Балалар әдебиеті тілінің танымдық құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 Балалар әдебиеті - рухани қазына

1. 1 Балалар поэзиясындағы көркем сөздің орны . . . 7

1. 2 Балалар әдебиетінің үлгілері - бала тәрбиесінің құралы . . . 10

1. 3 Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы бала тәрбиесі жөніндегі үндестік . . . 181. 4 Балаларға арналған шығармалардың танымдық, тәрбиелік, білімдік мәні . . . 21

2 Көркем шығарманың танымдық ерекшелігі

2. 1 Балалар әдебиеті тілінің танымдық құрылымы . . . 32

2. 2 Шығармадағы кейіпкерлер санасындағы символдар . . . 43

2. 3 Балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің тілі . . . 53

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі . Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті-қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар.

Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі-тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ әдебиетіндегі тілдік, тақырыптық ерекшелігімен дараланып тұратын көркем шығармалардың бірі - балалар әдебиеті. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:

- балалар әдебиеті - тәрбие бастауы екенін дәлелдеу;

- кейіпкерлердің тілдік құралдарды - фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, өзге де көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;

- қазақ ақындары мен жазушылары шығармаларының ұлттық мазмұны негізіндегі көркем тілінің құрылымын анықтау;

- балалар әдебиеті кейіпкерлерінің санасындағы эстетикалық танымға сәйкес символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;

- шығармалардағы кейіпкерлердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;

- балалар тақырыбына арналған шығармалар тілінің бала танымының психолингвистикалық ерекшелігін айқындаудағы мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Қазақ билері мен шешендері және ұлы ақын-жазушылардың шығармалары

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды, талдау жасалған тілдік деректерді әдебиет сабақтарында талдау жүргізу үшін пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

- зерттеу жұмысында балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінің ерекшелігі көрсетілді;

- балалар әдебиеті кейіпкерлеріне лақап есімдердің берілуінде ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымның ерекшелігі анықталды;

- балаларға арналған шығармаларда кейіпкер тілінде қолданылатын тілдік көріктеуіш құралдарына талдау жүргізілді;

- бала санасындағы қалыптасатын символдық белгілердің лингвомәдени мазмұны сипатталды.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1 Балалар әдебиеті - рухани қазына

1. 1 Балалар поэзиясындағы көркем сөздің орны

Бала оқырман бойында эстетикалық талғам мен көркемдік білім негізін сіңіруде тілдік көріктеу тәсілдерінің қай-қайсысы да ерекше маңыз иеленетіні мәлім. Себебі баланы түрлі әсерге жетелеп, ой-санасына қорғау салатын қуатты күш поэзиялық туындыда жасалынған шынайы көркемдік әлем болса, ол әлемнің өзі шығармада көрініс тапқан түрлі бейнелердің өзара байланысу тұтасуынан пайда болатыны белгілі. Ал оқырманына ой салар көркем бейнелер жасауда балалар ақыны пайдаланатын бірден - бір құрал - бейнелі сөз. Бейнелі сөз оқырманды әсерлендіруге, ойландыруға қабілетті сөз. Осы орайда шығарма тілі хақында ой қозғаған Ахмет Байтұрсынұлының «шығарма тілі екі түрлі болатындығы айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстылығын, анықтығын, тазалығын, дәлділігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстылығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды» деген пікіріне зейін бөлсек, сөздегі бейнелілік қасиеті сөздің дұрыс та дәл қолданылуымен бірге көрнекілік пен әуезділікті қажетсінетінін аңдаймыз. Сөздегі көрнекілік пен әуезділік дегеніміздің өзі поэзиялық туындыда қолданылған сөздердің өзара ұнасым-жарасым таба келіп, оқырманға эстетикалқ ләззат сыйлайтын тілдік бейнелі қолданыстар екендігі анық.

Сөз құдіретін, жаратылыс сырын танып-білу жолындағы азамат игілігіне айналдыруды мақсат тұтқан әр ақын үшін ақиқат шындықтан жаңа көркемдік шындық туындату қаншалықты азап-механика толы еңбек болса, таным-түсінігі, арман-қиялы, қабылдауы мен түйсінуі, әсершілігі мен сезімталдығы, т. б. да қасиеттері жағынан ересектерден мүлде ерекшеленіп тұратын балаларға арнап өлең-жыр жазу барысында олардың жанына жақын тиетін, қиялын қозғап, қиялын қанаттандыратын, яки әсерлендіріп, ойландыратын сөзді дәл тауып қолдану тіпті қиынның қиыны. Өйткені балаларға арналған поэзия -ақындық дарынмен қатар педагогикалық білікті, психологиялық білімді қажетсінетін әдебиеттің айрықша саласы. Соған орай оған қойылар талап та айрықша. Бұл талап үдесінен табылатын үлкенді-кішілі туындылар қазақ балалар поэзиясының қоржынында аз емес. Сондай туындылардың бірі - Жақан Смақановтың шап-шағын көлемді «Сылдырмақ» өлеңі. Бұл өлеңді жалпы мазмұны, бейнелеген нысаны, сөздік-дыбыстық құрылымы, бейнелеген әрекеттің даму (сюжет), тәрбиелік мақсаты тұрғысынан алып қарастырсақ, үш жасар бөбектерге арналған шығарма екендігі айқын аңғарылады. Осы тұста еске түсіре кетелік, балалар поэзиясының психологиялық-педагогикалық сипаттары жайында сөз қозғаған тұста үш жасар баланың дүниені тануға ұмтылысында жаңа деңгейге көтерілетіндігі, яғни осы жаста оның ойлау жүйесі нақты заттық қабылдаудан бейнелік қабылдауға бейімделе бастайтындығы жайында айтып өткен болатынбыз. Аталған «Сылдырмақ» өлеңі - баланың нақ осы ерекшелігі ескерілген өлең. Шағын өлеңді тұтастай алып қарастырып көрелік:

Сылдырмақ

Сылдырлап,

Бесікте

Тұрады.

Бөпешім

Былдырлап,

Сылдырмақ

Ұрады.

Бас салып,

Қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде

Сылдырмақ

Сөйлемей

Қалады.

Өлеңде бейнеленген жәйт - бесік көрген кез келген қазақ баласы үшін таныс нәрсе, таныс сурет. Өзінің де бесіктен белі босағанына бір-екі жыл ғана өткен бөбек үшін тіпті етене. Сол себепті де ол өлең мазмұнында бейнеленген заттарды да, әрекетті де көз алдына айқын елестетіп, қабылдай алады. Сонымен бірге өлеңді бөбектің еркін қабылдауына мүмкіндік туғызып тұрған негізгі кілт - өлеңдегі тілдік қолданыстың қарапайым да түсінікті болуы. Балаларға арналған кез келген туындыда ескерілуге тиісті ең маңызды да ардақты міндет жас оқырманды өз ана тілінің қадір-қасиетіне жете білуге тәрбиелеу болып табылары даусыз шындық. Бұл талап әсіресе қазақ тіліне қатысты проблемалар аса ауқымды болып тұрған қазіргі таңда айрықша маңызды. Аталмыш өлеңге бірінші кезекте осы тұрғыдан назар салар болсақ, бұл орайда «Сылдырмақтың» өтеп тұрған парызы зор. Бала бойында өзінің ана тіліне сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру ана тілі туралы, ана тілін сүю қажеттілігі туралы өлеңдерді көптеп жазып, соларды талмай жаттау арқылы іске асады деп қана түсіну жаңсақтыққа ұрындырмақ. Әрине, бұл мәселеде ана тіліне арнаған әсерлі туындылардың маңызды рөл атқаратыны даусыз. Алайда балаларға арналған поэзияның бұл орайдағы мүмкіндігі де, міндеті де аса мол екендігін есте тұтқан абзал. Сондай мүмкіндіктердің бірі тілдік қолданыста әуезділік (Ахмет Байтұрсынұлы) пен баланың жас ерекшелігіне лайық сөз мағыналығын құнттау болып табылады. Поэзиялық шығармада әуезділік ұйқасқа негіз боларын ескерсек, қарастырылып отырған өлеңде өзара ұйқасып тұрған әрі өлеңге динамика дарытып тұрған негізгі сөздер « сылдырмақ », « сылдырлап », « былдырлап » сөздері. Аталған сөздердің өлең ішінде өзара үндесе қайталанып қолданылуы сөз мағынасын әлі де толық түсініп, қабылдауға қалыптаса қоймаған бөбектің өзіне алғашында әлдебір қызықты ойын сияқты әсер етеді. Сондықтан да сол өлеңнің мағыналық мәніне бойлай қоймаса да, өзіне қызықты көрінген сөздер жарасымына бола оларды есте сақтап қалуға, жаттап қалуға ұмтылады. Саналы түрде болмаса да, ана тілінің әуездігін, әуенділігін ішкі балаң түйсігі арқылы түйсіне бастайды. Өзіне қызықты сезілген сөздердің қандай мағына беретінін түсінуге талпынады. Басқасын айтпағанның өзінде, енді-енді айқын сөйлеп келе жатқан екі-үш жасар бала үшін бір өлеңді («Сылдырмақ») есту нәтижесінде ойыншық сылдырмақтың дыбысы сылдыр , бесіктегі бөпенің сөзі былдыр екенін біліп үйгеру оның тіл байыту жолындағы үлкен табысы болып табылары анық. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіруді мақсат тұтқан поэзия үшін зор жеңістік. Бұл - балаға құрғақ ақыл айтқаннан гөрі тиімді жол.

Психологтар үш жасар бөбек психологиясына тән негізгі ерекшеліктердің бірі ретінде осы кезеңде оның бойында өзіндік «Мен» түсінігінің пайда бола бастауын, соған орай бөбектің айналадағы құбылыстардың қай-қайсысына да өзінше қарауға ұмтылатынын, қай нәрсені де өзіне байланыстыра бағалайтынын айтады. Біз қарастырып отырған «Сылдырмақтың» бөбек ұғымына жақын болуының бір себебі бұл өлеңнің тындаушы бөбектердің әрқайсына тікелей арналғандай әсер етуі болып табылады. Бұл әсер өлеңде орнын дәл тауып қолданылған «бөпешім» деген сөзден туып тұр. «Бөпешім» сөзі өлеңде суреттелген сылдырмақты да, бесікті де, бесіктегі баланы да тындаушы бөбектің өзіне тели қабылдауына ықпал еткен. Егер бұл сөздің орнына буын саны бірдей шығатын «балдырған», «балақан», «балақай» сияқты сөздердің бірін пайдаланған жағдайда тындаушы бөбек өлеңді өзіне жақын қабылдамас еді, өлеңнің әсері де біршама солғын болар еді. Демек, балалар поэзиясында тілдік қолданыстың қай-қайсысына да шығармашылық жауапкершілікпен қараған жөн. Балаларға арналған өлең-жыр балаға етене жақын болуы қажет. Ол үшін өлеңдегі әрбір сөз, сол сөзге жүктелген мағына әрбір бала оқырманға тікелей байланысты болуы қажет. Балалар поэзиясына тән тіл көркемдігінің бір ерекшелігі де осында.

Поэзиялық туынды бала талғамынан шыға алатындай қабілетке ие болу үшін онда қолданылатын сөздің ұлттық тілдік қордан іріктеп алынған айрықша сөздердің қатарынан сұрыпталып шықпайтыны белгілі. Тіліміздегі сөздердің қай-қайсы да орайын тауып пайдаланған жағдайда көркемдік қызмет атқаруға қабілетті. Мәселен, жоғарыда сөз болған «Сылдырмақ» өлеңіндегі «бөпешім» деген атауыш мағына бір ғана сөздің өзі өлеңнің көркемдік әсерін арттыруда қаншалықты қызмет атқарғанын байқаған едік. Бұл жерде «бөпешім» сөзінің әсерлі болуының сыры негізгі түбір сөзге (бөпе) жалғанған қосымшалар (ш + ім) арқылы үстелген грамматикалық реңк (еркелету) пен грамматикалық мағына (меншіктеу) байланысты екенін айта кеткен жөн болар.

Жалпы балалар поэзиясының туындысы қай жастағы балаға арналса да қал-қадерінше оның тіл байлығын дамытуға үлес қосып жатса, құба-құп болмақ. Сонымен бірге поэзиядағы әуезділікті, дыбыстар мен сөздер жарасымын сезінуге қалыптасу арқылы бала бойында айнала дүние үйлесімін, жалпы жаратылыстағы жарасымдылықты сезіну дағдысы қалыптаса бастайды. Бұл - баланың эстетикалық талғамын қалыптастыру бағытына да поэзияның зор мүмкіндікке ие екендігін андататын ерекшелік. Балалар поэзиясының бала тәрбиесіндегі жан-жақты артықшылығы да осында.

  1. Балалар әдебиетінің үлгілері - бала тәрбиесінің құралы

Балалар әдебиеті-балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы-балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. Балалар әдебиеті-бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығармашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.
Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның қоғамдық ірі мәні бар. Өйткені балалар әдебиеті - жас ұрпақтарға ұлттық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелейді, озық ойларымен қаруландырады. Қандай қиыншылықтарды болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер-қайратын арттырады.

«Балалар әдебиеті қоғамда балалар субмәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін социомәдени құбылыстардың бірі» болғандықтан да, балалар әдебиетінің жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда балаға өткен дәуірдегі әдебиет үлгілерімен таныстыру үшін оларға ұғынықты тілмен жеткізе білуіміз шарт. Өйткені әр бала өзінің төл тарихы мен мәдениетін танып өсуі қажет. Сондықтан баланы ерте жастан қоршаған ортаны танып білумен қатар ежелгі тарихи жыр-дастандарды жаттап өсуіне ықпал етуіміз керек. Ол үшін әрине, ұлттық руханиятымыздағы ежелгі түркі дүниесіне ортақ қисса-дастандар мен аңыз-әңгімелерді бала санасына лайықты етіп, жас ерекшелігіне сай оқып үйрету қажет.

Адам бірден шешен болып тумайды. «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың» деген қанатты сөзде көп мағына жатыр. Әдемі әзіл, ойнақы қалжың қағытпа, ұстараның жүзіндей өткір уытты мысқыл кекесін, тапқырлық, терең логика-сол шешендік өнерге айтқыштыққа жеткізер жол іспетті. Халықтың әзіл әңгімелерінде осы бір асыл қасиеттердің қай-қайсысы да молынан. Қазақ халқы ертеден ойын-сауық пен әзіл-күлкіні, ән-күйді, өлең-жырды сүйген халық. Әй деп бір ауыз ән салмайтын қазақ жоқ десе де болғандай. Халық аудиториясы іспетті бір түрлі жиын-тойда, жастардың бас қосқан көңілді кештерінде екі адам кездесе кетсе, бірі бастап, бірі жалғастыра жөнелетін кәдуілгі әзіл-қалжың, күлдіргі әңгімелер етене аралас туындап жатады. Сондықтан да біз одан халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, эстетикалық талғам-тілегін айқын сезінеміз. Еңбекші елдің топтық санасының оянуына орай, халық қоғамдық өмірдегі озбырлыққа, қиянатқа қарсы әділ үкімін; дұрыс сынын көбіне-көп өзінің көкейінен жарып шыққан билік, шешендік сөздер арқылы білдіріп отырған. Бұл ретте еңбекші бұқара сөз требунасын шебер пайдаланған, халқымыздың сол шешендік сөздерінен қоғамдық өмірдің барлық аспектілеріне жауап табуға болады».

Олар күресті көп ретте юмормен жүргізеді. Бұл олардың өз күшіне берік сенімділігін, өз артықшылығын сезгендігінің тамаша айғағы еді, деп жазады Ф. Энгельс. Өзінің «Германиядағы шаруа соғысы» деген кітабының алғы сөзінде». Бұл тұжырымның билік, шешендік сөздерге де қатысы бар. Еңбекші бұқара күлкіні әзіл әңгімені, өз жауына қарсы жұмсар қару еткен.

Мысалы: Исатайға Жәңгірхан:

Қара тазыдай сылаңдап шыға бермей, қатарда жүрсең нетеді?- дейді сонда жарамсақ билердің шағыстырып келе жатқанын сезген Исатай:

- Алдыңда сылаңдап мен келе жатқанда, артыңда қарғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда, сені көткен құдай, жерден құмай тазы алар деп қорқып келесің бе? - деген екен. Осынау табан астында тауып айтылған бір сөзбен халық ханның қол шоқпары болған билерін итке теңеп, бір тойтарса, өз өкілінің ақыл ойы, парасатын олардан үстем етіп, бүкіл үстем тап өкілдерінің астамшылығына күйрете соққы бере білген. Ежелден фольклор тобында өмірдегі қарама-қайшылықтар; қастық пен достық, адамшылық пен зұлымдық, опасыздық пен баяндылық, толып жатқан жамандық пен жоқшылық жайы қатар көрініс тауып отырған. Тазша бала, Жиренше мен Алдар Көсе. Қожанасыр ізбасарлары іспетті жаңа да шешен, тапқыр да ақылды болып келеді. Өйткені, табиғат аясында көп дүниенің иесі болып өмір кешкен адамның көргені мен білгені, өмірден үйрене отырып түйгені көп. Сондықтан да олар кез-келген сұрақтың мәнін өз көзімен көріп өз қолымен ұстағандай тап басып, не бір қиын түйіндерді оп-оңай шешіп беріп отырады, сөйтіп қарсыласын дәлелді сөзбен ылғи да жеңіп шығады. Олардың сөз саптауы да өте айналымды, тілдің көріктеу құралдарын сақа пайдаланып, не оралымды ойларын маржандай жарқыратып жайып салады. Мұндағы тапқырлық пен ақыл парасат кімді болса да таң қалдырары хақ. Тапқырлыққа шынайы шындыққа негізделген билік, шешендік сөздерде философиялық, дидактикалық түйіндерде жиі кездесіп отырады. Осындай түйіндер даналықпен ойшылдықтан туындайтыны белгілі. Бір ғана «Қарыз бен парыз» деген әңгімені алайық. Бір адам кезінде жасаған жақсылығының қайтпағанына ренжіп, жолдасына әңгімелейді.

- Онда өкінетін ештеңе жоқ екен, достым. Өйткені біреуге қылған қайыр жақсылығың әлде бір алаяқ саудагердің кесшеге беретін қарызы емес, адамгершілік парызы, - дейді досы сонда. Онда философиялық мол мазмұн беріп тұрған шағын әңгімедегі тапқыр сөзге, логикалық ой түйінінің ұтымдылығына көңіл тояттайды. Мұндай әңгімелердің, әлеуметтік, адамгершілік мәні де зор. Өсіп келе жатқан ұрпақты жаман қылықтан сақтандырып, адал еңбек етуге тапқырлыққа баулыды. Шешендік сөзге тосындық, кездейсоқтық басты элементтердің бірі болып саналады. Оған тапқырлық, қиыннан қисынын кетіргіштік қосылғанда, бұл нағыз өнер туындысына айналды. Осы ерекшеліктеріне орай күтпеген жерден өткір тілмен, тапқыр оймен түйіндей қарсыласын бұлтартпай, халық даналығы тудырған көркем сөз үлгілерінің бір түрін - шешендік сөздер деп түйіндеуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы
Балалар әдебиетінің үлгілері
Балалар әдебиеті тілінің когнитивтік негіздері
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысы
Гумеров шығармалары өшпес мұра
Ана тілі сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz