Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе 3-6
1. Гендерлік ерекшеліктің теориялық негіздері
1. 1 «Гендер» туралы түсінік 7-11
1. 2 Мектепалды даярлық тобындағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктер 12-20
1. 3 Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері. Гендерлік индикаторлар 21-29
2. Мектепке баланы даярлаудың негізгі бағыттары мен түрлері
2. 1 Мектепке жүйелі оқуға 6-7 жастағы балалардың даярлығы туралы
түсінік 30-31
2. 2. Мектепке психологиялық даярлық түрлері 32-49
2. 3 5-7 жастағы балалардың оқу-әрекеті дағдыларының дамуы 50-54
3. Мектепалды даярлық тобындағы ұлдар мен қыздардың мектепке даярлығын анықтау
3. 1 Мектепалды даярлық тобындағы балалардың мектепке даярлығын анықтауға арналған зерттеу әдістері
3. 2. Мектепке даярлықты зерттеудің нәтижелері
Қолданылған әдебиеттер тізмі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: халқымыз балаға қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттеріне айналды. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның бәсекеге қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, дамыған 50 елдің қатарына қосылуға дайындық барысында білім беру саласында да көп реформалар жасалу қажеттігін атап көрсетті. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Бет бұрыс әлемдік жаһандану заманына алғашқы қадам болып табылады. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол - білім беру жүйесі.
Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елмен терезесін тең етіп өркендететін, сондай-ақ болашағын айқындап та беретін осы білім беру ісі. Жас ұрпаққа білім беру мәселесі отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін толық қамтиды, содай-ақ оның әрбір мүшесін бей-жай қалдырмайды. Мұнда мектепке дейінгі тәрбиенің рөлі ерекше орын алады.
Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңі аудара отырып, сапалы білім беру талаптарын қойып отыр. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Орта және кәсіптік білім комитетінің 1999 жылғы 15. 06. №97 бұйрығына қосымша «Мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы орта білім беретін мектептерде балалардың міндетті мектепке даярлығын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауы» шықты.
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуде елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып, 5-6 жастағыларды мектепке дайындау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің сақталуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтан да 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстаздар қауымын ерекше толғандырады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту тұжырымдамасында» 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп баруы тиіс делінген. Онда баланы оқыту, бағдарламаның үйлесімділігі, оны шаршаудан қорғау мақсатында оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, денсаулығына назар аудару, баланың оқуға деген құштарлығын арттыру көзделген.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты - 5-6 жасар баланың дене дамуы мен психологиялық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін, іскерлік пен дағдылардың алғы шарттарын пайымдай отырып, бастауыш мектепте білім алуға қажетті бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
Психологтар (Л. А. Венгер, В. С. Мухина, Л. И. Божович, Н. Г. Салмина) : «Баланы мектепке дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені», - дейді. [46]
Мектептегі оқуға даярлық жұмысын теориялық жағынан жан-жақты зерттегендер П. Я. Гальперин, А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин, Ю. И. Фаусек, Е. И. Тихеева, Л. Е. Журова, И. Шванцара, Л. И. Божович және т. б. ғалымдар оқуға дайындықты балабақшадан бастау қажет екендігін ғылыми негізде дәлелдеген.
А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, В. С. Мухина, А. А. Люблинская т. б. психологтар метепке даярлық ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, орындау тәсілдерін меңгеруін, өзін-өзі бағалай және бақылай алуына, мұғалімді тыңдап, материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады.
Л. А. Венгер, В. В. Холомская және басқа ғалымдардың зерттеулері мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығы, балабақшадағы оқыту деңгейін анықтады. Өзінің тұстастары және ересектермен қатынас жасау дағдысының, оқу-танымдық әрекеті бірлігінің, мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығының кемшіл болуы мектеп жасына дейінгі баланың дербес дамуындағы бірденбір үлкен бөгет. Жеке тұлғаны қалыптастыруда мектепке дейінгі 5-7 жастағы ересек балаларды қамтитын, мектепке даярлаудың мақсатты және жүйелі жұмыстардың атқарар рөлі зор.
Қазіргі педагогикалық-психологиялық зерттеулерде балаларды мектепке даярлаудың ерекшеліктерін көрсететін Л. И. Божовичтің, Р. С. Буренің, Л. А. Венгердің, Я. А. Коломинскийдің, Е. А. Танько және т. б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Онда мектепте оқытудағы аса қажетті қасиеттер: тәжірибелік ой жұмыстарының қарапайым дағдылары, мінез-құлық қалыптасуының жайы, адамгершілік-жігерлілік сапалар кеңінен сөз болады.
Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына көніп, осында ер жетеді. Осы тұрғыда психология мен педагогика ғылымына енген жаңаша бағыт - гендерлік білім мен гендерлік тәрбие беру. Гендер - адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап бала өзінің қандай жынысқа жататындығын түсіне бастайды. Белгілі бір жынысқа тиістілік - бұл баланың өз «менін» ұғынатын бірінші категория. Біз ұлдар мен қыздар туралы айтқан кезде, әрдайым олардың психологиясы мен мінез-құлықтарындағы айырмашылықтар туралы айтамыз. Мұндай айырмашылықтардың зерттелуі В. В. Абраменко, Р. Бэрона, Д. Ричардсон, В. Е. Кагана, А. В. Либина, И. И. Лунина, Т. И. Юферова сияқты ғалымдардың эмперикалық зерттеулерінен көрінеді. Кез келген қоғамда бала өз жынысына сай ұл немесе қыз рөліне тәрбиеленуі тиіс. Мінеки, дәл осылай балабақшада да қыз бен ұл мектепке барарда гендерлік ерекшеліктері бойынша даярлануы тиіс. Қыз бен ұл баланың танымдық іс-әрекетте, заттық іс-әрекетте, бірлескен еңбек әрекетінде, ойындық әрекетінде де айырмашылықтар бар.
Мектепте оқытудың нәтижелі болуы ең алдымен, балалардың мектептегі оқуға алдын-ала гендерлік ерекшеліктері бойынша жалпы және арнайы тұрғыдан дайындығына байланысты. Егер бұл дайындықтар жүзеге аспаса, онда мектепке «дайын емес» бала пайда болады. «Дайын емес» балаларда оқуды қажетсінбеу пайда болып, оған ынтасы төмендейді. Сондықтан балаға мектеп табалдырығын аттатпас бұрын, оны жан-жақты даярлап алу керек.
Зерттеу пәні: Балалардың мектептегі оқуға даярлығының гендерлік ерекшеліктері.
Зерттеу обьектісі: Мектепалды тобындағы балалар.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың гендерлік ерекшеліктері және оқуға даярлық ұғымын теориялық тұрғыда негіздеу, қыздар мен ұлдардың мектепке даярлығын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- «Гендер» түсінігіне анықтама беру, гендерлік ерекшелікті теориялық тұрғыда негіздеу;
- Баланы мектепке даярлаудың негізгі бағыттары мен түрлерін жүйелеу;
- Мектепке даярлықты анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- Мектепалды жасындағы ұлдар мен қыздардың мектепке даярлығын анықтау, салыстырмалы түрде көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер баланың мектепке даярлауда олардың
гендерлік ерекшеліктерін ескерсек, онда мектепке даярлау жұмысын жүргізу жеңілге түседі.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының барлық ресми құжаттары; осы мәселе бойынша бар оқулықтар мен оқу құралдары.
Зерттеу базасы: Семей қаласындағы № 6 «Нұрсауле», № 7 «Ақбота», № 2 «Айдана» бала бақшалары.
Зерттеу әдістері: Керн-Йерасектің төрт субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тестісі; «Сөзді есіңде сақта» әдістемесі; «Графикалық диктант» әдістемесі; «Нүктелерді қой» әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, зерттеу бөлімінен, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 Гендерлік ерекшеліктің теориялық негіздері
1. 1 «Гендер» туралы түсінік
«Гендер» термині (әлеуметтік жыныс, жыныс мәдениетінің өнімі ретінде) салыстырмалы түрде жақында пайда болды(1975) . «Гендер» ағылшынның «жыныс» деген сөзі. Гендер - адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Яғни гендер дегеніміз - ер адамдар мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылықтарға әлеуметтік баға беру, солардың арасындағы қарым-қатынастарды әлеуметтік жолмен құрастыру. Ерлер мен әйелдер арасындағы мінез-құлық, алға қойған мақсат, қоршаған әлемді қабылдау, т. б. мәселелердегі ерекшеліктер гендерлік рөл деп аталады. Гендерлік өзгешелік - әр жыныстың өзіне тән қасиеті мен ерекшеліктері, өмірлік қызметі сияқты мәселелер. Гендерлік ерекшелік - әр жыныстың өзіне тән қасиеті мен ерекшеліктері, өмірлік қызмет сияқты мәселелері. Гендерлік құрылым 4 жақты: биологиялық жынысымен, гендерлік стереотипімен, гендерлік нормамен, гендерлік ұқсастығымен толықтырылады. Гендер ұғымын нақты түсіну үшін мына категориялардың анықтамасын білу керек:
Гендерлік стереотип (таптаурын) бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқы мен кескін-кейпінін, қарапайым, тұрақты, көңіл-күй тұрғысында алынған бейнесі. Еркектің үстемдік жағдайын, әйелдің нәзік жыныс екенін көтермелеу. Яғни, әйелге үй тауқыметі, бала тәрбиесі, отбасын сақтаушы ретінде қарау. Бұл таптаурындар қалай пайда болды? Бұл тарих талқысынан өтіп, түрлі наным-сенімге, мәдениет пен еңбек бөлінісіне сәйкес қалыптасты.
Гендерлік ұқсастық - адамның өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретіндегі күйзелісін суреттейтін өзін-өзі тану аспектісі. Кез келген қоғамда бала өз жынысына сай ұл немесе қыз рөліне сәйкес тәрбиеленуі тиіс. Отбасында баланың гендерлік әлеуметтенуі ата-ана мен туған-туыстар арқылы жынысына сай көзқарасынан басталмақ.
Гендерлік рөл ерлер мен әйелдер арасында әлеуметтік өзгешелік негізінде туындайды және олардың қалай сезінуі, әрекет ету қажеттігін анықтайды.
Гендерлік әлеуметтену - бұл адамның өзінің гендерлік рөлін игеру процесі. Осы процесс арқылы ер мен әйел ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, өз жынысының тиісті құндылықтарды, қажеттіліктерді үйренеді. Балаларды қазақ отбасында гендерлік әлеуметтендіру - ұлтымыздың ұрпағына тағылым берудегі жыныстық тәрбие мәселесі оның қызға қатыстысы ер балаға қатысты тәлімдік үлгілері бүгінгі күн талабына сай қарастырылуы кезек күттірмейтін іске айналды. [1]
Гендерлік психология тарихында бес кезеңді бөліп көрсетуге болады:
- Философия ауқымына сәйкес ойларды өңдеу. (Антикалық кезеңнен 19-шы ғасыр аяғына дейін) .
- Гендерлік психология пәні және тарауларының қалыптасуы (19-шы ғасырдың аяғы - 20-шы ғасырдың басы)
- «Фрейдтік кезең» З. Фрейд есімімен және психоанализбен байланысты (20-шы ғасыр басы - 1930-шы жылдар) .
- Ауқымды эксперименттік зерттеулердің басталуы және алғашқы теориялардың пайда болуы (1950-1980-ші жылдар) .
- Гендерлік психологияның қарқынды дамуы(1990-шы жылдардан бастап қазіргі кезең) .
Антикалық кезеңдегі зерттеулер жайлы айтқанда Платон мен Аристотель есімдері аталады. Платон Афинский (427-347ж. ж. б. з. д. ) өзінің «Пир», «Мемлекет», «Заңдар» және т. б. еңбектерінде андрогин түсінігін енгізген және жынысқа қатысты ойларын айтып, ерлі-зайыптылық қатынасты қарастырған. Платон әйел мен еркектің қасиеттерін иеленген тіршілік иесі - андрогиндер (грек тілінен аударғанда andros-еркек және gyne немесе gynaikos- әйел) туралы аңызды қолданған. Зевс құдайы адамдардың батылданып және бағынбай кеткендігі үшін оларды екі жартыға бөлген. Яғни әйел мен еркек - бүтін адамның екі жартысы және олар тек қосылғанда ғана (бір-бірін жақсы көргенде) бүтін бола алады (екі жарты бір бүтін) . Платон некелесуге де норма ұсынған, бала тууды шектеу керек деп есептеген: ер адамдар тек 30-дан 55жасқа дейінгі кезеңде балалы болуға тиіс.
Аристотель Стагирит (384-322ж. ж. б. з. д. ) . Платоннан айырмашылығы, оның көзқарасы «антифеминистік» болды. Оның ойынша еркекте - 37жасқа дейін бала болу керек, ал әйелде - 18жасқа дейін (мұнда еркек әлеуметтік жағынан пісіп жетілсе, ал әйел биологиялық жағынан) . Аристотельдің ойынша әйел мен еркек тең емес тіршілік иелері. Әйел балаға денесін береді, ал еркек жанын береді. Жан денеге қарағанда өте күшті. Еркек норма, әйел одан ауытқушылық. Еркек жоғары, ал әйел табиғаты бойынша төмен. Еркек басқарады, әйел бағынады.
Қайта өрлеу дәуіріндегі утопист Томас Мор (1478-1535) өзінің «Алтын кітабында» ізгі мемлекетті сипаттады. Онда еркектер мен әйелдердің еш айырмашылығы жоқ: бұл ғылыми, өнер, қоғамдық және дәстүрлік әрекет; әскерге бару (бірақ әйелдер ерлерімен бірге ғана барғаны анық) . Жоғары қызметте еркекте және әйелде бола алды. Некелесу махаббатқа емес, олардың мінездерінің ерекшеліктеріне, ұқсастықтарына негізделді, ерлі-зайыптылар жұбын ата-аналар таңдады.
Томмазо Кампанелла (1568-1639) «Күн қаласында» шынайы қаланы суреттейді. Еркек пен әйелдің білім алуының айырмашылығы жоқ болды, тіпті киімдері де ерекшеленбеді. Бірақ бір айырмашылығы: еркектер ауыр, физикалық жұмыстарды орындады, ал әйелдер баланы дүниеге әкелді.
Ағылшын жазушысы Мэри Уоллстоункрафт (1759-1797) ойынша «табиғи» бейімділік және еркек пен әйелдің ерекшеліктері тәрбиенің нәтижесі болып табылады. Қыздар сәнқой және қуыршақтармен ойнайды, ал ұлдар басқа шулы, белсенді ойындарды ойнайды. [54]
Артур Шопенгауэр (1788-1860) әйел мен еркектің психикалық процесінің айырмашылықтарына назар аударған: еркектерге - абстрактті (дерексіз) тән болса, ал әйелдер үшін - нақтылық тән. Еркектерге әділеттіліктің абстрактілі ойы түсінікті болса, ал әйелдер нақты адамға жанашырлық танытып, көңіл білдіреді.
«Феминизм» түсінігі (латын тілінен аударғанда femina - әйел) 19-шы ғасырдың 1-ші жартысында француз тілінде пайда болды. Францияда феминизм Ұлы революция кезеңінде 18-ші ғасырдың аяғында туындады. Бұл кезеңде Олимпия де Гуж өзінің «Әйелдер құқығы декларациясымен» шықты. Бұл декларацияда әйелдердің еркектермен тең құқықта болуы көзделді.
Әлеуметтік ғылымдарда «гендер» түсінігі 20-шы ғасырдың 60-70-ші жылдарында қолданыла бастады. Оның ғылымға енуін Р. Столлердің «Жыныс және гендер» (1968) және Р. Унгердің «Жыныс және гендердің редефинциясы туралы» атты еңбектерімен байланыстырады. Мұнда «жыныс» сөзі адамның тек биологиялық бағыттарына қатысты айтылды, ал «гендер» сөзі тек әлеуметтік, мәдени және психологиялық бағыттарда талқылануда қолданылды.
Гендерлік бағыттың дамуына феминистік антропологиялық ауқымда орындалған зерттеулер белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосты (М. Мид, М. Розальдо және Ламфере, Ш. Ортнер) . Олар екі жыныстың әлеуметтік теңсіздігін, әйел мен ердің рөлдерін талқылады. Антропологияда алғаш рет әйелдің қоғамдағы әлеуметтік статусының төмендігінің себептері талқыланды. Ғалымдардың зерттеуінше жыныстық ерекшелік - бұл әйел мен еркектің арасындағы биологиялық айырмашылықтың нәтижесі емес, ол әлеуметтік тәжірибе барысында қалыптасқан және оның өзгеруі мүмкін.
Осы кезеңдегі психологиялық зерттеулерде жыныстардың теңсіздіктерінің себептеріне және биологиялық дамуды сынауға бағытталған. Г. Рубин, Р. Ангер, А. Рич және басқаларының зерттеулері қоғамдағы жыныстық рөлдердің бөлінуін зерттеуге бағытталған.
Гендер мәселесіне баса назар аударылуы жеке тұлғаның қоғамдағы әрқилы іс-әрекет түрлері көріністерінің күрделі динамикалық жиынтығымен байланысты әртүрлі аспектілермен міндеттелген. Тарихи-педагогтық талдама гендер сөзінің 20-шы ғасырдың 70-жылдарының соңынан бері кеңінен таралған феминистік термин екенін көрсетті. Бұл термин ер адамның және әйел адамның мінез-құлықтарының белгілері мен сипаттамаларының, өмір сүру салтының, ой бейнелерінің, нормаларының, тілектерінің, өмірлік ұмтылыстарының және т. б., кешенін білдіретін жыныстың әлеуметтік-мәдени құрылымы. Адамның генетикалық тұрғыда берілген анатомиялық-физиологиялық белгілерінің жиынын анықтайтын биологиялық жынысқа қарағанда, гендер белгілі бір тарихи кезеңде нақты әлеуметтік-мәдени контекстіде құрылады, демек, ол уақыт пен кеңістікте ерекшеленеді. Жыныс - эволюцияның нәтижесі болса, гендер- әлеуметенудің өнімі болып табылады.
Теориялық әдебиеттердің зерттелінуі гендердің әлеуметтік тәуелдіктердің бірі ретінде страттық талдауды жүргізуде кеңінен қолданылатынын дәлелдейді. Жыныстық, жас ерекшеліктік сипаттама, қоғамдық көзқарас, адамдардың денсаулығының және т. б., мониторингтерін жүргізуде аса маңызды. Осы тектес зерттеулердің ішінде екі пункті ерекшеленеді: 1) гендер әлеуметтік-демографиялық категория ретінде; 2) гендер әлеуметтік конструкция ретінде.
Қазіргі таңда гендердің әлеуметтік-демографиялық категория ретінде қолданылуы едәуір танымал. Гендердің осылайша қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-дәрігерлік зерттеулерге тән. Бұл тұрғы жыныстың дәстүрлі әлеуметтеуінің әйел затын зерттеуде талқыланатын идеяларымен комбинациясы болып табылады. Осы тұрғының шеңберінде бір жағынан жыныс биологиялық дерек ретінде және гендер әлеуметтік конструкция ретінде ерекшеленсе, екінші бір жағынан әлеуметтік конструкциялар ретінде екі биологиялық жыныстардың қолданылуы оғаш болып көрінбейді. [54]
Әдебиеттердегі және шет елдер тәжірибесінің талдамасы гендерді зерттеуде жас ерекшелік сипаттамаларды ескеру қажет екенін көрсетеді. Балалардың гендерлік сауаттандырылуы олардың әлеуметтену мәселелерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған. Баланың ұл немесе қыз бала ретінде өзін-өзі идентификациялауы, демек, солайша нақты әлеуметтік рөлді қабылдауы оның негізгі бөлігі болып табылады.
1. 2 Мектепалды даярлық тобындағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
Балалар ағзасының мүшелерінің құрылысы мен қызметінде ересек адамдармен салыстырғанда ерекшеліктер бар. Себебі балалар өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Қалыпты жағдайда өсу және даму үрдістері үздіксіз жүреді және өзгерістерге ұшырайды. Ондай жағдайды осы екі фазаның гетерохромдылығы деп атайды. Яғни сан жағынан пайда болған өзгерістер белгілі уақыттың аралығында кенет өзгеріп, ағза жаңа сапалы өзгеріске ауысады. Сонда дененің бір бөлімінің мөлшері дененің басқа бір бөлімінің мөлшеріне теңесетіні байқалады. Бұлшықеттердің күші мен қозғалу қарқыны ақыл-ой әрекетіне сай келеді. Соның нәтижесінде гармониялық немесе үйлесімді даму жағдайына жетеді. Дененің дамуы әлеуметтік-экономикалық және табиғи климаттық факторлар әсерінен түзілетін ағзаның морфологиялық және физиологиялық белгілерінің жиынтығы сондықтан да, дененің дамуы өмір сүру жағдайында өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге әсер етеді.
Бір жастан жеті жасқа дейінгі кезеңдегі аралық бейтарап балалық шақ деп аталады. Өйткені бұл жаста ұлдар мен қыздардың бір-бірінен салмағы мен бойында ешқандай айырмашылықтары көрінбейді.
Әр түрлі авторлардың осы бір жас ерекшелік кезеңдеріне мінездеме бере отырып, физикалық даму көрсеткіштерінің өзгермейтін стандарты болмайтындығын көрсетеді (А. Г. Цейтлин, Б. А. Никитюк) . Осы авторлардың пікірі бойынша адамның өсу және даму процестерінің көрсеткіштері жеке ерекшелік қасиеттеріне байланысты.
Бала ағзасының өсуі мен дамуының біркелкі болмауы тек дененің өсуіне әсер етіп қоймай, сонымен бірге психиканың да дамуына да әсер етеді. Біркелкі жастағы балалардың өзінде психикалық даму дәрежесі әртүрлі болады. Ол тек жеке басындағы ой-өрісінің дамуына байланысты болып қана қоймай, сонымен бірге баланың тәрбие жағдайына да тәуелді. Мүшелер мен жүйелердің дамуы балалар ағзасының мектепке барғанда жас ерекшелік кезеңдерінде де жетіле береді. Бірақ та дамудың алты жеті жасында баланың мектепке оқуға баруын қамтамасыз етеді. [14]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz