БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-8

1 ЖАҢА ЛИВАН ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1. 1 Ливанның сыртқы саясатындағы дағдарысы және Израильдің сионистік агрессиясының жаңа сипаты . . . 9-14

1. 2 Ливан Хезболласы және Таяу Шығыстағы террорлық саясаттың белең алуы . . . 15-19

1. 3 34 күнге созылған Израиль-Ливан соғысының барысы мен салдары . . . 20-23

2 БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС

2. 1 Ливандағы АҚШ-тың саяси ұстанымдарының астыртын сипаты . . . 24-40

2. 2 Израиль-Ливан соғысы - жаңа «Таяу Шығыс жоспарының» бір көрінісі . . . 41-49

2. 3. Жаңа үлгідегі Таяу Шығыс жоспарының іске асырылуы және оның сәтсіздігі . . . 50-54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55-56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57-59

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Соңғы кездері Израильдің агрессиялық сипаттағы саясаты күн өткен сайын өрістеп келеді. 1948 жылы Парсы шығанағында құрылған бұл мемлекет АҚШ-тың қолдауымен туын тіккені баршаға аян. Сол Екінші дүниежүзілік соғыстан бастау алған Парсы Шығанақтағы саяси-экономикалық тұрақсыздық аймақтағы елдердің мазасын қашырып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Ал 2006 жылдың жаз айында Израильдің Ливанға қарсы шабуылы әлем дипломатиясына әсерін тигізіп, барлық мұсылман халықтарының үрейін ұшырды. Осы тұста бұл соғыстың мақсаты мен негізгі бағыттарын анықтау аса маңызды мәселелердің бірі екендігін ешкім жоққа шығара алмайтынын атап өткен жөн. Себебі Ливанның орналасу жағынан географиялық маңыздылығы мен оның трансұлттық инфрақұрылымы тек АҚШ-тың емес, барлық Еуропа елдерінің қызығушылығын сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап арттырған.

ХХІ ғасырдың басында өзекті тақырыпқа айналған АҚШ-тың «ислам терроризмі мен экстремизміне қарсы» күресі бүгінгі таңда айқын көрінісін тапты. АҚШ аймақтағы негізгі стратегиялық мақсатын ашып көрсетті, яғни жаңа Таяу шығыс жоспарының жүзеге асырылу мәселесі. АҚШ бұл жобаны КСРО ыдырағаннан кейін күн тәртібіне еңгізді. Оның бастамасы Таяу шығыстағы мұнай факторынан бастап, Каспий айналасындағы елдердің шикізат қорымен тұйықтайды. Бірінші кезекте АҚШ Ирактағы сунниттер мен шиттерді бір біріне айдап салып, күрдтер орналасқан аймағын, екінші кезекте Түркияның шығыс жағында орналасқан күрдттер орналасқан жерлерді, үшінші кезекте Ирандағы күрдтер орналасқан аймақтарды бөліп алып, тұтас «марионеттік Курдистан» атты жаңа мемлекетті дүниеге әкелуді жоспарлауда. Осыған байланысты Ливан мен Сирияның орналасу маңыздылығын атап өткен жөн. Себебі, егер аталған жоба жүзеге асырылған жағдайда Парсы шығанағы мен Каспий мұнайын арзан бағамен тасымалдаудың жаңа альтернативті құбыр төсеу мәселесі ортаға шығады. Ал бұл құбырды аталмыш Ливан мен Сирия жерлерінен Еуропаға тасымалдау тиімді болып тұр. Сондықтан АҚШ қазірден іргетасын қалап, Израильді көрші Ливан мен Сирияға айдап салып отыр.

Осындай, астарында саяси-идеологиялық, экономикалық және практикалық маңызы бар жобалардың түп тамырын, бұл жобаларды жүзеге асыру барысындағы бейкүнә адам ресурстарының шығынын, Орта және Таяу шығыстың құрылымдық маңызын, 2006 жылы 34 күнге созылған және бүгінгі күнге дейін бір шешімге келмеген Израиль мен Ливан арасындағы соғыс негізінде ашу диплом жұмысының маңыздылығын арттыра түседі.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде халықаралық қатынастарға белсенді қатысып, әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін өз үлесін қосуда. Орталық Азияда орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайы мүлдем өзгеруімен Таяу Шығыс және Азия елдерімен нығая түсті. Ел тәуелсіздігінің екінші онжылдығына қадам басып отырған бүгінгі уақытта, халқымыздың рухани өрлеуі мен тарихи санасы қалыптасып жатқан өтпелі кезеңде, қазақ мемлекетінің алыс және жақын шет елдермен қарым-қатынас жасап, байланыстар орнатуға қызығушылығы артып отырғаны рас.

Соңғы жылдары халықаралық қарым-қатынастар жүйелері, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстар және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық құқықтық принциптер мен ережелер шапшаң әрі сапа жағынан күрт өзгерістерді бастан кешіруде. Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау және сырттан агрессияға жол бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Халықаралық қатынастардағы қоғамдық өмір мен іс-әрекеттердің әр түрлі салаларындағы өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаюы кезінде немесе басқа сөзбен айтқанда, жаһандану жағдайында мемлекетаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға шығарды.

Таяу Шығыс аймағы Қазақстан сыртқы саясатының басымдық жүйесінде елеулі орын алады және бұл бағыттағы жұмыс өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктерге назар аударуды талап етеді. Мұнайдың бай қорын игеру бұл елдер экономикасына ортақ шикізаттық сипат қана емес, олардың сыртқы саяси бағытын белгілеп береді. Израильден басқа Таяу Шығыс мемлекеттернің ішкі және сыртқы саясатына Исламның ықпалы зор. Әділетті шешімін жарты ғасырдан бері таба алмай келе жатқан араб-еврей қақтығысындағы оның рөлін жоққа шығара алмаймыз. Араб елдеріне өзінің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, жерін сақтап қалу мәселесі маңызды болып отыр.

Таяу және Орта Шығыс елдерімен сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықтың Қазақстан үшін практикалық құндылығы бар. Олармен тарихи, діни және гуманитарлық байланысты кеңейту мұсылман қазақ халқы үшін пайдалы болып саналады. Қазақстан дипломатиясы Таяу Шығыстағы жанжалды реттеу үрдісін белсенді түрде қолдап келеді. Палестинаның халқы өз егемен мемлекетін құруын Қазақстан толық мойындайды және сонымен қатар Израильдің қауіпсіз өмір сүруге деген құқығын да жоққа шығармайды.

Қазақстан Таяу Шығыстағы жанжалды реттеу үрдісінде БҰҰ, ЕО, АҚШ және РФ сияқты негізгі демеушілерінің күш-жігерлерін, сондай-ақ келіссөздерге қатысушы тараптардың ізгі ниеттерін аймақтағы барлық мәселелерді шешу жолындағы Израиль мен Араб елдерінің бейбіт келісімге қол қоюын қолдайды.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі . Ливан мен Израиль арасындағы қақтығыс күні кеше болып өткендіктен, оны монография немесе көлемді зерттеу жұмысы деңгейіндегі еңбектер әлі күнге дейін жоқ десек қателеспейміз. Дегенмен, бұл соғыстың түп тамыры сонау Екінші дүниежүзілік соғысқа барып тірелгендіктен, мәселенің жалпылама айқындалуына қатысты бірқатар Ресейлік ғалымдардың жұмысы бар. Атап айтқанда Н. И. Палиенко, С. Н. Бабурин, Генри Киссинджер, Гуго Гроций, В. Л. Цымбурский, А. Бурачас, Н. Я. Данилевский [1] жанама тақырыпқа қатысты мәселелерді айқындаған. Олардың жұмыстары Парсы шығанақтағы жалпы жағдайды анықтауда аса маңызды болып табылады.

Парсы шығанағындағы мұнай факторының маңыздылығы мен мұндағы соғыстардың себептері мен салдарын, барысы мен соғыс барысындағы статистикалық есептерді беретін С. Ю. Ключниковтың, А. Г. Дугиннің, А. С. Панариннің, Н. С. Трубецкойдың [2] жұмыстарын атаған жөн.

Израиль-Ливан соғысына тікелей қатысы бар сараптамалық және аналитикалық жұмыстар шетелдік және отандық мерзімді баспа беттерінде жарық көрді. Әсіресе соғыс барысындағы күнделікті адам шығындарын және әлемдегі алпауыт елдердің ұстанымдарын айқындайтын мақалалар басылып отырды. Б. Бейсенұлы, С. Әмірбекұлы, Сұлтан Әли, Н. Қуантайұлы Израиль-Ливан соғысын айқындайтын күнделікті хабарлама мақалаларды жариялап отырды. Бұл авторлардың жұмысы Қазақстандық және діни тұрғыдан жазылғандығын атаған жөн. Себебі мақалаларды парақтау барысында ондағы біржақтылық ұстаным көзге түседі [3] .

Диплом жұмысының негізгі мазмұны мен құрылымына қатысты аналитикалық мақалалар Ресей Федерациясының ресми басылымдары мен интернет желісінде жарық көрген. Олардың қатарында Мишель Эльбаздың «Ливанская война может продолжится в Центральной Азии», Ростбалттың ресми сайтында көрініс тапқан « Израиль отрицает большие людские потери Ливана» атты мақалалары аса құнды болып табылады.

Жалпы алғанда диплом жұмысын жазу барысында басым бөлік тарихнамалық сараптамалық мақақалар интернет желісі мен «Егемен Қазақстан», «Дала мен Қала» атты басылымдардан алынды. Сонымен қатар Израиль-Ливан соғысының негізгі себептері мен барысын айқындау үшін Қазақстандық интернет желісінен пайдаланылды. Олардың қатарында ҚР Президентінің ресми сайты мен Хабар телеарнасының ресми сайтынан алынған құнды материалдар болып табылады.

Қарастырып отырған тақырыпқа тарихнамалық сараптау қазақ, израиль, араб, палестиналық, ағылшын, француз, неміс, ресей ізденушілерінің, сондай-ақ американдық, мұсылман мемлекеттерінің және ТМД елдерінің жеке авторларының еңбектерін зерттеу негізінде жасалды.

Қойылған міндеттер мен мақсаттарды ашу үшін ең басты көптеген ізденушілердің қызығушылығын туғызған жалпы араб-израиль соғысынаң негізгі кезеңдерін ашып беретін Э. Р. Дюпюи, Н. Хайтер, К. Т. Хартли, О. Карр, Р. Дуан сияқты еуропалық ғалымдар, саясаткерлер және көрнекті дипломаттардың осы тақырыпқа арналып жазылған зерттеу жұмыстарын, публицистикалық еңбектерінен алынды.

Осы жұмыстар Еуропа елдері Таяу Шығыс мәселесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Комитетінің қарарларын негізге алады. Дәстүрлі Еуропа елдері аймақта саяси, әсіресе экономикалық ықпалын сақтап қалу мақсатында бейбіт реттеу үрдісінде белсенді рөл атқаруға бар күшін жұмсауда, алайда оның қаншалықты нәтижелі екенін және ол ұмтылысы араб елдері тарапынан толық қолдау тауып отырғанын ашып беруге бағытталған. Сонымен қатар Маастрихт келісімі бойынша Одаққа мүше елдердің біртұтас сыртқы саясатының жоқтығы оған бұл аймақта жанжалды реттеуге белсенді қатысуына кедергі тудыратындығы анықталады. Таяу Шығыс мәселелерін зерттеп жүрген израильдік ғалымдар, саясатшылар және дипломаттардың еңбектері көп пайдаланылды. Олар Й. Альпер, М. Бар-Он, Г. Котляр, З. Кац т. б.

Халықаралық тақырыпқа арналған зерттеулер Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап дүниежүзілік қауымдастыққа кіруімен басталады. Қазақстан үкіметі, Сыртқы істер министрлігі және ғалымдар мен сарапшылар әлемдік мәселелелермен, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдаймен шұғылданып, соның әсерінен жаңа еңбектер жарық көре бастады.

Бұл салада зерттеу жүргізгендердің ішінде белгілі ғалымдар, дипломаттар, саясаткерлер Қ. Тоқаев, Ж. Ибрашев, Қ. Байзақова, К. Қожахметов, Б. Әміреев, С. Батыршаұлы, К. Жұмағұлов және тағы басқаларын айтуға болады.

Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» және «На пороге 21 века» кітаптары және басқа еңбектері сыртқы саясаттағы бағыттарды анықтау үшін құнды еңбек болды. Біздің елдің Таяу Шығыс мәселесіне қатысты саясаты Қ. К. Тоқаевтың «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Дипломатия Республики Казахстан», «Беласу» еңбектерінде толығынан ашылып берілді. Қазақстанның аталмыш аймақтағы елдермен өзара тиімді геосаяси және геоэкономикалық ынтымақтастық тұрғыдағы мүдделілігіне жан-жақты талдау жасалған.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. 2006 жылы 34 күнге созылған Израиль-Ливан соғысының түп тамырын зерттеу қарқыны Отандық тұрғыдан алғанда күн сайын арта түсті. Себебі Таяу Шығыстағы саяси үрдістердің белең алуы қайткен күнде де Орталық Азияға әсерін тигізбей қоймайды. Мұндағы басты мәселе экономикалық факторлардан бастама алса саяси-идеологиялық үрдістермен жалғасады. Сондықтан бүгінге дейін жарық көрген материалдармен ХХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басындағы Ливан мемлекетінің сыртқы саясаты негізінде Израиль-Ливан соғысының түп тамырын, оның барысы мен аймақтағы трансұлттық процестерге әсерін айқындауды алдымызға мақсат етіп қойдық. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді айқындауды жөн көрдік:

- Ливанның сыртқы саясаттағы дағдарысының басталуы мен ондағы Израиль сионистік агрессиясының себептерін ашу;

- Ливандағы Хезболла ұйымының қызметі мен қоғамдағы рөлін айқындау және Таяу шығыстағы террорлық әрекеттердің аймақтағы тұрақтылыққа деген кері әсерін көрсету;

- Бір ай көлемінде жалғасын тапқан соғыстың барысы мен оның негізгі салдарын пайымдау;

- Таяу шығыстағы АҚШ-тың жаңа саяси ойындары мен жобаларына баға беру және оны көрсету;

- Ливан дағдарысына деген Батыс елдерінің ұстанымдарын және мәселенің шешілуінде БҰҰ-ның қызметін көрсету;

- Израиль-Ливан соғысының АҚШ үшін жаңа Таяу шығыстағы жоспарларының бірі екендігін дәлелдеу;

- Қазақстанның Таяу Шығыс дағдарысына қатысты ұстанымдарын айқындау.

Д иплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында бірқатар түп деректер айналымға тартылды. Олардың арасында ресми басылымдарда жарық көрген мемлекет басшылардың сөздері мен жолдаулары, БҰҰ-ның Резолюциясы, Израиль Вице-министрі Шимон Перестің Вашингтондағы үндеулері мен сөздері, Англияның үкімет басшысы Т. Блэрдің АҚШ-тың Президенті Дж. Бушпен кездесудегі сөйлеген сөздері негізге алынды.

Диплом жұмысының харонологиялық шеңбері. Диплом жұмысында 2006 жылы 34 күнге созылған Израиль-Ливан соғысы негізге алынды. Осы соғыстың нәтижесінде Таяу шығыстағы АҚШ үшін практикалық маңызы бар жаңа саяси-идеологиялық ойындары мен жобаларын айқындау және оның әлем дипломатиясына әсерін көрсету үрдістері қарастырылады.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау, әрбір тарауда үш тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғаш рет Таяу Шығыстағы Еуропалық Одақтың, Ресейдің және Қазақстанның жүргізген саясаты бір жүйеге келтіріліп, жан-жақты талдаумен бірге қалыптасқан жаңа көзқарас тұрғысынан сипатталды. Зерттеліп отырған тақырыптың өзі Қазақстан тарих ғылымына жаңа көзқарастар енгізбек. Шетелдік, оның ішінде еуропалық және ресейлік тарихнамада Таяу Шығыс мәселесі, оның тарихы мен болашағы түрлі қырынан зерттелгенімен, аталмыш тақырып Еуропа Одағының аймақтағы саясаты БҰҰ-ның белгілі шешімдері аясында беріліп, ерекшеліктері айқындалып, тұжырымдар жасалған. Диплом жұмысында Қазақстанда тұңғыш рет араб-израиль жанжалын реттеу жолдары, Еуропа Одағының саясатына жүйелі тарихи талдау жасалып, зерттелмеген жаңа аспектілері көрсетілген. Еуропа Одағына мүше елдердің Израиль және Палестинамен қарым-қатынастары қазақстандық ғылымда мемлекеттік қазақ тілінде алғаш рет жан-жақты айқындалды.

Жұмыстың жаңалығы тұңғыш рет Қазақстан ғылымында Таяу Шығыс мәселесіне қатысты БҰҰ негізгі қарарларына жүйелік талдау жасалды.

Қазақ тарих ғылымында бірінші рет еліміздің Таяу Шығыс мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуының тарихын кешенді түрде көрсетуге ұмтылыс жасалды. Әлемдік интеграцияның жаһандану жағдайында Таяу Шығыс мәселесінің орны мен рөлін анықтау, проблемалары мен болашағын тарихи аспект ретінде зерттеу, тақырыптың ғылыми жаңалықтарының бірін құрайды.

Тұңғыш рет Израиль, Палестина, Египет, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ағымдағы және мұрағаттағы құжаттарына, шет елдердің елшіліктердің құжаттарына, ақпараттарына израиль мен араб тарихшылары мен саясаткерлерінің, еуропалық ғалымдардың еңбектері, мемлекет басшыларының мәлімдемелері, саяси және қоғам қайраткерлері мен көрнекті дипломаттардың пікірлерін тұтастай талдауға қадам жасалды.

Осы зерттеу еңбекте алғаш рет қазақ ғылымында араб-израиль шиеленісінің туындауы, қазіргі жағдай мен оны реттеудің болашағы, еуроодақтың аймақтағы елдермен дәстүрлі тарихи, саяси, сауда-экономикалық саласындағы мүдделері мен оның болашақ мүмкіндіктері көрсетілген. Зерттеу жұмысының теориялық-методикалық негізіне тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану, философия ғылымдары қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, осы салалардағы жетекші ғалымдардың, қоғам, мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат және оның принциптері мен теориясы туралы жазған еңбектері алынды. Сондай-ақ мүдделі Еуропа Одағының Таяу Шығыс мемлекеттерімен халықаралық құқық пен қарым-қатынастардың нормалары мен принциптеріне негізделген байланыстарды зерттеуді ұйғарған тарихи ұстаным принципі жатады.

Зерттеуші жұмысты жазу барысында арнайы ілгері зерттеулерді, сондай-ақ осы салада жазылған тарихшылардың, саясаттанушылардың, халықаралық қатынастар мамандарының мақалалары мен басқа да публицистикалық еңбектерін ғылыми тұрғыда жинақтау мен сараптау әдісіне сүйенді. Объективтік принципті пайдалану зерттеу тақырыбына байланысты деректерді және тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтарымен, күрделіліктерімен қоса жан-жақты зерттеуге негіз болды. Сондай-ақ аймақтағы бейбіт реттеу үрдісінің күрделілігін, әртүрлілігін және қарама-қайшылығын көрсетуге мүмкіндік туғызды. Біздің пікірімізше, Таяу Шығыс дағдарысы жарты ғасыр бойы әділетті шешілмей отырғаны ол- араб елдерінің бірауыздылығының жоқтығы, олардың әскери жағынан Израиль мемлекетін бірбетті де ашық қолдауы, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары мен шешімдерін, дүниежүзілік қауымдастықтың пікірін Израиль үкіметінің мойындамауы, араб-израиль бейбіт келісімдерінің Тель-Авив тарапынан орындалмауы ең басты себептер болып отыр.


1 ЖАҢА ЛИВАН ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

  1. Ливанның сыртқы саясатындағы дағдарысы және Израильдің сионистік агрессиясының жаңа сипаты

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем саясатының екі идеологиялық бағытта дамуы, АҚШ-тың Таяу Шығыста өзінің «қуыршақ» мемлекетін құру идеясы 1948 жылы жүзеге асырғаны баршаға аян. Сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін Таяу Шығыстағы саяси үрдістердің шиеленісі тоқтатылмай келеді. Оның әрине, астыртын сипаты бар екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Біріншіден, экономикалық себептерден туындаған саяси-практикалық сипаты бар Израильдің сионистік ұстанымы, Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнатылуына мұрша бермей келеді. Мұндағы мұнайға бай мемлекеттер мен олардың маңызды трансұлттық инфрақұрылымы Ұлыбритания мен Францияны, сонан соң АҚШ-ты сол ХІХ ғасырдың соңынан қызығушылығын тудырған-ды.

Екіншіден, Таяу Шығыстағы діни фактор ондағы тұрақсыздықтың жаңа формасына айналды. Кезінде АҚШ-тың терроризм мен экстремизмге қарсы соғыс жариялауы бүгінде тек исламмен байланыстырылып келеді. Сондықтан, мұндағы сионистік ұстанымның екі формасы қалыптасты: біріншісі-Таяу Шығыстың мұнайын әлем ықпалынан ада етіп, тек өз мақсатында пайдалану, екіншісі, қазіргі кездегі Иран мен Ресейге, сонан соң Түркия мен Қытайға қарсы бағытталған жаңа формадағы күрес. Сол үшін Израильдің сионистік саясатының агрессиялық ұстанымының мазмұнында АҚШ-тың әлемді билеуге ұмтылған жаңа формадағы «қырғи-қабақ» соғысы десек қателеспейміз.

Біршама уақытқа тынышталған Израиль және Ливан қақтығысы бүгінгі таңда қайта жалғасып келді. Осы уақыт аралығында халықаралық қауымдастық Израиль-Ливан шиеленісін реттеу туралы қызу талқы жүргізді. Дегенмен одан оң нәтиже байқалмады. Бұл мәселеге тікелей араласып отырған БҰҰ мен Еуроодақтың келіссөз мінбері тиімділік танытпады. Сондықтан бұл шиеленісті реттеу қазір оңайға түспей отыр.

Ливандағы атыс-шабысты тез арада тоқтату туралы талабы бойынша бас қосқан ЕО мемлекеттері өзара келісімге келе алмай жүрді. Аталмыш альянстың 25 мүшесінің ішінен Ұлыбритания, Германия, Польша және Чехия қарсы болып келді. «Біз аталып отырған мәтінмен келісе алмаймыз, ал оның орнына «әскери әрекеттерді тез арада тоқтату қажеттігі туралы» деп резолюцияға өзгерту енгізу керек», - деді британдық делегация өкілі [4] . Дегенмен, нәтижеде дипломатиялық жағдайлар ескеріле отырып, резолюция мәтініндегі сөз «атыс-шабысты ұзақ мерзімге тоқтату мақсатында барлық мүдделі тараптың жауласу әрекеттерін тез арада тыюға шақырамыз» деп өзгертілді. Жалпы, мәтін шиеленісті реттеуде оң рөл атқарғанымен, бұл аталған елдердің осы мәселені шешу мерзімін ары қарай ұзартқысы келіп отырғандықтарын танытса керек.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс халықаралық қауымдастық алдында аталмыш шиеленістің бір аптада шешілетіндігін айтып, оған кепілдік берген еді. Ол Таяу Шығыста ресми сапармен болып қайтқан болатын. Израиль премьер-министрін өз елінде қабылдап, оның отанында да болған К. Райс бұл мәселені шешуге барлық жігерін жұмсап келді. Алайда ондағы шиеленісті жағдайдың жалғасуы АҚШ үшін пайдалы екендігін ұмытпаған абзал. Дегенмен, К. Райстың Таяу Шығыстағы турне бағытын Ливанға бұрып жіберді. Ливан К. Райсты қабылдаудан ресми түрде бас тартты. Сондықтан АҚШ мемлекеттік хатшысының екі елді татуластырудағы келіссөзі тек бір жақты болып қалды. Сондықтан оның мәлімдемесіне күдікпен қарауға әбден болады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бірнеше отырыс өтіп, аталмыш шиеленістің реттелуі туралы сөз болғанымен, Израиль әскерилері Оңтүстік Ливандағы БҰҰ бейбіт әскерінің үстінен бомбалап өткен. БҰҰ бұған ашу білдіргенімен, оны басты одақтасы АҚШ-тың ықпалы тырп еткізбей отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Халықаралық жағдай (1945-1953) жылдар
АРАБ ЕЛДЕРІ. ИЕРУСАЛИМ ТАҒДЫРЫ
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы араб-израиль шиеленісі
Ирактағы ішкі саяси жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz