Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3 бет
І тарау. Оқытудың жаңа технологияларыны теориялық негіздері
- Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық - психологиялық негіздері 9 - 17 бет
- Дамыта оқыту технологиясын қолдану - оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарының бірі 18 - 31 бет
ІІ тарау. Математика сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
- Бастауыш сынып математика сабақтарында оқытудың жаңа технологиясын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы 32 - 48 бет
- Оқытудың жаңа технологиясын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе
нәтижелері. 48 - 52 бет
Қорытынды 53 - 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 - 56 бет
Қосымшалар 57 - 62 бет
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу - тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Білімнің іргетасы да балаға бастауыш сыныптарда қаланады.
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керекті», - деген болатын. Олай болса қатардағы қазақ азаматын болашақ ұлттық маманды даярлау осы бастауыш мектептен басталады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог - ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А. И. Берг, В. П. Беспалько, Б. С. Блум, М. В. Кларин, И. Я. Лернер, В. Оконь, Б. Скинлер, Н. Ф. Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Баланың кейінгі және болашақтағы білім бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі - білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін сабақты бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кезкелген технологияны таңдауға ерікті. Математика пәні - реалды ақиқатының ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жасанды (математика) тілдер туралы қалыптастыруға, дүниені математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға мүмкіндік ашатын жетекші пән ретінде қарастырылады. Бастауыш саты - оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешіп орындаудан ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап - бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану - айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысының белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы атап көрсетілген.
Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу - танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті және әртүрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер.
«Міндетті деңгейге» бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс - әрекеттер ұйымдастыру көзделеді.
Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой - өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс - әрекетпен ұштасатын материалдар жатады.
Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Сондай - ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі»
Дамыта оқыту технологиясындағы ең басты нәрсе оқушыларды шығармашылық әрекетке енгізу болып табылады. Мұның өзі оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін құру», «аналогтарды пайдалану», объектінің жаңа қызметін көру, т. б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс - әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттерімен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп, қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынатындығы атап көрсетілген»
Біздің пікірімізше, мұғалімнің қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту жағдайындағы басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуға тиіс, өйткені «мұғалім» деген терминнің өзі оның қазіргі кезең талаптарына сәйкес қызметінің мән мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Бірінші кезекке оқушыны бұрынғыша пәндік білім, білік және дағдының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оның оқу - танымдық әрекеті негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу қойылып отырған қазіргі кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың оқу танымдық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру және басқару болып табылады. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, енгізілген жаңа буын оқулықтары көпдеңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгенімен ерекшеленеді. Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отырғанын байқау қиын емес. Біз зерттеуімізде Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин ойларын басшылыққа алып, осы ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. Дегенмен, оқытудың жаңа технологияларын математика сабақтарында қолданудың нақты жолдары, оны қолдану арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру мүмкіндіктері нақты зерттеліп болмағандығын байқаймыз. Осы бағыттағы жұмыстарды нақтылау жолдарын іздестіру зерттеу проблемасының «Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» атты тақырыбын айқындайды.
Зерттеу мақсаты:
Математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдарынғылыми теориялық негіздеп, дидактикалық жолдарын, шарттарын анықтау.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сынып оқушыларын математиканы үйретуде жаңа технологияларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу міндеттері: 1) Мектептің бастауыш сыныбында математиканы оқыту барысында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін көтеруді ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу; 2) Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқытудың жаңа технологиялары жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, оқытудың жаңа технологиялары оқушыларды жан - жақты дамытып, өз ойын тұжырымдап айта білуге, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.
Зерттеу әдістері:
- қарастырылып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
- бастауыш сынып математикасы пәні бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау;
- оқытудың жаңа технологияларын қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- оқушылардың даму үрдісін бақылау;
- мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау;
- оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдау,
- тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері:
І - кезеңде (06. 2007 - 10. 2007) тақырып таңдау және оған материал жинақтау, түрлі әдебиеттермен танысу, іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Эксперименттің мақсат - міндеттері белгіленеді, зерттеу болжамы жасалды. Теориялық әдістемелік әдебиеттерге шолу жасап, озат педагогикалық тәжірибеге талдау жасалды.
ІІ кезеңде (11. 2007- 09. 2008) материалды жинақтауда одан әрі жалғастырып эксперимент жұмысын жүргізу. Эксперимент жұмысы, 4- сыныптарда жүргізілді, нәтижелері талданып, қорытындыланды.
ІІІ - кезең (09. 2008 - 01. 2009) аралығында эксперимент жұмысы қорытындыланып, пікірлер мен ұсыныстар дайындалды.
Зерттеу базасы: Атырау қаласы №19 мектебі және Новобогат орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген.
І тарау. Оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері
1. 1. Қазіргі оқыту технологиясының психологиялық- педагогикалық негіздері
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу, білім алу деген сөз.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез - келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық, және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. әр кезеңге сай оқыту туралы теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл - ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі. Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп жүрміз. Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен «инноватика» ұғымының мәні, латынның «іn - novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын беретіндігіне тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.
Білім беру саласындағы жаңалықтар:
- ұйымдастырудағы:
- технологиялардағы;
- оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі, - деп үш топқа бөлінеді
Француз ғалымы Э. Брансуик педагогикалық жаңалықтардың 3-мүмкін түрін бөліп қарайды:
1. Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.
- Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейкестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану арқылы жаңа нәтижелер беретін жаңалық.
Қолданылып жүрген технологияларды келесі түрлерге бөліп жіктеуге болады:
- дамыта оқыту жүйесі (Л. В. Занков)
- дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов)
- тұлғаның шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі (И. П. Волков, С. С. Альтшулер)
- жеке адамға бағытталған дамыта оқыту (И. С. Якиманская)
- өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Г. К. Селевко)
-Г. С. Альтшуллердің (ТРИЗ) тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі.
Л. Г. Петерсонның математиканы кезеңдеп оқыту жүйесі.
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы .
Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы.
Е. Е Шулешконың сауаттылыққа ерте және қарқынды оқыту технологиясы.
Оқушылар қызметін қарқындату, интенсивтендіру және белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технология.
Ойын технологиясы: проблемалық оқыту, шет тілі, мәдениетті оқытудағы коммуникативті технология (Е. И. Пассов) . Оқу материалының белгілеу моделі мен сызбасы негізінде оқытудың интенсивтендіру технологиясы.
Оқыту процесін ұйымдастыру және нәтижелі басқаруға негізделген педагогикалық технология.
Түсіндірмелік басқарудағы тірек сызбасын пайдалану арқылы перспективалық оқыту (С. Н. Лысенкова) .
- деңгейлік зерделеу технологиясы.
- міндетті нәтиже негізінде деңгейлік зерделеп оқыту (В. В. Фирсов) .
- ұжымдық оқыту әдісі.
- топтық технология.
- компьютерлік (жаңа ақпаратты)
- бағдарламалы оқыту технологиясы
- жекелеп оқыту технологиясы (А. С. Границкая)
- баланың қызығушылығы бойынша жеке ыңғайда оқытуда мәдениетке тәрбиелеу технологиясы (И. Н. Закатова), т. б.
Қазіргі кезде көпшілік назарын өзіне аударып отырған идея - дамыта оқыту идеясы. Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім жүйесіндегі орны түрліше.
Технологиялық процесс - технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижелерге бағытталған. Дамыта оқыту жүйесіндегі технологияның классификациялық сипаттамасы төмендегідей:
- Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық;
- Философиялық негізіне қарай: гумандық;
- Психикалық даму факторына қарай: социотектік, психотектік;
- Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық; дамытушылық;
- Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік;
- Басқару типіне қарай: шағын топтар жүйесі;
- Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтастық, топтық және жеке;
- Балаға қатынас танытатын әдісіне қарай: тұлғалық, бағдарлық;
- Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы;
- Оқушылар категориясына қарай: жалпы;
- Жетілдіру бағытына қарай: балама.
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік әдістеріне қарай төмендегіше топтауға болады.
1. Тілдік өріс. Бұл топ жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н. А. Зайцевтің: каллиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е. Н. Потапова және басқа да технологияларымен сипатталады.
2. Математикалық өріс. Бұл топқа П. М. Эрдниев және Б. П. Эрдниев т. б. жасаған технологияларды жатқызамыз.
Республикада бастауыш мектептегі оқыту мазмұны жаңартылды. Жаңа мазмұнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық идеясы, мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану қатаң талап етіліп отыр.
Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұштау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде бейімдік пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі болып саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі мектептердегі жаңарту процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Бұдан, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада «қарапайымнан күрделіге қарай», «нақтыдан абстрактіге қарай» деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: «А» әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялық жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Бастауыш мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. В. А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, бала өз күшіне деген сенімін ешқашанда жоғалтпауы, өзінің қолынан еш нәрсе келмейтінін сезінбейтін болуы тәрбиешінің педагогтық көрегендігі болып табылады. Әрбір жұмыс оқушы үшін титтей де алға қарай ілгері болуы қажет. "Баланың білместігін құрметтей біліңдер" - поляк педагогы Януш Корчактың осынау сөздерінің мұғалім үшін маңызы зор.
Бастауыш саты - оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі "арнамен жүруін" қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты жаңа түзілімдер пайда болады.
Бастауыш сыныптарды математиканы оқыту мына сияқты өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді деуге толық негіз бар:
- Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларын белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
- Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру.
- Дамытушылық - логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
- Практикалық - меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен бапйланысты білік қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, үйымдастыру түрлерін іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz