АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 7

1. 1 Алқабилер институтын құрудың құқықтық және әлеуметтік мәселелері . . . 7

1. 2 Алқабилікке кандидаттарға қойылатын талаптар . . . 14

1. 3 Алқабилердің қатысуымен алдын ала тыңдау өткізу . . . 23

1. 4 Алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктері . . . 25

2 АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫНДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 31

2. 1 Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу . . . 31

2. 2 Қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізу . . . 33

3 АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ . . . 35

3. 1 Алқабилердің қатысуымен өтетін сот ісіне прокурордың қатысуының ерекшелігі . . . 35

3. 2 Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің жетістіктері мен кемшіліктері . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқабилер институтын енгізу - заман талабына сай маңызды мәселеге айналды.

Еліміздің біршама талқылаулар мен пікірталастардан кейін «Алқабилер туралы» алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың қабылдануы мен олардың жүзеге асырылуының еліміздің құқықтық өмірі және сот жүйесі үшін ерекше маңызды.

Қай кезде де алдымен мәселе туады. Сонан соң оны талқылау басталады. Сол айтқандай, бізде біраздан бері алқабилер соты пікірталастың тақырыбы болып, ақыры бір шешімін тапқандай болды. Біреулер англо-саксондық үлгі дұрыс десе, енді біреулер құрылықтық үлгіні мақұл көреді. Ұзақ талылаудан кейін өз жағдайымыз бен ерекшелігіміз ескеріліп, екіншісі таңдалды. Сөйтіп, «Алқабилер туралы» арнайы заң қабылданды. Ол заң 2007 жылдың басынан бастап қолданысқа енгізілді.

Көзі ашық көкірегі ояау азаматтардың бәрі білетіндей, дамыған, өркениетті елдердің қай қайсысында да алқабилер институты жұмыс істейді. Мұндағы басты мақсат - қылмыстық істерді қарағанда сот төрелігінің мейілінше объективті және әділетті болуын қамтамасыз ету және оған бұқара халықтың өзін қатыстыру болып табылады.

Демократиялық және құқықтық мемлекет құрып, қалыптастыруға бағыт алған біз де қоғамның мұрат-мүддесіне қызмет ететін мұндай өнегелі істен еш қалмауымыз керек. Басқаны айтқанда, мынау тұрған көршілес Ресейдің өзінде алқабилер институтын енгізу 1993 жылдан бастап қолға алынды. Алдымен елдің алты аймағында сыналып, байқалды. Солай тәжірибеден өткізіліп барып күшін енді. Біздегі әрекет те сол үрдістердің жалғасы іспеттес.

Сот заседательдері деген кеңес заманында болған. Бірақ ол кездегі заседательдер мен қазіргі алқабилердің арасында үлкен айырмашылық бар.

Жалпы кеңес заманында соттың өзі партияның қолындағы құралы сияқты болып келді ғой. Қазір биліктің тәуелсіз жеке тармағына айналған сот еліміз бағдар ұстаған құқықтық қоғам орнатуда үлкен рөл атқаратындығы анық.

Бүгінде халықтың сотқа деген сенімі артып келеді. Осыған орай, сотқа халық өкілдері - алқабилерді қатыстыру қазіргі уақыт талабынан туған дұрыс қадам. Бүгінгі күнде өзін демократиялық қоғам ретінде таныған әрбір ел өз ішіндегі мемлекеттік құрылымдардың демократиялық талаптарға негізделіп жұмыс істеуін қалайды. Ал, бұл мәселеде ұтымды және тиімді механизмдерге негізделген сот ісін жүргізу маңызды және негізгі рөл атқарады. Сондықтан алқабилер институтының сот құрылымдарына енуі біріншіден, құқықтық мемлекеттің демократиялық қадамдарына зор кепілдік беретіні айқын. Ал, өз кезегінде алқабилер сот ісіне араласып, әр қылмыстық істердегі айғақтарды екшелеп, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың қаншалықты кінәлі екендігін немесе кінәсіз екендігін анықтап, істің әділ шешілуіне ықпал ететін институт болуы тиіс. Екіншіден, сот реформасындағы бұл қадам сот құрылымдарының тәуелсіздігін одан әрі нығайта түседі. Алайда, алқабилер институтын енгізу Конституцияға, қылмыстық кодекс пен Қылмыстық істер жүргізу кодексіне, сондай-ақ «Алқабилер туралы» арнайы заң қабылдануымен шешіле салмайды. Ең алдымен бұл мәселені құқықтық тұрғыда шешу қажет, сонымен бірге оның әлеуметтік-экономикалық мазмұнын зерделеп, оның жұмыс істеуінің Қазақстанға барынша сәйкес келетін жолдарын анықтау ләзім. Мұның өзі өз кезегінде қазіргі қол жеткізген құқықтық реформаның жетістіктеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. «Алқабилер туралы» заңға сәйкес, еліміздің сот жүйесіне алқа билер енгізу 2007 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енді. Заң жобасы ел қалаулыларының талқысына түскен күннен бастап-ақ, түрлі пікір-таласқа ұшырағаны жұртшылыққа мәлім. Бұл пікірталаста қарсы болғандардың үні бәсеңдеу шыққанын да жақсы білеміз. Көпшілік қолдады. Алайда Алқа билерінің жұмыс істеу тәртібіне қатысты континентальды, не классикалық үлгісін таңдау мәселесі екі жақты тартысқа түскен еді. Қалай болғанда да, мамандар қазір бізге континентальды үлгінің тиімдірек екендігін айтып, соған тоқталды. Елімізде сот жүйесін жетілдіру, сот процестерінің ашықтығын, сот ісін қарау сапасын арттыру мақсатында реформалар қалыпты деңгейде жалғасып келеді. Соның бір көрінісі ретінде, біршама талқылаулар мен пікірталастардан кейін «Алқабилер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу туралы» заңдарының қабылдануы. Мұны сот жүйесіндегі реформаларды дамытуда жүзеге асырылып жатқан өте маңызды шараға жатқызуымыз қажет.

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты тарихи және қазіргі заманғы тенденциялар аясында алқалық сот қызмет етуінің отандық теориясы мен тәжірибесіне талдау жасау.

Осы мақсатқа орай алға мынандай міндеттер қойылды:

- алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот істерінің тиімділігін қарастыру;

- алқабилікке кандидаттықа қойылатын талаптарды талқылау, нақтылау;

- алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот істеріне прокурордың қатысуының ерекшелігін зерделеу;

- алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот істерінде прокурордың рөлін анықтау;

- прокурордың қызметі мен құзіреттілігін нақтылау.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының теориялық негіздерін алқабилердің тарихын А. Ф. Кони, С. З. Зиманов, М. С. Сапаргалиев. С. Ф. Ударцев, М. А. Чельцов т. б. белгілі заңгер-ғалымдар зерттеген. Өзекті мәселелердің шеңберін анықтауда Қазақстан ғалымдарының атап айтқанда, К. Х. Халиков, Б. Х. Төлеубекова, Г. С. Сапарғаливтың, М. Ч. Когановтың, Қ. А. Мамидың, А. Н. Ахпановтың, О. К. Копабевтың, Т. С. Сәрсенбаевтың, Д. С. Чукмаитовтың және А. Н. Ағыбаевтың ұсыныстары және ғылыми еңбектері шешуші рөл атқарды. Сондай-ақ, диплом жұмысының теориялық негізі ретінде Конституция мен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық тарихы мен теориясына, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, заңи статистика, криминология ғылымдарына қатысты арнайы ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.

Зерттеудің әдістемелік негізі теория мен тәжірибе бірлігінің диалектикалық принципіне сүйенеді, атап айтқанда оның құрамына салыстырмалы-құқықтық, тарихи және формальды-заңи әдістер кіреді. Қолданыстағы заңнаманы зерттеу барысында талдау және жинақтау әдістері бірлікте қарастырылды, сонымен қатар жұмыста нақты әлеуметтік сауалнама әдісі қолданылады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуге прокурордың қатысу тәртібі болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу пәні алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуде прокурордың рөлін нақтылау болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Алқабилер институтын құрудың құқықтық және әлеуметтік мәселелері

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқабилер институтын енгізу - заман талабына сай маңызды мәселеге айналды.

Алқабилер институтын енгізу мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Конституцияның 75-бабының 2-бөлігінде: «Заңда көрсетілген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады» [1] .

Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде сот билігін алқабилердің қатысуымен жүзеге асыру керектігін міндеттеп атап өткен болатын. Сотталушының, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігін анықтау мәселелерін қарау кезінде кәсіби судья мен алқа заседательдері бірігіп жүзеге асыру үшін алқабилердің қатысуымен өтетін соттың құрылықтық жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 2-тармағына сәйкес енгізілді.

Ал, Қазақстан Республикасы үшін құрылықтық және классикалық үлгілерді саралай отырып, шетел үлгілерін нақ солай көшірмей, біздің қоғамымыздың ерекшеліктеріне лайықты, қолайлы жүйені таңдау маңызды. Бұл жөнінде еліміздің белгілі заңгерлері бұқаралық ақпарат құалдарына сан рет пікірлерін де білдірді.

Жалпы, әлемде сот ісін жүргізудің бірнеше үлгілері бар екендігін бізге мәлім. Олардың қатарына: классикалық немесе англо-американдық, франко-германдық немесе құрылықтық үлгілерді жатқызуға болады. Бұл ретте құқықтық жүйесінің дамуы жөнінен көптеген шетел мемлекеттерінде алқабилер соты тиімді түрде жалғасын тауып келеді. Австралия, Дания, Бельгия, Испания, Норвегия, Швейцария секілді елдерде құрылықтық жүйе бойынша іс қараудың тәсілдері пайдаланылуда.

Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, бүгінде кейбір елдер алқабилер сотының классикалық үлгісінен бас тартуда. Мысалы, Францияда халық заседатаельдерінің өзіндік мәні болса да, іске шеффендердің құқығында (кәсіби судьямен бірыңғай алқа) қатысуы орын алған. Германияда жеке шеффендердің ұлттық институты құрыла отырып, аудандық соттарда судьямен бірге халық өкілдері де алқа заседательдері құқығында емес, алқа заседательдерінің қатысуымен қаралады деп көрсетіледі.

Ұзақ пікірталастар мен талқылаулардан кейін біздің еліміз үшін құрылықтық жүйе лайық деп табылды. 2006 жылғы 16 қаңтарда «Алқабилер туралы» Заңға қол қойылды. Ол Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енеді. Алқабилер соты дегеніміз - заңды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлі не кінәсіздігі туралы ар-ұятқа жүгіне отырып кесім шығаратын халық өкілдерінің соты болып табылады. Ресей ғалымы М. И. Календаров: «Алқабилер тікелей сот актісін шығаруға қатыспайды, олар оны жазбайды және оған қолдарын қоймайды бірақ қылмыс жасаудағы айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі тураы ішкі сеніммен кәсіби судьяның қатысуынсыз өз бастамаларымен кесім шығарады» - деп көрсетеді. Яғни, ар-ұятқа сүйене отырып, өзінің көзқарастары мен өмірлік тәжірибесінің негізінде шығарады.

Жалпы, алқабилер деп тиісті ценздік жағдайлардағы талаптар сақталған, қабылданға тізімдегі адамдар санынан тұратын, таңдалып, тағайындалатын тұлғалар тобын айтуға болады. Алқабилерді тағайындау мәселесі де терең қарастыруды талап етеді.

Билер мемлекеттік тілді толық меңгерген, жоғары зерделі, ойлы, жан-жақты, білімді, өмірден түйгені мол, ұйымдастырушылық қабілетке ие, парасатты, шешен әрі жасанды мінез-құлықтан жат, жалған әрекеттерге жол бермейтін, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын, ел мүддесін ойлайтын, тиісті тексерістен өткен тұлғалар болуы қажет.

Алқабилер міндетін атқару - әрбір тізім бойынша тағайындалған азаматтың міндетті борышы. Сондықтан әрбір сайланушы алқаби әділ сот билігін жүзеге асыруға өз үлесін қосып, мемлекет тарапынан жүктелген міндетке құрметпен қарауы керек.

Былтырдан бастап Қазақстанның сот жүйесіне алқа билер институты енгізіліп, құқықтық реформа жолындағы қадамдар одан әрі жалғасуда. Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамсыз етудегі демократиялық жаңа үрдіс пайда болды. Ендігі мәселе халық өкілдері тоғысқан алқа билер сотын әділеттіктің алдаспанына айналдырып, оның құрамын жаны да, ары да таза, өмірлік білімі мен тәжірибесі мол адамдармен толықтыруға кепіл тіреледі.

Елімізде алқа билер институты енді ғана қолға алынып жатқандықтан, кемшіліктердің кездесуі әбден мүмкін. «Көш жүре түзеледі» демей ме? Өз арнасына түскеннен кейін олқылықтардың орны әлі-ақ толығып кетеді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесін құру мен басқару саласында сот реформасы жедел қарқынмен жүргізіліп келеді. Соның бір дәлеліндей алқа билер институтын енуі сот билігінде демократиялық қадам жасаудың негізі болып табылады.

Алқа билер сот - отандық әділсот тарихындағы елеулі жаңалық. Бұл -халықтың сот билігіне араласудың бірден бір мүмкіндігі. Сондықтан бұған ерекше көңіл бөлініп, конституциялық норманы іске асыру барысында біраз жұмыстар атқарылды. Оның үстіне сот ісіне халық өкілдерін қатыстыру және оған көпшіліктің бақылауын ұйымдастыру демократиялық қоғамның бір көрінісі. Алқа билер жүйесі жаңа әрі күрделі нысандағы институт. Мұндай институт сыртқы әсерлерден тәуелсіз болуы шарт. Ол мемлекет пен халық ортасындағы көпір, сондықтан елімізде билікті жүзеге асыруға азаматтарды тарту қоғамды демократияландыру тәсілдерінің бірі. Осы институт субъектісі болып табылатын алқа билер істерге қатысу кезінде судьямен бірдей тең құқықтарға ие болады. Тарихтан бастау алатын билер соты көне заманнан жалғасын тауып келеді.

Конституцияда көзделген сот әділдігін алқабилердің қатысуымен атқару қағидатын іс жүзіне асыру алдымыздан міндет болатын. Осыған байланысты қылмыстық құқықты одан әрі ізгілендіру мақсатында алқа билердің әлемдік тәжірибедегі озық үлгілері жете зерттеліп біздің құқықты одан әрі ізгілендіру мақсатында алқа билердің әлемдік тәжірибедегі озық үлгілері жете зерттеліп, біздің қоғамға лайықтысын таңдап алуда көптеген ғылыми-тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды. Ерекше бір атап айтар жәйт - Елбасының қалауымен «алқа билер» деп термин сөздің құқықтық заңнамалардан түпкілікті орын алуы. Ана тілімізде ғасырлар бойы қаыптасып, билер соты құрылған ежелгі заманнан бері жадымызда жатталып, әбден құлақсіңді болған «алқа» және «билер» деген екі сөздің бірігіп, бір атауға айналауы халықтың көңіліне қонымды, жүрегіне жылы тиді. Өйткені, Қазақ елінің қоғамында билік айтуға қақысы бар әр талапкердің алқалы отырысқа қатысуына билер соты ешқашан шектеу қоймаған.

Бұл термин «присяжный, заседатель» деген қажеттілігі алғаш рет 1998 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына енгізілген өзгерістерде қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен қарау көрсетілген еді.

Соның негізінде жан-жақты сарапталған ұсыныс-пікірлер мұқият талқыланып, «Алқа билер туралы» заңның жобасы 2003 жылы-ақ дайын болды. Дегенмен, бұл мәселе бойынша белгілі бір тұжырымға келу әлі ерте болатын. Ол үшін алдымызда алқа билерге тән екі үлгінің бірін таңдап алу жауапкершілігі тұрды. Еліміздің сот тарихына көз жүгірткен адам кеңестік дәуірде халық заседательдер сот процесіне үнемі араласқанын жақсы біледі. Ал біз өзіміз құрып жатқан құқықтық мемлекеттегі тәуелсіз сот билігінің басты талабы ретінде, яғни адам құқықтары мен бостандығын шынайы қорғайтын, қылмыстық құқықты барынша ізгілендіретін, кеңес заманындағы халық өкілдеріне мүлдем ұқсамайтын алқа билер институтын көзделді. Сөйтіп, алдымен алқа билер институтын құқықтық жағынан кең тұрғыда зерттеп, әлемдік қолданыстағы үлгілерді кешенді түрде зерттеу еліміздегі сот жүйесін дамытудағы құқықтық тұжырым жобасына сай жүргізілді. Алқа билер институтының барлық елдерге кеңінен тараған құрылықаралық және англо-саксондық үлгілерінің біздегі құқықтық жүйеге тиімді келетін тұстары мұқият талқыланды. Алқа билер институтын жан-жақты зерттеу жұмыстары ұстанған тұжырымды тиянақтауда зор маңызға ие болды. Әсіресе, көрші Ресеймен тығыз байланысты болып, Республика судъяларыың үлкен тобы тағылым алып қайтты. Бұған қоса Германия, АҚШ, Ұлыбритания; Франция сияқты елдердегі қылмыстық сот ісіне алқа билердің қатысуын үнемі зерттеп жүрді. Осындай ауқымды жүргізілген тындырымды жұмыстардың арқасында алқа билер сотының қызметі мен оның сот өндірісіне беретін тиімділігі анықталды. Бұл ретте біздің елімізге етене жақын келетін роман-гермен құқықтық жүйесінің неғұрлым үйлесімді екені тарихи тұрғыдан тағы бір дәлеледенді. Өйткені, осы жүйедегі мемлекеттің бірі Фрнация алқа билердің құрылықаралық үлгісін ұстанады. Бұл елдегі сот өндірісіндегі қылмыстық істерді жеребе арқылы анықталған тоғыз алқа билер және кәсіби үш судья қарайды. Сот шешімі алқа билердің және судьялардың қатысуымен кеңесу бөлемсінде көпшілік дауыспен қабылданған соң, сот тергеуінің нәтижесі бойынша сотталушының кінәсі толық анықталып, оған тиісті үкімін шығарады. Мысалы Франциядағы алқа билерді сот ісіне қатыстырудың үлгісі бір жағынан сот әділдігін атқаруға халық өкілдерін қатыстыруға толықтай мүмкіндік туғызып, оны бақылауды өздері қамтамасыз етеді. Ал екінші жағынан соттың кәсіптік деңгейі мүлтіксіз сақталады. Нәтижесінде сот шешімінің заңды әрі негізді болуына кепілдік береді. Аяғында Жоғары сот пен Әділет министрлігі дайындаған алқа билердің құрылықаралық үлгідегі заң жобасын Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдап, өмірге жолдама берді. Сот әділдігін жүзеге асыруды әртүрлі деңгейдегі халық өкілдері арасынан алқа билерге лайықты азаматтарды таңдап алуды қаматамсыз ету - ең жауапты да маңызды мәселе.

«Алқабидің міндетін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін». Міне ақ қағазға қара қалам ұшымен жазылған осы ант 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының сот жүйесіне қара қылды қақ жарған кәсіби судьялармен қатар абыройы мен ынсабы, адамгершілігі мен парасаттылығы, иманы мен инабаттылығы алдыңғы қатарда тұратын, өмір заңы заңы бойынша ой түйетін алқабилерді алып келмек [2, 10б. ] .

Алқаби - демократия қағидаларының жарық көрінісі, яғни мемлекет үшін адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады.

Қылмыстық сот процесінде алқабилердің әділдікті орнатудағы бірден-бір қаруы - ұшқыр, таза ой, өмірлік білім мен тәжірибе, себебі «таза ой» кәдуілгі қалыпты адамның парасаттылығы, қолайлы ақыл-ойы, өмірлік даналығы.

Атақты ұлы тұлға Т. Фуллер «егер қаз сотталушы болса, онда түлкіге алқабилер арасында орын жоқ», - деген. Сонда алқабилердің тоғыз қос жанары қылмыстық сот процесінде болып жатқан адам тағдырын өздерінің ой елегінен өткізіп қана қоймай, жалғандық пен әділетсіздікті анықтап, оны әшкерелеп, ақиқаттың орнануына өз септігін тигізері хақ.

Қылмыстық дәлелдемелер өмірден алынады. Бұл дерексіз дәлелдер емес, болмыс, шындық. Өмірлік білімнің арқасында тоғыз мүшеден тұратын алқабилер шындықты өтіріктен айыруға көмектесетіні дұрыс, толыққанды нақты сұрақ қою арқылы осы процеске қызығушылығы бар мүдделі тұлғалардың жалған дәлелдемелер келтіруіне тойтарыс береді. Бұл әрине бір ғана ой, бір ғана пікір.

Конституция талаптарына сай сот ісіне араласа бастайтын білімді де, беделді азаматтардың жаңа құрылымын бірде алқа заседательдері десек, енді бірде халық өкілдері алқа билері деп атап жүр.

Тарихтан дана халқымыздың сотсыз, түрмесіз, тіпті ешбір құқық қорғау мекемесінсіз-ақ ғасырлар бойы кең сахарада темірдей тәртіпке ие болғаны белгілі. Билеріміз дау-дамайды алысқа ұзатпай-ақ жалғыз ауыз сөзбен шешіп, ақ пен қараның ара-жігін ажырата білген. Әрине, кешегі өткен би мен бүгінгі жоғары білімді құқық қорғау қызметкерінің арасында жер мен көктей айырмашылықтың ьар екендігін ұмытуға болмайды. Сол себептен де соңғы жылдары көптеген беделді заңгерлеріміз бұл мәселе турасында баспасөз бетінде өз пікірлерін ортаға салып жүр. Қылмыстық сот ісіне алқа заседательдерінің билердің қатысуы белгіленген.

Елбасының тапсырмасы бойынша Жоғарғы Сотта алқа заседательдері тұжырымдамасы әзірленді. Ресей, Швеция, Алмания, Франция, АҚШ және басқа да мемлекеттердің бұл жөніндегі тәжірибелері зерттелді. Өткен тарихқа үңілсек адамзат алқа заседательдерін бірде қолдап, бірде олардан бас тартып отырған. Десек те, күні бүгінге дейін адам тағдырын қорғаудың одан асқан әділ түрі табылмай келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алқабилер соты
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ, МЕРЗІМДЕРІ МЕН СОТ ШЫҒЫНДАРЫ
Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы
Алқа билердің сотқа қатысуы
Қылмыстық процесс қатысушылары ұғымы
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Қылмыстық процеске қатысушылар туралы ұғым және олардың классификациясы
Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz