Сөзді әріптен бұтарлау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1 А. Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы . . . 7

1. 1 А. Байтұрсынов - қазақ жазуының авторы . . . 7

1. 2 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері . . . 15

2 А. Байтұрсынов және қазақ теориясы . . . 23

2. 1 «Әліп-би үйретудің әдістері» . . . 23

2. 2 Сөйлеу оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын қазақ тілінің теориясы . . . 33

2. 3 Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы . . . 36

3 Ахмет Байтұрсынов ана тілін оқыту мәселесі жөнінде . . . 50

3. 1 А. Байтұрсынов әдістемелік еңбектері . . . 50

3. 2 А. Байтұрсынов және қазақ фольклорының теориясы . . . 60

Қорытынды . . . 72

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 74

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресей өкіметі жаңа реформалар жасап, қоныстану саясатын іске асырды. Қазақ елін билеу жүйесіне өзгеріс енгізілді, ұлттық сана мен салттың жолы кесіліп, отаршылдық орыстандыру саясаты белең алды. Осындай қыспаққа түскен кезеңде халықтың тілін, дінін сақтау үшін қазақ топырағында әр түрлі ағым, құбылыстар қалыптасты.

Сондай әлеуметтік астары бар құбылыстардың бірі - ағартушылық идеясы, оның халықтық сипат алуы болды. Сол идеяны жүзеге асырудағы іс-әрекеттердің, жүзеге асырушылардың рөлі мен орнын айтпауға болмайды. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ескі мен жаңаның қарбалас кезеңінде білімі мен күш-қайратын бала оқытуға жұмсаған ғалымдардың арасындағы ерекше тұлға Ахмет Байтұрсынов еді.

Демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы деп санаған Ахмет Байтұрсынов халықты оқытуға шақыруымен ғана тынбайды, оқытудың амал-жолдарын іздестіреді, бағдарлама, оқулықтар жасайды.

Кезінде, Ахаң жайында Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Мыржақып Дулатов деректі мақалалар жазған болатын.

Есімі дүние жүзіне мәлім аса беделді түрколог академик А. Н. Кононов библиографиялық сөздікте Ахаңды «Жетілдірілген қазақ алфавитін жасаушы, қазақ тілінің фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін зерттеп, оқулықтарын түзуші, қазақ әдебиеті мен тарихын зерттеуші»[115 бет, 1] деп танытады.

Р. Сыздықова, Р. Нұрғалиева, Д. Әлімханов, С. Кәкішев, Т. Қожакеев сияқты зиялы ғалымдар Ахаң жайында ақиқатты монографиялық еңбектер жазды. Осылайша қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы аса көрнекті ғалым А. Байтұрсыновтың лингвистикалық мұрасы тілші ғалымдар тарапынан зерттеле бастады. Бұл саладағы Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова, Ә. Айтбаев т. б. тілші ғалымдардың жарияланған еңбектерін Ахметтанудың берік бастамасы деп тануымызға болады.

А. Байтұрсынов және қазақ тілі білімі деген объектінің маңызының зор екендігі сонда - оның есімі Ұлттық академиямызға беріліп отыр. Мұның сыры А. Байтұрсыновтың халқына сіңірген сан-саладағы еңбегінің зоры - тіл білімінде жатқандығында, лингвистика ғылымының негізін қалауда. Осы тұжырымды енді тереңдете дәлелдеу керек. Ең алдымен мектеп оқулықтары жай ғана білім бе? Әлде ғылым саласына жата ма? Осыны ашып алу қажет, өйткені дүние жүзі ғылымында, оның ішінде орыс ғылымдарының арасында бұл жөнінде керезар пікірлер бар. Бірқатары мектеп грамматикаларында ғылым жоқ деген пікірде.

Бұл пікірді қазақ тілі біліміне келгенде қостауға болмайды, өйткені тіл білімі ғылымының бастауы мен барысы, мазмұны мен сипаты барлық жұртта, барлық кезеңде бірдей болуы шарт емес. Оның тіл таныту мақсаты, зерттеу принциптері, зерттеу жұмысының өзі, әдістері мен ғылым ретінде дамуына қажет мүмкіншіліктері тұрғысынан қарағанда, әр халықтың тарихында әртүрлі сипатта болуы заңды. Оның үстіне бір халықтың мәдениетінде пайда болған ғылым саласының алғашқы кезеңі мен орта тұсында және қазіргі күйінде айтарлықтай ерекшеліктерінің болуы және даусыз. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілі туралы ғылым саласы осы тілдің жалпы және тұрақты белгілерін ана тілімізде тұңғыш рет сипаттаған мектеп оқулықтарынан басталады деген концепцияны ұстауға болады.

Демек, А. Байтұрсыновтың «Оқу құралдары» мен «Тіл құралдарын» зерттеуді «тіл туралы білім» мен «тіл туралы ғылымның» байланысын, арақатынасын, кешегісі мен бүгінгісін танып білу деп бастау керек болады, яғни бұл зерттеулер қазіргі таңда ғылымның жаңа тармағы - «Ғылым туралы ғылымға үлес қосу болмақ».

Осы жағдайларды ескере отырып, аталған мәселені диплом жұмысы тақырыбы етіп алып отырамыз.

Зерттеу материалдары мен дерек көздері: Зерттеудің фактологиялық материалдары ретінде қазақтың көрнекті жазушыларының көркем шығармаларынан алынған көптеген мысалдар пайдаланылды. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен нәтижелері Байтұрсынов А. «Тәні сұлудың жаны сұлу», «Соц. Қазақстан», 1989, 7 ақпан. Байтұрсынов А. «Оқужай жайы», «Соц. Қазақстан», 1989, 7 ақпан. Айтбаев Ө. «Қазақ терминологиясының атасы», «Қазақстан әйелдері», 1989, №4, 7-8 б. Алимжанов А. «Сомкнув начала и концы», «Дружба народов», 1990, №9. Айтбаев Ө., Қайдарин А. «Ұлт мәдениетінің хан тәңірі», «Егеменді Қазақстан», 1993, 28 қаңтар

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері: Ғалым-ағартушының әдістемелік мұраларына ғылыми талдау жасап, оқулық, бағдарлама жасауда методикалық мұраларының мәнін ашу, Ахаң басшылыққа алған ғылыми принциптерді анықтап, әдістемелік мұраларының мәнін ашуға талпыныс жасау.

1 Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

1. 1 А. Байтұрсынов - қазақ жазуының авторы

Қай елдің тарихында да халыққа сіңірген еңбегі мен көрсеткен қызметі көп жылдар өткен соң барып бағаланатын, танылатын тарихи тұлғалар болады. Сондай алып тұлға - Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсыновтың атын естімеген адам жоқ шығар.

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Торғай облысы Торғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. 1891 жылы Ахаң Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде дәріс алады. Кейін Орынборға барып, мұғалімдер мектебінде оқыды, оны 1895 жылы бітіреді. Осы оқуымен-ақ қоғамдық қызмет пен ғылымда ұшаң-теңіз білім жиған, өзінің талмас ізденіс, еңбегімен халқының жүрегінен орын алды.

А. Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын /мектебін/ бітірісімен, 1895 жылдан бастап 13-14 жыл бойы бала оқытумен шұғылданады. . 1895 - 1909 жылдар арасында ауылдық, болыстық бастуыш мектептер мен 5 - 6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады. Ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары /графикасы/ бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма, үшіншіден, ондай графикасы мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппе» кітабы мен оқулықтары бар ма, міне осыларға назар аударуы. Әрине, осылардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді ол «Барымен базар болып», күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған «Жоқтарды түгендеуге» кіріседі. Атап айтқанда, А. Байтұрсынов 1990 жылдардан бастап қазақ графикасымен /жазуымен/ айналыса бастады. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақтың ұлттық жазуына икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық /дыбыстық/ жүйесін зерттеуге кіріседі. 1929 жылы 12 майда өз қолымен жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым» дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ алфавитін /шрифтісін емес/ және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің /жағымсыз/ әсерінен тазартуға әрекеттендім, төртіншіден қазақ прозасын /яғни, іс-қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін/ жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» - дейді.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы» мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды.

«Айқаптың» 1912 жылғы 9 - 10 сандарында «Шаһзаман мырзаға» атты үлкен мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне еңгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекті дейтін таңба қою қажеттілігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дәйекті, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет кездестіреміз. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34 және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген көлемді мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды /у, ұ, о, и, е, ы/ таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.

Сөйтіп, әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады:

  1. Қазақ жазуы үщін араб алфавитіндегі жуан дыбыстарының таңбаларын алмау;
  2. Қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу;
  3. К, г дыбыстарына басқа дауссыз дыбыстармен келген сөздерінің жіңішкелігін /яғни қазіргі ә, і, ү дыбыстарымен айтылатындығын/ білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген алфавит сауат ашудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады.

А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір таласыз қабылдады, есебі А. Батұрсыновтың реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни дыбыс үндестігі заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сөйтіп қазақ дыбыстраының табиғатын айқындап тануы, ғалымға қазақтың жаңа әліп-биін /алфавит/ жасауға мүмкіндік береді. Оның 1912 жылдардан бастан ұсынған осы алфавитке негіздеп алған жаң жазуы /«Жаңа емле» деп аталады/ іс жүзінде қолданыла бастады. баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың бірі өзінде бұл емлемен 15-тей кітап басылып шықты. Сондай-ақ, А. Байтұрсынов ұсынған «Жаңа емле» 1913 жылдардан бастан мұсылман медреселерінде де, қазақ - орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады.

Араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикалық табиғатына қазақтың ұлттық графикасы /жазуы/ ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан /оқыту тәжірибесінде, сірә, одан да бұрын, осы ғасырдың басынан бастап/ бастаған А. Байтұрсынов оны әрі қарайда қырнай түсті, полиграфиялық жағынан қолайлы - қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиемді - тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасын 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған. Қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланады. Бұл съездің күн тәртібінде алты мәселе қойылады. Олар:

  1. Жазу, яғни орфография ережелері;
  2. Әліп-би /яғни алфавит, графика мәселесі/;
  3. Қазақша пән сөздер /яғни терминология/;
  4. Ауыз әдебиетін жию шаралары;
  5. Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары;
  6. Бастауыш мектептердің программасы.

Съездің 15 маусымдағы мәжілісінде А. Байтұрсынов «Әліп-би тақырыпты» деген атпен баяндама жасайды. Ол түркі жұрттарының /халықтарының/ қолданып келе жатқан әліп-биі /жазуы/ бар екенін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірлі осы съезде білдіреді.

Әліп-би /графика/ қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған икемделіп, өңделген /реформаланған/ араб алфавитінің өз сипаттарын /қасиеттерін/ дәлелдемейді де, латынға көшекенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліп-биін тұтынған /еуропалық/ жұрттар орыстың орында болып, ауызына қарап балаларымызға тілін үйретіп отырған жұрттар болса екен . . . Онда алуға мазына бат деп едік» деп ойын орнықтыра түседі. Бұл жерде, сірә, араб алфавитін тастау керек болса, латын алфвитіне емес, тілші қоса үйреніп жатқан отандас, істен орыс халқы қолданып отырған жазу қалайлырақ емеспе деген ой ұшқыны жалт ететін тәрізді.

Осы баяндаманы және латын әліп-биін алуды қостаған. Төрекулов Нәріздің баяндамасын талқылап, «дұрыс - бұрысын» қарағаннан кейін мынау қарарды шығарды.

Қазақ тұтынып отырған түрік /араб/ Әліп-биінің баспа түрінің дара болмауы баспа ісіне де, үйрету жағынан да қолайсыздық қылатын болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрк әліп-биінің өзін түзету әзге әліп-би алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрік /араб/ әліп-биінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек» - деп А. Байтұрсынов реформаланған және баспа түрінің де алфавитін ұсынған араб жазуы негізіндегі қазақ алфавитін қабылдады.

А. Байтұрсынов реформаланған қазақ жазуы өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандауына қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы, өзбектер мен татарлар үлші етіп тұтып, олар да өз жазуларына реформалар жасай бастады.

Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, тер тәккен бұл еңбегін, яғни реформаланған қазақ жазуын қорғап, бұл жазу қазақтың мәдени талаптарын әбден етей алады деген көзқарасын латын алфавитін көшу жайында үлкен әңгіме басталғанда барынша дәлелдеп, латынға көшуге қарсы пікірде болғаны түсінікті. 1929 және 1937 жылдардағы репрессиялар кезінде А. Байтұрсыновтың бұл пікірін «Ұлтшылдық, патюрстік, антисоветтік» деп бағалай қан осы әрекетті /яғни латынға көшуге қарсылықты/ бүгінгі жас буынға және жалпы қалқу көпшілікке түсініктірек болу үшін кеңірек әңгімелейік.

СССР-ді мекендеген аз ұлттардың өздерінің сан ғасырлардан бері қолданып келген жазуларын тастап, латынға көшу керек деген мәселе 1926 жылдан бұрынырақ басталғанды. Мерзімді баспасөз беттерінде, жиын - жиналыстарда алдын ала пікір айту, пікір таластырулар жүргізілді. Ақырында, 1926 жылы 26 ақпаннан 6 наурызға дейін Баку қаласында Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезд өткізіліп, онда күн тәртібіне түркі халықтарының жазуы, орфографияның негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні, терминология мәселелері, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы методикасы т. б. көптеген көкейкесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені де, талас - тартысы көбірек болғаны да - СССР-де мекендеген түркі халықтарының барлығының тегіс латын алфавитіне көшуіне жайындағы мәселе болды. Бұл съезге Қазақстаннан А. Байтұрсынов, Е. Омаров, Ә. Байсейітов, Б. Сүлиев, Н. Төреқұловтар делегат болып қатысты Қазақстаннан съезд президиумына А. Байтұрсынов сайланды, сондай-ақ ол съезде жұмыс істеген бірнеше комиссияның құрамына енді.

Съезд түркі халықтарының бұрыннан қолданып отырған алфавиттерін тастап, латынға көшу жөніндегі пікір таласында екі топ бөлініп шықты. Бірі - бұрыннан пайдаланып келген әрі нақтылы ұлт тіліне лайықталып, реформаланған ресми қабылданған араб не орыс графиканы /мысалы, сол кезде Чуваштар қолданып отырған/ латыншаға ауыстырудың ешқандай не саяси-идеологиялық не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісіне де лайықталған араб графикасы мен қабылданбақшы латын жазуының бір-біріккен артық кемдігі шамалы, керісінше жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба дүниеден, жазба дәстүрден қол үзу қапін тудырады дегенді айтты. Екінші тобы - араб жазуы түркі тілдерінің фонетикалық жйесіне сай келмейді, латын алфавиті түркі тілдерін еуропа мәдениетіне жақындастыра түседі дегендерді дәлел етті. Алғашқы пікірлердің бірі - А. Байтұрсынов болды. Бұл жерде А. Бйтұрсыновтың концепциясында ұлтшылдық, пантюрксистік немесе советке қарсылық іздеу мүлде қисынсыз: араб жазуы арқылы ислам дінін уағыздауды ол көздеген жоқ, өйткені ол дін қамқоршысы емес, оның үстіне А. Байтұрсынов реформаланған қазақ жазуы қаракетті құран жазуынан мүлде алшақ екені айдай анық, пантюркстік пиғылда болды, дең де орынсыз, керісінше, А. Байтұрсынов қазақ ұлтының, қазақ тілінің дербестігін /қазақтардың, «ілгері жүр» екендігін/ қайғы қолдаған адам, үшіншіден, бұл жердегі ғалым әрекетінен антисоветизм іздеуде нанымсыз; себебі жазу таңбасының түрі идеалогияның мазмұны мен бағытын өзгерте алмайтындығын А. Байтұрсыновта, ізгелер де, қазіргі біз де жақсы білеміз. Бірдей графика халықтар мәдениетін жақындастыратындығын сөзсіз, бірақ латынға көшкен түркі халықтары ол күнде Отандас орыс халқының емес, капиталистік қоғамда өмір сүріп отырған еуропа жұрттарының сәдениетіне жақындай түскен болар еді. Демек, ғалымның араб жазуын жақтаудағы мақсаты - осы съездегі және 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезіндегі сөзіне қарағанда, 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығын қалған, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми түрде қабылданған алфавиттің қазақ жазуы мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы, оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болып, шыққандығы, полиграфиялық мүмкіншіліктер жағынан да, экономикалық мүмкіндіктер тұрғысынан да бұрыңғы алфавитті сақтау пайдалымақ екендігі. А. Байтұрсынов бұл съезде айтқан пікірін одан кейінде 1927 жылы Қызылордада жазу /графика/ мәселесіне арналған конференцияда қазақ тілінде жасаған баяндамасында былай дейді:

  • Мен мәселенің ілім мен жүзіндегі жағын алып сөйлемекпін. Ең әуелі

аңғартып өтетін бір нәрсе сол латын әрпін алу деген тіршілік мұқтаж қалғаннан ділгерлік қысып туғызып отырған мәселе емес. Түрік жұрттың 90% баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жасалған хат мәдениеті бар /хат мәдениеті - сауаттылық, оның жүзіндегі өнер - білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа істері, беспа мамандары, жазылған басылған барша сөздер т. б. /. Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою жұмыс емес . . . артық тұрған қаржы керек, артық тұрғанадамның күші, ісі керек . . . Мұндай екі шығын, екі жұмысты көтергендей қаржы мен қайрат қазақ тігілі, түріктің қай жұртында да жоқ.

Он шақты күнде, он шақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес. Әріп алмастыру деген ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мәселе екендігін еске ала отырп шешетін нәрсе» - дей келіп, екі алфавитті 6 түрлі қырынан салыстырады да, араб алфавитін қолайлы деп табады. Әрине, қазіргі тұрғыдан келгенде, оның үстіне Совет үкіметі тұсында қолға алған шараларымыздың бәрі дұрыс, бәрі прогрессивтік болды деп сан жылдар өзімізді шаттастырып келген дәстүрімізде бассақ, мүмкін сол кезде латынға қарсы шыққандардың пікірін дұрыс емес деуге де болар, бірақ айналасы 14-15 жылдың ішінде қазақ, өзбек, татар т. б. сияқты көне мәдениетті ірі халықтардың үш тірлі графикасының бірінен соң біріне көшуі, әсіресе бас аяғы 13-14 жыл ғана қолданылған латын жазуының қаншалықты ұтымды болғаны жайында ойлануға тура келеді.

Ахмет Байтұрсыновтың келер ұрпаққа қалдырған мол мұрасын саралап өтсек, оған:

  1. «Тіл - құрал» - 1 бөлім, фонетика
  2. 2 бөлім, морфология
  3. 3 бөлім, ситаксис
  4. «Әдебиет танытқыш»
  5. «Баяншы» методикалық жазбалар
  6. «Тіл жұмсар» - 1 бөлім, практикалық грамматика
  7. 2 бөлім, пракимкалық грамматика
  8. «Оқу құрал» балалар әліппесі
  9. Әліппе
  10. «Сауат ашқыш», ересектер әліппесі
  11. «Әліппе-астар», әліппе методикалық нұсқау
  12. «Қырық мысал» - Крылов мысалдарының аудармасының жинағы
  13. «Масса» төлтума және аударма өлеңдер жинағы
  14. «Оқу құрал», хрестоматия /нұсқалық/, /Шононовпен бірлесіп жазылған/ еңбектері жатады.

Ахмет Байтұрсынов 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде ел ішіндегі әр сатылы мектептерде бала оқыта жүріп, ағартушылық-ұстаздық қызметке ауысады, айналысады. Осы жылдары қазақ шәкірттері тұтынған оқулықтардың кемшіліктерін көрді. Үлкен тәжірибе жинайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әріптерден сөз жасау
А. БАЙТҰРСЫНОВ АНА ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Малдан алынатын өнімдердің сапасына қойлатын талаптар
Ет және ет өнімдерін ветеринарлық сараптау
Дыбыстарды үйреткендегі негізгі әдістер
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Жалқылау (айырынқы) әдіс
Тырнақшаға алынатын төл сөздер
Адамның сыртқы құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz