Жәрдемақылар



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
ІІ. 1. Жәрдемақы ұғымы мен тағайындаудағы негізгі шарттар ... ...4
1.1. Жәрдемақы түсінігі, белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін негізгі шарттар ... ...8
2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері ..10
2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты төленетін жәрдемақылар ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3. Әр түрлі жағдайларға байланысты төленетін жәрдемақылар ... 19
3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1. Жәрдемақы тағайындайтын органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..25
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қоғамның қай дәуірінде болмасын, ауқатты адамдар жоқшылық пен жетпеушілік көріп отырған адамдарға қолдау, көмек көрсетіп отырған. Ол жүйесіз түрде жекелеген адамның бір жолғы көмегі немесе діни ұйымдардың қолдауы арқылы жүзеге асырылған. Уақыт өте келе ол мемлекеттердің қалыптасуымен қатар дами отырып, әлеуметтік қорғау жүйесіне айналды. Яғни қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы қалыптастырылды.
Қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы Заң негізінде еңбек қабілеттілігі шектеулі, яғни еңбек етіп, табыс тауып өзінің материалдық сұранысын қамтамасыз ете алмайтын адамдар мен тапқан табысы, кірісі отбасы мүшелеріне шаққанда жеткіліксіз жағдайда өмір сүріп отырған адамдарға мемлекеттің қаржысынан көмек көрсету немесе тұрмыстық қажеттіліктерін шешу, өтеу ұғымын білдіреді. ҚР Конституциясының 28-бабының 1-тармағында «ҚР азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі» - деп көрсетілген. Яғни, кез-келген уақытта мүгедектік, асыраушысынан айырылу, т. б. жағдайларға ұшыраған әрбір азаматқа мемлекет көмекке келеді. Осы көмектің бір түрі, әлеуметтік қорғаудың, қамсыздандырудың бір түрі – жәрдемақылар болып табылады.
Менің курстық жұмысыма «жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде» тақырыбын таңдап алуымның себебі де осы. Әрбір ҚР азаматы ҚР Конституциясына сәйкес жасы келгенде, мүгедектікке шалдыққанда, асыраушысынан айырылғанда, т. б. жағдайларда мемлекет тарапынан жәрдемақымен қамсыздандыру құқығына ие бола алады. Елбасының 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтқандай: «алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту». Басқаша айтқанда,
1. «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң, 20.06.1997ж.;
2. «ҚР мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заң, 16.06.1997 ж.;
3. «ҚР арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заң,5.04.1999 ж.;
4. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заң, 13.07.1999 ж.;
5. «Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заң, 28.06.2005 ж.;
6. ҚР Президенті Жолдауы, 30.01.2010 ж.;
7. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Жұмағұлов,2007 ж.;
8. Әлеуметтік қорғау құқығы, Жарикова,2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Банк колледжі
Қазақстан тарихы және құқық кафедрасы

Қорғауға жіберілді:
___ _______ 20__ ж.

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде.

Дайындаған: құқық және әлеуметтік

қамсыздандыруды ұйымдастыру

мамандығының күндізгі бөлімінің

ІІ курс студенті ..

Тексерген: доцент Жарикова А. Ж.

Қарағанды – 2011 ж.

Жоспар:

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..2
ІІ. 1. Жәрдемақы ұғымы мен тағайындаудағы негізгі шарттар ... ...4
1.1. Жәрдемақы түсінігі, белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін негізгі шарттар ... ...8
2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері ..10
2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына
байланысты төленетін жәрдемақылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Әр түрлі жағдайларға байланысты төленетін жәрдемақылар ... 19
3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .23
3.1. Жәрдемақы тағайындайтын органдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ..25
ІІІ.Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

І. Кіріспе.

Қоғамның қай дәуірінде болмасын, ауқатты адамдар жоқшылық пен
жетпеушілік көріп отырған адамдарға қолдау, көмек көрсетіп отырған. Ол
жүйесіз түрде жекелеген адамның бір жолғы көмегі немесе діни ұйымдардың
қолдауы арқылы жүзеге асырылған. Уақыт өте келе ол мемлекеттердің
қалыптасуымен қатар дами отырып, әлеуметтік қорғау жүйесіне айналды. Яғни
қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы қалыптастырылды.
Қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы Заң негізінде еңбек
қабілеттілігі шектеулі, яғни еңбек етіп, табыс тауып өзінің материалдық
сұранысын қамтамасыз ете алмайтын адамдар мен тапқан табысы, кірісі отбасы
мүшелеріне шаққанда жеткіліксіз жағдайда өмір сүріп отырған адамдарға
мемлекеттің қаржысынан көмек көрсету немесе тұрмыстық қажеттіліктерін шешу,
өтеу ұғымын білдіреді. ҚР Конституциясының 28-бабының 1-тармағында ҚР
азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған
жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен
зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі -
деп көрсетілген. Яғни, кез-келген уақытта мүгедектік, асыраушысынан
айырылу, т. б. жағдайларға ұшыраған әрбір азаматқа мемлекет көмекке келеді.
Осы көмектің бір түрі, әлеуметтік қорғаудың, қамсыздандырудың бір түрі –
жәрдемақылар болып табылады.
Менің курстық жұмысыма жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір
құралы ретінде тақырыбын таңдап алуымның себебі де осы. Әрбір ҚР азаматы
ҚР Конституциясына сәйкес жасы келгенде, мүгедектікке шалдыққанда,
асыраушысынан айырылғанда, т. б. жағдайларда мемлекет тарапынан
жәрдемақымен қамсыздандыру құқығына ие бола алады. Елбасының 2010 жылғы
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауында айтқандай: алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті –
Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту,
әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Басқаша айтқанда,
мемлекетіміздің жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін ел тұрғындарының
әлеуметтік жағдайын – әлеуметтік қамсыздандырылуы мен қызмет алуын дұрыс
әрі жүйелі жүзеге асыруымыз қажет екендігін атап көрсеткен. Осы орайда
менің курстық жұмысымның тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі
деуге болады. Еліміздегі әлеуметтік қорғауды керек ететін топтарды
жәрдемақылармен қамсыздандыру негіздері, жалпы жәрдемақы ұғымы, жәрдемақыны
тағайындау, төлеу, оны жүзеге асыратын органдар, осы жүйенің даму барысы –
барлығы да осы курстық жұмысымда жеке бөлімдерде қарастырылған. Менің
курстық жұмысымның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қорғауды керек
ететін топтардың өз құқығын дұрыс пайдалана отырып, жүйелі әлеуметтік
қамсыздандырылуын қарастыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің даму
деңгейін талдау.

1. Жәрдемақы ұғымы мен тағайындаудағы негізгі шарттар.

1.1. Жәрдемақы түсінігі, түрлері.

ХХ ғасырда кез-келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі
бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екендігі дәлелденген. Ал,
әлеуметтік саясаттың басым міндеті – қоғамдық өмірдегі белгілі бір деңгейде
теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ата Заңының
1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы –
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Осы
орайда, кез-келген азамат өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
ретінде әлеуметтік қорғалуға құқылы болып табылады. Әлеуметтік қорғау
дегеніміз – күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың әлеуметтік материалдық
қамсыздандыру құқығын иеленуі. Әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы, әр
түрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар бойынша мемлекет қаржысынан Заң
негізінде төленетін ақшалай көмек – жәрдемақы деп аталады. Жәрдемақы
заңдарда көзделген жағдайларда беріледі.Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан
қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебінен немесе жұмыс
берушілердің қаражаты есебінен беріледі. Жалпы, жәрдемақылар әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің
тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі
болып табылған кездері болған. Бұл 90-жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен
жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса
керек болды.
Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар
мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі
мақсаты – отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде,
мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен
тұрады.
Жәрдемақылар бірқатар айрықша белгілерге ие, бұл белгілер оларды
зейнетақылардан, өтемақылардан, материалдық көмектен ерекшелендіреді.
Мұндай белгілерге мыналар жатады:
1. жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері. Егер зейнетақы алу құқығын
негізінен жұмыс істемейтін тұлғалар иеленсе, жәрдемақылар барлық
тұлғаларға бағытталған;
2. жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған
жалақыны толығымен, не ішінара орнын толтыру немесе заңдарда көзделген
жағдайларда отбасының қосымша шығындарының орнын толтыру мақсатында
төленеді;
3. жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар, жоғарыда атап өткендей,
уақытша жоғалытған жалақының немесе қосымша шығындардың орнын толтыру
үшін тұрақты түрде емес, уақытша төленеді. Ал зейнетақы, мысалы,
тұрақты төленеді.
Қазақстан Республикасында жәрдемақының түрлері Заңмен және
нормативтік актілермен бекітілген. Оның түрлерінің көптігі оларды белгілі
бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру
қажеттігін туғызады. Оларды топтастырудың басты белгісі жәрдемақы берудің
әлеуметтік-құқықтық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады.Бұл белгі
жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығын ғана емес, сонымен қатар оны алуға
құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің ұзақтығын анықтайды. Жалпы,
осы саладағы заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін
анықтауға мүмкіндік береді:
1. Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне мүгедектілік жағдайы,
асыраушысынан айырылу жағдайы және зейнеткерлік жасқа жетуі жағдайлары
жатқызылады. Осы себептер негізінде төленетін жәрдемақылар негізгі
бірінші топқа жатады. Жәрдемақылардың бұл түрлерінің барлығы құжаттық
куәландыру кезінде беріледі, жәрдемақының өзі де осыған орай төленеді;
2. Жәрдемақылардың екінші тобына арнаулы жәрдемақылар жатады. Ол 1999
жылы 5 сәуірде қабылданған ҚР-дағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
туралы Заңның күшіне енуіне байланысты бұрынғы жылдары зейнетақы
төлемін алып келген азаматтардың барлығына дерлік сол зейнетақы
мөлшерінде тағайындалады;
3. Жәрдемақылардың үшінші тобына әлеуметтік көмек түрінде тағайындалатын
жәрдемақылар жатады. Бұл топтың жәрдемақылары әр түрлі жағдайларға
байланысты төленеді. Бұл жәрдемақы мөлшері алушы нақты тұлғаға қарай
әртүрлі болуы мүмкін.
Жәрдемақылардың маңызды белгісі болып, оларды төлеудің ұзақтылығы да
табылады. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша бір жолғы, мерзімдік және ай
сайынғы болып келесі түрде топтастырылады:
1. Бір жолғы төлемдерге бала туған кезде, оралмандарға берілетін,
жерлеуге және т. б. қатысты берілетін жәрдемақылар жатады. Олар
әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарда көзделген жағдайлар орын
алған кезде, азаматтардың қосымша шығындарын өтеу үшін арналған,
2. Мерзімдік жәрдемақыларға белгілі бір уақытта төленетін жәрдемақылар
жатады (мысалы, ауырған кезде, жүктілігіне байланысты және босануына
байланысты және т. б. жағдайларда төленетін жәрдемақылар). Мерзімдік
жәрдемақылардың мақсаты болып, заңдарда көзделген жағдайлар орын алған
жағдайда, жалақыдан айырылу кезінде, оны толығымен немесе ішінара
орнын толтыру болып табылады. Мерзімдік жәрдемақылардың біржолғы
жәрдемақылардан айырмашылығы – олар уақытта белгілі бір ұзақтыққа ие
болады, алайда олар ай сайынғы жәрдемақыларға айналмайды;
3. Ай сайынғы жәрдемақылар ұзақ уақыт бойы, белгілі бір уақыт ішінде
тұрақты түрде төленеді. Бұл жәрдемақыларды төлеудің ұзақтылығы
заңдарда анықталған және жәрдемақы түріне тәуелді болады. Аталған
жәрдемақылардың қатарына мүгедектілігіне байланысты, асыраушысынан
айырылуына байланысты, жасына байланысты және т. б. жәрдемақылар
жатады.
Жәрдемақылар, сонымен қатар, жәрдемақының қандай да бір түрі
төленетін тұлғалар шеңбері бойынша да түрлерге бөлінеді. Жәрдемақылардың
осы белгісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
1. Мүгедектілігіне байланысты жәрдемақылар;
2. Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақылар;
3. Жасына байланысты жәрдемақылар;
4. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар;
5. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар;
6. Бала туған кезде берілетін жәрдемақылар;
7. Балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
8. Оралмандарға берілетін жәрдемақылар;
9. Қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
10. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру
жөніндегі заңдарында жәрдемақылардың мөлшерін анықтаудың бірыңғай тәртібі
анықталмаған, сол себепті жәрдемақылардың мөлшерін анықтау ұшін бірнеше
тәсілдер көзделген.
1-тәсіл – жәрдемақының мөлшерін негіздік сомада анықтау. Бұл
тәсілмен, негізінен, уақытша жоғалтылған жалақыны өтеуге бағытталған және
табыстың өзге көздерімен бірге төленетін жәрдемақылардың мөлшері
анықталады.
Жәрдемақының мөлшерін анықтау үшін негіздік сома ретінде айлық
есептік көрсеткіш пайдаланылады.
2-тәсіл – жәрдемақының мөлшерін өмір сүру деңгейінің ең төменгі
мөлшеріне немесе кедейліктің шегіне қарай анықтау. Мемлекет жәрдемақылардың
жекелеген түрлерінің мөлшерін, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне
қарай анықтайды. Бұл жәрдемақылар көмекке мұқтаж азаматтарды қандай да бір
өмір сүру көзімен қамтамасыз ету мақсатында беріледі.
3-тәсіл – бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай
анықтау. Осы тәсіл арқылы жәрдемақы алушының уақытша жоғалтылған жалақысын
толығымен немесе ішінара өтеуі тиіс жәрдемақылардың мөлшері анықталады.
Мысалы, жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздығына
байланысты, жәрдемақылар орташа айлық жалақы есебінде төленеді.

1.2. Жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін негізгі шарттар.

Азаматтардың жәрдемақы алуға құқығын Қазақстан Республикасы заңдары
мен өзге де нормативтік актілерде белгіленген шартты жағдайлар тұтас
болғанда өкілеттік берілген мемлекеттік органдар белгілейді. Азаматтардың
жәрдемақы алу құқығын белгілеу рәсімі өтініш берген күннен басталады.
Өтінішпен қоса жәрдемақы тағайындауға керекті қосымша құжаттар:
1. Жеке бас куәлігі көшірмесі;
2. Тұрғылықты жерін растайтын тіркеу кітапшасы;
3. Әскери кітапша (ер адамдар үшін);
4. Жәрдемақы алуға құқығын растайтын тағы да басқа құжаттар тапсырылады.
Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам
жәрдемақы тағайындау жөніндегі органға береді. Жәрдемақы тағайындауға
арналған құжаттарды қарауды орталық атқарушы орган құжаттар табыс етілген
күннен бастап 10 күн мерзімде жүзеге асырады, ол құжаттың тізбегін орталық
атқарушы орган белгілейді. Орталық атқарушы орган тиісті шешім
шығарылғаннан кейін арыз берушіге ол туралы 5 күннен кешіктірмей жазбаша
нысанды хабарлайды. Жәрдемақы барлық қажетті құжаттар қоса тіркеліп, өтініш
берілген күннен бастап тағайындалады. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған
жағдайда, өкілетті орган шешім шығарудан бас тартудың себептерін көрсете
отырып, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтаруға міндетті. Өкілетті
орган шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Әрбір жәрдемақы алуға мүдделі азаматтың жәрдемақы алу құқығы
мемлекеттік орган анықтап рәсімдеген күннен бастап туындайды және төлену
басталады. Әлеуметтік жәрдемақылар міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға
жататын тұлғалардың негізгі жұмыс орны бойынша, келесі кезектілікпен
төленеді:
- Мемлекеттік мекемелермен – тиісті ерекшеліктер бойынша, бұл ретте есеп
беру кезеңінен есптелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес, осы кезеңге тағайындалған еңбекке
уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне және бомануына байланысты
жәрдемақылардың сомасына азайтылады:
- Өзге жұмыс берушілермен – өз қаражаты есебінен, яғни жиынтық жылдық
табысы салық төлеушілердің уақытша жарамсыздыққа, жүктілігіне және
босануына байланысты жәрдемақыларды төлеуге кеткен шығындарының
сомасына дейін азайтылады.
Кез-келген жәрдемақы басқадай әлеуметтік қамсыздандырылу жағдайына
қарамастан тағайындалып төленеді. Жәрдемақының мөлшері және оны
қаржыландыру Қазақстан Республикасы бюджет туралы заңдарымен реттелінеді.
Жәрдемақының барлық түрлері азаматтың оны алуға құқығы туындаған
күннен бастап, бірақ 12 айдан кейінгі емес уақытқа тағайындалып төленеді.
Жәрдемақы тағайындауды, төлеуді тоқтататын немесе өзгерістер енгізетін
жағдайлар туындағанда тиісті жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады
немесе өзгертіледі, жаңартылады.
Қазақстан Республикасында жәрдемақы төлеу тек Қазақстан Республикасы
азаматтарына ғана емес, Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ азаматтарға да төленеді және олар жәрдемақы алуға арналған
құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдалана алады.
Сонымен қатар, кез-келген азаматтың бір уақытта бірнеше негіздемелер
бойынша жәрдемақы алуға құқығы пайда болған кезеңде оның өз қалауы бойынша
тек бір негіздеме бойынша берілетін жәрдемақы төленеді.

2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері.

2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін
жәрдемақылар.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы
жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16
маусымдағы Заңында көзделген негіздерге және тәртіппен мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Жәрдемақыға құқығы бар адамдарға
тізбесін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігі бекітетін керекті құжаттарды қоса бере отырып, тұратын жері
бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық
бөлімшелері арқылы, тағайындау жөніндегі өкілдікке жәрдемақы тағайындау
туралы өтініш береді. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарау, оны
тағайындауға өтініш келіп түскен күннен бастап 10 күн мерзімде жүзеге
асырылады. Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері азаматтардың ұсынылған
өтініштері мен құжаттарының негізінде Орталықтың облыстық бөлімшесі арқылы
5 күн мерзімде құжаттар мен жәрдемақы тағайындау туралы шешімнің жобасын
дайындайды және оны тағайындау жөніндегі өкілдікке жолдайды. Тағайындау
жөніндегі өкілдік Орталықтың облыстық бөлімшесінен құжаттар мен шешімінің
жобасын келіп түскен күннен бастап 5 күн мерзімде жәрдемақы тағайындау
туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бұл
шешімді Орталықтың облыстық бөлімшесі арқылы орталықтың аудандық
бөлімшесіне береді. Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын
Республикалық бюджет туралы Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің
өзгеруіне, сондай-ақ мүгедектілік тобының, асыраушысынан айыррылу жағдайы
бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелері санының өзгеруіне,
зейнетақы тағайындау құқығының туындауына байланысты жүргізіледі.
Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру, жәрдемақы тағайындау үшін
белгіленген тәртіп пен жәрдемақы алуға құқығы бар адмның өтініші негізінде,
облыстық тағайындау жөніндегі өкілдіктің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының осы заңда және Қазақстан
Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде көзделген негіздерде және тәртіп пен мүгедектілігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар мемлекеттік-әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және
мүгедектілігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты оларды
алуға құқықтан және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша
қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады. Осы
заңғасәйкес жәрдемақылар төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге
асырылады. Жәрдемақы тағайындайтын және төлейтін органның кінәсі бойынша
уақытында алынбаған жәрдемақы сомасы қандайда бір мерзіммен шектелмей,
өткен уақыт үшін бір мерзімде төленеді.
Мүгедектілігі бойынша жәрдемақы. Мүгедектілігі бойынша жәрдемақылар
мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта
жұмыстың тоқталғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады. Мүгедек
адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы
төлеу тоқтатылады немесе Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16
маусымдағы Заңының 12-бабының 5-тармағына сәйкес зейнетақы төлеу орталық
мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері
шегеріле отырып қайта қаралады. Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін
жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша
ғана жүргізіледі. Еңбек қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектілік 3
топқа бөлінеді. Мүгедектіліктің себептері мен топтарын, сондай-ақ
мүгедектікке душар болған уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін өздері туралы ереже негізінде жұмыс істейтін медициналық
әлеуметтік сараптама комиссиясы (МӘСК) анықтайды. Мүгедектілігі анықталып,
мүгедектілік жағдайын куәландыратын куәлігін алғаннан бастап мемлекеттік
зейнетақы тағайындау орталығына өтініш жасауға құқылы. Өтінішке төмендегі
құжаттарды қоса ұсынады:
1. Жеке басы куәлігі көшірмесі,
2. Мүгедектілік тобын куәландыратын МӘСК-ң куәлігі көшірмесі (керек
болғанда, радиациялық әсерге ұшыраған адамның, аурудың
мүгедектілік жағдайы мен себептерінің байланысын белгілейтін
ведомствалық сараптау комиссия шешімі);
3. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу кітапшасы немесе анықтама;
4. Әскери қызметшілер үшін әскери кітапша көшірмесі немесе ішкі істер
органдары қызмет-міндеттерін атқарған адамдар үшін оны растайтын
анықтама;
5. Алған жарақат, контузия, т. б. қызмет-міндеттеріне байланысты
жағдайларға арнайы госпиталь берген ауруы туралы куәліктің
көшірмесі;
6. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін туу туралы куәлік көшірмесі.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мүгедектіктің МӘСК белгілеген барлық
кезеңіне тағайындалады. Мүгедектілік тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерге
жәрдемақы төлеу мүгедектілік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектер
санаттарына:
1. Жалпы аурулардан, еңбекте мертігіп кәсіби аурулардан, бала кезінен
мүгедек болғандарға, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
2. Мүгедектікке әскери қызметтен өту кезінде алған жарақаттың
контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан душар болған мерзімді
қызметтегі әскери қызметшыілер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық
немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілерде авариялық жағдайлар
салдарынан мүгедек болған адамдар.
3. Әскери қызмет-міндеттерін атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың
салдарынан болған мертігіуіне әскери және қызмет борышын орындауға
байланысты емес ауру салдарынан мүгедектікке душар болған жағдайда
әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен
мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамынынң
адамдары қатарынан шыққан мүгедектер.
4. Әскери қызметтен өту кезінде жаралану, контузия, мертігу ауруы
салдарынан мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдары мен мемлекеттік тіркеу
комитетінің қатарынан шыққан мүгедектер.
5. Себеп-салдарлық байланысы анықталдған төтенше экологиялық жағдайлар,
соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық
әсер етудің салдарынан немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер
жатады.
Мүгедектіліктің туындау себептері мен санаттары бойынша 1 мен 3
санаттар, 2 мен 5 санаттар мүгедектерінің жәрдемақы мөлшерлері тең. Заң
бойынша 1 мен 3 санаттың І тобына – 7, ІІ тобына – 5, ІІІ тобына – 4 а. е.
к. көлемінде жәрдемақы, 2 мен 5 санаттың І тобына – 9, ІІ тобына – 7, ІІІ
тобына – 6 а. е. к. көлемінде жәрдемақы, 3 санаттың І тобына – 17, ІІ
тобына – 12, ІІІ тобына – 9 а. е. к. көлемінде жәрдемақы төленеді.
01.01.2009 жылғы енгізілген өзгерістерге байланысты жәрдемақы мөлшерін
есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіш емес, бюджет заңына сәйкес
бекітілген күнкөріс деңгейі қолданылатын болды. Ол бойынша 1 мен 3 санат
мүгедектерінің І тобына – 1,36, ІІ тобына – 1,06, ІІІ тобына – 0,74
күнкөріс деңгейі көлемінде жәрдемақы, 2 мен 5 санат мүгедектерінің І тобына
– 1,61, ІІ тобына – 1,3, ІІІ тобына – 1 күнкөріс деңгейі көлемінде
жәрдемақы, 4 сана мүгедектерінің І тобына – 2,09, ІІ тобына – 1,49, ІІІ
тобына – 1 күнкөріс деңгейі көлемінде жәрдемақы төленеді. 2011– 2013
жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 29 қарашада қабылдаған Заңына сәйкес айлық есептік көрсеткіш
көлемі – 1512 теңге, ал күнкөріс деңгейі – 15999 теңгені құрайды.
Асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы. Асыраушы дегеніміз –
отбасын асырап, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп отырған адам. Оның
қайтыс болуына байланысты отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне әлеуметтік
қамсыздандыру мақсатында тағайындалатын жәрдемақы – асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша жәрдемақы деп аталады. Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы жәрдемақы төлемдерін алуға
еңбекке жарамсыз және оның асырауында болған мүшелерінің санаттарын
белгілеген. Олар:
1. 18 жасқа толмаған және осы жастан асқан арнайы жоғарғы оқу орнында
күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалар;
2. 18 жасқа толғанға дейінгі мүгедек деп танылған балалары, аға-інілері,
апа-сіңлілері мен немерелері (олардың еңбекке жарамды ата-анлары
болмаса);
3. Өз ата-аналарынан материалдық көмек алмайтын өгей ұлдары мен қыздары
(егер оларды асырап алуды өлген адам заң негізінде рәсімдеген болса);
4. ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес зейнеткерлік
жасқа жетпеген еңбек қабілеттілігі шектеулі әке-шешесі мен жұбайы.
Жәрдемақы тағайындау отбасы мүшелерінің өтініші бойынша асыраушысы
қайтыс болған күннен бастап немесе өтініш берген күннен бастап
тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлемдерін
тағайындау үшін мемлекеттік органға мына төмендегідей құжаттар топтамасын
өтінішпен бірге табыс етуі тиіс:
1. Мүдделі адамның жеке басы куәлігі көшірмесі;
2. Асыраушысының өлімі туралы куәлік немесе сот шешімі көшірмесі;
3. Отбасы мүшелерінің саны мен туыстық қатынастарын растайтын құжаттар
(туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, асырап алған бала үшін сот
шешімі, т. б.);
4. Тұрақты мекен-жайы туралы анықтама немесе үй кітапшасы;
5. Ішкі істер, әскери қызметшілер санатынан қайтыс болғандар, өлген
адамдардың сол органда қызмет істегенін растайтын анықтама немесе
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәрдемақылардың түрлері және ерекшеліктері
Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы,зейнетақы тағайындау бөлімі туралы
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау
Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жәрдемақылардың әмбебап жүйелері
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері
Пәндер