Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы


МАЗМҰНЫ
кіріспе
1 Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
1. 1 Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы ұйымының құрылуы мен даму кезеңдері
1. 2 АТЭЫ саяси-экономикалық интеграциясының қазіргі әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңыздылығы
1. 3 АТЭЫ шеңберіндегі аймақтық саяси-экономикалық басымдыққа талпыныс.
2 ҚР сыртқы саясатының азиялық бағыты.
Қазақстан - АТЭЫҰ экономикалық байланыстары
2. 1 Азия-тынық мұхиты аймағының Қазақстан сыртқы саясатындағы алатын орны
2. 2 Қазақстан мен АТЭЫҰ арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі мәселелері мен даму перспективалары
2. 3 Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты елдері арасындағы екіжақтық саяси-экономикалық байланыстар
Қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер
Қысқартулар мен шартты белгілер
APEC - Asia-Pacific Economic Cooperation
J. I. C. A - Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі
ODA - Жапонияның Дамуға ресми көмек бағдарламасы
АИА - АСЕАН инвестиция зона
АИКО - АСЕАН инвестиция зоналары және өнеркәсіптік ынтымақтастық Схемасы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АЛТИД - «Азиядағы жерүсті көлік инфрақұрылымын дамыту»
АӨЗСШК - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесі
АӨФ - АСЕАН-ның қауіпсіздік жөніндегі өңірлік форумы
АСЕАН - Оңтүстік-Шығыс Азия Мемлекеттері Ассоциациясы
АСЕМ - «Азия - Еуропа» саммиті
АТА - Азия-Тынық мұхиты аймағы
АТӨ - Азия-Тынық мұхит өңірі
АТЭС - Азиатско-Тихоокеанское Экономическое Сотрудничество
АТЭЫ (АТЭС) - Азия-Тынық мұхиты Экономикалық Ынтымақтастығы
АТЭЫҰ - Азия-Тынық мұхиты Экономикалық Ынтымақтастығы Ұйымы
АФТА - АСЕАН еркін сауда зонасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттыр Ұйымы
БҰҰ АТМЭӘК(ЭСКАТО) - БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы
ГАТТ - Генеральное соглашение о тарифах и торговле
ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
ЕС - Еуропалық Одақ
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
КХДР - Корей Халық Демократиялық Республикасы
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
МІБ - Маниль іс-қимыл бағдарламасы
НАТО - Солтүстік Атлантикалық Келісім-шарт Ұйымы
НАФТА - Солтүстік Америкалық Еркін Сауда Ассоциациясы
РФА - АСЕАН аймақтық форумы
СПЕКА - БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ТРАСЕКА - Еуропа-Кавказ-Азия Халықаралық көлік Коридоры
ФТАА - Бүкіламерикандық еркін сауда зонасы
ІКК - Іскерлік консультативті кеңес
ЭТЫ - Экономикалық және техникалық ынтымақтастық
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда Азия-Тынық мүхиты аймағы (АТА) негізгі әлемдік экономикалық және саяси орталықтардың бірі саналады. Ал осы қарқынды дамып келе жатқан аталмыш аймақ қандай мемлекеттер мен континенттерді қамтиды? Жалпы оның жағрафиялық аумағын анықтауға болатын ар түрлі нұсқалар бар. Біріншісін алатын болсақ, Азия-Тынық мұхиты аймағына Оңтүстік және Солтүстік Американың батыс жағалауы мен Азия және Австралия зонасының шығыс жағалауы қамтитын кеңістік енеді. Екінші нұсқа бойынша, АТА-ға Тынық мұхиттық Азия, АҚШ, Канада және Австралия мен Жаңа Зеландия елдері кіреді, алайда латын америкалық мемлекеттер жатқызылмайды. Үшінші анықтамаға сәйкес Азия-Тынық мұхиты аймағы Шығыс Азияны қамтып, АҚШ, Австралия, Үндістан, Канада елдері АТА аймағындағы оқиғаларға ықпал етуші аймақтан тыс державалар ретінде қарастырылады1. Сондықтан аталмыш диплом жұмысы тақырыбының мазмұнына сәйкес бірінші нұсқа негізге алынды.
Жалпы Азия-Тынық мұхиты аймағы бір қарағаннан-ақ өзінің құрамындағы мемлекеттер мен елдердің саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық даму жолдары әр алуандығымен және бірнеше континенттерді қамтуымен айрықша таңдандырады. Әр елдің өзіндік салт-дәстүрі, әлеуметтік-экономикалық даму саласы, саяси құрылымы және т. б. бойынша барынша ерекшеленгенін ескерсек, олардың арасында өзара ортақ жақындасу емес, керісінше алшақтық болуы шарт секілді. Батыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс немесе Африка, болмаса Солтүстік Америка елдеріне қатысты аймақтар туралы айту оңай. Себебі ол аймақтарда жағрафиялық жақындық та, тілі, діні, этникалық құрамына қарай ортақ тарихи-мәдени мұралары, тығыз біртұтас саяси-экономикалық байланыстары бар.
Ал Азия-Тынық мұхиты аймағында мұның ешқайсысы жоқ. Мұнда көп елді бір-бірінен орасан зор географиялық ара-қашықтық бөліп тұр. Мұнда тарихи қалыптасу жағынан да елдерді әркелкі топтастыруға болады. Мысалы, конфуцы діни-мәдени дәстүрінің әсерімен құрылған Қытай, Жапония, Корея сияқты Қиыр Шығыс елдерін, негізінен Британ аралдарынан қоныстанушыларынан тұратын Австралия, Жаңа Зеландия, Канада сияқты Англияның «ақ доминиондарын» алуға болады. Сонымен қатар, АҚШ пен Жапония аймақтың өнеркәсіптік басым дамыған мемлекеттеріне жатқызылады. Олармен қоса, мұнда үлкендері Индонезия, Таиланд, Австралиядан бастап, Тынық-мұхитының оңтүстік бөлігіндегі жиырмадан астам қуыршақ мемлекеттер де бар.
АТА-ның өзіндік тағы ерекшелігі, сондай-ақ, коммунистік режим мен коммунистік идеологияның (ҚХР, КХДР) осында ғана сақталуымен белгілі. Бұл аймақты, сонымен қатар, территориялық даулардың көптігімен де ерекшелеуге болады. Мысалы, Ресей мен Жапония, Жапония мен Қытай, Қытай мен Корея және т. б. арасындағы территориялық даулар2.
Ендеше мұндай өзара ұқсастықтары жоқ халықтар мен мемлекеттерді ортақ не біріктіреді? Біріншіден, ХХ ғ. алғашқы жартысында Тынық-мұхиттық державалар саналған АҚШ пен Жапонияның экономикалық және әскери өсіміне қарамастан жер ашрының бұл аймағы еуропалық метрополиялардың отарлық периферийі болып қалуын жалғастыра берді. Екіншіден, қазіргі таңда бұл аймақ елдерінің экономикалық өсімі айқын басым қарқын алуда. Аймақелдерінің ішкі айналым өнімінің жалпы үлесі әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен 60 пайызын алып отыр. АТЭЫ әлемдік экономиканың жарты үлесін құрай алады. ХХІ ғ. басында құрамындағы елдердің халқының жалпы саны әлем халқының 42%-ын және әлемдік тауарайналымының 50%-ын құрады. Ал олардың барлығының жалпы ішкі айналым өнімі 24 трлн. долл. асып, дүниежүзі бойынша алғанда 60%-дық көрсеткішті межеледі3.
Соңғы 30 жыл ішінде Азия Тынық мұхиты аймағында жаңа әлемдік экономикалық орталықтың қарқынды процесі жүріп келеді. Тап осы аймақтан қазіргі «экономикалық ғажайыптар» көпшілігі шыққан еді, экономикалық өсімнің ең жоғарғы рекордтық көрсеткіштері байқалған4.
Азия-Тынық мұхиты аймағы Қазақстан де үшін экономикалық процестері қарқынды дамып жатқан, сауда-экономикалық қызметтері масштабы кеңейіп келе жатқан, капитал, тауар, қызмет, жұмыс күші, технология және ақпарат нарығындағы аймақтық ынтымақтастықтың ауқымды тәжірибесі жинақталған аймақ ретінде және онымен осы салалардағы дамушы елдерімен байланыс орнату үшін маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Мұнда саяси әрі экономикалық мүдделердің өзара жақындасу тенденциясы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі белсенді өзара ықпалдастық байқалады.
Аймақтың көптеген елдері өзіндік мемлекеттіліктерінің қалыптасу барысында қарқынды ішкі дамуы мен әлемдік шаруашылық процестердің интеграциясына деген қабілеттерін көрсете білді.
Қазақстан азия елі ретінде және орасан зор пайдалы табиғи байлықтарымен, Еуразия транспорттық артериясы тоғысына орналаса отырып Азия-Тынық мұхиты аймағы интеграциялық үрдістеріне өзінің ұзақ мерзімді мүдделері негізінде белсенді ат салыса алады.
Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе отырып, өзінің экспорттық мүмкіндіктерінің артуымен сыртқы нарыққа шығу қиындықтарына ұшырап отыр. АСЕАН, АТЭЫ сияқты аймақтық интеграцияларға қосылу еліміз үшін аймақ елдерімен өздерінде қабылданған шарттарда белсенді сауда жүргізуге мүмкіндік берер еді. Аймақтың энергетикалық ресурстарға мұқтаждықтарын ескерсек, Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Азия-Тынық мұхиты елдерін көмірсутегі, мұнай-газ және тағы басқа энергоресурстармен қамтамасыз ете алар еді.
Азия-Тынық мұхиты аймағы халықаралық сауда, қаржы ресурстары мен қазіргі заман өндіріс, алдыңғы қатарлы технологиялардың ірі әлемдік орталығы. Тынық мұхиты бассейнінде қазіргі халықаралық экономикалық және саяси қарым-қатынастардағы айқын белгілі бір рөлі ойнай алатын елдер топтамасының мүдделері тоғысқан. Аймақта АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей секілді әлемнің жетекші елдері және сонымен қатар, аймақтық интеграцияны бағыттаушы, қатысушы елдер орналасқан.
Қазақстан өркениеттер тоғысында орналаса отырып, батыс пен шығысты жалғаушы транзиттік маңызы бар ел ретінде осы аймақтағы интеграциялық топпен де өзінің мүдделерін толықтырып қана қоймай, осы аймақ елдері үшін де болашақта стратегиялық жағынан шешуші елге айналу мүмкіндігі бар.
Ең алдымен оған жоғары дамыған елдермен қазақстандық тауарлар бәсекелес бола алмайтын салаларда байланыс орнатқаны жөн. Бұл жағдайда Қазақстан үшін алдымен шикізат тауарларын жеткізуші ел ретінде бастай алады.
Азия елдері техникалық-экономикалық дамудың әр түрлі деңгейінде келе жатыр және кейбірі қазақстандық тауарлардың кең ассортиментін, соның ішінде дайын машина жасау, химия өнеркәсібі, әскери-өндірістік кешендердің кейбір бұйымдарын сатып алуға дайын. Қазақстан Қытайдың, Кореяның, Жапонияның көлік және энергетикалық инфрақұрылымы ірі даму бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие және шығыс-азиялық энергетикалық жобада өзіндік қызығушылық таныта алады.
Азия-Тынық мұхиты бағытында Қазақстанда тікелей шет елдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері жеткілікті. Және соның негізінде тауар экспорты құрылымын диверсификациялау, өңдеу өнеркәсіптері салаларын жандандырудың оңтайлы тұстары бар. Ал Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері үшін де Қазақстан ішкі нарығы, жеткілікті ғылыми-өндірістік потенциалы және әрине, бірегей әрі әр алуан табиғи ресурстарымен таптырмас тартымды серіктес. Яғни, қазіргі таңда осы мүмкіндіктер мен арадағы кейбір географиялық және т. б. кедергілерді азайта отырып екі жақтың өзара ынтымақтастық перспективасын айқындау Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Тақырыптың өзектілігі де осында.
Диплом жұмысының пәні болып Қазақстан мен аталмыш аймақ арасындағы қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан өзара экономикалық ынтымақтастық пен саяси серіктестік байланстары және оның ар қарайғы даму мәселелері табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері .
Мақсат - қазіргі кездегі Қазақстан мен АТЭЫ, АСЕАН ұйымдары арасындағы қалыптасқан саяси-экономикалық байланыстардың барысын талдау және даму преспективалары мен мәселелерін айқындау.
Жұмыстағы қойылған мақсатқа жету үшін автор келесідегідей міндеттерді қарастырды:
- Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы ұйымының құрылуы мен даму кезеңдерін ашып көрсету;
- АТЭЫ саяси-экономикалық интеграциясының қазіргі әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңыздылығы айқындау;
- АТЭЫ шеңберіндегі аймақтық саяси-экономикалық басымдыққа деген амбицияларына қысқаша талдау жасау;
- Азия-тынық мұхиты аймағының Қазақстан сыртқы саясатындағы алатын орнын көрсету;
- Қазақстан мен АТЭЫҰ арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі мәселелері мен даму перспективаларын барынша толық топтастыра саралау;
- Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты елдері арасындағы екіжақтық саяси-экономикалық байланыстар тұрғысында талдау жасау.
Теориялық және әдістемелік негізі ретінде аталмыш зерттеу тақырыбы бойынша қазақстандық және шет елдік ғылыми еңбектердің кешендік талдамасы, сондай-ақ, дәйекті және статистикалық материалдардың барлығын жинағын жатқызуға болады. Жұмыстың тарихнамалық сараптамасы қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстарының кең ауқымын қарастыру негізінде жасалды.
Диплом жұмысын жазу барысында шет елдік, соның ішінде, ресейлік сонымен қатар, қазақстандық зерттеулішер мен әлемдік экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары салаларының мамандары әзірлеген еңбектері пайдаланылды. Алайда, басты айта кететін жері - бұл тақырыптағы еңбектердің өте аздығы. Әрине, ол дерек көздері бұл тақырыпты толықтай қамти алмайды және ол еңбектердегі келтірілген қорытындылар мен пікірлердің барлығымен толық келісе беруге келмейді, әйтсе де тап солардың көмегімен зерттеудің әдістемесін құрастырып, тақырыпқа жол ашуға болады.
Дерек көздерінің бірінші тобына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық интеграциялардың құрылуы мен даму жағдайын баяндайтын әдебиеттер кіреді .
Деректердің екінші тобына Қазақстанның сыртқы саясатындағы және сыртқы экономикалық қатынастарына қатысты өз ойларын білдірген, саяси тұлғалардың сөйлеген сөздері ретінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың, белгілі мемлекет қайраткері Қ. Тоқаевтың, М. Тәжинн және Қ. Саудабаевтың сөйлеген сөздері жатады. Бұлар мәселенің қайшы тұстары мен елдердің ұстанымын айқындауда, және әр елдің мәселеге қатысты мүдделерін анықтау үшін пайдаланылды.
Деректердің үшінші тобына зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар жатады. Оған республикалық және шетелдік газеттер мен журналдар, сондай-ақ интернет желісі дерек көздері кіреді. Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы форуымадырының ерекшеліктері мен аймақтағы интеграциялық үдерістердің даму мәселелеріне қатысты елдегі және одан тыс шұғыл ақпаратқа қол жеткізуде маңызы өте зор.
Осылайша, автордың пайдаланған дерек көздері дипломдық жұмыста қойылған мәселелерге сараптама жасау үшін жеткілікті және легитимді болып табылады әрі ой-түйіндерін жасауда шынайылық пен ғылыми дұрыстықты қамтамасыз ете отырып, зерттеу жұмысының қойылған мақсаттары мен міндеттерін ашуда көмектеседі.
Диплом жұмысы қысқартылған терминдер, кіріспе, екі тарауды қамтитын негізгі бөлім және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Және әр бір тарау өз алдына үш пункттен құралған. Жалпы жұмыс көлемі - 55 бет.
1 Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы1. 1 Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы ұйымының құрылуы мен даму кезеңдері
Азия-Тынық мұхиты аймағы бүкіл ХХ ғ. бойында әлемдік ірі державалардың саяси әрі экономикалық күресі аренасы болып келді. Мұнда 70 жылға созылған капиталистік және социалистік жүйенің (әсіресе АҚШ пен КСРО арасындағы) қырғи-қабақ теке-тіресі өтсе, мұнда өткен ғасырдың ортасынан бастап Жапон, Қытай секілді басқа да индустриалды дамыған елдердің экономикалық шарықтауы байқалды.
Азияттық Тынық мұхит аймағы елдерінің мүдделерінің шиеленісі Тынық мұхиты бассейніндегі қалыптасқан халықаралық жағдайды реттей алатын аймақтық үкіметаралық ұйым құру мақсатына алып келді. Алайда бұл идея қиын әрі ұзақ уақытқа созылып жүзеге асты: оның іске асуына оған қатысушы мемлекеттердің құрамы мен мақсаттары тұрғысынан алғанда әр алуан нұсқаларын қарастырылуға ұсынылды. АҚШ өз кезегінде әскери-саяси мүдделерін алға тарта отырып, НАТО-ның азия-тынық мұхиттық баламасын ұсынса, Жапония ұйымды тек экономикалық негізде құруды көздеді. Тынық-мұхиттық бірлестік, тынық-мұхиттық еркін сауда аумағы, Тынық-мұхиттық сақина қауымдастығы - бұлар болашақ ұйымның атауының алғашқы шамаланған нұсқалары болатын. 1967 ж. Тынық-Мұхиты бассейні елдерінің Экономикалық Кеңесі (Pacific Basin Economic Council) құрылған болатын, 1968 ж. Алғаш Тынық-мұхитты сауда және даму жөніндегі конференциясы (Pacific Trade and Development Conference) өткізілген еді, 1980 ж. Тынық-мұхиттық экономикалық ынтымақтастық кеңесі (Pacific Economic Cooperation Council) 5 құрылды.
Алайда, бұл ұйымдардың ешқайсысы аймақтық экономикалық құрылымның үйлестіруші функциясын атқара алмады. 1989 ж. Австриалия мен Жаңа Зеландияның үкімет басшыларының бастамасымен бірлестіктің жұмыс бағыттары мен нақты міндеттерін әр алуан концепцияларды синтездеу жолымен тұжырымдай ала отырып, жаңадан бір бөлек ұйым - Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастық форумы (Asia-Pacific Economic Cooperation - APEC; орыс тіліндегі аббревиатурасы - АТЭС, қазақ тілінде - АТЭЫ ұйымы) құрылды6.
Алғашында АТЭЫ құрамына Тынық-мұхиты аймағының 12 елі - АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы және АСЕАН мүше-елдері (Сингапур, Малайзия, Таиланд, Филиппины, Индонезия және Бруней) кірді. 1991 ж. - ҚХР, Гонконг (Қытай) және Тайвань, 1993 ж. - Мексика және Папуа-Новая Гвинея, 1994 ж. - Чили, 1998 ж. - Ресей Федерациясы, Перу және Вьетнам қосылды. Қазіргі кезде Форумда АТЭЫ Тынық-Мұхит бассейніндегі 21 ел мен территориядан тұрады7. Осылай қарқынды кеңею ұйымға 1998 ж. бастап жаңа мүшелердің қабылдануына 10-жылдық мораторий жариялануына алып келді. Ұйымға мүшелікке, сондай-ақ, Индия, Камбоджа, Макао, Монголия, Пакистан және Шри-Ланка сияқты елдер ниет танытып отыр.
Құрамында басты өнеркәсіпті дамыған дамыған және жаңа индустриалды елдердің болуы ұйымның экономикалық қуатының қаншалықты екенін аңғартса, ал форумға қатысушы елдердің көпшілігінің экономикасының жоғарғы даму қарқыны мен орасан зор ресурстық потециялы АТЭЫ-н халықаралық экономикалық аренадағы беделді интеграциялық топтамаға алып шығады.
АТЭЫ әлемдік экономиканың жарты үлесін құрай алады. ХХІ ғ. басында құрамындағы елдердің халқының жалпы саны әлем халқының 42%-ын және әлемдік тауарайналымының 50%-ын құрады. Ал олардың барлығының жалпы ішкі айналым өнімі 24 трлн. долл. асып, дүниежүзі бойынша алғанда 60%-дық көрсеткішті межеледі8.
АТЭЫ-ның негізгі бағыты - аймақтық сауда мен инвестицияның ережелерін белгілеу.
Форум қызметінің мақсаттары Сеул Декларациясында (1991 ж. ) айқындалған:
- аймақ елдерінің экономикалық өсіміне қолдау көрсету;
- мүше-елдердің өзара экономикалық тәуелділігінің артуын ескере отырып көпжақтық сауда жүйесін қалыптастыру;
- ГАТТ/ДСҰ нормаларына сәйкес тауар, қызмет, капитал қозғалыстары жолындағы кедергілерді жою.
Сеулде қабылданған декларация мүше-елдердің ашық аймақтылық қағидасына сүйенген еркін сауда мен аймақтық экономикалық ынтымақтастықты көксейтінін белгіледі. АТЭЫ қызметі, сондай-ақ, шешім қабылдаудағы консенсус, алаламаушылық, өзара құрмет пен теңдік қағидаларына, ДСҰ нормалары мен (әрбір мүше-елдің мүмкіндіктерін ескере отырып) «тізбектік» ынтымақтастыққа да негізделген.
Құрылымы жағынан АТЭЫ орталықсыздандырылған сипатта. АТЭЫ-да төрағалыққа жыл сайын әрбір мүше-ел ауысып келіп отырады, ал ол елдің басшысы Форумның төрағасы болып саналады және елбасылардың, министрлердің, жоғарғы лауазымдық тұлғалардың кездесулерін басқарады. АТЭЫ-ның басқа жұмыс топтарында төраға консенсус принципі негізінде сайланады.
Кесте 1. АТЭЫ елдерінің макроэкономикалық көрсеткіштері, 2009 ж9.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz