Кәсіптік мектептің оқу мекемесі туралы жалпы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1. Оқу мекемесінің оқу-өндірістік іс-әрекеттеріне қысқаша сипаттама

1. 1. Оқу мекемесі туралы жалпы мәліметтер . . . 9

1. 2. Табиғи-климаттық климаттық (топырақ-климаттық) жағдайы . . . 21

1. 3. Оқу мекемесінің оқу-материалдық базасы . . . 22

1. 4. Оқу мекемесінің оқу-өндірістік іс-әрекетін талдау . . . 23

2. Қазіргі замандағы педагогикалық технология

  1. Педагогикалық технология туралы түсінік . . . 26

2. 2. Дамыта оқыту технологияларын қолдану және іске асыру жолдары . . . 28

2. 3. Пәнді өткізудегі мұғалімнің орны . . . 31

2. 4. Маманның білімі, білігі және дағдысын қалыптастырудағы пән тақырыптарының мәні мен орны . . . 34

Тақырып бойынша оқу-тәрбие процесін жоспарлау

3. 1. Тақырып бойынша теориялық сабақтың оқу құжаттарын жасау . . . 39

3. 1. 1. Пәннің бір курсына күнтізбелік-сеткалық кестесін жасау . . . 39

3. 1. 2. Тақырыптың құрылымдық-логикалық сұлбасын жасау . . . 41

3. 1. 3. Тақырып бойынша сабақтың перспективалы -тақырыптық жоспарын жасау . . . 47

3. 1. 4. Сабақ жоспары және сабақтың сызба-жоспарын жасау . . . 50

3. 1. 5. Сабақты өткізудің әдістемесін жасау . . . 52

3. 16. Оқушылардың тақырып бойынша сабақтағы танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық тәсілдерін анықтау . . . 55

3. 1. 7. Тақырып бойынша пәнаралық байланыс картасын жасау . . . 56

4. Еңбек қауіпсіздігі туралы іс-шаралар, еңбек қорғау . . . 60

Қорытынды мен ұсыныстар . . . 66

Қолданылған әдебиеттер . . . 68

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының ұлтгық білім беру стратегиясы қоғамның экономикалық-саяси өркендеуіне орай өзгеруде. Бұл өзгерістер білім беру әдістері мен формаларын саралау, қайта қарау арқылы орта және кәсіптік мектеп оқушыларының, технологиялық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытатын, әлемнің білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерге сәйкес жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерін оқыту үдерістеріне енгізуді талап етуде. Бұл тұрғысында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев: «халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп енгізуі қажет» - деп тұжырымдап, білім беру жұмыстарын бүкіл өркениет әлемдегі білім берудің озық әдістері мен технологияларына сәйкестендіру қажеттігіне баса көңіл бөледі [ 1] .

Дамыта оқыту теориясының ғылыми тұрғыда негізделіп, дамуы Л. С. Выговскийдің есімімен тығыз байланысты. Осы дамыта оқыту теориясын психологиялык, дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан дамытқан А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, П. Я. Гальперин, М. М. Мұқанов, З. И. Калмыкова, В. В. Репкин, Г. К. Селевко, Г. А. Цукерман, И. С. Якиманская, Н. Ф. Талызина, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. П. Беспалько, Н. М. Кабанова-Меллер, П. М. Эрдниев, Н. А. Менчинская, М. Монахов, К. Кабдолқайырұлы, Ж. А. Караев және т. б. ғалымдар еңбектері белгілі [15-31] .

Бүгінгі күні көптеген ғалымдар оқушыларға техникалык білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану мәселесіне ерекше мән бepiп келеді. Мысалы, М. Қ. Қаламқалиев оқушыларды еңбекке баулудағы техникалық шығармашылығын дамыту, Ж. А. Қараев [23] оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А. Б. Мырзабаев [24] оқушылардың шығармашылығын дамытудағы белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың техникалық білімі мен шығармашылығын дамыту туралы қарастырған.

Елбасымыздың биылғы Жолдауында да кәсіптік мектептердің материалдық базасын жаңа заман талабына сай жарақтандыру керектігі баса айтылды. Кәсіптік білім беру саласына 2010-2011 жылдарға жасаған бағдарламасында жоспарлаған материалдық техникалық базасын көтеру, білімді маман жастарды тәрбиелеуді, болашақ жұмысшы мамандарды дайындауды қолға алу керектігі баса айтылды.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында [1] : «Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдануымыз шарт» деген болатын. Бұл айтылғандардың білім беру және атқарушы билік жүйелеріне үлкен міндеттер жүктейтіндігі белгілі.

«Еліміздің жарқын болашағы жақсы кәсіби білім алған орта буын жұмысшысы, осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялармен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту» деген болатын Н. Назарбаев [1] .

Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.

1 Алматы облысы, Талғар қаласындағы №4 кәсіптік мектептің

оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

1. 1. Алматы облысы, Талғар қаласындағы

№4 Кәсіптік мектептің оқу мекемесі туралы жалпы мәліметтер

Училище 1933 жылы қарашада құрылды. Өзінің шежіресі трактор мектебінен басталып, сосын МТС механизаторлар мектебіне айналды, кейінірек, механизация мектебінен ауылшаруашылық училищесі болды. 1972 жылдан бастап, орта ауылдық кәсіби техникалық училище атауына ие болды. Ол қазіргі уақытта кәсіптік мектеп.

Жыл өткен сайын инженерлік-педагогикалық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Егер 1935 жылы оқытушылардың үштен бір бөлігі жоғары білімді болса, ал 1940 жылы он бес педагогтың үшеуі ғана, ал қазіргі уақытта өндірістік оқыту шеберін санамағанда, барлығы жоғары білімді оқытушылар.

Қазіргі уақытта мектепте жаңа техникалар: автомобиль, трактор, мелиоративті техника, компьютер, барлық мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын толық орындауды қамтамасыз етеді.

1973 жылға дейін училищеде бар жоғы 4 оқу корпусы болды, оның үшеуінде оқу сыныптары орналасса, ал біреуі жатақханаға лайықталған. Қазір училищеде 660 орынға арналған типтік оқу-өндіріс кешені, 120 орындық асхана бар, стадион орналасқан. Дәнекерлеу, трактор, тігін цехтары ашылды.

Талғар кәсіптік мектебі тек өндірістік-техникалық база ретінде ғана емес, бітіруші түлектер санымен де танылуда. Олар қай жерде қызымет етсе де, әрқашан биік борыштық сезімімен ерекшеленеді. Бітірушінің бойындағы кәсіби, іскер, адамгершілік қасиеттері, болашақта құрметті орынға ие болуға септігін тигізуде.

Соғысқа дейін 2744 маман даярланды, оның 166-н әйелдер құрады. Білім беру алғашқы кезеңнен трактор бригадирлерін, МТС механиктерін, автомеханиктерді, өндірістік оқыту шеберін, трактор, комбайн жүргізушілерін дайындады.

1954 жылдан 1968 жылға дейін училище тың өлкесіне бағыттап оқытты. 1966 жылдан бастап, училище мелиоративті жұмыс механизаторларын дайындап бастады, ал 1972 жылдан оқушылар мамандықпен қоса, орта білім алып шығатын болды.

Қазірде мектеп механизаторларды автомобильді жүргізу куәлігімен, , аспаздарды, тігінші, электромонтерлерді даярлап шығаруда.

Өткенді еске ала отырып, мектеп республикада халық шаруашылығына арналған жұмысшыларды даярлау көрсеткіші болғанын атап кетпеуге болмайды. Мектепте білім беру жұмысшыларының алжирлік делегациясы болды, ал 1974 жылы мектеп халықаралық семинардың қатысушысы болып, оған оннан аса мемлекеттер қатысты, соның ішінде халықаралық еңбек құрамының өкілі тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Әсіресе мектеп спорттық жетістіктерімен мақтан етеді. Біз түлектерімізді жақсы білеміз: велосипед спортынан халықаралық көлемде спортқа еңбегі сіңген шебер В. И. Жарковты, күреске еңбегі сіңген жаттықтырушы Г. П. Юрченко, шаңғы жарысы спортының шебері В. А. Мазюка және т. б.

1 -кесте

№4 Кәсіптік мектептің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің құрамы

Аты
Саны
Аты:

Оқытушылар: барлығы

оның ішінде жоғарғы санат

1-ші санат

2-ші санат

Санатсыз

Саны:

23

16

3

1

3

Аты:

Өндірістік оқыту шебері барлығы

оның ішінде жоғарғы санат

1-ші санат

2-ші санат

Санатсыз

Саны:

16

7

3

2

4

2. 1. Алматы облысы, Талғар қаласындағы №4 кәсіптік мектептің табиғи климаттық жағдайы

Алматы облысы Қазақстанның шеткі оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыстың батыс жақ бөлігін ұлан-байтақ Балқаш бойы шөлді жазығы алып жатыр, оңтүстігі Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың тау жоталарымен көмкерілген, мұның өзі облыс климаты мен топырағына алуан сипат береді. Мұнда ландшафтарды, табиғи аймақтары мен климаттарды - құрғақ ыстық шөлден альпілік пен субальпілік шалғындарға, сондай-ақ мәңгі қар басып жатқан биік таулы климатқа дейін кездестіруге болады.

Алматы облысының территориясы 104, 6 мың. кв. км, немесе республика алаңының 3, 8% алып жатыр. Облыс құрамына 11 аудан кіреді, олар: Балқаш, Жамбыл, Іле, Қасқелең, Кеген, Күрті, Нарынқол, Талғар, Ұйғыр, Шелек, Еңбекшіқазақ. Оның территориясында Алматы қаласы және Қаскелең, Талғар, Есік, Капшағай қалалары орналасқан.

Ауылшаруашылығына пайдалатын жер көлемі - 6883, 5 мың га, немесе барлық территориясы 66, 8%, олардың 786, 1 мың. га (11, 4%) жыртылған жер, 182, 3 мың. га (2, 6), пішен шабатын жер және 5882, 2 мың. га (85, 4%) өріс құрайды. Пішен шабатын жердің жоғары үлес салмағы, ауылшаруашылығына пайдалатын жер құрамында мынадай аудандардың жылы қарқынды егін және мал шаруашылығы бар. Жамбыл, Қасқелең, Балқаш, Іле, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Күрті, Ұйғыр аудандарында пішен шабатын жердің үлес салмағы 1, 7-6, 5% аспайды.

Жер пайдаланушы шаруашылықтар арасында жердің бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте

Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер
Шаруашылықтың барлық санаты
Оның ішінде
колхоздар мен колхозаралық ұйымдар
КСРО АШ министрлігінің совхоздары
Қазақ КСРО АШ министрлігінің совхоздары
Басқа министрліктер мен ведомстволар шаруашылықтары
мемлекеттік жер қоры
басқада жер пайдаланушылар шаруашылықтары
Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер:

Егіс

Көпжылдық екпе ағаштар

Тыңайған жерлер

Шабындық

Өріс

Шаруашылықтың барлық санаты:

786, 1

30, 7

31, 9

182, 3

5852, 2

Оның ішінде:

188, 2

4, 9

2, 1

38, 9

1498, 2

16, 9

0, 1

0, 2

0, 2

123, 5

490, 1

9, 5

4, 4

126, 7

3562, 2

88, 5

14, 6

2, 8

7, 2

258, 8

-

-

1, 2

0, 9

229, 4

2, 4

1, 6

21, 2

8, 6

180, 2

Ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер: Барлығы
Шаруашылықтың барлық санаты: 6883, 5
Оның ішінде: 1732, 5
140, 9
4192, 5
371, 9
231, 5
214, 0

Облыс территориясында ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін көптеген кәсіпорындар орналасқан, олар: сары май заводы, ірімшік қайнату, шарап ашытатын, қант заводтары, астық қабылдайтын пунктер т. б.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ісімен 191 ауылшаруашылық мекемелері шұғылданады, олардың ішінде 87 кәсіпорын - мемлекеттік шаруашылықтар, 32 колхоз Ауылшаруашылық министрлігіне қарайды, 72 шаруашылық басқа министрліктер мен ведомстволар қарамағындағыларды бағынады.

Вегетациялық кезеңде жылумен және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына қарай бүкіл территория алты агроклиматты ауданға бөлінеді. Аудандастыру негізінде агроклиматтық көрсеткіштер - белгілі бір территориядағы жауын-шашын мөлшері мен вегетациялық кезеңдегі оң температуралар қосындысының ара салмағын сипаттайтын гидротермиялық коэффициент (ГТК) қабылданған. ГТК 0, 2 ден 1дейін және одан да артып, ал 10°градустан жоғары кезеңдегі температуралар қосындысы - 3100ден 3600° және одан да артып өзгеріп отырады.

Облыс шаруашылықтарын мамандандыру бірқатар табиғат аймақтарының табиғи ресурстарын кешенді қолдану негізінде жүзеге асырылып келеді. Мысалы, мал шаруашылығына, бір жағынан, биік таулы аймақтарда өсетінәр түрлі шалғынды өсімдіктерге бай жазғы тау жайылымдары пайдаланылса, екінші жағынан тау бөктеріндегі қысқы жайылымға бай құмды мекендер пайдаланылады. Топырақ-климат жағдайы шаруашылықты қарқынды жүргізуге мүмкіншіліктер мол. Мұнда жер жағдайында дәнді дақылдар, суармалы жер жағдайында техникалық, көкөніс және бақша дақылдары, картоп өсіріледі, сонымен қатарөнеркәсіптік бау шаруашылығы мен жүзм шаруашылығы өркендеп келеді.

Алматы облысы республиканың ауылшаруашылық өндірісінде жетекші орын алады. Ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруде және дайындауда облыстың республикалық ішкі еңбек бөлісінде үлес салмағы 3 кестеде көрсетілген.

Бұл келтірілген мәліметтер бау және жүзім, темекі шикізаты мен көкөніс, жұмыртқа мен жүн өнімін өндіру мен дайындауда Алматы облысының басты орын алатындығын көрсетеді. Облыста республикадағы бүкіл дәнді дақылдар түсімінің 2, 7%, қант қызылшасы 8, 6%, картоп 4, 6%, және оның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты мұнда негізгі көкөніс, жеміс, жидек, жүзім және темекі шикізат өнімі жинақталған. Республикалық еңбек бөлісінде меншік үлесі шамалы орын алатын мал шаруашылығы өнімін өндіруде, ауылшаруашылығы республика астаналары мен облыс қалаларының тұрғындарын ет-сүт өнімімен қамтамасыз етуде ерекше орын алады.

Тоғызыншы бесжылдық кезінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында өнімді өндіру көлемі айтарлықтай өсті. 1971-1975 жылдары ауылшаруашылықтың жалпы өнімі 1965 ж салыстырма бойынша орташа есеппен 404, 9 млн. сомды құрады, немесе сегізінші бесжылдықпен салыстырғанда 25, 9 % ға, ал 1965 жылмен салыстырғанда 1, 5 есе көбейді. Жылдық орта мөлшермен бұл кезеңде астық өнімі 589, 0мың, немесе сегізінші бесжылдықпен салыстырғанда 14, 4%, көкөніс - 179, 8 мың (30, 5%), картоп - 126, 0мың (6, 8%), темекі - 8, 394 мың (30, 0%), еттің барлық түрлері (соғым салмағында) - 65, 1 мың (16, 0%), сүт - 241, 6 мың (16, 4%), жұмыртқа - 310, 3 млн. (екі еседен көп) өндірілді.

3-кесте

Алматы облысындағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен дайындаудағы үлес салмағы, республика бойынша жасалған қорытынды есеп пайызына шаққанда

Өнім түрі
Өнімді өндіру
Өнімді дайындау
Өнім түрі: Өсімдік шаруашылығы
Өнім түрі: Астық, барлығы
Өнімді өндіру: 2, 7
Өнімді дайындау: 2, 2
Өнім түрі: Қант қызылшасы
Өнімді өндіру: 8, 6
Өнімді дайындау: 8, 8
Өнім түрі: Картоп
Өнімді өндіру: 4, 6
Өнімді дайындау: 6, 6
Өнім түрі: Көкөністер
Өнімді өндіру: 17, 7
Өнімді дайындау: 24, 2
Өнім түрі: Жемістер
Өнімді өндіру: 28, 5
Өнімді дайындау: 30, 5
Өнім түрі: Жүзім
Өнімді өндіру: 30, 0
Өнімді дайындау: 31, 9
Өнім түрі: Темекі
Өнімді өндіру: 100, 0
Өнімді дайындау: 100, 0
Өнім түрі: Мал шаруашылығы
Өнім түрі: Ет (соғым салмағында)
Өнімді өндіру: 6, 7
Өнімді дайындау: 6, 3
Өнім түрі: Сүт
Өнімді өндіру: 5, 9
Өнімді дайындау: 6, 2
Өнім түрі: Жұмыртқа
Өнімді өндіру: 12, 8
Өнімді дайындау: 14, 7
Өнім түрі: Жүн
Өнімді өндіру: 8, 6
Өнімді дайындау: 9, 4

Облыс ауылшаруашылығы жалпы өнімінің бүкіл көлемінен, егін шаруашылық өнімі 43, 2%, ал мал шаруашылығы өнімі 56, 7% үлес алады.

(1965ж) Наурызда өткен ЦК КПСС Пленумынан соң ауылшаруашылығының материалды-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздардың басты өндірістік қорлары 3, 7 есе ұлғайды, және 1975 жылдың аяғында 1 млрд. сомнан асып түсті.

Совхоздағы тракторлар паркі 4, 5 мыңнан астамға, жүк автомобильдерінің саны 2800ге, яғни, 1, 6 есе, астық жинау комбайндары - 2, 9мың жетіп, 2, 6 есеге ұлғайды. Машина техникасы едәуір жетілдіріле түсті. Олар: энергиямен толық жабдықталған жылдам жүретін тракторлар, жоғары жүк көтергіші меникемділігі жоғары автомобильдер, мамандандырылған транспорт, ауылшаруашылығы өндірісін автоматтандыру құралдары. Барлық колхоздар мен совхоздардың мемлекеттік электр желісімен жалғастыру аяқталды, мұның өзі едәуір көлемде қоғамдық еңбекті үнемдеуге және оның өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Алматы облысында ауылшаруашылық материалдық-техникалық базасының нығаюына байланысты ауылшаруашылығы еңбегін, энергиямен жарықтандырылуы және совхоздар мен колхоздарды энергетикалық қуатпен қамтамасыз ету едәуір өсті. Энергетикалық қуат - ауылшаруашылық өндірісінде бір жұмысшыға деп санағанда, 1975 жылы 1965 жылға қарағанда 18, 8л құрап, екі есеге, ал 100га егу алаңына 1, 7 еседен аса ұлғайды.

Облыстың егін шаруашылығы өндірістік, техникалық, жем-шөп дақылдары түр-түрінің молдығымен ерекшеленеді. Мұнда дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, (темекі, қант қызылшасы) көкөністер, бақшалар, ерте және кеш пісетін картоп, жеміс, жидек және жүзім өсіріледі.

Соңғы екібесжылдық ішінде жем-шөп дақылдарының егу алаңы ұлғайды, жеміс-жидек ағаштары және жүзімдіктің көлемі едәуір артты. 1961-1965 жылдары 24, 9мың жеміс-жидек және жүзімдер 6, 7 мың га, жеміс беру жасында 5, 8 және 3, 1мың. га, 1971-1975жылы 37, 3 және 8, 2мың. га болды, жеміс беру жасында - 20, 8 және 6, 7га болды.

Ауылшаруашылығы дақылдары, жеміс-жидек пен жүзім ағаштары егісінің ұлғаюы, қалалық және өнеркәсіптік халық санының өсуі, транспорттық желісінің дамуы, өзіне тән табиғи ресурстарының көбінше толық және ұтымды пайдалануы сияқты табиғи және экономикалық сипаттағы бірқатар объективті факторларға байланысты.

Облыс совхоздары мен колхоздарының қормен жабдықталуы және энергиямен жарықтандырылуы, олардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюы, маман механизатор жұмысшыларды даярлау ауылшаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға жағдай туғызады. Астықтың барлық түрлерінің шығымдылығы 1966-1970 жылдармен салыстырғанда 6, 2%, сондай-ақ оның ішінде астық - 20, 4 %, қант қызылшасы - 8, 6, темекі - 12, 0, жүзім - 21, 2% ға өсті. Алайда кейбір астық өнімдерінің щығымдылығы жыл өткен сайын төмен әрі тұрақсыз болып келеді. Әсіресе, күздік егіс, күздік арпа, картоп пен көкөніс, жеміс-жидек және азық өнімдерін айтуға болады.

Облыстың өзіне тән табиғи және экономикалық жағдайлары мал шаруашылығының көптеген салаласын: сауын және ет мал шаруашылығы, биязы жүнді, биязылау жүнді, ет-май қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс, ет пен сүт жылқы шаруашылығы т. б. дамыту үшін алғышарт жасады.

Он жыл ішінде мал басы (түйені қоспағанда) едәуір өсті. Ірі мүйізді малдың саны, мысалға, 11, 0%, соның ішінде сиыр - 9, 4%, шошқа - 51, 4, жылқы - 9, 7% ға өсті.

Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімінің барлық түрлерін өндіру едәуір артты. (қой етін қоспағанда) : шошқа еттің барлық түрлері, (соғым салмағында) - 28, 6%, сиыр еті - 25, 2%, еті - 2, 72 есе, құс еті - 2, 9 есе, сүт - 31, 4%, жұмыртқа - 3, 6 есе. Ет балансының құрылымы өзгерді: шошқа етінің үлес салмағы 7, 1 ден 15, 0 % ға, құс еті 6, 5 тен 14, 7% ға артты. Тоғызыншы бесжылдықта сегізіншімен салыстырғанда мал және құсты сатып алу орташа көлемде 34, 9%, сүт және сүт өнімдеріне - 39, 9, жүн - 4, 9%, жұмыртқа 5, 9 есе көбейді.

Тұтас ауыл шаруашылығы салаларын өркендету, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы мен оны ұйымдастыруды жетілдіру өнім өндірудің экономикалық тиімділігінің салыстырмалы жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етті.

Ауылшаруашылығы өндірісін орналастыру, мамандандыру және шоғырландыру, өнеркәсіптік негізге көшіру.

Алматы облысында соңғы жылдары шаруашылықтардың, аудандардың, аймақтардың табиғи және экономикалық жағдайына сәйкес ет, сүт, көкөніс, картоп, жеміс пен жидек, өндіру жөнінде мамандандырылған ауылшаруашылығы кәсіпорындар жүйесі құрылды, олар қалаларға өнімдердің осы түрлерінің негізгі массасаларын беріп тұрады.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы жүйесінде тоғыз совхоз бен бір колхоз техникалық дақылдар өндіруге, үшеуі - картоп, жетеуі - жылу бағы мен гүлге, 14 - шаруашылық сүт өндіру, бес шаруашылық - кәсібіне, 37 шаруашылық - қой өсіруге және екі шаруашылық шошқа өсіруге мамандандырылды. Тау бөктеріндегі аймақтарда тоғыз мамандырылған совхозға Қазақстандағы бүкіл темекі өндірісі шоғырландырылған. Шаруашылықта астық, сүт, сиыр ет, қой, жылқы, және шошқа шаруашылығы өнімдерін өндіру салалар ретінде дамытылып келеді.

Көкөніс-сүт, сүт, жеміс-жидек, және шошқа шаруашылығы Алматы қаласы маңында, Қаскелең, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан. Көптеген шалғай аудандар (Күрті, Балхаш, Кеген, Нарынқол, Ұйғыр) қой шаруашылығы және ет мал шаруашылығы дамыған аудандар болып табылады.

Аудандардың табиғи және экономикалық жағдайына қарай ауылшаруашылығы дақылдары егісі орналасқан. Дәнді дақылдар бүкіл облыстарда өсірілгенімен бірақ оның бастылары Жамбыл, Іле, Талғар аудандарына шоғырландырылған. Темекі егісінің басты аудандары Шелек, Еңбекшіқазақ, және Талғар аудандары, қант қызылшасы - Жамбыл, Іле, көкөніс - Қаскелең, Талғар, Еңбекшіқазақ болып табылады. Жеміс ағаштары мен жүзімдік алқаптары тау бөктері аймақтарының бірнеше аудандарын алып жатқанымен, олардың басым көпшілігі Талғар, Шелек, Еңбекшіқазақ, Қаскелең аудандарына орналасқан.

Сонымен, облыста ауылшаруашылық дақылдарын белгілі ареалдары қалыптасып та болды, олар сонымен бірге осы дақылдар түрін дайындайтын негізгі аудандар болып отыр.

Өсімдік шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы да дамып келеді, мұнда малдың негізгі түрлерін орналастырудың, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау және өндірудің белгілі ареалдары қалыптасты. Балқаш, Кеген, Күрті, Нарынқол мен Ұйғыр аудандары ет мал шаруашылығы, Жамбыл, Іле, Қаскелең, Талғар, Шелек, және Еңбекшіқазақ - сүт мал өнімімен басым болды. Шошқа шаруашылығының орналасқан ареалы едәуір тар. Бүкіл шошқа санының 86% пайызы Іле, Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында шоғырландырылған.

Облыстағы ауылшаруашылық мекемелерінің құрылымы ұдайы жетілдіріліп келеді. Мысалы, көкөніс-бақша мен картоп ты өндіру 10совхоз бен бес колхозда мамандандырылды. Оларда осы дақылдар егілетін бүкіл егістік көлемінің 64% шоғырландырылған. 2007-2008 жылдары шаруашылық көкөніс-бақша мен картопты өндірудің жалпы көлемі 73, 7% құрады 4 кестеден көруге болады.

1. 3 Алматы облысы, Талғар қаласындағы

№4 кәсіптік мектептің материалдық-техникалық базасы

Талғар қаласындағы №4 кәсіптік-техникалық мектеп теориялық және практикалық сабақтарға қажетті ғимараттар, қоғамдық-тұрмыстық, спорт-сауықтыру базасы, кітапхана оқу залымен, оқушыларға жатақхана және қызметкерлерге үй беретін кешен болып табылады. Ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар, инвентарь және басқада мүліктер тек тікелей міндет жүктелгенде пайдаланылады. Мектеп кеңесі мен әкімгершілігі қажетті жағдайда жеке ғимараттар мен жабдықтарды жалға бере алады. Оқу-лабораториялық ғимараттар мен жатақханалардың бар болуы стандартқа сәйкес қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері
Қазіргі кездегі оқу мекемелеріне сипаттама (гимназия, лицей, колледж)
Білім беру мазмұны
Жаңа типті мектеп гимназияда оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Ауған соғысысынан кейінгі жылдардағы білімнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz