Этникалық қарым - қатынас туралы мәселелер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

беті

Кіріспе . . . 3

I-тарау Этникалық қарым-қатынас туралы мәселелер . . . 8

1. 1 Қарым-қатынас ұғымы, маңызы, ролі . . . 8

1. 2 Адамда этникалық сана-сезімнің қалыптасуының

психологиялық проблемалары . . . 16

1. 3 Этникалық өзіндік сана-сезімнің күнделікті .

қарым-қатынасқа әсері . . . 23

II-тарау Этникалық қарым-қатынасты зерттеу . . . 34

2. 1 Жұмыстың мақсаты, пәні, объектісі . . . 34

2. 2 Зерттеу әдісіне сипаттама . . . 37

III-тарау Зерттеліну жұмысына алынған әр түрлі ұлттардың өз ұлтын

басқа ұлттарды бағалау ерекшеліктері

3. 1 Қазақ ұлт өкілдерінің өзін-өзін және басқа ұлттардың

психологиялық ерекшеліктерін бағалау . . . 41

3. 2 Орыс және украин ұлттарының өзін-өзі бағалау және

қазақтарға психологиялық сипаттамасы . . . 43

3. 3 Ұлттардың өзін-өзі және басқа ұлттарға психологиялық

сипаттамасын салыстырмалық түрде негіздері . . . 49

Қорытынды . . . 52

Қолданылған әдебиеттер . . . 55

Қосымшалар . . . 57

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіруде ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі [1, 2] .

Жастарды ұлттардың психологиялық ерекшеліктерінің негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде, психологиялық тұрғыда қалыптастыруда маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі -әр бір ұлт өзінің ұлттық қасиеттерін танып-білу, соның негізінде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық психология идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Қарым-қатынас - білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті тұлғалардың саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Адамның қарым-қатынасына ұлттық ерекшеліктердің әсер етулерін зерттеуге арналған және осы жағдайды психодиагностикада қолданылатын әдістерді пайдалана отырып мәселені қарастыру. Ғылыми жобаның өзекті мәселесі заман талабына сай көп ұлтты мемлекеттерде ұлтаралық қарым-қатынаста психологиялық ерекшеліктерді есепке алу аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан мемлекетіндегі негізгі қалыптастырушы қазақ ұлты өзіндік ерекшеліктерімен қарым-қатынас пен олардың мәдениетінің қалыптасуына өзге ұлттарға да әсер етіп тұратындығы сөзсіз. Негізінен ұлттық ерекшеліктер, олардың компоненттері, өзара байланыстары әлі де толығымен зерттелініп болмағанымен, оның психодиагностикалық, психокоррекциялық, коррекциялы-педагогикалық іс-әрекеттері жеке адамды адекватты түсіну үшін маңызды роль атқарады. Зерттеу жұмысының объективтілігі осында.

Бүгінгі таңда бұл проблемаға философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән беріп, әр қырынан зерттейді. Мәселен, оның философиялық негізін ТМД ғалымдары ( А. Г. Байбурин /2/, Н. Д. Левитов /3/, М. С. Каган /4/) республикамыздың ғалым философтары (Ж. М. Әбділдин /5/ М. М. Сужиков, Г. С. Сапаргалиев /6/, Д. Кішібеков /7/) қарым-қатынастың әлеуметтік зерттеулері төңірегінде (Л. П. Буева /8/, А. А. Леонтьев /9/, Б. Ф. Ломов /10/, Б. Д. Парыгин /11/) тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктеріне қарай (Б. Г. Ананьев /12/, А. А. Бодалев /13/, И. С. Кон /14/, А. А. Леонтьев /9/, Б. Ф. Ломов /10/, С. Л. Рубенштейн /15/, Л. С. Выготский /16/) көптеген дәлелденген көзқарастарды көре аламыз.

Мемлекетіміздегі әр түрлі ұлт өкілдері өздерін бір тұтас халық ретінде сезінетіндігі сөзсіз, дегенмен, психологиялық тұрғыдан ұлттық ерекшелігі, тарихы, құрылымы, ұлттық психологиясы қаншалықты әсер ететіндігін білу артық етпейді деген ойдамыз. Ғалымдардың зерттеу тақырыптары нарық экономикасына өту кезеңі әртүрлі топ өкілдерінің /жұмысшы, шаруа, қызметкер, оқушы т. б. / психологиясына қалай әсер етіп отырғандығы, әртүрлі этностық яғни ұлт мүшелерінің жеке тұлғасы қалайша қалыптасып жатқандығын, мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты кісінің жан-қуаттары мен жеке-дара ерекшеліктерінде туындайтын өзгерістермен және ұлтаралық немесе жеке адамның өзге ұлт мүшесімен қарым-қатынас кезінде қалай қабылдап, бағалайтындығы жөнінде, оның сана сезімі әсер ете ме жоқ па, міне осы туралы болып отыр. Осыдан келе, біздің ғылыми жобамыздың тақырыбы: “Ұлтаралық қарым-қатынас және ұлттарды психологиялық бағалау” деп аталады.

Зерттеудің нысаны - әр түрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынас ерекшеліктері.

Зерттеу пәні - қарым-қатынас барысында ұлттардың психология- лық ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеудің мақсаты - қарым-қатынас процесінде әр түрлі ұлттардың өзін-өзі және басқа ұлттарды бағалауының психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Ұлтаралық қарым-қатынастың этникалық негізіне теориялық

сипаттама беру.

  1. Ақтөбе қаласында тұратын әр түрлі ұлт өкілдеріне психологиялық сауалнама жүргізу
  2. Әртүрлі ұлт өкілдерінде қалыптасқан психологиялық қасиеттерді салыстырмалы түрде тәржімелеу.
  3. Әрбір ұлттың өзін-өзі және басқа ұлттарды бағалау негізінде қалыптасқан психологиялық ереекшеліктерін атап көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: психологиялық ерекшеліктерді нығайтуға жағдай туғызған кезде ұлтаралық қарым-қатынас тиімді болады.

Зерттеудің жетекші идеясы: Әр түрлі ұлттардың өзін-өзі және басқа ұлттарды психологиялық бағалауы қарым-қатынас үрдісінің тиімді болуына мүмкіндік туғызады.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, әрбір ұлт өкілі белгілі бір психологиялық қасиеттер бойынша өзге ұлт өкілін және өз ұлтында жиі кездесетін қасиеттерді он баллдық жүйе бойынша бағалау (ГОЛ-биполярлық әдістеме) және ұлттық ерекшеліктерді айқындауға арналған сауалнама жүргізу, нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде мәселенің теориялық негіздері, зерттелу деңгейі қарастырылады, жұмыстың ғылыми аппараты жасалды. Түрлі әдебиеттерге талдау жасалынып, ғылыми тұжырымдар қарастырылды. Тәжірибе жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезеңде Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қарым-қатынасты ұйымдастырудың тиімділігі анықталып, әдістемелік нұсқаулар берілді. Жүргізілген сауалнама жұмыстарының нәтижелері сараланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Этникалық қарым-қатынас мәселелерінің, теориялық негіздері анықталды.

2. Этникалық өзіндік сана-сезімнің күнделікті қарым-қатынасқа әсерінің психологиялық проблемалары қарастырылды.

3. Ұлттардың психологиялық қасиеттерін анықтауға мүмкіншілік беретін сауалнамалар құрастырылып жүргізілді, қорытындыланды.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы:

- Этникалық өзіндік сана-сезім, этникалық қарым-қатынас психологиялық тұрғыдан негізделеді;

- Қарым-қатынас, ұлттық ерекшелік, ұлттық сана ұғымдарының мазмұны ашылды;

- Адам баласында этникалық сананың қалыптасуының кейбір теориялық мәселелері қарастырылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- Психологиялық қасиеттерді анықтауға арналған әдістемелерді тақырыпқа сәйкес өңдеу;

- Жүргізілген ұлт өкілдеріне жүргізілген сауалнама нәтижесін өңдеу жеке-жеке сипаттама беру;

- Ұлттардың өзін-өзі және басқа ұлттарға психологиялық мінездемесін салыстырмалы түрде сипаттама берілді;

Ғылыми жобаның құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеті, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, практикалық мәні, жаңалығы мен теориялық мәні, кезеңдері баяндалды.

“Этникалық қарым-қатынас туралы мәселелер“ атты бірінші тарауда Қарым-қатынас ұғымы, маңызы, ғылыми түсініктер мен анықтамалар, ғылы-ми әдебиеттер талданып, адамда этникалық сана-сезімнің қалыптасуының психологиялық проблемалары мен этникалық өзіндік сана-сезімнің күнделік-ті қарым-қатынасқа әсері жөніндегі ғылыми-педагогикалық, психологика-лық еңбектердегі зерттелуі анықталды, негізгі ұғымдарға анықтама берілді.

“Этникалық қарым-қатынасты зерттеу“ атты екінші тарауда Жұмыстың мақсаты, пәні, объектісі және зерттеу әдісіне сипаттама берілді.

“Зерттеліну жұмысына алынған әр түрлі ұлттардың өз ұлтын басқа ұлттарды бағалау ерекшеліктері“ атты үшінші тарауда қазақ және басқа ұлт өкілдерінің өзін-өзі бағалауы мен психологиялық қасиеттерінің салыстырмалы зерттеу нәтижелеріне сипаттама берілді.

Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдар мазмұндалады. Қосымшада Ұлтаралық қарым-қатынас барысында психологиялық баға беру жұмыстары бойынша сауалнамалар, психологикалық әдістемелер ұсынылды.

I Этникалық қарым-қатынас туралы мәселелер

1. 1 Қарым-қатынас ұғымы, маңызы, ролі

Осы еңбекте қарым-қатынас, баға беру және адамды адам қабылдау мәселелеріне кейбір көзқарастарды объективті көрсетуге ұмтылыс жасалады. Сонымен қатар, осы құбылыстарды этнопсихология тұрғысынан зерттеу қажеттілігін негіздеуге ұмтылыс жасалды. Еңбекте әлеуметтік психология, атап айтқанда, осы әдіспен зерттеуге пайдалануға болатын әдістер бөлігі қаралды.

Алайда, еңбекті жазу нәтижесінде этносаралық диссонанс құбылысын зерттеуге ыңғай жасау мүмкіндігі туралы жаңа ой туындайды. Алдағы уақытта жұмыс бағыты өзгеріп, еңбекке енгізілген қағидаларды сыни қарастыру талап етілуі мүмкін. Пайдаланған терминдердің мәнін анықтау барысында нақты дәлелдері бар ғылыми зерттелген еңбектерді алға ұстадық. Қарастырылған тақырып, шынында да көкейкесті, зерттелуі аз тақырып болып табылады және терең профессионалдық зерттеуді талап етеді.

Қарым-қатынас, іс-әрекет, сана, жеке адам сияқты т. б. категориялардың қатарында болса да, психологияның арнайы зерттеу пәні болып есептелінбейді. Ол көптеген қоғамдық ғылымдармен оқытылады. Сондықтан мәселені шешу барысындағы аспектіде бұл категорияның пайда болуы / жалпы оның іске асуы/ психологиялық өзгешелігі болып табылады.

Қарым-қатынас процесі кезінде әрбір жеке адам өзін ерекше түрде, белгілі бір көлемде басқа адаммен, оның әдісімен, нәтижесімен, елестетуімен, ой-пікірімен, бағдарымен, қызығуларымен сезімімен және де тағы басқа қасиеттерімен алмасу әрекетін жасайды. Қарым-қатынаста субъект ерекше формада өз бетінше белсенді қатысады. Қатысушы адамдардың тәсілі мен динамикасы әлеуметтік функциясымен анықталады.

Жалпы қарым-қатынас ұғымы - бұл іс-әрекет, сана және адам сияқты категориялардың қатарында болып қана қоймай, бұл мәселені шешу барысында оның категория ретінде пайда болуы мен нақты іске асуы жөнінде психологияның арнайы зерттеу пәні болмаса да, психологиялық өзгешелігі бар қоғамдық ғылым болып табылады.

Бұл қарым-қатынаста субъект ерекше формада өз бетінше белсенді қатысады. Байланыс жасауға тек дара индивидтер ғана емес, сонымен бірге бірнеше адамдар тобыда бола алады. Сол себептен субъект болып табылатын адам көп салада және әртүрлі қатынаста бола алады деп айтуға болады. Адамзат қоғамымен адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуы - диалектикалық күрделі процесс. Қоғам дамыған сайын қарым-қатынас мүмкіншілігі де кеңейе түсуде. Белгілі қоғамның өзіндік дамуы басқа адамдармен және қоғаммен қарым-қатынас жасауының және келісім жүргізу жүйесімен белгіленіп отырады.

Адам - бұл әлеуметтік мән, оның өмірі мен дамуы басқа адамдармен өзара әрекетсіз және қарым-қатынассыз мүмкін емес. Санаға ие болушы адам, басқа адамдармен қарым-қатынаста болуының салдарынан жеке тұлға болып қалыптасады. Ересек адамдар осыған байланысты қарым-қатынасқа жеке тұлға болып қатыса отырып, өзінің деңгейіне сай басқа жеке тұлғаны қажет етеді.

Қарым-қатынас ұғымы туралы көптеген зерттеуші ғалымдар өз пікірлерін ұсынған болатын. Ал Б. Ф. Ломов, А. А. Леонтьев, Б. Д. Парыгин және А. А. Боделевтер белсенді ғылыми жоспарларымен, принциптерімен және феноменологиясын әрі қарата оқыту жолдарымен, қарым-қатынастың механизмін зерттейтін, қолданбалы еептерімен, әртүрлі шешімдерді шешу үшін және осы бағдарламаны әрі қарай дамытатын жалпы психологияның теорияларының қалыптасуына қасиетті бейнелеуші әдістерімен белгілі болып отыр.

Жеке адамның әлеуметтенуі өзінің қоғамына тиесілі мәдени құндылықтар, өзара қатынастар, кәсіби әлеуметтік талаптарға байланысты болады. Немесе, бұл ұғымды Ф. Р. Байкиннің сөзімен түсіндіруге болады: “Адамдар-мен қарым-қатынаста болу үшін немен қарым-қатынаста болуың керек, яғни алдымен жеке басында қаймығу, сезіну, пікір болуы тиіс”/17/. Ал И. Канттың ойынша “Қарым-қатынас кезінде адам міндетті түрде өзінің ақыл-ойын қолданады”/7; 19/.

Қарым-қатынас деп - екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. М. В. Гомезоның сөзімен айтсақ “Қарым-қатынас - бұл адамдар арасындағы байланыс нәтижесінде бір адам екінші бір адамға әсер ету”/18/. Қарым-қатынас бір кезінде адамның қажеттілігін дамыта түседі. Қарым-қатынас арқылы адамдар әртүрлі практикалық және теориялық әрекеттерді ұйымдастырады, яғни хабар алмаса отырып өзара түсінісу, игілікпен бір-біріне сырттай әсер етеді. Осы процесс кезінде жеке адам аралық өзара қатынас дамып және қалыптасу арқылы көрініп отырады. Психологиядағы қарым-қатынастың методологиялық мәні бар проблеманы В. Н. Мясищеваның жұмысынан белгілі бір деңгейде көруге болады/19/.

Бөгде адамға бір нәрсені хабарлағанда, нұсқау бергенде немесе сұрақтар қойғанда, яғни онымен өзара байланыс жасағанда жеке адам өзінің қатынасының пайдалы екендігі жайында қажетті хабар алады. Адам арасындағы қарым-қатынаста түсінушілікке жету қолданатын әдіске байланысты. Сыйластық формасында басқару адамның тұлғасы, оның белсенділігі, тәртіптілігі, әділдігінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Адамзаттың қоғамымен адамдардың қарым-қатынасының дамуы - диалектикалық күрделі процесс. Қоғамның даму барысы мен қарым-қатынастың мүмкіншілігі кеңейе түсуде. Белгілі бір қоғамның өзіндік дамуы басқа адамдармен және қоғаммен қарым-қатынас жасауының және келісім жүргізу жүйесімен белгіленіп отырады. Соңғы уақыттарда қарым-қатынас психологиясының қолданбалы және әдістемелік мәселелеріне ғылыми тұрғыдан көп көңіл бөлінуде. Психологияның бұл саласына арналған жаңа монографиялар, мақала жинақтары жарық көруде. Санаға ие болушы адам, басқа адамдармен қарым-қатынаста болуының салдарынан жеке тұлға болып қалыптасады. Ересек адамдар қарым-қатынасқа жеке тұлға болып қатыса отырып, өзінің деңгейіне сай басқа жеке тұлғаны қажет етеді. А. В. Петровский : “Қарым-қатынас - бұл адамдар арасындағы байланысты көп жақты етіп дамытатын процесс, басқа адамды жете түсініп, қабылдап, әрекет ету барысында қажеттілікті қанағаттандыруға бірігіп пайда болатын бірдей стратегиямен әрекеттенуді айтамыз” - деп анықтамасын белгілеп беріп отыр/20; 64/. Қарым-қатынас өзіне екі арадағы қатынастардың сапалы мінездерін бірлесіп әрекеттену арқылы информация алмасуды енгізе алады. Қатынастың қарауы етіп - тілді пайдаланады. Екінші жағынан сөз алмасу барысында тек сөзді қолданып қана қоймай, әрекеттерімен және қылықтарымен әсер етеді. Үшінші жағынан, байланыстағы адамдар бір-бірін қабылдауға мүмкіншілік береді. Ең күрделісі, мысалы қабылдаушы қасындағы адамға “ол ақылды, түсінігі мол” деген оймен қатынас жасауы мүмкін немесе “ол ештеңені түсінбейді, оған айту-айтпау бәрібір” деген ойда болуы мүмкін. А. В. Петровскиийдің теориясында қарым-қатынас процесінің мынадай үш түрлі тұстары көрсетілген: коммуникативті (хабардың берілуі), интерактивті (өзара әрекеттенуі) және перцептивті (өзара қабылдауы) /20; 107/. Сол сияқты психолог А. Г. Ковалевтің пікірінше: “Қарым-қатынас процесінде адамдар ой алмастырады. Осы ойдан әрбір жеке адамның өмірге деген көзқарасына материалдық және рухани /ең алдымен ұнамдылығын/ құндылықтарын, ақыл-ойына баға беруге болады. ”/21; 98/ Бұл жерде түрткі болған ұнамдылық қатынастарды жалпы нығайтушы болып тұр.

“Жалпы ойдың пайда болуы немесе бір ойдан екінші бір ойға ығысуы - ой ерекшеліктеріне байланысты пікір таласушылықтың нәтижесінен туады” - дейді А. Г. Ковалев /21; 204/. Ойдың түбірімен өзгеруі немесе жөнделуі жалпы көзқарасты дамытады. Сондықтан қарамақайшылық пайда болады. “Байқаудың нәтижесінен, -деп жазады Дж. Фурст - көбіне ересек адамдар бір-бірінің ой-пікірлерін саналы түсініп, көзқарастарын ұзақ уақыт бойы сақтап, әлеуметтік құндылықтарды зерттейді” - дей келе, өз пікірін төмендегідей етіп қорытындылайды: «Қарым-қатынас процесі кезінде өзара әсер ете отырып, бір-бірінің қайғысына, қуанышына, көңіл-күйіне ортақтасады» . Дж. Фурстің ойына ешқандай қарсылықсыз келіскен Ращев: «Адамдар бір-біріне өзара көңіл күймен әсер етіп ортақтасу қабілеті табиғатынан қалыптасқан. Адамдардың бірге қуануы, ренжісуі тумысынан пайда болған қасиет» деп құптайды /3; 8/.

М. М. Сужиковтың пікірінше «Адамдар бүкіл өмірінде өзге адамдармен қатынасу арқылы бағыт алады және қалыптасады»/6; 79/. Бірақ бұл сөзін нақтылай түсетін болсақ, психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасты қалыптастыру, үшін білімін тереңдету маңызды роль атқарады. Жеке пікір басқа жүзбен байымдаумен анықталады, оның көңіл күйінен тәуелді, яғни қарым-қатынас жасайтын адамына байланысты.

Әлеуметтік психологияда қабылдау мен қарым-қатынас ұғымын бірдей етіп қарастырмайды. Бұл терминді кейбіреулері өзгелердің сыртқы көрінісін бейнелеуші деп түсінеді. Көп жағдайда қабылдау жалпы психология саласында қолданылады. А. А. Бодалев ұғыну мен қабылдауды бір-бірінен айырылмайтын тәуелді процесс деген болатын. Өзге пікірлер бойынша қабылдау бұл өзге адамдардың сыртқы келбетінің жиынтығымен және оның мінез-құлқының ішкі (психологиялық) жағдайын білдіретін түсінік деп біледі. Қабылданған кездегі ой деңгейінің талдануы да қабылдау актісіне әсер етеді /13; 153/. Бұл көзқарасты Г. М. Андреева дамыта келе ол: қабылданған адамның сыртқы белгілері индивиттің жеке мінездерімен және сол бағытқа негізделген қылықтарының интерпретациясымен сәйкес келіп отырады /22; 246/. Жалпы психологияда Б. Ф. Ломовтың теориясында қарым-қатынастың 3 деңгейі қарастырылады: 1) Макро деңгей, яғни индивид өз қоғамына сай адамдармен қарым-қатынас жасайды, ол адамның дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және тегі бір болып келеді, кез-келген жеке адам қарым-қатынас кезінде өзіндік ұстанымына бағыттайды . 2) Мезодеңгей - бұл жұмыс кезінде қарым-қатынастың бір немесе бірнеше тақырыпқа бағытталауы. 3) Микродеңгей - мұнда белгілі бір айқындалған көріністерінің белгілері арқылы қатынас жасайды. (сұрақ-жауап, мимика және пантомимикалық актілер және т. б. ) . Микродеңгей қарым-қатынастың басқа деңгейіне негізделген, клеткалар тәрізді қарапайым элементтерінен тұрады/10; 280/.

Қарым-қатынас туралы ой-пікірлерді қарастыратын, болсақ негізгі құрал тіл, оны пайдалану үшін сөз қолданылады. Сөз арқылы адамдар бір-біріне жағымды және жағымсыз әсер ете отырып бір-бірінің қайғысына, қуанышына ортақтасады. Бұған Дж. Фурсттың «Адам адаммен қайғырады, оған ол теңбе-тең бірге қуанады» деген сөзі дәлел бола алады/3; 24/.

Жан-жақты, мәдениетті тұлғаны кемелдендіруші сананың бірі мемлекетте Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, басқа нормативтік құқықтық актілерін сақтау және қолданудың бүкіл тәжірибесінен, сол секілді азаматтардың осы негізде бекітілген құқықтары мен бостандықтары сақталуының нақты жағдайынан туындайтын жеке адамның құқықтық санасы - әрбір тұлғаның белгілі бір ұлтқа қатыстылығы бұған ешқандай айырықша құқықпен бостадық қосып-алмайтыны жөніндегі Қазақстан мемлекетінің объективті факторын жете ұғынуы болып табылады /23/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Адамның этномәдени даму мәселелері
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
Этноәлеуметтану
Этнопсихологиядағы ұлттық мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz