Бастауышты бітірген оқушы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

1 Әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудың теориялық негізі7

1. 1 Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылығын дамыту мәселесінің зерттелу жайы7

1. 2 Оқу үрдісінде интерактивткі әдісті қолданудың мүмкіндіктері11

2 Әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы оқушыларының қызығушылығын дамытудың жолдары39

2. 1 Интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын дамытудағы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерге талдау39

2. 2 Интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудың эксперимент жұмысы және нәтижесі49

Қорытынды66

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:68

Тіркеме А71

Тіркеме Ә72

Тіркеме Б74

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең маңызды пәндердің бірі - ана тілі.

12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

Педагогика ғылымында қызығушылықпен оқыту проблемасы да бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблема да көптеген ғалымдардың ( Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, т. б. ) назарын өзіне аударған.

Қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру проблемасы Қазақстандық ғалымдардың бірқатар зерттеулерінде, мәселен, Н. Д. Хмельдың, Г. К. Байдельдинованың (жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын қалыптастыру), Б. Т. Нәбиеваның ( сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру), С. Жолдасбекованың ( Бастауыш сынып оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру), еңдектерінде қарастырылады. Авторлардың қарастырылып отырған бастауыш сынып оқушыларының интерактивті әдісті пайдаланып қызығушылығын қалыптастыру проблемасының бұл еңбектерде қарастырылмағанын дәлелдейді.

Бастауыш сыныпта оқытуда интерактивті әдісті жасау және қолдану ісімен байланысты болғандықтан, біз . М., Абилдина Д., Рахманберген А., Сенгалиева А., Шаяхметова Б. және т. б. зерттеу жұмыстарын қарастырылды. Бұл жұмыстарда бастауыш сыныптарда ана тілін оқып-үйренуде белгілі бір дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру үшін ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану тиімділігі көрсетілген.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интер - активтi деп аталып жүр. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек, осыған орай көп қырлы құрымды білім тәрбие мазмұнын анықтап құрұға көмектесетін қазіргі заманда ең басты мақсат - оқушылардың өз бетімен дамуын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, интерактивті әдісті қоланып оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі және оның теориялық тұрғыдан негізделмеуі мен ғылыми-әдістемемен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерінде интерактивті әдісті қолдануға сұраныстарының артуы мен бұл қажеттілігін өтеуде білім, білік, дағдыларының жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеу мәселесін әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін және әдістемесін айқындау деп белгілеп және тақырыбын: «Әдебиеттік оқу сабағында интерактивті әдісті қолданып оқушылардың қызығушылығын арттыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді жолын анықтау

Зерттеудің нысаны: әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру үрдісі.

Зерттеу пәні: интерактивті әдісті пайдаланып әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру

Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныпта оқу-тәрбие процесі кезінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын оятуда білім игеру жүйелі түрде және өзін-өзі жетілдіру мүмкін болса, онда бастауыш сыныптағы білім сапасы артады, өйткені қазіргі заман талабына сай оқушылардың техникаға бейімділігі мен қызығушылығы жоғары.

Зерттеу міндеттері:

  • ғылыми педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
  • тақырыпқа ғылыми-теориялық әдебиеттерінің негізінде терминдік анықтама беру.
  • бастауыш сынып оқушыларының жинақаған білім, білік, икем дағдыларының сапалық көрсеткіштерімен танысып анықтау;
  • әдебиеттік оқу сабағында интерактивті әдісті қолданудағы тәжірибелерімен танысу;
  • педагогикалық эксперимент ұйымдастырып, өткізу және оның нәтижесін талдау арқылы көрсету.

Апробация: тақырып негізінде Өскемен қаласындағы мемлекеттік мекеме №16 орта мектебінде эксперимент жұмыстары ұйымдастырылып, осы тақырып бойынша курс жұмысы талданып, қорғалды, әдістемелік бірлестікте осы тақырыпқа баяндама жасалды. Сонымен қатар тақырып бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама оқылды.

Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту - оқушылардың шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс істей білуіне негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту теориясы мен оны практикада пайдалана білу туралы педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған тұжырымдамалар.

Зерттеу көздері: психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.

Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2009-2010 жылдар) зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, теориялық негізі анықталды.

Екінші кезеңде (2010-2011 жылдар) интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту жөніндегі материалдар мазмұны эксперименттен өткізіліп, нәтижелері осы жұмысының мазмұнына енгізілді.

Үшінші кезеңде (2011) аппробациядан өткізіліп, тәжірибелік жұмыс жалғастырылады, алынған ақпараттар жүйеленді, аралық, қорытынды бақылау жұмыстарына талдаулар жүргізілді. Қорытынды жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы және ғылымилығы: осы жұмыс аясында оқу-тәрбие процесінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын оятуда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, тиімділігі дәлелденді. Қарастырылған теориялық пайымдаулар мен тәжірибелік ұсыныстарды интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту үшін қолдануға болады. Осы жұмыстың нәтижелерін студенттер курс жұмысын жазғанда, мектепте педагогикалық практиканы өткенде, бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында пайдалануға болады.

Зерттеу базасы: Өскемен қаласындағы мемлекеттік мекеме №16 орта мектебінің 3 сыныбы.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімі мен тіркемеден тұрады.

1 Әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудың теориялық негізі

1. 1 Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылығын дамыту мәселесінің зерттелу жайы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім және Ғылым министрлігінің оқушылар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына танымдық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Халықтың ауызекі шығармашылығының мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде пайдалануды тек бүгінгі күннің проблемасы деп қарауға болмайды. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттігін кезінде көптеген алыс және жақын шетел педагогтары (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Н. А. Добролюбов, ), қазақ даласының ойшылдары, (Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари, Ахмет Яссауи), ғұлама ағартушылары(Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, т. б. ) өз еңбектерінде айтып, іс-тәжірибелерінде дәлелдеп берген. Халықтың ауызекі шығармашылығы тарихшылар, этнографтар, философтар, өнертанушылар еңбектерінде ( М. О. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Қасқабасов, т. б. ) көрініс тауып отыр[1] .

Педагогика ғылымында қызығушылықпен оқыту проблемасы да бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблема да көптеген ғалымдардың ( Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, т. б. ) назарын өзіне аударған.

Қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру проблемасы Қазақстандық ғалымдардың бірқатар зерттеулерінде, мәселен, Н. Д. Хмельдың, Г. К. Байдельдинованың (жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын қалыптастыру), Б. Т. Нәбиеваның ( сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру), С. Жолдасбекованың ( Бастауыш сынып оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру), еңдектерінде қарастырылады. Авторлардың қарастырылып отырған бастауыш сынып оқушыларының интерактивті әдісті пайдаланып қызығушылығын қалыптастыру проблемасының бұл еңбектерде қарастырылмағанын дәлелдейді.

Қызығушылық пен қажеттілік арасындағы өзара байланыс - өте күрделі мәселе. Олардың арасында белгілі бір байланыс бар болғанымен оларды теңестіре қарастыруға болмайды. «Қызығушылық- ойдың бағыттылығы, қажеттілік - әуестік, құмарлық » деп С. Л. Рубинштейн бекер айтпаған. Қажеттілік адамда белгілі бір затты меңгеруге деген ықыласты туындатса, қызығушылық - онымен тереңірек танысуға ұмтылдырады. Қажеттілік өтелген соң жоғалып кетеді, ал қызығушылықтың қанағаттандырылуы оның ары қарай жетілуі мен тереңдеуіне түрткі болады[2] .

Қызығушылықты арттыруда өнер-білім рөлінің әрқашан жоғары екендігі туралы кезінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев та айтып өткен. Егер, А. Байтұрсынов « балаларды қинамай, оңай оқыту керек. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы», - деп жазса, Ж. Аймауытов « оқуға қызығусыз үлкен нәтижеге жетпейміз. - деп, оқушылардың ынтасын оятып, қызығушылығын қозғау керектігіне баса назар аударды.

Қызығу деп біз бір нәрсеге асыра, арттығырақ зейін аударуға бағытталған қатынасты айтамыз немесе бір нәрсемен танысуға, соны зерттеуге, қабылдауға құмарту.

Қазіргі кезде ана тілі пәнін компьютелендіріп оқыту - оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Соның нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыруда, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытып отырады. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютер мен тапсырма орындауда мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан бұл оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.

Компьютердің көмегімен жүргізілген бақылау жұмыстары оқушының білімін бақылап, материалдың дұрыс өтілгенін немесе дұрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді[3] .

Ана тілі пәнін компьютермен оқутудағы мақсаты - оқу жұмысының жоғарғы дәрежелі болуына жағдай жасау, оқушының біліктілігі мен белсенділігін арттыру, оқушының мақсатты қызметін ынталандыру.

Компьютерді пайдалану арқылы сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын арттырып, оқушының назарын пән мазмұнына аударып, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.

Ана тілі сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттыра түсті. Мультимедиялық технологиялар, компьютерлік презентациялар бағдарламасы сабаққа көрнекілік дайындаудың ең ыңғайлы әдістердің бірі болды. Сабақта көрнекті материалды көркем сурет, тірек-сызба арқылы, видиосюжет арқылы көрсетуге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың білімдерін бақылауына да мүмкіндік туғызады.

Компьютерлік нұсқада сабақтарға қосымша материалдар, тестер, сынақтар жасалған. Интерактивтік тақтада жұмыс істеу әдістері ойластырылып, әр түрлі тақырыптарға слайдтар (презентация), флипчарттар құрылған.

Жана техника тек кең көлемде білімге ғана қол жеткізіп қоймай, сонымен қатар оқушыларға ақпарат алу үшін электрондық құралдарды пайдалануға және зерттеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін тудырады. Тіл үйренгендегі мотивацияны көтеруде, коммуникативті әрекет дағдыларын қалыптастыру және бекіту үшін өте қолайлы құрал болып табылады. Компьютерлік слайдтар арқылы түрлі иллюстрациялар, олардың басты негізгі үзінділерін бөліп, үлкейтіп көрсету оқушылардың қызығушылығын туғызады. Оқушылар тек көріп қана қоймай, сабақты эмоциямен қабылдайды.

Оқушылдардың ана тілі пәніне қызығушылықтарын әр түрлі тәсілдермен арттыра түсіп, сол алған білімді сапалы игеріп, оны күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдалануға үйрету және ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылық дағдыларын жетілуіне жол ашады.

Психология ғылымында қызығушылық жеке тұлға көзқарасына және оның тандаған бағытына бастау болатындай қажеттіліктің бір формасы ретінде айқындалады. Қызығушылық пен қажеттілік арасындағы өзара байланыс- өте күрделі мәселе. Олардың арасында белгілі бір байланыс бар болғанымен оларды теңестіре қарауға болмайды. «Қызығушылық-ойдың бағыттылығы, қажеттік-әуестік, құмарлық»-деп С. Л. Рубенштейн бекер айтпаған. Қажеттілік адамда белгілі бір затты меңгеруге деген ықыласты туындатса, қызығушылық-онымен тереңірек танысуға ұмтылдырады. Қажеттілік өтелген соң жоғалып кетеді, ал қызығушылықтың қанағаттандырылуы оның ары қарай жетіәлуі мен терендеуіне түрткі болады[4] .

Қажеттілік қызығушылыққа қарағанда кең мағынаны білдіреді. Ол күнделікті тыныс тіршіліктегі іс-әрекеттің түрткісі болып табылады. Ал қызығушылық болса жеке адамның әлеуметтік өмірінен орын алады. Қажеттілік пен қызығушылық психология ғылымында біршама зерттелген. Авторлардың пайымдауынша, қызығушылық пен қажеттілік арасында байланыс бар, қажеттіліктің адам өміріндегі рөлі жоғары, қажеттілік дегеніміз*- адамның өмірі мен даму жағыдайында белгілі бір нәрсені қажетсінуі. Қажеттілік барлық тірі организімдердің өмірлік іс-әрекетінің түрткісі болып табылады. Олардың пікірін толық қоштауға болады. Өиткені қажеттілік- адамның ойлау әрекетін оятатын негізгі күш болып болып табылады. Адам өз қажеттігін қанағаттандыра отырып, тірі организм ретінде дамуға, өмір сүруге мүмкіндік алады, ұрпағын жалғастырады, еңбек етеді, қарым-қатынас жасайды, сонымен қатар қоғамның дамуына үлесін қосады. Қоғам өміріндегі іс-әрекет барысында, осы қажеттілік негізінде, адамның ынта жігері, талпынысы және т. б. адами қасиеттері дамиды.

Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары (Әбунасыр Ибн Мұхаммед әл-Фараби, Әбуғали Ибн-Сина және т. б. ) мен ағартушы педагогтарының да назарынан тыс қалмаған. Егер, Әл-Фараби шәкірттің «рухани негізі түзу болса, оның тілегі қолауы дұрыс болады. Оқу үйрену нәтижесіне шәкірттің ниеті әсер етеді, көңіл қалауы болмақ десе, Алтынсарин, балаларды мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға өз бетімен құмарландыратын сабақ, балаларға ана тілінде, қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға қызығушылығы арта түседі деген пікір айтады[5] .

Соңғы жылдары педагогика-психология ғылымдары саласында қызығушылық мәселесіне, аса назар аударғандардың бірі профессор Қ. Жарықбаев болды. Оның пайымдауынша, қызығу болмыстығы заттар мен құблыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның біршама тұрақты, жеке ерекшеліктерінің бір көрнісі.

Бүгінгі таңдарда психологялық педагогикалық еңбектерде «қызығушылық ұғымына бірқатар түсінік анықтамалар берілген Біз оларды зерттеп зерделеп диплом жұмысында жүйеге келтіреміз.

Анықтамалардың мазмұны әрбір автордың бұл ұғымы өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне қарай түсіндіретінін көрсетеді және олар бір мақсат көздейтінін, мазмұны жағынан бір-бірін толықтыра түсетінін дәлелдейді.

Анықтамалардың қайсібірі болмасын «қызығушылық» ұғымының мазмұнын жан-жақты анықтап мән-мағынасына терең бойлап, одан әрі дамыта түсуге негіз болады.

Бірқатар зерттеу еңбектерінде қызығушылық түрлі сипатына орай жіктемеге келтіріледі материалдық, саяси-қоғамдық, кәсіби және т. б. (Л. А. Гордан) ситуациялық эпизодты, жеке, тұрақты (Н. Г. Морозова) интелектуалдық, эстетикалық, спортық (А. Г. Иванов) мақсатты, әрекеттік нәтижелік (Т. Тәжібаев) танымдық қызығушылық (Г. И. Щукина, Л. И. Божович және т. б. ) .

Мектепте айналадағы тұрмыстағы көркем шығармалар мен өнер туындыларындағы әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйрету мұғалімге жүктеледі. Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмыс істетіп, олардың интеллектуалдық белсенділігін, еңбексүйгіштігін және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтіндей жұмыс жүргізуге мүмкіндіктері бар. Осы талап, мүмкіндік тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалімнің әр сабағының негізгі міндеті: Ш. Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясының қолданып соның негізінде баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеуде балалардың әсемдікті көріп сезінуге, олардың жан жақты дамуына ықпал ету. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына, әдеби сөйлеуге деген білім дағдыларын меңгертіп, ойын тұжырымдап, еркін қарым-қатынас жасауына жол ашу. Осы орайда өнерге деген қызығушылықты тудыруда оқушылардың практикалық жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту[6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқындауыш мүшелер
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі
Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
Сөйлемнің айқындауыш мүшесі
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Орта ғасырлар лингвистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz