АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
- Грамматика туралы жалпы түсінік және грамматиканы оқыту . . . 4
1. 2 Ағылшын тілі грамматикасының қалыптасу мен зерттелуі . . . 7
1. 3 Ағылшын тілі грамматикасындағы лингвистикалық мектептер мен
зерттеу бағыттары . . . 11
- ГРАММАТИКАНЫҢ ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Белсенді граматикалық минимуммен жұмыс істеудің әдістері . . . 20
2. 2 Грамматикалық материалды түсіндіру жолдары. …. 26
2. 3 Ағылшын тіліндегі зат есімнің түрлері . . . 33
2. 4 Ағылшын тіліндегі етістіктердің әр түрлі шақтарда қолданылуы ережелері . . . 37
2. 5 Сөздерді грамматикалық топтарға топтастыру . . . 46
2. 6 Практикалық жаттығулар мен қолдану тәсілдері . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл білімі ғылымында грамматика саласының ғылыми мәселелерінің зерттелуі үлкен орын алады. Дипломдық зерттеу жұмысы ағылшын тілі грамматикасының қалыптасуы мен өзіндік ерекшеліктерін талдауға және зерттеуге арналған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ұсынған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау міндетін айқындап берді. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» [1, 2, 3] . Сол үш тілдің ішінде ағылшын тілі өте маңызды орын алады. Жат тілді игеруде салыстырмалы- тарихи және типологиялық ізденістердің нәтижелері үлкен лингводидактикалық қызмет атқарады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жеке тілтанымдық пән ретінде грамматика ағылышн тілінде ертеден-ақ зерттеліп, ХV-XVI ғасырларда теориялық негіздемелері қалыптаса бастады. Қазіргі кезде грамматика ғылымының бірнеше жеке салалары бар. Олар: функционалдық грамматика, практикалық грамматика, морфология, синтаксис. Сондай тіл бірліктерінің бірі - сөз. Барлық сөз таптары жеке микротілдік сала ретінде сөз қорынан құралады. Сондықтан сөздің грамматикалық реңкінің зерттелуі ең кемінде үш үлкен салаға (сөз табына (мысалы, етістікке), лексикологияға, құрылымдық жіктелуге) тікелей қатынасы бар. Яғни, тіл бірлігінің грамматикалық қасиеттерінің зерттелуі тіл және тілдесім дихотомиясын қамтиды.
Бүгінде саласында грамматикалық ізденістер алып баратын ғалымдардың, ғылыми мектептердің арасында грамматиканың біраз ұғымдарына байланысты бірнеше пікір пайда болған. Қазіргі кезде грамматикалық ғылыми ізденістердің маңызын көтеру үшін, зерттеу қорытындыларының әділ болуы үшін әр түрлі тіл бірліктерінің грамматикалық қасиеттерін жекелендіріп зерттейді. Сондай шағын салалардың бірі - етістіктің грамматикалық ерекшелігі.
Жоғарыда айтылған ғылыми мәселелер дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ағылшын тілі грамматикасының қалыптасуы туралы ғылыми еңбектер.
Зерттеу жұмысының пәні. Ағылшын тілі грамматикасының тарихи және құрылымдық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Ағылшын тіліндегі грамматикалық ерекшеліктерді танып-білуде негізгі мәселелрді анықтау, талқылау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты бірнеше міндеттердің шешімін табуды талап етеді:
- Ағылшын тілі грамматикасының салалары аралық білім негізінде қарастырып, оның негізгі ұғымдарының бірі -морфема, сөз, сөйлем ұғымдарының түрлерін анықтау, зерттеу;
- Ағылшын тілі етістігінің грамматикасының морфологиялық ерекшеліктерін қарастыру, айырмашылықтарын айқындау;
- Ағылшын тілдері етістігінің грамматикалық ерекшелігіне тоқталу;
- Грамматика саласының шығу, қалыптасудағы зерттеу еңбектерін салыстыру, грек, латын тілдері элементтерінің жіктемелерін қарастыру, қолданылу салаларын анықтау, сипаттау;
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында лингвистикалық зерттеу, компоненттік анализ, статистикалық талдау және салғастырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Ағылшын тілі грамматикасының салалары аралық білім негізінде қарастырылып, оның негізгі ұғымдарының бірі - морфема, сөз, сөйлем ұғымдарының түрлерін анықталды;
- Ағылшын тілі етістігінің грамматикасының морфологиялық ерекшеліктері қарастырылып, қолданылу ерекшеліктері сипатталды;
- Грамматика саласының шығу, қалыптасудағы зерттеу еңбектері қарастырылып, грек, латын тілдері элементтерінің жіктемелері жасалды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Дипломдық еңбектің материалдарын, қорытуларын ағылшын тілі практикалық, теориялық грамматикасы, ағылшын тілі тарихы сабақтарында қолдануға болады.
З ерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Дипломдық жұмыстың материалдарын, қорытуларын жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін ағылшын тілі грамматикасы, салғастырмалы тіл білімі, жалпы тіл білімі, салыстырмалы грамматика пәндері бойынша лекция және практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, арнайы курстар мен семинарлар жүргізуде, оқулық жазу, сөздік жасау барысында көмекші құрал бола алады. Бұл жағдай зерттеме болашағының (перспективасының) кең және терең екендігін айқындайды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Грамматика туралы жалпы түсінік және грамматиканы оқыту
Белсенді грамматикалық минимуммен жұмыс істеудің әдістемесі. Біз алдымен граматикалық минимумды айтпастан бұрын, әдіс дегеніміз немесе оқыту әдісі мен оқыту құралдарына келейік.
Әдіс дегеніміз- гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа шындыққа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Ал, оқыту әдісі дегеніміз - танымдылықты оқыту іс- әрекетіне байланысты және сөздік байланысы, олардың қозғалысын қарастыруға болады.
Оқыту әдісі дидактикалық негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Себебі оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны және әдіс-тәсілдері ұйымдастырудың формаларының біртұтастығы болып табылады. Оқыту құралдарына: оқу кітаптары, көрнекі құралдар, техникалық құралдар жатады.
а) оқу кітаптары - оқулықтар, сөздіктер, есептер жинағы.
ә) көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, суреттер, карталар.
б) техникалық құралдар - үн таспа, телеарна, бейнетаспа, т. б.
Ал, грамматикалық минмуммен жұмыс істеу дегеніміз - біз шет тілін үйрететін болғандықтан, шет тілінің грамматикасын үйренбей біз сөйлей жаза алмаймыз. Өйткені ауызша тілде де, жазбаша тілде де грамматиканы білмей біз бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Мысалы, сөз лексикалық мағына мен қатар сол лексикалық мағына жалпылануы арқылы грамматикалық мағына да береді. Сөз лексикалық мағына арқылы басқа сөзден дараланып отырса, грамматикалық мағынасы арқылы басқа сөздермен жақындап, топ құруға бейімделеді. Мысалы, ағаш.
1) Лексикалық мағынасы: «ағаш» - өсімдік
2) Грамматикалық мағынасы «парта» - құрал, зат есім, жалпы есім
Тілдің грамматикалық құрылымы деген ұғымға формалары мен жүйесі сөздің бірімен бірі қатынасы тіркесі, сөйлем құрауы жатады. Грамматиканың екі саласы бар: морфология, синтаксис.
Морфология - морфема ретіндегі сөз, оның формалары, сөз тұлғалары арқылы білдіретін ілім. Соның арқасында грамматикалық мағына грамматикалық форма және грамматикалық категория ұғымдары туады. Сөздің түрленуі қызметі айқындалып сөз таптарына топтасады. Грамматиканы оқытудың мазмұны шетел тілін оқытудың мақсаттары мен мінедеттеріне байланысты. Оқыту белгілі мақсатқа бағынышыты болғандықтан әрбір белгіл уақыт мөлшерімен шектелгендіктен, грамматикалық материалды шектеп іріктеп алу қажет. Шетел тілінде сөзді меңгеруге қажетті грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін біршама жаттығуларды орындау қажет.
Тілдегі оқушылар меңгеруге тиісті грамматика, лексика фонетика деңгейлерінің асамаңыздысы грамматика. Өйткені белгілі бір тілдің аз да болса сөздің құрылымын игермей, шетел тілін іс жүзінде меқгеру мүмнін емес.
Осы уақытқа дейін кейбір мұғалімдердің төмендегідей пікірін естуге болады. «Менің оқушыларым грамматиканы біледі, бірақ қате солейді, қате оқиды».
Бұл пікір грамматиканының негізін, және шет тілі үйретудегі ролін түсінбеушілігінен келіп шыққан. Грамматиканы сөйлуден айыруға болмайды, грамматикасыз сойлеудің әртүрлі формаларын білу мүмкін емес. Грамматика сөздік және дыбыстық құрамы сойлеудің негізін құрайды.
Грамматика ұйымдастырушы роль атқарады. Дыбыстардан тұратын сөзге мән беруде біркелкі форма береді мысалы: «Саған кітапты мен бердім», бұл грамматиканың морфологиялық бөлігі бұл сөз формалары сөзтезбеке, сөйлеме, тақырыбына біріктіріліп осы тиісі лайық синтаксистік схемаларда беріледі: «Мен саған кітапты бердім» бірінші сөйлемді айтқан адам өзіне грамматикалық міндетіме алады (Н. Н. Зимняя) . Мый қабаттарында стереотиптер әрекет етеді олар сөздердің бірігіп осы мәнісінің ережелерін береді. Стереотиптер жүйесі әр бір адамның ана тілінде грамматиканың жекелеген және білмеген ережелерін береді. Шет тілін үйренуде осы индуктивтік жүйесі пайдаланып грамматикалық формаларды пайдалану керек.
Шет тілінің үйренуде ана тілінің де шет тілінің де грамматикалық құрылыстарын білу керек, олардың айырмашылықтарын тексеру керек.
- Ана тілі адамдар қарым-қатынастағы ең бірінші қурал, ана тілі бала күннен бастап тіршілік ортаға бейімдеп біле бастайды шет тілі екінші құрал, оны мектепте, ана тілі әбден қалыптапсқаннан кейін біле бастайды. Шет тілі бала үшін тіршілік құралы емес, сондықтан оны үйренудің неге керегі барын анықтап алу керек
- Ана тілін бала нақты тілдік мол ортада үйренеді, оны тез және қиналмай біліп, оның заңдылықтарын қалыптастырады. Ал шет тілін мектепте бөтен тілдік ортада үйренеді. Мұнда тіл заңдылықтарын білуде негізгі база жоқ. Соңдықтан шет тілінің грамматикасын үйренуде сол тілдің теориясына сүйену керек, және теорияны сөйлеу практикасымен қоса алып барып оның формаларын санаға сіңіру керек. Бұл принциптің грамматиканы білуде рөлі көп. Бұл грамматиканың жалпылаушы мәнісінен көрінеді. Бұл жерде грамматика көп сөздердің біркелкі формаларын бірден береді. (мысалы түрлі жалғаулар) сөздерді дұрыс пайдаланып тілді үйренуге көп септігін тигізеді.
Мысалы «S» жолғауы ағылшын тілінің барлық 3-ші жақ Present Indefinite. етістіктерінде бар. Әрбір тілдің грамматикалық заңдылықтары бар оларды айыру, жаттап алу, қиын емес. Себебі адамның жадта сақтау қалеті. Жекелеген атамадан гөрі жалпылама түсініктерді сақтауға бейімдірек.
Резниктің айтуы бойынша лексикадан грамматиканың басымдылығын көрсетеді. Ол Суворовтың «пуля-дура», «штык - молодец» бұдан «лексика - ақымақ, грамматика-молодец» [4, 45б. ] . Граматиканы үйренудегі барлық әдістерінің негіз-саналылық принципте әрбір әдістің рамкасында теория мен практиканың қатынастары қарастырылған. Тек теорияны практикалық теорияны дәелдейтін оның фактілерсіз грамматиканы үйрену мүмкін емес, керсінше тек практика оның граматикалық заңдылықтырына сүйенбесе шет тілін білу мүмкін емес. Белсенді грамматикалық минимуммен жұмыс істеу барысын, әуелі бастауыш грамматикалық активін, репродуктивтік, кейін рецептивтік істерді, бұл екі шаманың біріншісі мектепте оқытуда басты роль атқарады.
- Ағылшын тілі грамматикасының қалыптасу мен зерттелуі
Тіл білімінің дамуы Британ аралдарындағы саяси, экономикалық өзгерістермен тығыз байланысты қарастырылады. Өйткені ағылшын тілі грамматикасы, дәлірек айтқанда латын тілі грамматикасы, дұрыс жаза және оқи білу қағидалары орта ғасырлық білім беру саласында «бірінші орынды» иеленеді [5, 47б. ] . Сол себепті де тіл білімін ағылшын тілі тарихынан бөліп қарастыру мүмкін емес. Осы тұрғыда лингвистика саласының ғылым ретінде Еуропада грамматикалық зерттеулердің басталуы және олардың алғаш ағылшын тілінде дүниеге келгендігі аса маңызды.
Жалпы ағылшын тілі тарихын үш кезеңге бөлу ағылшын тілі білімі тарихында дәстүрге айналған деуге болады. Бұл туралы мәліметтер барлық ағылшын тілі тарихы оқулықтарында берілген. Атап айтсақ, И. Р. Гальперин, И. А. Расторгуева, И. А. Арнольд, Н. Ф. Блейк, В. Д. Аракин, Р. С. Резник, Т. С. Сорокина еңбектері ағылшын тілі тарихының қалыптасуы мен даму заңдылықтарын әр бағытта қарастырған болатын. Ағылшын тілі үндіеуропа семьясының герман тілдер тобына жатуы бұл тілдің тарихы да сол семья тілдері тарихымен тығыз байланысты екенін танытады. Тіл мен мәдениетте де адамның табиғатына тән негізгі қажеттіліктер, талаптар өз көрінісін табады. Қоғамның, адамның және тілдің арасында қызметтік-генетикалық байланыс олардың болмысын білу үшін осы үшеуінің де қызметін зерттеуді қажет етеді.
Ағылшын тіл білімі терминологиясының қалыптасу ерекшелігіне тоқталар болсақ: бірінші кезең - Old English - көне ағылшын тілі кезеңі немесе Anglo-Saxon деп аталады және б. д. -дің V-XII ғасырлар арасын қамтиды. Бұл Британияда қоныс тепкен көне тайпалар Англдер мен Саксондардың б. д. -дің III-Vғғ. -да Британ аралдарын жаулап алуымен байланысты. Олар елді жаулап қана қоймай, өз тілдерін күштеп енгізді. Бұл кезеңде жазба тіл қалыптаспаса да, VIIIғ. көне жазбалар мен ескерткіштердің болғаны туралы мәліметтер бар. Көне ағылшын тілі “Runic Alphabet” -«Рюник альфавиті» 26 әріптен тұратын. Латын тілі әліпбиі жетінші ғасырда Христиан дінімен бірге еніп орнықты. Көне ағылшын тілінде көптеген диалектілер мен жазба ескерткіштер болғанымен, грек, латын тілдері сияқты өлі тілдер қатарына жатады [6, 39-42бб. ] . Сонымен қатар 1066 ж Нормандардың басқыншылығы ағылшын тіліне үлкен өзгерістер әкелген. Олардың көне француз тілінде сөйлеуі және өз тілдерін, мәдениетін күштеп енгізуі көне ағылшын тіліне әсер етпей қалмайды.
Екінші кезең -Middle English -орта кезең - б. д. XII-XV ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең ағылшын тіліндегі көптеген грамматикалық, семантикалық өзгерістермен, қысқартулармен, заңдылықтармен байланысты. Ағылшын тілі тарихының дамып қалыптасуына көптеген факторлар әсер етті. Әсіресе XI ғасырға дейін созылған Скандинавтар басқыншылығы ағылшын тілі тарихын ғана емес, тілін түбірімен өзгертті. “Англия жеріне Скандинавтардың басқыншылықпен енуі ағылшын тіліне: сөздік қорына, грамматикасы мен фонетикасына көптеген өзгерістер енгізді [7, 50б. ] .
Үшінші кезең - Modern English - жаңа кезең. Бұл кезең екіге: Early Modern English, яғни, бастапқы жаңа кезең және Late Modern English - кейінгі жаңа кезең болып бөлінеді. Негізгі ағылшын тілінің бекіп, нағыз даму кезеңі XV-XVI ғасырлардағы баспа жұмысымен басталады. Бұл ғасырларда тұңғыш «қиын сөздердің» сөздіктері жарық көрді: “Грамматика модельдері” XV ғасырдағы тұңғыш ағылшын латын сөздігі болып табылады. Бұдан басқа да сөздіктер тілге тиек бола алады, мысалы: «Сөздер өмірі немесе нағыз итальян, ағылшын сөздерінің сөздігі» Джон Флорио, 1598ж., «Француз, ағылшын сөздігі» Клаудис Холлибэнд, 1593ж., Ағылшын, латын, француз тілдерінің сөздігі, Дж. Баррет, 1573ж. т. б сөздіктер ағылшын тілінде алғаш лингвистика саласының жемісті еңбектері болып саналады [8, 115-116рр. ] .
Негізгі үш кезеңнің айырмашылығын Хенри Суиит 1873 жылы «Көне ағылшын кезеңі тілінде жұрнақтар мен жалғаулар өте көп болуы, орта ағылшын кезеңі инфлекциялардың орталануы, ал ағылшын тілінің жаңа кезеңі инфлекциялардың жоғалуы кезеңі» деп көрсеткен. XI-XII ғасырларда латын, француз, ағылшын тілдерінің Англияда қатар қолданыста болғандығы жөнінде мәліметтер көп. Бұған елдегі саяси жағдай әсер еткен. 1400 жылдар шамасындағы француз, латын тілдерінің әсері әлі күнге сақталып, ағылшын лексикасында да, дыбысталу үлгісінде де, синтаксисте де қалыптасып қалған [9, 114р. ]
Ағылшын саясаты мен экономикасы сияқты әдебиеті мен тіл білімі саласы XVI ғасырда гүлденіп дами бастады. Әсіресе, әдебиеттің барлық жанрлары-драма, поэзия, проза және әдеби сынның дамуы көптеген лингвистикалық терминдерді қажет етті. Осы кезде грек, латын классикалық жазушылары Е. Спенсер, К. Морлоу, В. Шекспир, Б. Джонсон, Бию Монт, Флетчер т. б. жазушылардың еңбектері аударылып, сандаған грек, латын терминдері мен архаизмдердің қалыптасып дамуына ықпал етті. Әсіресе Е. Спенсер мен У. Шекспир еңбектерінің аудармаларында француз, латын тілдері негізіндегі көнерген сөздер мен терминдер сол қалпында алынған. Осы кезеңде ағылшын тілі дамып қалыптасуына үш негізгі принцип әсер етті:
1. Классикалық грек, латын әдебиеттеріне деген қызығушылық классикалық грамматика, фонетика мен риториканы ағылшын тілі негізінде қалыптастыруды көздеді.
2. Көне ағылшын тілінің морфологиясы мен синтаксистік нормаларын сақтап, көне француз және латын тілдеріне қарсы күрес жүргізілді.
3. Ауызекі тілге қарай бағытталған сөздер мен сөз тіркестерін өз еркінше қолдануға тырысушылық байқалды.
XVI ғасырдан бастап ағылшын тілінде тұңғыш ғылыми еңбектер мен жөндеу жұмыстары көптеп жүргізіліп, ғылыми тілдің негізі жасалды. Міне, осы ғасыр ағылшын тілінің нағыз шарықтау кезеңі болып саналады. Бұл іске үлкен жеміс қосқан дүние жүзіне әйгілі ең көне университеттер: Оксфорд және Кембридж болып табылады. Олардың баспа жұмыстары арасында сөздіктермен бірге лингвистика саласындағы зерттеу еңбектері де өте көп болған.
Мәселен, 1585ж. жазылған «Ағылшын тілінің қысқаша грамматикасы» грамматикалық лингвистика саласының ғылым ретінде қалыптасу дәуірінен бұрын жазылған еңбек ретінде танылады [10, 4б. ] .
О. Есперсон атауға тұрарлық еңбектер ретінде төмендегі еңбектерді атауын басқа да ғалымдар құптайды, олар: Гинзбургтың «Ағылшын сөздерінің лексикологиясы», 1580ж., У. Буллокардың «Жиі қолданылатын ағылшын сөздерінің орфографиясы», А. Гиллдің «Ағылшын тілі логоманиясы», 1621ж., Ч. Батлердің «Ағылшын грамматикасы» 1634ж., Дж. Купердің «Ағылшын грамматикасы», 1685., Дж. Джонстың «Практикалық фонографиясы», 1701ж. және Дж. Уолкердің «Тарихи грамматикасы», 1801ж. [11, 38р. ] .
Осы кезеңдер ағылшын тілінің шын мәнінде барлық талаптарға сай дамып, ақпарат құралдары Америка, Британия, Нигерия, Индия, осы сияқты ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің қайсысында болмасын болар-болмас айырмашылықтары болғанымен, өзара түсінікті екендігін атап өтеді [12, 95-96рр. ] . Бұдан сол кездің өзінде ақпарат құралдары терминдерді қалыптастыруға негіз болғандығын байқауға болады.
Дегенмен, келесі ғасырлардағы ғылым мен әдебиетке бетбұрыс француз тілі арқылы енген латын терминдерін қолдануға себеп болды. Тіпті ғалымдардың өздері латын, француз тілі грамматика терминдерінің қалай дұрыс дыбысталатынын білмеген кездері болған. XVII ғасырда ағылшын әдеби тілінде реттеу мен жөндеу жұмыстары жүргізілді, көптеген үлгілер мен ережелер жүйелі түрде іске асырыла бастады. Тұңғыш лингвистикалық грамматикалық сөздіктер XVIIғ. басынан бастап жарық көрді. Ағылшын тілі нормаларын жүзеге асыру XVIII ғасырда өз мақсатына жетіп, тілдік нормалар мен жүйелер, ережелер бекітілді. Лингвистиканың көптеген салаларында зерттеулер жүргізілуі тіл терминдерінің қалыптасуына, дыбысталу заңдылықтарының ережелеріне сүйене отырып, кірме терминдердің қалыптасуына жағдай жасалды. Ағылшын ұлттық тілінің негізін ХҮІ-ХҮІІ ғасырда У. Шекспир, В. Джонсон, Спенсер еңбектерімен сабақтастыра отырып, А. С. Уайлд соңғы үш жарым ғасыр ішінде қалыптаса бастаған ағылшын тіліне 2 фактордың әсерін ерекше атап көрсетеді. Бірінші фактор- тілдегі жақсы қоғам жасауға тырысушылық, көп іс қағаздарындағы бақталастық, екіншісі -тілді мәдени жолға қою бағытыңда тілге енгізілген жөндеулер тілдегі бұрыннан қалыптасқан сөздік қорды мүлде жұмсартып жіберуі. Осы факторларға елдегі, қоғамдағы, саясат пен экономикадағы жағдайлар әсер етті деп түйіндей келе, жаңа ғасырлар кезеңі тілді мәдени түрде ерекше сөйлеуге, көптеген тіркестерді үйренуге, сөздік қордың әдеби арнаға бет бұрғанын атап өтеді. Көптеген грамматикалық терминдердің дүниеге келіп танылуын XIX ғасырдағы жалпы білім беру жүйесінің басталуымен және ақпарат құралдары -газет журналдар, теледидар, радио қызметке қосылуымен байланыстырды [13, 18-19рр. ] .
XIX ғасырда тіл стильдері -беллетристика, публицистика, ғылыми проза мен функционалдық стильдердің дамуы және өркендеуі ауызекі тіл мен әдеби тілді алшақтата түскен. Стильдің қалыптасуы тілде: anaphora, climax, antithesis, dialect, detached construction сияқты көптеген тіл терминдерінің қалыптасып, анықтамаларының берілуін қажет етті. Тіл тарихында жойылып кеткен көне сөздерді қайтадан термин ретінде қалыптастыру жағдайлары көптеп кездесті.
1. 3 Ағылшын тілі грамматикасындағы лингвистикалық мектептер мен зерттеу бағыттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz