Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ6
1. 1 Қашықтан оқытудың негізгі түсініктері6
1. 2 Қашықтан оқудағы технологиялар7
1. 3 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар12
1. 4 Элементар математика негіздерінің даму тарихы24
2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ31
2. 1 Электронды оқулық және бағдарламаны ақпаратпен қамтамасыз ету31
2. 2 Электрондық оқу құралының құрылымы35
2. 3 Macromedia Flash 8 Pro ортасы42
3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ64
3. 1 Электрондық оқу құралының сапасына қойылатын негізгі талаптар64
3, 2 Электрондық оқулықтың құрылымы65
ҚОРЫТЫНДЫ71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ73
ҚОСЫМША А75
КІРІСПЕ
Ұсынылып отырған дипломдық жоба «Элементар математика негіздері» тақырыбында орындалған электронды оқулық болып табылады.
Жалпы элементар математика дегеніміз не? Электронды оқулық дегеніміз не? Осы сұрақтарға тоқтала өтсек.
Элементар математика - математиканың айнымалы шама, функция, шек, сондай-ақ жиын, т. б. жалпы ұғымдарды пайдаланбайтын саласы. Басқаша айтқанда элементар математикада математикалық анализ пайда болғанға дейінгі жалпы математикалық ұғымдар (абстракциялар) қолданылады. Қысқаша элементар математиканы “тұрақты шамалар математикасы” деп те сипаттауға болады. Бірақ бұл элементар математиканың дәл сипаттамасы бола алмайды. Өйткені элементар математикада тек тұрақты шамалар мен геометриялық фигуралар (олардың мөлшері ғана емес, мысалы, орналасуы да қарастырылады) ғана емес, сонымен бірге онда айнымалы шамалар да (мысалы, тригонометриялық функциялар) қарастырылады. Жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын математикалық пәндердің жиынтығы элементар математика деп түсініледі [1, 25 б. ] .
Электронды оқулық - бұл компьютерді қолданып, оқу курсын өз бетімен немесе оқытушының көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық әдістемелік кешен. Электронды оқулық немесе курс үш компоненттен тұрады: курстың негізгі ақпараттық бөлігі мазмұндалған презентациялық құрамадан; алынған білімді бекітетін жаттығулардан; оқушының бағасын дұрыс бағалайтын тест жүйесінен [2, 14 б. ] .
Яғни, осы дипломдық жоба арқылы оқушылар мен студенттерге арналған әдістемелік кешенді орындау барысында өз алған білімім мен жетістіктерімді толық көрсетуге тырыстым.
Электронды оқулық қазіргі кездегі қолданыста кеңінен өріс алып жүрген мультимедиялық-анимациялық Macromedia Flash 8 Pro бағдарламасында орындалған. Шындыққа келер болсақ бүкіл әлемдік интернет желісіне жоғары сапалы әрі ықшамды анимацияны алып келген осы Flash бағдарламасы. Қазіргі таңда қолданыста көптеген Flash-техналогиясы арқылы жасалған Web-парақшалар кездеседі. Яғни, Flash бағдарламасының негізгі мақсаты болып интернет-графикасын орындау болып табылады. Бірақ сонымен қатар күрделі анимациялар мен роликтарды жасау арқылы осы бағдарлама басқада көптеген мақсаттарда қолданыс тапты. Соның бірі болып осы электронды оқулықтарда табылады.
Электронды оқулықтардың басты мақсаты болып орта және жоғары оқу орындардағы оқушылар мен студенттердің білім сапасын көтеру мақсатында, яғни, ізденістерін өз күштерімен қанағаттандыру мақсатында қолданылады. Сонымен қатар оқутушылардың да Ақпараттық - коммуникациялық технологияларын пайдалануда қажетті оқу әдістемелік құрал болып табылады.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жаңа технологияларды қолданып «Элементар математика негіздері» пәні бойынша мультимедиялық электрондық оқулықты жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Macromedia Flash 8 Pro бағдарламалау ортасын қарастыру;
- электрондық оқулықтарды құру құралдарын зерттеу;
- инструменталды орталарын салыстыру;
- студенттерге ұсынылған теоретикалық материалды талдау;
- пәні бойынша дәрістерді жасау;
- қолданушылық интерфейстің құрылымын жасау.
Зерттеу пәні болып электронды оқу құралын пайдаланудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілердің жиынтығы табылады.
Зерттеу объектісі ретінде «Элементар математика негіздері» электронды оқу құралы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - электронды оқулықты (ақпараттық-қатынастық технологияны) қолдану негізінде студенттердің элементар математика негіздеріне қатысты білім сапасын көтеру, өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту және математиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру. Оқытудың осы бағыттары ғылыми жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі студенттердің бұл әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жұмыстың нәтижелері . «Элементар математика негіздері» электронды оқу құралы жасау барысында келесі нәтижелер алынды:
- элементар математика негіздері теориялық элементтерін алу (нәтиже -дәрістер) ;
- эелементар математиканың қолданыс үрдісін көрсету (нәтиже - математикалық есептерге арналған мысалдар, дәрістер, тарихи мағлұматтар) ;
- оқушыларды, студенттерді математикалық әдістемеліктермен қамтамасыздандыру (нәтиже - электрондық оқулық) .
Дипломдық жұмыс нәтижелері элементар математиканың заманауи даму беталыстарына сәйкес, себебі заман талабына сәйкес орта және жоғарғы білім беру мекемелерінде білім беру электрондық оқулық арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Электронды оқу құралын қолдану негізінде студенттердің элементар математика негіздері саласында білім сапасын көтеру, өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту және элементар математика негіздерін оқытудың қолданыстағы рөлін арттыру. Оқушылардың, студенттердің оқулықпен жұмыс істеуді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстағы электронды оқулық оқушылар, студенттер үшін мектепте, жоғарғы оқу орындарында оқыған жылдарының барлығында да, өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін, мәліметтер базасы болып табылады. Электрондық курстармен жұмыс істеу әрбір оқушының, студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады. Құрылған оқулықты «Физика-математика пәні мұғалімі» мамандығы студенттері үшін оқу процесінде қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындынан және бір қосымшадан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау себептері, зерттеу мәселесі, өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері жазылған.
Бірінші тарауда, қашықтан оқу оқытушы мен арадағы қатынасты компьютерлік желі, аудио және видео байланыс, баспа құралдары арқылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін арнайы технология, ақпараттық-коммуникациялық техналогиялар жайлы қарастырылған.
Екінші тарауда, электрондық оқу құралының құрылымы, электрондық оқулықты құру процесі, Macromedia Flash 8 Pro бағдарламасының құрылымы және жұмыс атқару ортасы жайлы сипатталады. Бұл файлдар қолданушының операциялық ортасына арнайы қол жетерліктей жасалады. Соның барысында, серверлік қосымшалар клиенттен инвариантты құрылуға міндетті және олардың өңделуі әмбебапталған клиенттің бар болуына және корпорацияның функционалды тапсырмаларын жүзеге асыруға толығымен бағытталған болуы керек.
Үшінші тарауда, оқу құралының қалай құрылатындығы және оның түрлері қарастырылған. Дипломдық жұмыста қарастырылған электронды оқу құралының жасалуы, талабы, міндеті, әрі кімдерге арналғандығы туралы мәліметтер сипатталған.
Қорытындыда зерттеудің негізгі қорытындылары, тұжырымдарған өзекті мәселелер қарастырылған.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған бағдарламалар листингі берілген.
1 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қашықтан оқытудың негізгі түсініктері
Қашықтан оқыту технологиясы - оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту - компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады [3] .
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
- жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша) ;
- жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту;
- экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шы-ғынын қысқарту есебінен) ;
- жаңа технологияларды қолдану;
- оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан) ;
- барлық елдегі ақпараттық - оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлы-лығы;
- оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады [3] .
1. 2 Қашықтан оқудағы технологиялар
Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары [3] :
- Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
- Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек.
- Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интернет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.
- Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.
- Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс.
- Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және тиімді болуы тиіс.
- Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық - бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.
- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.
- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.
- Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек.
- Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.
Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары [3] :
- Оқытудың адамгершілік қағидасы. Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
- ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы. Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ-ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
- Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары. Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
- Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары. ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР-ның Мемлекеттік білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
- ҚОЖ-де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары. Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
- Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы. ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т. б. жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.
- Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары. Оқыту технологиясы қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т. б. қолданылатын болады.
- Оқытудың ұтымды қағидалары. ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.
- Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары. Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.
- Білім берудің алдына шығу қағидалары. Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға тез бейімделіп, оның сана-сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.
Қашықтан оқыту жүйесінің типтері [4, 115 б. ] .
Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде (оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет.
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша (екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.
ҚО жүйесінің құрылымы [4, 116 б. ]
ҚО жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
- Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т. б. ) . ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек.
- Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы - ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол кеңес беруші - оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.
- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық - ереже жиынтығы, репродуктивті (дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.
- Оқыту құралдары. ҚО білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.
- Ғылыми - білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу-әдістемелік материалдардан тұрады.
- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.
Қашықтан оқыту үлгілері [4, 122 б. ] .
Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т. б.
ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді және т. б. қолданады. Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және т. б. ) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.
ҚО семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО семинарлары көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
ҚО кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.
ҚО зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар (бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т. б. ҚО жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т. б. қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.
ҚО бақылау - бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.
Оқу электрондық басылымдар [4, 128 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz