Кәсіпорынның табыстарының есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ - ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. 1 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын қалыптастырудың мәні және оны зерттеу әдістері . . .

1. 2 Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қаржылық талдаудың маңызы . . .

1. 3 «МАКБИ» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұмысы мен есеп-салық саясаты . . .

2 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2. 1 Табыстар мен шығыстардың экономикалық мазмұны және олардың есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері . . .

2. 2 Кәсіпорынның табыстарының есебі . . .

2. 3 Ұйымның шығыстарының есебі және оларды жабу . . .

2. 4 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі . . .

3 «МАКБИ» ЖШС-нің ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

3. 1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау . . .

3. 2 Баланс активінің құралу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау . . .

3. 3 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ашық рыноктік экономикаға негізделген экономикалық өсу болып табылады. Стратегия басты міндеттердің бірі ретінде республикада қуатты, көп салалы, бәсекеге қабілетті өндірістік кешенді құруды қарастырады. Республиканың өнеркәсіп кешенінде басты орындардың бірін қызмет көрсету саласы алады.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізуші ұйымдарды тауарлы - материалдық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі кеңінен орын алып отыр. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, өнім, жұмыстар және қызметтер өндірісі қарқынының төмендеуі өндірістің тауарлы - материалдық қорларға қажеттілігін уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бұл ұйымдарға тауарлы - материалдық қорларды уақытылы толықтыруға және өндірісті кеңейтілген негізде жүргізуге кері әсерін тигізуде. Ұйымдардың қаржылық төзімсіздігі өзін - өзі қаржыландыру принциптерінің тиімді әрекет етуіне, өзін - өзі ақтау мәселесіне қолайсыз әсерін тигізуде. Осының әсерінен ұйымдар алдында тауарлы - материалдық қорларды уақытылы толықтыруға мүмкіндік бермейтін төлем қабілеттілігі мәселесі және басқа да факторлар мен себептер кеңінен орын алып отыр. Сондықтан да осы мәселелердің шешімін табуда дамыған елдердегі ұйымдардың тәжірибелеріне сүйену қажет. Осының барлығы диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін сипаттайды.

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта әлеуметтік - экономикалық дамуын жан - жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын аграрлық саланың өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі жаңа қоғамға бет бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе оны басқару мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алады. Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де, қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан - жақты талдау, зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабына айналады.

Қазіргі кезеңде, бүкіл экономика саласында ірі өзгерістер болып жатқан тұста ұйымдарда бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай жүргізілмеуі бұл саладағы басты проблема болып отыр.

Шын мәнінде, есеп жүргізу тәжірибесінде бухгалтерлік есебі, аудитті ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы оларды жетілдіруді қажет етеді.

Халықаралық байланыстардың кеңеюі және Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа енуі есеп әдістемесін жетілдірудің, бухгалтерлік есеп пен аудит тұжырымдамаларын дамытудың объективті қажеттілігін туындатты. Аталмыш тұжырымдамаларға бухгалтерлік есеп стандарттары және есепті компьютерлендіру сұрақтары, ішкі бақылау мен тәуелсіз аудиттің даму мәселелері кіреді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы үрдісінде бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру мәселесі өзекті болып табылды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Диплом жұмысын жазу барысында бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы белгілі ғалымдардың оқу құралдары және ұйымның соңғы үш жылдық мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты нарықтық экономика жағдайында әртүрлі нысандағы ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның қазіргі ахуалын талдау және оның дамуын зерттеп қорытындылау;

- бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға әсерін анықтау;

- қаржылық есебін жетілдіру;

- ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау.

Зерттеудің объектісі «МАКБИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы ұйымның бухгалтерлік есебі мен аудитін әрі қарай жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болып табылады:

- ұйымның ерекшеліктеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің жолдары анықталады;

- ұйымның бәсекелестік ортада қаржылық жағдайын тұрақтандыру ;

- нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында ұйымның страте-гиялық бағытын дамытуда өндірістік - қаржылық жағдайын жақсарту әдістемесі ұсынылады.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.

1 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ - ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. 1 Ұйымның қаржылық тұрақтылығын қалыптастырудың мәні және оны зерттеу әдістері

Нарық жағдайында ұйымның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы ұйымның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы /1, 115 б/.

Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс - шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және ұйымның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады /1, 116 б/. Ал ұйымның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар ұйымның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы ұйымда өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Ұйымның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, олар келесі түрге жіктеледі:

1) Пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;

2) Нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

3) Құрамы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) Әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша /2/.

Ішкі факторлар ұйымның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқа факторлар ұйым еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Ұйымның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай - ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Ұйымның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай - ақ ұйымның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - ұйым шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Ұйымның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қанщалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар

үлкен әсерін тигізеді. Ұйым ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни ұйым өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.

Және де бұл жерде ұйымның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

- ұйымның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

- ұйымды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, ұйымның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым - қатынасы үлкен әсер етеді /3/. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты ұйымдарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да ұйымның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай - ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық ұйым сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, ұйымның қаржылық жағдайы банктер осы ұйымға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылыр мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары ұйымдармен келісім - шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы ұйымның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай ұйым ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай - ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын ұйымның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен арнайы анықтамаларда басылып шығатын есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды /4/. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл ұйым шығыратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай - ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Ұйымның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) Көлденең талдау;

2) Тікелей талдау;

3) Трендтік талдау;

4) Салыстырмалы талдау;

5) Факторлық талдау;

6) Қаржылық коэффициенттер әдісі /6/.

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.

Трендті талдау барлық көрсеткіштер 100 % деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбіп есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар ұйымның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай - ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай - ақ экономикалық және математикалық статистиканың дәстүрлі тәсілдері қолданады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану ұйымның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, ұйымның қаржылық жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан - жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай - ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен ұйымның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

1. 2 Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қаржылық талдаудың маңызы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты /7/.

Профессор Н. А Русак /8/ « . . . кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Қаржылық жағдай кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату, пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болуымен, міндеттемелерді төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді» деп көрсеткен болатын.

В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы « . . . қаржы ресурстарының қалаптасуымен, бөлінуі және олардың пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады /9/.

М. Н. Крейнина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов /10/ өздерінің еңбектерінде « . . . қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы» деп атап көрсетеді.

Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын, (яғни, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі» деп жазады /11/.

С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын былайша түсіндіреді « . . . кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау» /12/.

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғымның мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдамалар бар. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы қатаң бәсекелі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және болашағына кепіл беретін жағымды көрсеткіштер жүйесі.

Жоғарыда берілген ғалымдар мен тәжірибешілердің ой-пікірлерін қорыта келе біз кәсіпорынның қаржылық жағдайын былайша түсіндіргіміз келеді, яғни « . . . кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және шаруашылық қызметінің үздіксіз жүргізілуін, сондай-ақ қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі».

Ал енді кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігіне келетін болсақ, бұл тұжырымдама жөнінідеде отандық және шетелдік ғалым-тәжірибешілердің еңбектерінде кеңінен зерттеліп жүр. Соның ішінде бір авторлар қаржылық тұрақтылықты « . . . кәсіпорынның өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді /13/.

Енді біреулер « . . . өз қаражаттары есебінен активтерге жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады /14/.

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин былайша түсіндіреді: « . . . қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы» /15/.

В. М. Родионова мен М. А. Федотова «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржылық-ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» деп көрсетеді /16/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен шығысының теориясы
Кондитер кәсіпорынында табысты болуды және қалыптасуды талдау
Шаруашылық жүргізуші субъектілері
Шығындар мен табыстар есептерінің аудиті
Қаржыландырудан алынатын табыстар
Корпорация табыстарының жіктелуі
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
«МБК-Құрылыс» ЖШС-нің бухгалтериясы
Ақша қаражаттар есебі жайлы
Дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz