Қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жаза өтеу тәртібі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ3

1 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ8

1. 1 Түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырушылық негіздері мен бас бостандығынан айыруды атқарудың ерекшеліктері8

1. 2 Қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жаза өтеу тәртібі12

1. 3 Кәмелетке толмағандардың түзеу мекемелеріндегі жаза өтеуін қамтамасыз ету құралдары22

1. 4 Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың хат-хабар алмасу, ақша аударылымдарын жөнелту, сотталғандардың туысқандарымен және өзге адамдармен кездесу, телефонмен сөйлесу, қорғаушымен кездесу тәртібі31

2 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ36

2. 1 Түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандардың құқықтық жағдайлары36

2. 2 Сотталғандарға түзеу мекемелерінің шегінен тыс шығуға рұқсат беру тәртібі және медициналық-санитарлық қызметпен қамтамасыз ету44

2. 3 Түзеу мекемелеріндегі режимді қамтамасыз ету құралдарының бағыттары мен іске асыру тетіктері51

ҚОРЫТЫНДЫ55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI58

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құруға бағытталған реформалардың құқықтық негізі өз азаматтары өмірінің демократиялық жағдайларын барлық құралдар арқылы қамтамасыз етуге бағытталып, оның жүзеге асуын реттеумен айқындалған.

Қазақстанда адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтуда бірінші кезекке әлеуметтік-құқықтық құндылықтарға назар аудару жүйелі жолға қойылған. Оған үкіметіміздің жүргізіп отырған саясаты, «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары кепіл.

Аталған мәселе бойынша, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында: «Мемлекеттiң құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетiлдiру қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықта қолдануды кешендi, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады»[1, 3 б. ], - делінген.

Қоғамның даму қарқынына қарай азаматтарымыздың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепіл берілген құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылып жатқанымен, жазасын өтеп жатқан және жазадан босату кезінде сотталған адамдардың түзелуі, құқықтық-әлеуметтік қамтылуы, қорғалуы да мемлекеттің еншісінде екендігі сөзсіз. Демек, жыл өткен сайын бұл аталған мәселені шешу ісі бірінші кезекте қайталанып жасалған қылмыстардың жолын кесу, олармен күресудің проблемаларымен етене тығыз байланысты. Қазақстан Республикасында қылмыстардың қайталанып жасалуы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өткен жылдары жазасын өтеу мекемелерінен босап шыққан адамдардың саны мен сол жылдары қайталап қылмыс жасағандардың санына назар аударсақ, үдемелі өсу қарқынын көреміз. Мәселен бұл комитет: 2000 жылы - 58155 (2141), 2001 жылы - 49549 (2546), 2002 жылы - 59204 (3408), 2003 жылы - 66698 (9066), 2004 жылы - 62499 (13254), 2005 жылы - 43618 (13287), 2006 жылы - 32643 (16652), 2007 жылы - 31147 (16139), 2008 жылы - 27271 (16936) қылмыстың жасалғанын тіркеп отыр[2, 17 б. ] . Бұл көрсеткіш жазасын өтеп жатқан және жазасын өтеп шыққан адамдардың түзелу дәрежесін бағалауды белгілі бір деңгейде шешуді қажет екендігінің дәлелі. Аталған адамдардың құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан шектелуі мен қажетті деңгейде түзелмеуі, әдетте, қоғамдағы қалыпты өмір сүру салтын жатсынуға әкеп соғады. Бұл мәселе елімізде бас бостандығынан айыруға сотталушыларды және жазасын өтеп шыққан адамдардың түзеу дәрежесін бағалау кешенді ісінің кенжелеп қалғанын байқатып отыр.

Осы мақсаттарды шешуге ықпал ететін шаралар жүйесінде орын алатын бағытының бірі - бас бостандығынан айырылған сотталушылардың жазасын өтеу кезінде түзелу дәрежесін бағалау мәселесіне келіп саяды.

Сотталғандарды түзеу - бас бостандығы түріндегі жазаны атқаратын Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелері мен органдар қызметінің маңызды бағыты болып табылатыны белгілі. Жазасын өтеу мекемелеріндегі, сонымен қатар басқа да қылмыстылықпен күресетін құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігі қылмыстық жазаның осы мақсатына дер кезінде және сапалы нәтижелерге жетумен байланысты.

Сотталғандарды түзеу және олардың түзелу дәрежесін бағалау - олардың адамға, қоғамға, еңбекке, нормаларға, ережелерге және адамдар ортасына сыйлы қарым-қатынасты қалыптастыру, құқыққа сай келетін мінез-құлыққа ынталандыру және оларды бойларында бекіту дегенді білдіреді. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару заңдарында, «Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрықтарында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 906 «Қазақстан Республикасы 2007-2015 жылдары Қылмыстық атқару саясатын жетілдіру Концепциясы туралы» Жарлығында кездестіреміз.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi жазаларды атқарудың мемлекеттiк тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады.

Қылмыстық-атқару жүйесiнің дамытудағы маңызды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы» 1996 жылғы 1 қазандағы №1199 және «Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 22 қаңтардағы №92 қаулыларымен бекiтiлген бағдарламалық құжаттар қабылданды және негiзiнен iске асырылды. Бұл ретте, позитивтi нәтижелерге қол жеткiзiлдi, оның iшiнде сотталғандар құқығы кеңейтiлдi, олардың әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы неғұрлым тиiмдi бола түстi, жаза өтеудiң прогрессивтi жүйесi енгiзiлдi.

Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiнің одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.

Мұнымен бағдарламалық құжаттарды қоғам дамуының осы кезеңi үшiн сипатты өзектi проблемалар мен басымдықтарды ескере отырып, жазаны орындау саласында бұрын қолданыста болған бағдарламаларға қатысы бойынша сабақтастық қағидатын сақтай отырып әзiрлеу қажеттiлiгi негiзделедi.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңымен Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына берiлдi.

Қазiргi уақытта қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Түзеу мекемелерi қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп түзеу мекемелерiнiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Сонымен бiрге, қылмыстық атқару жүйесіндегі барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.

Республика аумағында режим түрлерi бойынша түзеу мекемелерiнiң әркелкi орналасуын атап өту қажет. Түзеу мекемелерiнiң қазiргi орналасуы кезiнде жыл сайын сотталғандарды республиканың түрлi өңiрлерiне көшiру жүргiзiледi, оған тек 2002 жылы - 22 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл мақсаттарға 2003 жылы шамамен республикалық бюджетте 35 млн. теңге болатын қазiргi қажеттiлiк кезiнде 25 млн. теңге бөлiндi. Өмiр бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшiн ерекше режимдегi түзеу колониялары жоқ.

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi, Қызылорда облысында жалпы режимдегi түзеу мекемелері жоқ. Республикада әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған түзеу мекемелерінiң саны жеткiлiксiз, бұл сотталғандардың көрсетiлген санаттарының әлеуметтiк байланысын сақтау үшiн қиындықтар туғызады.

Қолданыстағы түзеу мекемелерінiң толып кетуi сотталғандарды орналастыруда, режим мен қадағалауды қамтамасыз етуде, бас бостандығынан айыру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, сондай-ақ олармен тәрбие жұмысын жүргiзуде қиындықтар туғызады. Сол сияқты сотталғандарды еңбекпен қамтудағы, туберкулезбен науқастанған сотталғандарға емдеу жүргiзуге, коммуналдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыруға байланысты ахуал күрделене түсуде.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Қазақстандық ғалым-заңгерлердің арасынан қылмыстық атқару жүйесіндегі жазаларды орындау мәселесі, оның ішінде сотталғандардың жазаны өтеу, бейімделу, жазаның бір мақсаты - түзелу мәселесі жөнінде А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Ғ. И. Баймұрзин, Қ. Ж. Балтабаев, Т. І. Қайыржанов, Р. Б. Құлжақаева, А. О. Қуановтың М. А. Қызылов, Ю. И. Лухтин, А. Ж. Машабаев, Қ. А. Мәми, Г. С. Мәуленов, Ә. Х. Меңдіғұлов, С. С. Молдабаев, М. С. Нәрікбаев, Б. М. Нұрғалиев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, Н. А. Сартаева, Қ. Р. Сарықұлов, А. Б. Сқақов, А. А. Смағұлов, З. С. Тоқубаев, Е. О. Түзелбаев, Д. С. Чукмаитов және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз. Дегенмен бұл тақырып еңбектерде жанама түрде ғана сөз болып, қазақстандық ғалымдардың жазған еңбектерінде жан-жақты ашылып, толық зерттелуі жоқтың қасы екендігі ескерілген.

Түзеу мекемелеріндегі бас бостандығынан айырылған сотталушыларды және жазадан босату кезінде түзеу дәрежесін бағалау мәселесінің кей ғылыми аспектілері бұрынғы Кеңестік дәуірден бері, қазіргі Ресей заңгер ғалымдарының зерттеулерінде талданады. А. С. Севрюгин және Н. И. Соколов, А. Ф. Сизый, А. А. Синичкин, А. С. Михлин, Н. А. Стручков, В. Н. Кудрявцев, А. И. Зубков, Н. И. Вишневская және А. И. Васильевтер өз еңбектерінде түзеу дәрежесінің мәселелерін бағалау тұрғысынан қарастырған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қылмыстылық - адамдардың қоғамға қайшы келетін белгілерді айғақтайтын әлеуметтік құбылыс. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мақсаты сотталғанның жеке басын тану процесінің негізгі аспектілерін, оның түзеу әсерінен туындайтын бағыттылығының өзгеру динамикасын ашатын теориялық ережелерді жетілдіру және осының негізінде түзеу мекемелеріндегі режим және оны қамтамасыз ету құралдарының сотталушылардың жаза өтеудегі және жазадан босату кезінде түзелу дәрежесін жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негіздегі ұсыныстар, тұжырымдар және қорытындылар ұсыну.

Аталған мақсаттар үдесінен шығу үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:

  • сотталушылардың жаза өтеу кезіндегі және жазадан босату кезінде түзелуді құқықтық бағалауға жататын белгілі бір нәтиже ретінде қарастыру;
  • бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқаратын мекемелер қызметінің алдыңғы қатарлы тәжірибесінің жалпылама негізінде құқықтық институттардың бірі ретіндегі сотталушыларды түзеудің дәрежесін бағалауды заңдық деңгейде реттеу бойынша нақты ұсыныстар енгізу.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқаратын мекемелер мен органдардағы түзеу процесін жетілдірудің теориялық ережелерін дамытуға, соның ішінде сотталғандардың жаза өтеу кезіндегі және жазадан босату кезінде түзелу дәрежелері бойынша адамға индивид ретінде жеке тұрғыдан келу мәселелерін дайындауға едәуір үлес қосуында жатыр. Жүргізілген зерттеудің қорытындысы ғылыми-зерттеу жұмыста, сонымен қатар ЖОО мен Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде қылмыстық-құқықтық пәндерді оқытуда, оқу үдерісінде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен талаптарына сай келеді. Жұмыс кіріспеден, жеті бөлімшені біріктіретін екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырушылық негіздері мен бас бостандығынан айыруды атқарудың ерекшеліктері

Режимнің түрі - түзеу колонияларының түрін білдіреді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемелері төртке бөлінеді:

- түзеу колониялары;

- түрмелер;

- тәрбиелеу колониялары;

- емдеу-түзеу мекемелері.

Бұл түзеу мекемелері сотталғандардың қоғамға қауіптілік деңгейіне, олардың жасына, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өзара ажыратылады. Ересек, кәмелетке толған сотталғандар жазаны түзеу колонияларында немесе түрмелерде өтесе, ал кәмелетке толмағандар тәрбиелеу колонияларында өтейді. Денсаулығы нашарлағандар, науқасқа шалдыққан сотталғандар жазаны емдеу-түзеу мекемесінде өтейді. Түзеу колониялары сотталғандардың жасаған қылмыстарының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына және қылмыскерлердің жеке басының қауіптілігіне қарай қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң және ерекше режимдердегі колонияларға бөлінеді.

Қоныстану колонияларында абайсыздықта жасаған қылмысы үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар және жалпы, қатаң режимдердегі түзеу колонияларынан түзелу бағытына түскендігі үшін, көтермелеу шарасы ретінде ауыстырылғандар өтейді. Бірақ абайсыздықтағы қылмысы үшін сотталғандар мен түзеу колонияларынан қоныстану колонияларына ауыстырылғандар жазаны бір-бірінен бөлек өтейді. Барлық қоныстану колонияларында жаза өтеудің жағдайлары бірдей.

Қоныстану колонияларын былай елестетуге болады. Бұл колониялардың сырты қоршаулы болады, бірақ қарулы күзет сырттан да, іштен де қойылмайды. Колонияға кіре беріс қақпада, мекеменің әкімшілігі қызметкерлері кезекшілік қызметін жүргізеді. Олар колония аумағына бөгде адамдарды кіргізбейді, сондай-ақ сотталғандарды жұмыс уақытынан кейін сыртқа шығармайды. Қоныстану колониясының аумағы тұрмыстық-коммуналдык қажеттілікпен яғни тұрғын үйлермен, асханамен, моншамен, кинозалмен, жабдықталады. Мұндай түзеу мекемесінде жаза өтеушілер сотталғандардың арнайы үлгідегі киімін кимейді, олар жай азаматтардың еркін киімін киеді. Сотталғандар қоныстану колониясынан сырт жерлердегі объектілерде еңбек етеді. Олар жұмыс объектілеріне топ күйінде де, жеке ретте де жіберіледі. Жұмыстан бос уақытта олар бірден жаза өтеу орнына қайтуы тиіс және кешкі-түнгі уақыттарда колония аумағынан сыртқа шығуға тыйым салынады. Ал қоныстану колониясының аумағында таңертеңгі уақыттан үйқы уақытына дейін еркін жүріп тұра алады. Оларға өздерімен бірге ақша, қажетті заттар алып жүруге рұқсат етіледі. Жеке басын куөландыратын құжат ретінде арнайы анықтама беріледі, ал өзге ресми қүжаттары жеке ісінде сақталады. Олар демалыс немесе мереке күндері колония өкімшілігінің рұқсатымен колония жерінен тыс жерлерге шығып қыдырыстай алады. Колониядан тыс жерлерде қыдырыстау - көтермелеу шарасы ретінде де беріледі.

Түзеу мекемесінің бұл түрінде сотталғандардың кездесулер өткізуіне, посылка, бандероль, сәлемдемелер алуына шектеу қойылмаған. Телефонмен өз қажетіне қарай сөйлесе алады. Қоныстану колонияларында жаза өтеушілерге бұл жағынан шектеу қойылмауының себебі, біріншіден, олар колониядан тыс жерлердегі еңбекке тартылады және көпшілік жағдайдағы жұмыс орны түзеу мекемесінің жұмыс объекгілеріне тікелей жатпайды, екіншіден, осындай жағдай-дағы еңбекке тартыла отырып, олардың ресми рұқсатсыз-ақ кездесулер өткізуге, телефонмен сөйлесуге мүмкіншілігі бар.

Қоныстану колониясында жаза өтеушілер, колония ішіндегі арнайы жатақханаларда тұрады. Жатақхананың сыртқы есіктері әкімшілік арқылы жабылмайды. Егер сотталған отбасымен бірге тұрғысы келсе, онда әкімшілік ол сотталғанның мінез-қүлқы қауіпті болмағанда, рұқсат бере алады. Мұндай жағдайда ол колония аума-ғынан сырт жерлердегі жатақханада немесе үй жалдап тұрады және айына 4 рет келіп қоныстану колониясының әкімшілігіне тіркеліп түруға міндеттенеді. Отбасымен бірге түруға келісімді қоныстану ко-лониясының бастығы береді. Сотталғанның тұрғын жайына коло-ния өкімшілігінің қызметкерлері тәуліктің кез-келген кезінде келіп, бақьшау жүргізе алады.

Қоныстану колонияларында жаза өтеушілер, жаза өтеу ауданына жақын жерлердегі орта және жоғары оқу орындарында сырттай оқуға құқылы.

Сотталғандарға ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген, тыйым салынган заттарды колония аумағына әкелуге, оны сақтауға тыйым салынады.

Қылмысты қатысушылықпен жасағандар бір қоныстану колониясына жаза өтеуге жіберілмейді, олар жазасын бөлек өтейді.

Сотталғандардың еңбек ету тәртібі мен жағдайы белгіленген ережеге сәйкес жүргізіледі. Олардың еңбек ету жағдайы ҚР Еңбек кодексімен реттеледі. Тек, жұмыс беруші мекемелер мен көсіпорындар оларды қабылдау, жұмыстан шығару немесе басқа жұмыс орнына ауыстыру құқықтарын пайдалана алмайды. Мұндай қатынастар қоныстану колониясының әкімшілігінің келісімімен шешіледі.

Қоныстану колониясындағы сотталғандар «жаза өтеудің төртібін қасақана бұзушы» деп танылғанда, жазалау шарасы ретінде, жалпы режимдегі немесе бастапқы сот белгілеген режимдегі түзеу колониясына ауыстырылады. Ал, абайсыздықта жасаған қылмысы үшін қоныстану колониясында жаза өтеушілер, мұндай жағдайда жалпы режимдегі түзеу колониясына ауыстырылады.

Қоныстану колониясында жаза өтеушілер жақсы мінез-құлық көрсетіп, түзелгендігін байқатқан жағдайда жазадан шартты түрде ерте босатуға ұсынылады.

Жалпы режимдегі түзеу колонияларында маңызы ауыр емес, орташа ауыр және ауыр қылмыстарды қасақана жасағандары үшін, бас бостандығынан айыру жазасына бірінші рет сотталғандар және абайсыздықта жасаған қылмысы үшін 7 жылдан астам мерзімге сотталғандар жаза өтейді. Мұнымен қатар, жалпы режимдегі түзеу колонияларында қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу жазаларын және қоныстану колониясында жазаны өтеудің тәртібін қасақана бұзғандығы үшін ауыстырылғандар, сонымен бірге 18 жасқа толғаннан кейін жазаны әрі қарай өтеу үшін тәрбиелеу колонияларынан ауыстырылғандар және түрмеде сот белгілеген мерзімді өтегеннен кейін жалпы режимге ауыстырылғандар да жаза өтейді.

Жалпы режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеудің жеңілдікті, жеңілдетілген, дағдылы және қатаң жағдайлары белгіленген.

Жаза өтеудің мұндай жағдайларында, әртүрлі санаттарға жататын сотталған адамдар ұсталады.

Жалпы режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеушілер жатаханаларда тұрады, себебі олардың қауіптілігінің аса жоғары болмауы камералық тұрғын-жайды қолдануды қажет етпейді. Бұл жаза өтеу орнындағы сотталғандардың санаттары әртүрлі болғанымен, олар жаза өтеу жағдайына қарай бірдей дөрежеде жаза өтеп, бірдей талаптар мен құқықтарды іске асырады.

Жалпы режимдегі түзеу колонияларының дағдылы жағдайьщ. да, түзеу колониясына сот үкімінен кейін келіп түскендер мен жаза өтеудің жеңілдетілген жағдайынан жазалау шарасы ретінде ауыстырылғандар, сонымен қатар белгіленген мерзімінің өтуіне байланьь сты қатаңжағдайдан ауыстырылғандар-яизадаейді. Жалпы режимге жіберілген сотталғандар колонияға келіп түскенде, дағдылы жағдайда 6 айға дейін ұсталады. Бұл мерзімнің ішінде сотталушыньщ жеке басы ерекшеліктері, яғни мінез-құлқы, еңбекке деген көзқарасы мен белсенділігі бақыланады. Осы уақыттарда сотталушы өзін жақсы жақтарынан байқатса және жаза өтеудің белгіленген тәртібің бұзбаса, онда 6 айдан кейін жеңілдетілген жағдайға ауыстырылады. Ал керісінше - теріс мінез-құлық көрсетіп, тәртіп бұзушылық жасағанда, жаза өтеудің қатаң жағдайына ауыстырылады. Бұл - түзеу мекемесі өкімшілігінің қызметі болып табылады, сондықтан сотталушы өзін белгілі бір жаза өтеу жағдайына ауыстыру туралы ұсыныс жасай алмайды. Қатаң жағдайдан дағдылы жағдайға ауыстыру, тек 6 айдан кейін, жаза өтеу төртібін бұзушылығы болмаған жағдайда мүмкін болады. Жалпы режимдегі басқа түзеу колонияларынан ауыстырылғандар, жазасын ауыстырғанға дейін белгіленген жағдайларда өтейді. Жаза өтеудің қатаң жағдайынан дағдылы жағдайына, дағдылы жағдайдан жеңілдетілген және жеңіддікті жағдайларға қайтып көшіру, сотталғанда 6 ай мерзім ішінде тәртіп бұзушылық болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Жалпы, қатаң немесе ерекше режимдердегі түзеу колонияларының жаза өтеу жағдайларының бір-бірінен айырмашылығы - сотталғандардың посылка, бандероль, сәлемдеме алуға, кездесулер өткізуге және азық-түлік өнімдері мен бірінші қажетті заттарды сатып алуға деген құқықтарының көлемінде, сондай-ақ тұратын тұрғын жайының түрінде болып табылады.

Жазасын жалпы режимдегі түзеу колонияларында өтеушілер жатақханаларда тұрады. Олардың жатақханалары клуб, монша, кітапхана, асхана, шеберхана, медсанбөлім орналасқан жердегі тұрғын колонияда болады. Жазаны дағдылы жағдайда өтеушілерге азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды өздерінін жеке есеп шотындағы қаражатынан ай сайын 4 айлық есеп көрсеткішіне дейін сатып алуға, 1 жыл ішінде 4 қысқа, 4 ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге және жыл бойына 6 посылка, 6 банде-роль, сондай-ақ 6 сәлемдеме алуға рұқсат етіледі. Оларға ҚАК 93-бабының бірінші бөліміне сөйкес, аса қажетті жағдай болғанда, сондай-ақ жылдық демалыс уақытында түзеу мекемесінен тысқары жерлерде жол жүру құқығы берілуі мүмкін [3, 273 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Сотталған адамдарды бас бостандығынан айыруда тұрмыстық- материалдық және дәрігерлік-санитарлық қамтамасыз ету
Қылмыстық-атқару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz