Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ (АЗАПТАУДЫҢ) ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Адамның жеке басына қарсы қылмыстар (азаптау) туралы заңдардың даму . . . 7

1. 2 Адамға қарсы зорлықты қылмыс ретінде азаптау ұғымына және

оның белгілеріне қазіргі көзқарас . . . 12

2 АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы . . . 22

2. 2 Азаптаудың субъективтік белгілерінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 29

2. 3 Азаптаудың сараланған түрлеріне сипаттама . . . 44

3 АЗАПТАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОДАН САҚТАНДЫРУ

3. 1 Азаптауға ұшырататын жағдайлар мен мән-жайлар . . . 56

3. 2 Азаптаудың алдын алу . . . 71

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 89

КІРІСПЕ

Зорлық көрсету қылмыстарын, атап айтканда, азаптауды зерттеуге және оның алдын алу, одан сақтандыру проблемаларына арналған. Жұмыста зорлық көрсету қылмыстарының әлеуметтік-құқықтық тегі зерделенген, оларға қылмыстық-құқықтық сипаттама берілген, оларды жасаудың тетігі, қылмыскер мен жәбірленуші арасы ашып қарастырылған.

Қылмыстық Кодекстің 1-тарауында (Жеке адамдарға қарсы қылмыстар) көзделген қылмыстар нысандарының аса маңыздылығы көрсетіліп отыр. Адамның кұқықтары мен бостандығын Қазақстанда Конституция қорғайды (12-бап) . Қылмыстық заңның маңызды міндеттерінің бірі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау (ҚК-нің 2-6. 1-бөлігі), сондықтан да олар - Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі адамның жеке басына қарсы қылмыстар, оның ішінде «азаптау» бойынша қылмыс құрамы көзделген 1-тараумен басталады.

Денсаулық - адамның басты байлығы, бірақ қазіргі кезде зорлықты қылмыстар, әсіресе азаптау кең етек алып барады, сондықтан да бұл мәселе мемлекетті толғандыруға тиіс. Зорлықты қылмыстар ошақ басында немесе кездейсоқ, табанасты жасалумен қатар алдын ала ойластырылып, қарулы топ құрылып, азаптаудың қатыгез тәсілдері қолданылып та жасалуда.

ҚК-нің 107-бабында көзделген қылмыстар күннен күнге көбеюде, олар барған сайын қатыгездік сипат алуда.

Мысалы, 107-бапта көзделген қылмыстың Қазақстан Республикасында:

2004 жылы - 37 фактісі; 2005 жылы - 42 фактісі; 2006 жылы - 50 фактісі; 2007 жылы - 58 фактілері; 2009 жылы -10 фактілері; 2010 жылы 3 ай бойынша - 5 фактілері тіркелген [1. 35б. ] .

ҚР Конституциясының 22-бабында адамның өз бостандығына, денсаулығын қорғауына құқығы жарияланған. Бұл жағдай азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту проблемасының маңыздылығы артатындығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындаудың атқарар орны үлкен. Себебі ол қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ережелерге әсерін тигізуші құрал болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі қылмыстық құқықта азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік проблемасына көптеген ғалымдар зейін қойып жүр. Азаптау үшін жауапкершіліктің қылмыстық-құқықтық аспектісін А. А. Калашникова, П. Константинов. И. Портнов, А. Д. Тартаковский, Г. И. Чечель, Р. Д. Шарапов және басқалар өз жұмыстарында атап өткен.

Сонымен катар, Г. А. Аванесов, С. Н. Авелыдев, Ю. М. Антонян, С. Д. Дерябин, В. Е. Квашис және басқалар азаптауды криминологиялық деңгейде зерттеген.

Жұмысты жазу барысында С В. Бородин, Л. Д. Гаухман, А. З. Жалинский, А. А. Жижиленко, Н. И. Загородников, А. Н. Красиков, Б. С. Никифиров, А. А. Пионтковский, Э. Ф. Побегайло, С. В. Расторопов, Н. С. Таганцев, М. Д. Шаргородский, С. Я. Лебедев сияқты ғалымдардың еңбектері зерделенді.

Отандық ғалымдардың арасынан Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Р. Е. Джансараева, Е. И. Қайыржанов, А. Х. Миндагулов, Г. С. Мэуленов, Г. Р. Рустемова, Н. Дулатбеков, Р. Т. Нұртаев, Н. Сұлтанова. А. Смагұлов, М. М. Оразалиев және басқалардың еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Зерттеудің мақсаты зорлықшыл қылмыстарды криминологиялық санат ретінде қарастыру:

- азаптағандық үшін жауапкершілік туындауының тарихи аспектісін зерделеу;

-бұл қылмыстық құрамның денсаулыққа қарсы қылмыстар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау;

-сондай-ақ бұл нормалар мен оларды қолдану мәселелеріне түсініктеме берумен байланысты проблемаларды зерделеу;

-заңдарды жетілдіру және оны практикада қолдану жөнінде ғылыми-негізделген ұсыныстар жасау және оларды құқық қорғау органдарының жұмысына енгізу.

Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:

-қылмыстың дербес құрамы деп танылып азаптау үшін жауапкершіліктің революцияға дейінгі Ресейдің және қазіргі Қазақстанның қылмыстық заңдарында даму үрдісін көрсету;

-ұғымдарды анықтау үшін азаптауға тән міндетті белгілер шеңберін анықтау;

-бұл қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасау;

-азаптау қолданылатын қоғамдық қатынастардың шеңберін анықтау және бұл қылмыс құрамының конструкциясын белгілеу;

- азаптаудың әрбір саралаушы белгілерінің орны мен рөлін анықтау.

Зерттеудің пәні. Зорлықшыл және оның Алматы қаласы мен Ақтөбе обылыстарымен салыстырғандағы үрдісі, оның ерекшеліктері мен детерминанттары, оның ішінде зорлықпен агрессияның өсуіне ықпал тудыратын үрдістер, зорлықшыл қылмыскердің жеке басы, қылмыстардың алдын алатын құқық қорғау органдары мен басқа субьектілердің қызметі.

Зерттеудің жаңалығы. Қылмыстық заңдарды жетілдіру жөнінде, сондай-ақ бұл қылмыстарды өзінше бөлек қарастырып саралаумен байланысты ұсыныстар даярланған. Зерттеліп отырған құрамның ғылым мен практика үшін маңызы бар кейбір саралаушы белгілерінің басымдығын анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы, сонымен қатар, қорғауға ұсынылған тұжырымдарда көрсетілген.

Дипломдық жұмысымың әдістемелік негізі. Зерттеу ғылыми танымдық теория мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын диалектикалық әдіске негізделген.

- тарихи-құқықтық-зорлықшыл қылмыстарды зерделеудің және оның алдын алудың тарихи тәжірибесін зерделеуге қатысты;

- салыстырмалы құқықтану, оған зорлықшыл қылмыстардың қылмыстық-құқықтық тәсілдер арқылы сақтанудың шетел заңдарының оң тәжірибелерінің талдамалары кіреді;

- статистикалық зорлықшыл қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерді жинақтауды және талдауды қамтиды;

Зерттеудің нормативтік базасын отандық қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, әкімшілік және қылмыстық-атқарушылық заңнамасы, адамдардың қылмыстылығымен күрес мәселесін реттейтін заңдар мен ведомостволық нормативтік-құқықтық актілер, бірқатар шетелдердің қылмыстық заңдарды, адамдардың кұқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілер құрайды.

Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдардың шындығы таңдап алынған әдістемелік, методологиялық және нормативтік базаларға негізделген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге негізделген, жұмыстың мазмұны таңдап алынған тақырыпты толық көлемді қамтылған деген ойым бар. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, 6 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 9 бет.

1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ (АЗАПТАУДЫҢ) ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР (АЗАПТАУ) ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ

Адамның денсаулығына зақым келтіретін қылмыстар адамзат тарихы мен бірге жасап келе жатыр. Сондықтан да, адамның денсаулығын қорғау қазіргі таңда қылмыстық құқықтың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Отандық әдебиетте адам денсаулығын қылмыстық-құқықтық қорғау мәселесіне әрқашанда баса назар аударып отырады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Ресей мемлекетінің даму тарихымен етене байланыста. Қылмыстық заңнаманың алғаш туындаған кезінде қылмыстың ауыр формалары ғана есепке алынды, бірақ «келе-келе адам денсаулығын жан-жақты қорғау мақсатында қылмыстық озбырлықтың басқа жақтары да қарастырылды» [2. 5 6. ] .

«Азаптау» ұғымы пайда болғанға дейін адамға күш көрсеткені және психикалық ықпал жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік азаптаудың нышаны бар басқа қылмыстар құрамында көзделді. Ал, қылмыстың өзінше дербес құрамы ретінде азаптау кейін бөлінді [3. 101. 6. ] .

Қылмыстың бұл түрі ежелгі замандағы патшалар кезінен бастау алады, олар ешқандай заңға сүйенбестен өз қарсыластарын азаптаған, қинаған [4. 120 б. ] .

Денсаулыққа зақым келтіретін қылмыс жайында Русьте ұлы князьдар Олег (911 ж. ) пен Игорьдің (945 ж. ) гректермен жасасқан шарттарында алғаш рет айтылады. Бұл шарттарда «адам денсаулығы қоғамдық игілік емес, жеке адамның өз игілігі, сондықтан оны қорғау - оның өзінің немесе оған мүдделі адамдардың міндеті - деп көрсетілген .

Тарихшылар «Орыс заңы» деп атаған Олег шартында (911ж) негізінен денеге зақым келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген. «егер орыс гректі немесе грек орысты қылышпен немесе найзамен жарақаттаса, ол өзінің кінәсін жуу үшін «Орыс заңы» бойынша бес литр күміс төлеуге тиіс» делінген. Көптеген зерттеушілер мұны заң актісі емес, Русьте қалыптасқан тәртіп деп санайды. Дене жарақаты үшін жауапкершіліктің мұндай нормалары Игорьдің шарттарында да (945 ж. ) болды.

Ежелгі Русьтің қылмыстық құқық нормалары бар және бізге дейін жеткен заң актісі -«Русская правда» (XI ғ. ) . Ол князьдіктердің жарғыларынан, әдет құқықтарынан, нақты сот үкімдерінен құрастырылды онда дене жарақатын алғандық үшін жауапкершілік нормалары қарастырылды, тіптен кейбір жағдайларда қанды кекке рұқсат етілді [5. 49 б. ] .

Денсаулықты қорғау Русьте жеке мүддеден біртіндеп мемлекеттің қылмыстық-құқықтық кұралдармен қорғайтын қоғамдық игілікке айналды. Мұндай қорғаудың дәрежесі жәбірленушінің қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты болды. «Русская Правданың» алғашқы нұсқаларында денеге зақым келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген: «Егер жәбірленген адам өзіне көрсетілген қорлықтың қайтарымын өз бетінше ала алмаса, оған 3 гривна айыппұл төленеді» делінген. Яғни бұл заң актісінде өш алу немесе ақшалай айыппұл салу бірдей көзделген. Егер қолындағы қатты затпен ұрып дене жарақатын салса, ол үшін 12 гривна төлейтін болған [6. 27 б. ] .

Ал бұл «Русская Правдада» «азаптау» термині кездеспейді. Соған қарап бұл термин кейін пайда болған деген тұжырым жасауға болады. Бірақ автор бұл қылмыстың сол кезде-ақ денеге басқа жолдармен зақым келтіру арқылы болғанын айтады.

Новгород және Псков губернияларында сот грамоталары деп аталатын екі ірі заң актілері жарық көрді, оның біреуінін 42 бабы бізге жетті. Ал, «Псков сот грамотасы» (1397 жылғы) неше қайтара толықтырылып толықтай сақталды. 111-бапта талапкерге сотта жарақат салғаны үшін жауапкершілік белгіленген: «Мырза алдында талапкерді ұрған адам ақша төлейді» делінген [7. 112 б. ] .

XV ғасырда Русьте орталықтандырылған мемлекет құрыла бастағанда заңнаманың жаңа формасы - Судебник пайда болды. Алғаш, 1497 жылы Иван III-нің Судебнигі, 1550 жылы Иван Грозныйдың Судебнигі пайда болды, олар зорлықты әрекеттердін «Русская Правдада» берілген құқықтық сипаттарын қалдырды. Бұл нормативтік актілер құқықтық бірнеше саласының (азаматтык, қылмыстық іс жүргізу және т. б. ) нормаларын қамтыды, бірақ денсаулыққа қарсы қылмыстар жайында сөз қозғамады. Дегенмен, Судебниктерде адамның жеке басына қарсы қылмыстар, оның ішінде азаптау өзінше бөлек алынған деген пікірлер бар [8. 45 б. ] .

Алексей Михайлович патшаның 1649 жылғы «Соборное Уложение» жинағы елеулі нормативтік актіге жатады. Онда орыстардың жазба құқықтары бір жүйеге келтірілді «әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты қылмыстық жазаланатын әрекетке жатқызылды бірқатар нормаларда «зорлықты» терминдері пайдаланылды» (9. 68 б. )

«Уложениеде» қамшы, таяқ және басқа жанға бататын құралдар қолданғандық (11-бап) және жәбірленушіні қинағандық үшін (12-бап) жауапкершілік көзделді.

Бұл заңға қайшы әрекеттерде, өздерінің жасалу тәсілдері мен сипаты жағынан азаптауға ұқсас құрам бар (ҚР ҚК-нін 107-бабы) . Ондай әрекет үшін жауапкершілік талион принципі бойынша көзделген: «Біреуді азаптаған адамға сондай жаза қолданылады» [10. 160 б. ]

Патшалық Ресейдің экономикалық дамуы батыс елдеріне еліктеу, халық санының өсуі заңдардың жетілдірілуін талап етті.

Мысалы: Петр І-дің кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттағы 392 жарлық шықты. Қылмыстық-құқықтық нормалар, сонымен қатар, жалпы актілерге де кіргізілді. Мұндай заң актілерінде мемлекеттік - көпшілік мүдделер басым болды, адам денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік те қарастырылды [11. 112 б. ] .

Екатерина ІІ-нің «Наказы» да ХVІII ғасырдағы қылмыстық құқықтың маңызды көзіне айналды, онда адамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар бөлініп алынды. Ол кезінде онша бағаланбағанмен, XIX ғасырдың басында оның көмегі көп болды.

XVIII ғасырдағы абсолюттік монархия кезінде қылмыстық-құқықтық ұғымдар, нормалар мен институттар едәуір жаңғырды. Ресейдің адам денсаулығына қарсы қылмыстар туралы заңнамасы сегіз ғасырда қылмыстық озбырлықтан сақтанудың құқықтық кұралдары мен әдістерінің белгілі бір жүйесіне айналды.

1830 жылы Николай І-дің кезінде М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Ресей империясы заңдарының толық жинағы» дайындалды (51 том), онда барлығы 53239 теориялық көздер болды және де 15 томдық «Ресей империясынын заңдар жинағы» жарық көрді. «Заңдар жинағының» XV томындағы қылмыстық құқық нормалары Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінді, олар 1833 жылдың 31 қаңтарында күшіне енді. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы баптар ең соңында келтірілді. Денеге зақым келтіру және жарақат салу ажыратылды. Адам қандай да бір мүшесін жоғалтса немесе мүше жансызданса - зақым келтіру, ал бір жерді қанатып, көгертсе - жарақат салу деп бөлінді.

1845 жылы 2224 баптан тұратын «Қылмыстық және атқарушылық жазалар туралы Уложение» қабылданды. Ол Ресей заңнамасын едәуір дамытып, заң ғылымы мен практикасына елеулі үлес қосты. Ол барлық қылмыстық заңдардың басын қосып, оларды бір жүйеге келтірді. Адам денсаулығына қарсы қылмыстар өзінше жеке топқа бөлінді [12. 152 6. ] .

Мысалы, «Жеке адамның өміріне, денсаулығына, бостандығына және ар-ожданына қарсы қылмыстар туралы» X тарауда (1477-1496-баптар) «Денсаулыққа зақым келтіру, жарақат салу және басқа зиян келтіру» деп аталатын 3-тармақ қарастырылған. Заң шығарушы құқыққа қайшы әрекеттерді адам денсаулығына қатысы бар нысандар бойынша біріктірген, бұл мән-жай адамның жеке басына қылмыстық-құқықтық қорғау нысаны ретінде қарау керектігін көрсетеді. Зақым келтіру ауыр (1477) және жеңілдеу (1978-6. ) болып бөлінді. Жарақат салу да ауыр (1481) және жеңіл (1482) деп топтастырылды. Бұлармен қатар денсаулықты бұзу дейтін әрекеттер де қарастырылды (1486-1487-баптар) [13. 84 б. ] . Төбелес немесе дау-дамай кезінде денеге жарақат салудың кейбір мәселелері де қарастырылды (1485-бап), ол қазіргі Қазақстан заңнамасындағы бұзақылық пиғылымен ұрып-соғуға ұқсас [14. 224 б. ] .

«Уложениеде» азаптау ұғымы қолданылды, оны қинау және қатыгездік арқылы түсіну керек еді. Бұлардан келетін күйзеліс жәй ұрып-соғудан, тіптен таяққа жығып тастаса да, ауыр деп саналды. Сондықтан да «Уложение» қинау мен қатыгездікті қылмыс деп саралағанда денсаулыққа зақым келген-келмегендігіне назар аудармады.

Зерттеуші бұл «Уложение» бойынша адам денсаулығы бұрынғы қылмыстық заңдарға қарағанда нақтырақ қорғалды, бірақ онда көптеген «басы артық», бір-біріне өте ұқсас белгілер болды деп санайды. Бұл заңнама 1917 жылдың қазан айына дейін күшін жойған жоқ. Онымен қатар қолданылған 1903 жылғы «Қылмыстық уложениенің» «Денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету туралы» XXIII тарауы адам Денсаулығына қарсы қылмыстарға арналды [15. 147 б. ] .

1903 жылғы «Уложениеде» адамның жеке басына қарсы қылмыстар екі түрге бөлінді: денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету, қасақана ұрып-соғу. «Ұрып-соққанмен денеге ешқандай із қалдырмайтын, қысқа уақытқа жан күйзелетін әрекеттер адамға зорлық көрсету болып табылады» дейді С. Таганцев. Бұл әрекеттер адам денсаулығына зақым келтірумен салыстырғанда қоғам үшін онша қауіпті емес қылмыстар қатарына жаткызылған, олар қылмыстық заң қорғайтын мүдделердің қосымша нысанына жатады [16. 191б. ]

1919 жылғы 12 желтоқсанда Ресейдің Қылмыстық істер бойынша басшылыққа алатын бастамасы басылып шықты, бірақ ол қылмыстық заң емес еді, себебі онда қылмыстардың нақты құрамдары қарастырылмаған, дегенмен қылмыстық-құқықтық ұғымдар жүйеге келтірілген болатын.

Қылмыстық заңнаманың дамуындағы келесі белес - РКФСР қылмыстық Кодексінің шығуы еді (1922 ж. ) . V тараудың «Денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету» деп аталатын 2 тармағы денсаулыққа қарсы қылмыстарға арналды. Бұл Кодекс дене жарақатын үш санатқа бөлді:

- ауыр;

- орташа ауыр;

- жеңіл.

Бұл ретте Кодекс жеңіл дене жарақатына қандай да бір анықтама берген жоқ, оның белгілерін көрсетпеді.

Бірақ, ауыр және орташа ауыр дене жарақаты деген ; ұғымдарға сүйене отырып жеңіл дене жарақатына өмірге қауіпті емес, денсаулықты аз уақытқа ғана бұзатын немесе денсаулықтың бұзылуына қатысы жоқ жарақатты жатқызуға болады.

Біздің зерттеу үшін керектісі - «қасақана ұрып-соғу немесе жанға бататын өзгедей зорлықты әрекеттер» (157-6. ) . Бірақ ұрып-соғу ұғымы сол қалпы ашылмай қалған «азаптау» және «қинау» терминдері саралаушы белгілер ретінде қолданылған.

1922 жылы «Жарақаттың ауырлығы туралы қорытынды жасау Ережесі» қабылданғаннан кейін қылмыстық-құқықтық нормалардың мәнін толықтай ұғынуға, оларды практикада дұрыс қолдануға мүмкіндік туды.

Отандық зерттеушілердің пікірінше, денсаулыққа қарсы қылмыстарды 1922 жылғы Қылмыстық Кодекс бойынша құқықтық регламенттеуде жан-жақтылық, нақтылық бар көрінеді.

1927 жылдан бастап Ресейде жаңа Кодекс (1926 жылғы) күшіне енді. Адамның өміріне, денсаулығына, ар-ожданына, бостандығына қарсы қылмыстардың барлығы түгелдей VI тарауда берілді.

Бұл Кодекс дене жарақаттарын ауыр (142-6) және жеңіл (143-6. ) деп екіге бөлді. Дененің көгергенінен аяқ-қолдың сынғанына дейінгі әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар жеңіл деп саналды. Денеге бәлендей бір қол тигізу емес, адамға жан күйзелісін келтіру ғана зорлықты әрекетке жатқызылды. Ұрып-соғу денсаулыққа қарсы қылмыстардың ерекше тобын құрады (146-6. ) .

Баптың диспозициясынан көріп отырғанымыздай, бұл жерде «ұру» және «соғу» деген, мәні жағынан өте жақын екі термин алынған, қылмыстық заңнамада олардың қандай ұғым беретіндігі ашылмаған. 146-баптың 2-бөлігінде азаптау ұрудың, соғудың және жанға бататын басқа да зорлықты әрекеттердің саралаушы түрі ретінде қарастырылған.

Адамға қарсы қылмыстарды криминалдаудағы олқылықтар заң аналогиясын қолдану жолымен толықтырылды (1922 жылғы Кодекстің 10-бабы және 1926 жылғы Кодекстің 16-бабы) . Сол себептен де ол кезеңнің қылмыстық заңнамасы бірқатар қылмыстық-құқықтық ұғымдардың болмағандығынан қиындық көрген деп санайды зерттеуші.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік көзделген заңнаманың дамуындағы елеулі кезең - 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің қабылдануы еді.

Бұл Кодекс бойынша дене жарақаты қайтадан үш сатыға бөлінді. Еңбек қабілетінің едәуір жоғалуына алып келмейтін дене жарақаты ауырлығы орташа жарақатқа жатқызылды (94-бап) . Аталған кодекстің 97-бабында жеңіл дене жарақатын салғандық үшін жауапкершілік қарастырылды [17. 137 6. ] .

Ресей Қылмыстық Кодексінің 112-бабына қарағанда (онда мұндай нормалар жоқ) Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 99-бабында ұрып-соғу және азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді.

«Адамға зорлық көрсету» ұғымы 1959 жылғы азаптаумен байланыстырылды. «Азаптаудың» құрамы кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңнама үшін мүлде жаңа еді, ол 99-бапта көрініс тапты. Азаптауға «қасақана ұрып-соғу және жанға бататын басқа да зорлықты әрекеттер» деген анықтама берілді. Бұл Кодексте ұрып-соғу мен азаптау біртұтас ұғым болды.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексіне берілген түсініктемеде азаптау денеге жеңіл жарақат салу тәсілі деп ұғындырылды. 1977 жылы азаматтардың денсаулықты қорғау құқығы алғаш рет КСРО Конституциясында бекімін тапты (42-бап) . ҚР Конституциясы (1995 ж. ) зорлықты қылмыстардың алдын алудың оңтайлы жолдарын іздестірудің жаңа кезеңі болды, себебі онда адамның туғаннан өлгенге дейінгі өміріне, денсаулығына, жеке басына қол сұқпауға құқығы жарияланды.

Адам денсаулығына зиян келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңнамада зорлықты қастандықпен күрестің бірқатар қылмыстық-құқықтық жолдары қарастырылды. 1997жылғы Қылмыстық Кодекс қылмыстық Заңдарды ҚР Конституциясына және халықаралық нормаларға сәйкестендіруге тиіс болды. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардың құрамына баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес бұл қылмыстар тобының орналасу реті де өзгерді. ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі I тарау «Адамға қарсы қылмыстар» деп аталды.

Ұрып-соғу және азаптау сияқты қылмыстар құрамы өзгертілді, олардың біріншісі өзінше құрамға бөлінді, кейін мүлде алынып тасталды [18. 68 б. ] .

Азаптағандық үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңнаманың даму тарихын талдай және қорыта келе оның ұзақ сүрелі жолдан өткендігін көреміз. Ол «Русская Правдадан» бастау алады, ал азаптау термині алғаш 1845 жылғы «Уложениеде» қалыптасқан болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері туралы
Денсаулыққа қарсы қылмыстар ұғымы
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзіндік белгілерін ашып көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz