Атмосфералық жауын - шашын



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

б.
Кіріспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
1 АқтӨбе облысының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Жер бедері 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
1.2 Геологиялық құрылымы 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
..
1.3 Климаты 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
1.3.1 Радиациялық теңдестік 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
...
1.3.2 Ауа температурасы 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.3.3 Атмосфералық жауын-шашын 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.3.4 Қар жамылғысы 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
1.3.5 Ауа ылғалдылығы 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.3.6 Жел 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.3.7 Топырақ бетінен булану 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
..
1.4 Өсімдік 11
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
1.5 Топырақ жамылғысы 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ...
1.6 Гидрографиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 13
... ... ... ... ... ... ... ...
1.7 Бекет 14
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2 Өзендер 18
режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
2.1 Өзендер мен уақытша ағынсулардың су режимінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.2 Өзендер ағындысының 20
зерттелгендігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Су ресурстарын шаруашылық мақсатта 21
қолдану ... ... ... ... ... ... ...
3 Уақытша қатарды 23
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Серияның ұзындығын мен сандарының критерийлерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
3.1.1 Кездейсоқтықты серия ұзындығы мен сандар критери бойынша
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3.1.1.1Байқалған мәліметтер бойынша 24
қарастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
3.1.1.2Арнайы модельденген қатардың мәліметтері бойынша
қарастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
4 Бақылау қатарларының ұзақтылығын бағалап
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
4.1 Суы мол және тапшылық кезендер үшін ұзақтылықты
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
5 ҚАТАРЛЫҚ ЖЫЛДАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.1 Суы аз және суы көп жылдардың топталуын
есептелуі ... ... ... ...
5.1.1 Байқалған мәліметтер бойынша қарастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ..
5.2.2 Арнайы моделденген қатар бойынша
қарастыру ... ... ... ... ... ... .
5.2 Есептеу нәтижелерін
сараптау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған Әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Зерттеп отырған тақырыбымыз - Ақтөбе облысының негізгі (Темір, Жем
және Ойыл) өзендер ағындысының көпжылдық сипаттамаларын анықтау.
Бұл өзендер Ақтөбе облысы аймағында жатыр. Ақтөбе облысы құрлық
тереңінде, мұхиттар мен биік тау жүйелерінен алшақта орналасқан. Қыста
қарастырылып отырған аумақ Сібір антициклонының әсерінде болады, ал жазда
шөлдің жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары оның аймағына еніп кіреді,
сол себепті облыс климаты үшін құрғақшылық пен континентальділік тән,
булану мөлшері өте жоғары, ылғалдылығы жеткіліксіз зонаға жатады.
Өзендер Мұғалжар тауының шығыс беткейінен бастау алып Торғай және
Эмба (Жем) ірі өзендерге келіп құяды. Өзендер аңғарында бірқатар ірі сорлар
мен көлдер көп, бұл ойыстар көктемгі су тасу кезеңінде суға толады,
сондықтан мұнда ағындының көп мөлшерде ысырапталуы байқалады.
Бұл өзендер Ақтөбе облысының негізгі өзендері болып саналады. Олардың
суының маңында орналасқан елді-мекендерді сумен қамту үшін және ауыл
шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның ішінде, әсіресе, лимандық
суармалауға алынады. Сондықтан су ресурстарын бағалау өте көкейтесті
мәселелердің бірі болып табылады.
Берілген курстық жұмысында осы өзендердің физика-географиялық
сипаттамасы, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы
ерекшелігі қарастырылған.
Жұмыстың жалпы негізгі мақсаты: сулылығы мол және тапшылық
кезендерінің ұзақтылығын бағалау. Ол үшін алаптың физика-географиялық
ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады, уақытша қатар
талданады, серия ұзындығы мен сандар критерилері ескерілед және де негізгі
байланыс параметір коэффициентін анықталады. Сондай-ақ, суы мол және
тапшылық кезендер үшін арнайы үлестірім қисықтары тұрғызылады.

1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ

Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның
территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 700 км-ге, шығыстан
батысқа қарай 800 км-ге кең ауқымда созылып жатыр және жалпы ауданы 300 мың
км2. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қостанай, Қарағанды облыстарымен, ал
оңтүстігінде-Қызылорда облысымен, батысында - Атырау және Батыс Қазақстан
облыстарымен шектеседі. Ақтөбе облысының схемалық физика-географиялық
картасы сурет 1 көрсетілген.
Облыс аумағында үш ландшафтты зона орын алған-далалы (құрғақ далалы),
шөлейтті және шөлді.
Сурет 1 – Ақтөбе облысының схемалық физика-географиялық
картасы

1.1 Жер бедері

Облыс территориясының жер бедерінің сипатына қарай бес ауданға бөлуге
болады: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі үстірті, Торғай-Арал маңы төрткіл
жазығы, Үстірт шоқысы және Каспий маңы ойпаты.
Оңтүстік Орал тауының жалғасы болып табылатын Мұғалжар тауы
меридиональді бағытта 450 км-ге созылып облыстың орталық бөлігінде
орналасқан. Бұл тау солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Олар бір-
бірінен кең ауқымды тау аралық ойпауыттармен бөлінген. Шамамен 500 с.е.
аяқталатын солтүстік Мұғалжар таулары Ілек пен Ырғыз өзендерінің
аралығындағы ені 200 км-ге дейінгі кеңістікті алып жатыр және олар жалпы
алғанда төбелі-жонды қырат ретінде көрінеді. Солтүстік Мұғалжардың шығыс
қанаты (Ор-Ырғыз өзен аралығы) биіктігі теңіз деңгейінен 340 м-ге дейін
жетіп Ор өзеніне қарай біртіндеп төмендейтін кең алқапты біртекті жазық
ретінде сипатталады. Эрозиялық тілімденген жерлер мұнда тек өзен
аңғарларының беткейлерінде ғана кездеседі.
Оңтүстік Мұғалжардың шығыс бөлігін 20-30 м-ге көтерілетін қырқалар мен
төбелер сирек кездестін таулы қырат ретінде көрінеді. Теңіз деңейінен 280-
300 метр биіктікте жатқан бұл таулы үстірт Ырғыз өзенінің оңтүстік
салаларының тар және терең аңғарларымен бөлінген.
Орал-Ембі үстірті облыстың батыс жартысының көп бөлігін алып жатыр
және ол Уил, Сағыз, Жем алаптарының уақытша ағынсулары мен көптеген
өзендердің аңғарларымен бөлініп кеткен жон төбелі жазық ретінде
сипатталады. Өзендердің су айрық сызығында биіктіктер теңіз деңгейінен 400-
500 м-ге көтеріледі. Ал батыс және оңтүстік батысқа қарай үстірт 100 м-ге
дейін төмендейді, бірақ біркелкі емес.
Төбелер аралығындағы кең ауқымды ойпауыттар көбінесе барханды немесе
құм-төбелі (Уил, Сағыз және Жем өзендерінің аңғарларындағы құмдар) алқаптар
немесе сорлар алып жатыр.
Үстірттің осы бөлігінің бетінде, сондай-ақ, көктемде іші еріген қар
суымен толған тұйыұ қазаншұңқырлар кездеседі.
Торғай-Арал маңы төрткіл жазығы (Торғай үстірті) облыстың шығыс
бөлігін алып жатыр. Жазық биіктігі батыс және солтүстік батысында (Мұғалжар
тауы беткейлерінің етегінде) 280-320 м-ді құрайды, ал оның щңтүстік-шығыс
бөлігінде (Торғай, Ырғыз өзендерін және Шалқар Теңіз қазаншұңқыры
ауданында) теңіз деңгейінен 50-70 м биіктікте. Үстірттің жер бедері үшін
құрғап қалатын ағынсу аңғарлары мен және жыралармен бөлінген құламалы; ал
кей жерлерде сатылы беткейлер мен бірнеше ондаған метрге көтерілген
жекелеген төрткіл қыраттар (тау жұрнақтары) тән. Үстірт бетінде, әсіресе
Торғай, Ырғыз, Ұлқаяқ (Өлкейек) және солтүстік Арал маңы сағаларында тұйық
көлді шұңқырлар, сорлар және тақырлар көптеп кездеседі.
Жазықтың оңтүстік бөлігінде - Арал маңы ойпатында - биіктіктер 80-нен
150 м-ге дейін өзгереді. Мұнда көп ауданды құмды массивтер алып жатыр.
Олардың ішіндегі ең ірілері Үлкен Борсық және Кіші Борсық құмдары болып
табылады. Кішігірім массивтер Үстірт шоқысында, Шағрай Үстірті және Ырғыз
өзенінің сағасында орналасқан.

2. Геологиялық құрылымы

Ақтөбе облысының территориясында жасыны қарай алуан түрлі тау
жыныстары жатыр-төрттіктен орхей және протерозой кезеңіне жататын
жыныстарға дейін.
Төрттік шөгінділер кең таралған және олар көптеген өзен аңғарларында
кездесетін өзен аллювиясы мен (қалдық, тұнба), облыстың батыс бөлігінде
дамыған көне Каспий шөгінділері мен Ембі, Уил, Ырғыз, Торғай және тағы
басқа өзен алаптарындвағы эолды құмды массивтермен сипатталады.
Көне төрттік шөгінділердің қуаттылығы (саздақ, құмсаз және үлкен
кесеккті сыныұ материалдардың) 1-70 м-ге дейін құрайды.
Неогенді шөгінділер облыстың оңтүстігінедеғ (Үстірт шоқысы) және Ор,
Ырғыз бен Торғай өзен аралық аумағында таралған. Құмды қабаттар жиынтық
қуаты бойынша (Ембі өзенінің аңғарынан оң жақта 300 м-ге дейін) Ілек пен
Үлкен Қобда өзендерінің аралығында құмды сазды қабаттардан едәуір басым
келеді.
Мұғалжар таулары мен Қазақтың қатпарлы өлкесінің арасында палеоген мен
бор шөгінділерінен тұратын кең палеозой фундаменті орналасқан. Шығысқа
қарай бұл фундамент (іргетас) біртіндеп меридиональді бағытта қатпарладың
батуы байқалады.

3. Климаты

Ақтөбе облысы құрлық тереңінде, мұхиттар мен биік тау жүйелерінен
алшақта орналасқан. Қыста қарастырылып отырған аумақ Сібір антициклонының
әсерінде болады, жазда шөлдің жылы құрғақ субтропикалық ауа массалары оның
аймағына ене кіреді. Облыс климаты үшін құрғақшылық пен континенталдық тән.

1.3.1 Радиациялық теңдестік.

Облыс солтүстігінде радиациялық теңдестіктің жылдық шамасы
35 ккалсм2, ал оңтүстігінде 40 ккалсм дайін жетеді.
Сәуірден қазан айына дейін радиацияның келуі теңдестіктің шығын
бөлігінен біршама асып түседі.
Радиациялық теңдестіктің ең жоғарғы айлық шамасы – 7 ккалсм2 дейін -
маусым мен шілде айына келеді. Кері радиациялық теңдестік (теріс мәнді)
1ккалсм2 ай желтоқсан – ақпан айының ішінде байқаалады; онйң нөлдік шамасы
наурыз бен қарашада көрінеді.

1.3.2 Ауа температурасы.

Облыс айлығында орташа жылдық ауа темпереатурасы солтүстігінде 280-
тан (Родниковка станциясы) оңтүстікте 7,80С-қа дейін (Ақтұмсық станциясы)
өзгереді. Ауа температурасының жыл ішілік жүрісі қыста тұрақты аяздығымен,
қысқа көктемгі кезеңде жылудың қарқынды өсуімен, ал жазда аптап ыстығымен
сипатталады.
Ең төменгі орташа айлық ауа температурасы минус 12,00С; минус
18,00С қаңтар мен ақпан айларында байқалады. Жеке жылдары температураның
абсолюттік минимумы “минус” 480С (Ақтөбе станциясы, 12І 1940 ж).
Ең жылы ай шілде, осы айдың орташа ауа температурасы минус 20,70С-
тан (Родниковка станциясы) 26,40С-қа дейін (Ақтұмсық станциясы) өзгереді.
Абсолюттік максимум 440С жетеді. (Ақтұмсық ст, 5 тамыз 1955 ж). Осылайша
ауа температурасының абсолюттік амплитуда (ауытқи) тербелісі 900С асады.
Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасының 00С арқылы өтуі әдетте
оңтүстігінде 25 наурыздан 31 дейін және солтүстігінде 6 сәуірден 10 дейін,
күзде–сәйкес 1 қарашадан 10 дейін және 29 қыркүйектен 31 дейін.
00С асатын орташа тәулік температуралар саны шамамен 200-ді құрайды.
Аязсыз кезең орташа алғанда 130-140 күнге солтүстігінде, ал оңтүстігінде
150-160 күнге созылады.

1.3.3 Атмосфералық жауын-шашын

Оның шамасы облыс территориясында орташа жылдық жиынтығы 160-тан 361
мм-ге дейін өзгереді. Жауын-шашын ең аз түсетін жері –Үстірт шоқысы болып
табылады. Жеке жылдарда жауын-шашын жиынтығы оның орташаланған шамасынан
едәуір ауытқуы мүмкін. Шамадан тыс жаңбырлы және мол қарлы жылдары жауын-
шашын мөлшері облыс ауданының солтүстігінде 576 мм-ге (Мартук ст., 1956 ж),
ал оңтүстігінде – 371 мм (Аяққұм ст., 1958 ж) жетеді.
Құрғақ жылдары жауын-шашын 70мм дейін өзгереді (Ырғыз ст., 1929 ж 69
мм). Жауын-шашын жыл ішінде бірқалыпсыз таралады. Оның негізгі мөлшері жылы
кезеңде түседі, ал суық кезеңде жауын-шашынның жылдық шамасының шамамен 30-
40% түседі. Жауын-шашынның айлық максимумы көбінесе, маусымда айқын
көрінбейтін максимум қазанда байқалады. Жауын-шашынның минимальды айы ақпан
болып табылады.
Жауын-шашынның көп болып ұзаққа жалғаспайтын және төмен қарқынды
жаңбыр түрінде түседі, кейде (кейбір жағдайларда) созылмалы (ұзақ)
жаңбырлар мен қатты нөсерлер болып тұрады.
Жазғы жауын-шашын жоғырғы ауа температурасында және жоғарғы ылғалдылық
тапшылығы жағдайында булануға көп мөлшерде жұмсалады. Жауын-шашынның ең
жоғарғы тәуліктік мөлшері 50-70 мм құрайды, 110 мм-ге, жетуі мүмкін (Темір
ст., 09. 1911 ж).
Жаңбырлы жауын-шашынның қарқындылығы 1,2-2,5 мммин жетеді (2,6 мммин
жаңбырда, 1958 ж. 1405 түскен Уил ст. ауданында және 2,1 мммин –
жаңбырда, 3 шілде 1955 ж. Ақтөбе қаласы ауданында байқалған). Жаңбырсыз
кезеңдер кейде ұзақтығы екі айға дейін созылады.

1.3.4. Қар жамылғысы.

Ақтөбе облысының территориясында қардағы су қоры көктем алдындағы
кезеңде жылдық жауын-шашын мөлшерінен орта шамамен 25-30%-ын құрайды.
Топырақ ылғалдануына, өзендер мен көлдердің қоректенуіне және грунт суы
қорларының қоректенуінде қар қорының рөлі мұнда едәуір маңызды.
Қар жамылғысына көп жылдық бақылау мәліметтері бойынша (1962 жылы
болжамның орталық институты (В.Н.Тупков) жүргізген УГМС КазССР стнциясының
жүйесінде қар жамылғысының түсірісі нәтижесінде) облыс аймағында қар
жамылғысының пайда болуы, жиналуы және факторлар, сонымен қатар орналасуы
(ендігі) мен жер бедерінің әсеріне болатын белгілі бір заңдылықтарға
бағынады. Бұл заңдылық, жалпы, қар биіктігі мен ондағы су қорының азаюымен,
сондай-ақ, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта қардың жату ұзақтығының
қысқаруымен көрінеді.
Алғашқы қар территорияның солтүстігінде түседі, әдетте, қарашаның
басында, оңтүстік шығыс аудандарында–қараша айының үшінші декадасының
аралығында түседі, бірақ көп бөлігі тез еріп кетеді.
Тұрақты қар жамылғысы, көбінесе алғашқы қар түскеннен 10-20 күннен
кейін қалыптасады, орташа алғанда қарастырылып отырған территория 20 қараша
мен 20 желтоқсан аралығында қармен жамылып жатады.
Қар жамылғысының биіктігі қыс мезгілінің басында қарқынды түрде
үлкейеді, ал қысқы кезеңнің екінші жартысында оның биіктеуі (өсуі)
баяулайды. Облыс территориясының көп бөлігінде қар жамылғысының ең жоғарғы
биіктігі, әдетте, наурыздың бірінші декадасында байқалады, ал ауданның
оңтүстігінде біршама ерте – ақпанның ортасында.
Қыстың екінші жартысында антициклонды ауа-райы басым болған жағдайда
қардың ең жоғарғы биіктігі ақпанда байқалуы мүмкін, кей кезде тіпті
желтқсанда болуы мүмкін.
Орташа жылдық ең жоғарғы қар биіктігі қар ерудің алдында облыс
солтүстігінде 30-35 см құрайды, ал оңтүстікте 15-10 см дейін төмендейді.
Қыс басында қар тығыздығы 0,15-0,20 гсм3, ал қар ерудің алдында 0,25-
0,35 гсм3 дейін өседі, ал солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа
қарай көбейеді.
Қар еру кезінде қар тығыздығы 0,40-0,50 гсм жоғарылайды.
Қар қорының жиналуы облыстың оңтүстігінде, әдетте ақпанның аяғында,
солтүстігінде – наурыз аяғында аяқталады.
Ең жоғарғы қар қоры көктемгі қар ерудің алдында байқалады, алайда
кейбір қыстарда циклонды әрекеттің дамуына байланысты осы кезең аралығында
олар қыстың ортасында болады, ал жеке аудандарда тіпті қыс басында болуы
мүмкін.
Ең жоғарғы қар қорының таралуында қар биіктігінің таралуындағы
заңдылықтар көрінеді.
Облыс солтүстігінде және Мұғалжар тауларының беткейлерінде қар қоры,
көбінесе, 70-90 мм жетеді, орта жолақтың жазық бөлігінде – 50-60 мм, ал
облыстың оңтүстігінде 40-30 мм дейін азаяды.
Қарастырылып отырған территорияда қардың еруі бір уақытта болмайды.
Қар жамылғысы әдетте, облыстың оңтүстік аудандарында наурыз айының
ортасында, орта жолақта – наурыздың үшінші декадасында, облыс солтүстігінде
және мұғал беткейлерінде – сәуірдің бірінші декадасында бұзыла бастайды.
Ерте көктемде қар жамылғысының бұзылуы шамамен үш аптаға ерте
байқалады, ал көктем кем болған жылдары – орта мерзімнен екі-үш апта кейін
жүреді.
Тұрақты қар жамылғысы кезеңінің ұзақтығы облыстың солтүстік бөлігінде
120 күнннен 140 күнге дейін созылады, оңтүстігінде 100-75 күнге азаяды.
Қар еру процессі күн радиациясынан келетін жылудың әсерінен күндізгі
ауа температурасының теріс мәнінде жүре бастайды. Алғашқы 10-15 күн ішінде
қар баяу ериді, алайда бұл кезең ішінде қар қоры 20-30%-ға дейін азаяды.
Оң ауа температурасы келген күннен бастап-ақ қар еру жылдамырақ дамиды
және қар ашық участкелерде шамамен 15-7 күн ішінде жоғалып кетеді. Өзен
арналарында, жыра-сайларда, жыраларда және екпе ағаш жерлерінде қардың
кетуі 120-15 күн және одан да көп күнге кешігеді.
Қардың еру қарқындылығы бақылау мәліметтер бойынша орта есеппен 4тен
7мм-ге дейін құрайды, жеке күндері – 15-120 ммтәул.
Қарастырылып отырған аудандарда қардың қуатты қалыңдығы өзен арналары
мен жыраларында туындайды.

1.3.5 Ауа ылғалдылығы

Ауаның абсолюттік ылғалдылығы облыс аумағында шамамен жылына 6,0-6,5
мб құрайды. Ең жоғарғы мәніне (12-15 мб) ол шілде айында жетеді. Ең төменгі
мәні (1,5-2,5 мб) – қаңтар – ақпан айларында байқалады. Ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы, әдетте 25-30% жазда, 80-90%-ға дейін қыс пен көктемде
өзгереді.
Жылдың жылыну кезеңі ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30%-ға тең
немесе кем болатын күндер саны 60-80 сотүстігінде және 110-125
оңтүстігінде. Ең жоғарғы құрғақшылық жылдары барлық күндер дерлік ішінде
жеке айлары ылғалдылық 30%-дан аспайды (Ырғыз, Шалқар, Ембі, Ақтөбе
станциялары).

6. Жел

Жылдың суық мерзімінде (қараша-наурыз) облыста күшті қарлы боран
(бұрқасын) туғызатын солтүстік-шығыс және шығыс желдері басым.
Жаздың басында оңтүстік желдер жиі байқалады – бұлар бөгендер мен
топырақ бетінен судың қарқынды булануына әсер ететін аңызақ желдер. Жазда
ылғалдық әкелетін батыс желдер басым, бірақ облыс аймағында оның тек аз
бөлігі ғана жер бетіне жетеді (жауын-шашын түрінде).

Желдің орташа жылдық жылдамдағы 4-5 мсек құрайды, күшті жел байқалады
(15мсек) жылына 60 күндей байқалады (мет. ст. Ақтөбе, Мұғалжар) шаңды
борандар аз болмайды-жылына 44 күнге дейін (Шалқар ст.) облыста штильді ауа
(желсіз) жыл ішінде орта есеппен 40-50 күннен аса байқалады.

7. Топырақ бетінен булану

Құрғақ климат жағдайында булануға түскен жауын-шашынның көп бөлігі
булануға жұмсалады. Топарық бетінен орташа жылдық булану шамасы жауын-шашын
мен ағынданың зональды нормалары арасындағы айырымы бойынша жуықтап алынған
солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 160 мм-ді құрайды. Орташа ағынды
изосызығынан оңтүстік пен шығысқа қарай орналасқан кіші су жинау алаптарын
булану шамасы 12 мм, 3-4 %, ал Уил өзенінің орта ағысының ауданында 8-10 %-
ға оның зональдық мәнінен кіші.
Топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшері болған жағдайда жылдық булану
(су бетінен булануға теңдеп қабылданатын буланушылық) бұл аумақта
сотүстікте 850 мм-ден оңтүстігінде 1400 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жыл
ішінде буланатын ылғалдылықтың барлық мөлшері дерлік кезеңге жатады
(шамамен 90 %), әдетте сәуір мен қазан арлығындағы үш негізгі вегетациялық
ай ішінде булану (мамыр, маусым, шілде) оның жылдық шамасының 50 %-дан
астам бөлігін құрайды.
Ең жоғарғы айлық булану қабаты мамырға келеді (60-70 мм-дейін) бұл
кезеңде топырақта көктемгі ылғалдылық қоры ысырапталады.
Қыс айларында булану өзінің жылдық шамасының шамамен 10 %-ын құрайды.

1.4 Өсімдік жамылғысы

Облыстың өсімдік жамылғысы негізінен шабындық шөптің екі түрімен
сипатталады:дәнді өсімдіктер-дала зонасында және жусан-шөл зонасында
кездеседі.
Құрғақ даламен алып жатқан облыстың солтүстік бөлігінде боз бетегелі
(ақ селеу) түрлі шөпті-дәнді өсімдіктер көп таралған, оның арасындағы
сорларда, әдетте ақ және қара жусан өседі.
Мұғалжардың тасты беткейлері сирек кездесетін бұталармен жамылған.
Терең өзен аңғарлары мен тау өзектерінде көктерек-қайыңды ағаштар кезігеді.
Шөлейтті белдемде жусанды-дәнді далалар орналасқан,оларда құрғақ
далардың ерекшелігі сияқты геоморфологиялық жағдайлармен анықталатын
өсімдік жамылғысының микрокешенділігімен сипатталады. Оңтүстігінде-ең
құрғақ бөлігінде шөлді өсімдік қосылыстары дамыған. Дәнді-жусанды шөлдер
Ембі мен Сағыз өзендерінің алаптарында, Үлкен Борсық және осы белдемнің
кейбір аудандарында дамыған. Жусанды шөлдер сортаңды шөлмен бірігіп Үстірт
шоқысын, Торғай-Арал маңы жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Өсімдік
жамылғысының жиынтығы мұнда не бары
40-50 % құрайды. Тұзды шөлдер және өсімдігінен айырылған сорлар көп бөлігі
өзен аңғарлары мен көлдердің жағалауларымен байланысты. Облыстың оңтүстік-
батысында аз ауданды ақ сексеуілдер алып жатыр.

1.5 Топырақ жамылғысы

Аумақ шегінде топырақ жамылғысының жер бедерінің әр түрлілігіне және
топырақ қалыптастырушы жыныстардың литологиялық құрамының жиі ауысуына
байланысты едәуір "шұбарлылығымен" ерекшеленеді. Оның территориясында төрт
топырақ белдемдерін бөлуге болады: қаратопырақ, сарғылт, қанық-сарғылт және
ашық-сарғылт, қоңыр және сұр-қоңыр топырақ.
Қаратопырақ облыс солтүстігінде кездеседі-олар аз гумусты, көп бөлігі
тасшақпа болып келеді.
Қанық-сарғылт топырақ қара топыраққа қосылып кеткен. Мұғалжар
тауларының ауданында қанық-сарғылт топырақтың қуаты аз, оның көп бөлігі
Таужыныстарының тасшақпа мен сынық бөлшектерінен құралған. Бұл топырақ
белдемінің оңтүстік шекарасы иреңденген және Мұғалжар тауының бойымен 480
с.е. дейін барады.
Ашық-сарғылт топырақ облыстың орталық бөлігін алып жатыр,механикалық
құрамы бойынша негізінен саздақ болып келеді. Олардың құрамдық кешенінде
сор және сортаңдар, тақырлар және шалғынды-сарғылт топырақтар бар. Бұлардың
соңғылары терең емес табақ тәріздес ойпаңдарда, көлдер мен өзендердің
террасаларында кездеседі.
Қоңыр топырақ шөл ді белдемде, яғни облыс оңтүстігінде басым, ал сұр-
қоңыр топырақтар Үстірт аймағында жақсы дамыған, механикалық құрамына
байланысты олар саз және ауыр сазды болып келеді.
Жалпы алғанда шөл топырағы аз гумустылығымен және Үлкен тұздылығымен
ерекшеленеді.
Өзен аңғарлары мен көл жағалауларында түрлі механикалық құрамдағы
аллювиальді (шөгінді, тұнбалы) топырақ таралған.

Механикалық құрамы жеңіл топырақ ең жақсы болып саналады, бұған
ылғалды жақсы жұтатын құмдақ пен саздақ жатады.

Топырақтың ылғалдануы, қарастырылып отырған аймақта,көктемгі және
қысқы жауын-шашын әсерінен болады. Топырақтың ылғалмен қамтама-сыздығы
жеткіліксіз, тіпті көктемнің өзінде олар (жауын-шашын) 1 метрге жуық
тереңдікке сіңеді.
Облыс территориясы бойынша топырақтың механикалық құрамы мен
құрылымына, температуралық раежиміне, жергілікті жер бедеріне, қар
жамылғысының биіктігіне байланысты біршама өзгеше болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан ағынды станциясы ауданында (Ащыуил өзенінің жоғарғы
бөлігі) саздақ топырақтың қату тереңдігі 8 жыл бақылау ішінде 84 см-ден 150
см-ге және одан да жоғары мәнді құраған (Данилин тоң өлшегіші бойынша).
Облыстың солтүстк және орталық бөліктерінде топырақтың еруі,орта есеппен
алғанда сәуірдің екінші-үшінші декадасының басында басталады, ерте күні
наурыз аяғында, ал кеш күні-мамыр айының бірінші декадасына сәйкес келеді.

1.6 Гидрографиясы

Ақтөбе аймағында өзен торының және көлді бөгендердің таралуы Мұғалжар
тауының негізгі су айрығының меридиональді орналасуымен және оның көп
бөлігінде климаттың құрғақшылығымен байланысты болады.
Гидрологиялық жағдайлары бойынша бұл территорияны үш бөлікке бөлуге
болады: Каспий теңізі алабына жататын батыс бөлігі, Торғай өзені алабының
төменгі бөлігі, Шалқар-Теңіз қазаншұңқырын алып жатқан шығыс бөлігі және
Арал теңізіне жататын тұйық алап-оңтүстік бөлігі. Облыстың барлық өзені
дерлік, Торғай мен Өлкейек өзендерін қоспағанда, осы территория аймағынан
бастау алады.
Едәуір сулы батыс бөлігінде ұзындығы 10 км-ден асатын шамамен 580
өзендер мен уақытша ағынсулар бар деп есептеледі, олардың жалпы ұзындығы
15100 км. Облыс шығысында ұзндығы 10 км-ден асатын 190 өзендер мен уақытша
ағынсулар бар, жалпы ұзындығы 6100 км-ді құрайды. Гидрографиялық тор Ырғыз
өзені алабының оң жағасында ғана жеткілікті дамыған, ал Ырғыз-Торғай
өзендері аралығының шығысында аз шамада дамыған. Бұл аумақтың қалған
ауданында көлемі бойынша әр түрлі көптеген тұщы және тұзды көлдер көп.
Облыс шығысындағы (Торғай алабы) басты ағынсулар-Торғай өзені
(төменгі ағысы) мен оның саласы – Ырғыз өзені ағып жатыр.
Торғай өзені көне жыра (қолат) табанымен ағады. Өзен, көбісі
жайылымдық көлдермен аяқталатын тармақтарға бөлініп кетеді; осыған
байланысты оның сағасына дейін, тек суы мол жылдардың өзінде ағындының
жарты бөлігі ғана жетуі мүмкін (Шалқар-Теңіз қазаншұңқырына келіп құяды).
Ырғыз өзені Мұғалжар тауының шығыс беткейінен бастау алып,оң жағынан
ұзындығы 80-100 км-ге жететін бірқатар салаларды қосып алады. Ырғыздың сол
жағалауында,су жинау алабының жазық бөлігінде арнасы айқын байқалатын
ағынсулар жоқ.
Жоғарғы және орта ағысында Ырғыз өзені аңғарының ені 0,5 км-ден
7 км-ге дейін жетеді, жайылма ескі арналармен және көлдермен қиылған, арна
ирелеңденген, ені 30-120 м. Орта ағысында-қарасуларда (терең жері)
тереңдіктер сабалық кезеңде 3-5 және 8-9 м-ді құрайды. "Қызыл партизан"
ауылындағы плотинаға дейін (Ырғыз ауылынан 25 км жоғары) өзен сабалық
кезеңде ағындының аз бөлігін ғана сақтап қалады.
Төменгі ағысында (Ырғыз ауылынан сағаға дейін) өзен кейбір жерлерінде
Торғай өзені аңғарымен ұштасатын анық байқалмайтын аңғар-құмды алқаптардың
арасымен (Мамыт, Аққұм және тағы басқа) ағып өтеді.
Өзен аңғарында бірқатар ірі сортаңды ойыстар көктемгі су тасу
кезеңінде суға толады, сондықтан мұнда ағындының көп мөлшерде ысырапталуы
байқалады.
Төменгі участкеде (Ырғыз ауылынан сағаға дейін) өзен жазда жыл сайын
қайраңдарда (таяз жерлер) құрғап қалып,ұзындығы 2,5 км-ге жететін,
тереңдігі 1,5-3,0 м болатын жекелеген қарасуларға бөлініп кетеді.

1.7 Бекеттер сипаттамасы

1) Темір өзені – Ленинск а. Бекет елді-мекеннен 9 км қашықтықта, 3 км
солжағалаулық Көлденең – Темір аймағында орналасқан.
Субекеті өзеннің солжағалаун қамтып, негізінен сваялардан және
3 реперден.(УГМС КазССР). Негізгі көрінбейтін репер №6 1952 ж темір –
беттонды, көрші №4 реперден 524 м қашықтықта, онын белгісі 50.484 м усл.,
контрольді метал репер №4 1946 ж, негізгі белгісі 49,862 м усл. және
көрінбейтін репер №3 1938 ж 60 м, №4 және су бетіннен 7 м 49,696 м усл.
белгімен орналасқан.
Нөлдік график белгісі 44.00 м усл.
Судың температурасы №3 бекетінде өлшенеді. Мұздың қалындығы
тұстамада да өзен орталығы мен жағалауларында өлшенеді.
Судын лалылығы негізінен №3 тұстамадан 0,3-0,5 енінен алынса,ал
химиялық құрамын тексеру үшін №3 тұстамадан 0,5 өзен енінен алынады. №3
тұстама 400 м жоғарыдағы бекетінде орналасқан, негізінен трос пен локатты
қолдану үшін жабдықталған.
№1 1980 ж-дан №2 1954 ж субекеттері жоқ.
Өзен арнасы көбінде өсімдік жамылғысымен қапталады. Мұз жүру кезінде
мұз кептелуі байқалады. Ағын су – қатал қыс кезінде тоқталады.
Бекет аймағындағы ағын қолдан реттеледі, яғни Темір өзеніндегі және
оның Көлденен - Темір саласындағы плотинаның көмегімен.(сағадан 10 км
қашықтықта)
2) Жем өзені - Жарқамыс а. Бекет өзеннің оңтүстік батыс болігінің аул
аймағының 4 м - гі сол жақ атырауы Четырле саласында орналасқан.
Бақылау бекеті сол жақ жағалауында орналасқан, ол негізінен қада мен
темірлі бетон №4 (УГМС КазССР) реперіен тұрады, 1952 ж бекеттің негізгі
өлшемі 19,868 м усл., оған 1707 1952 ж нөмірі 4 кл. нивелирімен берілген.
Нөлдік график белгісі 11.00 м усл.
Судың температурасы негізінен бекеттің өзінде өлшенеді, сол жақ
жағалаунда. Мұз қалындығы өзеннің орталық бөлігінде және жағалауда өлшенеді

Судың лалылығы меен химиялық құрамын 0,2-0,8 қашықтықта тұстамасынан
өлшенеді.
№1 тұстамасы суөлшеу орнымен сәйкес,ол трос пен лотокты ұстап тұру
үшін орнатылады. Су өтімі уақытаралық тұстамаларда өлшенеді.
Жазғы тұрым өзен арнасы көбіндеқамыспен қапталады және құммен
тосалады.
Бекет 1942 ж - дан 1950 ж - ға дейн тоқтаусыз жұмыс істеген, ал
1941 ж-дан 1945 ж-ға аралығындағы мәліметтер Ежигодниктің матерялдары
ретінде жазылмаған.
Бекеттің орналасу орны толығымен бекітілген. Субекетінің жаңа бекеттен
30 м жоғары қашықтықта орналасуы қосымша 1952 ж-ғы Ежигодникте қателі түрде
жазылған. 16 шілде 1952 ж-ға дейн 30 м жоғары белгілі бөлігінде бар екені
белгілі болды.
3) Ойыл өзені - Алты - Қарасу а. Бекет аулдың батыс аймағынан 1,3 км
төменгі Қарабас өзені саласында орналасқан.
Субекеті өзеннің сол жағалаунда орналасып, қада мен 2 реперден тұрады
(УГМС КазССР). Корінбейтін №5 репер темір – бетоннан тұрады, ол 7 м
қашықтықта №4 реперден орналасқан, 127,985 м абс. белгімен. Бұл белгілер 4
кл, 1954 ж нөмірлі белгімен белгіленген. №17 ПГУ 1930 ж реперінен, ол 0,3
км оңтүстік шығысқа қаоай Алты - Қарасу ауылынан орналасқан, жол бойындағы
Кайке – Бас ауылында, телефон жүйесіндей бекетінде 131,065 м абс. белгімен
орналасқан (анықтама ГУГК).
Нөлдік график белгісі 121,54 м абс.
Судың температурасы және мұз қалындығы су бетінде өлшенеді. Мұз
қалындығы негізінен өзен орталығында және жағасында. Судың химиялық құрамын
тексеру үшін су тұстамасында 0,5 қашықтықта өзен енінен алынады.
№1 тұстама субекетінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2005 жылғы жауын - шашынның ластануы
2010-2012 жылдары аралығында атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының өзгеруі
Жауын-шашын туралы
Қазақстанның климатына сипаттама
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Жауын-шашын
Метеорология және климаталогия пәнінен дәрістер
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Метеорологилық элементтерге анықтама, метеоөлшеуіш құралдар
Сарыарқаның климаты
Пәндер