ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 АКАДЕМИК М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ ӨМІР, ЕҢБЕК ЖОЛЫ

  1. Манаш Қозыбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы . . . 10
  2. Академик Манаш Қозыбаевтың ғылымды ұйымдастыру және қоғамдық қызметі . . . 14
  1. ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫМ. Қозыбаевтың кеңестік кезеңдегі ғылыми мұрасы . . . 24Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ғылыми мұрасы . . . 29
  2. М. Қ. Қозыбаевтың тарихи, қоғамдық көзқарастарыМ. Қ. Қозыбаевтың тарихи көзқарастары . . . 34М. Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі тәуелсіздік, ұлт тақырыбы . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздігімізді алған жылдардың ішінде тарихшыларға Қазақстан тарихнамасында күрделі болып келген тақырыптарды ақиқаттық тұрғыдан ашып көрсетуге, шынайы баға беруге мүмкіндік туды. Академик М. Қ. Қозыбаев «Қазақ халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет»- деуі [1, 114-б. ], Қазақстан тарихшыларына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен, әдістемемен зерделеу міндетін жүктеді. Қоғамдық татулық пен демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан және халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатқан кездерде, қазақ халқының тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды қолға алғанымыз абзал.

Қоғамдық ғылым салаларындағы жаңаша өзгерістер, соны қадамдар жасаған жекелеген қайраткерлер мен жарқын тұлғалардың орыны мен қосқан үлесін саралау, олардың еңбектеріне тиісті баға беру маңызды міндеттердің бірі. Халқымыздың тарихына терең зерттеулер жүргізіп, келелі тұжырымдар айтатын тарихшы қауымы. Сондықтан да қазақ қоғамына еңбегі сіңген азаматтардың ғұмырнамалық тарихын зерттеу, олардың тарихтағы алар орнын айқындау тарихшылардың еншісінде деп айтсақ қателеспеген болар едік.

Қазақстан тарихының дамуына үлес қосқан, жаңа тарихшы буындарды тәрбиелеуде жетекші ұстаз бола білген ғалымдарымыздың бірі - Манаш Қабашұлы Қозыбаев. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі С. Қирабаев пен ҚР ҰҒА-ның корр. -мүшесі Ә. Бейсенованың: «Манаш Қозыбаев қазақ тарихы ғылымындағы жарқын, биік тұлғалардың бірі еді. Өз кезіндегі қазақтың ұлттық ой-пікірінің дамуына, оның ұлттық мүддеге қызмет етуіне Манаштың қосқан үлесі қомақты. Ол осы еңбегімен еліне кең танылды, халық құрметіне бөленді. Бұған ғалымның 70 жылдығы кезінде көптің көзі жеткенді» [2, 22-б. ], - деп жазуы, ғалымның қоғам мен ғылым саласындағы қызметінің ерен екендігіне еш күмән тудырмайды.

М. Қ. Қозыбаевтың қоғам саласына сіңірген еңбектері, ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. Тарихшы-ғалымның қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі партиялық-өктемдік басқару мен әміршіл-әкімшіл жүйенің гүлденген, шарықтау шегіне жеткен тұспен сәйкес келсе де, тарих ғылымының қалыптасып, дамуына өзіндік үлесін қосты. Қазақстан тарихының киелі ордасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих институтын басқарған жылдары тарихшы мамандарды «ақтаңдақ» аталып келген мәселелерді зерделеуге жұмылдырды, тарихи сананы қалыптастырудың жолдары айқындалды, институттың кадрлық потенциалы нығайтылды, ғылыми-зерттеу дәрежесі көтерілді. Академик М. Қ. Қозыбаевтың тікелей ұйытқысымен тарихи зерттеулер методологиясының мәселесі, жинақталған тарихи білімдерді қайта пайымдау, Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму тарихын, жақын, алыс шетелдермен қарым-қатынасына байланысты мәселелер отандық тарих ғылымының өзекті бағыттарына айналды. ХХ ғасыр басындағы ұлт интеллигенциясының қалыптасу үрдісі, 20-30-шы жылдардағы саяси жағдай, ауылшаруашылығын ұжымдастыру, байларды тәркілеу, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының патриоттық істерін зерделеуде зерттеудің концептуалдық тұжырымдамаларын жасады.

Тәуелсіздік алған жылдары көрнекті ғалым өзін елім, жерім деп туған ұлы екендігін көрсете білді. Қазақстан Республикасының Ата Заңын, еліміздің ұлттық рәміздерін талқылап қабылдауға қатысып, ғылым саласының дамуына қатысты заңдарды талдауда ұсыныстар мен толымды пікірлер айта білді.

М. Қ. Қозыбаевтың ғылыми, ұстаздық, мемлекеттік қызметі Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының оқиғаларымен тұтасып жатыр. Ендеше, М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолын және ғылыми шығармашылық мұрасын жеке тұлға ретінде зерттеп тану дегеніміз - Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын ғылыми тұрғыдан терең қарастырып баяндау, тұжырымдап баға беру деген сөз. Міне, тарихшы-ғалымның отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегін, мемлекеттік және қоғамдық қызметін және оның ғылыми шығармашылығына талдау жасау, бағалау тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне негіз бола алады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың өмір жолы мен қоғамдық қызметін және алғашқы мақалалары турасындағы жарияланымдары XX ғасырдың 50 жылдары, яғни студенттік кезінен басталады. Оның университет қабырғасындағы өмірі мен тарихшы ретінде қызметке араласуы мен алғашқы ғылыми еңбектері тұңғыш І. Есқожин, А. Ержанов, Е. Шоланов, Л. Левицкаялардың мақалаларында айтылса [3], оның 60 жылдары ғылым жолындағы еңбектерін бағалаған мақалалар тізбегі мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады. Бұл ретте ең алдымен М. Қозыбаевтың алғашқы редакторлық қадамына және «Қазақстан Коммунистік партиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (1964 ж. ) атты монографиялық еңбегіне баға берген мақалалар тізбегін жатқызамыз [4] . Мақалада авторлар бұл еңбектің аса бай мұрағат материалдарына негізделе отырып жазылғандығын, ғалымның Қазақстан компартиясының халық шаруашылығын соғыс ыңғайына қарай қайта құрудағы және шаруалар мен еңбекшілерді неміс басқыншыларына қарсы күресуге жұмылдырудағы ролін айқындағанына тоқтала келе, еңбектің көпшілік үшін аса маңыздылығын баяндаған.

М. Қ. Қозыбаевтың қатысуымен және академик С. Бәйішевтің редакторлығымен жарық көрген «Плоды великого содружества» деген еңбегі (Алма-Ата, 1968. ) А. Ахметов, Т. Найзағарин, Ф. Петриковец және тағы басқа ғалымдардың мақалаларында жоғары бағаланып, тарих ғылымындағы құндылығы аталып көрсетілді [5] .

1968 жылы Ұлы Отан соғысына Қазақстан халқының қосқан үлесі турасында С. Н. Покровскийдің басшылығымен тарихшылардың мақалалары топтастырылған «Казахстан в Великой Отечественной войне» атты очерктер жинағы жарық көрді. Бұл очерктің маңыздылығы жөнінде пікірлерін білдірген А. Игенбаев пен С. Нұрмұхамедов Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандықтардың республика экономикасына қатысты қосқан үлесі туралы жазған авторлардың арасында М. Қозыбаевтың мақаласын аса жоғары бағалайды [6] .

М. Қозыбаевтың тарих ғылымындағы жетістіктері мен табыстарын С. Бәкенеев, Ж. Дәненов, Д. Ысқақова, О. Сощенколар өз мақалаларында айқын көрсеткен [7] . Бұл аталмыш ғалымдар мақалаларында М. Қозыбаевтың тарих ғылымдарының докторы дәрежесін қорғау барысы (1969 ж. ) мен бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығына баса назар аударды.

ХХ ғасырдың 70-жылдарында Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріне қатысты пікірлер білдірген мақалалар тізбегі жарияланды. Мәселен, оның «Қазақстан майдан арсеналы» атты монографиялық еңбегінің жарыққа шығуына байланысты одақтық және республикалық мерзімді баспасөз беттерінде бұл еңбектің құндылығын айтқан Т. Мұстафин, Е. Бәйтенов, Б. Сұңқарбеков, О. Сүйіндіков және тағы басқалардың мақалалары жарияланды [8] . Ғалымдар бұл еңбектің Қазақстан тарихы үшін аса қажетті, деректік көзі бай жазылған еңбек екендігін бір ауыздан мақұлдаған.

Академик М. Қозыбаевтың редакторлығымен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына орай құрастырылып, жарыққа шыққан бірнеше жинақтар жөнінде мерзімді басылым беттеріне Б. Болатов, Е. Никитиндердің сын және библиографиялық пікірлері жарияланып, бұл еңбектердің құндылығын дәлелдеді [9] .

Академик М. Қозыбаевтың өмірі, ғылыми-шығармашылық және қоғамдық қызметі әр жылдарда, түрлі энциклопедиялық, академиялық, библиографиялық басылымдарда, естелік-эсселерде талдана келтірілді. Ғалымның 50, 60 және 70 жылдық мерейтойларына арналған мақалалар тізбегі мерзімді басылым беттеріне жарияланып, М. Қозыбаевтың ғылыми шығармашылығын әр қырынан танытты. Мәселен, И. Маляр ғалымның ғылым жолындағы жетістіктеріне, қоғамдық қызметіне тың тұжырымдар жасаса [10], ал ғалымдар М. Асылбеков, М. Құл-Мұхаммед, Х. Маданов, Д. Шаймұханов, О. Сағынаевтар мерейтой иесінің жеткен белестерін, ғылыми табыстарын объективті түрде баяндай отырып, оның ғылыми еңбектерінің мәні мен маңыздылығын жоғары бағалады [11] .

Егемендік алған жылдары М. Қозыбаевтың 90-шы жылдары тарих саласының әртүрлі кезеңдерінің өзекті тақырыптарына арналған монографиялары мен ғылыми мақалалары жарық көрді. Ғалымның «История и современность», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Жауды шаптым ту байлап», «Труд во имя Победы», «Тарих зердесі» сияқты әр жылдары жазылған ғылыми зерттеулерін топтастырған монографияларының жарық көруі, тарих ғылымы саласының әдістемелік, тарихнамалық, деректанулық еңбектерінің қатарын толықтырды. Академик М. Қ. Қозыбаевтың бұл ғылыми кітаптарын тарих ғылымы саласына жанашыр оқырман қауым ыстық ықыласпен қарсы алды. Аталмыш кітаптар туралы түрлі сын-пікірлерде ғалым еңбегінің тарих саласындағы құндылығы баса көрсетілді. Мәселен, Б. Төлепбаев, Б. Сужиков, Б. Исаев, А. Сейдімбек, Ә. Қайырбек және т. б. өз зерттеулерінде М. Қозыбаевтың еңбектерінің маңыздылығы мен мазмұнының тереңділігін жоғары бағалап, ғалымның ақтаңдақтар мәселесі туралы тұжырымдары, атамұра, шежірені зерттеуді қолға алу қажеттігін дәлелдеген ұсыныстары, Ата заң, тіл, дін тағдырына, ұлт-азаттық қозғалыс, Желтоқсан оқиғасының шындығына қатысты айқындаған пайымдаулары таптырмас құнды еңбектер екендігін көрсеткен [12] .

Манаш Қабашұлының өмір жолдарын, тарихшы ретінде қалыптасуын, ғалымдығын, ұстаздығын, мемлекеттік қайраткерлігін танытқан ғылыми мақалалар, естеліктер оның 70 жасқа толу мерейтойы қарсаңында мерзімді басылым беттеріне жариялана бастады.

М. Қозыбаевтың өмір жолдарын саралаған көрнекті ғалым К. Нұрпейістің танымдық мақалаларының орны ерекше. Автор М. Қозыбаевтың ғылымға келген кезінен бастап жүріп өткен жарқын жолына тоқтала келіп, , ғалымның ұлттық мәдени мұраларды жинақтап, оны насихаттауда жүргізген ғылыми қызметіне баға беріп, ұлттық руханиятқа қосқан үлесін, ғылыми ойлары мен идеяларының маңыздылығын айқындаған. Академик М. Қозыбаевтың ғылыми және шығармашылық қызметін ашып көрсетуде ғалым Ә. Нысанбаевтың мақалаларын атауымызға болады [13] .

Манаш Қабашұлының ғылым жолындағы жүрген жолдарын, оның тарих саласындағы шығармашылық ізденістерін, тарихи еңбектерінің маңыздылығын талдай отырып, алдағы ғылым жолында үлкен белестерден көріне беруіне ізгі тілек білдірсе, ал С. Меңдібай, П. Сүйінкина, С. Жолдасов, С. Әубәкіровтер ғалымның тарих ғылымына келген жолдарын зерделей отырып, оның қыл қаламынан туындаған ғылыми, публицистикалық еңбектерінің жоғарылығын дәлелдейді [14] .

М. Қозыбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына орай арналып шығарылған «Отан тарихы» журналында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғалымның өмір жолдары, мемлекеттік, қоғамдық қызметі, ғылыми шығармашылығы турасында қысқаша мақала жарияланды. Бұл арнаулы басылымда М. Қозыбаевтың тарихи сананы қалыптастырудағы, қазақ мемлекеттігінің, Қазақстанның отаршылдық және кеңестік тоталитаризм кезіндегі тарихын жаңа концептуалды түрде пайымдаудағы белсенділігі айтылды. Сонымен қатар, ғалым туралы Ә. Кекілбаев, С. Зиманов, Ә. Қайдар, Ө. Сұлтанғазин, К. Ормантаев, Қ. Сағадиев, Т. Шарманов, А. Қошанов, Т. Мансұров, С. Сартаев, К. Нұрпейіс, М. Асылбеков, А. Құсайынов, К. Байпақов, О. Батырбеков, Қ. Ахметов, М. Құл-Мұхаммед, О. Ысмағұлов, К. Смайылов, М. Қойгелдиев, Е. Сыдықов, Г. Меңдіқұлова, Д. Қабиев және т. б. ғалымдардың ой-пікірлері жарияланды [15] .

Ғалымның мерейтойына орай қазақ халқының тарихына, тоталитарлық жүйе, ашаршылық пен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Кеңес өкіметі тұсындағы тоталитарлық қысым, қуғын-сүргін тарихын зерделеудегі еңбегін, қайраткерлік қызметін бағалаған Л. Гуревич, Ә. Жұмасұлтанов, Т. Шарманов, А. Қошанов, Қ. Алдажұманов, Ж. Абылғожиндардың мақалалар тізбегі мерзімді басылымдарда жарық көрді. Академик М. Қ. Қозыбаевтың қазақ тарихын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан зерделеп, ұлт рухын көтерген ерен еңбегі, адами тұлғасы, биік парасаты жайлы замандас, әріптес, дос-жарандары мен шәкірттерінің ой-пікірлері, жылы лебіздері тарихшылар Ә. Пірманов пен А. Қапаеваның құрастыруымен «Академик Манаш Қозыбаев» атты мерейтойлық жинақта топтастырылды [16] . Жинақтың алғысөзінде М. Қозыбаев ақтаңдақтар тарихымен қатар, тұтас «қазақ мәдениетінің тарихын» жазуды алға қойып, қазақ халқының этногенезі, қазақ халқының көршілес шығыс халықтарымен тарихи байланысы, Қазақстандағы мемлекеттердің пайда болу тарихы, патша өкіметінің отарлау саясаты, Ресейдің аз халықтар тағдырына деген көзқарасы, Ресейдегі үш революция, Азамат соғысы кезіндегі саяси-қоғамдық ағым, партиялардың тарихи сырын ашу, қазақ халқының феодалдық-патриархалдық қарым-қатынас, рулық идеология және отарлық режим үстем кезінде қалыптасқан интеллигенцияның тарихы, ислам дінін қазақ сахарасына тарату тарихын зерттеу нәтижелері баяндалады.

Манаш Қабашұлының «Жұлдызым менің» атты естелік, ғұмырнамалық еңбегі жарық көрді [17] . Бес бөлімнен тұратын аталған еңбекте, ғалым балалық шағынан бастап есейген жылдары, ғылым жолындағы қиын да, қызықты бастан өткен жәйттерін, туған-туысқан, дос-жарандары туралы сырлардан үзінділер келтірілген. Ғалымның бұл ғұмырнамалық еңбегі өзінің аналитикалық талдау, өмір тағылымына үңілу, тарихи шындықты сап болымысында сақтауымен құнды.

М. Қозыбаевтың өмірден озғанына 40 күн толуына орай «Отан тарихы» журналының арнайы басылымында ғалымның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, премьер-министр И. Тасмағамбетовтың, Сенат төрағасы О. Әбдікәрімов және т. б көңіл айтқан жеделхаттары мен ғалымның ғұлама ғалымдығын, көрнекті қайраткерлігін, елімізге танымал ел ағасы болғандығын тебірене жеткізген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінің толғаныстары жарияланып, Манаш Қабашұлының ұлттық тарихты жаңғыртқан тарихшы-ғалым, көсемсөз шебері, майталман қаламгерлігі, зор парасат иесі болғандығы айтылды [18] .

Ғалымның дүниеден өтуіне орай мемлекет басшысының, қоғам қайраткерлерінің, белгілі ғалымдар мен қаламдас тарихшы ғалымдардың, ғалымның шәкірттерінің отбасына, мерзімді басылым беттеріне жіберілген жеделхаттары, көңіл айтулар мен қоштасулары «Дүниеден өтті тарихтың тарланбозы» деп аталған кітапқа жинақталса, ал 2003 жылы шыққан «Жұлдызы жанған ғұлама» деп аталған естелік кітапта ғалыммен бірге қызмет атқарған әріптестерінің, жақын араласқан дос-жарандарының, ағайын-туыстарының, шәкірттерінің шын жүректен шыққан, ағынан жарылған ой-сезімге толы естелік әңгімелері топтастырылды [19] .

Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 1931-1985 жылдар аралығындағы өмірі, қоғамдық қызметі және ғылыми мұрасы тарихшы З. М. Төленованың кандидаттық диссертациясы мен ғылыми мақалаларына арқау болды. Ғалымның зерттеу жұмысында аталмыш жылдар аралығында шыққан М. Қозыбаевтың ғылыми еңбектері талданып, оған тарихи баға берілді. Манаш Қабашұлының ғылыми-педагогикалық, ұйымдастырушылық, қоғамдық қызметтері мен оның ғылыми еңбектерінің маңыздылығына арналып Алматы, Қостанай, Петропавл қалаларында өткізілген ғылыми-практикалық конференция материалдары жинақ болып шығарылды [20] . Бұл жинақтарға ғалымның тарихи еңбектері мен ұстаздық қасиеттерін жан-жақты сипаттаған А. Қошанов, А. Қапаева, Н. Атығаев және тағы басқа ғалым-тарихшылардың мақалалары енгізілді.

Академик М. Қозыбаевтың 75 жылдығына орай Семей қаласында шығып тұратын «Евразия орталығы» журналы өзінің №2 санын ғалымның өмір жолдары мен ғылыми қызметін қарастырған тарихшы-ғалымдардың зерттеу мақалалары мен естеліктерін жариялауға арнады [21] .

Көріп отырғанымыздай, көрнекті ғалым М. Қ. Қозыбаевтың ғылыми шығармашылық мұрасы өз бағасын жоймаған, бағдарламалық мәні бар, игі пікір мен зерттеуге лайық, көптеген ғылыми еңбектерге жолбасшы болатын дүние деп танимыз. Ғалымның ғылыми-ұйымдастырушылық және шығармашылық қызметіне жасалған шолу, одан әрі оның қайраткер ғалым, кәсіпқой маман екендігін көрсете отырып, оның ғылыми мұрасын талдау жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігіне негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - ғылыми айналымға енгізілген деректер мен зерттеулерді қарастыра отырып, М. Қ. Қозыбаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қамтып, оның қоғамдық-саяси, ғылыми және кәсіби қызметін, шығармашылық мұрасын талдап, сұрыптап, жүйелі түрде көрсету. Манаш Қозыбаевтың қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылық мұрасына сүйене отырып, Қазақстан тарихына қосқан үлесін айқындау. Алға қойған осы мақсатты орындау барысында төмендегі міндеттерді іске асыру басшылыққа алынады:

- М. Қозыбаевтың өмір жолын баяндай отырып, оның көзқарасының қалыптасуы мен мемлекеттік қайраткер дәрежесіне дейін өсуінің негіздерін саралау;

- Ғалымның 1985-1991 жылдар аралығындағы қоғамдық, мемлекеттік қызметке араласуы мен тарихшы ғалым ретінде ғылым саласын дамытудағы қызметін айқындау;

- М. Қ. Қозыбаевтың тәуелсіздік кезеңдегі саяси-қоғамдық, мемлекеттік қызметіне назар аударып, оның қоғамдағы алар орнын пайымдау;

- Академиктің ғылым саласындағы атқарған қоғамдық қызметінің маңыздылығын көрсету және ғылыми-ұйымдастырушылық рөлін анықтай келе, өзіндік ізденістерінің соны қырларын зерделеу;

- М. Қ. Қозыбаевтың еңбектеріндегі Қазақстан тарихы проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығын, маңыздылығын ашу;

- Тәуелсіздік, ұлт мәселесіне қатысты жазылған еңбектерін саралау арқылы Республикадағы саяси үрдістерге баға беру;

- Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ретінде республиканың қоғамдық өміріне қосқан үлесі мен алар орнын қоршаған ортамен, немесе өзі өмір сүріп, қызмет еткен қоғамның дамуымен байланыстыра зерттеу.

Диплом жұмысының методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу қалыптасқан қазіргі кезеңдегі объективтілік және сыншыл талдау мен сараптау принципі алынды. Сонымен қатар көрнекті тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдістер кешені қолданылды: тарихилық, жүйелілік, салыстырмалы талдау мен жинақтау.

Жұмыстың орындалу барысында деректемелік іздестіру мен зерттеу әдістемелік тәсілдерін пайдаланып, академик М. Қ. Қозыбаевтың ғылыми шығармашылығына текстологиялық және тұжырымдамалық талдау жасалды. Зерттеу мақсатына жету үшін статистикалық, суреттемелік, жан-жақтылық, салыстырмалық әдістер кеңінен қолданылды.

Диплом жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында кітапхана қорында сақталған мерзімді баспасөздегі материалдар, ғылыми зерттеулер, М. Қ. Қозыбаевтың еңбектері кеңінен қолданылды.

Ғалымның қызметі мен ғылыми еңбектеріне қатысты басты деректерге энциклопедиялық басылымдар мен оның 60 және 70 жылдық мерейтойына байланысты шыққан биобиблиографиялық басылымдарды жатқызуымызға болады.

Дипломдық жұмыста М. Қозыбаевқа қатысты «Социалистік Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Жас Алаш», «Қостанай таңы», «Қазақ әдебиеті», «Заман Қазақстан», «Казахстанская правда», «Парасат», «Отан тарихы», «Ақиқат», «Қазақ тарихы», «ҚР ҰҒА Хабаршысы» және тағы басқа мезімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар тізбегі мен хабарламалар пайдаланылды.

Осы газет-журналдарда жарық көрген Қ. М. Қозыбаевтың мақалаларын, сын-пікірлерін басшылыққа ала отырып, оларға ғылыми талдау жасалынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, 3 тарау, 6 тарауша, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 АКАДЕМИК М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ ӨМІР, ЕҢБЕК ЖОЛЫ

  1. Манаш Қозыбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы

Кез-келген ғұламаның өскен ортасы, өткен жолы, алған асуы, бағындырған биігіне жетер жолы әр түрлі, өзіндік ерекшелігі мен қиындықтарға толы жылдармен өрнектелетінін ескерсек, академик Манаш Қабашұлы Қозыбеавтың та өзіне тән отты жылдарда өткізген балалық шағы, тарихтың тылсым сырларын ақтарсам деген арман жетегімен есігін ашқан Меңдіқара педагогикалық училищесінде, Қазақ мемлекеттік университетінде өткізген қызығы мен қиындығы мол, алғашқы ғылым нәрінен сусындаған студенттік жылдар, т. б. - бастауы, өсуі мен өрлеу жолы бар.

Манаш (Қабдысұлтан) Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келген.

Кедейліктің тауқыметін бір кісідей көрген атасы Қозыбай өз жұртына сыйлы, ауылына абыройлы ел ағасы болған. Ал әкесі Қабаш (Қабдолла) Қозыбайұлы (1898-1973) сауатсыздығын үйірмеде жойып, өзі талаптанып алдымен араб графикасын, кейіннен латынша оқып, хат таныған. Жастық шағын ауқаттыларға жалданып өткізген Қабаш Кеңес өкіметі жылдарында, яғни 1924 ж «Қосшы одағында» «қызыл белсендіден» бастап, кеңес, партия және шаруашылық қызметтерінде болып, 1938 жылдан КОКП мүшесі, 1953 ж. дейінгі аралықта ауылдық және аудандық кеңестің бірнеше дүркін депутаты болып сайланған Қабаш Қозыбаев 20 жылдан астам уақыт «Жаңатұрмыс», «Қарасу», «Бірлік» ауылшаруашылық артельдерін ұйымдастырып, соларды басқарған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәрсен аманжолов өмірі
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Ахмет байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырбаяны
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
ЕЛ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АКАДЕМИК СЕРІК ҚИРАБАЕВ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz