Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени
біліктілігін қалыптастыру
1.1 Әлеуметтік - мәдени біліктілік ұғымына анықтама және оның
ғылымда зерттелу деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік
әлеуметтік - мәдени құзырлығын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс
... ... ... ... ... ... .37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік
міндеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын
көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және
олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі
компоненттері ... ... ... ... ... .. ... 63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени
компоненттің рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге
асырылу түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 70
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80

Кіріспе

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші
ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана
алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл
мақсатқа жетуде тіл-ұлт-мәдениет үштігін өзара тығыз байланыста
қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті
қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді
этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде
студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным
сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал
мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта
жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек
тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт
дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].
Негізінен Шет тілінің әлеуметтік - мәдени біліктілігін оқыту
мәселесі ғылымда орын алған жаңа бағыттың бірі екендігіне қарамастан
әртүрлі отандық және әлем ғалымдарының Халеева И.И, Тер-Минасева С.Г,
Сысоев В.П, Выготский Л.С, Құнанбаева С.С. зерттеу жұмыстарының нысанына
айналған..
Сонымен бірге мәдениеттану біліктілігі тілді нақты бір жағдайда
қолдануды анықтайтын және міндеттейтін фактор ретінде оған көп көңіл бөлу
керек деген С.В.Сенченконың пікірмен келісеміз. Әлеуметтік-мәдени
біліктілік біздің түсінігіміз бойынша нақты бір әлеуметтік ортада тілді
лингвистикалық, психологиялық, мәдени қабылданған әлеуметтік ережелерді
білу. Бұл ережелерді оқушыға меңгерту табиғи жолмен әлеуметтік және
қатысымдық ара-қатынасы кезінде сол қоғамның өміріне әлеуметтік мәдени
құрамдас бөлігін енгізген білім берудің мазмұнын жаңарту керек. Шет тілін
оқыту мазмұнының әлеуметтік-мәдени құрамдас бөлігі студенттің
мәдениетаралық еркін қатынас алуға себеп болатынын таныстыруға, әртүрлі
ұлттардың мәдениетін түсініп, құрметтей білуге, үйретеді десек, оның мұндай
маңыздылығы әлеуметтік-мәдени біліктілікті теориялық және практикалық
тұрғыдан тереңірек зерттей түсуді қажет етеді. Қоғамдық сұраныспен
ұштасып жатқан әлеуметтік мәдениет құрамдас бөлігін енгізген білім берудің
мазмұнын жаңарту керек. Шет тілін оқыту мазмұнының әлеуметтік - мәдени
құрамдас бөлігі студенттің мәдениетінің диалогқа еркін қатыса алуға себеп
болатын тұлғалық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады .
Өз кезегінде әлеуметтік - мәдени біліктілік қатысым
құзіреттері: тілдік біліктілік, сөйлеу біліктілігі, оқу-танымдылық
біліктілігімен қатар жүретін негізгі құрамы.
Сонымен, әлеуметтік - мәдени біліктілік дегеніміз не?
Әлеуметтік-мәдени біліктілік дегеніміз - оқып жатқан тіл елінің немесе
елдерінің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктері туралы білімін кеңейту, тілдік
және тілдік емес іс-әрекетті сол ерекшеліктерге сай қолдана білуін дамыту,
өз елі мен оқып жатқан тіл елінің жалпы және жеке мәдени ерекшеліктерін
айыра білу (Н.И. Гез., Н.Д. Гальскова) [2; 27]
Осы ережеге қарап, бұл іскерлік өзінің негізі бойынша өте
күрделі және оны меңгеруге еңбек керек екенін көрсетеміз. Әлеуметтік -
мәдени қатысымға түсу үшін жақсы дайындық қажет. Аудармалардың тұлғалық
қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі .
Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мәселесінің бірі
мәдениетаралық қарым-қатынасты Шет тілінде сөйлеуші ұлттың тілдік және
әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай дұрыс қолдана алатын білімді де,
мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде тіл-ұлт-
мәдениет үштігі өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттердің
әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет
тілін оқытудың бұл өзектілігі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты.
Соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-
дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды
талап етеді. Бүгінгідей ғаламдық жаһандану кезеңінде, ғылым мен техниканың
қарыштап дамыған ХХІ ғасырда әлемнің көшбасшы елдері мен алпауыт
мемлекеттерінің жетегінде кетпес үшін, жас тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде еліміздің экономикасын көтеріп, өндірістерін жандандыру
маңызды болмақ. Ол үшін ең алдымен отандық білім және ғылымды дамыту қажет.
Әрбір қазақстандық қызметкер, болашақ білікті кадрлар – бүгінгі студенттер,
оқушылар мен жастар білімді болуы тиіс. Біртұтас әлемдік қауымдастықты
қалыптастыру үрдістері мен интеграциялық қалыптастыру үдерістері,
халықаралық қарым–қатынас салаларының кеңеюі сияқты ғаламдық процестер
қатарына халықаралық ынтымақтастықты ғылыми білім-беру тұрғысынан
қамтамасыз ету мен қарым–қатынас салаларында мәдениетаралық байланысты
арттыру мәселесін білім беру жүйесінің, атап айтқанда Қазақстан
Республикасы жоғарғы оқу орындарының басым міндеттерінің біріне айналдырып
отыр. Қоғам өмірінің барлық жақтарының ғаламдану нәтижесінде өзара
тәуелді, біртұтас дүниежүзілік және әлеуметтік-мәдени көп өлшемді
кеңестіктің қалыптасу динамикасы мен қарқыны білім беру жүйесінің алдына
халықаралық кәсіби–мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті
мамандарды даярлау міндетін; түрлі әлеуметтік мәдени бірлестік өкілдерінің
белсенді қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік маңызы
зор міндеттерді қояды.
Зерттеу мәні. Жоғары оқу орындарында Шет тілін оқытуда студенттердің
әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру әдістемесі.
Берілген жұмыстың мақсаты. Шет тілін оқыту кезінде студенттерге, әлеуметтік
- мәдени біліктілікті қалыптастырудың теориялық негізде анықтау. Осы
негізге сүйене отырып арнайы әдістеме жасау.
Берілген жұмыстың міндеттері. Қарастырылып отырған мәселенің ғылымда
зерттелуін анықтау әлеуметтік - мәдени біліктілік ұғымының тілін оқыту
процесінде қолданудың мазмұнын ашып көрсету.
Жаңа электронды-педагогикалық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
әлеуметтік-мәдени біліктілігін қалыптастыру процесін ғылыми - практикалық
тұрғыдан негіздеу. Шет тілі елінің мәдениеті бойынша сабақтар мен
талаптардың мақсаттарын қалыптастыру.

Ағылшын тілі сабағындағы шет тілі елінің мәдениеті туралы зерттеу
фактілерін талдау. Сабақта қолданылатын тіл және мәдениет реалияларын
қарастыру және олардың шет тілі сабақтарында практикалық
қолданылуын,тәрбиелік құндылығын талдау.
Теоретикалық маңызы. Шет тілі сабақтарында мәдениеттанулық фактілер қазіргі
таңда кеңінен қолданылуда. Берілген тәсілді теория түрінде дәлелдеу және
оны қолдануда лайықтылығын талдау қажет.
Практикалық маңызы. Жүргізілген жұмыс нәтижелері шет тілі сабағында
мәдениет туралы фактілерді және білім беру мен тәрбиелеу мақсатында
реалиялардың кейбір ерекшеліктерін де қолдану қажет деп қорытындылауға
мүмкіндік береді.
Ғылыми жаңалығы:
1. Әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың лингвомәдени,
лингвокогнитивтік, прагматикалық, коммуникативтік парадигмалары анықталды,
олардың ұқсас және айырым белгілері көрсетілді;
2. Жалпы білім берудің ішінде тілдік білім берудің өзіндік әдіс-
тәсілдері,
қиындықтары мен психологиялық бейімділік пен қабілеттілік өлшемдері
айқындалды.
3. Шет тілін оқыту арқылы әлеуметтік-мәдени біліктілікті
қалыптастыруды зерттеген қазіргі ғалымдардың тұжырымдамалары салыстырылып,
әдістеменің бағыттары анықталды. Соның ішінде қазақ-ағылшын тілді тұлғаны
қалыптастыруда тиімді қолданылатын әдістерге талдау жүргізілді.
4. Әрбір ұлт тіліндегі реалияларды таныту арқылы сол ұлттық әлеуметтік-
мәдени болмысын тіл үйренушіге терең сіңірудің түрлі жолдары көрсетілді.
Әдістер: 1. Лингвомәдениеттанымдық әдіс. Әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті
қалыптастыру үшін ең тиімді әдіс. Себебі, бұл әдіс арқылы оқытылатын екінші
тілдің ұлттық-мәдени болмысын терең тануға болады және аударуға келмейтін
төл ұлттық тіл бірліктеріне ұқсас баламаны оңтайлы пайдалануға мүмкіндік
береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Абылайдың асындай, Асан қайғыға салыну
сияқты прецедентті тұрақты тіркестерге балама табу үшін тура аударымайды,
мағынасына қарай, молшылық, қайғыға түсу, мұңдану ұғымдарының мәнін
қолдануға тура келеді. Сондай-ақ ағылшын тілінде қыз бала мен бойжеткен
сөздерін сипаттайтын, яғни жас ерекшелігіндегі өзгешелігіне қарай
таңбаланған тіл бірліктері жоқ. Тек жалпы қыз ұғымын білдіретін girl сөзі
ғана кездеседі. Ал орыс тілінде девочка және девушка сөздерінің қазақ
тіліндегі (қыз бала-бойжеткен) балама аударма атаулары бар. Сондай-ақ
ағылшын тіліндегі bank' - өзен жиегі мен shore – теңіз жағалауын білдіретін
екі сөз орыс тілінде бір ғана берег сөзімен ғана таңбаланады. Ал қазақ
тілінде өзен жиегі, теңіз жағалауы немесе өзен жағалауы, теңіз жиегі деген
тіркестер жарыспалы қолданыла береді. Осындай ерекшеліктер
лингвомәдениеттанымдық әдіс арқылы жүзеге асырылады.
2. Контент-талдау әдісі. Берілген мәтінді ойда тиянақтап,
негізгі айтылмақ ойды, басты идеяны, ол мәтінннің нәтижесін тезистеу үшін,
санада терең сақтап, тілдік қолданыста еркін пайдалану үшін, әрбір мәтін
арқылы осылайша тілдік қолданыстың жүйесін игеру мақсатында контент-талдау
әдісі қолданылады.
3. Салыстырмалы-сипаттамалы әдіс. Шет тілін оқыту барысында бұл әдіс
өте жиі қолданылады. Әсіресе фразеологизмдерді, бейнелі сөздерді аудару
кезінде оларға дәл келетін баламаны табу кезінде ағылшын тіліндегі тілдік
бірлікті мәтін мазмұнындағы қолданысын нақты айқындау үшін қазақ немесе
орыс тіліне аударып, салыстыру әдісін қолдану, Шет тіліндегі сөйленістің
сауатты шығуына мүмкіндік береді.
4. Ассоциациялық эксперимент әдісі. Ағылшын ұлтының өкілі мен қазақ
ұлтының азаматына ассоциациялық эксперимент жүргізіп, нәтижелерін салыстыру
арқылы, қарапайым ойлау деңгейіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау.
Мәселен, қазақ баласы бақыт деген ұғымға өмірге келу, жетістікке жету,
балалы болу, ұрпақ өсіру, ата-ананың амандығы, баланың қызығын көру деп
ассоциация беруі мүмкін. Ал ағылшын ұлтының өкілі бүкіләлемге саяхат
жасау, ғарышқа ұшу, мақсатқа жету, сүйіктіммен мәңгі болу, т.б. деп жауап
беруі мүмкін. Олар үшін қазақ секілді балалы болу, ұрпақ жалғастыру аса
маңызды бақыттың қатарына жатпайды. Ассоциациялық эксперимент арқылы
әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің әр ұлт өкілі үшін тепе-тең емес екенін
аңғаруға болады.
Ғылыми болжамы: Тілді меңгерту арқылы өзге елдің мәдениетімен, тұрмыс-
тіршілігімен етене танысудың, сол елдің тұрақты азаматы сияқты әлеуметтік-
мәдени құзіреттілігін қалыптастыру үшін жан-жақты (мәдени, әлеуметтік,
экономикалық, саяси, ұлттық-этнографиялық, дәстүрлі) ақпаратты тіл арқылы
меңгертудің тың әдістемелік технологиясы қажет болды. Осы технологияның
маңыздылығын жұмысымызда айқындап көрсеттік. Әлеуметтік-мәдени
құзіреттіліктің лингвомәдени, лингвокогнитивтік, дискурстық, мәдениаралық
коммуникация аясында қалай қалыптасатыны жөніндегі ұсыныстарымыз болашақта
қазақстандық дипломаттарды дайындауда, мемлекетті танытушы өкілдерді
(представитель) даярлауда, шетелдегі елші-корреспонденттердің тұлғасын
қалыптастыруда кеңінен қолданыла алады. Сондай-ақ жалпы қазақстандық
азаматтардың әлемдік элита ортасында еркін қарым-қатынасқа түсе алуына
септігін тигізеді. Жұмыста ұсынған ғылыми жаңалықтарымыз арқылы ағылшын-
қазақ тіліндегі кейбір ұғымдарды танытудағы ұштастыққа көз жеткізуге
болады. Мәселен, ағылшын және қазақ ақындарының абстрактілі ұғымдарды тану
деңгейі, яғни лингвокогнитивтік өрісі ұқсас болып келеді. Өмір концептісі
қазақ ақындарында тартыс, күрес, бірде буырқанатын, бірде толқынмен
тербелетін теңізбен символданса, ағылшын ақындарында да өмірдің тыныш кезі
мүлгіген мұхитқа, өмірдің қиын сәттері мұхиттың дауылына, штормға теңеледі.

Сондай-ақ ағылшын, қазақ поэзиясында символдау ерекшелігі жағынан
ұқсастықтар кездеседі. Мысалы, емен – жалғыздық символы, тұманды түндер –
қайғы, мұң символы, т.б. Осындай екі елдің ойлау дәрежесіндегі бірізділікті
тіл арқылы айқындап, жастардың әлеуметтік-мәдени құзіреттілігіне сіңірудің
тәсілдері әлемдік қарым-қатынастың биік шыңына қол жеткізуге мүмкіндік
береді

I. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени
біліктілігін қалыптастыру.
1.1 Әлеуметтік - мәдени біліктілік ұғымына анықтама және оның
ғылымда зерттелу деңгейі.
Қазіргі таңда Қазақстандағы Шет тілін үйретудің ең
негізгі міндеттерінің бірі – тілді шынайы және толыққанды
қарым–қатынас құралы ретінде үйрету. Сондықтан да, отандық әдістемеде
дұрыс мәдениетаралық қарым – қатынас және мәдениет диалогын жүргізуге
қабілетті тілдік тұлға даярлау мәселесі алдыңғы орынға шықты.
Жаңа заман талаптары Шет тілін оқытушы ұстаздардың алдына
жаңа міндеттер қойып отыр соған сай Шет тілінде қарым - қатынасқа түсу
бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі
мәдениетаралық байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына
құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне
бағытталып отыр.
Осы мәселені жүзеге асырудың ең басты жолы студенттердің
бойында әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру. Өйткені тіл – ұлт
– мәдениет үштігін өзара тығыз байланысты қарастыру. Қандай болмасын
Шет тілін оқыту процесінің жемісті болуына өз септігін тигізері анық.
Әлеуметтік - мәдени біліктіліктің жан – жақты қарастырмас
бұрын алдымен біліктілік ұғымына тоқталсақ.
Әлемдік тәжірбие бойынша XXI ғасыр жоғарғы оқу орындарының
қызметін және ондағы білім беру мазмұнын анықтауда бірқатар жаңа
тұжырымдық тәсілдердің негізгі бағыттары түзілгендігін көрсетеді. Осы
тұрғыдан алып қарағанда тіл үйренушіге алған білімнің негізінде
өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлауға, білімін толықтырып
дамытуға, сол арқылы сөз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік
тұрғыда өз бетінше дұрыс әрі жауапкершілікпен шешім қабылдауға бағыт
беретіндей болуы тиіс. Білім берудің бұл тұжырымдары бүгінгі таңда жаңа
компетенттілік тәсіл компетенция компетенттілік,яғни соңғы уақыттары
біліктілік ұғымдары арқылы беріліп келеді.
Қазіргі кезде бұл ұғымдардың мән – мағынасын талдауға
арналған ірі ғылыми – теориялық және ғылыми әдістемелік еңбектер
жарық көре бастады.
Мәселен, халықаралық зерттеулерге талдау жасайтын
болсақ,
А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев, С.Е.Шишов, А.А.Кальней, Г.Селевко, И.Д.Фурмин,
А.Г.Каспаржан, Т.М.Ковалева, Д.А.Иванов, К.Г.Митрофанов, О.В.Соколова және
т.б. білім берудегі біліктілік тәсілдің мәселелеріне,
ұғымдар мен құралдарына және оның білім сапасын қөтерудегі
маңызына
тоқталып, ауқымды зерттеулер жүргізуде. Біліктілік терминін алғаш
рет Фердинанд Де Соссюр өз еңбектерінде адамның тек тілдік мағынасында
ғылыми айналымға енгізді.
Қазіргі Шет тілін оқытудың стандартына сай біліктілік
адамның
белгілі – бір ортада әрекет етуге дайындығы және қабілеттілігі
Біліктілікті
игеру – мәдени адамды академиялық білімнің өкілі ретінде
"белсенді",
"әлеуметтік бейімделген" тұлғаға айналдырады. Ол өз кезегінде тұлғаны
ақпарат алмасу мақсатында қарым – қатынасқа түсіп қана қоймай, қоғамда
әлеуметтенуге, сол қоғамды өзгерту мақсатында оған әсер ете алатын
тұлғаға айналуына көмектеседі. [3;2]
Ғалымдар бұл терминге әртүрлі анықтамалар береді .
Мысалы: Шилов З.Е. және Агапов И.Т. анықтамасы бойынша біліктілік
дегеніміз - тұлғаның білім алу барысында меңгерілетін білімі мен
тәжірбиесіне негізделген, оқу – танымдық және еңбек процесінде оның өз
бетінше әрекет етуіне бағытталған жалпы іс - әрекетке қабілеті мен
дайындығы десе [4;58], осы мәндес анықтама Л.П.Борисовтың еңбегінде
беріледі, оған сай біліктілік оқу барысында алған біліммен іскерліктің
күнделікті өмірде әртүрлі практикалық және теориялық проблемаларды
шешуде қолдана алу қабілеті. [5; 58]
Сондай – ақ қазақстандық ғалымдар да ұлттық білім беру
жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіргізу және қоғамдық сұраныстарға
жауап беру мақсатына сәйкес білім берудегі біліктілік моделіне
зерттеулер жүргізіп, оны мектеп, жоғары оқу орны тәжірибесіне енгізу
мүмкіндігін қарастыра бастағаны көңіл қуантарлық жай. Соның ішінде
біліктілік ұғымына өз еңбегінде Д.Н. Кулибаева тереңірек тоқталады.
Сонымен қатар, А.К. Мыңбаева қазіргі білім беруде
компетенттілік тәсіл мәселесін зерделесе, Ш.Т.Таубаева, Н.Э.Пфейфер және
т.б. болашақ оқытудың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесін
қарастыруда .
Ал, М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ғ.З.Байжасарова,
С.Д.Мұқанова, Б.О.Салықова және т.б. біліктілік білім беруді
ұйымдастырудың аспектілеріне зерттеу жүргізуде К.Ж.Қожахметова,
Ш.Е.Демеуова және т.б. тәрбие беру тұрғысынан студенттердің
біліктілігін қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздерін жасауда.
Білім берудегі біліктілік тәсілдерін психологиялық тұрғыда зерттеу
отандық зерттеулер Х.Т. Шерьязданова, Р.А. Сүлейменова, Г.М.
Қасымова, еңбектерінде қөрініс тапқан.

Қазақстандық білім беру жүйесінде жиі қалыптасып жүрген біліктілік
ұғымы - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты мәселелерді
меңгеруі , білуі немесе тұлғаның белгілі бір мәселелер шеңберінде
таным мен тәжірибеге ие болуы деп талқыланып, Е.М. Верещагин, В.Г.
Костомаров, И.Л. Бим, И.В. Елухина, Н.Д. Гальскова сияқты ресейлік және
шетелдік авторлар мен зерттеушілердің лингводидактикасында кеңінен
қолданылады.
Шет тілінде сөйлей алудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, аталмыш
талдаушыға хабардарлық, бір нәрсемен таныс болу дәрежесі деген
анықтамалар қосылуы мүмкін. [6;165]
Біліктілік Шет тіліндегі әдебиеттерде тәжірибе,іскерлік
дағды мағыналарында көбірек қолданса, отандық әдебиеттерде бұл
білім, теория ретінде түсіндіріледі.
Ал психология – педагогика саласында компетенттілік және
компетенция ұғымдарының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі
қалыптаспаған, оларға түрліше мағына беріліп жүр. Психологиялық
әдебиеттерде бұл ұғымға қатысты компетенттілік - жеке тұлғаның
қоршаған ортадағы адамдар мен тиімді қарым – қатынас жасай алу
қабілеті деген түсінік берілген. [7;134]
Шетелдік түсіндірме сөздіктерде компетенттілік ұғымы компетенцияны
меңгеруші ретінді қарастырылады. [8;96]
Берілген анықтамаларға талдау жасай келе, компетенция деп бір –
бірімен тығыз байланысқан білім, біліктілік, дағды және студенттердің
шығармашылық іс - әрекеттерінің жиынтығын айтсақ, компетенттілік деп
тіл үйренушінің білімімен дағдыларын тәжірбиеде күнделікті өмірде
қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін
қолдана алу қабілеттілігін айтуға болады. Компетенция мен компетенттілік
ұғымы, яғни оған қоса біліктілік бірін – бірі толықтырады және өзара
байланысты.
Студенттердің біліктілігі ең әуелі мектепте, сосын жоғары
оқу орнында оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің
негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық
мақсатқа жетуді көздейді. Біліктілік оқу нәтижелерімен қатар студенттің
шығармашылық іс - әрекеттері мен құндылық бағдарламаларының жүйесін
көрсетеді.
Сонымен компетенция немесе қазақ тілінде біліктілік
ұғымы алғаш рет АҚШ – та 60 – шы жылдары білім беру жүйесінде
қолдана бастады. Оның мақсаты еңбек нарығында бәсекелес бола алатын
білікті маман дайындау. [9;27]
Қорыта келгенде біліктілік - бір нәрседен хабардар болу,
белгілі - бір іс - әрекетте білімнің, тәжірбиенің таныс болудың біршама
дәрежесі, тұлғаның қасиеті.
Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік білу барысында
қалыптасқан білімнің, дағдының, іскерліктің жиынтығы деген мағынада
қолданатын біліктілікті қалыптастыру ісінің маңызы уақыт өткен сайын
арта түсуде.

Европалық кеңестің Шет тіліне қатысты материалдарда біліктіліктің
мынадай түрлері көрсетіледі.
Жалпы біліктіліктер және коммуникативтік тілдік біліктіліктер
Жалпы біліктіліктерге жататындар.
1. оқуға қабілеттілік (ability to learn)
2. экзистенциялды компетенция (existential competence)
3. декларативтік біліктілік (declarative competence)
4. іскерліктер мен дағдылар (skill and know – how)
Коммуникативтік тілдік біліктіліктерге жататындар .
1. лингвистикалық компоненттер (linguistic competence - lexical ,
phonological – syntactical knowledge and skill ).
2. әлеуметтік лингвистикалық компоненттер (sociolinguistic
component).
3. прагматикалық компоненттер (pragmatic component ­ knowledge
existential competence and skill and know ­ how relating to the
linguistic system and its sociolinguistic variation) жатады .[10; 3]
Біліктілік мәселесі Д.Хаймс, Р.Уайт, Д.Ж.Равен, И.В.Кузьмина,
А.К.Маркова, Г.Э.Белицкий, А.В.Хуторский сияқты басқа да ғалымдардың
еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда
біліктілікке негізделген білім беру мәселесі (competence ­ based
education) мәселесі Америкада тіл теориясына қатысты Н.Хомский
біліктілікті тілді шынайы жағдайларда (perfomance) игеруден гөрі тек
оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде
қолданса, Д.Хаймс кез-келген тілді жетік үйрену грамматикалық және
лексикалық іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны
әртүрлі жағдайларда қолдануға қажетті біліктілікті қалыптастырумен тығыз
байланысты екенін дәлелдеді, сонымен қатар ғылымға коммуникативтік
біліктілік терминін енгізеді. Ал коммуникативтік біліктілік өз кезегінде
шынайы қарым-қатынас жағдайында аса қажет болатын бірнеше құрамдас
бөліктерге бөлінеді.
Тілдік біліктілік (тілдің графикалық,орфографикалық,лексикалы қ
және грамматикалық жақтары).
• сөздік біліктілік (сөйлеу,жазу,тыңдау және оқу).
• әлеуметтік - мәдени біліктілік (Шет тілінде сөйлейтін халықтардың
әлеуметтік - мәдени портреті).
• компенсаторлық біліктілік.
• оқу танымдық біліктілік (жалпы және арнайы іскерліктер).
Ал А.Н. Шукин коммуникативтік біліктілікті әдістемелік
тұрғыда төмендегідей негізгі компонеттерге бөлуді ұсынады.
1) Лингвистикалық біліктілік
2) Стратегиялық біліктілік
3) Әлеуметтік біліктілік
4) Әлеуметтік - мәдени біліктілік
5) Дискурстық біліктілік .
Біздің ойымызша мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында, Е.И.Пассов ұсынған
Тілді-мәдениет, ал мәдениетті тіл арқылы үйрену, зерттеу мәселесінің
маңыздылығы артқан уақытта әлеуметтік - мәдени біліктіліктің маңызы зор.
Өйткені әртүрлі ғылыми зерттеулер әлеуметтік - мәдени
біліктіліктің дұрыс қалыптаспауы немесе жеткіліксіздігі мәдениетаралық
қарым-қатынас жағдайында оқушыны әртүрлі қателіктерге ұрындыратынын
көрсетті.
Егер кез-келген мәдени қатенің грамматикалық немесе
лексикалық
қателерге қарағанда терең қабылданатынын ескерсек мұндай жағдай қарым-

қатынастың үзілуіне, тіпті мәдениет аралық қақтығыстарға әкеп соғуының
мүмкін екені бәрімізге белгілі. [11;8]
Бүгінгі таңда әдістеме ғылымының өзекті мәселесінің біріне
айналған
әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастыру теориясының негізін салушылар
орыс ғалымдары Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров болды.Олар мәдениетті
білмей тілді жетік меңгеру мүмкін емес деген пікірге сүйене отырып, Шет
тілін үйрену процесінде лингвоелтанымдық білімді қолдану әдісін ұсынды.
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру қажеттілігі
мәдениет пен тілдің өзара тәуелділігіне байланысты. Адам өміріндегі
материалдық және рухани құндылықтар олардың өмір сүру жағдайларына
байланысты тілді толық меңгеру үшін тұлға әлеуметтенуі керек, яғни жаңа
құндылықтарды, қарым-қатынастық жаңа нормаларымен танысуы керек. [12;1]
Енді әлеуметтік - мәдени біліктілік ұғымына берілген
анықтамаларға тоқталып өтер болсақ, олардың бұл терминнің мағынасын
әртүрлі қырынан жан-жақты ашуға көмектесетінін көруге болады.
Л.Н.Полуминаның пікірінше Әлеуметтік - мәдени біліктілік -
қоғам мен мәдениеттің ерекше белгілеріне ие, мұндай белгілер осы қоғам
өкілдерінің қарым-қатынастық мінез-құлқынан яғни, демалысынан , көңіл
көтеру және өмір сүру жағдайларынан, саяси, діни көзқарастарынан
байқалады. [13;15]
Білім беру стандартынан бұл ұғымның бұдан да толығырақ
мағынасын табуға болады: әлеуметтік - мәдени біліктілік (Sociocultural
competence) - басқа мәдениет өкілі бола отырып, тілін үйреніп отырған
халықтың мәдениет ерекшеліктерін білу, олардың салт-дәстүрлерін, мінез-
құлық нормаларын, этикетін білу және олардың қарым-қатынас жағдайында
дұрыс түсінік, адекватты түрде қолдана алу іскерлігі. Тұлғаның әлеуметтік -
мәдени контекст элементтерімен (салт - дәстүрлер, ережелер, нормалар,
әлеуметтік талаптар, елтанымдық білімдер т.б.) танысуын қамтамасыз
етеді. [14;7]
Ғалым Лингвист Ежкина Т.М. әлеуметтік - мәдени біліктілік
студенттерге әртүрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынасқа түсуде ұлттық
реңктегі тілдік лексиканы дұрыс түсіну, қолдану іскерліктері мен
дағдыларын, тілін үйреніп отырған елдің мәдениеті туралы ақпаратты қарым-
қатынас

жағдайында адекватты түрде қолдануын қамтамасыз ететін ұлт пен елдің
қоғамдық өмірі, әлеуметтік стереотиптері, салт-дәстүрі, әдет - ғұрпы,
географиялық, тарихи, сонымен қатар фонетикалық, лексикалық стилистикалық
т.б. өте күрделі білімдер жүйесі - дей келе, әлеуметтік - мәдени
біліктілік пен оның мынандай құрамдас бөліктерін көрсетеді: [15;10]

Сонымен жоғарыда келтірілген ғалымдардың ( Полумина Л.Н., Ежкина Т.М.)
берген анықтамаларына сүйене отырып, әлеуметтік - мәдени біліктілік
дегеніміз - студенттің өздері тілін үйреніп отырған елдің тарихын,
мәдениетін, дәстүрін, этикетін, салт-дәстүрін, наным-сенімдерін,
әлеуметтік, тілдік мінез -құлқындағы ерекшеліктерін, т.б. білуін, және Шет
тілін үйрену процесінде алған осындай білімдерді қарым-қатынас
жағдайларында дұрыс қолдануға қажетті іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыруды талап ететін коммуникативтік біліктіліктің маңызды бір
аспектісі деген қорытынды жасауға болады.

1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік
әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.
Соңғы он жылдықта қазақ қоғамы өміріндегі түбегейлі
өзгерістер, атап айтқанда мемлекет шекарасының ашықтығы, мобильдіктің
кеңейуі, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуы жоғарғы оқу
орындарында, соның ішінде Шет тілдерін оқытуда, көрінісін тапты.
тілін оқытуда білім беру мен дағды, дамытумен шектеліп қалмай, әлеумет
талабымен анықталатын қасиеттері бар жаңа типті тілдік тұлғаны
қалыптастыруға септігін тигізіп, білім беру үрдісінің бірінші кезекті
мақсаттары болып шығып отырады және тілдік жоғары оқу орын
студенттерінің кәсіптік бағдарлы өзге тілді коммуникативті
дайындықдеңгейін көтеруді көздейтін жоғары білім беру стандарттарын
жасауда есепке алынады. Болашақ кәсіптік қызметтің өзгешелігі
тілдік жоғарғы оқу орын студенттерінің шет тілі мен мәдениеттік
тәжірибелі игеруінің ерекшеліктерін анықтайды. Студенттердің кәсіби
қызметі мәдени ынтымақтастық шеңберінде тұлға аралық шиеленістер мен
мәселелерді шешуге бағытталған. Оның сәттілігі коммуникацияның ұлттық
– өзгешелік лингвистикалық және психологиялық тәртіптік параметрлерін
игеруге, өзге тілді мәдениет иесінің құндылық бағдары жүйесімен
таныстыққа негізделген. Сонымен кәсіптік оқытудың бөлшегіндей
әлеуметтік- мәдени құзырлықты қалыптастыру болашақ
мамандардың кәсіби міндеттерді шешуге септігін тигізеді, атап айтқанда
шет ел қызметтестерімен әлеуметтік интеракцияға дайындығын қамтамасыз
етеді, эмпатияны дамытады, шиеленісті жағдайларды шешудің,
қабылданатын шешімдер салдарын болжаудың дағдысы мен әдетін
қалыптастырады. Студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени
құзырлығын қалыптастыру өзге тілді әлеуметтің коммуникативті
тәртібінің әлеуметтік - мәдени өлшемдерін зерттеудің арқасында
мәдени аралық ынтымақтастық жағдайларында кәсіптік қызметін жүзеге
асыруға мамандардың анағұрлым толыққанды тілдік дайындығын қамтамасыз
етеді.
Студенттерді өзге тілді мәдени аралық қатынасқа оқыту
кәсіби бағдарлы болуы керек және психологиялық ұғымдар мен
оқиғаларды салыстыру мен талдауға бағытталған, кәсіптік мәдени аралық
әрекеттестік әдеттегі жағдайлардың үлгісін жасауға негізделген
мәдени танымдық мәселелік тапсырмалар кешені негізінде жүзеге
асырылуы қажет .
Әлеуметтік - мәдени құзырлық деп өзара зерттеулі
лингвистикалық мәдени ортақтықтарды салыстыру, мәдени аралық
өзгешіліктерді түсіндіру мен мәдени аралық өзара түсіністіктің
бұзылу жағдайларында барабар қимылдау қабілеттілігін түсінуге болады
(Р.П. Мильруд, Е.С. Полат); тіл иеленуші пайдаланатын шет тілінің
әлеуметтік - мәдени контексті туралы және осы контекстің жеке
лингвистикалық қалыптың коммуникативті күшті әсері мен таңдауына
ықпал ететін тәсілдері туралы түсініктіде айтады (М. Байрам).
Жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік - мәдени құзырлықты
қалыптастыру және дамыту шеңберінде өткізіліп жатқан зерттеулер
болашақ мамандарды шет тілін кәсіби бағытталған оқытуда әлеуметтік
-мәдени аспекттің рөлін анықтау әрекеті болып табылады. Ұсынылып
отырылған өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлықты қалыптастыру
үлгісінің негізіне келесі ұстанымдар енгізілген:
- оқыту контекстінің аутенттік ;
- шет тілін оқытудың кәсіби дайындық мазмұнымен өзара байланысы;
- шет тілі мен ана тілін мәдени байланыста зерттеу ;
- жаңа тілдік жағдайларына бейімделу қабілеттілігін ынталандыру ;
- оқытудың аутентті материалдар мен тәсілдердің алуан түрлігі мен
жеткіліктілігі ;
- пайдаланылатын материалдардың прагматикалық релеванттығы .
Студенттерге шет тілін үйретуде негіз болатын оқу
әдебиеті қосымша аутентті әлеуметтік - мәдени материалды
іріктеуді және кәсіби бағытталған мәдени танымдық тапсырмалар
кешенін жасақтауды талап етеді .
Шет тілін үйретудің әлеуметтік - мәдени мазмұнын
келесі
бөлшектер құрайды: өзге тілді әлеуметтік-мәдени білімдер, дағдылар
мен әдеттер; ұлттық мәдениеттің жұмыс істеу өрісі мен шағы өрісі; өзге
мәдениет болмысының аспектін көрсететін жағдайлар; аутентті
мәтіндер мен мәдениет танымдық сипаттағы өзге тілді тапсырмалар жүйесі
.
Ұлттық мәдениет басқа ұлттық мәдениетте болатын
қатынастардан өзге алуан түрлі құбылыстар, факторлар мен олардың өзара
әрекетінің бірлігін көрсетеді; қайта құрушы болмыстың үрдісі мен
нәтижесі, материалды және рухани құндылықтар жиынтығы; жас ұрпақты
оқыту мен тәрбиелеу мазмұны мен мақсаты .
Мәдениет адам қызметінің барлық жағын қамтиды,
болашақ мамандардың Шет әріптестері мен тұтынушылармен кәсіби бағытталған
мәдени аралық әрекеттестікке қажетті өзге тілді әлеуметтік - мәдени
құзырлықты қалыптастыру мәселесін шешу тұрғысында оқыту мазмұны
болашақ мамандар тікелей кездесетін және әлеумет пен оның өкілінің
ұлттық мәдени өзгешелігі көрінетін тіршілік әрекеті өрістерімен
негізделеді: қоршаған ортамен қарым – қатынасы; физикалық тіршілік етуді
қамтамасыз ету; кеңестікке, уақытқа қатысы; оқу – кәсіби қызметі.
Өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлықтың құрлымы
мен мазмұнына кіретіндер: кәсіби өріс лексикалық бірліктерінің
эквиваленттілігі мен эквиваленттілік емес қатынастары туралы, кәсіби
лакуналар түрлері туралы, лексиканың лингвистикалы-елдік және
әлеуметтік-лингвистикалық толтырылуы, лексикограмматикалық құрлымдар, ана
тілі мен шет тілінде тілдік және тілдік емес тәртіптің стереотиптері,
мәдени аралық қатынас жағдайында шет тіліндегі тілдік тәртіптің
әлеуметтік - мәдени аспектілері туралы білімдер;
• зерттеп танылған қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдері
әрекеттерінің ережесі мен дәстүрі, мәдени тарихи құндылықтары туралы
түсініктері;

• кәсіби таңбаланған тіл бірліктері мен түніктерін тану, зерттеліп
жатқан мәтіндердің әлеуметтік - мәдени мазмұнын заттандыру, ауыз
екі тілде әлеуметтік- мәдени таңбаланған бірліктерді әдепті
пайдалану, ел танымды және кәсіби таңбаланған тіл бірліктерін
аудару дағдылары;
• кәсіби мәнді мәтіндерді әлеуметтік -мәдени талдауды іске асыру,
әлеуметтік - мәдени жағдайда қолайлы тілдік тәртіпті таңдау
шеберлігі;
• әлеуметтік-мәдени және мәдени танымдық байқағыштық, коммуникативті
жүріс - тұрыста әмбебап пен ұлттық өзгешелік әрекеттесу
тенденциясын айқындауға әлеуметтік - мәдени алғырлық ;
• әлеуметтік - мәдени этнорелятивизм, толеранттық, өзге тілді
мәдениеттің құбылыстарын қабылдау және оған бейімделу .
Өзге тілді коммуникативті және әлеуметтік - мәдени
шеберлікті интегративті дамыту қажеттілігі оқып жатқан тіл елінің
мәдениетін үйретудің мәселелі сипатын айқындады. Оның өзі әлеуметтік-
мәдени білім мен коммуникативті шеберлікті игеруде студенттердің
ойлағыштық және ой-тілдік қызметін белсендіруге бағытталған өзге тілдік
тапсырмалар пайдалануды болжайды. (Барышников, 2003).
Студенттердің өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлығын
қалыптастыруға қажетті барлық мәдени танымдық мәселелі тапсырмалар кәсібі
бағытталған сипатта болады және танымдық, ізденімпаздық, зерттеушілік түрде
болады: Тұлғаның туған және зерттеп жатқан мәдениеттегі мұқтаждық –
мотивациялық және құндылық - мағыналық приоритеттерін анықтау;
• Зерттеулі бірлестіктің әр алуан қызмет салаларында белсенді
пайдаланатын психологиялық тәсілдер мен технологияларды игеру.
• Зерттеулі бірлестіктегі мәдени және әлеуметтік теңсіздік
себептерін табу, классификациялау және, тұлғалық, отбасылық,
басқармалық мәселелер мен шиеленістерді шешу;
• Жергілікті, ұлттық және халықаралық мәселелер мен дауларды шешуде
зерттеулі бірлестік билік құрылымдарының қимылдары мен қоғамдық
реакцияны түсіндіру.
• Бөгде әлеуметтік - мәдениеттің әлем бейнесін түсінетін, өзге
лингвоәлеуметтік мәндік бағдарын түсінетін, зерттеп
жатқан және туған мәдениетінің арасындағы
айырмашылық пен ұқсастықты көре білетін
және оларды
мәдени аралық кәсіби қатынас контекстінде
қолдана алатын
қалыптасқан екінші қайтара тілдік тұлға
шығару
студенттерге шет тілін үйретудің
нәтижесі болу тиіс
(Халеева, 1989).
Өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлықты қалыптастырудың
жасақталған үлгісі екі кезеңде іске асырлады. Бірінші кезеңде оқытудың
мақсаты студеттерде мәдени аралық өзгешеліктерге психологиялық
зеректікті қалыптастыру болып келеді (құндылық нысаналар,
менталитет,
әртүрлі мәдениеттердегі таным тәсілдері, адамгершілік дамуы,
эмоцияны ажырату және бағалау, психикалық бұзылудың ерекшеліктері,
даулы жағдайлардағы жүріс - тұрыс стратегиясы, психологиялық бейімделу
мен реакциясы, уақытқа, материалдық құндылықтарға, еңбекке, дінге,
отбасына қатынасы).
Үлгіні іске асырудың осы кезеңінде әлеуметтік - мәдени
компонент ағылшын тілін оқытудың мазмұнына танымдақ ізденушілік
тапсырмалар түрінде кірістіріледі:
• әр түрлі мәдениет өкілдерінің уақытқа, кеңістікке, тұлғаға, өз жеке
меншігіне деген қатынасы мысалдарын мәтінмен табу;
• еңбек,тәрбие, білім беру және басқа да қызметтерінде зерттеліп жатқан
мәдениет өкілдерінің маңыздылық дәрежесі бойынша құндылық-мәндік,
мұқтаждық - мотивациялы приоритеттерін классификациялау;
• зерттеулі елдегі қоғам, тұлға, отбасы және құрылымы туралы және
өмір сапасы жайлы бейнелі - сызбалы, статистикалық ақпаратты
зерттеу;
• екі елдің әлеуметтік - мәдени тәжірбесіне сүйене отырып ағылшын
- қазақ тілді психологиялық түсініктердің түсіндірмесіндегі
өзгешеліктерді айқындап салыстыру;
• Тілдік құралдарды пайдалана отырып ағылшын тілі сөйлеу
нормаларына барабар сөйлемдерді басқаша айту .
Психологиялық тезаурусты белсендіру жаттығуларынан кейін
мәдениет жағынан нақты даулы жағдайларды (case studies)
суреттейтін мәтіндер мен кәсіби мәдениаралық қатынастың нақты жағдайында
меншікті жүріс-тұрысты үлгілеуге септігін тигізетін жағдайатты диалогтарды
талқылай жүреді.
Кәсіптік маңызды мәдениетаралық коммуникацияға өзге тілде
дайындаудың екінші кезеңінде болашақ мамандар әр қилы тәжірибелік
жағдайларда әлеуметтік – мәдени білім, дағды, әдеттерін қолдануды үйренеді.
Өзге тілді әлеуметтік- мәдени құзырлықты қалыптастырудың екінші
кезеңінің айрықша белгісі студенттердің қабылдау, ұғу мен түсінуден
мәдениаралық байланыс орнату кезінде ынта көрсету шеберлігін ұйғаратын
.
Белсенді коммуникативті іс-әрекетке ауысуға, кәсіптік қызмет аясында
өз мәдениеті өкілі ретінде қимылдауға, түсініспеушілікке, жалған
стереотиптер жасауға, мәдениет фактілерін бұрыс түсіндіруге, кроссмәдени
кикілжіңдерге жетелейтін әлеуметтік-мәдени кемістіктерді болжау мен
анықтауға, коммуникацияға қатысушыларға туған мәдениеттің кәсіптік
болмысты түсіндіру және кәсіптік аумақта өзге тілді болмыстың мағынасын
нақтылауға; мәдениеттер диалогында толеранттық көрсетуге; барабар
коммуникативті стратегияны қолдана отырып көп мәдениетті кәсіби әлемде
дербес қимылдауға өзін-өзі үйретуге өту болып табылады.Сонымен қатар,
аккультурация мен иммиграцияның әлеуметтік-мәдени жағдайларын қарастыру мен
даулы жағдайларды шешу болашақ мамандарда клиенттің дүние танымын
қабылдау дағдысын қалыптастыруға және әртүрлі жағдайлардағы пациенттің
психологиялық жауап қату мен үйреншікті емес жүріс-тұрысын
бағалауда релевантты мәдени өлшемдерге сүйенуде шақырады. Екінші кезеңде
студенттердің әлеументтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған
тапсырмалардың дидактикалық негізі олардың кәсіптік бағытталғандығы,
әлеуметтік-мәдени оқытудың кәсіптік өзгешелігін тереңдетуге мүмкіндік
беретін арнайы пәндік мазмұнды игеруде шет тілін құрал ретінде пайдалану
болып табылады.
Situation: conflict between different cultures based on
business ethics .
Japanese clients came to negotiate the automobile sale
franchise agreement .
Russian businessmen prepared the talks and the
restaurant with a show program after talks .
How do you think what was the Japanese clients ‘ reaction ?
Were the talks successful ? What should the representatives of
two cultures do to understand each other better ?
Behavior Expectation Value
Creative ,
Emotional and communicative
Easy – going ;
Responsible .
Perspective of the Partner
Behavior Expectation Value
Understanding and delicate ,
This goes without saying ;
Careful and restraint .
Tasks :
1. Make a list of inferences found in problem description .
2. Take the perspective of the other and assess the situation from both
side points of view .
3. Assess the accuracy of one side perspective on the situation and
explore ways to modify the behavior of one partner and stimulate more
adequate behavior of the other side .
4. Role play the given incident and try to come to an agreement and
solve the conflict .
Нәтижелі кәсіптік мәдениетаралық қызметті жүзеге асыру үшін
студент өзге тілді әлеуметтік-мәдени құзырлыққа ие болуы тиіс, оны
қалыптастыру тілдік жоғарғы оқу орындарында шет тілі мен кәсіптік
дайындық пәндерінің пән аралық интеграциясы жағдайында мүмкін болмақ.
Шет тілін оқыту мазмұнының әлеуметтік -мәдени компоненті оқу
жағдайларында үлгіленетін кәсіптік мәдениетаралық әрекеттестікте зерттеулі
социум өкілдерінің құндылық бағдарлары, коммуникативті жүріс-тұрысының
ұлттық-мәдени өзгешелігі, өзге тілді тілдік ортадағы тұлға аралық және
әлеуметтік интеграция шарттары туралы білімдерді көрсетуі керек.

1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .
Лингвистиканың қазіргі заманғы даму кезеңінде бұрындары
ғалымдар талқысының ортасында көбіне тілдің шығу тегі мен тілдер
туыстық байланысын анықтау мәселесі (салыстырмалы – тарихи парадигма)
және де тілдің өзінің құрылым мәселесі (жүйелік - құрылыстық
парадигма) болғанын айтпай кетуге болмайды, ал қазіргі кезде алдыңғы
қатарға тілдің адам әлемімен қандай байланыста екені мен адам тілге
қаншалықты тәуелді екені (антропоцентрикалық парадигма) туралы мәселелер
шығып отыр.
Тілдегі мәдени фактор мен адамдағы тілдік факторы
бағытталған (В.Н. Телия), антропоцентрикалық парадигма “адам –
тіл – мәдениет” үш тағаның бірінші орынға шығарады .
Үш тағанның өзара әрекеттестігі туралы мәселенің шешуі
гуманитарлық бағдар пәндерінің бәріне қандайда бір қатысы бар. XX
ғасырдың аяғы - ХXI ғасырдың басында аталмыш мәселе шет тілі ретінде
тілді оқыту әдістемесінде маңызды болып шықты,өйткені тек лингвистикалық
мәліметтерді берудің жеткіліксіздігі сезілді .
Шет тілін кәсіпті - бағдарлы оқыту осы тілдің білімді
иесіне тән деңгейіне жақындауды көздейді .
Әңгіме тек оқу, жазу, сөйлеудің жоғары деңгейі туралы ғана
емес. Кәсіби - лингвистерді (аудармашы , оқытушы , филолог) оқытуда
болашақ мамандарды үйретіліп жатқан тіл елінің ұлттық ерекшеліктеріне,
тарихына, мәдениетіне, дәстүріне бағдарлау соңғы орында қалып отырған
жоқ .
Лингвоәлеуметтік - мәдени құзырлық тілді мәдениет
микроскобымен қарастыру қабілеттілігі - мамандарды кәсіптік дайындаудың
негізгі құрамдас бөлігі .
Әлеуметтік және мәдени орта сияқты компонентке жүгінетін
лингвистикалық әлеуметтік - мәдени әдіс лингводидактика дамуының
қазіргі заманғы кезеңінде шет тілін оқытудың ең маңызды әрі толық
қамтушы әдістің бірі .
Аталмыш әдістің негізгі мақсаты сұхбаттас айтқандарының
тек эксплицитті берілгенін ғана емес,сонымен бірге оның имплицитті
мағынасын
дұрыс түсіндіру, бөтен мәдениетті қабылдауды интуктивті деңгейде
қалыптастыру, және де басқа мәдениеттермен байланысқанда жүріс –
тұрыстың, өзін ұстаудың белгілі дағдылары мен стратегиясына төселдіру
болып табылады .
Сондықтан кімде кім осы негізгі және тұтас әдісті таңдаған
болса, тілге халықтың географиясы, тарихы, оның өмір жағдайы, салты,
тұрмысы, күнделікті жүріс тұрысты көрсетілген айна ретінде қарауы тиіс .

Әлеуметтік – мәдениет пен әлеуметтік - лингвистикалық
құзырлық және коммуникативті құзырлықты қалыптастыру үшін Интернетті
пайдалану.
1. Коммуникативті құзырлық
Қазіргі кезде мәдениетаралық коммуникация облысында
коммуникативті құзырлықты қалыптастыру шет тілін оқытудың мақсаты
болып тұр. Бұл өзге мәдениет өкілдерімен тілдік әрекеттестікке
қабілеттің болуын меңдейді .
Мәдениетаралық коммуникация - бұл әртүрлі ұлттық мәдениетке
жататын коммуникативті актіге екі қатысушының барабар өзара
түсіністігі. Сондықтан да шет тілін оқытудың мақсаты – бұл
алдымен серіктестер
арасындағы өзара түсіністік пен мәдениетаралық қарым – қатынасты
қамтамасыз ету .
Оқушыларда ұлттық - мәдени компонентті қалыптастыру тілін
үйреніп жатқан елдің атақты адамдарымен, тарихымен,салт-дәстүрімен
таныстықтан ғана тұрмайды, бірінші кезекте тура қарым – қатынас
жағдайында оқушы қажетіне жарайтын білім беру болып табылады. Шет тілін
оқытудың өзекті мәселелерінің бірі бүгінгі таңда тіл иесі әлемін
анағұрлым тереңірек зерттеу қажеттілігі есептеледі. Қатынасқа түсетін
адамдардың ойлау қалпын қалыптастырған тарихи және мәдени дәстүрлерді
зерттемей, әлеуметтік және саяси мәдениетті білмей, әлеуметтік –
экономикалық жүйені талдамай қатынас құралы ретінде тілді зерттеу
мүмкін емес.
Тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктері туралы
білімсіз халықаралық қатынас құралы ретінде өзге тілді меңгеру мүмкін
емес.Тіл стильдерін пайдалану шеберлігісіз, тілдік айтылымдардың
этикеттігін ұғынусыз тіл мәдениетінің болуы мүмкін емес. Өзара тығыз
байланыстағы әр түрлі тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктерін
түсіну коммуникацияның тиімділігіне септігін тигізеді.
2. Әлеуметтік-мәдени құзырлық.
Коммуникативті құзырлық бір қатар субқұзырлықты, оның ішінде
әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік - лингвистикалық құзырлықты қамтиды.
Әлеуметтік - мәдени құзырлық астарында әлеуметтік-мәдени контексте
пайдаланылған тілмен таныстықтың біршама дәрежесі жатыр. Мәдениетаралық
коммуникация теориясында әлеуметтік-мәдени құзырлық концепті басты
орынды алып тұр.
Студенттердің әлеуметтік - мәдени дамуында ана тілімен туған
мәдениетін және шет тілі мен өзге халықтар мәдениетін қатар үйреніп
жүреді, өзге тілді мәдениетаралық қатынас жағдайында оқушылардың өз елі мен
мәдениетін көрсету қабілетін дамыту да жүреді.
Әлеуметтік - мәдени құзырлық үш блок білімнен тұрады:
лингвоелтанымдық білім, әлеуметтік-психологиялық білім, мәдениет танымдық
білім. Лингвоелтанымдық білімдер ұлттық-мәдени семантикалық лексикалық
бірліктер білімі және оларды мәдениетаралық қатынас жағдайларында пайдалана
білу дағдылары. Тілін үйреніп жатқан ел халқының менталитетінің көрінісі
ұлттық мақал-мәтелдер. Олар студенттерге халық қатынасы ұстанымдары мен
ережелері туралы, құндылықтары туралы, приоритеттер туралы, сөзге
беріктігі туралы жорамалдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-психологиялық
білім-берілген мәдениетте қалыптасқан коммуникативті лексиканы пайдалана
отырып жүріс-тұрыстың әлеуметтік -мәдени белгіленген сценарийін, ұлттық
өзгеше үлгісін игеру.
Мәдени танымдық білімдер әлеуметтік - мәдени, тарихи-
мәдени, этномәдени ортаның білім және сол мәдениет иелерімен өзара
түсіністікке жету үшін оларды қолдану шеберлігі. Тұлғалық бағдарлы білім
пікірлерін жүзеге асырудың бір әдісі болатын мәдени танымдық тәсіл білім
беру үрдісін қалыптастыруға, оқыту әдістемесіне үлкен әсерін тигізіп
қоймай, тең құқылы тұлғалар - мәдениеттердің диалогтың қарым-қатынастағы
мұғалім-студент, студент-топ қатынасының жаңа стилін нығайтады.
Мәдениетаралық оқыту теориясына сәйкес шет тілін меңгеру өзге халықтың
жеке ұжымдық менталитеті мен мәдениетіне кірігуді білдіреді және әр ұлттық
тілдің артында тұрған осы халыққа тән және маңызды құбылыстар мен
әлеуметтерден тұратын әлем бейнесінің ұлттық-мәдени өзгешелікпен танысуды
да көздейді. Әлеуметтік - мәдени тілдік құзырлық деп мәдениетаралық
коммункацияда барабар қолданылатын әлеуметтік-мәдени тілдік білімді
айтамыз. Әлеуметтік –мәдени құзырлық дағдыларының болмауы коммуникацияны
едәуір қиындатады.
3. Әлеуметтік-лингвистикалық құзырлық.
Әлеуметтік-лингвистикалық құзырлық тілдің әлеуметтік -мәдени
жағдай шарттарын пайдалануды көрсетеді (әртүрлі ұрпақ, жыныс, класстар мен
әлеуметтік топтар арасындағы қатынастың әлеуметтік нормаларға бағдарлау,
салт жораларды рәсімдеуге). Бұл құзырлық әр алуан мәдениет өкілдері
арасындағы тілдік қатынасқа әсер етеді.Әлеуметтік лингвистикалық құзырлық
жағдайға сәйкес тілдік формаларды түрлендіру мен пайдалану қабілеттілік
болып табылады.
Бұл жерде қатынас сипаты мен стиліне байланысты сөздер;
идиоматикалық нақысты сөздердің ерекшеліктері мен симантикасын және олардың
әңгімелесушіге тигізетін әсерін білу өте маңызды. Диалект пен акцентке
қатысты әлеуметтік лингвисикалық құзырлыққа әлеуметтік топтардың тілдік
ерекшеліктерін, өмір сүру орындарын, шығу тегін, қызмет түрін анықтау
қабілеттілігі жатады. Мұндай ерекшеліктер лексика, грамматика, фонетика
(сөйлеу мәнері, паралингвистика) деңгейінде, сөйлеу мәнерінде,
паралингвистикада, дене қимылы тілінде кездеседі. Әлеуметтік лингвистикалық
құзырлық аймағына педагогикалық қатынас ұйымдастыру мен
нақты педагогикалық жағдайды ескеру шеберлігі кіреді, тілін үйреніп жатқан
елге тән болмыстар, ерекше сөз тіркестер, тілдік қатынастың өзгеше
ережелері пайдалану шеберлігі кіреді,яғни мәдениет, дәстүрлердің әсерін
куәлендіретін тілдегі өзгешеліктер. Әлеуметтік ережелерге (әртүрлі жыныс,
ұрпақ, әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қатынас ережелері, жақсы әдеп
ережелері, аталмыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудың маңызы
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Мемлекеттік білім беру саясаты
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері
Ұжымдық оқыту әдісі
Ағылшын тіліне оқытуда айтылым дағдысын дамыту
Пәндер