Халықтың жоғарғы өсу қарқыны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

РЕФЕРАТ . .
3
:
РЕФЕРАТ. .: КІРІСПЕ
3: 4
: 1.
РЕФЕРАТ. .: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . .
3: 7
: 1. 1.
РЕФЕРАТ. .: Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар . . .
3: 7
: 1. 2.
РЕФЕРАТ. .: Экономикалық өсудің модельдері . . . ……. .
3: 16
:
РЕФЕРАТ. .:
3:
: 2.
РЕФЕРАТ. .: ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ ЕРЕКШЕЛIГI . . .
3: 30
: 2. 1.
РЕФЕРАТ. .: Өндіріс тиімділігі - экономикалық өсудiң негізі ……. .
3: 30
: 2. 2.
РЕФЕРАТ. .: Қазақстан республикасының экономикалық жағдайына талдау
3: 43
: 2. 3.
РЕФЕРАТ. .: Қ Р экономикалық даму жолдары
3: 56
:
РЕФЕРАТ. .:
3:
:
РЕФЕРАТ. .: ҚОРЫТЫНДЫ .
3: 69
:
РЕФЕРАТ. .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 71
:
РЕФЕРАТ. .:
3:
:
РЕФЕРАТ. .:
3:

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысы екі бөлімнен, бес параграфтан тұрады. Көлемі 72 бет, жұмыста 13сурет, 8 кесте бар. Пайдаланылған әдебиеттер саны 34.

Кілт сөздер: экономикалық өсу, өндіріс тиімділігі, халықтың әл-ауқаты, кедейлік және жұмыссыздық, сапалы экономикалық өсу, табыс дифференциациясы, еңбекпен қамтылу, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, ғылыми техникалық прогресс.

Жұмыстың мақсаты - халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, әл-ауқатын көтеруде өндіріс тиімділігін арттыра отырып, экономикалық өсу әсеріне талдау жасау жән тұрақты экономикалық өсу негіздерін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
  • өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасау;
  • Тұрақты экономикалық өсуге жетудегі ұсыныстар жүйесін құру.

Зерттеу әдістері: ғылыми абстракция, анализ, синтез, математикалық әдістер және статистикалық зерттеулер.

Жұмыс нәтижелері:

  • Қазақстан Республиканың экономикалық өсу жағдайы сипатталды.
  • Тұрақты даму бағыттары көрсетілді.
  • Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері зерделенді.
  • Қазақстан Республикасының негізгі приоритетті мәселелері көрсетілді.

Тәжірибелік маңызы: жұмыста ұсынылған ұсыныстар мен тұжырымдамаларды тұрақты экономикалық даму жолдарын анықтауда қолдануға болады.

КІРІСПЕ

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет халқыныңтұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығынң әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды. Яғни бағдарламада көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өтү үшін экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажет.

Тұрақты даму жағдайындағы экономикалық өсу - бұл энергияны және ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының, табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады. Көрсетілгендерді Батыс экономистерінің Р Солоу мен С. Кузнецтің дамыған елдерге тән экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады: халықтың жоғарғы өсу қарқыны, халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуі, ЖҰӨ-ң өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс факторларының өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс, т. б.

Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.

Экономикалық процестер мен құбылыстар бір-бірімен тізбектес байланыста болғандықтан, өндірістің тиімділігін көтеру ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің өсуіне әкеледі, ал ол өз кезегінде ұлттық экономиканың приоритетті салаларына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның 2003-2015 индустриалық-инновациялық даму бағдарламасында жеті негізгі ұзақ мерзімді приоритетті мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиялары көрсетілген. Оларды атап өтетін болсақ, олар келесідей: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық; ішкі жинақтар мен шетел инвестицияларына негізделген экономикалық өсу; қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және амандығы; инфрақұрылымды дамыту және кәсіпқой мемлекетті қалыптастыру. Қазіргі кезде «экономикалық өсу сапасы» деген ұғым бар. Ол халықтың материалдық әл ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытта көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізі құраушылармен сипатталады. Осыдан жоғары индустриалды қоғам болу үшін, алдымен адам капиталын, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту, яғни адам маңызының күнен күнге артуын байқауға болады.

Экономикалық өсу өз бетінше халықтың әл-ауқатын камтамасыз ете алмайды. Ол үшін мықты экономикалық және әлеуметтік саясат қажет, яғни мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызы үлкен. Мемлекет экономикалық өсу тиімділігін арттыру үшін де ынта тудыруы керек. Экономикалық өсу тиімділігі, әрине, өндіріс тиімділігі мен түсіндіріледі, яғни тауар мен қызмет сапасын жақсарту, бәсеке қабілеттліктерін арттыру, қажеттіліктерді толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар өндірісін игеру; өндірісті мамандандыру, ресурстарды тиімді пайдалану, жаңа техника-технологияларды жедел түрде енгізу т. б. Ол үшін әрине ішкі жинақтарды және шетелдік инвестицияларды тарту қажет. Осы жерде Д. Кейнстің мультипликатор әсерін еске түсірейік, яғни бастапқы инвестиция әсері өндіріс тиімділігі арттырады, жаңа жұмыс орындары пайда болады, ол салықтық және басқа да міндетті төлемдерді өсіреді, мемлекеттік бюджет өседі, өз кезегінде әртүрлі салаларға, әлеуметтік инфрақұрылым салаларына бөлінетн қаржы мөлшерін арттырды, бюджет дефицитін болдырмауға және сыртқы қарызды қайтаруға мүмкіндік береді. Ол Қазақстан Республикасының шетел инвестициясын тартуда елдің рейтингін көтереді.

Қазіргі кезде елде халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында табыстың әділетсіз бөлінуі кең етек жайған, яғни табыс дифференцияациясы бар.

Кейнстік бағыттың сипаты бойынша өндірісті ұлғайтуды ынталандырудың әлсізділігі табысты азайтады, ал тұтынудың төмен деңгейін тұғызады, ол өз кезегінде тиімсіз сұранысқа әкеледі, одан ішкі рыноктың тарылуы туындайды, ал адам инвестиция деңгейі төмендейді, рентабельділік пен тиімділікте азаяды.

Жұмыста Кенжегузин. М. Б”Жаһанданудағы экономикалық өсудiң жағдайы алынады.

Сонымен қатар экономикалық өсуге Қошанов. А. К тоқталады. Евразэс жүйесiндегi қазақстан экономикасы мақаласында, ол экономикалық өсудi, оған жету жолдарын мәселелерiн ашып көрсетедi. Ал әдiстемелiк тұрғысынан Аубакиров . Я. А экономикалық өсуге жету жолдарын өз еңбектерiнде нарықтық тұрғысынан сипаттайды.

Бірқатар зерттеушілер экономиканың артына қалушылығын институционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде, ұлттық білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынымен де, артта қалған экономика ұлттық білім беру мен кәсіби даярлауға кадрларды қайта даярлауға жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы және арнайы білім беру жүйесінің дамымағандығы қалған экономика ұлттық білім беру білікті мамандардың төменгі сапасын сипаттайды. Ал ол еңбек өнімділігінің беңгейіне кері әсер етеді. Оның әлсіз өсу қарқыны экономиканың артта қалудың басты себебі болып табылады. .

Сонымен осы жұмыстың мақсатына тоқталатын болсақ, ол халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, өндіріс тиімділігін арттыра отырып, экономикалық өсудің әсеріне талдау жасау және тұрақты экономикалық өсуге жетуде шаралар жасау болып табылады.

Осы мақсатқа байланысты жұмыс міндеттері келесідей:

  • Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
  • Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау;
  • Тұрақты экономикалық өсуге жетудегі ұсыныстар жүйесін жасау;

Жұмыстың зерттеу обьектiсi:Мемлекетiмiздiң экономикалық жағдайы

Ал жұмыстың пәнi: халықшаруашылығы секторлпарының тепе-теңдiк кезiндегi экономикалық жағдайы. Келесiдей зерттеу әдiстерi қолданылған: ғылыми абстракция, анализ, синтез, математикалық әдiстер мен статистикалық зерттеулер.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар

Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық параметрлердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады. Яғни экономикалық өсу барасында экономикалық бір тепе-теңдік деңгейден екіншіге ауысуына талдау жасау.

Сонымен экономикалық өсу дегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа прогрессивті пропорциялардың қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір формасы болып табылады. Экономикалық дамуға оң және теріс экономикалық динамикалар жатады. Ал экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасын сипаттайды.

Оны графиктік түрде де көрсетуге болады (1. 1-сурет) .

ЖҰӨ

экономикалық бумы өсу

бум

жандану

құлдыр. тоқырау

t (жылдар)

40-60 жыл

1. 1-сурет

Экономикалық даму циклы 40-60 ж аралығында жүреді. Экономикалық циклдың сипаты халық шаруашылығының экономикалық өсу және құлдырау жағдайында да болатындығын білдіреді.

Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске анализ жасалмай, экономикалық өсу мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу - бұл экономиканың дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т. б. ) даму тенденциясы. Мысалы, жай экономикалық өсу емес, тұрақты экономикалық өсу. Сонымен қатар экономикалық өсу - бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу - мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі.

Ал нақты экономикалық өсу - ол экономикадағы негізгі қайшылықты (шектеулі ресурс мен қоғамдық қажеттіліктің өсуі арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:

  1. Өндісіртік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстрды, өндіріс процесіндегі жаңа мүмкіншіліктерді тарту) .
  2. Қолда бар өндірістік мүмкіншілктерді тиімді пайдалау және қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашоқорлыққа қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту) .

Тағы бір көңіл бөлетін ұғым - қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі экономикалық өсу - өндірістің ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде артуы кезіндегі экономикалық даму. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілері:

  1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі. Жоғары дамыған елдерде - 25000$, Қазақстанда - 1481, 3$.
  2. Экономикаға мемлекеттік ЖІӨ 11-13%, жоғары дамыған елдерде 30%-ке дейін. Біздің елде 20% күш салмағы.
  3. Халықтың білім деңгейі жоғарлайды.
  4. Аграрлық сектор үлесі азаяды.
  5. Урбанизация процесі жүреді.
  6. ЖІӨ-нің экспорт үлесі өседі.
  7. ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
  8. Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демократизация процесі) .

Экономикалық теорияда әлеуметтік бағыттылық пен байланысты «экономиалық өсу сапасы» деген ұғым бар [23] .

Экономикалық өсу сапасының негізгі қураушылары төмендегілері:

  • халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту;
  • тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытты көбейту;
  • әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін көтеру;
  • адам капиталына инвестицияны өсіру;
  • адамдардың өмірі мен еңбек етуінiң қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету;
  • жұмыссыздар мен жұмысқа қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау;
  • еңбек рыногында ұсыныс көлемінің артуына сәйкес толық еңбекпен қамтылуы қолдау.

Айта кету керек, экономикалық өсу қарқыны мен сапаның жоғарлауы арасында белгілі қайшылық бар. Жоғарғы қарқын өсудің сапасының төмендеуі арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, жұмыс күшінің ұзақтығы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі, яғни еңбек шығындарының артуына экелетін және экономикалық өсу қарқынын өсіретін, өз кезегінде экономикалық өсу сапасына негативті әсер етеді, яғни бос уақыт азаяды. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынушылықты қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтанда көп экономистердің ойы бойынша, өсу аса жоғары қарқынды (2-3%) болса да, экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек.

Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физи-калық қабілеттілікті тікелей анықтайды. Жанама осы қабілеттің іске асу мүмкіншілігіне әсер етеді. Тікелейдің құрамына бес негізгі фактор енеді, яғни жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын тікелей анықтайды:

  1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру;
  2. негізгі капиталдың сапалы құрамын жақсарту және көлемін өсіру;
  3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру;
  4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарлату;
  5. қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру.

Ал жанама фактор құрамына рынокты монополизациялау деңгейін төмендету, өндіріс ресурстарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншілктерді кеңейту сияқты факторлар жатады.

Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты өсудің тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және интенсивті (1. 2 сурет) .

1. 2-сурет

Экономикада таза экстенсивті және таза интенсивті экономикалық өсу типтері болмайды. Өсу факторларын ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді. Қазіргі уақытта экономикалық өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байланысты екі типтің бірін жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%-тен жоғары болса, онда экономикаға интенсивті басым өсу типі тән және керісінше.

Экономикалық өсу тиімділігі «өндіріс тиімділігі» түсінігінің барлық құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:

  • тауар мен қызмет сапасын жақсарту, олардың отандық және әлемдік рыноктағы бәсеке қабілеттігін арттыру;
  • қанағатталынмаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
  • халқаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылықтарын есепке ала отырып, өндірісті мамандандыру мен қауымдастыруды тереңдету;
  • өндіріс ресурстарының сала және аймақ бойынша аллокациясын жаңарту;
  • белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын жаңа технологияларды игеру арқылы минималдау, т. б.

Экономикалық өсудің кезкелген түрі, мейлі ол өндiрiс масштабын ұлғайту немесе оның сапалы сипаттамаларын жаңарту болсын, қосымша инвестицияны талап ету мүмкіндігі экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы мен реттеушісі болып табылады. Инвестициялық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті алғышарттар жасауын талап етеді. Олар:

  • жинақтың жеткілікті деңгейі. Егер рыноктық экономика жұмысшыларды жинақтауға мүмкіндік беретін табыспен қамтамасыз ете алмаса, онда ол инвестициялық процесті іске асыруға қабілетсіз болады. Себебі қажетті қаржылық ресурстары жеткіліксіз;
  • дамыған қаржы рыногы, жинақтардың инвесторларға келуін қамтамасыз ететін. Егер рынок осы міндетті іске асыра алмаса, онда жинақтар халықты қолында жинақталып, инвестициялық процеске қосылмайды;
  • инвестицияның жоғары табыстығы, үлкен коммерциялық тәуекелге байланысты болатын жоғалтулардың орнын жабуы.

Инвестицияны рационалды орналастыру жәе оның тиімділігін көтеру экономикалық өсуді тездетеді.

Кейнстік теория бойынша, экономикалық өсу қорлану (жинақ) нормасы мен инвестиция тиімділігіне тікелей тәуелді.

Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:

1. Экономиканың дамуының бастапқы деңгейi: (мысалы, жан басына шапқандағы табыспен өлшенетін) ;

2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі.

3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс.

4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары яғни әлемдік экономика конъюнктурасы [15] .

Экономикалық өсудің шаруашылық және әлеуметтік мәелелерді шешудегі маңыздылығы оның мемлекеттік реттелуін талап етеді.

Экономикалық өсуді реттеудегі мемелкеттің негізгі бес бағытын көрсетейік:

  1. Мемлекет рынок шеше алмайтын мәселелрді шешеді: қоғамдық игілік өндірісi, негізгі ғылыми зерттеулерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау т. б.
  2. Антициклдық реттеуді жүргізу, яғни бюджет пен ақша айналымына мемлекет бақылау жасайды. Мемлекет төлем қабілеті сұранысты қамтамасыз ету үшін рыноктық тепе-теңдікті қалыпты деңгейде ұстауға тырысады.
  3. Экономикалық өсудің жаңа сапасы өндірісті құралымдық қайта құруға әкеледі: ҒТП енгізу, капитал салымдарының тәукелен төмендету, экономиканың жаңа секторын игерудегі бизнесті қолдау, экспорттық салаларды қолдау, импортты алмастырушы өндірісті қолдау т. б.
  4. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты сақтау, яғни жинақтардың ағымдық тұтынудан өндірістік тұтынуға ауысуы.
  5. Салық саясаты. Мұнда Лаффер әсерін көрсетуге болады.

%

ст.

t A A

қолма-кол түсiмдер

1. 3-сурет

t А - мемлекеттің шығыстардың уақытша төмендеуі, келешекте қаржылық жағдайы жақсартатын, жинақтардың өсуіне әкеледі.

Мемлекет жиынтық сұраныс пен ұсынысты ынталандыра отырып, экономикалық өсуді жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуына себепші болады.

кономисті А. Смиттің «халықтың байлығын дамытудың себептері мен табиғаты туралы» зерттеуінде XVIII ғ. соңында-ақ, экономикалық өсудің негізгі факторларын атаған болатын: еңбек бөлінісі процесі, капиталдың қорлануы және техникалық прогресс.

ХІХ ғ. басында осы мектептің келесі көрнекті өкілі ағылшын экономисті Д. Рикардо экономикалық өсудің басқа концепциясын ұсынған. Оның мәні кемімелі қайтарым принципіне негізделген Д. Рикардо: «жерге қосымша инвестиция салымының өсуі жерден алатын экономикалық өсудің кідірісін тұғызады» - деген. [11] .

ХХ ғ. ортасында экономикалық өсудің жаңа неоклассикалық моделі қалыптасты, оның негізін Роберт Солоу және Тревер Свон қалаған. Олар экономикалық өсуді жетілген бәсеке жағдайында қайтарымның кему заңын есепке ала отырып сипаттайды. Өздерінің теориялық әзірлеулерінің негізінде неоклассиктер негізгі екі қортынды жасайды:

  1. Капитал көлемінің өсуіне байланысты экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
  2. Кедей елдер капиталдың аз мөлшерімен дамитын болғандықтан, олардың өсу қарқыны бай мемлекеттерге қарағанда жоғары болу керек. Бірақ, дамушы елдерде салған капитал бірлігінің қайтарымдылығы үнемі жоғары бола бермейді. Жоғары индустриалды елдерде ЖҰӨ-ң жылдық өсімі өсе бастағандықан ХХ ғ. ІІ жартысында ҒТР кезеңі басталады. [12]

Осының бәрі қайтарымның кему заңының іс-әрекетіне күмән туғызды және 1980ж ортасында «экономикалық өсудің жаңа теориясының» қалыптасуына әкелді. Жаңа теорияның негізі бойынша, салынған капитал бірлігінің қайтарымдылығы кемімейді, керісінше, егер физикалық және адамдың капиталын қосатын болса, ол өседі.

Сонымен қатар бұл теория экономикалық өсуге білім мен тәжірибенің әсер етуінің маңызы жоғары екендігін көрсетеді. Білім және ғылыми техникалық прогресс мәні болып табылады, ал қозғаушысы болып, кәсіпкер үшін инновацияның тиімділігі табылады. Қазіргі таңда экономикалық өсу теориясы адамдың капитал факторы мен экономикалық саясаттың өзара әрекет етуімен толықтырылған.

М. П. Тодаро экономикалық өсудің 3 негізгі белгісін атап көрсетеді:

- ЖҰӨ өсуі және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру;

- физикалық және адам капиталы әрекетінің негізіндегі техникалық прогресс;

- жаңа технологияның тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті идеологиялық, институционалдық және мінез-құлықтық өзгерістер. [13]

Нобель сыйлығының лауреаты Сайман Кузнец әлемнің дамыған елдеріне тән экономикалық өсудің 6 сипатын жасаған:

  1. Халықтың жоғарғы өсу қарқыны;
  2. Халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғары өсу қарқыны;
  3. Өндіріс факторларының өнімділігінің өсуінің жоғарғы қарқыны.
  4. Қоғамның әлеуметтік және идеологиялық өзгерістері.
  5. Басқа шет елдерден өткізу рыногын және шикізат көздерін табу қабілеттілігі.
  6. Дүниежүзі халқының бестен бір бөлігіне тән экономикалық өсу нәтижесін қамту. [14]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсімнің мәні
ҚР-дағы экономикалық өсу
Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар
Экономикалық өсудің тікелей факторлары
Экономикалық өсу туралы ақпарат
Есік қаласының экономикасы мен әлеуметтік аясының кешенді даму жағдайы және болашағы
Экономикалық өсу
Экономикалық өсу және экологиялық мәселелер туралы
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz