ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Мазмұны
КІРІСПЕ. . . . . 4
1 ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
- . діни ағартушылық бағыттағы ақындар . . . 9
- . Әлеуметтік сарын . . . 16
2 XX ҒАСЫРДЫҢ 50- 70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ . . . 23
2. 1. Омарғазы салған соқпақ . . . 36
2. 2. Құмарбек жырларындағы элегия іздері . . . 35
3 ХХ ҒАСЫР СОҢЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯ . . . 40
3. 1. лирикалық өлеңдер . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52
ГЛОССАРИЙ
Поэзия - көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы. Өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар. Поэзия деген ұғым қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан, қара сөзбен жазылған әдеби шығармалардан ажырату үшін қолданылады.
Стиль - жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. Көркемдік стиль жазушының өмірлік тәжірибесі негізінде, оның суреткерлік талантының табиғатына сәйкес қалыптасып, дамиды.
Элегия - (грек. Elegeia - аянышты жыр) - мұңды лирикалық өлең. Көбіне тұңғиық ойға шому, қамығу, жабығу сарындары басым болып келеді. Алғашқы нұсқалары егіз тармақты өлең түрінде ежелгі грек, рим поэзиясында қалыптасқан.
Социалистік реализм - кеңес дәуіріндегі әдебиеттің көркемдік әдісі болды. Социалистік реализм әдісі өмірді шындықпен тарихи нақтылықпен бейнелеуді талап етті, еңбекші халықты коммунистік, гуманистік идеялар рухында тәрбиелеу мақсатын алға қойды.
Метафора, ауыстиыру (грек. Metaphora - ауыстырып қою), - екі нәрсені, құблысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: ХХ ғасырдағы қытай қазақтары поэзиясындағы ерекшеліктері
Диплом жұмысының құрлымы: Кіріспеден, негізгі мәселені қамтитын үш тарау, бес тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: ХХ ғасырдағы Қытайдағы қазақ поэзиясын кезеңдерге бөліп қарастырып, әр кезең ақындарының жасампаздық ерекшелігін ашу. Әр кезең жырларындағы қоғамдық сарындарды айқындау.
Диплом жұмысының жалпы сипаты: Қытай қазақ әдебиеті туралы тоқталып, жүйеден бір ғасырдағы жырларға арнаулы аялдап, аталмыш ғасырдағы өлең-жырлар, басты қаламгерлер туралы зерттеу жүргізіліп, талдау жасалды.
Диплом жұмысында қолданылған әдістер: Салыстыру, талдау, түсіндіру әдістері негізгі басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының көлемі: 52 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 35
Тірек сөздер: Поэзия, проза, өлең, дастан, лирика.
Пайдаланған дереккөздері: Арнайы ғылыми - зерттеу еңбектері, көркем шығармалар, газет-журнал мақалалары.
Кіріспе
“Қазақстанмен іргелес болса да тыс жерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерде тарыдай шашырап кеткен қазақ диаспорасының 1997 сиыр жылының басындағы жалпы саны 5 миллион 400 мың деп есептеледі. Олар жалпы саны 17 миллионнан асқан туған халқымыздың 39, 7 пайызын, бестен екісіне жуығын құрайды”[1, 4 б] Демек, әр үш қазақтың біреуі шет елде жасайды деген сөз. Статистикалық анықтамаларға қарағанда, қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер Қытай Халық Республикасы, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан болып табылады екен.
Қазақтар көп шоғырланған елдердің бірі - Қытай Халық Республикасы. Қазақтардың Қытай елінде көптеп шоғырлануының өзіндік тарихи себебі болды. "ХҮІІІ ғасырдың 50-жылдары Қытайды билеген Ежен ханның (Цинь империясы) армиясы Жоңғарларды бағындырып, Орта Азия өңіріне келді. 1757 жылы Абылай, 1762 жылы Кіші жүз ханы Нұралы Ежен ханға бағынды [4, 56] . 1860 жылы Қытай-Ресейдің Пекин шартына, 1864 жылы «Қытай-Ресей батыс солтүстік шекараны өлшеп айыру тоқтамына» қол қойылды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңғы жартысындағы Ресей мен Цинь империяларының қазақ даласын қызыл сызықпен қақ бөліп алып, "Қазақ халқы бұрын қай жерді қоныстанып келген болса, бұдан былай да сол жерді қоныстанып, байырғы мекендерінде отырып, бұрынғы кәсіптерін істеп, бейбіт өмір өткізе береді. Шекара айырылғаннан кейін бұл жер қай мемлекетке қараса, сол жерді мекендеген адамдар жерімен қоса сол мемлекетке қарайды [3, 305б] деп шешті. Сөйтіп, Цинь империясы 1884 жылы Шығыс Түркістанды ресми түрде "Синь Цзянь өлкесі" деп жариялады [4, 399 б] Осы уақыттан бастап Шығыс Түркістан өлкесі "Шыңжаң" деп аталады да, ол Манжур-Қытай империясының ресми отар өлкесіне айналды(5, 11б) . Бір сөзбен айтқанда, Қытай Халық Республикасын мекендеген қазақтар өзінің ата қонысында отыр. Бір ұлтты екі империяның қызыл сызығы ғана бөліп тастаған.
Профессор Рымғали Нұрғалиевтың: «Қазақ халқының аса қомақты бөлігі бүгінде шығысымыздағы көршіміз ҚХР-ның "Шыңжаң" дел аталатын өлкесінде өмір сүріп отыр. Жан саны шамамен бір жарым миллионның төңірегінде. Кенестік қызыл империя тұсында, әсіресе өткен XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Қеңес одағы ыдыраған 90-шы жылдарға дейін ол елдегі кдндастарымызбен барыс-келіс жасауға тиым салынды. Кеңес - Кытай шекарасының құс ұшпайтын қырғи кабак-кызыл сызықка айналуы бергі бет-арғы беттегі ағайындарды рухани бөгделенуге ұшырата жаздады. 1990-жыллардың алды-артында әлемде бел алған демократиялык жаңғырулардың нәтижесінде, әсіресе Кеңес одағы ыдырап, еліміздін азаттык. алып, тәуелсіз ел болуының аркасында ғана көрші елдегі кандастарымызбен қайта кауышып, олардың тыныс-тіршілігімен таныса бастадық. Баксақ, ондағы кандастарымыз халықтық болмыс-бітімін - тіл, дін, діл, әдебиет, мәдениетін жаксы сақтаумен бірге, бүгінгі заманға сай өркениеттен де кенже калмай тірліқ кешіп жатыр екен, - деген сөзінен де біраз сырды аңғаруға болады. » [5, 3 б] Ол кісі және де б ұл ретте Шыңжаң казақтарының өзге емес әдеби тыныс-тірлігі туралы айтсақ та жеткілікті. Әрине ондағы кандастарымыздың әдебиеті "Қазақ әдебиеті" деп аталатын ұлы бәйтеректің үлкен бір бұтағы екені даусыз. Дей тұрғанымен ондағы әдебиетке сол елдегі саяси, экономикалық, мәдени шаралар мен ұстанымдардың өз бедерін калдырмауы да мүмкін емес екендігін ескерсек, онда Шыңжаң казақ әдебиетінің өзіне тән калыптасу, даму ерекшелігі болатындьгғына көз жүма алмасақ керек. сол ерекшелікті дөп басып зерделеп, ондағы әдебиеттің арғы-бергі тарихына бүгінгі азат санамен барлау жасау - бүгінгі күннің кезек кұттірмес маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс [5, 3 б] деп атап көрсетеді.
Қазақ халқы әр елде өмір суріп жатқанымен, бүгінде оның болашағына, тағдыр-талайына қатысты бір-ақ жер бар, ол - күллі қазақтың қара шаңырағы, ортақ Отаны - осы Қазақстан. Бұл туралы академик С. Сартаев: "Қазақ мемлекеті - тек Қазақстаңда тұратын қазақтардың ғана мемлекеті емес, ол сонымен қатар дүние жүзіндегі қазақтардың ұлтгық мемлекеті. Соңцықтан да ол букіл дүние жүзіндегі қазақтардың хүқыктары мен бостандыктарын қүрметтеуі және қорғауы қажет [8, 43 б] деп өте орынды пікір айтқан болатын. Демек бұдан былай казақтың жоғы осында түгенделіп, бары осында базарланбак.
Қандай бір әлеуметтік, мәдени процестердің бәрі де сырт көзге «дөңгеленген дүниенің» ырғағымен жылжып бара жатқандай көрінгенімен, нақтырақ, ішкерілей үңілсек белгілі бір немесе бір топ жекенің түрткілік рөлімен қалыптасып, дамып отырғанына көз жеткізуіміз киын емес. Бұған тарихтағы да, бүгінгі өмірдегі де барльгқ әлеуметтік, әдеби мәдени процесстер мысал бола алады. Ал сөз әдебиет туралы болып отырғандықтан, біз "қазақ әдебиеті" дейтін құбылысты алып көрелік. "Қазақ әдебиеті" - үғым ретінде, бір халықтың әдебиеті екендігін меңзейді де, онын жеке адаммен әлдеқандай қатысы жок сияқты әсер қалдырады. Шын мәнінде солай ма? Жоқ! Мүдде олай емес. Қазақ әдебиеті тарихындағы жүздеген-мыңдаған ақын-жазушылар шоғырын айтпағанның өзіңде, қазақ әдебиетінің поэзиясын Абайсыз, прозасын Әуезовсыз көзге елестетіп көріңізщі! Әрине оларсыз да әдебиетіміз "әдебиет" бола берер еді. Бірақ осы бүгінгі деңгейде бола алар ма еді? Әй қайдам! Әдебиеттегі жекенің рөлі мәселесі әсте тек "алушы, қабылдаушы" ретінде ғана сөз етілмейтіні сондықтан. Айтып-айтпай жекесіз халық жоқ та, халықсыз тарих жоқ. Ал әдебиет пен өнер тіпті де солай.
Құдды сол секілді, кытай қазақтарының әдебиеті де өзінің көш басылары арқылы өмірге келіп, қалыптасқан, даму процестерінің түрлі кезеңдерін басынан кешіріп отырған мәдени күбылыс. Дәл осы арада басын ашып, ашалап айта кетер бір жағдай, "кытай қазақтарының әдебиетін өзінін көш басылары өмірге әкелді" дегенде, олар ешқашан жоқтан бар жасап, жаңалық ашқан жоқ. Қайта, қазақ халқының ұлы Абайға дейінгі рухани қүндылықтарынан нәр ала отырып, оны әрі карай өзінше өрнекпен жалғастырды. Ал оларды "өзінше өрнек" салуға мәжбүр еткен нәрсе, жалпы қытай қазақтарының өзіңдік тағдыры еді. Яғни сол елдегі саяси, мәдени, экономикалық жағдайлардьң бәрі ондағы қазақтар тағдырының Қазақстаңдағы қандастарынан басқаша болуын белгіледі. Демек, өз дәуірінің, өз ортасының перзенті ретінде оңдағы акын-жазушылар да өз жасампаздығында сол елдің, сол заманның тынысын бедерлеуге мәжбүр болды. Әрі табиғат сыйлаған парасат-пайымның, таланттың аркасында, өздері өмір сүріп отырған заманның рухын, жасап отырған елдің тынысын өнердің биік шыңына көтере отырып бейнелеп бере алады. Біз сөз еткелі отырған ХХ ғасырдағы қытайдағы қазақ ақындары да міне осындай мақсат, мүддемен өз ұлтының бай рухани қазынасына теңізге тамған тамшыдай қосылып, сол арқылы қазақ әдебиеті деген арналы өзенге тау бұлағындай екпінмен қосылды. Сөзім дәлелді болу үшін төменде мен шегара сызық шеттетіп, Алтайдың арғы бетінде, Тарбағатайдың теріскейінде, Іленің іргесінде қалған қарасы қомақты, қаны қазақ қауымның ХХ ғасырдағы поэзиясын кезеңдерге бөліп қарастырып, өзіндік бөгенайы мен ерекшеліктерін айқындай кетуді жөн көріп отырмын.
Жоғарыда айтып өткеніміздей қазақ әдебиетін Абайсыз, Мұхтарсыз елестете алмайтындығымыз тәрізді, қытайдағы қазақтардың жазба әдебиетінің негізін қалап, соқпағын салған Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы қатарлы ақын- жазушылар да аталмыш әдебиет үшін сөз басы болып табылды. Осыдан былай әдебиет арнасы жаңа ақын жазушылармен толығып, қатары молая түсті. Ғсыр басында қалам тербеп, ондағы қазақ жазба әдебиетінің соның ішінде поэзиясының дамуына зор үлес қосқан ақындар шоғырының негізгілерін атап өтсек: Әріпжан Жанұзақұлы, Әсет Найманбайұлы, Смағұл Қалиұлы, Боздақ Дүзбембетұлы, Солтан Мәжитұлы, Мағаз Разданұлы, Кәсімбай Құсайынұлы, Құрманәлі Оспанұлы, Мақатан Шәріпханұлы, Ерғали Әбілхайырұлы, Құмарбек Сахарин, Ғалым Қанапияұлы, Әлімжан Қатпаев, Қазымбек Арабин, Турахан Жамашұлы, Сәден Әнуарұлы, Ақан Бейхұтұлы, Ахметжан Бөрібайұлы, Дәуітбек Азаматов, Мұратжан Нұрұлы, Жеңіс Шәкенұлы т. б
Біздің топтастыруымыз бойынша ХХ ғасыр ортасында, яғни Қытай империясы азаттық алған 1949 жылдан кейінгі әдебиет сахнасында бой көрсеткен ақындар легі аймақ әдебиетіне тың тебінмен келіп қосылды. алайда 1966 - 1976 аралығындағы «мәдениет зор төңкерісі» әдебиетке де үлкен кесірін тигізбей қоймады. Қалыптасқан әдеби ағым өзіне тән заңдылықтарынан адасты. көптеген ақын-жазушылар құнды туындыларынан айырылып, «тап жауы», «ұлтшыл» деген айдарлар тағылып қуғын-сүргінге ұшырады. Дегенмен әдеби үрдіс өзінің даму процесін жүргізіп жатты. Осы бір солақай жылдарда аталмыш әдебиетте қалам тартқан ақындар тобына төмендегілерді жатқызуға болады: Айтқали Оспанұлы, Айып Нүсіпоқасұлы, Әбденбай Бажайев, Әбдіманап Әбеуұлы, Әбдірахман Қалиоллаұлы, Әкімбай Жапарұлы, Бердібек Құржықаев, Ғинаят Қартабаев, Дәкіл Матқабылов, Дәулетбек Қаңбақов, Дутан Сәкейұлы, Жамалхан Қарабатырқызы, Жүнісхан Бақаев, Задахан Мыңбаев, Қабыл Оспан, , Қыдырхан Мұқатаев, Мұратхан Омарұлы, Нүрила Қызыханқызы, Нұрлан Әбділдаұлы, Райхан Ібінқызы, Рахымет Қойшин, Сәли Сәдуақасұлы, Сейтхан Қалиұлы, Төлеубай Дошықұлы, Ұлыхан Сұлтанқызы, Үмітай Сәтжанқызы, Шәкен Қалиоллаұлы, Шәкен Оңалбаев, Шәмшабану Қамзақызы, Шәдат Нұрсапақызы т. б
ХХ ғасырдың соңғы кезеңі атап айтсақ, 80-90 жылдары қытайдағы қазақ әдебиетінің форма, мазмұн жақтарынан толысып, тақырыптық ауқымы кеңейген гүлдену кезеңі болды. Атап айта кетерім, бұл жерде бітіру жұмысының көлеміне байланысты ақындардың басты-бастыларын ғана тілге тиек етіп отырмыз олар мыналар: Балапан Рабатов, Дабыр Әбділдаұлы, Азия Мағыперқызы, Қабай Сүлейменұлы, Қайрат Ахмерұлы, Мұрат Шаймаранұлы, Серік Әбілұлы, Тәпей Қайысханұлы, Ынтымақ Сәдуұлы, Мұратхан Шоқанұлы, Мағаз Мәлікұлы, Ерлан Нұрдыханұлы, Алмагүл Жұмажанқызы, Құрлысхан Тәлиянқызы, Дәулетжан Патихұлы, Жаңатай Қабдыкарымұлы, Жеңіс Төлеубайұлы т. б.
Осы аталған үш кезең барысында ХХ ғасырдағы қытай қазақ поэзиясы дамып кемелденді. Мазмұн мен форма жағынан толысып, жаңа түрлермен байыды. Төменде әр кезең ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталатын боламыз.
1. ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
XX ғасырдың 20-50 жылдары Қытайдағы қазақтардың мәдени-әлеуметтік өміріндегі әр алуан қайшылықтардың әбден шиеленіскен кезі болды. Қоғамдық жүйелердің ауысу-арбасуы рухани дүниеге қатты әсер етті. Аталмыш кезең әдебиетінің өзіне дейінгі ұлттық әдебиет пен сабақтастығы, жалғастығы болды, сонымен қатар шығармашылығы тұрғысынан елеулі ерекшелігі, атаулы айырмасы да жетерлік еді. Профессор З. Сейтжанұлы бұл кезең әдебиеті туралы былай дейді: « ХІХ екінші және ХХ ғасырдың алғашқы жарымына дейін бұл өлкедегі әдебиеттің басты ерекшелігі - идеологиялық (партиялық) талап-таным мен таптық тұрғыдан жазу болған жоқ. Қайта әлеуметтік шындықты батыл айтып, ашық жырлады. Ал ХХ ғасырдың екіші жартысынан бастап басқаша дамыды. »[2, 184б] Осы тұста халық әдебиеті үлгілері көп басылды, баспасөз дами бастады. Қытай қазақтарының арасында Қазан, Ташкент баспаларынан шыққан кітаптар көптеп таралды. Әдеби өмірде жазбаша әдеби сын да қалыптасты. Мұның бәрі әдеби-мәдени өмірдің оқиғалары болса, әдебиеттің ішкі мазмұнында, сыртқы пішінінде өзгеру, жаңару үрдістері де байқалды. Абай поэзиясындағы реалистік дәстүрдің, алаш ұранды әдебиеттің ықпалы да аз болмады. Оған қоса діни-ағартушылық әдебиеттің сарындары да әсер етті. Нәзирашылдық да дамыды. Кейбір нұсқалардан зар заман әдебиетінің сілемдері айқын аңғарылды. Ескіше оқыған-тоқығаны мол, жаңаша сауатты әдеби орта қалыптасты. Қытай мемлекетінде, тарихи-мәдени салада болып жатқан өзгерістердің де әсер-ықпалы зор болды.
Теңсіз қоғамның тегеуріні мен езгісі асқындап тұрған, халық тұрмысы нашарлаған, қараңғылық пен надандық, теңсіздік, әділетсіздік жайлаған құбылыстың бәрі де сол кездегі көзі ашық, көңілі ояу, зерделі азаматтардың жанын толқытып, жүрегін сыздатты. Елдің күйкі тірлігіне күйзеліп, мешеу тұрмысына қамығып, туған халқын өркениет аясына кіргізудің қамын ойлады, ол үшін ғылым, білімнің мәнін түсіндірудің қажетілігін сезіне, ағартушылық бағытты ұстана бастады. Бірде бір кездегі Дулат, Шортанбайлар тәрізді бүлінген елдің болмысын, ел сенген “жақсылардың” қорқау кейпін толғаса, бірде Ыбырайша мектеп ашып ұрпақтарды сауаттандырып, санасын оятуға ұмтылды. Абайша толғап арлы іс қылуға, ғылым, білімді меңгеруге шақырды.
Арғы тарихы қазақ халқының өнерімен өзектес, желілес XX ғасырдың алғашқы жартысындағы Қытай қазақтарының жазба әдебиетінде поэзия жетекщі жанр болып, бірімен-бірі ілесе, қатарласа шығып, бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып, әдеби орта қалыптастырған Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбайұлы, Асылхан Мыңжасарұлы, Шарғын Әлғазыұлы, Шылбы Көмекұлы, Досбер Сауырықұлы, Асқар Татанайұлы т. б. ақындар белгілі бола бастады. Бұлар өз дәуіріндегі қоғамдық өмірді өздерінше шолып, өздерінше толғады. Өз заманының шындығын шығармаларына арқау етті. Қалың қауым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Ұлтхалық тағдырын, замандәуір келбетін сөз етті. Бұлар қоғамның, әлемнің даму бағыттарын бағамдап қана қалмай, қоғамдық ой-санаға әсер етті. Өздерінің ұстанған бағыттарын адамдардың рухани жаңаруына пайдалануды, заманның қатқан қатігез заңдарына әсер етуді, іргелі елдердің қатарына қосылу үшін надандықтан арылып, білімге, ғылымға ұмтылуды насихаттады
1. 1 діни ағартушылық бағыттағы ақындар
Ағартушылық идеяның дамуын айқындайтын шығармалар беру тұрғысынан келгенде, көш басында Ақыт Үлімжіұлы (1868-1940) тұрары анық. Міне, осы бір кезеңде, бір өлкеде өмір кешкен ақындардың басқы буынында тұрған ағартушы ақын, халықшыл қайраткер Ақыт Үлімжіұлы өзінің түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғайтын, алуан тақырыпқа жазған туындыларының ішінде ағартушылық, сонымен қатар діни-ағартушылық идеяларды сабақтастыра өрбіткен, оның дамуына бар қажыр-қайратын жұмсаған ақын болды.
Ақыт ақын болумен бірге Қытайдағы қазақтардан тұңғыш мектеп ашып, бала оқытқан ұлағатты ұстаз, ғұлама ағартушы. Ол 40 жылға жуық бала оқыту қызметімен шұғылданып, Ыбырай Алтынсарин секілді өлең мен ағартушылықты қатар алып жүрген. Осыған сәйкес ағарту идеясы көп өлеңдерінде басым орын алады.
Өз ұлты - қазақты қатты сынаған адамның бірі - Ақыт. Ұлы Абай да кезінде өз ұлтын көп сынап еді. “Ішім толған у мен өрт” деп қазақ үшін қапырық жұтып, өмірден күңіреніп өтіп еді. Ақыт та Абаймен үндес болды. Ол да өз ұлтын сынай отырып, халқын оятуды, тік тұрғызуды, серпілтуді, қараңғы түнектен шығарып, еңсе көтертуді, сөйтіп, озық елдер санатына қосуды мақсат етті. Осындай өскелең мақсатпен ақын қазақтың бойындағы мінін жасырмай айтып, оны ер-азамат намысына көтере сынай келе, осы індеттерден құтылудың жолын да қарастырады. Ақыт қазақты көктетпеген дерт ретінде: надандық, өнер-білімнен құр қалған көрсоқырлық, талапсыздық, ынтасыздық, тамағы тойғанына мәз болушылық, жалқаулық, тоғышарлық, бойкүйездік, керенау-кереғарлық, есерсоқ дарақылық, даурықпалық, шаруаға қырсыздық т. б. атап көрсетеді. Ақын қазақтың осы міндерін көзге шұқып, көкейге нұқып көрсетіп, сынмен жасқап алып, ақылмен жетелеуді нысана етеді. Сондықтан ақынның бұл топтағы өлеңдері көбінесе ақыл-кеңес, үгіт-насихат түрінде келеді.
Ақыт халықты жоғарыдағыдай дерттен арылту үшін өнер-білім үйренуге, оқу-ағартуға, мәдениетке, береке-бірлікке, бір ауыздылыққа, адамгершілікке, ізгілікке шақырады. Тер төгіп еңбектенуге, өте-мөте отырықтанып, егін салуға үндейді.
Ақыттың 30 жылдардан бұрынғы өлеңдерінде көбінесе діни-ағартушылық ағымның белгілері анық байқалса, кейінгі туындыларында ақынның азаматтық биікке көтерілгені айқын аңғарылады.
Қазақтың демократ ақын-жазушылары секілді Ақыт та, ғылым-өнер арқылы ұлтты құтқаруға болады деп ұғынды. Ұлттың еркіндікке, мәдени және саяси жақтан теңдікке жетуінің негізі - ғылым, өнер деп есептеді. Өркениетті, озық өредегі ұлттарға теңесудің кілті - оқу-ағартуды жаппай жалпыластыру деп ұққан ақын өлеңін де, өмірін де ағартуға арнап, озық елді үлгі ете отырып, халықты жаппай біліммен қарулану керектігін жатпай-тұрмай насихаттайды.
Тат бастырмай жүректі,
Өткір қылып қайраңдар.
Өнер-ғылым үйреніп,
Бұлбұл құстай сайраңдар.
Бала оқытып мектеп сап,
Ағартып елді жайнаңдар!-
деген ізгі тілегін білдіреді.
Ғылым сәуле нұр жарық,
Оқымай болмас құр жарық.
Тырманып ғылым оқысаң,
Жүрегіңе тоқысаң,
Көресің сонда бір жарық.
Оқысаң, тоқысаң ғана - көзің ашылады десе:
Біз жатырмыз жабырқау,
Ғапыл, жаһыл самарқау.
Суға жүзіп, көкке ұшқан
Елге қарап таңырқау.
Ұйқыны аш, елім, тұралық,
Адамшылық қылалық . . .
Деп, “суға жүзіп, көкке ұшқан елге қарап таңырқау”, самарқау, ұйқыда жата бермей, бас көтеріп, жан-жағыңа көзің сал, білім иеле деп жар салады.
“Байлық” деп тек мал жинаумен күн өткізіп, өзге елдің көшіне ілесе алмай, мәдениеттен кенже қалған елінің күйкі тірлігіне күйінеді.
Зауыт жоқ, қазына жоқ мал сақтаған,
Мал бағып бай дегені салпақтаған.
Аспан, су, жер астымен жүрді бәрі,
Жатырсың әлі ұйқыда жалпақ табан.
“Бытырап тау мен тасты көше бермей”, заман талабына сай егін егіп, отырықтасуды ұсынады.
Ақынның елді мәдениетке, еңбекшілдікке, талаптылыққа, береке-бірлікке, адамгершілікке шақыруы да оның ағарту идеясымен астасып жатады.
Өнер-ғылым үйреніп,
Алыстан істі көзделік.
Қыдырып шай мен ет іздеп,
Ауылдан-ауыл кезбелік.
Баттасып бекер жатқанша,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz