Түс - сыршырайдың жаны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны:
Мазмұны: Кіріспе 6
Мазмұны:
Мазмұны: 1 кескіндеменің Бейнелеу өнерінде даму
Мазмұны: тарихы 10
Мазмұны: 1. 1 Бейнелеу өнерінде табиғат жанырының дамуы 20
Мазмұны:

1. 2 Табиғат жанырының түрлері: индустралды, қала табиғаты, ауыл

табиғаты т. б 23

Мазмұны: 1. 3 Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы табиғат жанры 29
Мазмұны:
Мазмұны: 2 Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті және жастарды тәрбиелеуінде мәні
Мазмұны: 2. 1 «Дала сыры» атты дипломдық жұмыстың таңдалуы,
Мазмұны: мақсаты мен міндеттері 39
Мазмұны: 2. 2 Майлы бояудың техникасы және техналогиясын қолданылатын
Мазмұны: құрал-жабдықтары 45
Мазмұны: 2. 3 Табиғат туындылары арқылы жастарды тәрбиелеуде туған жерге
Мазмұны: деген отанға сүйеспеншілігін арттыру әдістемесі бойынша сабақ жоспарлары 57
Мазмұны: 2. 3. 1 Тақырыбы: Бейнелеу өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу
Мазмұны: арқылы эстетикалық тәрбие беру 57
Мазмұны: 2. 3. 2 Тақырыбы: «Жас суретші» атты үйірме жоспары 59
Мазмұны: 2. 3. 3 Тақырыбы : Бейнелеу өнерінде түстану және бояу
Мазмұны: үйлесімділігінің ерекшіліктері 61
Мазмұны:
Мазмұны: Қорытынды 64
Мазмұны: Қолданған әдебиеттер 66
Мазмұны: Қосымша 69

Кіріспе

Қазақстанның дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден- бір құдірет - білім және білімді ұрпақ. Қазіргі таңда көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған міндет - біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден - халық педагогикасын оқыту үрдісінде пайдалана отыра, ұлттық тәрбие беруде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыра отыра, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халқымыздың ұлттық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты, қайырымды, мейірімді болсын деген үмітпен ата-баба тәлімін әрқашан мұра тұтып келген.

Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен ұштастыру-басты парыз. Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәлім-тәрбие тағылымын басшылыққа алуымыз керек.

Қоғамның негізгі мәселелерінің бірі прогрессшіл дәстүр болып саналса да, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт санасы, көркем шығармашылық көз қарасы - әдет ғұрпы, мәдени байланыстар болып табылады. Халықтың әдет ғұрпы, тарихымен дүние танымымен зерделеп жаңаша көз қараспен шығармашылық дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда мектеп оқушыларыда арнайы үйірмеде сыршырай техникасыдамытуда және көркем білім берудегі әсемдік арттыруда, өзекті мәселе ретінде туындап отыр.

Дипломдық жұмыстың тақырыбымен: бейнелеу өнері түрлері туралы түсінік беру; түстану ерекшіліктері; табиғат көрінісін бейнелеу сабақ жоспарлары жүргізілді. Осы қарастырылған сабақ жоспарларында келесі мақсаттар алға қойылды:

- бейнелеу өнері түрлері туралы түсінік беру - оқушыларды бейнелеу өнері түрлерімен толық таныстыру. Графика, сыршырай, мүсін, қолөнер, дизайн, саулет өнері жайлы мағұлмат беру.

- түстану ерекшеліктері - бояу түрлерімен таныстыру, олардың қасиеттерін білуге үйрету. Ұлттық нақыш бояулар жайлы әңгімелеу, көркем туындылармен таныстыру.

- табиғат көрінісін бейнелеу - оқушыларға табиғат көрнісін бейнелеудің үлгілерін үйрету. Табиғат көрінісін бақылап этюд жазуға бейімдеу. Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылар дағдысын қалыптастыру.

Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту;

-құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;

-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

Дипломдық жұмыс барысында ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Осы орайда Англия табиғат кескіндемесі, Барбизон мектебі, импрессионистер, орыс суретшілері және Қазақстан суретшілерін еңбектері терең зерттеледі. Келесі көкейкесті мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбы себепші болған «Дала сыры». Осы салада туған жердің тарихы, аймақтың тарихы, климаттық ерекшелігі тереңірек қарастырылды. Табиғаты әсем киелі жерлердің бірі. .

Ежелгі бейнелеу өнеріндегі мәдени рухани мұралардың алатын орыны ерекше. Қола дәуіріндегі жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттердің өзіндік ерекшіліктері бар. Ертедегі адамдар жартастың тегіс бетіне қатты да үшкір тас құралдармен жануралар, күн бейнелі адамдар суреттерін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Жартастарындағы суреттер-петроглифтердің саны және әр алуандығы жөнінен Қазақстан әлемдегі мұраға бай мемлекеттің бірі. Қола дәуірінің тасқа қашалып салынған қайталанбас суреттері Сарыарқаның кең аймағындағы қойтастарда тұнып тұр. Ашық аспан астындағы ғажайып галерея, бір ғана қошқарда, жылыкөлде, құсшыда астам суреттер бар. Ақтоғай, Ақсу-Аюлы, Атасу өңіріндегі біздің заманымызға дейінгі XIII-VII ғасырларға сәйкес келетін ірі тарихи мұралар (обалар, зираттар кешені, таңбалы тастар, бейнелі мүсіндер) сол кезеңнің өзіндей-ақ бұл аймақта металл өндіру мен қолөнердің, егіншілік пен мал шаруашылығының, сәулеттілік пен құрылыстың жоғары сатыда өркендегеніне айғақ болып отыр.

Ата-бабаларымыздың рухани-мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Ал эстетикалық тәрбиенің міндеті жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнеріндегі, табиғаттағы, халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқауға алатын азамат тәрбиелеу. Ал күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, байқау, пайдалану үшін жастардың халық өнеріндегі, ұлттық тарихи дәстүрдің танымдық қасиеттері жоғары салауатты өнердің түрлі салаларын жанға рухани азық, ләззаттын ала алатын, сезім-түсігі ұшқыр, ақыл ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге, тарихи дәстүрге, ұлттық өнерге эстетикалық көзқарасы оның өмір мен қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.

Сухомолинскйй: «Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, онда бейнеленген образдар оның жүрегі мен зердесінде мәңгі қалатын болсын»-деп жазған екен. Әсемдік санаты заңғар жазушының шығармаларында табиғатты сипаттауда, мінез - құлық қарым -қатынасты суреттеуде де басты рөль атқарады.

Жас өскінге эстетикалық тәрбие беруде басты назар аударуға лайықты нәрселердің бірі- табиғат сұлулығы. Табиғат сұлулығы М. Әуезовтың «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Көксерек», «Қараш-Қараш» сияқты шығармаларында көрініс табады. «Майдың күні. Көк жетіліп, көк жапырақ молайған. Жаңа шыққан алкүрең жасыл шөппен дала жасарған… Жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап шыққан қызғалдақтың сары гүлдері көз қуантып жайнап тұр» осындай қуатты сезімнен туған суреттеулер адамның эстетикалық көзқарасын ұлғайтып, талғамы мен сезімін қалыптастырады. Табиғат сұлулығын көз алдымызға тайға таңба басқандай әкеледі.

«Жапырақ жетілген жас қайың, өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, ойнамалы жүйрік өзен, толқындаған жасыл шалғын, өзектің екі жағындағы қатарланғанбиік жартас, өзен бойындағы ойнап ұшқан жыршы құстардың бәрі-сайды жаңа түскен кел іншектің отауындай жайнатады».

Суретшінің бояумен жазған суреті, жазушының сөзбен салған суреті өрнектелген табиғаттың сұлулығын көз алдымызға әкеледі. Осы сұлулықты сезген оқушының бойында сұлулық сезім оянады, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдалады. Айналасын қоршаған табиғаттың берген сыйын аялауға үйренеді, оқушының эстетикалық құштарлығы қалыптасады.

Сондықтан біз халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық дамуын үлкен парасаттылық, жоғары кемелдік биігінен көруге тиіспіз.

1 кескіндеменің Бейнелеу өнерінде даму тарихы

Сыршырай-өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде өнер дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрі бір сыршырайды жасап, дами берді.

«Басқа өнерлердің арасында сыршырай суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін -бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы-осының бәрі сыршырайға өз міндеттерін шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан сыршырайға қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаҺарлы да асқақ аспанды, мөлдір-сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы сыршырай өнері көрсетіп бере алады.

Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады -міне енді одан сендерге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан-дүниесін ашып берген.

Сыршырайдың ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнді ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл: оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кеңінен шегінеді». Аса көрнекті совет суретшісінің бірі А. Пластов сыршырайы туралы осылай шабыттана айтады.

Сыршырай-бұл майлы бояулармен жасалған және багет- рамкаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес, сыршырай ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы: түрлі сулы бояулармен -темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған сыршырай болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын сыршырай бар, жартылай гравюра-сыршырай (монатипия) бар. Мұның бәрі станоктік, яғни станокта (мольбертте) жасалатын сыршырай. Монументтік сыршырай да болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз, мұндай сыршырай арнайы техникада-әк «сүтіне» араластырылған бояулар мен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады (фреска) . Мүлдем бояусыз-ақ істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік сыршырай да бар. Бейне түрлі материалдардың алуан тусті кесектерінен жасалады. Сондай-ақ «жарықтанатын» сыршырай шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі түсті жарық түсіретін сыршырай да болады (витраж) .

Сыршырай шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникалардың қарастыруға көшпестен бұрын түстанудың кейбір мәселелермен танысалық.

Түстану жөнінде бірер сөз . Түстану-түс туралы ғылым -бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі екен және көптеген түстердің тұратыны. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзылып отырып, спектр деп аталатынды, яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызғылт-сары, сары-жасыл, жасыл, жасыл-көгілдір, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шекара жоқ: сары-жасыл, мысалы: жасылға жасыл жасыл-көгілдірге және т. б. елеусіз ауыса береді.

Біз көретін заттардың түсі оларға түскен «ақ» жарықтың тек қайысы бір бөлігін, яғни спектрдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабылеттілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен, жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәулелерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы қарайтын болсақ, ол бізге қап-қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды. Барлық спкетрдің түстері және күн спектрінде жеткізпейтін қара қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер, түстердің хроматикалық (түстік) шкаласы деп аталады. Ал ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар керсінше, бүкіл спектрді жұтып қояды. Егер ақ және қара бояуларды алып, оларды түрлі пропорцияларда араластырса, таза ақтан, қараға дейінгі толып жатқан сұрғылт-ақ түстер шығады. Бұл түстердің басқа шкаласы-ахроматикалық (түссіз) шкала болады.

Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша-ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағыда екі басты белгілермен түстік өнмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өн-бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісімен ерекшелік тұрады. Бірақ қызыл таза немесе ахроматикалық, мысалы: сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады-сұрғұлт қоспа оның түстік өнің өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Алайда түс қалай дегенмен басқаша болады: онда оның үшінші белгісі-қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қаспада ахроматикалық түс не ғұрлым аз болған сайын оның қанықтылығы да арта түседі.

Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылық пен түстік өнмен және қанықтылықпен сипатталады.

Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі-аспанның, су мен мұздың түсімен ойша байланыстыру арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларға, үйлесімде байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызылуы мүмкін.

Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен-бірі екіншісіне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл сақина бірікпейді, себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, шеткі түстердің қызыл және күлгін түстердің арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ, шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.

Кез келген хроматикалық түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалық (іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басқа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл-күрең түске жасыл-көгілдір, сары-жасылға қан қызыл-күлгін қосымша болады және т. б. Іс жүзінде түстік шеңберде мұндай қосымша түстер қарама-қарсы жатады.

Бейнелеу өнерінде үш түс бар: сары, қызыл және көк негізгі түстер деп есептеледі. Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл краплак, сары кадмий және берлиндік көкшіл бояу.

Осы түстердің кез келген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді, сары және көк жасыл түс (қызылға қосымша), көк пен қызыл-күлгін (сарыға қосымша), қызыл мен сары-қызғылт сары (көкке қосымша) түс береді.

Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық (мысалға, жасыл) фонмен қоршаса, онда сұрдың бетінде өте айқын байқалатын хроматикалық реңк, дәл осы жағдайда қызыл рең пайда болатыны аңғарылады. Шын мәнінде, жасыл шабындықты бойлай жүгірген соқпақ жол әрдайым ақшыл көк-қызғылт сияқты болып көрінеді. Түстердің мұндай жұбы (фонның түсі және сұрғылт фонда пайда болатын хроматикалық реңктің түсі) контрасты түстер деп аталады. Түстік шеңберде олар қосымша түстермен аздап сәйкес келмей, бір-біріне қарсы дерлік орналасады. Олардың қосымша түстерден айырмашылығы онша айқын байқала бермейді, сондықтан іс жүзінде оларды елемеуге болады.

Тікелей көршілес орналастырылған контрасты түстер көзбен көргенде қанықтылығы жағынан бір-бірін күшейтіп тұрады. Бір түстердің қоршауындағы екінші түс өзгермеуі үшін бұл түске айналадағы түстен аздап қосу керек. Бұл ахроматикалық түске де қатысты. Мысалы: жасыл фонның қоршауындағы сұрғылт дақ қызғылт болып көрінбей, таза сұрғылт түс болып қабылдануы үшін сұрғылт түске аздап жасыл түс қосу керек. Контур жүргізу түстердің контрастық әсерін күрт төмендетеді.

Айқын контуры бар дақ түстік контрастың әсерін мүлдем дерлік сезінбейді. Контрасты емес, жақын түстер, мысалы: сары немесе сары-жасыл, жасыл және жасыл-көгілдір түстер көрші болған кезде, керсінше, екеуінің қанықтылығы азайғандай әсер туады. Түстік контрастар заңын түсіну түс іс жүзінде жоқ жерде, яғни бейтарап сұрғылт дақтарда түстік әсерге қол жеткізуге және кез келген хроматикалық түстің реңкін, көзбен қарағанда оның қанықтылығын арттыра немесе төмендете отырып, өзгертуге мүмкіндік берді.

Түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті-неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлесімдерді табу. Алынған түстер әдемі (гармониялық) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түстік гармониялар, бұл белгілі бір тәртіппен орналасқан аз ғана түстердің қисындасуы. Бояулармен жұмыс істеген кезде түстердің кеңестік қатынастары деп аталатын тағы бір қызықты құбылысты ескерген жөн. Кейбір түстер басқа түстермен қатар тұрғанда бізге алға шығыңқы немесе артқа таман тұрған сияқты болып көрінетіні анықталады. Негізінен жылы, ашық және қанық түстер алға шығыңқы, ал суық, күңгірт және қанық емес түстер артқа таман тұрған сияқты болып қабылданады. Айта кету керек, әрбір нақты жағдайда дақтың сипаты мен көлемі, контур және басқа жағдайлар роль атқарады. Электр жарығы (қызу лампасы) құрамында табиғи жарықпен салыстырғанда сары-қызғылт сары сәулелер едәуір көп болады, мұның өзі біздің түстерді қабылдауымызға елеулі әсер етеді. Мұндай жарық кезінде барлық түстер қызғылт сары реңкке ие болады: қызыл түстер бұрынғыдан да қызғылт сары және бояуы қанық бола түседі, ал суық түстер күлгін және көгілдір түстер, қанықтылығын жоғалтып, сұрғылттанады, күңгірттенеді. Сары түстер ашықтана түсіп, неғұрлым бозғылт болып көрінеді. Осының салдарынан электр жарығы кезінде жасалған сыршырай жұмыстар күндіз тым сарғұлт болып шығуы мүмкін.

Сыршырайдағы түс . Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де өте тапшы, оның ролі шектеулі де шартты болатын. Сыршырайда түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш-қуатымен өркен жаяды.

Түс-сыршырайдың жаны. Шынында да реалистік сыршырайдың көркемдік құралдарының негізін суретпен және жарық пен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Біз қиярдың жасыл, помидордың қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояп аламыз ба? Бұл сұраққа «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді. Жасыл қиярды сыршырайдың шығармаларда іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік (мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жәй ақ дақ болып шығады. Мұның бұлай болатын себебі, ақ қарда мыңдаған-қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы: В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері
Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері
Қазақ халқының киіз басу өнері
12 жылдық кәсіптік оқыту әдістері және әр түрлі өңдеу тәсілдерін қолдана отырып майлы краскамен сурет салу технологиясы
Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары
Аристотель жан туралы
Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Оралхан Бөкей шығармаларындағы аңыздық желі
Әл – Фарабидің психологиялық көзқарасы
Төртінші тараудың тақырыбы - ақыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz