл ақша ағымдарын, қаржы ресурстары қозғалысын және сәйкесінше қаржылық қатынастар ұй\ымын басқаратын арнайы жүйе [3, 145] .

Қаржылық менеджментті әр түрлі көрсету нысаны бар интегралды құбылыс ретінде қарау керек.

Сонымен, функционалды көзқарасқа сүйенсек, қаржылық менеджмент өз алдына экономикалық басқару жүйесі мен қаржылық механизм бөлігі ретінде көрінеді.

Инститиуционалдық көзқарасқа сүйенсек, қаржылық менеджмент - басқару органы.

Ұйымдық - құқықтық көзқарасқа сүйенсек, қаржылық менеджмент- бұл кәсіпкерлік қызметінің бір түрі.

Қаржылық менеджмент қаржылық ресурс қозғалысы процесінде шаруашылық субъектісі арасында туындайтын қаржылық ресурстар қозғалысы мен қаржылық қатынастарды басқұаруға бағытталған. Осы қозғалыстар мен қатынастарды қалай шебер басқаруға болады деген сұрақтарға жауап қаржылық менеджменттің мазмұнынын құрайды. Қаржылық менеджмент өз алдына қаржыларды басқару мақсатын өңдеу процесі мен қаржылық механизм әдістері мен тетіктері көмегімен оларға әрекет етуді жүзеге асыруды көрсетеді.

Сонымен, қаржылық менеджмент басқару стратегиясы мен тактикасынан құралажды. Бұл жағдайда стратегия деп қойылған мақсаттарға жету үшін құралдарды басқару әдісі мен жалпы бағыт түсініледі.

Бұл әдіске шешім қабылдау үшін анықталған ережелер мен шектеулер сәйкес келеді. Қойылған мақсатқа жеткеннен соң стратегия оған жетудің бағыты мен құралы ретінде өз қызметін тоқтатады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегия құру міндетін қояды.

Тактика - бұл нақты жағдайларда қойылған мақсатқа жетудің нақты әдістері мен тәсілдері. Бақылау тактикасының мақсаты болып берілген шаруашылық жағдайда басқару әдістері мен тәсілдері ішінен ең тиімді шешімді таңдау болып табылады.

Қаржылық менеджмент бақылау жүйесі ретінде екі подсистемадан тұрады: басқарылатын подсистема, немесе басқару объектісі, және басқарушы подсистема немесе басқару субъектісі [4, 94] .

Қаржылық менеджментте басқару объектісі шаруашылық жүргізу субъектілері арасында шаруашылық процесінде ақша ағымдарын, құн шеңбер айналымын, қаржылық ресурстар мен қаржылық қатынастарды жүзеге асыру шарттары жиынтығы болып табылады. Басқару субъектісі - бұл басқару әрекеттерінің түрлі нысандары арқылы объектінің мақсаттыбағытталған қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы ( басқару аппараты ретінде қаржылық дирекция, басқарушы ретінде қаржылық менеджер) .

Кез келген басқару объектісі, кез келген процес өз алдына жүйені көрсетеді. Жүйе деп тұтастай қалыптасуды құраушы әрекет етуші элементтер жиынтығын айтамыз. Қаржылық жүйе әлеуметтік - экономикалық жүйеге кіреді. Әлеуметтік - экономикалық жүйенің басты құрамы болып, яғни негізінде адамдар мүддесі жатыр.

Қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделер жиынтығы жүйенің жағдайына және оның даму процесіне әсерін тигізеді. Кез - келген жүйе элекменттерден тұрады, жүйе элементі деп берілген зерттеу ( қадағалау және оның мақсаттары ) жағдайында бөлінбейтін, әрі қарай құраманы мүшелендіруге жатпайтын подсистема ретінде түсініледі.

Сәйкесінше, элемент кез - келген жүйенің құрылымдық бөлігі болып табылады, . Мысалы, қаржылық жүйе тұтастай жүйе элементі ретінде қаржылық қорлар енеді (ақшалай, негізгі, айналыс қорлары, айналым қорлары, жарғылық капитал ) .

Қаржылық менеджментті біз басқару органы ретінде де қарастырав аламыз. Ол өз алдына басқару аппараты, яғни шаруашылық субъектіні басқару бөлігі. Ірі кәсіпорындарда және акционерлік қоғамдарда және банктерде мұндай басқаруаппараты қаржылық директор немесе бас қаржылық менеджер басшылығымен қаржылық дирекция болуы мүмкін.

Қаржылық дирекция құрамы шаруашылық жүргізу субъектісі басқарудың жоғары органымен анықталатын түрлі бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімдерге қаржылық бөлім, жоспарлы - экономикалық бөлім, бухгалтерия, экономикалық талдау лабораториясы (бюро, сектор ) және т. б.

Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызметі нысаны ретінде қаржылық қызметті басқару таза бюрократиялық, административтік акт болуы мүмкін емсес екендігін білдіреді. Яғни қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге белсенді түрде әрекет ететін шығармашылық қызмет туралы әңгіме қозғалып отыр. Қаржылық менеджмент кәсміпкерлік қызмет нысаны ретінде жоспарлау мен басқарудың, қаржылық талдаудың, жаңашылдық енгізудің (инновация) ғылыми негіздерін пайдалануды анықтайды.

Кәсіпкерлік нысаны ретінде қаржылық менеджмент қызметтің жеке түрінде белгіленуі мүмкін [5, 11] . бұл қызметті маманданбұл қызметті маманданан менеджер, сонымен қатар қаржылық институттар (холдингтік компаниялар, траст компаниялар және өзгелер) атқарады.

Қаржылық менеджменттің мәні кәсіпкерлдік нысаны ретінде келесідей айырбаста айқындалады:

Ақша Қаржылық менеджмент қызметі Өсімі бар ақша

Қаржылық менеджменттің қосымша сферасы болып қаржылық нарық табылады. Қаржылоық нарықта қаржылық (ақшалай) ресурстар мен инвестициялық құндылықтар сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконормикалық қатынастар көрінеді. Қаржылық нарықта қызмет ету қаржылық ресурстар мен қаржылық қатынастар қозғалысын басқару облысындағы кәсіпкерлік үшін негізін құрайды.

Қаржылық менеджментті қолдану тиімділігі қызмет етумен, қаржылық механизм әдістері мен тетіктері әрекетиімен тек кешенді байланыста жеткізіледі.

1. 3. Басқару аппаратын құрудың ұйымдық негіздері және оның негізгі бөлімдерінің міндеттері.

Банк, кез - келген өзге кәсіпорын сияқты анықталған басқару аппаратына ие. Оның құрылымына ең алдымен банктік қызмет сипаты әсерін тигізеді. Банк кәсіпорын болып табылатындықтан, оның басқару аппаратының құрылуы, бір жағынан,, белгілі бір өнім өндірумен айналысатын барлық кәіспорындарға тән кейбір ортақ сипаттарды құрайды. Банкте, кез - келген өзге кәсіпорын сияқты, өзінің дирекциясы, басқарушы және атқарушы бөлімдері бар, өз бухгалтериясы, өз кадрлық қызмет және т. б. бар[6, 97] .

Сонымен қатар, банк ерекше кәсіпорын болып табылады, ол ақша - енсие институты ретінде көрінеді. Мұны оның анықталған принциптерді ұйымдастыру мысалында байқауға болады.

Банктер, негізінен, функционалды көрсеткіштері бойынша ұйымдастырылған.

Бұл, яғни несиелік ұйым құрылымы өзі атқарып отырған оның нақты қызметіне ғана байланысты болуы керек. Банк - ірі несиелік институт бола тұра, оның басқару аппаратында несиелік кадрлық бөлімдер болуы керек. Банкте, сонымен қатар, есеп айырысулар жүріп жататындықтан, оның басқару құрылымы құрамында есеп аййрысу операцияларын ұйымдастырушы бөлімдер немесе басқарулар ерекшеленуі керек. Банк қолма - қол ақша қабылдап және тапсыратын болғандықтан, оның басқару құрылымы құрамында касса және т. б. болуы керек.

Жалпы, банк атқарып отырған функциялар мен операциялар оны басқару жүйесін ұқру ерекшеліктерін шарттандырады, өз жиынтығында ешбір өндірістік, сауда кәсіпорындарында кездестірмейтін басқару аппаратына құрылымдық бөлімдер енгізіледі.

Банкті ұйымдасьтыру принциптеріне тек функционалды принцип жатпайды. Олардың құрамына сонымен қатар қойылған мақсаттар сәйкестігі принципі де жатады.

Өзіміз білетіндей, банктің мақсаты пайда алу. Яғни бұл, банкте ақша табатын (банк өніміне сатып алушылар іздеу, оны меншікті шығындар шығындардан жоғары бағада сатады) құрылымдар болу керектігін білдіреді. Пайданы басқару үшін кіріс епн шығысты жоспарланған бөлімдер құрылады, яғни шығындарды үнемдеуді қамтамасыз ететін тұтас банк бойынша және оның бөлімшелері бойынша құрылады.

Банктің ұйымдастыру принциптері арасынан оның жеке бөлімшелері бар билік иерархиясы бар принципін ерекшелеуге болады. Биліктің екі эшелоны бар: басқарудың жоғары звеносы және банктің өзге де бөлімшелері. Жоғары звеноға банктік персоналдың ең мамандан, дырылған бөлімін қосатын және банктік жүйенің ең принципиалды сұрақтарын иеленетін банк Кеңесі, банк Басқармасы, ревизиялық комиссия, осындай түрдегі комитеттер.

Операциялардан тәуелсіз ұйымдық - құқықтық нысаны мен қызметіне қарамастан кез - келген банк өзінің арнайы өнімін өндіреді, сондықтан барлығы үшін міндетті басқарудың анықталған жинағымен иемденеді. Олардың ішінде:

  1. Банк Кеңесі;
  2. Басқарма;
  3. Басқарудың жалпы сұрақтары;
  4. Коммерциялық қызмет;
  5. Қаржы;
  6. Автоматизация;
  7. Администрация.

Бірінші блок - банк Кеңесі, оған оның құрылтайшылары кіреді. Олардың саны әр түрлі болуы мүмкін, біреуден екі және бірнеше ондаған. Сонымен, жеке банктерн де бар, онда құрылтайшылары болып жеке тұлғалар табылады. Банктің әлемдік тәжірибеде банктердің артықшылықты меншіктьі нысаны болып меншіктің акционерлік нысаны табылады, онда құрылтайшы ретінде, түрлі меншік нысандарындағы заңды және жеке тұлғалар болып келетін акционерлер бола алады.

Банк Кеңесі банктің жылдық есебін бекітеді, құрылтайшылардың жылдық жиналысын ұйымдастырады, банктік қызметтің стратегиялық сұрақтарында шешім қабылдайды және қабылдауға қатыса алады.

Екінші блок - банк Басқармасы (директорлар Кеңесі) банктің жалпы басшылығына жауап береді, оның қызметінің стратегиялық бағытын айқындайды. Басқаша құрамында банктің жоғарғы басшылары (менеджерлер) кіреді, банк төрағасы (президент, басқарушы) банктің маңызды бөлімдерінің жетекшілері.

Басқарманың (банк кеңесінің) негізгі қызметтері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Банк менеджменті
Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары туралы
Банк менеджментіне жалпы сипаттама. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz