Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1. БАЛА БАҚША МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МОТИВТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
1. 1 Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі . . .
1. 2 Бала бақша балалары мен мектеп оқушыларының дамуындағы физиологиялық және психикалық дамуының ерекшеліктері . . .
2. БАЛА БАҚША МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МОТИВТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілген эксперименттік жұмыстардың мақсаты және сипаттамалары . . .
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мотивтерінің негізі - психикалық процестерін дамыту, бейімделу бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі . Қазақстан Республикасының білім туралы заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылымы мен тәжірибе негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Саналы мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде бала бақша мен мектептің білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.
Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол балалардың жеке басын ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиесін ұтымды ұйымдастырып, нәтижесі жалғастырылып келе жатыр. Білім беру тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады. Бұл құжатта мектеп дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында, барлық балаларды мектеп дейінгі ұйымдармен ертерек қамту, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру, мектепалды даярлығының мазмұнын қайта құру, мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген. Осыған байланысты баланың мектепке психологиялық дайындығы адамның барлық негізгі құрылымына сәйкес бір уақытта қалыптасады.
Әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан 2030 стратегиясына, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Зерттеу мәселесін жан-жақты талдау осы мәселенің теориясы мен тәжірибесін қарастыруда ғалымдардың елеулі үлес қосқанын көрсетеді. Тәжірибедегі қажеттілік ғылым мен қоғам талаптарынан анағұрлым алға кетті. Қазіргі қоғамның дені сау ұрпақ, денсаулық құндылығын ұғынуға зәрулігі мен теориялық негіздеме және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеудің болмауы арасында өткір қарама-қайшылық туындап отыр.
Анықталынған қарама-қайшылық диплом жұмысын зерттеудің негізгі мәселесін: қазіргі мектепке дейінгі мекеме жағдайына ерте шақтағы балалардың бейімделуі зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.
Мәселенің психологиялық-педагогикалық маңыздылығы мен оның мектеп теориясы және тәжірибесінде қарастырылуының жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын «Бала бақша мен мектептің өзара байланысының негіздері» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты : өзара байланыс сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде - жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады.
Зерттеудің нысаны - мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеудің пәні мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларының психикалық процестерінің дамуы, мінез-құлық мотивтері.
Зерттеудің болжамы . Егер мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына дамытушылық, танымдық ойындар жүйелі жүргізілетін болса, онда олардың психикалық процестері жедел дамиды.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуі;
- екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері) .
Зерттеу жұмысының теориялық- әдіснамалық негіздері :
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа - баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Зерттеудің әдістері: Догикалық ойлауын дамытуды зерттеу жаттығулары; Т. Фадеевтің ұсақ моториканы және қолды жазуға дайындау жаттығулары; «Мәдениетті қарым-қатынас дағдысын зерттеу» әдістемесі;
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің практикалық базасы: Алматы қаласының №69 балабақшаның 3-5 жас аралығындағы балалар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
- балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
- білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны) ;
- біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Диплом жұмысының құрылымы:
1 БАЛА БАҚША МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МОТИВТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
1. 1 Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Сондықтан балабақша мен өзара байланысын айқындауда біріншіден:
- аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
- екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері) .
Сонымен қатар аталған өзара байланыс сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде - жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда - мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Өзара байланыс даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа - баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Өзара байланыс білім беруде:
- балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
- білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны) ;
- біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Бала бақша мен мектеп арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
- балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
- балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
- балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
- тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Өзара байланыс үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
- Бала бақша өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.
- Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
Бұл:
- Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
- әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы) .
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
- салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
- эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
- талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
- айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
- салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
- қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
- мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
- әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
- мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы бойынша жұмысын ұйымдастыру:
- мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
- мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
- бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Бала бақшаның негізгі мақсаты:
- денсаулығын сақтау, нығайту;
- психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
- мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Мектептің мақсаты:
- денсаулығын сақтау нығайту;
- қабілеттерін, ойлауын дамыту;
- ерік, жігер сезімін дамыту.
Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме -танымдық әрекет -мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып -оқу әрекеті -оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.
Мектеп пен бала бақшадағы сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
- Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.
- Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.
Бала бақша мен мектептің ерекшеліктері төмендегі кестеде сиопатталады:
Кесте 1.
Мектеп пен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оқу үрдісінің салыстырмалығы
а) Ұзақтығы бойынша:
Күніне 4-5 сабақ, ұзақтығы 35-45 минут
б) құрылысы бойынша:
-ұйымдастыру кезеңі;
-үй тапсырмасын тексеру немесе білімдерін фронтальды тексеру (бақылау жұмысы)
-өткенді қайталау;
-үйге тапсырма беру.
а) Ұзақтығы бойынша:
Әр топта соабақтың өтілу, ұзақтығы бойынша өткізіледі.
б) құрылысы бойынша:
-ұйымдастыру кезеңі;
-сабақтың басталуы (сабақ барысына бекітулер)
-сабақтың барысы;
-балаларды мадақтау, қортынды жасау
-үйге тапсырма берілмейді, бақылау жұмыстары өткізілмейді.
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:
- баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т. б.
- іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
- құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
- қоршаған ортасын қабылдау бейімі т. б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын -ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
- оқу, ойын, жатын бөлмелері;
- жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
- гигиеналық талапқа сай асхана;
- сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
- баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.
Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады, себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.
Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.
Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.
Сөздік-логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын арасындағы сабақтастықтық бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді:
- бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен байланысы негізінде баланың табысты білім алуы мен тәрбиеленуі (мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары) ;
- заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын құру;
- мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң жағдай туғызу;
- мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;
- жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.
Институт тарапынан да бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету бағыты бойынша семинар, конференциялар, курс жұмыстары мен сайыстар ұйымдастырылып тұрады.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсат-міндеттері төмендегідей:
Мақсаты:- Жаңа білім беруге көшу жағдайында сабақтастық түсінігінің қалыптасуы.
Міндеттері:
- Сапалы білім беру қызметімен қамтамасыз етудегі нормативтік-құқықтық негіз жайында ақпарлау.
- Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім берудегі сабақтастық құрылымының негізгі бағыттарын анықтау.
- Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім мекемелерінің сабақтастық мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен таныстыру.
- Сабақтастықты құрудағы заман талабына сай технологиялардың рөлін анықтау.
- Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының моделін құру.
Осы өткізетін жұмыстар барысында педагогтар облыс мекемелеріндегі бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының мәселесін шешу тәжірибесі бойынша облысымыздағы тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектеп тәжірибесімен танысып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz