Византия тарихының Византия тарихы, соның ішінде император


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ИМПЕРАТОР ЮСТИНИАННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ ЖӘНЕ
ЕЛДІҢ ІШКІ ЖАҒДАЙЫ . . . 7
- Император Юстинианның билікке келуі және Византияның
экономикалық дамуындағы ерекшеліктер . . . 7
- Юстинианның заң және шіркеу реформалары: мазмұны,
Нәтижелері . . . 15
П. ИМПЕРАТОР ЮСТИНИАН ТҰСЫНДАҒЫ ЕЛДІҢ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫ . . . 30
- Юстинианның Батысқа жорықтарының себептері, нәтижелері . . . 30
- Юстинианың шығыс пен солтүстүктегі соғыстарының барысы мен
Салдарлары . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ПАЙДАЛАНҒАН ӘБЕДИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 527-565 жылдары билік құрған Византия императоры Юстиниан I тұсында Византия империясы өзінің дамуында үлкен жетістіктерге жетті. Флавий Петр Савватий Юстиниан 482 жылы Жоғарғы Македония жеріндегі Таурисий деген ауылда дүниеге келген. Ата-анасы кедей иллирийлік шаруалар еді. Оның баласы жоқ немере ағасы император болып тағайындалғаннан кейін інісін астанаға шақырып алады. Оған антикалық ғылымның тамаша дәстүрлері негізінде тамаша білім береді. Юстиниан өзінің табиғат берген дарыны мен талантының арқасында тез арада мемлекет істеріне де араласа бастайды. 527 жылы император ағасы оны асырап алып, өзімен бірге мемлекет билеушісі деп жариялайды. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай, ол қайтыс болып, ол Византия императоры болып жарияланады. Юстиниан өзі билік құрған 38 жыл бойы ұлан-ғайыр империяның дербес блеушісі ретінде тарихи оқиғалардың одан әрі өрбуіне үлкен әсерін тигізген ең құдіретті билеушілердің бірі болды.
Византия, тіпті барлық ортағасырлық Еуропа тарихында Юстиниан сияқты өз замандастарынан көзі тірісі кезінде-ақ соншалықты қарама-қайшылықты пікірлерге ие болған бірде-бір мемлекет билеушісі жоқ деп айтуға болады. Оның билік құрған заманы мен императордың жеке бас қасиеттері туралы түрлі баға берген еңбектер сол кезеңдерде-ақ жарық көре бастаған. Бұл пікірлердің бастамасы оның тарихнамашысы Прокопийдің еңбектерінен басталады. Оның шығармаларында император аса тамаша ел басқарушы, жан-жақты жақсы қасиеттері дамыған билеуші ретінде барынша мадақталғанымен, кейде тіпті ең қатігез адам ретінде де барынша қараланған. Тарихнмадағы бұл қарама-қайшылықты пікірлердің субъективті жақтарын алып тастағанда, олардың пайда болуына император Юстиниан билік құрған заманның күрделілігі әсер еткенін байқауға болады. Бұл өз кезегінде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан, біз диплом жұмысымызда император Юстинианның ішкі-сыртқы саясатын зерделейміз.
Император Юстиниан билік құрған заман саяси-экономикалық дамуының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол 527 жылы таққа отырған кезінде 45 жаста еді. Ол бұрынғы құдіретті Рим империясын қалпына келтіру идеясын өзінің тарихи миссиясы деп қабылдаған. Сондықтан бар өмірін осы идеясын жүзеге асыруға арнаған. Шексіз билікқұмарлық оның басты қасиеттерінің бірі болғаны белгілі. Ол өзі билік құрған кезеңде ешкімге жеке-дара шешім қабылдауға мүмкіндік бермеген. Ол мемлекет істеріне барлық ұсақ-түйегіне дейін өзі араласып, бақылап отырған. Император Юстинианның шіркеу реформасы, сондай-ақ заң реформасы өз замандастары үшін үлкен оқиға ғана болып қана қойған жоқ. Бұл өзгерістер болашақтағы тарихи дамудың бағыттарын да айқындап берген ірі тарихи өзгерістер болды. Сондай-ақ бай тарихнамалық дәстүрі бар грек тарихшылары сол замандарда-ақ бұл өзгерістерге қарама-қайшылықты бағалар беріп жатты. Сондықтан бұл оқиғалар тізбегін оқып-үйрену, олардың тарихи бағасын беру бүгінгі таңда да маңызды болып қала бермек. Себебі, бұл оқиғалар жалпы әлем тарихының соның ішінде еуропа тарихының маңызды кезеңін құрайды. Сондықтан, диплом жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Византияның император Юстиниан тұсындағы ішкі және сыртқы саясаты, оның әкімшілік және заң реформалары, халық көтерілістері, шіркеу реформасы, соғыстары жайлы жазылған ғылыми зерттеу еңбектері өте көп, әрі олардың басым бөлігі еуропалық авторлардың шығармалары болып келеді. Олардың бірқатары орыс тіліне аударылған. Зерттеуші Ш. Диль Юстиниан тұсындағы Византия өркениетінің мәселерін зерттеген [1-2] . Византия тарихының Византия тарихы, соның ішінде император Юстиниан билік құрған кезеңдегі экономикалық даму, оның ішкі-сыртқы саясатының мәні, жаулап алу соғыстарының көптеген мәселелері кеңестік орыс зерттеушілерінің еңбектерінде кеңінен қарастырылған [3] . А. А. Васильевтің Византия империясының тарихына арналған еңбегінде император Юстинианның ішкі, сыртқы саясаты, оның шіркеу реформасы мен заң реформасы, дигестердің маңызы, халықаралық жағдайы қарастырылған [4] .
Келесі зерттеуші Ф. Успенский Византия империясының 518-610 жылдардағы тарихына арналған еңбегінің екінші томында негізінен император Юстинианның ішкі-сыртқы саясатының қырларын қарастырады [5] .
Кеңестік зерттеушілердің ішінен Византия тарихымен, соның ішінде император Юстинианның билік құрған кезеңіне қатысты мәселлерді тікелей зерттеумен айналысқан белгілі ғалым З. В Удальцованың есімін ерекше атап өтуге болады. 1967 жылы жарық көрген Византия тарихының 1-томының «Юстинианның әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік саясаты», «Юстинианның заң шығару реформалары», «Юстинианның шіркеу реформасы және империядағы халықтық-еретикалық қозғалыс», «Юстиниан тұсындағы Византиядағы халық қозғалысы. Ника көтерілісі» атты тарауларын З. В. Удальцова жазды [6] . Бұл еңбек С. Д. Сказкиннің редакторлығымен жарық көрді, мұнда Византия империясындағы халық қозғалыстары, атап айтқанда «Ника» көтерілісінің себептері мен нәтижелері жеке талданған [6] . З. В. Удальцова Юстинианның заң реформасына жеке монографиялық зерттеуінде арнаған [7] .
Н. В. Пигулевскаяның зерттеулерінде Византияның VI-VII ғасырлардағы Иранмен қарым-қатынастары [8] және Үндістанмен сауда байланыстарының тарихы баяндалған [9] . Сондай-ақ аталған зерттеуші Византия империясның дипломатиясы мен жібек саудасының V-VII ғасырлардағы мәселелерін де зерттей отырып, император Юстиниан тұсындағы империяның сыртқы сауда байланыстарындағы өзгерістерге ерекше тоқталады [10] . Ал, A. P. Корсунскийдің еңбектерінде VI-VII ғасырлардағы Византияның Испаниядағы жаулап алулары туралы мәселелер зерттелген [11] .
Қазақстандық тарихнамадан белгілі ғалым, прфессор Қ. Т. Жұмағұловтың еңбектерін ерекше атап өту қажет. Ол алғаш болып Еуропа мен Еуразия елдерінде феодализмнің пайда болып, дамуы тарихын зерттеуде жаңа методология мен методика ұсынды. Ол ортағасырлар тарихынаның және Батыс еуропадағы феодализмнің пайда болуы мен дамуының мәселелеріне арналған еңбектерін жариялаған [12-13] . Ғалым өз зерттеулерінде ерте орта ғасырлар дәуірінде герман халықтарында орын алған феодализм генезисінің теориялық аспектілерін зерттеді, шет тілдеріндегі нарративті деректер, археология, этнология, антропология, сондай-ақ бірқатар жаратылыстану және пәнаралық зерттеу материалдары негізінде бұл мәселелерге кеңінен талдау жасады. Профессор Қ. Т. Жұмағұлов көтерген түркі халықтарының және Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар ғұндардың Еуразия мен Еуропадағы тарихының мәселелері ерекше маңызды болып табылады. «Гунны в Европе. К современной постановке и трактовке проблемы», «К современной трактовке истории гуннов в Европе», «Поход Аттилы в Галлию», «Завоевание Аттилой Северной Италии», «Ғұндардың Галлия (Франция) жеріндегі шайқасы», «Гунны в истории Евразии IV-V вв. », «Екі Рим империясын мойындатқан Аттила», «Об Аттиле и гуннах в Европе» атты әр жылдары жарияланған көптеген ғылыми мақалаларында [14-21] ғұндардың батыс еуропаға жорықтарының мәселелері тың теориялық-методологиялық ұстанымдар жаңа қырынан қарастырылып, жаңа тарихнамалық тұжырымдар ұсынылған. Оның пікірі бойынша бұл тарих соғыстар мен миграциялар тарихы ғана емес, сонымен бірге Шығыс пен Батыстың көпқырлы өзара ықпалдастығының, дәстүрлер мен мәдениеттер синтезінің үлгісі болды, дәл осы синтез орта ғасырлар дәуіріне өтуде сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық-мәдени қатынастардың қалыптасуында маңызды салдарларға алып келді. Бұл тұжырымдар өз кезегінде біздің бітіру жұмысымыздың тақырыбына қатысты көптеген мәселелерді, атап айтқанда Византия империясының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы феодализмге өту кезеңінің ерекшеліктерін түсінуге, император Юстинианның ғұндарға қарсы соғыстарының себептерін, нәтижелерін жаңа қырынан талдауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының деректік негіздері: Император Юстиниан тұсындағы елдің ішкі, сытрқы саяси жағдайы туралы жазба деректер тобын сол замандарда жазылған византиялық тарихшылардың еңбектері құрайды. Олардың ішінде Прокопий Кесарийскийдің еңбектері ерекше тұр. Император Юстиниан тұсындағы оқиғалардың кең көлемді көрінісі оның «Юстиниан соғыстарының тарихы» атты 551 жылы жарық көрген шығармасында толық жазылған. Сондай-ақ императордың готтарға қарсы соғысы да арнайы шығармаға арқау болған [22] . Осы еңбегінен он алты жыл өткеннен кейін «Юстинианның құрылыстары туралы трактат» еңбегін жазады. Осы еңбегінен кейін тарихшы қала префекті деген жоғарғы лауызымға ие болады. Прокопийдің бұл еңбектерінде Юстинан аса мадақталып көрсетілген. Бірақ тарихшының императордың қатал саясатына еген оппозициялық көзқарастыра оның 550 жылы жазылған «Құпия тарих» деген еңбегінде айқын көрінген [33] . Бүгінде зерттеушілер дәл осы «Құпия тарихтың» мәліметтері негізінде император Юстиниан тұсындағы қарапайым халықтың ауыр тұрмысы, олардың ипмераторға қарсы халықтық қозғалыстары туралы білуге мүмкіндік алып отыр.
Юстинианның билік құрған жылдарындағы Византияның халықаралық байланыстары туралы құнды мәліметтерді сол замандағы дипломатардың еңбектері құрайды. Олардың бірі Петр Патрикий еді. Бірақ оның еңбектері толық сақталмаған. Оның «Елшілікте туралы» деген еңбегі Константин Багрянородныйдың шығармалары арқылы жеткен.
Юстиниан заманындағы келесі бір тарихшы - сириялық Ноннос өзінің шығысқа, Араб елдері мен Эфиофияға сапары жайлы құнды шығарма қалдырған. Бірақ бұл шығарма бізге тек үзінді түрінде жеткен.
VI ғасырдағы тамаша тарихшылардың бірі - Агафий Миринейский (536/37-582 жж. ) өз еңбектеріде Юстинианның билі құрған заманын екі кезеңге бөлеі. Алғашқы кезең батыстағы жемісті жеңістер кезеңі. Ал екінші кезең автордың пікірінше VI ғасырдың 50-60-шы жылдарын құлдыру кезеңі деп белгіленген. Агафий императорды ішкі саясатағы кемшілітері үшін сынға алады. Император Юстиниан дәуіріне қатысты тарихи дерекердің келесі тобын сол замандағы хронистердің еңбектері, георгафиялық, әкімшілік, әскери құрылыс жайлы трактаттар, заңнамаларға қатысты ескерткіштер құрайды.
Диплом жұмысының хронологиялық шегін Византия императоры Юстинианның билік құрған жылдары, атап айтқанда біздің заманымыздың 527-565 жылдары құрайды. Император Юстиниан өзі билік құрған 38 жыл ішінде тек қана Византия тарихында ғана емес, ондай-ақ жалпытарихтың дамуына өз әсерін тигізген тарихи оқиғалардың себепкері болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Император Юстинианның (527-565 жж. ) билік құрған жылдарындағы Византия империясының ішкі және сыртқы саяси дамуының мәселелерін зерттеу диплом жұмысынң басты мақсаты болып табылады. Айқындалған мақсатымызға жету үшін төмендегідей міндеттерді белгіледік:
- Император Юстиниан тұсындағы Византияның экономикалық дамуының мәселелерін қарастыру;
- Юстиниан жүргізген заң және шіркеу реформаларының сипаты мен нәтижелерін сараптау;
- Юстинианның Батысқа жорықтарын қарастыру арқылы оның сыртқы саяатындағы жетістіктері мен салдарларын айқындау;
- Император Юстинианың шығыс пен солтүстүкте жүргізген соғыстарының нәтижелерін талдау.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар негізгі екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен және пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ИМПЕРАТОР ЮСТИНИАННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ІШКІ ЖАҒДАЙЫИмператор Юстинианның билікке келуі және Византияның экономикалық дамуындағы ерекшеліктер
Жаулап алушылар тарапынан талан-таражға түскен Батыс империялар варварлық корольдіктер конгломератына айналған тұста Византия аздап экономикалық және саяси тұрақтылық арнасына түскен болатын. Анастасия император тұсынан бастау алған экономиканың өрлеуі Византия экономикасының Юстиниан тұсында да жақсы дамуына алғы шарт болды.
45 жасында билікке келген Юстиниан мінезінің басты ерекшелігі билік құмарлығының арқасында ол елдің барлық мәселесіне араласып, басқаларға өз еркімен шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтін. Юстиниан туралы айтқанда оның күн демей, түн демей қажырлы еңбек еткендегі, аз ұйықтап, аз тамақ ішкендігі, уақытының басым бөлігін саяси және экономикалық мәселелерге арнағандығы туралы мәліметтер көп [6, 219 б. ] .
Юстиниан өкіметінің қалалармен сауда-қолөнер тұрғындарына қатысты саясаты қиын болды және жиі өзгеріп тұрды. Византия экономикасында қолөнер өнеркәсібі мен алыс шалғайдағы елдермен сауда Юстиниан тұсындағыдай бұрын белең алмаған болатын. Тіпті, елдің саудада ұстанған саясаты мен дипломатиялық қатынастағы ұстанымы бір-бірімен тығыз байланысты болған емес. VI ғасырларда саудагердің де, христиан дінінің миссионерінің де қызметін атқарған византия дипломаттары жаңа сауда жолдарын іздеуде Африка континентінің түкпіріне, Азия елдеріне, Кавказ бен Қырымға дейін жеткен болатын.
Константинополь ол кезде әлемдік сауданың жүрегі іспеттес еді. Себебі, Европа мен Азия товар айырбасын бақылап отырған болатын. Империяның ірі экономикалық орталықтарына сондай-ақ, Египеттегі-Александрия, теңіз жағалауындағы Сириядағы - Антиохия, Эдесса, Эфес, Смирна, Никея, Кіші Азиядағы - Никомедия, Финикиядағы - Тир, Бейрут, ал Византияның европалық бөлігінен Фессалоника, Коринф, Патры, Фивы сияқты қалаларды да жатқызуға болады. Елде, ең алдымен, оның бай қалаларында қолөнер өндірісі дамыды. Құрылыс техникасы жетілдірілді. Соның арқасынд, Юстиниан ғажайып храмдар, сарайлар, шекаралық аймақтарда қорғаныс құрылыстарын салдырды. Құрылыс техникасының жетілуі архитектураның дамуына түрткі болды. VІ ғасырда металл өңдеу ісі жақсара түсті. Оған себеп болған жайттардың бірі - Юстинианның әскери істі дамытуы мен соған сәйкес қару-жарақ өндірісін дамытуы еді. Техниканың дамуы сонымен қатар, тоқыма ісінде де (Сирия, Финикия, Палестина, Кіші Азия, Египет) көрініс тапты [4, 56 б. ] .
Юстиниан тұсындағы Византия империясы көптеген елдермен, халықтармен сауданы жандандыра түсті. VІ ғасырда Византия экономикасында жетекші рольдердің бірін шығыспен сауда алды. Византиядан басқа елдерге ертедегідей қолөнер бұйымдары, соның ішінде, Кіші Азия, Сирия, Египеттің тамаша мата мен жүн маталары, әсемдік бұйымдарының керемет туындылары, сол кездегі ең тамаша шыны ыдыстар, тері бұйымдары, сондай-ақ, темір, астық, шарап, наркотик, папирус шығарылып отырды. Олардың орнына византия саудагерлері (көбінесе Египет және Сирия) шығыстан жібек мата шығаратын құрттарды (құпия жолдармен), піл сүйектерін, қымбат тастар, маржан, бұрыштар мен дәмдеуіштер, қара ағаш, бояғыштар және құлдар алып келетін. Байлық пен әсемдікке құмар Византия сарайы мен ақсүйектері әсіресе жібек саудасын дамытуға көп көңіл бөлген. Бірақ, бұл салада бірқатар қиындықтар туындайтын [8, 32 б. ] .
Қытаймен арадағы сауда парсы көпестеріне тәуелді еді және бейбіт кезде Иран тарапынан көп салым талап етілсе, Сасанидтермен соғыс кезінде қауіп көп болатын. Көбінесе, парсыларға салым алтынмен төленгендіктен, Византия өкіметін империя алтынының сыртқа көптеп шығып жатқандығы қынжылтатын. Қытайға апаратын құрғақтағы жолдар Иран арқылы өтсе, Үнді мұхитының теңіз жолдары Парсы шығанағымен мен Тапробонай (Цейлон) аралымен байланысты бақылаушы парсы көпестерінің қолында болды.
Византия көпестері мен дипломаттары тырысқанымен парсыларды Тапробаннан ығыстыра алмады. Сонда, Юстиниан өкіметі Қытаймен тікелей садуа орнатуға тырысып, өз көпестерін Аксум билеушілері мен химьярит мемлекетінің көмегімен Үндістанға (Қызыл теңіз арқылы) теңіз жолдарымен қамтамасыз етпекші болды. Бірақ, эфиоопия көпестері де, византия көпестері де парсылардың Үнді мұхитындағы гегомониясын сындыра алмады.
Сонымен бірге, Византия өкіметі, Қырымдағы -Боспор мен Херсон форпостары мен Кавказды пайдаланып Қытаймен құрғақ арқылы сауда жолдарын орнатудың әдістерін де іздестірді. Мұнда Византия көпестері Евксин портының солтүстігіне қарай мекендеген дала халықтарымен сауда қатынастарын орнатуға тырысқан еді. Осы тұста, Византияның Кавказ бен Қара теңіз маңы халықтарымен сауда қатынастары дами түсті. Оларға да жүн, бал, тері, мал, құлдар шығарылса, мата, темір, астық, май, тұз, тұздалған балық әкелінді.
Византия елшілігі ендігі жерде Иран мен Солтүстік Кавказға дейін билік етуші түркілер арасындағы өзара жауластықты пайдаланбақшы болады. Мұндағы Византияның көздегені - парсы көпестеріне зияны тиетіндей саудада түркілермен одақ құру еді. Тіпті кейде кейбір батыл саудагерлер Қытайға апаратын Қара теңіз жағалауы арқылы Орталық Азияға өтетін құрғақ жолдарды да пайдаланбақшы болды. Бірақ, қиындықтар көп болғандықтан діттеген мақсатына бәрі бірдей жете бермейтін [9, 45 б. ] .
Сауда жолдарын іздеу мен Византия көпестерінің көзқарасын жақтау, Юстиниан тұсында мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналды.
Византияның үлкен жетістіктерінің бірі- Қытай құпия сақтап келген жібек мата өндіру технологиясын игергендіктері болды. Аңыз бойынша, екі несториандық монахтар өздерінің таяқтарының діңгегіне жібек құртын алып шығып, Византияда жібек өндірісінің негізін қалаған. VІ ғасырда оның орталықтары Сирия мен Финиккия болды. Антиохия, Тира, Бейрут жібек шеберханалары уақыт өте келе танымал бола бастады. Жібек мата тоқудың ірі шеберханалары Юстиниан тұсында тіпті Константинопольде де ашылған болатын. Жібек өндірудің маңызын түсінген Византия өкіметі оған мемлекеттік монополия орнатты және көп ұзамай императорлық жібек тоқу шеберханалары табыстың басты бұлағына айналды [10, 13 б. ] .
VІ ғасырда Византия экономикасында маңызы жағынан келесі сатыда Батыспен сауда тұрды. Батыс Рим империясының құлауы оған үлкен соққы берген болатын. Византия көпестері бұрынғыдай Италия, Галлия, Испания корольдіктеріне, Солтүстік Африкаға шығыс маталарын, киім, шыны ыдыстар, күміс бұйымдар, қымбат тастар, Сирия шараптарын шығарып тұрғанмен де Жерорта теңізімен сауда байланыстарын дамыту қиын жағдайда еді. . Жерорта теңізіндегі Византия сауда кемелеріне вандалдардың әскери кемелелрі қауіп төндіріп тұрды, тіпті, грек көпестері варварлар корольдігінде де қудаланып та тұрды.
Византия көпестері, соның ішінде Константинополь, Антиохия, Александрия қалаларының бай көпестері Батыспен сауданы жандандыруға мүдделі еді. Олар, Жерорта теңізінде емін-еркін жүзуді армандайтын. Дегенмен, Византияның сауда-қолөнер таптары көбіне Юстиниан өкіметіне қолдау көрсетіп тұратын. Көпестер қимаса да әскери шығындарға қыруар ақша төлеп тұратын. Себебі, саудагерлерге Батыс пен Шығыстағы сауданы дамыту үшін күшті орталық биліктің қолдауы қажет етеді. Солай болғанмен де, бай саудагерлер арасында Египет пен Сирия тәуелсіздігін армандаған оппозициялқ топтар да болғандығын байқауға болады. Мысалы, Прокопийдің, Юстиниан тұсында тауарларға салынатын кедендік салық, кемелерден жиналатын алымдар жоғары болғандығы туралы мәліметтер келтіреді. Сондықтан да өкіметтің саудагерлерге байланысты саясаты жиі өзгеріп тұрған [10, 21 б. ] .
VІ ғасырда империяда экономиканың тұрақтануында маңызды роль ойнаған салалардың бірі-құрылыс болды. Ол туралы мәліметтерді Прокопидің «Трактат о постройках» аты еңбегінен және де басқа да жазба деректерден алуға болды. Өкіметтің қолдауымен Византияда тек храмдар мен сарайлар ғана емес, сонымен қатар, қорғаныс құрылыстары да салынып, ескі қала орындарында жаңа қалалар бой көтерді. Әсіресе, жақын аймақтардағы дамбаларға порттар мен бекіністер салу қолға алынды. Құрылыстар мен қалалар сала отырып, Юстиниан өзінің атаққұмарлығын тағы да дәлелдеп отырды. Олай дейтініміз, Византияда немесе басқа да жерлдерде салынған қалалар не императордың не әйелі Феодораның атымен аталып отырған. Әсіресе Юстиниан құрылысты дамытуда өз еліне көп көңіл бөлген. Мысалы, өзі туып өскен Бедериан деген жер үлкен қоғамдық ғимараттар көмкерген жайқалған қалаға айналған. Оған Бірінші Юстиниан аты берілген болатын. Сонымен қатар, құрылыс ісінің дамуы қара халықты, әртүрлі қолөнершілерді жұмыспен, айлықпен қамтамасыз етуге көмектесті.
Бірорталыққа бағынған мықты мемлекет құруды көздеген Юстиниан бастаған өкімет мемлекетті бақаруда реформа жасауды қажет етті. Орта және ұсақ жер иеленушілер, саудагерлер мен қолөнершілер, ауыл тұрғындары мен қала халқы, бюрократиядан қысым көргендіктен, әкімшіліктегі жұмыстарды ретке келтіретін, әділдік орнататын реформаларды күтті. Және Юстиниан сондай деңгейдегі реформаларды жүргізе алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz